Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дополнительные продажи. 4 страница




Трассалардың көптеген учаскелері (қиғаш таулар, тар жағалаулар, батпақтар т.б.) көлік қатынасына өте ауыр. Сондықтан жол құрылыстарында өздігінен жүретін шынжыр табанды немесе автокөліктерде орналасқан бұрғылау қондырғыларын пайдаланады. Олар УГБ-50 м, СБУДМ-150-ЗИВ, УРБ-2А-2 және т.б., бұл кондырғылардың бөлшектерін қолмен тасып жеткізеді.

Грунттың беріктігі мен деформациялығына байланысты зерттеулерді жалпы қабылданған әдіс бойынша зертханаларда жүргізеді.

Жол салудағы инженерлік-геологиялық іздестірулер мен зерттеулердің негізгі нәтижелі құжаты болып жеке-жеке талданған фотомәліметтер, әр түрлі масштабтағы карталар, қазындылар бағанасы, ұзына бойымен және көлденең инженерлік-геологиялық профильдер, блок-диаграмма, қүрылыс материалдары мен грунттардың жер ғимараттарын салу үшін кен орнының құжаттары және т. б. саналады. Сонымен қатар, грунттардың беріктігіне, деформациялығына, су өткізгіштігіне, көлемдік салмағына, реологиялық, жылу физикалық қасиеттеріне және т.б. толық мәндерді алады. Жолдың кешенді жобасына, жекелеген бөлімдеріне инженерлік-геологиялық түсіндірме береді.

 

8.3. Құбырлы өткізгіштер құрылысындағы инженерлік-геологиялық зерттеулер

Құбырлы өткізгіштердің (су құбыры, мұнай құбыры, газ құбыры және т. б.) негізгі меншікті салмағы өте аз, ол 24104 Па-дан аспайды, бірақ оларға құбырлардың бір-бірімен жалғасатын жерлерінде осьтік орын ауыстырулар келтіретін механикалық және температуралық деформациялардың жоғары сезімталдығы тән.

Құбырлы өткізгіштер мен соларға байланысты құрылыстарға (сорапты, бақылау және компрессор станциялары, суға арын бергіш мұнаралар, резервуарлар және т.б.) инженерлік геологиялық зерттеулердің мазмұны мен қүрамы МемСТ 11-9-78, МемСТ11-45-75 (магистральды құбырлар), МемСТ 11-28-73, МемСТ 9.015-74 (кұрылыс конструкцияларын коррозиядан сақтау) талаптарына сэйкес анықталады.

Құбырлы өткізгіштерді инженерлік-геологиялық зерттеу әдетте екі сатыда жүргізіледі. Біріншісі, трассаның қолойлы вариантын тандауга негізделу мақсатында; екіншісі —трассаның таңдап алынған вариантында жеке жобалау учаскелерін түсіру (сырғыма беткейлер, ысырынды конусы, шашыранды ұсақ жыныстар дамыған учаскелер және т. б.).

Бірінші сатыда, жұмыс істеу кезінде, жұмыс ауданы бойынша аэрофотоматериалдар пайдаланылады. 300 м ендікте трасса сызығының жер беттік немесе аэровизуалды инженерлік-геологиялық тексерулері жүргізіледі. Қазындылардың орны, саны, тереңдіктері трасса сызығының инженерлік-геологиялық жағдайларының күрделілігін оқып-үйренумен анықталады. Қарапайым инженерлік-геологиялық жағдайда 3-5 м тереңдікте, трассаның 8-10 км аралығында бір қазынды немесе әрбір бөлінген инженерлік-геологиялық учаскеде 1-2 қазынды қазылады. Трассаның сызығы бойымен инженерлік-геологиялық жағдайы жайлы қорытындыда (есеп беру) құбыр өткізгіштерінің салыстырмалы варианттарының инженерлік-геологиялық сипаттамалары келтіріліп, ең жарамды варианты таңдап алынады. Есеп беруге мыналар кіреді:

- ауданды қамтитын топографиялық карта;

- трассаны инженерлік-геологиялық аудандаудың схемалық картасы, трассаның барлық варианттарының схемалық геологиялық-литологиялық қимасы;

- грунттар мен сулар касиеттерінің зертханалық зерттеулерінің нәтижесі.

Инженерлік-геологиялық іздеулерге кіретіндері: трасса бойымен және ғимараттардың санына барлау қазындыларын қазу; жеке жобаланатын учаскелерге қосымша зерттеулер; грунтты зертханада зерттеу.

Трасса бойымен бақылау қазындыларының саны жергілікті жағдайға байланысты қабылданады. Қарапайым жағдайларда трассаның әрбір 200-500 м жерлеріне бір қазынды қазылады. Қазындылар тереңдігі құбырлардың қойылу белгісінен 1-2 м терең болуы қажет.

Зертханалық зерттеулер грунт қасиеттерінің тура және классификациялық көрсеткіштері мен грунт суының агрессивті дәрежесін анықтау максатында жүргізіледі. Күрделі инженерлік-геологиялық жағдайлы аудандарда МемСТ 11-А 13-69 талабына сәйкес қосымша арнайы зерттеулер жүргізу кажет.

1:25000-1:50000 масштабта инженерлік-геологиялық түсірімдер жүргізу процесінде сырғымалы аудандардың әр түрлі қауіп-қатердегі беткейлі учаскелерін көрсетіп, беткейдің беріктігін қамтамасыз ететін іс-шараларды анықтайды. Зерттеулер құрамына мыналар кіреді:

- сырғыма денелерін оқып-үйрену;

- жыныстар қасиеті мен жерасты сулары режимін оқып-үйрену;

- беткейдің беріктілігін есептеу.

Қазындылар тереңдігі сырғыма денесінің қалыңдығына байланысты белгіленеді. Карсты аудандарда инженерлік-геологиялық түсірімдер жүргізілуі барысында карстың морфологиясы мен жасын зертгейді. Отырулар немесе құлаулардың болу мүмкіндіктерін анықтайды; құрылыстардың қауіпсіздігіне қандай іс-шаралар қолдану керектігін анықтайды.

Трасса бойымен барлау қазындыларын ереже бойынша 300-500м орналастырады, терендігі карстың таралу терендігі бойынша анықталады. Барлық нәтижелер негізінде әр түрлі дәрежедегі карстанған трассалар учаскелерінқоршап сызып қояды, олар:

а) құрылыс салуға рұқсат етілмейді;

б) арнайы іс-шараларды жүргізбей-ақ құрылысқа рұқсат етіледі;

в) арнайы іс-шаралардан соң құрылысқа рұқсат етіледі.

Көп жылдық тоңдар дамыған аудандарда арнайы тоңды-грунтты зерттеулер жүргізіледі. Трасса бойынша бақылау қазындыларын әрбір 300 м орналастырады. Отыратын, шөгетін аудандарда арнайы тоңды-грунт жағдайының типін, шөгетін грунттардың қалыңдығын анықтайды, оларды окып-үйрену терендігі 10-15 м-ден аспауы керек.

Теңіз, көл, су қоймасы жағалауларында құбырлы трассаларды жобалауда 1:25000 масштабтағы инженерлік-геологиялық түсірім барысында жағалауларды қайта жөндеу процестерін жүргізеді; қазіргі геологиялық процестердің белсенді белдемдерін анықтап және жолдарды сақтау іс-шараларын жасайды. Трассалар бойымен казындылар әрбір 300 м қазылады.

Таулы аудандарда қазіргі геологиялық процестерді зертеуге ерекше көңіл бөлінуі қажет; сел, сырғыма, қүлаулармен қар таскынының мүмкін деген шектерін сызықпен көрсетеді. Мұндағы инженерлік-геологиялық түсірім масштабы 1:50000 кем болмауы керек. Батпақты аймақтарда батпақтың пайда болу жағдайларын, оның типін, геологиялық құрылымын, түбінің бедері мен құрамын, грунт суының жатыс жағдайын, балшықтың қоректену сипаттарын, грунт суының химиялық құрамы мен батпақты құрылымдардың физикалық қасиеттерін, олардың ботаникалык құрамдарын және т.б. зерттейді. Қазындылар әрбір 200-300 метрде 2 м терендікте орналастырылалы.

 

8.4. Электр желілері құрылысындағы инженерлік-геологиялық зерттеулер

Бағаналарға тартылатын электр желілеріне берілімдерді инженерлік-геологиялық зерттеулер бір немесе екі сатыда жүргізіледі. Елді мекендерді электрмен қамтамасыз етуде кернеулігі 3-20 кВ және 35-500 кВ бір сатылы зерттеулер жүргізіледі, олардың құрылыстық құны қабылданған лимиттен аспайды. Қалған электр желілерін зертеу екі сатыда жүргізіледі. Электрлік берілімдерді инженерлік-геологиялық зерттеулер СНиП 11-9-78 жалпы ережелеріне сәйкес қабылданады.

Екі сатылы жобалауда зерттеудің бірінші сатысында зерттеулер үш кезеңде орындалады:

1) бірінші кезең бағанамен тартылатын электр желілерінің трассасын жөндеу;

2) екінші кезең тіреулердің орналасуын жобалау және трасса учаскесіне карапайым инженерлік-геологиялық катынаста іргетастар конструкциясын анықтау;

3) үшінші кезең қималарды күрделі және қолайсыз инженерлік-геологиялық қатынаста және сулы жерлерден өтуде тіреулерде жобалау.

Бірінші кезеңде зерттеу ауданының фондылық және архивтегі мәліметтері мен әдебиеттерді жинақтап танысу жүргізіледі. Осы негізде ауданның картасына камералдық өңдеу барысында трассаның жол жобасы түседі. Визуалды инженерлік-геологиялық алдын ала барлау кезеңінің жұмысы аяқталады.

Маршруттық инженерлік-геологиялық түсірім екінші кезеңдегі негізгі жұмыс болып саналалы. Мұнда трассаның осінен 300 м ендікте трассаның екі жағы да түсіріледі. Барлау қазындыларының терендігі жобаланатын тіреуіштің жердің астындағы бөлігінің конструкциясы инженерлік-геологиялық жағдайға байланысты белгіленелі.

Қадалы іргетастар үшін қазындылар каданың ұшынан аралық тіреулерде 3 м төмен болуы керек, анкерлі тіреулерде 4 м кем болмауы керек. Бұрандалы қадалар үшін қазындылар терендігі аралық тіреулерде 5 м және анкерлік тіреулерде 7 м -ден кем болмауы керек. Әлсіз грунттар дамыған учаскелерде (шымтезек, ағатын консистенциялы грунттар және т.б.) қазындылар 2 м -ге тереңдейді. Қазу барысында грунттан үлгі алынып зертханада олардың физика-механикалық көрсеткіштері және жерасты суының химиялық кұрамы анықталады.

Үшінші кезеңде 1 км трасса бойына косымша 2 қазындыдан қазылады. Қазындылардың біраз бөлігі зондтайтын ұңғымалармен алмастырылуы мүмкін.

Күрделі қималарды зерттеуде статикалық зондтау қадалы іргетастардың әрбір тіреулері шегінде жүргізіледі. Қазындылардың тереңдігі әрбір кедергілерден өту барысында инженерлік-геологиялық жағдайларға байланысты іргетастардың қойылу терендігі мен конструкцияларын ескере отырып анықталады. Бір сатылы инженерлік-геологиялық зерттеулерге (кернеулігі 35 кв және жоғары болганда) екі сатылы жобалау кезіндегі орындалатын жұмыстардың барлық түрлері кіреді.

Инженерлік-геологиялық жағдайы күрделі аудандарда, яғни карсты, сейсмикалық, сырғымалы процестерде, сазды батпақты; көп жылдық тондар дамыған аудандарда арнайы бағдарламамен косымша зерттеулер жүргізіледі.

Зерттеулер барысында қолайсыз физика-геологиялық жагдайларға ерекше көңіл бөлініп, зерттеліп отырған аймақтың құрылысқа жарамдылығы анықталады, сонымен катар осы жағдайларды шектеуге ұсыныстар енгізіледі.

 

8.5. Әуежай құрылыстарына инженерлік-геологиялық зерттеулер

Әуежай әуе көліктерінің ұшуын, қонуын, сақталуын және қызмет етуін қамтамасыз етуге негізделген. Оның құрамына бір немесе бірнеше ұшу жолдары, перрон, бұрылу жолдары, тұратын орны және арнайы бекітілген алаңдар кіреді.

Әуежай құрамына жолаушыларға, жүктерге, техникалык жабдықтауларға және т.б. арналған ғимараттар мен құрылыстар да кіреді. Аэродром құрылысына алаң таңдап алу шағын көлемдегі инженерлік-геологиялық жұмыстармен жалғасады. Оның ішіне кіретіндері геологиялық, гидрогеологиялық және баска да мәліметтерді талдау және жинақтау, аэродром орналасуының мүмкін болатын нұсқасына алдын ала барлау (рекогносцировка), сонымен бірге балама нұсқасын жекелеген қазындылармен көрсету. Таңдап алынған нұсқада инженерлік-геологиялық зерттеулер екі сатыда жүргізіледі: техникалык жобалау және жұмыс сызбалары.

Қарапайым табиғи жағдайда күрделі емес нысандарда зерттеулер бір сатыда жүргізіледі: (техникалық жұмыс жобасы). Зерттеулер далалық дайындық және камералды кезеңдерден тұрады.

Техникалық жоба бойынша зерттеулер табиғи жағдайларды кешендік окып үйрену мақсатында жүргізіледі. Дайындық кезеңінде мұражайлық, әдебиеттік мәліметтер негізінде таңдап алынған алаңның техникалық міндеттерін зерттеудің бағдарламасы құрылады.

Далалық кезеңде инженерлік-геологиялық, өсімдіктік, геоботаникалық тексерулер жүргізіліп, барлау қазындыларын қазу мен олардан сынама алу, статикалық, динамикалық зондтау және т.б. жұмыстар орындалады. Тексерулер кезінде жыралар санына, олардың шайылуына, бекіту әдістеріне ерекше көңіл бөлінеді. Тексерулер мен зерттеу нәтижелері инженерлік-геологиялық картаға (литологиялық) түсіріледі. Ұшу, қону алаңдарына барлау қазындылары, шахматтық тәртіппен жабын шетінен 5-10 м аралықта келтіріледі, қазындылардың бір-бірінен аракашықтықтары 200 м болуы керек. Барлау қазындыларының тегіс бедердегі тереңдігі 3-5 м, қазындылардың біраз бөлігі 8-10 м тереңдікте қазылады. Көліктердің тұратын орны перрон алаңдарының соңы мен жанындағы барлау казындылары 2 га 1 қазындыдан келеді. Күрделі жағдайларда казындылар саны өседі. Топырақтар қабаттарының анық және жете бөлінуін камтамасыз етуде қазындылардың 30%-ын тік қазбалар құрайды.

Топырақтар мен грунттардың физика-механикалық қасиеттерін анықтау мақсатында олардан сынама алу жүргізіледі. Техникалық қазындылар саны жалпы қазылған ұңғылар мен тік қазбалардың шамамен 20% -ын құрайды. 3 м терендікке дейінгі грунттар мен төменде жатқан қат-қабаттардың "әлсіз" қабаттарынан сынама алу жете орындалады. Грунттар сынамасының саны есептеу көрсеткіштерін табуға жеткілікті болуы керек.

Грунттардың жатыс жағдайлары мен олардың табиғи жағдайдағы күйлерін сипаттауда динамикалық және статикалық зондтау қолданылады. Жобаланатын құрылысты карьердегі кұрылыс материалдарымен қамтамасыз етуде кезектегі құрылыс ұйымдарымен келіссөз жүргізіледі.

Құрылысты грунт қорымен камтамасыз етуде алаңды таңдап алу және карьерде 80×50-100×100 м торлар бойынша барлау қазындылары қойылады. 5000-7000 м 3 грунттан бір сынамадан алынады. Камеральды кезеңде, далалық және зертханалық зерттеулердің мэліметтері өнделеді және әуежай кұрылысына арналған инженерлік-геологиялық зерттеулердің есебі құрастырылалы. Топырақтың, ботаникалық және гидрогеологиялық және тексерулердің литологиялық профильдері, барлау қазындыларының кұбыры, зондтау сызбасы мен зертханалық жұмыстар нәтижелерінің мәндері инженерлік-геологиялық картасымен есеп беруге кіреді.

Әуежайдың болатын жерін зерттеуде грунттар номенклатурасы СН-120-70 (әуежай жабындарын жобалауға нұсқау) сәйкес кабылданады. Камеральды кезенде инженерлік-геологиялық зерттеу жайлы есеп беру құрастырылады. Ерекше табиғи жағдайларда зерттеулерге қосымша жұмыстар жүргізіледі.

Сары топырақты грунттар тараған аудандарда шөгетін грунттардың қалыңдығы, ылғалдандыру, өндірістік кысым және қосымша күш түсірудегі салыстырмалы отырудың өлшемдері және сонымен катар бастапқы отырудағы қысым өлшемдері анықталады. Картада отыратын грунттардың шекаралары түсіріледі.

Батпақты және шымтезектелген аудандарда батпақтың суға қоректену кезі мен түрі, шымтезектің қалыңдығы, жайылу дәрежесі, тығыздығы, минералдың негізінің сипаты анықталады.

Шымтезектелген алаңдарда 40×40 м торлы зондтау жүргізіледі. Шымтезектің қалыңдық картасы құрастырылады және құрғату, суларды басқа жаққа аударып жіберуге ұсыныстар беріледі. Тұзды грунттар дамыған аудандарда тұзданудың түрі, дәрежесі, грунтағы су қозғалысының сипаты және тұздың жиналуы анықталады. Тік қазбалар саны, олардың орналасу жиіліктері өседі. Тік қазбалардан әрбір 1,5 -2,0 м терендікке дейін және әрі қарай грунт суының деңгейіне дейін 0,5 м аралықта сулы және тұзды қышқылдың қасиеттеріне сынама алынады. Картаға тұзды грунттардың таралу шекаралары түсіріледі. Осы грунтгарды құрылыста пайдалануға ұсыныстар беріледі. Көп жылдық тоң грунттар таралған аудандарда инженерлік-геологиялық зерттеулер мыналарды қамтамасыз етуі керек:

1) негіз грунттарын пайдалану принциптерін шешу (қатты күйде немесе мерзімдік еруі);

2) конструкция түрін таңдау және олардың есептері;

3) әуежай ғимараттарының температуралық-ылғалдық жағдайын болжау мен бекіту. Барлау қазындылары жарма бойынша бір-бірінен 200 м арақашықтықта орналасады. Әрбір жармада кемінде үш қазындыдан қазылады. Тоң қабаттарындағы жерасты мудцарын жиектеу жүргізіледі. Барлық іздеу және жобалау мерзіміне тондық түсірім мен термикалық бақылаулар өткізіледі, кемінде 10 м тереңдікте үш термикалық ұңгы қойылады.

 

8.6. Тоннель және жерасты ғимараттарының басқа да түрлерінің құрылысына инженерлік-геологиялық зерттеулер

Жерасты ғимараттарын салу мен пайдалануда тиімді жобаға мүмкіндік беретін жерасты құрылыстарына инженерлік-геологиялық зерттеулерді бекіту міндеттері болып ауданның инженерлік-геологиялық жағдайын кешенді оқып- үйрену жатады:

1. Тоннельдің жағдайын жоспар мен профильде таңдау;

2. Жербеттік ғимараттардың кауіпсіздігін қамтамасыз ететін тау жыныстарын жүргізу тәсілдерін бекіту;

3. Уақытша және тұрақты бекіту конструкцияларын дұрыс таңдау;

4. Жерасты суының және топырақтың жемірілігіштік әсерінен корғанудағы іс-әрекеттерді өңдеу;

5. Сумен қамтамасыз ету мен желдетілу мәселелерінн шешу және тағы басқа инженерлік-геологиялық зерттеулер нәтижелері негіз болып саналады.

Инженерлік-геологиялық зерттеулер нәтижесінде мынадай мәселелер анықталуы керек:

1. Жалпы (климаттық жағдайлары, географиялық жағдайлары; орфографиясы мен гидрографиясы) құрылыс материалдарының мөлшерлері анықталады.

Жерасты ғимараттарын қазып өту барысында пайда болатын инженерлік-геологиялық процестер

30-кесте

 

 

 

 

Жұмыс әдістері Берілген жұмыс тәсіліне арналган жалпы процестер Забойда ашылган тау-жыныс тар түрі Мүмкін болатын қосымша процестер
       
Қазып өтудің арнайы әдістерін қолданбау арқылы Массивтегі кернеудің өзгеруі: жерастылық үгілуі; тау қысымы, тау жыныстарының жылжуы, жер бетінің шөгуі Жартасты және жартылай жартасты Жарықшақтылықтың артуы, жекелеген койтастардың құлауы, депрессиялық шұңқыр белдеміндегі жыныстардың гидро-статикалық сығылуы, суффозия тау жыныстарының сілтіленуі, жерасты суы немесе газдың бұзып өтуі, және т. б.
Сазды Ылғалдануы, беріктілігінің кемуі, кебуі, беріктілігінің кемуі немесе артуы, жарылуы, қабаттардың иілімі, тау жыныстарының кебуі және құлауы.
Ылгалды кұмды Құмды сулы Дірілмен тығыздалуы немесе борпылдауы, шашылуы. Гидродинамикалық қысым, суффозия-қорыстың (плывун) бұзып өтуі мен қалқып жүруі. Жер бетінің қосымша шөгіп отыруы
Жасанды қатыру әдістерін қолдану арқылы     Қатыру барысында: температура төмен-дейді, мұз қалыпта-сады, беріктілігі артады, су өткізгіштік кемиді, жаңа құ-рылымдар қалыптасады Жартасты және жартылай жартасты Қатыру барысында: су құйылудың азаюы немесе мүлде құрып кетуі, жарықшақтануы. Еру барысында: борпылдануы, су өткізгіштігі артады.
Қазу барысында: массивтегі кернеудің тау қысымының өзге-руі, жер бетінің жылжуы. Еру барысында: темпе-ратура артады, қатты күйден (мұз) сұйық күйге ауысуы Сазды   Қатыру барысында: ылғалдықтың миграциялануы және тұздардың диффузиялануы, жер бетінің көтерілуі болады. Еру барысында: беріктіліктің азаюы мен су өткізгіштіктің артуы, тау жыныстарының қосымша жылжуы жер бетіне шөгіп отыруы
Құмды сулы   Еру барысында: тау жыныстары жылжуы мен жер бетіне шөгуінің бастапқы қасиеттері қал- пына келеді.  
Сығылған ауаны қолдану арқылы   Забой белдеміндегі жыныстардың құрғап, кебуі, массивтегі кернеу мен тау қысымдарының өзгеруі жер бетінің шөгіп отыруы   Жартасты және жартылай жартасты   Қабаттық қысымның артуы, жерасты сулары деңгейінің көтерілуі, су құйылудың келуі немесе мүлде тоқтап қалуы  
Сазды   Забой белдеміндегі жыныстардың ылғадылықтарының кемуі, жыныстардың әлсіз жарылуынан болған жарықшақтардың кеңейіп, үлкеюі  
Құмды сулы   Қабатгық қысымның артуы, грунт сулары деңгейінің көтерілуі, қабатты газды-сұйық қосындылардың қалыптасуы. жыныстардың тығыздалуы, жер бетінің көтерілуі  
Суды жасанды төменде- ту   Жерасты суы деңгейін төмендету, гидродинамикалық қысымды арттыру, депрессиялык шұңқыр белдемінде сазды және құмды жыныстардың тығыз-далуы   Жартасты және жартылай жартасты   Карсты қуыстар меп жарықшақтарды толтырғыштардың айналуы  
Құмды   Жер бетініц қосымша отыруы| мен суффозия  

 

2. Геологиялық құрылымы (геоморфология, стратиграфия, литология, тектоника).

3. Құрылыстың гидрогеологиялық жағдайлары (тау жыныстары белдеміндегі сулы қат-қабаттардың кұрамдары мен мөлшері) суға кедергі қабаттардың саны; жерасты суларының қозғалыстары мен бағыттары; қазындыларға құйылатын судың күтілуі; депрессия шұңқырының өлшемі және жерасты құрылыстары жүретін аудандарда арынды ұңғылар мен құдықтарды пайдалану режимдеріне су құйылудың әсері; температура, жерасты суының химиялық және бактериологиялық құрамдары мен олардың ғимараттарды өндеу материалдарына жеміргіштік дәрежесі).

4. Сумен қамтамасыз етуде жерасты суларын пайдалану мүмкіндіктері.

5. Инженерлік-геологиялық жағдайлары (тау жыныстары қатпарының жалпы беріктігі; физика-геологиялық процестер саны мен олардың белсенділік дәрежесі; бөлшектенген жыныстар мен берік емес белдемдердегі тектоникалық бұзылымдар саны; ауданның сейсмикалығы; массивтегі грунттардың физика-механикалык касиеттері; жарықшақтылықтың сипатталуы; тау жыныстарының химика-минералдық құрамы және оның жөндеу материалдарына әсері т. б.).

Инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізуде мынадай жайттарға аса көңіл бөлінуі керек:

1) массивтегі әлсіздену белдемі (ірі тектоникалық бұзылымдар, иілімді саздар қабаты, суға қаныққан құмды-сазды шөгінділер қабаты);

2) жоғары гидростатикалық арынды және сүзілу қасиеттері жоғары грунттар белдемі;

3) конструкция материалдарына жерасты суы мен грунттардың жоғары дәрежелі жеміргіштігі;

4) адамдар денсаулығына әсер ететін зиянды, жарылыс қаупі бар орта (жоғары температура, газдылық, радиоактивтілік және т. б.)-




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 817; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.