Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ОРЫТЫНДЫ. Республиканың әлеуеті мен мүмкіндіктерін талдау негізінде бәсекеге қабілетті болу үшін Қазақстанда туристік




Республиканың әлеуеті мен мүмкіндіктерін талдау негізінде бәсекеге қабілетті болу үшін Қазақстанда туристік кластерді дамытудың алғышарттары анықталды. Туризмді кластеризациялау қажеттілігін талдай келе, осы бағытта мемлекет тарапынан қолдау міндеттілігі дәлелденіп, қорытындылар жасалды. Туристік кластерлік саясатты қолдануда мемлекетаралық сараптамалар тәжірибесіне сәйкес, оның негізгі принциптері анықталды. Олар кейін туристік кластерлік саясатты құруда ескеріліп отыруы қажет: туристік кластерлерді қалыптастыру шаралары мемлекет тарапынан жүзеге асырылмай, ол рыноктық құрылымдардың көмегімен қалыптасуы керек; туристік компанияларды қаржыландырумен және рыноктық бәсекелестікті арттыруға ғана бағытталмауы қажет; мемлекет өз кезегінде кластерлерді жүзеге асыруда және лидер болуда алдыға ұмтылмауы тиіс: ол өз қызметін катализатор немесе делдал ретінде: инновациялық жүйенің болуын, инфрақұрылымның ең тиімдісін қолдану, соның негізінде кластерлік үрдістерді күшейту; кластерлік саясаттың бағыты тек қалыптасқан кластерлерге ғана бағытталмауы қажет, не енді ғана қалыптасып жатқан кластерлерге өзінің кері әсерін тигізбеу керек. Қазақстан Республикасының табиғи-климаттық және экономикалық жағдайларындағы ерекшеліктерді ескере, жобаны жасаушылардың ұсыныстарын талдаумен туристік кластерді құру мүмкіндігі негізделді. Қазақстанда туристік қызметті кластерлік келіспен дамыту және қолдау қажеттілігі дәлелденіп, осы саладағы мемлекеттік реттеу механизмдері талданды. Саланы мемлекеттік реттеу механизмдері келесідей болмақ:

- несие қаржылық;

- инвестициялық;

- салық-бюджеттік;

- ұйымдық құқықтық реттеу. Туристік кластердің дамуын тежеп отырған негізгі факторларды талдауда, туристік кластердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруда туындайтын проблемалар төрт топқа жіктелді: бірінші топ туристік рыноктың маңызды ресурстарымен байланысты, екінші топ туризм саласындағы кәсіпкерлердің туристік рыноктағы институттармен өзара қатынасымен сипатталады, үшінші топ саяси-әлеуметтік, мәдени-танымдық және құқық қатынастарымен байланысты, төртінші топ туристік фирманың ішкі мәселелеріне (проблемаларына) қатысты.

Алматы облысы келешекте Қазақстандық туризмнің ең алдынғы қатарлы аймақтарының біріне айнала алады, бір теңінен танымал болу үшін туристтерге қызмет көрсетудің дамыған жүйесін құру қажет болады. Алматы облысының рекреациялық ресурстары проблемасының яғни мәселесін шешу үшін және мұнда туризм индустриясын құру үшін табиғи тарихи, экономикалық, техникалық сипаттағы арнайы зерттеулерді жүзеге асыру қажет. Олайда бұл мәселе бел шешіп кірісу үшін сол аймақтың рекреациялық дәрежесімен басты бағыттарын анықтайтын алдын ала жасалған географиялық бағалау аса қажет болып табылады. Туризм саласы жақсы дамыған елдер тәжіриебесі мемлекет тарапына туризмге жасалатын демеушілікке байланысты екенін көрсетеді. Мұндай елдерде жасалған бағдарламаларда туризмді жақсарту үшін шекаралық кедендік режимді нығайту, инвестиция жағымды жағдайлар туғызу. Ұлттық кәсіп орындары арналған несие жеңілдігін жеткізу, кадрлар айындауды, жарнама жасауды, инфрақұрылымды дамытуда қаржыландыруды ұлғайту секілді толып жатқан іс шараларды атқару жағы жақсы қарастылылған. Дәл осындай кешенді тәсілді қолдану үшін әлемдік туристік кластер нарығына шығуға ұмтылыс жасау мүмкіндігін, біздің елге шетелдік туристтерді тарту мүмкіндігін туғызады.

 

КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Торғайбай Меруерт

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Алматы облысында туристік кластерді дамыту




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 550; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.