Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 2 страница




Негізгі шығынғаөнім (жұмыс, қызмет) жасау процесіментікелей байланысты шығындар жатады.Оларға шикізат, материал, өндірістік жұмысшылардың жалақысы, технологиялық мақсаттағы отын және т.б. шығын жатады.

Үстеме шығынға өндірісті ұйымдастырумен және оған қызмет көрсетумен байланысты, яғни бөлімшелердің (цехтардың, бөлімшелердің) әкімшілік-шаруашылық қызметкерлеріне жалақы төлеу шығыны, жарықтандыру үшін электр энергиясына, өндірістік үй-жайларды жылытатын отынға жұмсалатын шығыс, өндірістік негізгі құралдың тозуы мен оларды жөндеуге жұмсалатын шығын жатады.

Бір элементтік деп осы ұйымда құрамдас бөліктерге жіктелмейтін біркелкі экономикалық элементтерден тұратын шығындар жатады.

Кешенді деп бірнеше экономикалық элементтен құралатын шығындар аталады. Оларға үстеме шығыстар, қызметкерлерге жалақы төлеу, негізгі құралдардың тозуы және т.б. бірнеше элемент кіретін кезеңнің шығыстары жатады.

Өзгермелі шығысқажалпы мөлшері шығарылатын өнімнің (жұмыстың, қызметтің) көлеміне тікелей тәуелді шығыстар жатады. Мұның өзінде өнім бірлігіне жұмсалатын осы шығыстардың көлемі өзгермеуі мүмкін. Оларға технологиялық мақсаттарға шикізат пен материалдың, отын мен энергияның шығысы, жұмысшылардың жалақысы (кесімді) және т.б. жатады.

Тұрақты шығынға өндірістің көлемі өзгерген кезде жалпы мөлшері өзгермейтін немесе шамалы өзгеретін (шартты-тұрақты шығыстар) жатады. Тұрақты шығынның мысалы ретінде үстеме және әкімшілік шығыстарды атауға болады.

Үстеме шығыстардың құрамында машиналар мен жабдықтардың жұмыс уақытының санына байланысты жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстары, сондай-ақ тұрақты мөлшер емес ақаудан болатын ысырап есептеледі. Сондықтан экономикалық әдебиет пен практикада шығыстар өндірістің көлеміне қатысты өзгермелі және шартты-тұрақты шығысқа бөлінеді.

Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) жекелеген түрлеріне жататын шығыстар тікелей шығыс деп аталады. Оларға көбінесе шикізат пен материалға, өндірістік қызметкерлердің жалақысына жұмсалатын шығыс, ақаудан болатын ысырап және т.б. жатқызылады.

Әр түрлі өнім (жұмыс, қызмет) түрлері арасында бөлінетін шығыстар шартты базаға пропорционал жанама шығыс деп аталады.

Шығындар тікелей және жанама шығынға саланың ерекшеліктері мен өндірісті ұйымдастыруға, сондай-ақ өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын калькуляциялаудың қабылданған әдісіне сәйкес бөлінеді. Мысалы, гидроэлектр станциялары мен көмір өндірісінде және өнімнің бір түрі ғана өндірілетін барлық жерде бүкіл шығындар тікелей болып табылады. Түйіндес өнім шығаратын ұйымдарда, мысалы, ет, сүт өңдейтін және т.б. ұйымдарда шикізаттың өзі одан шығарылатын өнімнен жанама жолмен бөлінеді.

Ағымдағы шығынға осы есепті кезеңде өнім өндірісімен және оны сатумен байланысты, кезеңділігі жиі, атап айтқанда шикізат пен материалдың шығысы, өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу және т.б. шығыс жатады.

Біржолғы шығысқа (бір рет)шығысқаөнімнің, цехтар мен қуаттардың жаңа түрлерін дайындау мен игеруге, газетке, техникалық әдебиет пен т.б. жазылуға жұмсалатын шығыс жатады.

Өндірістік шығысқаөнім жасаумен байланысты және оның өндірістік өзіндік құнын құрайтын шығыстар жатады.

Өндірістен тыс шығысқакезеңнің ұйым қызметінің нәтижесіне жазылатын шығыстары жатады.

Өнімді шығысқатехнология сақталып, өндіріс ұтымды ұйымдастырылған жағдайда белгіленген сападағы өнім шығарумен тікелей байланысты шығыстар жатады.

Өнімсіз шығыстарға технология мен өндірісті ұйымдастырудағы кемшіліктермен байланысты (ішкі себептер бойынша бос тұрған уақыттан ысырап шегу, өндірістегі ақау, жұмыс уақытынан тыс уақытта жұмыс істегені үшін ақы төлеу және т.б.) шығыстар жатады.

Өнімді шығыстар жоспарланады, сондықтан олар жоспарланған деп аталады.

Өнімсіз шығыстар әдетте жоспарланбайды, сондықтан олар жоспарланбаған деп аталады.

Шығындар экономикалық мазмұны бойынша экономикалық элементтер мен шығыс баптарына (калькуляция баптарына) бөлінеді. Экономикалық элемент деп субъектінің кәсіпорын деңгейінде құрамдас бөліктерге жікте мүмкін емес негізгі қызметінің бастапқы біркелкі шығыны аталады. Кәсіпорындар мен ұйымдар өндіріс шығындарының экономикалық элементтерінің келесі номенклатурасы пайдаланады:

– материалдық шығындар;

– жалақы шығындары;

– сақтандыру аударымдары;

– құралдардың тозуы;

– өзге шығындар.

Шығындарды элементтер бойынша топтастыру өндіріске не жұмсалды деп аталатын сұраққа жауап береді. Өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мына баптар бойынша жүзеге асырылады:

– материалдар;

– өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу;

– жалақыдан ақша аудару;

– үстеме шығыстар.

Оларды калькуляция баптары бойынша топтастыру шығындардың мақсатты бағытын, олардың техникалық-экономикалық тағайындалуын көрсетеді, яғни осы шығындардың қайда бағытталғанын, қаражатттың қайда жұмсалғанын айғақтайды.

Қарастырылып отырған екі топтағы аттас шығыстар құрамы мен мазмұны бойынша біркелкі емес және жалпы шығындарда олардың өзіндік құны әр түрлі болады. Мәселен, шығындарды экономикалық мәні бойынша топтастырған кезде «Материалдық шығындар» элементіне бөгде тараптан сатып алынған шикізаттың, негізгі және қосымша материалдардың, отынның, электр энергиясының, жартылай фабрикаттардың, жинақтаушы даяр бұйым мен кооперацияланған ұйымдардың өнеркәсіптік қызметтерінің құны, сондай-ақ оларды сатып алу мен ұйымның орталық қоймасына бөгде көлікпен жеткізуге жұмсалған барлық шығыс кіреді.

Мұның өзінде шикізатты, негізгі және қосымша материалдарды, сатып алынған жартылай фабрикаттар мен бұйымдар мен отынды ұйымның өзінің көлігімен және қызметкерлері жеткізумен (тиеу-түсіру жұмыстарын қосқанда) байланысты шығындар, шикізат пен материал дайындалатын жерлерде ұйымдастырылатын арнайы дайындау кеңселерін, қоймалар мен агенттерді ұстау шығыстары; материалдық құндылықтарды дайындаумен және оларды дайындалған жерден ұйымның қоймасына жеткізумен тікелей байланысты іссапар шығындары (осы ұйымның жүргізушілерінің, жүкшілерінің жүкті жеткізушілерден жеткізу кезіндегі іссапар шығындары) өндіріс шығындарының тиісті элементтеріне (жалақы шығындары, сақтандыру шығындары, өзге шығындар) кіреді. Сөйтіп, шығындарды экономикалық элементтер бойынша топтастырған кезде өндіріске жұмсалған материалдар толық өзіндік құны емес, «Запастар» деп аталатын кіші тараудың тиісті шотының дебетіне жатқызылған олардың өзінің көлігімен қоймаға жеткізу құны мен тиеу-түсіру жұмыстары үшін төленетін жалақы шегеріліп көрсетіледі.

Калькуляцияның «Материалдар» бабы бойынша да меншікті жасалған дайындамалар мен әзірлемелердің материалының құны көрсетілсе, «Материалдық шығындар» элементінде тек сатып алынатын бұйымдардың, отынның, энергияның құны ғана көрсетілетінін атап өту керек.

«Материалдық шығындар» элементінің ізделіп отырған сомасын алу үшін шығыннан өндіріске жұмсалған сатып алынған материалдардың өзіндік құнына кіретін өзінің көлігінің қызметі мен тиеу-түсіру жұмыстары үшін төленетін жалақыдан басқа мыналарды да шегеру керек:

– өңдеу процесінде алынған қалдықтардың құнын;

– қоймаға қайтарылған материалдардың құнын;

–меншікті өндірісте жасалған, цехтар тұтынған материалдардың құнын (егер бірдей материалдар, құралдар және т.б. өзінің цехтары жасаса, сондай-ақ бөгде тараптан сатып алынса, онда тұтыну ең алдымен өзі жасаған материалдың, құралдың және т.б. есебінен жүзеге асырылады деп саналады);

– ықтимал пайдалану бағасы бойынша ақау;

–«Материалдар» деп аталатын тиісті шоттардың дебетінің кірісіне жатқызылған материалдың қалдығы.

«Жалақы шығындары» элементінде жалақы төлеу қорынан төленетін жұмысшылардың сыйлықақысы мен ұйымның негізгі қызметіне жатқызылған тізімнен тыс құрамындағы қызметкерлердің жалақысын қоса алғанда, бүкіл өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлердің негізгі және қосымша жалақысы көрсетіледі.

Шығындарды калькуляцияның баптары бойынша топтастырған кезде жұмысшыларға жалақы төлеумен байланысты шығыстар жеке бапта жеке, ал цех қызметкерлерінің жалақы шығыстары үстеме шығыстардың құрамында, әкімшілік-басқару қызметкерлері мен өнім өткізу (сату бөлімінің) бөлімі қызметкерлерінің жалақы шығыстары – тиісінше әкімшілік шығыстар мен қызмет көрсету жөніндегі даяр өнімді сату жөніндегі шығыстардың құрамында көрсетіледі.

«Сақтандыру аударымы» элементінде бүкіл өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлердің жалақы қорынан республиканың әр түрлі қорларына белгіленген нормалар бойынша аударылатын аударымдар көрсетіледі.Осы аударымдар есепте«Жалақы төлеуден аударым аудару» және «Үстеме шығыстар» деп аталатын калькуляциялық баптар бойынша, сондай-ақ «Әкімшілік шығыстар мен «Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың» құрамында көрсетіледі.

«Құралдардың тозуы» элементінде өндірістік негізгі қорлардың олардың бастапқы құнынан белгіленген амортизация нормасы бойынша есептелген тозуы, сондай-ақ материалдық емес активтердің амортизациясы көрсетіледі. Калькуляциялық баптар бойынша топтастырған кезде құралдардың тозуы «Үстеме шығыстардың», «Әкімшілік шығыстардың», «Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың» құрамында көрсетіледі.

«Өзге шығыстар» элементіне шығындардың басқа элементіне жатқызыла алмайтын шығындар кіреді. Мысалы, жалақы төлеу қорына кірмейтін қызметкерлерге төленетін кейбір ақша төлемдері (іссапар кезіндегі тәулікақы, басқа жерге көшкен кезде төленетін көтерме ақы және т.б.), өнеркәсіптік сипаттағы емес қызметтер мен жұмыстарды (байланыс органдарының, жолаушылар көлігінің, күзет органдарының), өсімпұл, айыппұл және т.б. төлеу

Есеп айырысу және тиісті шоттардың кредиті бойынша көрсетілген шығындарды (өсімпұл, айыппұл және т.б.) азайту үшін түсім түскен жағдайда, осы бап бойынша шығындарды осы сомаға азайту керек.

Экономикалық элементтер бойынша өндірістік шығындардың калькуляциялық және жинақтау-бөлу шоттарында, сондай-ақ қатарлас есепті кезеңдердің арасындағы шығындарды бөлуге арналған болашақтағы кезеңдер мен алдағы шығыстар мен төлемдердің шығыстарының шоттарында (1620, 3410-3440-шоттар) есептелетін ұйымның өнеркәсіп өндірісінің барлық шығындары көрсетіледі. Шығындар зауыт ішіндегі айналымнан, яғни меншікті шығарылған жартылай фабрикаттарды, қосымша цехтардың қызметтерін зауыт ішінде тұтыну шегеріліп есептеледі. Өнеркәсіптік емес шаруашылықтардың шығыстары экономикалық элементтер бойынша өндіріс шығындары туралы есепке кірмейді.

Сондықтан элементтер бойынша шығындардың жалпы сомасы есепті кезең ішіндегі аяқталмаған өндіріс қалдықтарының өзгеру, болашақтағы кезеңдердің шығысы мен алдағы шығыстардың резерві мен төлемдердің есебінен, сондай-ақ шығындардың бөлігін өндірістік емес шоттардың мен кезеңнің шығыстарына есебінен тауарлық өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына сәйкес келмейді.

Шығарылған тауарлық (даяр) өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өндірістік өзіндік құны туралы дерек алу үшін экономикалық элементтер бойынша барлық шығындардан өндірістік емес шоттар мен кезеңнің шығыстарына есепке шығарылған шығындарды шегеріп, мына нақтылауларды енгізу қажет: минус өсім немесе плюс «Болашақтағы кезеңдердің шығыстары» мен «Аяқталмаған өндіріс» шоттары бойынша қалдықтың азаюы, плюс өсім немесе минус «Болашақтағы шығыстар мен төлемдердің шығыстары» («Қызметкерлердің демалыстары бойынша есептелген берешек»), «Өзге кредиторлық берешектер мен есептелген ақша» қалдығының азаюы.

Шығындарды экономикалық элементтер бойынша топтастыру маңызды рөл атқарады. Оны статистика органдары салада (өнеркәсіпте, құрылыста және т.б.) жасалған таза өнім көрсеткішін есептеу, сондай-ақ саланың даму бағытын анықтау үшін маңызды болып табылатын өндіріс шығындарының құрылымын анықтау үшін пайдаланады. Элементтер жөніндегі ұйымдар өндіріс шығындарының сметасын жасап, оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады, айналым қаражатының пайдалануын жоспарлап, талдайды.

Шығындарды калькуляция баптары бойынша топтастыру шығындардың талдамалы есебін жүргізу, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен бақылауды ұйымдастыру үшін қажет. Осы топтастыру өндірістік шығындардың тағайындалуын, сол немесе басқа шығындардың өнім жасаумен (жұмыс немесе қызмет орындаумен) немесе өндіріске қызмет көрсетумен байланысты екенін көрсетеді.

Шығындарды экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша айырмашылығы шартты деректерден (1.2-кесте) көрінеді.

 

1.2. Шығындарды экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша топтастыру

мың. теңге

Шығындардың элементтері Сома Калькуляцияның баптары Сома
       
1. Материалдық шығындар (қайтарылатын қалдықтардың құны шегерілген)   115 036 1. Материалдар   102 777
2.Жалақы төлеу шығындары 39 170 2. Өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу 26 762
3. Сақтандыру аударымдары   3.Жалақыдан аударылатын аударым 5 620
4. Құралдардың тозуы 2 470 4. Үстеме шығыстар 20 655
5. Өзге шығындар      
Барлығы элементтер бойынша 165 533 Барлық шығарылған өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны 155 814
Кезеңнің шығыстарына аудару 8 179    
Өндірістік емес шоттарға аударылған шығындар 1 060    
Болашақтағы кезеңдердің шығысының шоты бойынша қалдықтың өсімі (-) немесе азаюы (+) - 150    
Аяқталмаған өндіріс пен жартылай фабрикаттардың қалдығының өсімі (-) немесе азаюы (+) +450    
Алдағы шығыстар мен төлемдердің резервінің шоты бойынша қалдықтың өсімі (-) немесе азаюы (+) - 180    
Шығарылған өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құны      

 

Өндіріс шығындарының элементтер бойынша деректері бұрын «Өндіріс шығындарының элементтері бойынша есеп» деп аталатын № 10 журнал-ордердің екінші тарауында келтірілген. Алайда қазіргі уақытта барлық дерлік ұйымдар есептік ақпаратты компьютермен өңдеуге көшіп, олар журнал-ордер толтырмайды. Коррепонденттік шоттардың деректері бойынша деректерді компьютермен өңдеп аталатын кезде (шоттар карточкалары мен шоттарды талдау карточкаларының негізінде) жалпы ұйым бойынша экономикалық элементтер бойынша шығындарды дәл есептеуді жүзеге асыру қиын. Сондықтан көп экономистер өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебінің екі шеңберлі жүйесін енгізуді ұсынады. Осы мақсатта бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарында арнайы жинақтамалы шоттар қарастырылуға тиіс.

Осы шоттардың дебеті бойынша осы шығындардың әдеттегі қызмет түрлеріне жататын өнім жасаумен, жұмыс орындаумен және қызмет көрсетумен байланысты болуына немесе байланысты болмауына қарамастан, алайда оларды ұйым жұмсаған, ал олардың кредиті бойынша өндірістік шығындарды, қаржы нәтижелерін, инвестицияларды, басқа қызмет түрлері мен т.б. тағайындалуы бойынша шоттардың дебетіне, болашақтағы кезеңдердің шығыстарына аударатынын оның экономикалық элементтері бойынша барлық шығындары туралы деректерді шоғырландыру ұсынылады.

1.3. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына кіретін шығындар

Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнына мыналар кіреді:

– өндіріс технологиясы мен оны ұйымдастыруға сәйкес өнім (жұмыс, қызмет) өндірумен тікелей байланысты шығыстар;

– жаңа өнім түрлері мен жаңа технологиялық процестерді дайындау мен игеру шығыстары. Оларға үлгі ретінде пайдаланылатын жаңа бұйымды жобалау мен конструкциялауға, сондай-ақ жасаудың технологиялық процесін әзірлеуге жұмсалатын шығын жатады. Осы шығыстардың құрамына бұйымның конструкциясын ішінара өзгертумен, жекелеген бөлшектер мен тораптарды жаңғыртумен және технологиялық процесті ішінара қайта қараумен байланысты шығындар кірмейді.

Жаңа өнім түрлерін игерумен байланысты шығындар болашақтағы кезеңдердің шығысына жатады және өнімнің сериясы немесе ол жаппай шығарыла бастаған сәттен бастап белгіленген мерзім бойы бөліктер бойынша оның өзіндік құнына кіреді.

Өндірісті игеру кезеңі ұзақ емес және өндірістік шығыстары біршама көп емес, өнім өндірісі көп номенклатуралы (мысалы, құралдар, шарикті подшипниктер, радиобөлшектер және т.б.) ұйымдар осы шығыстарды өнімнің өзіндік құнына үстеме шығыстардың құрамына кіргізе алады:

– табиғи шикізатты пайдаланумен байланысты шығыстар: жер өңдеу шығыны, ағаштың төлемі, ұйымдар су шаруашылығы жүйелерінен алатын судың төлемі;

– өндіру салаларындағы дайындық жұмыстарының шығындары: кен орындарын барлауға дейінгі жұмыстар, ашық тау-кен жұмыстары аймағындағы аумақтарды тазарту, уақытша кіретін жолдар мен өндірілетін шикізатты әкетуге арналған жолдарды жайғастыру және жұмыстапрдың басқа түрлері;

– жаңа өндірістерді, цехтарды (іске қосу жұмыстары) игеруге жұмсалатын шығындар;

– технология мен өндірісті ұйымдастырумен, өнімнің сапасын жақсартумен, өндірістік процесс барысында жүзеге асырылатын оның сенімділігін, ұзақ пайдалануды және басқа да қасиеттерін арттырумен байланысты шығындар;

– өнертабыспен және өндіріске жаңалық енгізумен байланысты шығындар;

– өндірістік процеске қызмет көрсетумен байланысты шығындар: өендірісті шикізатпен, материалдармен, отынмен, энергиямен, құралдармен және басқа да еңбек құралдарымен және заттарымен қамтамасыз ету; негізгі өндірістік қорларды жұмыс істейтін қалыпта ұстау: санитарлық-гигиеналық талаптарды орындауды қамтамасыз ету жөніндегі шығындар;

– өндірістік цехтарда қалыпты еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету жөніндегі шығындар;

– табиғат қорғау жөніндегі қорларды ұстамен және оларды пайдаланумен байланысты ағымдағы шығындар, экологиялық қауіпті қалдықтарды көму жөніндегі шығыстар және ағымдағы табиғат қорғау шығындарының түрлері;

– қызметкерлерді ұйым орналасқан жерден жұмыс орнына және кері және вахта кентінде тұратын жерден жұмыс орнына және кері жеткізуді қоса алғанда, жұмысты вахта әдісімен жүзеге асырумен байланысты шығындар;

– өндірісте жұмыс істемеген уақыт үшін еңбек туралы заңнамада қарастырылған төлем; демалысты төлеу. Пайдаланылмаған демалыстың өтемақысы және басқа қосымша төлем түрлері;

– өндірістік жұмысшылар мен цех қызметкерлерінің жалақысына әлеуметтік және басқа да қорларға аударылатын аударым;

–жұмысшыларды және өндіріс мүлкін сақтандыру шығындары;

– ақаудан болатын ысырап;

– кепілді қызмет көрсету мерзімі белгіленген бұйымдарды кепілді

жөндеу мен оларға кепілді қызмет көрсету;

– өндіріс ішіндегі есептер бойынша бос тұрған уақыттан болатын

ысырап;

– іссапар және өндірістік қызметпен байланысты басқа да шығыстар.

Өндірістік өзіндік құнға әкімшілік шығыстар, өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар мен сыйлықақы жөніндегі шығыстар кірмейді. Осы шығыстар өздері жұмсалған есепті кезеңнің шығысы ретінде танылады және айдың соңында «Жиынтық пайда (жиынтық залал)» шотының дебетіне жазылады.

 

 

1.4. Шығыны есептелетін объектілер және калькуляцияланатын объектілер

 

Өндіріс шығындарын толық анықтау және жекелеген өнім (жұмыс, қызмет) түрлерінің өзіндік құнын ұйымның және өндіріс технологиясының ерекшеліктерін ескере отырып дұрыс анықтау үшін шығыны есептелетін объектілер мен калькуляцияланатын объектілерді дұрыс анықтау қажет.

Шығыны есептелетін объектілерге шығын пайда болатын жерлер, шығын орталықтары, жауапкершілік орталықтары жатуы мүмкін.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 1551; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.