Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Білім - максималды 100 балл 6 страница




10. Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінің стратегиялық даму бағыттары.

 

«Қоғамдық денсаулық» пәні бойынша

 

Пән бойынша білімін, машығы

мен қабілеттін бағалауға арналған

бақылау-өлшеу құралдары

 

Құрастырғандар: м.ғ.к., доцент Пругло Г.Ю., м.ғ.к., доцент Кожекенова Ж.А., м.ғ.к., аға оқытушы Нурбакыт А.Н.

 

Курс: үшінші

 

 

1. Салауатты өмір салты-бұл: -

  1. Ерте жыныстық өмір
  2. Физикалық және жан дүниелік дискомфорт
  3. Гиподинамия
  4. Теңестірілген тамақтану
  5. Д ұтымды күн тәртібі

 

2. Саналогия - бұл:

  1. Ауру эпидемиологиясы
  2. Қоғамдық денсаулық туралы ілім
  3. Ауру мен жарақатты емдей туралы ғылым
  4. Жеке денсаулықты қалыптастыру туралы ғылым
  5. Денсаулықтың әлеуметтік себептілігі туралы ғылым

 

3. Қоғамдық денсаулықтың ең толық анықтамасы:

  1. Физикалық, жан дүниелік және әлеуметтік толық аман-есендік
  2. Дене ақауының болмауы
  3. Мүгедектіктің болмауы
  4. Қоршаған ортамен тиімді тепе-теңдік
  5. Медицинаның даму деңгейі

 

4. Жеке денсаулық көрсеткіштері:

  1. Ауру-сырқаулық көрсеткіші
  2. Демографиялық көрсеткіш
  3. Тұрғындардың еңбек белсенділігінің көрсеткіштері
  4. Физикалық денсаулық көрсеткіштері
  5. Мүгедектік көрсеткіштері

 

5. Оқу бағдарламасын күрделендіру келесі жағдайға әкелмейді:

  1. Күн тәртібінің бұзылуына
  2. Еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне
  3. Ауру-сырқаулықтың артуына
  4. Астениялық синдром
  5. Д ұйқының бұзылуына

 

6. Екінші денсаулық тобына жататын балалар

1. Жиі ауыратындар

2. Сау балалар

3. Функциональдық ауытқулары бар

4. Сирек ауыратындар

5. Д ұзақ ауыратындар

 

7. Төртінші денсаулық тобына жататын балалар

1. Компенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар

2. Функциональдық ауытқулары бар

3. Ұзақ ауыратындар

4. Субкомпенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар

5. Жиі ауыратындар

 

8. Алдын ала медициналық бақылау қашан жүргізіледі:

1. Кәсіби ауруды анықтау үшін

2. Улануларды анықтау үшін

3. Оқуға түсу немесе жұмысқа орналасу кезінде

4. Мамандығына байланысты емес ауруды анықтау үшін

5. Кәсіби зияндылықтармен жұмыс істеу қауіпті болып келетін ауруларды анықтау кезінде

 

9. Ұйымдастырылған ұжымдарда кезеңді медициналық бақылау қандай мақсатта жүргізіледі

1. Кәсіби аурулар мен улануларды анықтау үшін

2. Эпидемиялық емес аурулар мен уланулардың ерте белгілерін анықтау үшін

3. Оқуға түсу кезінде

4. Жұмысқа орналасу кезінде

5. Бірқатар ауруларды анықтау үшін

 

10. Аурулардың қауіп факторларының дұрыс анықтамасын көрсетіңіз:

  1. Бұл ауру қаупін жоғарылататын жеке тұлғалық сипаттама және өмір салтының ерекшеліктері
  2. Бұл ауру дамуына әсер ететін белгілі бір факторлардың адам денсаулығына әсер етуі
  3. Бұл тұрғындар денсаулық жағдайына ауру туғызу қаупі бар өзгертуге мүмкін емес биологиялық факторлардың әсері және өмір салтының ерекшеліктері
  4. Бұл халық денсаулығына ауру туғызу қаупін жоғарылататын әлеуметтік-экономикалық факторлардың және белгілі бір жеке тұлғалық сипаттамалардың әсері
  5. Бұл әр түрлі аурулардың дамуына қауіп туғызатын қоршаған микро-және макроортаның тұрғындар денсаулығына әсері және өмір салты ерекшеліктері

 

11. Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар

  1. Ақыл ой белсенділігі
  2. Артық физикалық белсенділік
  3. Артық ұйқы
  4. Ашығу, диета
  5. Артық тамақтану

 

12. «Өмір салты» ұғымы қандай категориялардан тұрады:

  1. Өмір деңгейі
  2. Реабилитация деңгейі
  3. Созылмалы арнамалы емес аурулар таралуы
  4. Инфекциялық аурулар таралуы
  5. Ауру ақырының құрылымы

 

13. Денсаулықты нығайту принциптері:

  1. Тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсету
  2. Қауіп факторларының алдын алу
  3. Міндетті медициналық сақтандыру
  4. Емдеудің оң нәтижесіне бағыттылық
  5. Дәрілік заттармен қамтамасыз ету

 

14. Біріншілік профилактикаға қандай шаралар жатады:

  1. Қоршаған ортаны сауықтыру
  2. Әлеуметтік-медициналық реабилитация
  3. Еңбектік реабилитация
  4. Созылмалы аурулары бар науқастарды алдын ала қарау
  5. Мүгедектерді диспансерлік бақылау

 

15. Халықта салауатты өмір салтын қалыптастыру жағдайын бағалауда қандай көрсеткіштер қолданылады::

  1. Халық тұрмысының әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-еңбек жағдайлары
  2. Емдік препараттардың клиникалық тиімділігі
  3. Хирургилық көмекті қолдану
  4. Емнің бағасы
  5. Емдеу нәтижесі

 

16. Медициналық мекемелердегі тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі әдістері:

  1. Баспалық үгіт-насихат
  2. Хирургиялық көмектің жаңа әдістерін енгізу
  3. Жаңа дәрілік заттарды іздестіру
  4. Емдеу сапасынбағалау
  5. Патологияны анықтаудың жаңа технологиясын енгізу

 

17. Ана мен бала денсаулығын қорғау мемлекеттік қызметінің міндетіне жатпайды:

  1. Ана мен бала денсаулығын қорғау сұрақтары бойынша заңдық құжаттарды құрастыруға қатысу
  2. Баласы бар жанұяларға мемлекеттік, материальдық және әлеуметтік көмек көрсету
  3. Сапалы, кепілді және қол жетімді медициналық-әлеуметтік көмек
  4. Жалпы койка фондын (мамандандырылмаған) одан әрі ұлғайту
  5. Жанұяны жоспарлау

 

18. Негізгі жүріс-тұрмыстық қауіп факторларын атаңыз:

  1. Авитаминоз
  2. Бауыр тұқым қуалаушылық
  3. Гиподинамия
  4. Ластанған қоршаған орта
  5. Өндірістік қауіп факторлары

 

19. Организм үшін ұзақ күйзелістің әсері:

  1. Анемия
  2. Жүректің ишемия аурулары
  3. Организмде темір сіңірілуінің төмендеуі
  4. Нейтрофилдер санының азаюы
  5. Иммундық жетіспеушілік және инфекцияға жоғары қабілеттілік

 

20. Ішімдікті шамадан тыс қолдану қандай ауру тууның қауіп факторы болып табылады:

  1. Артроз
  2. Бронхит
  3. Энтероколит
  4. Орталық нерв жүйесінің зақымдалуы
  5. Пародонтит, афтозды стоматит

 

21. Темекінің теріс әсері:

  1. Көрудің нашарлауы
  2. Житс зақымдалу қаупі
  3. Дәм мен иіс сезу өзгеруі
  4. Есте сақтау бұзылысы
  5. Невроз

22. Балалар арасында темекі тартуға жағдай жасайтын факторға жатпайды:

  1. Ересектерге еліктеу
  2. Эксперимент жасау
  3. Құрдастарының қысымы
  4. Жасқа сай экономикалық дербестік
  5. Темекіні жарнамалау

 

23. Темекі тартудан емдеу әдістері:

  1. Никотин алмастырғыштар

2. Антибиотиктер

  1. Иммуномодуляторлар
  2. Диетотерапия
  3. Гормонотерапия

 

24. Нашақорлар келесі патологияның қауіп факторы болып табылады:

  1. Өкпе қатерлі ісігі
  2. Өкпе демікпесі
  3. Өкпе эмфиземасы
  4. Бронхит
  5. Туберкулез

 

25. Маскүнемдіктің жіктелуі:

  1. Әлеуметтік себептілік, физиологиялық себептілік, психологиялық себептілік
  2. Биологиялық себептілік, физиологиялық себептілік, психологиялық себептілік
  3. Биологиялық себептілік, әлеуметтік себептілік, психологиялық себептілік
  4. Физиологиялық себептілік, биологиялық себептілік, әлеуметтік себептілік
  5. Биологиялық себептілік, психологиялық себептілік, әлеуметтік-экономикалық себептілік

 

26. Ұтымды тамақтанудың талабына жатпайды:

  1. Тамақтанудың сандық сәйкестігі
  2. Тамақтанудың біртектілігі
  3. Тамақтанудың сапалық сәйкестігі
  4. Балансты тамақтану

5. Тамақтану тәртібі

 

27. Ауыр еңбек күнінен кейінгі шаршағанды азайту шаралары:

  1. Массаж
  2. Гормонотерапия
  3. Техникалық шығармашылықпен айналысу
  4. Физикалық жүктеме

5. Ашығу, диета

 

28. Созылмалы жұқпалы емес аурулардың біріншілік профилактикасына жатады:

  1. Иммунизация
  2. Тұз бен қантты қолдануды шектеу
  3. Физикалық жүктемені шектеу
  4. Жеке бас гигиенасын сақтау
  5. Контрацепцияны қолдану

 

 

29. Жүрек ишемия ауруларының пайда болу қауіп факторлары:

  1. Гиперхолестеринемия
  2. Жиі салқын тиіп ауру
  3. Салқындау
  4. Жедел инфекциялық аурулар
  5. Лейкоцитоз

 

30. Халық денсаулығына әсер ететін факторлар: 1) механикалық 2) табиғи-климаттық 3) халық өмірінің деңгейі мен салты 4)медициналық көмек деңгейі, сапасы және қол жеткізу мүмкіндігі

5) әлеуметтік-экономикалық жағдайлар

  1. 2,3,4,5
  2. 1,3
  3. 2,4,5
  4. 5
  5. 1,4

 

31 Халық қозғалысы нені зерттейді?

1. Халықтың миграцилық процестері мен туушылығы.

  1. Халықтың механикалық қозғалысы мен өлімі.

3. Халықтың көбеюі.

  1. Халықтың механикалық және табиғи қозғалысы.
  2. Халықтың табиғи қозғалысы және туушылығы.

 

32 Халықтың табиғи қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер?

  1. Туушылық, өлім, табиғи өсу, көбею.
  2. Табиғи өсу, алдағы өмірдің орташа ұзақтығы, көбею, өлім.

3. Туушылық, неке, ажырасу, сәбилер өлімі, көбею.

  1. Туушылық, өлім, табиғи өсу, неке, ажырасу.

5. Некелік көбею, жалпы өлім, туушылық, алдағы өмірдің орташа ұзақтығы.

 

33 Халықтың жасқа байланысты өлім көрсеткішін есептеу үшін қандай мәліметтер қажет?

  1. Берілген жылы белгілі бір жаста өлгендер саны, берілген жылы өлгендердің жалпы саны.
  2. Берілген жылы белгілі бір жаста өлгендер саны, берілген жылы тірі туылғандар саны.
  3. Берілген жылы белгілі бір жаста өлгендер саны, осы жастағылардың орташажылдық халық саны.
  4. Берілген жылы белгілі бір жаста өлгендер саны, орташажылдық халық саны.
  5. Берілген жылы өлгендер саны, осы жастағы халық саны.

 

34 Республикадағы халық өлімінің құрамында қандай себептердің үлес салмағы жоғары?

  1. Тыныс органдарының аурулары, эндокринді жүйенің аурулары, жарақаттанулар.
  2. Жұқпалы аурулар, қан айналу жүйесінің аурулары, тыныс органдарының аурулары.
  3. Жарақаттанулар, қатерлі ісіктер, жұқпалы аурулар.
  4. Қан айналу жүйесінің аурулары, қатерлі ісіктер, жарақаттанулар.
  5. Тыныс алу жүйесінің аурулары, асқорту жүйесінің аурулары, қан айналу жүйесінің аурулары, қан аурулары

 

35. Тыныс алу аурулары туындауының қауіп факторлары:

1. Ішімдікті шамадан тыс қолдану

2. Жиі тұмау аурулары

3. Иіс сезу бұзылысы

4. Наркомания

5. Артық дене массасы

36. Темір тапшылық жағдайдың алдын алу шаралары:

  1. Тамақтанудан соң 2 сағаттан кейін шәй, кофе қолдану
  2. Гормонотерапия
  3. Сүт тағамдарын қолдану
  4. Нан тағамдарын қолдану
  5. Тұз бен қантты қолдануды шектеу

 

37. Топ деңгейіндегі қаназдықтың немесе анемияның алдын алу шаралары

  1. Тағам өнімдерін темірмен байыту
  2. Науқастарға темірі бар дәрілер мен фолий қышқылын тағайындау
  3. Емшекпен емізуге және дұрыс тамақтандыруға себеп болу
  4. Жанұяны жоспарлау бағдарламалары
  5. Темір және фолий қышқылы жоғары диета

 

38. Өндірісте қажуға әкелетін факторлар:

  1. Жұмыстың бір сарындылығы
  2. Қимыл физикалық белсенділік
  3. Тамақты жиі қолдану
  4. Тамақты сирек қолдану
  5. Темекі тарту

 

39 Халық денсаулығына көбірек әсер ететін негізгі фактор:

  1. Экологиялық жағдай
  2. Медициналық көмекті ұйымдастыру
  3. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар және халықтың өмір сүру салты
  4. Тұқым қуалаушылық
  5. Мекен жайы мен жұмыс орны

 

40 Әлеуметтік медицинаның зерттеу пәні болып табылады:

  1. Денсаулық сақтауды жоспарлау және қаржыландыру
  2. Қоғамдық денсаулық және оған әсер ететін факторлар
  3. Жарақаттану мен аурулық эпидемиологиясы
  4. Жұмыс істейтін халықтың денсаулық жағдайы
  5. Денсаулық сақтау экономикасының теориялық негіздері

 

41. Валеология - бұл:

  1. Ауру эпидемиологиясы
  2. Қоғамдық денсаулық туралы ілім
  3. Ауру мен жарақатты емдеу туралы ғылым
  4. Жеке денсаулықты қалыптастыру туралы ғылым
  5. Денсаулықтың әлеуметтік себептілігі туралы ғылым

 

42. Салауатты өмір сүруді қалыптастыру принциптері:

  1. Денсаулық сақтауда қоғамның қатынасуы
  2. Өзін өзі емдеу мүмкіндігі
  3. Мамандандырылған емге қол жетімділік
  4. Ақысыз емдеуге қол жетімділік
  5. Сектор аралық қарым-қатынас

 

43. Қоғамдық денсаулық көрсеткіштері:

  1. Клиникалық талдау және биологиялық сұйықтық анализі
  2. Рентгенологиялық зерттеу нәтижесі
  3. Патология ағымының сипаты
  4. Медико-демографиялық көрсеткіштер
  5. Жоғарыда аталғандардың барлығы

 

44. Бірінші денсаулық тобына жататын балалар

1. Ұзақ ауыратындар

2. Жиі ауыратындар

3. Сирек ауыратындар

4. Субкомпенсация жағдайында

5. Сау балалар

 

45. Үшінші денсаулық тобына жататын балалар

1. Сау балалар

2. Функциональдық ауытқулары бар

3. Сирек ауыратындар

4. Ұзақ ауыратындар

5. Компенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар

 

46. Бесінші денсаулық тобына жататын балалар

1. Субкомпенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар

2. Декомпенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар

3. Функциональдық ауытқулары бар

4. Компенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар

5. Сау балалар

 

47. Ұйымдастырылған ұжымдарда кезеңді медициналық бақылау қандай мақсатта жүргізіледі:

1. Жұқпалы аурулықты анықтау үшін

2. Улануларды анықтау үшін

3. Оқуға түсу кезінде

4. Жұмысқа орналасу кезінде

5. Кәсіби аурулардың ерте белгілерін анықтау үшін

 

48. Халық денсаулығы туралы мәліметтің негізгі көзі болып табылады:

  1. Іріктелген ғылыми зерттеу мәліметтері
  2. Жеке ғылыми зерттеулер мәліметтері
  3. Кезеңдік баспа мәліметтері
  4. Сақтандыру компанияларының мәліметтері
  5. Аурулық, сәтсіз жағдайлар және жарақаттарды тіркеу

 

49. Денсаулықты нығайтуға әсер ететін факторлар:

  1. Аз қозғалмалы өмір салты
  2. Ішімдік қолдану
  3. Зиянды қылықтардан бас тарту
  4. Өндірістік күйзелістер
  5. Д ұйқы қанбау

 

50. Тұрғындар денсаулығына әсер етпейтін факторлар:

  1. Механикалық
  2. Табиғи-климаттық
  3. Тұрғындар өмір салты және деңгейі
  4. Медициналық көмекке қол жетімділік, сапасы және деңгейі
  5. Әлеуметтік-экономикалық жағдай

 

51. Профилактикалық шаралардың тиімділігі қандай көрсеткіштермен бағаланады:

  1. Емделген науқастардың саны
  2. Диагностикалық манипуляция саны
  3. Сауықтырылған тұрғындар саны
  4. Емдеу-профилактикалық мекемелердің төсекпен жабдықталуы
  5. Госпитализация мерзімі

 

52. Ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесінде медициналық көмекті көрсету кезеңіне жатпайды:

  1. Жүкті емес әйелге көмек көрсету
  2. Ұрықты антенатальды қорғау шараларының кешені
  3. Ұрықты интранатальды қорғау және босануды тиімді жүргізу
  4. Ата-ана денсаулығын қорғау
  5. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар денсаулығын қорғау

 

53. Алкоголизм дамуының жеке тұлғалық қауіп факторы:

  1. Әсер ету қарқыны, жеке бас ерекшеліктері
  2. Қабылдау дәрежесі, генетикалық қабылдау
  3. Жеке бас ерекшеліктері, әлеуметтік
  4. Физиологиялық қабілеттілік
  5. Әсер ету қарқыны, қабылдау дәрежесі

 

54. Жүрек-қан тамыр ауруларының профилактикасында қауіп факторларымен күресу стратегиясы:

  1. Қаралуына сәйкес жалпылық
  2. Популяциялық, топтық, жеке
  3. Емдік, реабилитациялық
  4. Толық, жартылай
  5. Жалпы, селективті

 

55. Сүт безі қатерлі ісігінің профилактикасы:

  1. Сүт және сүт өнімдерін қолдану
  2. Санаторлы-курорттық ем
  3. Жүктілікке қарсы дәрілерді қолдану
  4. Темірге бай тағамдарды қолдану
  5. Ашығу, диета

 

56. Жеке бас гигиенасын сақтау маңызды орын алатын ауру:

1. Энтероколит

2. Жақыннан көргіштік

3. Туберкулез

4. Гайморит

5. Гипертония ауруы

 

57. Жарақаттанудың алдын алу шаралары:

  1. Зиянды әдеттерден бас тарту
  2. Физикалық белсенділікті шектеу
  3. Вакцинация
  4. Үй жағдайында қауіпсіз орта қалыптастыру
  5. Тұз бен қантты қолдануды азайту

 

58. Өндірістік кәсіпорында кәсіби аурулардың алдын алу шаралары:

  1. ЖҚТБ-ге қарсы вакцинация
  2. Жеке басты қорғау заттары
  3. Ұтымды тамақтану
  4. Жеке бас гигиенасын сақтау
  5. Контрацепцияны қолдану

 

59. Кала тұрғындарының денсаулығына әсер ететін экологиялық қауіп факторлары:

  1. Вибрация
  2. Радиациялық сәуле
  3. Атмосфералық ауаның ластануы
  4. Су қоймаларының ластануы
  5. Топырақтың пестицидтермен ластануы

 

60 Өмір салтын зерттейтін негізгі әдіс болып:

  1. Байқау
  2. Тестілеу
  3. Модельдеу
  4. Тәжірибе
  5. Сұрау-интервью

 

61 Медициналық тексеру және диспансерлеу тиімділігінің негізгі критериі болып табылады:

  1. Халық денсаулығы деңгейі
  2. Туушылық деңгейі
  3. Физикалық даму деңгейі
  4. Төмен өлім деңгейі
  5. Диспансерлік байқау тобының өзгеруі

 

62 Халықтың табиғи қозғалысы көрсеткіштерін зерттеудің негізгі әдісі болып табылады:

  1. Демографиялық оқиғалардың күнделікті тіркелуі
  2. Халық санағын жүргізу
  3. Іріктелген демографиялық зерттеулер
  4. Халыққа әлеуметтік сауалнама жүргізу
  5. Оқиғаларды модельдеу және болжау

 

63. Экономикалық дамыған елдерде халық өлімі құрамында жетекші орындарға қайсылары ие:

  1. Жұқпалы және паразитарлық аурулар; асқорту жүйесінің аурулары; психикалық аурулар
  2. Қан айналу жүйесінің аурулары; қатерлі ісіктер; жарақаттанулар мен уланулар
  3. Қатерлі ісктер; жарақаттанулар мен уланулар; тыныс алу жүйесінің аурулары
  4. Туберкулез, қатерлі ісіктер, қан айналу жүйесінің аурулары
  5. Қатерлі ісіктер, жарақаттанулар мен уланулар, тыныс алу жүйесінің аурулары

 

64. Алдағы өмірдің орташа ұзақтығы дегеніміз

  1. Осы туылған ұрпақтың олардың өмір сүру барысында жасқа байланысты өлім көрсеткіші өзгеріссіз қалған жағдайдағы алдағы өмір сүретін жылдар саны
  2. Осы туылған ұрпақтың олардың өмір сүру барысында өлім және туу көрсеткіші өзгеріссіз қалған жағдайдағы алдағы өмір сүретін жылдар саны
  3. Осы туылған ұрпақтың олардың өмір сүру барысында халықтың табиғи өсуі көрсеткіші өзгеріссіз қалған жағдайдағы алдағы өмір сүретін жылдар саны
  4. Осы туылған ұрпақтың олардың өмір сүру барысында туу көрсеткіші өзгеріссіз қалған жағдайдағы алдағы өмір сүретін жылдар саны
  5. Осы туылған ұрпақтың олардың өмір сүру барысында жасқа байланысты туу көрсеткіші өзгеріссіз қалған жағдайдағы алдағы өмір сүретін жылдар саны

 

65. Жалпы туу көрсеткішін есептеу үшін қажет:

  1. Тірі туылғандар саны және орташа жылдық халық саны
  2. Босанулар саны және әйелдер саны
  3. Тірі және өлі туылғандар саны және орташажылдық халық саны
  4. Өлі туылғандар саны және орташажылдық халық саны
  5. Тірі туылғандар саны және әйелдер саны

 

66 Сәбилер өлімі көрсеткіші деген –

  1. 4 жасқа дейінгі балалар өлімі
  2. 1 жасқа дейінгі балалар өлімі
  3. 1 айындағы балалар өлімі
  4. 1 айындағы балалар өлімі
  5. Өмірінің 1 аптасынан 1 айына дейінгі балалар өлімі

 

67. Туу туралы куәлікті кім береді:

  1. Емдеу-профилактикалық мекеменің бас дәрігері
  2. Босандыратын дәрігер
  3. АХАЖ бөлімінің қызметкері
  4. Перзентхана әкімшілігі
  5. Статистикалық басқарма

 

68. Өлім жөніндегі медициналық куәлікті кім береді:

  1. Емдеу-профилактикалық мекеме дәрігері
  2. Соттық-медициналық сарапшы
  3. Мәйітті ашқан патологоанатом
  4. Емдеу-профилактикалық мекеменің бас дәрігері
  5. Статистикалық басқарма

 

69 Халықтың табиғи өсуі мыналардың арасындағы айырмашылық:

  1. Еңбекке қабілетті жастағы туушылық пен өлім арасындағы
  2. Жас топтары бойынша туушылық пен өлім арасындағы
  3. Жыл бойғы туушылық пен өлім арасындағы
  4. Жыл мерзімдері бойынша туушылық пен өлім арасындағы
  5. Жынысы бойынша туушылық пен өлім арасындағы

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-03; Просмотров: 630; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.