Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 1 страница. Ылыми жетекшісі : К.Н. Мамирова




АЛМАТЫ,2015

Ылыми жетекшісі: К.Н. Мамирова

АЛМАТЫ, 2015

В011600 -География

КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Қорғауға жіберілді»

«______» 2015 ж

География кафедра

меңгерушісі ________ п.ғ.к.,

профессор м.а. К.Н. Мамирова

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Алматы облысында туристік кластерді дамыту

5В011600 - «География»

 

 

Орындаған: М.Қ. Торғайбай

п.ғ.к, профессор м.а.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Жаратылыстану-география факультеті

География кафедрасы

_____________ ________________________________________ мамандығының

(шифр) (мамандықтың атауы)

 

студенті___________________________________________________________­­

(аты-жөні)

диплом жұмысын орындау үшін берілген

Т А П С Ы Р М А Диплом жұмысының тақырыбы: ________________________________________________________

__________________________________________________________________ факультеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен бекітілді

«____» ____________ 20 __ жылғы № ____ хаттама

 

Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі: «_____» ________________ 20 __ жыл

 

Мақсатты ұстанымы________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

Диплом жұмысында қарастырылуға тиісті сұрақтардың тізімі:

1)_________________________________________________________________

2)_________________________________________________________________

3)_________________________________________________________________

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Диплом жұмысының көлемі – 60 беттен кем емес (бір интервал арқылы).

 

Тапсырманың берілу күні: «___» ___________ 20 __ г.

 

Ғылыми жетекшісі: _______ __________________________________________

(қолы) (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Тапсырманы орындау үшін қабылдадым: ______ _________________________ (қолы) (аты-жөні)

     

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ......................................................................................................................12

1 КЛАСТЕРЛІК ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ.........15

1.1 Кластер экономиканың даму үлгісі ретінде......................................................15

1.2 Әлемдік кластерлердің құрылу тарихы мен тәжірибесін талдау....................24

1.3 Қазақстанда кластерлерлік жүйенің қолданылуы............................................30

2 ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА ЖӘНЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК – РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТЫҢ КЛАСТЕРЛІК ДАМУ ЖАҒДАЙЫ................37

2.1 Қазақстан Республикасында туристік саланың жағдайы және туристік кластерді қалыптастырудың алғышарттары...........................................................37

2.2 Алматы облысы туризмінің дамуындағы табиғи алғышарттар......................53

2.3 Алматы облысындағы туристік кластер дамуының ағымдық жағдайын талдау..........................................................................................................................55

3 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ТУРИСТІК КЛАСТЕРІН ҚҰРУ МЕН МОДЕЛІН ҰСЫНУ.............................................................................66

3.1 Ұлттық туризмді дамытуда кластерлеудің маңызы........................................66

3.2 Алматы облысының туристік кластерлік моделі.............................................71

3.3 Туристік кластердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда Алматы облысы бойынша анықталған проблемаларды шешу жолдары..........................................78

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................83

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................86

 


Зерттеу жұмысының өзектілігі. Туристік кластерлерді құру маңыздылығының басты себебі бәсекеге қабілеттілігі, туристер үшін тартымды нысандардың болуымен қатар, туристер санының ұлғаюы, көлік, мәдениет, сауда, қонақ үй бизнесі мен экономиканың басқа салаларының дамуына ықпал жасау мүмкіндігімен айқындалады. Алматы облысында туристік бизнесті кластерлеу негізінде дамытуға барлық алғышарттар қалыптасқан, яғни бұл тарихи және архитектуралық ескерткіштердің, емдеу сауықтыру орындарының, қорықтар мен қаржы, білім беру, мәдени орталықтар ретінде дамыған қалалардың туристерге тартымды болуымен ерекшеленеді. Мұндай келіс ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылатын экономиканың перспективті саласы ретінде есептелінетін, туризм және спорттың дамуына қатысты. Кластерлік даму республикаға инвестиция ретінде капитал көлемін ұлғайтып құрылыс, көлік, көңіл көтеру индустриясын дамуына ықпал жасайды. Сонымен бірге, кластер қазіргі уақытта аса назарға алынбаған әлуетті туристік ресуртарға ие Алматы облысының бір қалыпты дамуына мүмкіндік жасайды. Туристік кластердің дамуын қолдау мемлекеттік және жеке сектордың кешенді іс-әрекеттеріне, атап айтсақ, өңірді дамытудың қалыпты және серпінді әлеуметтік-экономикалық деңгейіне жету мақсатында бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрудың басымдылығын түсінуге негізделеді.

Дегенмен, қазіргі уақытта туристік қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру және Алматы облысының туризм саласында кластерлерді құру проблемаларының маңызды қырлары шешілмеген. Туристік әдебиеттерде туристік кластерді дамытудың жалпыға бірдей теориялық және практикалық білімдерін талқылауға арналған туристік кластердің дамуының бірегей келісін жарақтау, осыған байланысты туындайтын проблемаларды (туристік қызмет көрсетулердің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасына қойылатын негізгі шарттарды қалыптастыру, мемлекеттік реттеу саясаты) шешуге бағытталған іргелі еңбектер жоқтың қасы. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің бәсекеге қабілетті ел қатарына қосылуы экономиканың кешенді дамуына негізделеді. Бүгінгі күннің маңызды бағыттардың бірі-негізгі өндірісті қосалқы кәсіпорындармен үйлестіре дамытуға көзделген кластерлерді жасау. Республика аймақтарында қазіргі заманғы талаптарға сай кластерлерді құру маңыздылығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері мен халыққа Жолдауларында бірнеше рет аталып өтілді.

«Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа» Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы мен америкалық консалтингтік «J.E. Austin Associates Inc.» компаниясы «Қазақстандық экономиканың қолданыстағы және қарымды перспективалық секторларының бәсекеге қабілеттілігіне баға беру және оларды дамыту жөніндегі ұсынымдарын әзірлеу» жобасын жүзеге асырған болатын. Талдау нәтижелері бойынша Қазақстанда жеті кластер әлуеті анықталды: туризм, құрылыс материалдары өндірісі, тамақ өнеркәсібі, жүк тасымалдау, тоқыма саласы, тау‑кен өндірісі үшін құралдар өндірісі, металлургия саласы.

Аталған жеті кластерді таңдауда қазақстандық кәсіпорындардың өндірістік шығындарын шетелдік бәсекелестермен салыстыру арқылы бәсекеге қабілеттілік бағаланды. Аймақтық нарықта өнімдерді экспортқа шығару мүмкіндігі назарға алынды. Әр кластердің құрылымы мен оның қатысушылары арасындағы өзара байланыс белсенділігін сипаттайтын картасы жасалды.

Сарапшылардың пікірі бойынша Қазақстанның туризм саласының бәсекелік басымдылығы оның бірегей мәдениетінде (мәдени-танымдық), бай табиғи әлуетінде (экологиялық туризм), арта түскен іскерлік белсенділігінде (іскерлік туризм), сондай-ақ демалудың спорт және таңғажайып туризм сияқты түрімен айналысу мүмкіндігінде.

Диплом жұмысының мақсаты. Алматы облысында туристік кластерді дамытудың теориялық және практикалық негіздерін зерттеу мен кластерлік моделін құру бойынша нақты ұсыныстарды жасау.

Диплом жұмысының негізгі міндеттері:

1) туристік кластерлеудің әлемдік тәжірбиесі мен теориялық негіздерін талдап қорыту;

2) туристік кластерді мемлекеттік реттеу қажеттілігін негіздеу;

3) туристік салада кластерлік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттарын көрсету;

4) Алматы облысында қазіргі заманға сай кластерді құру мүмкіндіктерін негіздеу;

5) туристік кластердің бәсекеге қабілеттілігін анықтау.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Зерттеу барысындағы қарастырылып отырған мәселелер төңірегіндегі шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектеріжұмыстың теориялық және әдістемелік негіздеріболып табылады. Зерттеу материалдарын өңдеуде логикалық, жүйелік, статистикалық және салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылды.

Ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығын көрсететін және қорғау пәні болып келетін мынадай нәтижелер алынды:

- экономикада кластерді қалыптастыру мен дамытудың әлемдік тәжірбиесі талдап қорытылды;

- Алматы облысының туристік саласында кластерді қалыптастырудың алғы шарттары анықталды;

- туристік саланың экономикалық дамуына кластерлеудің ықпалы бағаланды;

- туристік кластер моделі жарақталып, оның туристік саланың бәсекеге қабілеттілігіне ықпалы қарастырылды;

- Алматы облысының туристік саласында кластердің даму бағыты мен негізгі проблемалары айқындалды.

Диплом жұмысының практикалық маңызы. Ғылыми зерттеудің негізгі жағдайларын жүзеге асыру – туристік қызметтің ұйымдастырушылық- экономикалық тетігін қалыптастырудың стратегиялық бағыттарын анықтауға, және осы қызметті құқықтық және әкімшілік реттеудің әдістері мен құралдарын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Дипломдық зерттеу барысында алынған нәтижелері туристік фирмалардың экономикалық қызметтерінде, мемлекеттік органдарда, сонымен бірге, оқу процесінде қолдану мүмкіндігімен анықталады.

Практикалық қорытындылар мен ұсыныстар туристік саланың кластерлік стратегиясын жарақтауда мемлекеттік басқару органдарымен пайдаланылуы мүмкін.

Ғылыми басылымдар. Негізгі ғылыми жағдайлар, қорытындылар мен ұсыныстар автордың: «Қазақстанда туризм кластерін дамытудың маңызы мен болашағы», «Алматы облысының табиғат ресурстары мен ондағы туризм дамуының табиғи алғышарттары» атты мақалаларында орын тапты.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 3 тарау, 9 бөлімнен, қорытындыдан құралған, соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі ұсынылған. Иллюстрация ретінде 5 кесте, 4 диаграмма және 7 сурет келтірілген. Жұмыс 80 баспалық бетте орындалған.


1 КЛАСТЕРЛІК ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Кластер экономиканың даму үлгісі ретінде

 

Бәсекеге қабілеттілік тек жеке субъект немесе объект позициясынан ғана зерттелмейді, сонымен бірге бәсекелік қатынастарға түсетін өнім, кәсіпорын, сала, ұлттық экономика және елдің бәсекеге қабілеттілігі позициясынан талданады. Осы тұрғыдан бәсекеге қабілеттілік категориясының күрделілігін, жан-жақтылығын көруге болады.

Қазіргі уақытта өнім, кәсіпорын, сала, ұлттық экономика және елдің бәсекеге қабілеттілігі проблемаларының түрлі қолданбалы аспектілері зерттелген. Барлық әдебиеттерде бәсекеге қабілеттіліктің динамикалық факторлары мен арнайы белгілері басқару иерахиясының деңгейі, яғни тауар -кәсіпорын–сала–аймақ ұлттық экономика бойынша қарастырылатындығын атап өтуге болады. Осы тізбек бойынша «бәсекеге қабілеттілік» түсінігінің кейбір анықтамаларына тоқталып өтейік.

Бәсекеге қабілетті өнімді Ресей экономисті Р. Фатхудинов «нақты аймақта басқа ұқсас объектілермен салыстырғанда тұтынушының нақты қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін сипаттайтын объектілер жиынтығы» ретінде анықтайды [1].

Бәсекеге қабілетті тауарды өндіру кәсіпорын деңгейінде жүзеге асырылатындықтан, бәсекеге қабілеттілік ашық рынок жағдайында өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпорын деңгейінде біршама толық зерттелген деп тұжырым жасауға болады. Яғни, бәсекеге қабілетті кәсіпорын - өндірістік қызмет тиімділігі және тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі бойынша бәсекелес фирмалардан айрықша көрсететін салыстырмалы сипаттама болып табылады. Сонымен қатар, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін оның рыноктық экономика жағдайларына бейімделу динамикасы мен мүмкіндіктерімен сипатталады. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі өзгермелі мерзімде болса, онымен салыстырғанда кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілікке тұрақты болуы ұзақ уақыт бойы қалыптасуы мүмкін. Бұл басқа кәсіпорындардан артықшылық жағдайларға ие болуы үшін кемінде өнімді жаңартудың бір циклін өту талабымен байланысты.

Әлемдік нарықта бірде-бір ел өз экономикасының барлық салаларында бір уақытта бәсекеге қабілетті болу мүмкін еместігі дәлелденгеннен кейінгі уақыттарда экономикасы озық елдерде кластерлерді қалыптастыруға үлкен көңіл бөліне бастады. Осыған орай, нысаналы салалар төңірегінде кластерлерді жүйелі қалыптастыру қажеттігі туындаған. Оларды қалыптастырудың мотивтері: әлемдік шаруашылықтың ғаламдануы мен трансұлттануы, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекенің шиеленісуінен туындап отыр.

Кластер теориясының алғашқы іргесін қалаушы А. Маршалл. 19 ғасырда А. Маршал «Экономика принциптері» (1980) еңбегінде «жеке аймақтарда арнайы салалардың шоғырлануы» тарауын жазған, оның идеясына басқа да ғалымдар көңіл аударған.

Осы бағытта зерттеулерді жалғастырған М.Энрайт локалды, аймақтық шоғырланған артықшылықтарды өзара байланысты және өзара қызмет жасаушы кәсіпорындар желісімен, тығыз өзара қатынаста болатын және кооперациялану мен бір-бірімен бәсекеге түсу процесінен өздерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады деп қалыптасқан түсінікті ары қарай тереңдету жұмыстарымен шұғылданды. Ол аймақтардың экономикасының дамуының тарихи алғы шарттарына тоқтала келе, бизнесті жүргізудің түрлі мәдениетін талдап «аймақтық кластер» түсінігін енгізді. Басқаша айтқанда, «өнеркәсіптік кластер», шаруашылықтың бір-біріне жақын салалардағы фирмалардың географиялық агломерациясын білдіреді [2].

Қазіргі заманғы кластердің анықтамасы американдық экономист М.Портермен ұсынылған. Оның пікірінше кластер - нақты бір салада қызмет ететін және өзара бір-бірін толықтыратын географиялық көршілес орналасқан өзара байланысты компаниялар (жабдықтаушылар, өндірушілер және басқалары) және олармен байланысты ұйымдар (білім беру орындары, мемлекеттік басқару органдары, инфрақұрылымдық компаниялар) тобы [3]. Ол елдің бәсекеге қабілеттілігін жеке фирмалардың бәсекеге қабілеттілігімен емес, ішкі ресурстарды тиімді қолдануға бейімделетін әр түрлі салалардағы фирмаларды біріктіретін кластер арқылы қарастыру керек деген ойды тұжырымдайды. Әр түрлі фирмалардың бәсекеге қабілетін зерттей отырып, ол, жоғары бәсекелі фирмалар территорияда шашыраңқы орналаспай, нақты бір территорияда шоғырлану қасиетіне ие болатынына назар аударды. Яғни бір немесе бірнеше фирма әлемдік рынокта бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізгенде, жабдықтаушыларға, тұтынушыларға және бәсекелестерге өз ықпалын тигізеді және кластер негізін ғылыми-өндірістік кешен және аймақтық-өндірістік саясат қалыптастырады [3, 9-14б.].

Зерттеулер бойынша шетел авторларының еңбектерінде кластердің жиырмаға жуық анықтамасы берілген.

Кластер - әлемдік бәсекенің қатаң талаптарына төтеп беріп, өмір сүруін сақтап қалуға бейімделген қоғамды өзіндік ұйымдастыру әдістерінің бір түрі анықтамасын әлеуметтік тұрғыдан қарастыруға болады. Бұл сөз ғылымның медицина, психология, информатика, математика, физика және т.б. салаларында кездескенмен, оның мағынасы барлығына ортақ, ағылшын тілінен аударғанда «кластер» - жинақталу, топталу деген түсінікті береді [4]. Экономика саласында «кластер» - халықаралық еңбек бөлінісінде лидерлік позицияны алушы және экономикалық мамандануды көрсетуші, аймақ бойынша жақын орналасуынан қолайлы жағдайларға ие болатын өзара байланысты әр түрлі саладағы бәсекеге қабілетті компаниялар мен кәсіпорын топтары салалық, ұлттық, әлемдік рынокта бәсекелік позицияны қамтамасыз етеді. Осы анықтамадан кластердің мағынасы бір немесе өзара жақын аймақта орналасқан компаниялардың жиынтығын көрсетеді [5]. Біздің ойымызша, технологиялық тізбекпен байланған және салыстырмалы секторалды келісте көрінетін негізгі өндірушілер мен тұтынушылар, арнайы жабдықтаушылар жүйелерінің территориялық шоғырлану базасында қалыптасқан өндірістік кешен кластерді құрайды. Оның негізінде өндіріс шығындары азаяды, өндірісті «көшіріп, айнытпай жасау» жол берілмейді, кластерлік бірігудің мотивтері: жаңа технологияларды тарту мүмкіндігінің артуы, аймақтарды, аудандарды, облыстарды белсендету, импорт пен экспортты қолдау, мамандарды дайындау және олардың біліктілігін арттыру, ал мақсаты бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтер өндіру саналады.

Келесі анықтама АҚШ губернаторларының ұлттық ассоциациясының келтіруінше (National Governors Association, NGA), кластер «бір-бірімен нақтыланған қарым‑қатынаста компаниялардың географиялық шоғырлануынан (ресурстарды, қызметтерді және жабдықтаушыларды тартуға жеткілікті), бұл кәсіпорындардың өндірісті толықтыру немесе дайындау технологиясында және ресурстарды тұтынуда, өндірілетін өнімдерде ұқсастықтар болуын меңзейді. Сонымен бірге, Ұлыбританияда кластерді жоспарлауға арналған зерттеулер нәтижесіндегі көзқарас салалардағы арнайы жабдықтаушылардың, қызметтерді ұсынушылардың (оның ішінде зерттеу институттары) мүдделерінің жан-жақты өзара қиылысуымен компаниялардың географиялық топтасуына көңіл бөледі. Олардың зерттеуінде географиялық топтасқан компаниялар бір жағынан өзара бәсекелік, екінші жағынан ынтымақтастық қарым-қатынаста болатыны мазмұнды анықталған [6].

Кластердің өнеркәсіптегі мәнін сараптай келе, осы бағыттағы оның анықтамасы келесідей анықталған, яғни өнеркәсіптік кластер – бұл инновациялық құраушыларды жинауға қабілетті және нақты деңгейде бәсекеге қабілетті тұтынушылардың немесе ресурстардың жалпы нарығына бағытталған немесе технологиялық тізбекпен өзара байланысты ғылыми- өндірістік және қаржы компаниялары, бір шеңбердегі кәсіпорындар тобы [7].

Географиялық шоғырлану, кәсіпорындардың өзара байланысы аталған анықтамаларда жан-жақты қарастырылуы кластер теориясының қазіргі заманғы негізгі постулат ретінде қабылданатынын атап кеткеніміз жөн болар.

Кластердің құрылуы географиялық шоғырлану есебінен бәсекелік жағдайларға қол жеткізу мақсатында жүзеге асырылатына көз жеткенмен, қазақстандық ғалым А.А. Дюсембаевтың берген анықтамасында оның мәні шағын территориялық аумағына қарамастан, әлем бойынша лидерлік позицияны алатын жеке салалар шеңберіндегі кәсіпорындар тобының ең алдымен бәсекеге қабілетті болуымен қарастырылған [8].

Кластердің алғаш пайда болу аспектілері маршалдық теорияға негізделсе, қазіргі уақыттағы бұл түсінік Портер еңбектерінде терең зерттеліп, оның діңгегі ретінде «географиялық жақын орналасу» қалыптасқан.

Кейбір авторлардың пікірінше, кластер өзара тәуелді компаниялардың бір жерде шоғырлануынан пайда болады. Яғни бұл түсінік «бір тізбекте орналасу» фактор мәнін құрайды деп ойлаймыз.

Ал, шетел авторларының анықтамаларына қарайтын болсақ, кейбір авторлардың ойынша «географиялық жақын орналасу» мәні толық көрсетілмей, негізгі бағыт компаниялардың инновацияларға ұмтылуын, компаниялар арасында технологиялық байланыста болу, арнайы ұйымдардың локалды жинақталу мақсаттарын ұстанған.

Кластердің жалпы құрылымы күрделі болып келеді (сурет 1). Кластер кеңесі аймақтық басқаруды қамтиды және бизнес бойынша үкімет кеңесімен байланысқан. Кластер құрылымындағы бастысы – құн құруда инновацияның бүкіл тармаққа таралуы және сыртқы ортамен әрекеттесуде ортақ логистикалық терезе. Бұндай құрылым трансакциялық шығындарды минимизациялауға мүмкіндік береді.

Маркетинг  
Сыртқы ортаның ақпараттық ресурстары  
Сыртқы ресурстар мен контрагенттер  
Үкімет  
Жалпы жүйелік ішкі ақпаратық орта
Кластер кеңесі
Ақпараттық кеңестер
Технологиялар Жабдықтар
Арнайы қызметтер мен ресурстар. Білім беру
Ғылым
Инновациялар
Байланысқан салалар
Ішкі жабдықтаушылар
Соңғы тауарлар өндірісі
Тұтынушы ішкі сыртқы
Ортақ логистикалық терезе
Географиялық шекара  
Кластердің жалпы құрылымы




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 1192; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.045 сек.