Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мини - РУП дисциплины




Ж.

№ 1 кредит

1 – дәріс

1. ТАҚЫРЫБЫ: Балалар мен жасөспірімдер гигиена пәні. Мақсаты, міндеттері, зерттеу тәсілдері. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының даму тарихы. Өсіп келе жатқан организмнің өсуінің және дамуының негізгі заңдылықтары. Жас кезеңдері.

 

2. МАҚСАТЫ:

Студенттерді Балалар мен жасөспірімдер гигиена пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеу тәсілдері және даму тарихымен таныстыру.

3. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:

1. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының даму тарихы..

2. Мақсаты мен міндеттері.

3. Зерттеу тәсілдері.

4. Өсіп келе жатқан организмнің өсуінің және дамуының негізгі заңдылықтары.

5. Жас кезеңдері.

 

4. ИЛЮЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:

№1 слайд –Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының даму тарихы.

№2 слайд – Мақсаты мен міндеттері.

№3слайд - Зерттеу тәсілдері.

№4 - слайд Өсіп келе жатқан организмнің өсуінің және дамуының негізгі

заңдылықтары.

№5 - слайд Жас кезеңдері.

 

 

 

 

№1 слайд.

 

 

 

 
 
«Владимир Мономахтың балаларға үйретулерінде»

 

 


1869-1891жж
1761 ж. және ары қарай
ХУ11 ғасыр  
ХУ11 ғасыр  
ХУ-ХУ1 ғасыр  
Х1 ғасыр

                 
   
Н.П.Гундобин. «Мектеп гигиенасы» (1902), «Балалық шақ гигиенасы» (1903), «Балалық шақтың ерекшеліктері» (1906), «Мектеп гигиенасының қазіргі замандағы міндеттері»(1907).
 
   
 
   
1842-1915гг  
 
 
   
Ф.Ф. Эрисманның оқушысы – Г.В.Хлопин Мектеп оқушылары үшін санитарлық ережелер құрастырып, «Орта білім беретін оқу орындарындағы оқушылар арасындағы мектептік аурулар» деген еңбектерін жазды (1909).  
   
1863-1929жж
 
 
   

 


№2 слайд.

                     
   
 
     
 
 
     
 
 
   
 
 
 
   
     
 
   
 

 

 

 

             
     
 
 
   
   
 
 
   
   
 
 
 

 


№3 слайд.

 
 


1. Табиғи гигиеналық эксперимент тәсілі

Бұл әдіс балалар мен жасөспірімдер гигиенасында негізі болып табылады. Ол балалар ұжымында күнделікті өмірлік жағдайларда зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді, және зерттелетін факторлардың әртүрлі варианттары зерттеледі.

Бұл тәсіл балалар мекемелеріндегі күнделікті өмірдегі ағзамен зерттелетін факторлардың байланысын, оның бала ағзасына тигізетін әсерін анықтайды және оны сандық және сапалық түрде өзгертіп, кейін оны дұрыс мөлшерлеуге мүмкіндік береді.

2. Лабораториялық эксперимент тәсілі


Көбінесе табиғи гигиеналық эксперимент тәсіліне қосымша ретінде қолданылады.

3. Гигиеналық бақылау тәсілі

Нақты жағдайларда болатын қоршаған ортаны және ағзалар реакциясын зерттеуге мүмкіндік береді. Бірақ, оларға қандай да болмасын өзгертулерді қоспай. Бұл әдіс гигиеналық мөлшерлеу үшін жеткіліксіз.

4. Санитарлық- статистикалық тәсіл

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайларын зерттеуде қолданылады.

№4 слайд.

Өсіп келе жатқан ағзаның өсу мен дамуының негізгі заңдылықтары

Өсу және даму Бұл бір үрдістің бір-бірімен байланысқан және бір-біріне бағынған әдістер.

   
 
 
 

 

 


Өсу мен даму біркелкі жүрмейді

Организмнің өсуі және дамуы негізінде, сонымен қатар өмір сүру негізінде де зат және энергия алмасу процесі жатыр.

Ол екі фазадан тұрады – ассимиляция,

диссимяляция

Организмнің өсуі және дамуы энергия шығындалуымен жүреді және неғұрлым бала жас болса, соғұрлым энергия шығыны жоғарылайды.

Организмнің өсуі мен дамуына 3 ай жас аралығында 36 % энергия жұмсалады

6 ай жас аралығында 26 % энергия жұмсалады

9 ай жас аралығында 21 % энергия жұмсалады

Энергиялық алмастырудың ең қол жетерлік түрі, негізгі алмасудың өзгерістері болып табылады, организмнің энергетикалық шығындарының қосындысын көрсетеді.

Жаңа туған балада ми мөлшері, бүкіл дене мөлшерінің 12%, үлкен адамдарда 2% алады.

Жаңа туған баланың басы дене ұзындығының 1/4, үлкен адамдарда - 1/8 құрайды.

Өсе келе түрлі ағзаладың ролі негізгі алмасуда өзгереді.

Ересек адамдарда ми үлесіне негізгі алмасудың 24% келеді

Бауырдың үлесіне – 20%,

Жүректің үлесіне – 10,2%,

Қаңқалық бұлшық етке – 28%.

Бір жастағы балада ми үлесіне негізгі алмасудың 53%, қаңқалық бұлшық етке 8%.

Зат алмасуға әсер ететін экзогенді факторларға – қимыл-қозғалыс іс-әрекеті, таза ауада болу, тамақтану және т.б. жатады.

Энергия шығыны негізгі алмасудан:

   
 
 
 
 
 

 

 


Неғұрлым организм жас болса, соғұрлым өсу және даму үрдістері интенсивті жүреді:

 

 

 


Жүрек қан-тамыр жүйесінің көп функционалды ерекшеліктерін зерттеу арқылы жүрек дамуындағы бірнеше кезеңдерді бөліп шығаруға мүмкіндік береді:

     
 
 
 
 
 

 

 


Өсу мен даму үрдістері ағымында жыныстық өзгерістер байқалады.

Негізгі дене өлшемдері (бой ұзындығы, дене салмағы, кеуде шеңбері) қыз балаларға қарағанда ер балаларда туылған кезде (орташа алғанда) жоғарырақ болады.

 

Қыз балалардың пубертат алды кезеңі ерте 10-12 жасында басталады. Осыған байланысты 12-13 жасқа келгенінде бойы, дене салмағы, кеуде шеңбері ер балалардан басып озады. Осы көрсеткіштердің жастық қисықтарының қиылысы болады.

 

Ер балалардың жыныстық жетілуінің (13-14 жас) басталуынан, олардың бойы кенеттен жоғарылап, 14-15 жасқа қарай, олар қайтадан қыз балалардан озып шығады қисықтардың екінші қиылысуы пайда болады. Қисықтардың осындай қосарланған қиылысуы дұрыс дене бітімінің даму үрдісінің көрсеткіші болып табылады.

 

№5 слайд.

 

           
   
   
 
   
 

 

 


Мектеп жасы кезеңі

             
   
7-10 жас
 
бастауыш
   
 
 
 
 
орта
 
11-14 жас
   
 
 
 
жоғарғы
 
15-18 жас
   
 
 
 

 


Сәбилік кезең (3 жасқа дейін)

 

 
 
Сәбидің денесінің ұзындығы алғашқы жылы 23-25 см өседі. Екінші-үшінші жылы бой ұзындығының өсуі 8-10 см құрайды. Дене салмағы алғашқы жылы 6 кг, ал 2-3 жаста – 4-6 кг артады. Дененің әртүрлі бөліктерінің өсу қарқыны әртүрлі болып келеді. Жаңа туған нәрестенің басы дене ұзындығының 1/4 бөлігін құраса, 2-3 жастағы баланың басы дене ұзындығының 1/5 бөлігін құрайды. Омыртқаның сүйектенуі біртіндеп өтеді. Жаңа туған нәрестенің омыртқалар денесінде және өсінділерінде сүйектену нүктесін көруге болады. Олардың омыртқа жотасында физиологиялық иілуі болмайды. Жүректің соғу жиілігі біртіндеп төмендейді. Жаңа туғандарда ол 1 минутта 120-140 рет болса, 1 жаста - 110-120, 3-4 жаста – 100-110 рет. Жүректің соғу жиілігінің ритміне (ырғағына) тұрақсыздық тән. Жаңа туған нәрестенің дем алу жиілігі 1 минутта 40-60, 1 жаста – 30-35, 2-3 жаста – 25-30. Сәбилер жасындағы балалардың өкпе тіршілік сиымдылығы анықталмайды. Асқазан сиымдылығы 2 жасқа дейін 15 есе ұлғаяды (50-ден 740 мл дейін). Нәрестенің 6 айлығында сүт тістері шыға бастайды. 1 жасқа дейін олардың саны 8-ге жетеді, ал 2-2,5 жаста сүт тістерінің бәрі, 20-сы шығады. Бір жасар бала сөйлей бастайды, жылдың соңында 5-10 сөзге дейін айта алады, екі жасқа қарай баланың сөздік қоры 500-ге, одан да жоғарыға жетеді, 3 жасар баланың сөздік қоры 800-1000-ға дейін ұлғаяды.  

 


Мектеп жасына дейінгі кезең (3-7 жас)

 

 
 
Бой ұзындығының жылдық қосылымы орташа 5-8 см, дене салмағы – 1-2 см, кеуде шеңбері – 1-2 см құрайды. Омыртқаның түтікше сүйектеріннің эпифиз шеміршектері сүйектенеді. 7 жасқа қарай саусақ сүйектерінде (сүйекшенуі) ядросы пайда болады. Бұлшық ет дифференциясы, оның ішінде түзу тұру, жүруді қамтамасыз ететін бұлшықеттердің қарқынды өсіп дамуы байқалады. Жүрек тіндерінің өсу үрдісі мен дифференцировкасы баяу өтеді. Жүрек тіндерінің ағымы баяу өтеді. 7 жасқа қарай систолалық қан қысымы –100-110 с.б.б. 1 минутта тамыр соғу жиілігі 85-90 тең. 7 жасқа қарай өкпенің де талшықтарының қалыптасуы аяқталады. Тыныс алу жиілігі: 6-7 жаста 1 минутына - 22-24 рет. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы жас өскен сайын ұлғаяды. 4 жаста 1100 см3, ал 7 жаста 1300-1400 см3 құрайды. 5-6 жастан бастап сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістер пайда болады. Жүйке жүйесінің морфологиялық және функционалдық түрде дамуы жалғаса түседі. Шартты рефлекстік әрекеттер едәуір өзгереді. Ерте жасқа қарағанда шартты рефлекстер бұл кезеңде тез қалыптасады. Бұл жастағы балаларда қозу процессі тежелуден басым. Ішкі секреция бездерінің белсенділігі қатынасының өзгерістері мектепке дейінгі жаста байқалады. Қалқанша безінің және бүйрек үстінің қыртысты заттарының белсенділігі төмендейді. Бала ағзасындағы даму мен өсу үрдістерін қалқанша безімен бірге реттеуші гипофиздің (алдыңғы бөлігі) қызметінің күшейгені байқалады.  

 

 


Бастауыш сынып кезеңі (7-10 лет)

 

 

  Қыз балалар мен ер балалардың бой ұзындығы жыл сайын 4-5 см ұлғаяды, дене салмағы 2-3 кг және кеуде шеңбері - 1,5-2 см. Омыртқаның (денесі, өсінділері) қатаюы (сүйектенуі) жалғаса түседі. Саусақ сүйектерінде сүйектену процессі қарқынды өтеді. Бұл кезеңде қаңқа бұлшық ет талшықтарының диаметірінің өсуі жалғасып, миофибрилла сандары ұлғаяды. Бұлшық ет күші де жоғарылайды. Жүрек салмағының едәуір ұлғаюы байқалады. Систолалық қан қысымы с.б.б. 100-105 мм. Жүректің соғу жиілігі минутына 80-85 рет. Қалыптасқан өкпе тінініің өсуі жалғаса түседі. Дем алу жиілігі 20-22 ден 7 жаста 18-20-ға дейін 10 жаста қысқарады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 1300 – 1400см3-ден 7 жаста 1900 – 2000 см3–қа дейін 10 жаста ұлғаяды. Сүт тістері тұрақты тістерге толығымен ауысады. Жүйке жүйесінің функционалдық дамуы жалғаса түседі. 9-10 жаста ми қыртысының көлемінің ұлғаюы аяқталып осы уақытта мидың жалпы салмағы мөлшерімен 1300 г жететіні анықталған. 7-10 жасар балалардың көбінде көз рефракциясы эмметропиялық (мөлшерлес) бола бастайды. Есту мүшесінің даму деңгейі едәуірге жетіледі.. Көз қызметі жетіледі. Қалқанша безі мен гипофиз ішкі бездердің басымы болып табылады. Қалқанша безі 8-10 жаста жақсы дамиды. Одан кейін оның инволюциясы басталады және жыныс бездерінің қызметі күшейеді.

 

 

 
 
  5-6 жастан бастап сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістер пайда болады. Нерв жүйесінің морфологиялық және функционалдық түрде дамуы жалғаса түседі. Шартты рефлекстік әрекеттер едәуір өзгереді. Ерте жаста қарағанда шартты рефлекстер бұл кезеңде тез қалыптасады. Бұл жастағы балаларда қозу процессі тежелуден басым. Ішкі секреция бездерінің белсенділігі қатынасының өзгерістері мектепке дейінгі жаста байқалады. Қалқанша бездің және бүйрек үстінің қыртысты заттарының белсенділігі төмендейді. Бала ағзасындағы даму мен өсу үрдістерін қалқанша безімен бірге реттеуші гипотездің (алдыңғы бөлігі) қызметінің күшейгені байқалады.  

 

 


 

Орта сынып кезеңі (11-14 жас)

 

 
 
  Бұл кезең эндокриндік бездердің қызметінің жедел өзгеруімен, ағзалар мен жүйелердің функционалдық жағдайының өзгеруімен сипатталады және бұл жыныстық ер жетуге байланысты. Бой ұзындығының жылдық қосылымы 4-7,5 см, дене салмағы – 3-5 кг. Қыз балалдардың негізгі дене өлшемдері ер балаларға қарағанда жоғары болады. Омыртқаның қалыптасуы жалғаса береді, оның барлық бөліктерінің дамуы қарқынды өтеді. Омыртқаның иілімдері негізінен қалыптасқан, бірақ оның сүйектенуі әлі аяқталмаған. Қол саусақтарының сүйектенуі негізінен 12-13 жасқа дейін аяқталады. 12 жаста бұлшық еттің қалыңдап өсуі бұлшық ет талшықтарының пайда болуына байланысты. Осыған байланысты жалпы бұлшық ет салмағының, дене салмағының қатынасына қарағанда ұлғаяды. Систолалық қан қысымының жоғарылауы байқалады, орташа алғанда с.б,б.115-120 мм, диастолалық – с.б.б. 75 мм. Өкпенің тіршілік сыйымдылығының ұлғаюы байқалады, оның ішінде ер балаларда. 14 жасқа қарай ер балаларда 3200см3, қыз балаларда -2700см3. Эндокринді жүйе терең қайта құрыла бастайды, қалқанша безінің, бүйрек үстінің, гипофиздің артқы бөлігінің белсенділігі қайта күшейеді. Екіншілік жыныстық белгілері дами бастайды. Орталық жүйке жүйесімен оның қыртыс асты бөлігінің қозғыштығы жоғарылайды. Үлкен ми қыртысының тонусы мен ішкі тежелудің барлық түрі әлсірейді. Көбінесе қыз балаларда байқалады.  

 

 


Жоғарғы сынып (жасөспірім кезеңі)

(15-18 жас)

 
 
  Бұл кезеңде жыныстық жетілу аяқталады. Дене өлшемдерінің өсу қарқындылығы төмендейді. Қыз балаларда – бой ұзындығы мен дене салмағының төмендеуі 15-16 жаста байқалса, ер балаларда 17-18 жаста. 17-18 жаста ұзын түтік тәрізді сүйектердің өсуі мен сүйектенуі негізінен аяқталады. 15-16 жаста омыртқаның денесінің жоғарғы және төменгі денесінің қабырға мен төс сүйектерінің бітуі. 17-18 жаста Олардың толық сүйектенуі 20-25 жаста ғана аяқталады. Табан және қол сүйектерінің де қатаюы аяқталады.Бұлшық ет талшықтарының диаметірінің ұлғаюына байланысты бұлшық ет жүйесінің дамуында ары қарай жалғасады. 15-16 жастағы ер балалардың бұлшық ет күшінің жоғарылауы байқалады. Өсе келе, ер балалардың қыз балалар арасындағы бұлшық ет күшінің айырмашылығы айқын байқала бастайды. 15 жаста -8-10 кг, ал 18 жаста – 15-20 кг құрайды. 18 жасқа қарай жүрек қан-тамыр жүйесінің дамуының қалыптасуы да аяқталады. 15-16 жасқа қарай өкпенің тіршілік сыйымдылығының ұлғаюы едәуір байқалады, әсіресе ер балаларда. Эндокринді жүйелердің қайта құрылуы жалғасады, тек 17-18 жаста ғана ішкі секреция бездерінің белсенділік қатынасы ересектердікіндей болады. Ми құрылымының функционалды дамуы ағзаның жүйелі сипаттағы өмір қаблеттілігін қамтамасыз етеді.  

 


5. ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Неменко Б.А., Оспанова Г.К. «Гигиена детей и подростков», 2007, 342с.

2. В.Р.Кучма «Гигиена детей и подростков», 2004, 383с.

3. Б.А.Неменко, Г.К.Оспанова «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»,2002,342 б.

4. Учебник «Гигиена детей и подростков» под.ред. В.Н.Кардашенко., М.,М., 1988, 512с.

5. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков. Под.ред.В.Н.Кардашенко., М.,М.,-1983, 264с.

6. Гигиена детей и подростков. Под. ред. Г.Н.Сердюковской и А.Г.Сухарева., М., М.,-1986. 495 с.

7. Гигиена детей и подростков. Под. ред. Г.Н.Сердюковской М., М.,-1986.

8. Методические рекомендации по учету заболеваемости и анализу состояния здоровья детей и подростков организованных коллективов. Караганда.,-1990.

9. Здоровье и физическое воспитание детей и подростков. Сухарев А.Г., М., Медицина.-1991.

10. Здоровье и личность. Под.ред. Г.Н.Сердюковской.,М.-1990.

 

6. ҚОРЫТЫНДЫ СҰРАҚТАРЫ (кері байланысы):

1. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының пәні, мақсаты мен міндеттері.

2. Өсіп келе жатқан организмнің өсуінің және дамуының негізгі заңдылықтары.

 

Профиль подготовки (бакалавриат)– 43.03.03. Гостиничное дело. Очно

Факультет Туризм и гостеприимство Гр.: ГО -1401, 1402;ГО – 1403; ГО 1501-У

Вид учебной работы Всего часов Семестр
 
Аудиторные занятия (всего) (Не более 50% трудоемкости дисциплины)    
В том числе:    
Лекции (Л) (не более 40 % трудоемкости аудиторных занятий)    
Практические занятия (ПЗ) - -
Семинары (С)    
Лабораторные работы (ЛР) -  
Самостоятельная работа студентов (СРС) (всего)    
В том числе:    
Курсовая работа    
Расчетно-графические работы - -
Реферат - -
     
Вид промежуточной аттестации (указывается вид промежуточной аттестации (зачет, экзамен) (На экзамен предусматривается 36 часов (1 зач. ед.) в структуре трудоемкости дисциплины) КР Экзамен   КР Экзамен  
Общая трудоемкость136 час В зачетных единицах - 5    

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 1181; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.1 сек.