КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дополнительные продажи. 3 страница
Магнитуда 0 әлсіз жерсілкінулерден 8,8 өте күшті, апатты жер сілкінулерге дейін өзгереді. Квантты жер сілкінудің магнитудасы 8,2-ге тең Ашхабадтікі - 7,8, Гоби-Алтайдікі — 8,6, Ташкенттікі-5,3. 1971 ж. 10-мамырда Таразда болған жер сілкінудің магнитудасы М=5,7 шамасында екендігі анықталды. Жер бетіндегі жер сілкінудің күші ошақ облысындағы жер сілкінудің күші мен оның орналасу тереңдігіне байланысты. Эпицентрде Jо бұзылысты тереңдіктерде жер сілкіну ошағының орналасуы, магнитуда М мен жер сілкінудің қарқындылығынын арасындағы қатынасы келесідей эмпирикалық байланыстылықпен көрсетіледі. Магнитуданың 2 бірлікке жоғарылауында жер сілкінудің қарқындылығы 3 балға өседі.
Тау жыныстарының қалдықты деформациясы мен МSК-64 шкаласы бойынша жер беті мен жерасты сулары режимінің өзгеруінің сипаттамасы 28-кесте
Учаскенің жер сілкіну қарқындылығының инженерлік-геологиялық жағдайларын бағалау Жер сілкінудің күштерін бағалау сейсмикалық қауіпті ауданда құрылыс салу жағдайларын анықтауда маңызды тапсырма болып табылады. Күшті жер сілкінулер барлық жерде бола бермейді, тек нақты геологиялық жағдайларда ғана туындайды. Жоғары сейсмикалық белсенділік мынадай белдемдерде белгіленеді: 1) Қарқындылығы әр түрлі – тік қозғалыстарды сынаған және 2)Үлкен жылдамдықты – тік қозғалыстарды сынаған, яғни тік 3) Иілудің тектоникалық дамуы жалпы жоспарда көтеріліммен 4)Үлкен тереңдіктердегі беттік немесе болжамды жарылымдар Сейсмикалық тербелулердің таралуына мынадай аймақтық факторлар әсер етеді: 1)Сейсмикалық энергияны әр түрлі мүмкіншіліктермен сіңіретіндіктен, борпылдақ шөгінді жыныстардың 2)Тау жыныстарының жатыс жағдайлары; эпицентрден на- 3)Ірі тереңдікті белдемдер мен жарылымдардың жатыс жағ- Жер сілкінудің карқындылығына жергілікті инженерлік-геологиялық жағдайлар зор әсер етеді. Салыстырмалы түрде алғанда біртекті саздақтан тұратын учаскеде грунт суларының деңгейінің жатыс тереңдігіне байланысты балл өзгеруі болды. Малтатастардан тұратын учаскеде, саздақтан қарағанда 1 балға аз. Тау жыныстарының басты сипаттамалары оларды сейсмотұрақты бағалаудағы тығыздық, серпімді толқындардың таралу жылдыдамдығы мен сейсмикалық қаттылығы болып табылады. Алғашқы екі сипаттама түсіндіруді талап етпейді. Сейсмикалық қаттылық тау жыныстарында деформацияның пайда болуынан олардың кедергісін тудырады. Сейсмикалық қаттылық келесі формуламен анықталады: V V =V р Мұнда, VV — сейсмикалық қаттылық; — бойлық толқындардың таралу жылдамдығы; — тау жыныстардың тығыздағы. Тау жыныстарының тығыздығы мен бойлық сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығына сәйкес жоғарылығы, тау жыныстардың кедергісі деформацияның таралуына қарағанда жоғары. Бұл қатынаста борпылдақ, суға қаныққан, үйінді тау ж-ныстар сейсмо тұрақты емес болып табылады, оларда жер сілкіну үлкен қарқындылықпен байқалады. Кестеде С.В. Медведевтің пайымдауы бойынша қорытындылардың мәліметтері келтірілген. Құмтастардағы, саздақтардағы және ұсақ түйірлі құмдардағы жерасты сулары деңгейінің жату тереңдігіне байланысты сейсмикалық балдылығы жоғарылайды.
Жер сілкінгенде жер бетінде қорымдар, опырылым, сырғыма түрінде әр түрлі деформациялар пайда болады және тау жыныстарының тік және көлденең ауысу массаларында ашық жарықшақтардың пайда болуы бақыланады. Жер бетінде мұндай деформациялардың болуына тау жыныстардың физикалық күйі мен құрамы, тау жыныстарының суға қаныққан учаскелерінің геологиялық құрылысы ғана емес, сонымен бірге оның жер бедері әсер етеді. Таулы бедер, биік және тік беткейлер, әсіресе әр түрлі геологиялық құбылыстардың пайда болуы үшін қауіпті. Сейсмикалық аймақтарда орналасқан қөптеген қалалардың — Алматы, Бішкек; Ташкент, Душанбе, Ашхабад, Тбилиси, Ереван, Махачкала, Иркутск, Ялта және т.б. үшін сейсмикалық микроауданддық жекелеген карталары жасалған. Бұл қалалардың территориялары үшін жер сілкінудің қарқындылығының өзгеруі фондықпен салыстыру бойынша учаскелер үшін 0,5-0,1 құрады және жеке факторлар бойынша көлеміне қарамай 1 балға көтеріледі. Территорияның сейсмикалық микро аудандануы ауданның жалпы сейсмикалылығын нақтылаудан, қарқындылық пен магнитуда арасындағы байланысты белгілеуден, энергетикалық клас пен нақты геологиялық жағдайлардағы ошақтың тереңдігін анықтаудан, сейсмикалық белсендіктің картасын құрудан, жер сілкінудің эпицентрлері мен ошақтарынан басталады.
Территорияның инженерлік-геологиялық жағдайларының әсерін сипаттайтын сейсмикалық мәліметтер (С.В. Медведев бойынша) 29-кесте
Сейсмикалық микроаудандау — қандай да бір белгілі немесе басқа аумақтың сейсмикалығының нақтылануы және оның жеке учаскелері негізіндс инженерлік-геологиялық жағдайларында толық ескерілуі. Сейсмикалық микроаудандау арнайы нусқауларға СНиП II-7-81 сәйкес жүргізіледі. Бақылау сұрақтары 1. Физикалық және химиялық үгілудің айырмашылығы неде? 2. Жыныстардың үгілуінің жылдамдығы мен деңгейін қалай 3. Эолдық процестердің механизмі? 4. Эолдық процестерден қорғану шаралары? 5. Эрозиялық процестердің түрлері? 6. Тау жыныстарының сырғуы неден болады? 7. Сырғымақұрылымының элементтерін атап шығыңыз. 8. Сырғыма түрлері. 9. Сырғымаларға қарсы күресу шараларын сипаттаңыз. 10. Сел дегеніміз не?Селдік тасқындардың түрлері. 11. Селдік процестерді болжау үшін қандай факторлар есепке 12. Селдік тасқындардан қандай қорғану шаралары өткізіледі? 13. Г.С. Золоторевтің су қойманы қайта өңдеуді болжау әдісі. 14. Е.Г. Качугин әдісі қалай қорытындыланады? 15. Карстық процестер деп нені түсінеміз? 16. Карстық зоналардың дамуын сипаттаңыз. 17. Карстық процестің сандық бағасы. 18. Карстқа қарсы жүргізілетін шаралар. 19. Стастикалық-генетикалық жарықшақтықты зерттеу әдісін сипаттаңыз. 20. Кеңістікте жарықшақтарды бағдарлау қандай параметрлер- 21. Жарықшақтардың сипаты мен дәрежесі қандай пара- 22. Сейсмикалық толқындар түрлерін сипаттаңыз. 23. Жер сілкіну күшінің сандық бағасы. 24. Сейсмикалық қаттылық дегеніміз нс? 25. Сейсмикалық микро аудандау қалай жүргізіледі? 8-БӨЛІМ. ӘР ТҮРЛІ ҚҰРЫЛЫСТАР САЛУ ҮШІН ИНЖЕНЕРЛІК-ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР 8.1. Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстарға арналған инженерлік-геологиялық зерттеулер Жалпы түсініктер Құрылыс аудандарын таңдап алуда орындалатын инженерлік-геологиялық зерттеулер (іздестірудің бірінші сатысы) келесі жұмыстарды қамтиды: 1. Зерттеліп отырған аудан бойынша жергілікті құрылыстардың тәжірибелері жайлы қолда бар геологиялық, гидрогеологиялық және басқа да мәліметтерді жүйелендіру, талдау және жинақтау. 2. Инженерлік-геологиялық алдын ала барлау (рекогносцировка). Алдын ала барлау кезінде зерттеліп отырған аумақтың әрбір геоморфологиялық элементтерінен зертханалық зерттеулер үшін үлгі алынып, 1-2 барлау қазындылары жүргізіледі. Қазындының тереңдігі ғимарат типіне және инженерлік-геологиялық жағдайдың күрделілігіне байланысты. Ереже бойынша ол 20 метрден аспайды. 3. Ауданның гидрогеологиясы мен грунт суы деңгейі жайлы жалпы мәліметгер беру. 4. Мәліметтерді камералдық ендеу мен есепнама құрастыру, Таңдап алынған аудандағы инженерлік-геологиялық зерттеулер өнеркәсіптік өндірістің жоспарын құру және инженерлік-геологиялық мәліметтер алу мақсатында жүргізіледі. Ол келесі жұмыстардан тұрады: 1) инженерлік-геологиялық түсірім; 2) бұрғылау, тау-кен қазу және геофизикалық жұмыстар; 3) далалық тәжірибелік, инженерлік-геологиялық жұмыстар; 4) гидрогеологиялық жұмыстар; 5) зертханалық жұмыстар; 6) камералдық жұмыстар, есеп беруді құрастыру. Таңдап алынған ауданда 1:2000-1:10000 масштабта инженерлік-геологиялық түсірімдер жүргізіледі. Бұрғылау, тау-кен казу және геофизикалық жұмыстар келесі мақсатта орындалады: 1) тау жыныстарының қалыңдығын, құрамын, жатыс ерекшеліктерін анықтау; 2) грунт суының жатыс тереңдігін анықтау; 3) тау жыныстарынан және судан зерттеулер үшін үлгі алу; 4) далалық тәжірибелік, инженерлік-геологиялық жұмыстар мен гидрогеологиялық зерттеулерді жүргізу. Инженерлік-геологиялық жағдайдың күрделілігіне байланысты көрші қазындылардың арасындағы арақашықтықтары 30-дан 100-200 м аралығында өзгереді. Қазындыларды өту тәсілдерін және олардың диаметрлерін таңдау кезінде СНиПН-9-78 талаптары ескеріледі. Қазу кезінде грунттардан, сулардан үлгі алу МемСТ-12071-72 сәйкес жүргізіледі. Гидрогеологиялық зерттеулер (тәжірибелік жұмыстар және стационарлық бақылаулар) кезінде келесі параметрлер анықталады: 1. Тау жыныстарының сүзілу еселеуіштері (ұңғымалар мен шурфтерден су тарту, ұңғымаларга су айдау және т. б.); 2. Грунт сулары қозғалысының деңгейлері, бағыттары және жылдамдықтары, олардың жеміргіштігі мен коррозиялылығы; 3. Тау жыныстарының қыстағы қату тереңдіктері; 4. Жерасты сулары деңгейлерінің мерзімдік және жылдық ауытқу амплитудалары. Зертханалық зерттеулер тау жыныстарының құрамдарын, күйлерін, құрылыстық қасиеттерін және грунт суларының химиялық құрамдары мен коррозиялылығын анықтау мақсатында жүргізіледі. Камералдық өңдеу келесі жұмыстарды қамтиды: 1) далалық іздестірулер кезіндегі мәліметтерді қосымша өндеу; 2) далалық жұмыстар біткен соң зертханада суды, тау жыныстарын зерттеп, есеп беруді құрастырып мәліметтерді түпкілікті өңдеу. Тау жыныстарын есептеу сипаттамаларын анықтауда СНиП II-15-74 және құрылымдар мен ғимараттар негіздерін жобалау бойынша анықтамаға сәйкес жеке көрсеткіштік мәндерін статистикалык өңдеу жүргізіледі.
Инженерлік-геологиялық ерекшелектеріне баға беру Сейсмикалық аудандағы инженерлік-геологиялық зерттеулерсейсмикалылығы 7 балл және одан да жоғары ауданның сейсмикалылығын анықтауда, ерекше жайсыз сейсмикалық учаскелерде, сейсмикалык микроаудандау карталарын құрастыру мақсатында жүргізіледі. Ірі қалалардың құрылысында, жауапты объектілерде сейсмикалық микроаудандау СНиП П-А. 12-69 сәйкес жүргізіледі. Инженерлік-геологиялық зерттеулер нәтижесінде 1:5000-1:25000 масштабтағы сейсмикалық микроаудандау карталары құрастырылады, бұларда беріктігі әр түрлі сейсмикалык учаскелерді көрсетеді.
Батпақтардагы инженерлік-геологиялық зерттеулер Батпақ түбі рельефінің көрінуін және минералдың құрамдарын; батпақтың қалыптасу жағдайларын; жерасты суының жатыс тереңдігі мен құрамдарын, батпақты құрылымдардың физикалық қасиеттерін, олардың ботаникалық құрамдарын, шымтезектің жайылу дәрежелері және батпақты құрғату мүмкіндіктерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Карсты аудандарда геофизикалық әдістер арқылы жүргізілетін инженерлік-геологиялық зерттеулер Олар келесі жұмыстарды қамтиды: 1. Карсты процестерге аздап ұшыраған учаскелерді көрсету; 2.Ғимараттар мен құрылыстарға жердің жарамдылығын анықтау; 3.Карстың жасын, даму жағдайлары мен себептерін немесе қайталанған көрінісін анықтау; 4. Сол жерде тұрған ғимараттарға карстың әсерін және де соңғысының карстың келешектегі дамуына әсерін анықтау; 5. Пайдалануда карсталған учаскелерді дайындаудағы инженерлік іс-шараларды енгізу.
Сыргымалар дамыган аудандагы инженерлік-геологиялық зерттеулер Жекелеген учаскелердегі қазіргі және ежелгі беріктіліктің бұзылу себептерін көрсетеді, сырғыманың типтерін олардың микрорельефтерінің ерекшеліктерін, инженерлік ғимараттардың саны мен күйін, сырғыма пайда болуындағы жерасты суларының рөлін, жобаланған құрылыстарға байланысты ертеректе қолданылған сырғымаға қарсы шаралардың беріктілігінің бағалануын анықтайды. Көп жылдық тоң жыныстары (мұздықтар) дамыған аудандағы инженерлік-геологиялык зерттеулер СНиП 11 -18-76-ға сәйкес орындалады. Іздестірулер мүмкін болатын көлемде жүргізілелі: 1) жердің жобаланған ғимараттар мен кұрылыстарга жарам-дылығын анықтау; 2) тоңды жыныстардың физикалық-механикалық ерекшеліктерін көрсету: 3) негізгі тау жыныстарын пайдалануда конструктивтік шешімді таңдау; 4) көп жылдық тоң жыныстарындағы температуралық режимді тұрақтандыру іс-шараларын қамтамасыз ету; 5) тоңды грунттарда кұрылыс процесі кезінде және ғимараттар мен кұрылыстарды пайдалану барысында мүмкін болатын өзгерулерге болжам жасау.
Жасанды пайда болган жыныстар таралган аудандардагы (үйілген және шайылган) инженерлік-геологиялық зерттеулер Келесі параметрлер анықталуы қажет: 1) ұнтақтау тәсілі (шайылуы); 2) ұнтақтау ұзақтығы; 3) құрамдары және бітімдерінің біртекті еместігі; 4) аудан шегінде астында жататын жыныстардың беткі бедері; 5) үйілген және шайылған жыныстардың олардың ұнтақталу ұзақтығына байланысты деформациялану қасиеттерінің, ылғалдылықтарының, тығыздықтарының өзгеруі. Құрылыстар мен ғимараттар негізін инженерлік-геологиялық бағалау мен оларды пайлалануда ұсыныстар енгізу. Үйілген және шайылған тау жыныстарын оқып-үйренуде далалық инженерлік-геологиялық жұмыстар нәтижелерін, бірінші кезекте, динамикалык және статикалық зондтауды кеңінен пайдалану ұсынылады.
8.2 Автокөлік және теміржол құрылыстарына арналған инженерлік-геологиялық зерттеулер Жол құрылыстарында кездесетін күрделі жағдайлар: батпақты аймақтар мен шымтезектер, терең эрозияға ұшыраған қиғаштығы 10° беткейлер, қазіргі геологиялық процестердің дамуы, әлсіз беріктіктегі жарықшақты жыныстар жатысының тектоникалык бұзылулары, үгілу бөлшектері және т. б. Трассалар, жасанды ғимараттар (тоннельдер мен көпірлер), электрификация және байланыс кұрылымдары, станциялық кешендер, жолдар бойындағы өнеркәсіптік өндірістері мен тұрғындар елдімекендері, карьерлік шаруашылықтар және жаңа жолдар жобаларындағы барлық құрылыстар сатысын ұйымдастыру немесе жол ғимараттарын қайтадан жөндеу, жобаларды бекіту үшін инженерлік-геологиялык іздестірулер жүргізіледі. Ландшафты-индикациялық тәсіл негізінде түсірімдерді инженерлік-геологияға қатысты камералды талдайды. Сонымен қатар ауданның 1:25000-1:60000 масштабтағы инженерлік-геологиялық картасын құрастырады. Бұл қарапайым инженерлік-геологиялық жағдайларда жолдарды қайта жөндеуде жеткілікті. Аудан жақсы зерттелмегенде, ауданның жекелеген учаскелерін картада белгілеп қояды. Әрбір жекелеген учаскенің барьерлі және түйінделген киылысуларына косымша инженерлік-геологиялық профильді құру үшін 0-15 м терендікте 2-4 ұңғымалар қазылып, олардан сынама алынады. Таңдап алынған техникалық экономикалық бекітулер вариантындағы трассаларда 1:10000-1:5000 масштабтағы инженерлік-геологиялық түсірімдер, ал геологиялық процестердің белсенді байқалулары болатын күрделі жағдайларда 1:5000-1:25000 масштабта аңғардың барлық қимасын қамтитын түсірімдер орындалады. Қарапайым жағдайларда жеке жобаланатын ғимараттар мен жол құрылыстарының әрбір учаскелері грунт массивіне ғимараттың әсер ету сферасы терендігінде ұзынынан және көлденеңінен геологиялық қима кұрастыру, грунт және судан талдауға сынама алу 2-4 қазындымен өтеді. Егер ғимараттың ұзындығы 300 м-ден артық болса, онда қазындылар саны да өседі. Керісінше гимараттар тобы мен кешендері бір инженерлік-геологиялық учаске шегінде (геохронологиялык) орналасса, онда казындылар саны мен сынама алу қысқаша болуы мүмкін.
Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 752; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |