Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Икемді бюджеттер (сметалар)




 

Бұрын атап өтілгендей, басында негізгі (бас) бюджетасалады, кейде рол статистикалық деп аталады. Бұл қатаң бюджет. Жоспарлы кезеңнің соңында негізгі (статистикалық) бюджет үшін бюджеттің ауытқуын есептеген кезде кезең ішіндегі нақты шығарылған көлемге нақтылау қарастырылмайды. Алайда шығарылған өнімнің көлемі өзгерген жағдайда кейбір шығындардың көлемі өзгереді. Сондықтан жоспарланған түсім мен жоспарланған шығындардың, нақты шығарылған өнімге (немесе сату көлеміне) жұмсалған нақтыланған көлеміне сәйкес икемді бюджет жасалады. Бұл жағдайда нақты шығарылған өнімнің нақты көлеміне (немесе сату көлеміне) тек өзгермелі шығындар нақтыланады, ал тұрақты шығындар статистикалық бюджетте қарастырылған сомада есепке алынады. Сөйтіп, статистикалық бюджетпен салыстырғанда икемді бюджеттің негізгі ерекшелігіне икемді бюджетті әзірлеген кезде нақты өнім шығару (сату) көлемі, ал статистикалық бюджетте – жоспарлы шығару (сату) көлемі пайдаланылады

Шығынның өнім шығару (сату) көлемінен тәуелділігін 8.1-кестенің деректерінен көруге болады.

 

8.1-кесте. Ұйымның статистикалық бюджеті (нұсқалар бойынша).

Көрсеткіштер Шығарылған бірлікке шаққандағы норма (теңге) Шығару көлемінің нұсқалары
     
  Өнім бірлігінің саны   10.000 12.000 15.000
  Түсім (сату көлемі)   2.000.000 2400.000 3.000.000
  Өзгермелі шығыстар:        
  – материалдар   700 000 840 000 1050.000
  – жалақы   500.000 600.000 750.000
  – өзгермелі өндірістік шығыстар   200.000 240.000 300.000
  Барлық өзгермелі шығыстар   1.400.000 1680.000 2100.000
  Маржиналдық кіріс   600.000 720.000 200.000
  Тұрақты өндірістік шығыстар   250.000 250.000 250.000
  Барлық шығындар       2350.000
  Операциялық пайда   350.000 470.000 650.000
  Өнім бірлігіне шаққандағы операциялық пайда     39.17 43.33

 

Кестеден шығындардың (тіпті сметалық та) өндіріс көлемінің өзгеруіне сәйкес өзгеретінін көрінеді. Сондықтан кәсіорынның (бөлімшенің) қызметін бағалау үшін нақты өндіріс көлеміне жұмсалған нақты шығындарды жоспарда көзделген көлемге жұмсалатын сметалық шығындармен салыстыруға болмайды. Бұл салыстырылмайтын көрсеткіштер.

Сондықтан статистикалық бюджетте қарастырылған өзгермелі шығындарды нақты өнім шығару көлеміне нақтылау керек, бұл процесс икемді бюджет жасау процесі деп аталады. Айтылғанды көрнекі көрсету үшін мысал ретінде статистикалық бюджеттің екінші нұсқасының деректері бойынша 10 000 дана нақты өнім шығару көлеміне икемді бюджет жасаймыз және нақты көрсеткіштердің статистикалық бюджет пен икемді бюджеттің деректерінен ауытқуын және икемді бюджет көрсеткіштерінің статистикалық бюджеттің көрсеткіштерінен ауытқуын анықтаймыз.

 

8.2-кесте

    Көрсеткіштер Өнім бірлігініе жұмсалған шығыстың нормасы, теңгеде Статистикалық (бекітілген) бюджет(теңге) (2 тх12 000) Икемді бюджет (теңге) Нақты көрсеткіштер Нақты көрсеткіштердің ауытқуы от Икемді бюджеттің статистикалық бюджеттен ауытқуы
Статисткалық бюджеттің Икемді бюджеттің
                 
  Өнімнің саны (дана)     10.000 10.000 -2000 - -2000
  Түсім (сату көлемі)   2400.000 2.000.000 2120.000 -280.000 +120.000 -400000
  Өзгермелі шығыстар:              
  – материалдар   840.000 700.000 750.000 -90.000 +50.000 -140.000
  – жалақы   600.000 500.000 520.000 -80.000 +20.000 -100.000
  – өзгермелі өндірістік шығыстар   240.000 200.000 210.000 -30.000 +10.000 -40.000
  Барлық өзгермелі шығыстар   1680.000 1400.000 1480.000 -200.000 +80.000 -280.000
  Тұрақты шығыстар   250.000 250.000 260.000 +10.000 +10.000 -
  Барлық шығыс   1930.000 1650.000 1740.000 -190.000 +90000 -280.000
  Операциялық пайда   470.000 350.000 380.000 -90.000 +30.000 -120.000

 

 

Нақты операциялық пайда статистикалық деректермен (бастапқы бекітілген) салыстырғанда 90 000 теңгеге төмендегені көрінеді, бұған мыналар себеп болды:

1. Түсімнің 280 000 теңгеге төмендегені;

2. Шығындардың 190 000 теңгеге төмендегені.

Түсімнің төмендегеніне статистикалық (бастапқыда бекітілген)

статистикалық бюджетте қарастырылған сату көлемінің 2000 немесе 400 000 (2000*200) теңгеге төмендегені және сату бағасының өнім бірлігі үшін орташа 12 теңгеге өскені (2120.000*10000-200) ықпал етті, бұл өнім сатудың көлемін 120 000 теңгеге (10 000*12) арттырды.

Статистикалық бюджетте қарастырылған көлемнен нақты шығарылған өнім көлемінің 2000 данаға төмендеуіне байланысты, өзгермелі шығындар 200 000 теңеге азайды, ал операциялық пайда 90 000 теңгеге төмендеді.

Бюджеттендіру үшін шығындарды дұрыс нормалау маңызды рөл атқарады.

8.4 Нормативтік шығындар және олардың маңызы.

 

Шығындарды неғұрлым тиімді басқару үшін оларды пайда болған сатыда бақылау және реттеу керек. Осы мақсатта өндірістік процестерді жүзеге асыру процесінде материалдардың, жұмыс күші мен қызметтердің нормативтерін әзірлеу керек. Нормативтік шығындар кәсіпорынды болашаққа бағдарлайды және сонымен бірге пайдаға ықпал ету тұрғысынан алып қарағанда өндірістік қызметте орын алатын өзгерістерді бағалау құралы болып табылады.

Шығындарды нормалардың негізінде басқару қажетсіз ысырапқа, өндірістен тыс шығыстарға жол бермейді, өндірістің тиімділігін арттырады, сатып алу саясатын жақсартады, болашақта өндірістік ресурстарды тиімді пайдалануға ықпал етеді. Нормативтік шығындарды анықтаудың екі тәсілдемесі (әдісі) қолданылады.

Бірінші әдіске сәйкес өткен кезеңдердің нақты деректері бойынша материалдар мен еңбекті пайдалану бағаланады.

Нормативтерді осы әдіс бойынша белгілеген кезде нормативтерге өткен қателіктер мен кемшіліктерді көшіру қаупі сақталады. Сондықтан осы әдіс бойынша нормативтер өткен кезеңдердің орташа нәтижелерінің негізінде өнімсіз шығындар мен материалддық шығындар мен еңбек шығындары бойынша артық шығыстар алынып тасталып белгіленеді.

Екінші әдіс бойынша нормалар технологиялық талдаудың көмегімен белгіленуге тиіс. Технологиялық талдауда материалдардың, жұмыс күші мен жабдықтардың дәл есебін жүргізудің, сондай-ақ операцияларды бақылап зерттеу негізінде әр бір операция егжей-тегжей зерттеледі.

Шығындардың нормалары әдетте мыналарға бөлінеді:

– негізгі нормаларға;

– мінсіз нормаларға;

– ағымдағы қол жеткізімді нормаларға.

Шығынның негізгі нормалары – тұрақты,ұзақ уақыт бойы өзгермейтін

нормалар. Осы нормалардың артықшылығы ретінде бірқатар жыл бойы нақты шығындарды сол бір нормалармен салыстыру базасын қамтамасыз етіп, кезең ішіндегі тиімділіктің үрдісін белгілеуге мүмкіндік беретінін атауға болады.

Алайда өндіріс көлемі, технологиялар, бағалар өзгерген жағдайда негізгі нормалар ағымдағы жоспарланған шығындарды көрсетпейді, сондықтан шығындарды басқару үшін жарамсызға айналады. Сондықтан шығынның негізгі нормалары сирек пайдаланылады.

Мінсіз нормалар – бұл мінсіз ең тиімді қызмет жағдайында ғана болуы ықтимал ең төмен шығындар. Іс жүзінде мінсіз нормаларға сирек қол жеткізуге болады, сол себептен олардың пайдаланылуы екіталай. Мұндай нормалар бағдар ретінде ұсталатын мақсаттарды білдіреді. Мінсіз нормаларды менеджерлер ынталандыру жүйесін белгілеу, шығасыларды төмендетуге ынталандыру үшін пайдалы болуы мүмкін.

Ағымдағы қол жеткізімді (іс жүзінде орындалатын) шығындар нормасы. Осы нормалар тиімді қызмет жағдайында пайда болуы тиіс шығындарды көрсетеді. Қол жектізімді нормалар пайдаланылған жағдайда ресурстардың әдеттегі бүлінуінің, машиналардың бұзылуы мен ысырап болған уақыттың жол берілетін ауытқулары анықталады. Іс жүзінде ағымдағы қол жеткізімді нормалар өте жиі қолданылады, өйткені олар қол жеткізу үшін қызметкерлер жауап беретін мақсаттардан ауытқуды өлшеудің жол берілетін базасын, яғни нақты шығындарды нормативтік шығындармен салыстыруды қамтамасыз етеді. Нақты қол жеткізілетін нормалар, сондай-ақ сметаны жоспарлау мен жасау мақсаты үшін ең қолайлы база болып табылады. Алайда мұндай нормалар компания қызметкерлерін шығындарды төмендетуге және еңбек өнімділігін арттыруға ынталандырмайды, сол себептен нормалар оңай қол жеткізімді болмауға тиіс.

Шикізаттың, материалдардың, сатып алынатын бұйымдардың, барлық түрдегі отынның, энергияның, шығын түрлерінің, өндіріске қызмет көрсету шығыстарының (үстеме шығыстардың) және басқарудың ағымдағы нормалар, нормативтер мен шығыс сметалар жүйесі кәсіпорынның нормативтік шаруашылығы деп аталады.

Нормативтік шаруашылықты ұйымдастыруда шығын нормаларының болуы мен олардың негізделуі, жаңа және жетіспейтін норма әзірлеу, қолданылатын нормаларды қайта қарау қарастырылады. Нормативтік шығындар ауытқу елеулі болғанға дейін өзгермейді.

Кәсіпорындар өнім ассортиментін неғұрлым жиі өзгертіп немесе технологияны жетілдірсе, оларға бұл бизнестің өнімділігімен пайдалылығымен тікелей байланысты болғандықтан, олар нормалардлы соғұрлым жиі әзірлеп, қайта қарауға мәжбүр болады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Бюджеттендіру деген не?

2. Бюджеттердің түрлері мен олардың сипаттамасы.

3. Сырғымалы және икемді бюджетттің арасында қандай айырмашылық бар?

4. Операциялық бюджеттің құрамы мен олардың сипаттамасы.

5. Қаржы бюджетінрің құрамы мен олардың сипаттамасы.

6. Негізгі материалдардың шығын бюджетін жасау тәртібі.

7. Икемді бюджет, оның маңызы мен оны жасау тәртібі.

8. Нормативтік шығындар, олардың маңызы.

9. Шығын нормаларының түрлері мен оның сипаттамасы.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 1566; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.038 сек.