Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 4 страница. айналымдық коэффиценті =




айналымдық коэффиценті =

Меншіктік капитал

 

 

2003 жылы = = 3,3

 

 

2004 жылы = = 3,4

 

3) Дебиторлық міндеттемелердің Өнімді өткізгеннен түскен табыс

айналымдық коэффиценті =

Кезеңдегі дебиторлық мәнінің орт мәні

 

2003 жылы = 6020639 = 3,1

1915212,5

 

 

2004 жылы = 6103870 = 8,2

741375,5

 

 

4) Дебиторлық мәндердің 365 күн

айналымдық орташа мерзімі =

Дебиторлық мән-дің айналым коэфф-ті

 

 

365 күн

2002 ж = =117

3,1

 

365 күн

2003 ж = = 44

8,2

 

5-кесте. «Алекс» ЖШС-ң негізгі экономикалық көрсеткіштер

Көреткіштер Ауытқу(+ -) 2003жыл 2004жыл
  Капитал айналымының жалпы коэффиценті +0,9 1,2 2,1
  Меншіктік копиталдың айналымдықкоэффиценті +0,1 3,3 3,4
  Дебиторлық міндеттемелердің айналымдық коэффиценті +5,1 3,1 8,2
  Дебитордық міндеттемелердің айналымдық орташа мерзімі - 73,0 117,0 44,0

 

 

1-ші көрсеткіш капитал айналымының жалпы коэффиценті. Бұл көрсеткіш 1 – жыл ішінде қанша рет толық өндірістік цикл мен айналым жасалатындығын көрсетеді. Менің кәсіпорным бойынша 2003 жылы 1,2 рет болса, есепті жылы 2,1 рет болды. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның жалпы капиталын пайдалану тиімділігі жоғарылағанын көрсетеді. Егер активтің 2003 жылы ақшалай бірлігі 1 теңге 2 тиын әкелсе, 2004 жылы

ол 2 теңге 1 тиынға дейін жоғарылап отыр.

2-ші көрсеткіш меншікті капиталдың айналым коэффиценті. Бұл көрсеткіш қызметтің әртүрлі аспектілері бойынша сипатталады: коммерциялық жағынан сату артықшылығын немесе олардың қажеттілігін анықтайды; қаржылық жағынан салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық жағынан кәсіпорынның меншіктік иесінің тәуекел ететін ақша қаражаттарының бепсенділігін анықтайды. Менің кәсіпорыным бойынша бұл көрсеткіш өскен, 2003 жылы меншікті капитал 3,3рет айналса, 2004 жылы 3,4 ретке жетіп отыр. Бұл кәсінорын акционерлерінің қаржыларын тиімді пайдаланғанын көрсетіп отыр.

3-ші көрсеткіш дебиторлық міндеттемелердің айналым коэффиценті. Бұл көрсеткіш дебиторлық міндеттемелердің сапасын бағалау үшін қолоданылады, кәсіпорынмен берілген коммерциялық несиенің кеңейтілгенін немесе төмендегенін анықтайды. Оның өсуі сатылатын несиенің қысқартылуын, ал төмендеуі – берілетін несиенің көлемінің өскенін көрсетеді. 2003 жылы ол 3,1рет болған болса, 2004 жылы 8,2 рет болды, яғни несие көлемінң қысқарғанын көрсетіп отыр.

4-ші көрсеткіш дебиторлық міндеттемілердің айналымының орташа мерзімі. Ол кәсіпорын бекіткен клиенттерінің төлем уақытын көрсетеді. Бұл көрсеткіштердің төмендеуі – тура, ал өсуі – кері әсер береді. 2003жылы ол 117 күн болса, 2004 жылы 44 күн болды, яғни тура әсер болып отыр.

 

 

ІV. Кәсіпорынның рентабельділігін бағалау көрсеткіштері.

 

 

1). Кәсіпорын мүлкінің таза пайда

рентрбельділігі. = х 100

кәсіпорын мүлкінің (активінің)

орташа өлшемі

 

2003 ж = х 100 = 36

 

2004 ж = х 100 = 16

1847632,5

 

2) Меншіктік капиталдың таза пайда

рентабельділігі = х 100

меншіктік капиталдың

орташа құны

 

 

2003ж = х 100 = 18

1607343,5

 

 

2004ж = х 100 =16

 

6-кесте. «Алекс» ЖШС-ң рентабельдiлiк кәрсеткiштерi

№   Көрсеткіштер Ауытқу 2003жыл 2004жыл
  Кәсіпорын мүлкінің рентабельділігі -20,0 36,0 16,0
  Меншікті капиталдың рентабельділігі -2,0 18,0 16,0

1-ші көрсеткіш – кәсіпорын мүлкінің рентабельділгі. Ол кәсіпорын рентабельділігі деңгейін көрсетеді. Базалық жылы ол 36%-ды құраса, есепті 2004 жылы 16%-ға дейін төмендеп отыр.

2-ші көрсеткіш –меншікті капиталдың рентабельділігі. Ол кәсіпорынның рентабельділігін бағалау көрсеткіші. Ол 2003 жылы 18%-ды құрады, ал 2004 жылы 2%-ға төмендеп, 16%-ды құрап отыр. Кәсіпорынның төлем қабілеттігігі көрсеткіштері кәсіпорынның нақты бір уақытта несие берушілермен өзінің қаражат көмегімен қысқа мерзімде өтеу мүмкіндігін сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері тартылған капиталдың дәрежесін көрсетеді.

 

3. Кәсіпорынның қызметін дамытуда лизингтік жүйені пайдалануды жетілдіру жолдары

3.1. Лизингті пайдалану бойынша ұсыныстар

 

Жасыратыны жоқ, әсіресе ауылдағы ағайынның шаруаны өрге бастыра алмай, «Былай тартсаң арба сынып, былай тартсаң - өгіз өліп» дегендей, дінкесі құрығанына да біраз уақыт болды. Нарық қыспағына тіркелген шаруа қожалықтардың күні сонау кеңес заманынан мұраға қалған жамау –жасқаулы ескі тракторлар мен комбайындарға қарап қалды. Бірқатар шаруалардың тек айыр мен күрекке сүйеніп қалғандары да бар. Ал, жаңасын сатып алуға кедейшілік шаужайдан тартып, қия бастырмайды. Банктен несие алайын десе, кепілге қояр жөні түзу мүлкі жоқ.

Бұл тек ауыл шаруашылығы құрылымдарының басындағы ғана жағдай емес. Жалпы алғанда, республикадағы өндіріс орындарының орта есеппен алғанда 60-80 % негізгі қорлары азып тозып кетті.

Бұл арада, лизингтің ең басты артықшылығы: лизинг ұсынатын компания кәсіпкерге пайдалануға берген мүліктің меншік құқығын қанағат тұтады. Яғни, сіздің шаруашылық жүргізу үшін құрал жабдық сатып алуыңызға өндіріс жабдықтары қажет. Ал оны сатып алуға қаржыңыз жетіспейді. Сіз лизинг компаниясына барасыз да, лизинг беруші мен шартқа отырып, алатын жабдығыңыздың құнының 20-30% төлейсіз, алған жабдығыңыздың не техникаңыздың қалған құнын келісімді өсім пайызымы мен бірнеше жыл ішінде бірте-бірте төлеп құтыласыз. Міне, содан кейін лизинг беруші мен есептескеннен соң, жабдық өзіңіздің меншігіңізге айналады.

Қазақстанда лизингтік қызмет нарығы 2000 жылдан бастап белсенді дами бастады. Соның ішінде лизингтік мәселелердің негізгі үлесі мемлекеттің 100% қатысуы мен «Казагрофинанс» лизинг компаниясына тиеді. Ол ауылдағы әлеуметтік өзекті мәелелерді шешу үшін Қазақстаннның агро азық-түлік бағдарламасының шеңберінде Үкіметтің бастамасы мен құрылған болатын. Коммерциялық банктер лизингі мен өздерінің арнайы құрылған еншілес компаниялары арқылы айналысуды лайық көреді. Бүгінгі таңда республикамызда 20-ға тарта лизинг компаниялары жұмыс істейді, оның 8-і

жергілікті банктердің еншілес компнииялары, олардың еліміздегі жалпы лизинг көлеміндегі үлесі 51%, ал 26% -ы «Казагрофинанс» лизинг компаниясының үлесінде.

2003 жылы Қазақстандағы жалпы инвестицицялар көлеміндегі лизинг үлесі 1% төңірегінде болды. Бұл, әлі болса тым аз, дегенмен 2003 жылдың көрсеткіші мен салыстырғанда 4 есе ұлғайған өсім бар.

Лизингілер мемлекеттің қолдауымен, негізінен ауыл шаруашылығы құрылымдарына трокторлар мен комбайынарды, басқа ауыл шаруашылығы құрал жабдықтарын сатып алуға көптеп беріле бастады. Оның мерзімі де инвестицияның бұл түрін пайдаланушылар үшін, едәір жеңілдіктер берілді. Атап айтқанда, үш жылдан 7 жылға дейін алуға болады. Лизингіге берілген мүліктердің жалпы құрылымында жол құрылыс техникасы екінші орын алады. Оның себебі, республикамызда жолдарды жақсарту жөніндегі ірі бағдарламалардың жүзеге асырыла бастағандағыжәне «Астана- жаңа қала» еркін экономикалық аймақ шегіндегі құрылыстың қарышты дамуы.

Соңғы жылдар кәсіпкерлік лизингтің пайдасы мен артықшылықтарын түсіне бастады. Оған 2002 жылы -291, ал 2003 жылы 722 лизингі жасалғаны дәлел. Өткен жылы лизингтік мәмілелердің орта мөлшері 169 мың долларды құрады. 2004 жылдың тоғыз айында лизингке берілген мүліктердің 47 пайызын ауыл шаруашылық техникасы құрады. Лизингке берілген ауыл шаруашылығы техникасының 60 пайызын «Казагрофинанс» акционерлік қоғамы беріп отыр. International Finance Corporation (IFC) мамандарының мәліметтері бойынша, 2003 жылы лизинг көлемі 85 миллион долларға жетті. Ал биыл бұл цифр дәлелделген мәліметтер бойынша 257 миллион долларға жетеді деп болжанып жатыр.

Бұдан бес жыл бұрын ауыл шаруашылығында лизинг агробизнестің ажырамас бөлігіне айналатындығын ешкім тап басып айта алмас еді. «Казагрофинанстың» қолдауымен фермерлерге төрт пайызға дейінгі жылдық өсіммен үш жылдан жеті жылға дейін ауыл шаруашылығы техникалары берілді. «казагрофинанстың» лизиннгісінің бел көтере алатындай арзан болуы мемлекеттің қолдау көрсетуінің арқасында болып отыр. Бюджеттік көтермелеудің нәтижесінде республикамыздың 700-ден астам шаруа қожалықтары 5,3 мыңнан астам агротехникаларға ие болды. «Казагрофинанс» қол жеткенді баянды ете отырып, енді өнімді өңдеп ұқсататын кәсіпорындарға лизингтік қолдау көрсетпекші.

Лизингтің артықшылықтарын шығыс қазақстандық фермерлер бағалай білді. Үкіметтің ауылды өркендетуге бөлген 3,5 млрд. теңгеден астамын олар лизинг арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға жұмсады. Осы жобаны жүзеге асырудың алғашқы жылы (2000 жылы) олар небәрі 10 миллион теңгенің көлемінде ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартқан болса, биыл неғұрлым қымбат тұратын техникаларға тапсырыс берді. Төрт жылдың ішінде лизинг бойынша алынған техникалар бойынша бірде бір шағым түске жоқ. «Казагрофинанстың» Шығыс Қазақстандық филиалы да олардың өтініштерін ескере отырып, лизинг бойынша төлем мерзімін 8 жылға дейін ұзартты. Несиелік лизингтің пайыз өсімі 3-4 пайыз шамасында. Ал келесі жылдан бастап ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін жабдықтарға сұраныс ұлғаймақ. Филиал директорыны Тимур Сапарғалиевтың айтуынша 2005 жылы қожалықтардың тапсырыстар портфелі милиард теңгеден асып түсетін болады.

2005 жылы республика бюджетінінен лизинг бағдарламасы боынша мал шаруашылығы кәсіпорындарына технологиялық жабдықтарсатып алуға 500 миллион теңге қаржы бөлінбек. Бағдарламаны жүзеге асыратын оператор «Казагрофинанс» лизинг компаниясы ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігінің мал шаруашылығы департаментінің директоры Совет Сәтіғұлдың айтуынша, мұндай шара Қазақстандағы орта және ірі тауарлы мал шаруашылығын дамытуға ықпал ететін болады, сондай-ақ осы салада жұмыс істейтін қазақстандық кәсіпорындардың технологиялық жарақтануын едәуір жақсартады. Лизингті дамыту бағдарламасы бойынша жабдықтар сатып алуға әр түрлі бағыттағы мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары тапсырыс бере алады. С. Сәтіғұлдың хабарлауы бойынша, 2004 жылы еліміздің ауыл шаруашылығы кәсіпорындары лизинг бағдарламасы бойынша 400 млн. тенгеге жуық қаржыға ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды.

Соңғы жылдары осы бағдарламаны жүзеге асыру жолында бірқатар заңнамалық шаралар жүзеге асырылды. Айталық, «Қаржылық лизинг туралы» ҚР заңына түзетулер негізді, лизинг берушілер қосымша құн салығынан босатылды.

«БанкЦентрКредит» акционерлік қоғамының 2002 жылдың қаңтарынан бері өз жұмысын бастаған. «ЦетрЛизинг» еншілес лизинг компаниясы да кез келген саладағы лизингтік жобаларды жүзеге асыркға бел шешіп кірісті. Копания кәсіпорының қай жерде орналасқанына қарамастан Қазақстанның кез келген аумағында қызмет көрсетеді. Оның талаптары бойынша лизингтік мәмілелердің ең төмен мөлшері 35мың доллордан кем болмауы керек («БанкЦентрКредит» АҚ клиенттеріне жеңілдік жасалады). Лизинг мерзімі-37 айдан 7жылға дейін, лизинг өсімі жылына 17-ден 23%-ға дейін, лизингіне алынатын жабдық құнының 30%-ы алдын ала төленеді, лизингке қойылған тауар міндетті түрде тауар алушының есебінен сақтандырылуы тиіс.

«ЦентрЛизинг» ЖШС өзінің тауаржеткісушілнрініңаяасын барған сайын кеңейте түсуде. Оардың ішінде әртүрлі жабдықтар мен техникаларды өндіретін» «VOLVO Truck Corporation» «METEKC» ЖАҚ, «Ивановская Марка Центральная Азия», «Спецтехника» сауда үйі, Италияның макарон өнімдер жабдықтарын шығаратын «PAVAN S.p.А» сияқты әлеуметті фималар мен компаниялар бар. Лизинг бағдарламасына көптеген шетелдік банктер мен қаржы институттары ынта білдіріп отыр. ҚР Үкіметі «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар үшін жабдықтарды лизингтік несиелеу» бағдарламасы бойынша зайым беретін банктерді белгіледі. Олардың ішінде «Валют-Транзит» банкі мен «Казкоммерцбанк» бар. Бұл банктер конкурс шарттары бойынша ет өңдеу, майлы дақылдарды, тнрі өнімдері мен шикізатты өңдеуге 7жылға 0,5 пайыз жылдық өсіммен лизинг несиелерін беретін болды. 2003-2005ж агроазық-түлік бағдарламасы шеңберінде «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарыүшін жабдықтар лизинг несиесі» бағдарламасы бойынша бйылдың өзінде 675 млн.теңге қаржы бөлініп отыр. Ал, оны кімдер алып, қалай пайдаланады, бұл бөлек әңгіме.

Әрине, бір ғана мақалада бизнестің осынау өміршең әдісінің барлық қыр сырын тігісін жатқызып түгендеп шығу мүмкін емес. Ең бастысы, біз оқырманға лизинг несиесінің пайдалы жағы мен артықшылығы туралы таратып айтуға тырыстық. Ендігі әңгіме, осынау әдіс мүделері ауылдағы ағайынның құлағына шалынып, шаруа адамның бойын шазып, шаруасын дөңгелетіп әкетуінесептігін тигізсе нұр үстіне нұр. Бұл орайда, әсіресе, ауыл шаруашылшғы мамандары мен жергілікті жерлердегі басшылар шаруа қожалықтары арасында лизинг несие туралы кеңінен насиқаттауға ат салысқаны абзал. Өйткені, ауыл шаруашылығын өрге шығармай көсегеміз көгермейді. Елбасымыздың бастамасымен жариаланған ауылға арналған үш жылдың міндеттері де осыған меңзейді. «Елде болса, ерінге тиеді» дегендей, мал өсіріп, егін егіп, шаруа баққан қырдағы ел қамқорлық пен көмекке аса зәру болып отыр.

 

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 753; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.