Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 4 страница




Қалдықтарды жинау мен пайдалану ықтималдығы бойынша қалдықтар ұйымның өзі тұтынатын немесе бөгде тарапқа сатылатын қайтарылатын қалдыққа және техника мен технологияның осы жай-күйінде қолданыла алмайтын қайтарылмайтын қалдыққа (иіс, кеуіп кету, шаң және т.б.) бөлінеді.

Есепте оларды ықтимал пайдалану немесе сату бағасы бойынша бағаланатын қайтарылатын қалдықтар көрсетіледі.

Қайтарылмайтын қалдықтар бағаланбайды.

Қайтарылатын қалдықтардың саны оларды қоймаға тапсырылатын жүкқұжатының негізінде анықталады.

Қайтарылатын қалдықтарды өнім түрлері бойынша есептелуі немесе өнім түрлері бойынша қалдықтың нормасы бойынша пропорционал бөлінуі мүмкін.

 

 

2.3. Қайтарылатын қалдықтарды олардың нормативтік шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы

 

Бұйым ның атауы Жұмсалған материалдың саны, кг Қайтарылатын қалдықтың шығу нормасы, % Жұмсалған материадың нақты санына шаққандағы нормалар бойынша қалдықтар Бөлу коэффи-циенті   Салмағы, кг Қалдықтардың нақты шығуы
Салмағы, кг Баға, теңге Сома, теңге Салмағы, кг Сома, теңге
А   0,8       1,2    
Б   1,0 24,5     1,2 29,4  
В   0,7 14,4     1,2 17,3  
Жиыны     63,9       76,7  

 

Бөлу коэффициенті (76,7:63,9)=1,2

 

Материалды есептен шығару бухгалтерлік есепте былайша көрсетіледі:

 

Дт Кт Операцияның мазмұны
    Шикізат пен материалды өнім өндірісінің есебіне шығару
    Жартылай фабрикат, жинақтаушы бұйым, конструкция мен бөлшектерді өнім шығарудың есебіне шығару
    Технологиялық мақсаттарға арналған отын өндірісінің есебіне шығару
    Өнім салуға арналған қаптама өндірісіне есепке шығару
    Өзге материал өндірісіне есепке шығару
    Өндірістің технологиялық процесімен (судың, отынның, энергияның, будың, газдың, суықтың, өнеркәсіптік қызметтердің және т.б. құны) байланысты бөгде ұйымдардың қызмет өндірісінің шығындарына жатқызу.
    Қосалқы өндіріс цехтары шығарған, технологиялық мақсаттарда пайдаланылатын будың, ыстық және суық судың, электр энергиясының, суықтың және т.б. құны.
    Қайтарылатын қалдықтарды оларды ықтимал пайдалану немесе сату бағасы бойынша кіріске жатқызу.

2.2. Өндірісте материалдың пайдалануын бақылауды ұйымдастыру

 

Ұйымдарда материалды өндіріске босатуды ағымдағы бақылау ғана емес, сонымен бірге олардың тиімді пайдаланылуын кейінгі бақылау да ұйымдастырылуға тиіс. Бақылау барысында материалдың нақты шығыны мен шығарылатын өнімнің (жұмыстың, қызметтің) нақты көлеміне арналған нормалар бойынша олардың шығысы салыстырылып, белгіленген нормалардан ауытқу (үнем немесе артық жұмсау), оның пайда болуының себептері мен оған кінәлілер анықталады.

Бақылау тәсілдері пайдаланылатын материалдың, өндіріс технологиясы мен оны ұйымдастырудың ерекшеліктеріне байланысты. Бақылау тәсілдерінің ішінде нормалардан ауытқуды құжатпен ресімдеу (сигналдық құжаттама тәсілі), инвентарлар мен топтарға бөлу кең таралған.

Нормалардан ауытқуды құжатпен ресімдеу тәсілі бір материалды екінші материалмен ауыстыру салдарынан пайда болатын ауытқуды табу сондай-ақ материалды белгіленген нормалардан тыс босатылғанда, олардан шамадан артық жұмсалғанда, өнімнің ақауын анықтау кезінде және т.б. жағдайларда қолданылады. Осы тәсілде материалды нормадан тыс босатуға немесе оларды алмастыруға белгіленген нормалардан ауытқу туралы белгі беретін жеке құжат (талап, ауыстыру актісі) ресімделеді.
Кейбір салалардың (тамақ, тоқыма және т.б.) ұйымдарында өндіріске шикізат, материал босатқанда бастапқы қоспаның (шихта, қоспа, композиция) құрылымдық өзгерістер нәтижесінде ауытқу пайда болады. Олар алдын-ала есептеу арқылы анықталады, бұл нормадан ауытқуды құжатпен ресімдеудің бір тәсілі болып табылады.

Бұл жағдай да ауытқу нақты пайдаланылған материал жиынын оның технологиялық норма (рецепт) бойынша шығысымен салыстырылып анықталады.

Бұл жағдайда технологиялық нормалар бойынша жиын қоспаның нақты бүкіл жүктемесін жалпы жүктемедегі материалдың әр бір түрінің, сұрпының, маркасының түрінің пайыздық арақатынасын көбейту арқылы анықталады. Есепті кезеңнің соңында шығындардың шифры бойынша сигналдық құжаттардың талдап қорытылған деректері бойынша материалдың артық жұмсалуы мен оның себептері анықталады.

Топтарға бөлу тәсілі тапшы және қымбат материалды: металды, теріні, ағашты және т.б. жұмыс орнында бөлінетін дайындау және тағы басқа да өндірістерде қолданылады, осы тәсілді өндірістік мастерлер бөлінетін материалдың әр бір тобына ашылатын есептік (бөлу) карталарында қолданады. Есептік (бөлу) картасында блінетін материалдың саны, бір әзірлемеге шаққандағы норма, осы топтан алынуға тиіс әзірлеме мен қалдықтың саны көрсетіледі. Материал бөлінгеннен кейін есептік (бөлу) картасында осы топтан жасалған әзірлеме мен алынған қалдықтың нақты саны қойылады. Бөлудің нәтиженсін білу үшін әзірлеме мен қалдықтың нақты алынған саны дайын болған әзірлеменің нақты санын қолданыстағы шығыс нормасына көбейту арқылы анықталатын материалдың нормативтік шығысымен салыстырылады. Нормалардан ауытқу материалдың нақты шығысын нормативтік шығыспен салыстырылып анықталады және қалдық та осылай бақыланады.

Әр бір материал түрі бойынша ауытқуды анықтаудың жоғарыда көрсетілген тәсілін қолдану мүмкін болмаған немесе орынсыз болған жағдайда ауытқу инвентарлық тәсілмен анықталады.

Инвентарлық тәсілде материалдың нақты шығысын анықтау үшін кезең-кезеңмен (ауысым, тәулік, бес күннің, айдың соңында – материалдың, өндіріс жағдайларының ерекшелігіне байланысты) жұмыс орындарында пайдаланылмаған материалдың қалдығын түгендеу жүргізіледі. Материалдың нақты шығысы есепті кезеңнің басындағы қалдық пен есепті кезең ішінде түскен материал қосылып, одан осы кезеңде қоймаға қайтарылған материалдың саны мен есепті кезеңнің соңындағы қалдықтың санының сомасы шегеріліп анықталады. Нормалар бойынша шығыс жасалған бұйымның немесе жартылай фабрикаттардың санын шығыстың нормасына көбейту арқылы есептеледі. Ауытқу әр бір материалдың нақты шығысын нормативтік шығыспен салыстыру арқылы анықталады.

 

2.3. Өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу шығындары мен жалақыға төлеуге аударылатын ақшаның есебін жүргізу

«Өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу» бабы бойынша өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша жалақысы есептеледі.

Негізгі жалақығажұмысшылардың өнім жасаумен тікелей байланысты жалақысы жатады.

Өндірістік жұмысшылардың кесімді баға бойынша есептелген негізгі жалақысы нақты өнім түрінің өзіндік құнына бастапқы құжаттардың (өндірім туралы рапорттың, нарядтың, бағдар парағының, ведомостің және т.б.) негізінде кіреді.

Тікелей жатқызу мүмкін болмаған жағдайда, өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы бұйымдардың түрлері арасында өнім бірлігіне белгіленген нормативтік (сметалық) ставкаларға пропорционал бөлінеді. Бұл үшін шығарылған өнім бірлігі үшін белгіленген жалақының нормативтік ставкасын нақты шығарылған өнімнің көлеміне көбейту арқылы нақты шығарылған әр бір өнім түрінің көлемі үшін төленуге тиіс нормативтік (сметалық) жалақының сомасы есептеледі. Содан кейін жұмысшылардың нақты есептелген негізгі жалақысының сомасы өнім түрлері арасында нақты шығарылған өнім үшін төленуге тиіс нормативтік жалақыға пропорционал бөлінеді.

Мерзімді ақы төленетін қосалқы операциялар мен цехтағы қосалқы жұмыс істейтін өндірістік жұмысшыларға негізгі жалақы, сыйлықақы мен нақты өнім түрін жасаумен байланысты емес басқа да төлемдер өнім түрлерінің арасында жұмысшылардың негізгі кесімді жалақысының сомасына пропорционал бөлінеді.

Өндірістік жұмысшылардың қосымша жалақысына өндірісте жұмыс істемеген (келмеген) уақыт үшін төленетін төлемдер: жұмысшылардың кезекті және қосымша демалыстарын төлеу, пайдаланылмаған демалыстың өтемақысы, бала күтіміне байланысты демалысты төлеу, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаумен байланысты уақытты төлеу, жмыс істеген жылдары үшін төленетін сыйлықақы төлемдері және т.б. жатады.

Ұйымдар өндіріс шығынына жұмысшылардың кезекті және қосымша демалыстарын төлеу шығысын біркелкі кіргізу үшін жекелеген цехтар бойынша резерв құратынын атап өту керек. Демалысты төлеу резерві жұмысшыларға нақты есептелген жалақыны демалысты төлеуге арналған жылдық жоспарлы сомасының жұмысшылардың жалақысының жоспарлы қорына қатынасымен есептелген пайызға көбейту арқылы ай сайын жасалады. Резерв сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілерге жылына бір рет жұмыс істеген жылдары үшін сыйлықақы төлеу мен бюджеттен тыс қорларға (әлеуметтік салық және т.б.) тиісті аударым аудару үшін жасалады.

Жұмысшылар мен қызметшілердің қосымша жалақысының басқа түрлері есепті кезеңнің өнімінің өзіндік құнына нақты есептелген көлемде жатқызылады.

Мысалы:

1) Есеп бойынша жылдық қаражатттың сомасы:

Жұмысшылардың демалысын төлеуге 250 100 теңге;

Жұмыс істеген жылдарын төлеуге 50 000 теңге;

Әлеуметтік салықты аударуға 60 000 теңге;

Барлығы 360 100 теңге.

 

2) Жұмысшылардың жылдық жалақы қоры 5540 000 теңге;

Жоспарлы резерв пайызы 360 100/5 540 000 х 100% = 6,5-ті құрайды.

 

3) Есепті кезеңде жұмысшыларға есептелген жалақының нақты сомасы 450 000 теңгені құрады делік, бұл жағдайда резервтің сомасы (450 000 х 6,5 %: 100) = 29250 теңге болады, ол 3430 «Жұмысшылардың демалыстары бойынша есептелген берешек» (Қызметкерлерге төленетін сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері) деп аталатын 3430 шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

Жылдық түгендеу кезінде жыл соңында қалған демалысты төлеу резервінің сомасы нақтылануға тиіс. Бұл үшін барлық жұмысшылар есепті жылдың соңында пайдаланбаған адам-күннің саны жоспар бойынша бір күн демалыстың орташа төлеміне (әлеуметтік салық аударымын қосқанда) көбейтіледі. Демалыс төлеу үшін есептелген резервтің сомасы желтоқсан айындағы түгендеуде расталған сомадан асқан жағдайда, өндіріс шығындарының шотының дебеті мен 3430 шоттың кредиті бойынша түзету жазба жазылады, ал есептелген резерв жетіспеген жағдайда өндіріс шығындарының есебі жүргізілетін шоттардың дебеті мен 3430 шоттың кредиті бойынша қосымша жазу жазу арқылы қосымша ақша есептеледі.

Жыл сайын жұмыс істеген жылдары үшін төленетін сыйлықақы резервінің қалдығы жұмысшылардың демалысын алдағы төлемінің резерві сияқты тәртіппен түгенделеді.

Өндірістік жұмысшылардың қосымша жалақысы әдетте бұйымдар мен тапсырыстардың арасында өндірістік жұмысшылардың тиісті бұйымдарға (тапсырыстарға) жатқызылған негізгі жалақысының сомасына пропорционал бөлінеді.

Шығарылған өнім түрі мен аяқталмаған өндірістің арасында жалақыны бөлу мысалы ретінде мына деректерді пайдаланамыз.

Ұйымның негізгі цехы ай ішінде «А» – 500 дана, «Б» –300 дана «В» –800 дана және «Г» 1200 дана өнім шығарды. Тікелей кесімді жалақы бойынша 1192 632 теңге сомасында және мерзімді жалақы бойынша 35779 теңге, 18351 теңге сомасында қосымша жалақы есептелді..

Есепті айдың соңында аяқталмаған өндірістің қалдығына нормативтік негізгі жалақы «А» өнімі бойынша – 50200 теңге, «Б» – 30540 теңге, «В» – 25800 теңге және «Г» – 28300 теңге құрады, оны есептеу тәртібі 2.4-кестеде келтірілді.

 

2.4. Нақты есептелген жалақыны өнім түрлері бойынша бөлуді есептеу (теңгеде)

Өнімнің атауы   Шығарылған өнімнің саны данада Өнім бірлігіне шаққандағы нормативтік жалақы Нормативтік негізгі жалақының жалпы сомасы. (1 тх2 т) Жұмысшылардың нақты есептелген кесімді жалақысы Жұмысшылардың нақты есептелген мерзімді жалақысы Жұмысшалдың негізгі жалақысының жалпы сомасы з (5т + 7т) Қосымша жалақы Барлық негізгі және қосымша жалақы (8т+0т)
5т: 3т Сома     7 т: 5 т       Сома 10т:8т Сома
А                      
Даяр өнім
«А»       1,05   0,03     0,015    
«Б»       1,05   0,03     0,015    
«В»       1,05   0,03     0,015    
«Г»       1,05   0,03     0,015    
Аяқталмаған өндіріс
«А»       1,05   0,03     0,015    
«Б»       1,05   0,03     0,015    
«В»       1,05   0,03     0,015    
«Г»       1,05   0,03     0,015    
Барлығы       -   -     -    
(1192632:1135840)=1,05 (35779:1192632)=0,03 (18351:1228411)= 0,015

Есептелген негізгі және қосымша төлем бухгалтерлік есеп шоттарында цехтардың, учаскелердің коды (шифры), өндірістік шығындардың коды, негізгі және қосымша жалақының сомасы мен басқа да қажетті деректер көрсетілетін пысықтама кестелерінің, ведомостердің негізінде көрсетіледі.

«Жалықадан аударым» бабы бойынша өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша жалақысынан әлеуметтік мұқтажға белгіленген пайыздар бойынша аударымы көрсетіледі. Әлеуметтік мұқтажға аударымдарға нақты өнім түрлерінің өзіндік құнына тиісті өнім түрлерінің өзіндік құнына кіретін өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша жалақысының сомасынан заңнамада белгіленген пайызда кіреді.

Өндірістік жұмысшыларға негізгі және қосымша жалақы есептеу мен жалақыдан аударым бухгалтерлік есеп шоттарында былайша көрсетіледі:

 

2.5. Жалақы есептеу жөніндегі шаруашылық операциялар

 

Дт Кт Операциялардың мазмұны
    Негізгі және қосымша жалақы есептеу
    Жұмысшылардың демалысын төлеу резервін есептеу
    Жұмысшыларға демалыс уақыты үшін жалақы есептеу
    Әлеуметтік салық аударымы
    Жұмысшылардың еңбек демалысы уақытының жалақысына жататын әлеуметтік салық есептеу.

 

 

2.4. Үстеме шығыстардың құрамы мен оның есебі

 

Үстеме шығыстарға өендірісті басқару мен оған қызмет көрсетумен байланысты шығыстар, атап айтқанда: цехтардың, учаскелердің басқару аппаратының қызметкерлерінің жалақысы, материалдық емес активтердің тозуы мен амортизациясы, жалпы өндірістік (цехтардың) ғимараттарын, құрылыстары мен құралдарын ұстау мен жөндеу шығындары; өндіріс (цех) ішінде зерттеуге, жаңарту мен өнертабысқа жұмсалатын шығындар; еңбекті қорғау жөніндегі шараларға жұмсалатын шығындар, өндірісті дайындау мен игеру шығыстары, өндірісті басқару мен оған қызмет көрсетумен байланысты жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстары жатады.

Нақты үстеме шығыстардың құрамына сондай-ақ ішкі себептер бойынша бос тұрудан болатын ысырап, ақаудан болатын ысырап, цехтарда (учаскелерде) сақтау кезінде материалдық құндылықтардың бүлінуінен болатын ысырап, сондай-ақ өндірістегі басқа да өнімсіз шығыстар мен ысыраптар жатады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит мәселелері жөніндегі Сараптау кеңесі ұсынған Қазақстан Республикасы қаржы есептілігінің № 2 ұлттық стандарты мен халықаралық бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігін қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда үстеме шығыстардың баптарының номенклатурасы келтірілмеген.

Іс жүзінде үстеме шығыстардың баптарының мына номенклатурасы кең тараған:

– қызметкерлерге жалақы төлеу;

– жалақыдан аударылатын аударым;

– үйлерді, құрылыстар мен құрал-саймандарды ұстау;

– негізгі құралдарды жөндеу;

– негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;

– сынау, тәжірибелер мен зерттеулер; жаңалық енгізу мен өнертабыс;

– еңбекті қорғау;

– өндірісті дайындау мен игеруге жұмсалатын шығыстар;

– жабдықтарды ұстау мен пайдалануға жұмсалатын шығыстар;

– ақаудан болатын ысырап;

– өзге шығыстар.

Үстеме шығыстар негізгі және қосалқы өндірістердің цехтары мен учаскелері бойынша аттас жинақтау-бөлу 8410 шотында жеке есептеледі. «Қызметкерлерге жалақы төлеу» бабы бойынша басқару, инженерлік-техникалық аппаратының және цехтар мен учаскелердің басқа қызметкерлерінің негізгі және қосымша жалақысы көрсетіледі. Бұл ретте «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот дебеттеледі және «Жалақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3350 шот – цех пен учаскелердің қызметкерлеріне есептелген негізгі және қосымша жалақы сомасына және «Қызметкерлерге төленетін сыйлықақы бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» деп аталатын 3430 шот – өндіріске қызмет көрсететін қызметкерлердің демалысын төлеуге есептелген резервтің сомасына кредиттеледі.

«Жалақыдан аударым» бабы бойынша басқару, инженерлік-техникалық аппараты мен өндіріске қызмет көрсететін басқа қызметкерлердің жалақысының сомасынан аударылатын аударым көрсетіледі. Бұл жағдайда «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот дебеттеледі, «Әлеуметтік салық» деп аталатын 3150 шот – жалақы төлеу шығыстарына есептелген әлеуметтік салық сомасына және «Қызметкерлерге төленетін сыйлықақы бойынша қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3430 шот – әлеуметтік салық сомасына кредиттеледі, демалыс төлеу резервіне есептеледі.

«Үйлерді, ғимараттар мен құрал-саймандарды ұстау» бабы бойынша цехтардың, учаскелердің үйлерін, құрылыстары мен құрал-саймандарын ұстау шығыстары: шаруашылық мұқтажға жұмсалған материалдардың құны, коммуналдық қызметтердің құны, жалгерлік төлем, әр түрлі шаруашылық жұмыстарды істейтін (өндірістік үй-жайларды тазарту және т.б.) қосымша жұмысшылардың жалақысы (және әлеуметтік аударым) көрсетіледі. Бұл ретте Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот дебеттеледі және «Шикізат пен материалдар» деп аталатын 1310 пен «Өзге запастар» деп аталатын 1350 шот – цехтар мен құрылыстардың үйлерін құрылыстары мен құрал-саймандарын ұстауға жұмсалған материалдардың құнына мына шоттар кредиттеледі:

«Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» деп аталатын 3310-3330 шоттар (жеткізушілерге, еншілес, қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға) коммуналдық және басқа да қызметтер үшін.

«Жалгерлік бойынша кредиторлық берешек» деп аталатын 3360 шот пен «Жалгерлік бойынша ұзақ мерзімді берешек» деп аталатын 4150 шот – операциялық және ұзақ мерзімді жалгерлік бойынша тиісінше жалгерлік төлем есептеледі.

«Жалақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3350 шот – әр түрлі шаруашылық жұмыстарды істейтін қосалқы жұмысшылардың негізгі және қосымша жалақысының сомасына.

«Қызметкерлерге төленетін сыйлықақы бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» деп аталатын 3430 шот – қосалқы жұмысшылардың демалысын төлеу үшін есептелетін резервтің сомасына.

«Әлеуметік салық» деп аталатын 3150 шот – қосалқы жұмысшылардың демалысын төлеу резервінің әлеуметтік салығының сомасына.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 1021; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.