Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дополнительные продажи. 5 страница




Жерасты құрылыстарына арналған инженерлік-геологиялық есеп беруде қолайсыз инженерлік-геологиялық процестердің пайда болу мүмкіндіктерінің болжамы болуы керек.

Жерасты ғимараттарының құрылыстары кезінде (забойдың құжаттануы, су құйылудың өлшемдері, жыныстың беріктілігіне болжам және т.б.) тау қазындыларында инженерлік-геологиялык жұмыстар жүргізілуі керек.

Бұл жұмыстар тау жыныстарында және жобадағы конструкциялар мен тау жұмыстарының қабылданган әдістерін өзгертуді талап ететін әсер етуші негіз болып табылады.

Инженерлік-геологиялық факторлар жайлы қосымша мәліметтерді алу және зерттеу нәтижелерінің фактілік мәндерінің сәйкестігін анықтау максатында жургізіледі.

Жерасты құрылыстарын жобалау үшін инженерлік-геологиялық ізденістерді екі кезеңде жүргізеді: жоба алдында және нақты жобалау.

І. Жоба алдындағы кезеңге жобаны техникалық-экономикалық негіздеулер жатады. Ізденістердің жоба алындағы сатысында жерасты құрылысын салатын орынның түрлі варианттарын қарастырады. Бұл кезеңде ізденістер өнеркәсіп кешендерін, гидротораптар, каналдарды, туннельдерді, метрополитендерді және т. б. камтитын ірі аймақтарда жүргізіледі. Ізденіс жұмыстары өндірісінің бұл кезеңде инженерлік-геологиялық түсірулерді 1:25000... 1.50000 және одан да кіші масштабтарда орындайды. Түсірулердің мақсаты осы масштабтарға сәйкес табиғат жағдайларын көрсету болып табылады.

Инженерлік-геологиялық түсірулер геофизикалық зерттеулермен жалғасады, оның әдістері жердің геологиялық құрылымы мен бедеріне байланысты таңдалады.

Бұл аудандарға салынатын жерүсті және жерасты құрылыстарының көлемі мен еңбек сыйымдылығы өте кымбат инженерлік шараларды талап етеді және оларды жүргізуде өте сақтықпен жұмыс жасау керек. Бұл жағдайда геологиялық ортаның өзгеру мәселесіне көңіл аудармауға болмайды және оны тиімді пайдалану шаралары қиындық туғызады.

Жобалаудың алдыңғы кезеңінде жиналған, газет, журналдарда жарық көрген, архивтердегі материалдарды зерттеп, жүйелеу негізінде ауданды тану принципі сакталады.

Алдыңғы кезенде жерасты құрылысын салатын қолайлы орын таңдалады және басқа да тиімді нұсқалар белгіленеді.

II. Жобалау сатысында инженерлік-геологиялық ізденістерді түсірулерден бастап, тәжірибелік жұмыстарға дейін толық көлемде жүргізеді. Жобаға арналған түсірулер 1:10000-нан 1:1000 дейінгі масштабта орындалады. Түсіру жүмыстары негізінде

а) геологиялық карталар мен жерасты құрылыстары трассалары немесе аумақтарының қимасы;

б) жерасты құрылысын салу тереңдігіндегі қима-карталар жасалады. Геологиялық қималар құрылыс орнының барлық кұрылымдық ерекшеліктерін, геотермиялық сипатын, терминальдық су мен газдардын болжамдық шығыстарын көрсетуі кажет.

Қима-карталар жерасты құрылысын салу тереңдігінде таужы-ныстарының күйі мен жату жағдайын, құрамын сипаттауы керек.

Бөлшектеп геологиялық түсірулермен бірге, геофизикалық зерттеулер және бұрғылау жұмыстары жүргізіледі. Геофизикалық зерттеулерді электрлік, термиялық магниттік, радиоактивтік (гамма-нейтрон, гамма-гамма және т. б.), акустика және т. б. каротаж әдістерімен орындайды. Одан басқа радиосүзу, геоакустика әдістерін, жыныстардың күйі мен қасиеттерін анықтау үшін қолданады. Жерасты құрылыстарын жобалауда барлаудың геофизикалық әдістері тау жыныстарының жату жағдайын, таралуын, құрамын және кұрылымын, көлденең және тік бағыттардагы күйін анытауға мүмкіндік береді. Олар жобалау үшін маңызды құбылыстарды, яғни, карст таралуын, ежелгі көмілген өзен аңғарларын, тау жынысы массаларының қуатты күйін және т. б. анықтайды.

Ізденістер процесін барлаудың геофизикалық әдістерін колдану мүмкіндігі жер бедеріне, зерттеулер жүргізетін аумақтардың елді мекендерден қашықтығына және т. б. байланысты.

Бұрғылау жұмыстарын тау жыныстарының құрамына, олардың сулылығына, төзімділік касиеттеріне байланысты түрлі әдістермен жүргізеді.

Гидрогеологиялық зерттеулерді жүргізу үшін ұңғымаларды бұрғылауды, көп жағдайда, сумен шаюсыз жүргізеді. Жерасты мен жерүсті суларының өзара қатынасын сипаттайтын бақылаулар, түбегейлі жүргізілуі керек. Ол үшін уақыт аралатып (1 жылдан кем емес) жерасты суының деңгейінің табиғи өзгеруін, температурасын, химиялық құрамын және минералдығын анықтайтын кезеңдік бақылаулар жүргізіледі.

Іздеу жұмыстарында гидрогеологиялық зерттеулерге және тау жыныстарының физикалық касиеттерін анықтауға көп көңіл бөледі. Жерасты құрылыстарын жобалауда гидрогеологиялық зерттеулерді жерасты құрылыс орнына судың келу мүмкіндігін анықтау, құрылыс жұмыстары кезінде жерасты суын әкету үшін сырғыту құрылғыларын жобалау максаттарында жүргізеді. Жерасты кұрылыс орнына су құйылуы жыныстардың төзімділігін төмендетеді.

Жерасты құрылыстарын жобалау кезінде тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттерін зертханалық және алқаптық әдістермен анықтайды.

Оның ішінде сейсмоакустикалық әдістер маңызды орын алады, сонымен катар серпімділік зерттеулер, прессиометриялық, тензометриялық бақылаулар, динамикалык және статикалық белдемдеулер жүргізіледі.

III. Жерасты құрылысының жұмыс құжаттарын жасау сатысында іздестіру жұмыстары негізінен жоба үшін алынған мәліметтердің дәлдігін тексерулерден және күй өзгерістеріне байланысты тау жыныстарының массивтерінде теориялық, есептік және болжамдық өзгерістерді шешу үшін жыныстарды сынаудан, жерасты кеңістігінің құрылымдық ерекшеліктерін модельдеуден тұрады. Ізденістердің қорытынды қезеңінде орындаушы инженерлік-геологиялық құжаттар дайындалады.

Құжаттарда тау жыныстарының жарылуы, жерасты құламаларының жарылуы, және олардың төзімділік және деформациялық қасиеттері, анықталған тау қысымы, сулар мен газдардың шығуы және т.б. байқалған құбылыстар белгіленуі керек. Құжаттарда сонымен қатар өткел тәсілдері, уақытша бекітулер күйі, сазды жыныстардың ісінуі, ерігіш жыныстардағы карст белгіленуі тиіс.

Теміржол, автомобиль жолдарына арналған үлкен туннель, метрополитен секілді жерасты құрылыстарын жобалау үшін жүргізілетін инженерлік-геологиялық ізденістердің өзіндік ерекшеліктері бар. Ізденістің негізгі түрі болып саналатын инженерлік-геологиялық түсірулерде жергілікті жер бедері сипатына көп көңіл бөлінеді және аэрофотоматериалдарды дешифрлау қолданылады. Түсірулерді топографиялық негізде, сол масштабта орындайды.

Метрополитен мен үлкен туннельдердің трассалары бойында белгілі бір арақашықтықта ұңғылар бұрғыланады: терең емес метрополиттер үшін қарапайым геологиялық жағдайларда 1 км трассада 5..7, күрделі жағдайларда 8.. 10 ұңғыма; терең метрополиттер үшін 1 км трассада қарапайым геологиялық жағдайларда 3..4, күрделі жагдайларда 6.. 7 ұңғыма бұрғыланады.

Биік таулы аймақтарда туннельдерді терең жүргізеді, бұл жағдайларда ұңғымалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.

Таулы жерлерді келесі геофизикалық әдістермен зерттейді: тік электрлік белдем (ТЭБ) әдісі, ТЭБ нүктелерінің аракашықгығы 50.. 100 мм; нүктелерді 25..50 мм, профильдерді 250..500 мм арақашықтықта электропрофильдеу әдісі, ұзындығы 100,. 150 мм годографтарды алатын сейсмикалық белдемдеу әдісі.

Кейбір ұңғымаларда электрлі, сейсмикалы және ультрадыбысты каротаждар жүргізеді. Жұмыс құжаттарын жасау сатысында жоба барысында алынған мәліметтерді тексеру, шешілмеген мәселелерді зерттеу және жобаны жаңа мәліметтермен толықтыру мақсатында инженерлік-геологиялық ізденістер жүргізіледі.

 

8.7. Гидротехникалық құрылыстарға арналған инженерлік-геологиялық зерттеулер

 

Гидротехникалық ғимараттар халық шаруашылығы бағыттары бойынша гидроэнергетикалық, су тасымалдану, мелиоративті және сумен жабдықтаушы болып бөлінеді. Ғимараттарды біріктіру сипатында келесі гидротораптарға бөлінеді:

1) арынды, ГЭС ғимараттарының бөгетке жақын немесе бөгеттің артында орналасуы;

2) арынсыз деривациялы (ашық арық) немесе арынды деривациялы (тоннель);

3) гидроаккумуляциялы, суды төменгі бьефтен жоғары қарай көтергіш агрегаттар.

Бөгеттер гидротораптардың ең маңызды ғимараттары болып саналады. Олар былайша топтастырылады:

а) жылжытушы салмақтан беріктігінің камтамасыз етілуі бойынша –гравитациялық, арықтық, контрфорсты;

б) дайындалатын материалдары бойынша — бетонды, тасты, жерлі-топырақты (шайылатын, себілетін);

в) биіктігі бойынша: 10 м-ге дейін – аласа, 10-50м-ге дейін – орташа, 50-150 м-ге дейін – биік, 150 м-ден жоғары – өте биік.

Гидротехникалық құрылыстарға жобалау, іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру кезеңділігі жатады: жобалау алдындағы жұмыстар — өзенді кешендік пайдалану сұлбасы мен техникалык-экономикалық негіздері; жобалау жұмыстары (сатылары) — техникалык жоба мен жұмыс сызбалары. Өте қарапайым кұрылыс ғимараттарында техникалық жұмыс жобасын құрып, бір сатылы жобалау жүргізуге болады.

Өзендерді кешендік пайдалану сұлбасына негізделген жұмыстар

Мелиорациялау және кеме құрылыстарында өзендерді бірнеше сатыға бөліп, жекелеген гидротараптардың экономикалық көрсеткіштері мен бірінші кезектегі ғимараттардың құрылыстарын тандау мақсатында су ресурстарын пайдалануды енгізудің техникалык маңызы зор болып табылады. Гидротораптар мен су қоймасын орналастыруға қолайлы жерлерді таңдап алу инженерлік-геологиялық зерттеулердің міндетіне жатады, ол екі кезеңде жүргізіледі.

Бірінші, дайындық кезеңінде қордағы және ғылыми әдебиеттердегі материалдарды жинақтау жүргізіледі, сонан кейін жобаның бас инженері (геолог және геодезистпен бірге) аудандағы атқарылатын жұмыстарға алдын ала тексеру жүргізіледі.

Бірінші кезеңнің нәтижесінде зерттеудің құны мен бағдарламасы құрылады.

Екінші кезеңде өзендерді бірнеше сатыларға бөліп, гидротораптар мен су қоймаларын құру мақсатында өзен-аңғарында жалпы инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізіледі. Бұл жұмыстардың құрамына мыналар кіреді. 1:50000 және 1:200000 масштабтағы инженерлік-геологиялық түсірімдер.

 

Өзендерді пайдалану сұлбасын құруда орындалатын инженерлік-геологиялық түсірімдердің масштабтары

31-кесте

Инженерлік-геологиялық жағдайдың күрделілік санаты Өзен аңғарлары Бірінші кезектегі гидротораптар Екінші кезектегі гидротораптар
I II III 1:200000 1:100000 1:50000 1:25000 1:10000 1:5000 1:50000 1:25000 1:10000

 

Осы жұмыстар негізінде зерттеліп отырған өзен аңғарында инженерлік-геологиялық аудандастару жүргізіледі.

Жалпы зерттеудегі гидротораптар орналасатын алаңдарда келесі жұмыстар жүргізіледі: масштабы гидротораптардың сипатына және күрделілік санатына байланысты инженерлік-геологиялық түсірімдер.

Негізгі геологиялык шекараларды бөлетін геофизикалық зерттеулер. инженерлік-геологиялык түсірімдердің мәнін толықтырып, бекітеді және тау-кен бұрғылау жұмыстарының дұрыс бағытталуына мүмкіндік береді.

 

Бұргылау және тау-кен жұмыстары

Тіректі ғимараттар негіздерін барлауда казындылар көлденең орналасады және аңғардың геоморфологиялык элементтерінің барлығы кіруі керек, ал бір элемент негізінде50-300 м аракашықтықта болады. Жарма шеткі қазындыларда жобаланатын тіректердің шекарасының сыртында, яғни аңғар жағалауына ғимараттың әсер ету белдемінде орналасуы керек. Жазықтықтағы өзен аңғарла-рында барлау, бұрғылау ұңғыларымен жүргізіледі. Тау аңғарларында орналасқан жоғары арынды гидротораптар оқпанында, тоғанның жағалауға кіретін жерінде үңгіп өту ұсынылады. Гидротораптар алаңындағы гидрогеологиялық зерттеулер бөгет аумағында және оның негізіндегі мүмкін болатын сүзілу деформациясы мен сүзілу жағдайларын сипаттайды. Осы жағдайларды анықтауда гидротораптар оқпанында бірінші кезекте тәжірибелік сутартулар, су айдау және жерасты суына бақылаулар жүргізіледі, тау-жыныстарының физика-механикалық қасиеттеріне және күйлеріне баға беру оқпандардың бәрінде де жүргізіледі. Бірінші кезектегі гидротораптар үшін аздаған көлемде жыныстар айырмашылығының сығылу мен беріктік көрсеткіштерін жекелеген зерттеумен жүргізу мүмкін.

Барлау жұмыстары — ұңғыларды бұрғылау және тау-кен қазындыларын қазып өту — екі кезеңде де жүргізілелі.

 

Техникалық жобаны негіздеуге қолданатын инженерлік-геологиялық түсірімдердің масштабтары 32-кесте

Инженерлік-геологиялық жағдайдың күрделілік санаты 1 кезең — оқпанды таңдау 11 кезең — тандап алынғам окпанды оқып-үйрену
I II IIIІ 1:25000 1:10000 1:5000 1:10000 1:5000 1:200

 

Техникалық жобаны бекітудегі іздестіру барысында қазындылардың арақашықтығы 33-кесте

Инженерлік- Қазындылардың орташа арақашықтыгы, м
геологиялық жағдайдың Оқпанды тандап алу нұсқасын зерттеу Зерттеу кезінде ғимарат үшін таңдап алынган окпандар
күрделілік жазықтық таулы бетонды топырақты
санаты аңғарда аңғарда жазық аңғарда таулы аңғарда жазық аңғарда таулы аңғарда
I II III     50 40   150 100  

 

8.8. Мелиорация мақсатына арналған инженерлік-геологиялық зерттеулер

Жерді мелиорациялау дегенімізді ауылшаруашылық дәнді-дақылдарының жоғары өнімділігін қамтамасыз ету, яғни инженерлік және агрономиялық іс-шаралар кешені деп түсінген жен. Мелиорациялық іс-шаралар дегеніміз — топырақты құрғату немесе суландыру және де грунт суларының тұздық және сулы теңгермелерін қалыпқа келтіру.

Жобалаудың әрбір кезеңі төменде келтірілген. Техникалық-экономикалық негіздеудің (ТЭН) негізгі мәліметтері болып 1:200000 масштабтағы гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық түсірімдер қызмет атқарады. Территорияның инженерлік-геологиялық жағдайын зерттеуде мыналарға көңіл бөлінеді:

1. Тау жыныстарының стратиграфиялық-генетикалық кешендері, олардың таралуы, жатыс жағдайлары мен қалыңдықтары, әрбір кешенді құратын шөгінділердің литологиялық айырмашылықтары мен әртүрлілігі.

2. Аэрация белдеміндегі тау жыныстарының тұздануы, жыныстар құрамы мен тұздылығының байланыс дәрежелері және түрлері және грунт суы деңгейінің жатыс тереңдігі.

3. Аэрация белдеміндегі тау жыныстарының физика-механикалық және су-физикалық қасиеттері (ерекше көңіл аударатын сүзілу және отырғыштық касиетгері).

4. Геологиялық процестер және олардың пайда болуы (батпақты және жыралы тораптардың даму қарқындылығы, көгалдар, су қоймасы, ашық коллекторлар жағалауларын қайтадан өндеудегі карқындылығы, тереңдік және жақтаулық эрозиялар, дефляция, карст, сырғыма, сел, суффозиялар және отырудың байқалуы және т. б. белсенді байқалу орындары).

5. Батпақтардың түрлері, олардың таралу аудандарының минералдық негізінің жатыс терендігі, ылғалдылығы, көп аудандардағы шымтезектердің қалындығы және олардың су-физикалық қасиеттері.

Техникалық жобаны негіздеуде 1:50000 масштабта арнайы гидрогеологиялық және инженерлік түсірімдерден басқа мелиорация мақсатында қосымша инженерлік барлау жүргізіледі, олар келесі міндеттерді оқып-үйренуден тұрады:

]) Гидрогеологиялық ғимараттар мен объектілер құрылысын жүргізудегі инженерлік-геологиялық жағдайлар (магистральдар, бөгеттер, дамбылар, т. б.);

2) табиғи жағдайдағы отыру деформациялары (қазаншұңқырларды суландыру жолымен);

3) саздақтар мен саздар басым қимада суөткізгіштік пен сіңіп-сүзілулік, ағындар құрылымын және дренажда қолдануға ұсыныстар енгізу мақсатында жекелеген аумақтардың, аэрация белдеміндегі жыныстардың сүзілу қасиеттері.

Қосымша инженерлік зерттеулер – бұрғылау, тау-кен казу, тәжірибелік және зертханалық жұмыстармен жүргізіледі.

Күрделі геологиялық жағдайда ғимараттың жекелеген аумақтарындағы жыныстардың су-механикалық, физика-механикалық касиеттері:

- карстының, сырғыманың, отырудың және т. б. даму аумақтары;

- негізгі есептеулі көрсеткіштер мен санды сипатталмаған және камтамасыз етілмеген аумақтар;

- сүзілуге қарсы құрылымдар өлшемдері;

- су қоймасы мен магистральды арықтарды қорғау іс-шараларын іске асыру мақсатында жағалаулық беткейлердің беріктігін анықтайтын үгілу белдемінің жарықшақтылық дәрежелері қосымша зерттеледі.

 

8.9. Көпірлік өткізгіштер салуға инженерлік геологиялық зерттеулер

Мақсаты (белгілері) бойынша теміржолдық, автожолдық, жаяу жүру және т.б., ал оларды құрайтын материалдар бойынша металды, темір бетонды, бетон, тас және ағаш көпірлер болып бөлінеді.

Әрбір көпір тіреуден және тіреулер арасындағы меншікті салмағы мен козғалмалы құрамынан, өздеріне берілетін салмақ арасындағы кеңістікті жабатын (прогетты) құрылғылардан тұрады. Егер тіреу екеу болса, онда көпір бірқатарлы, ал егер бірнеше аралық тіреулері болса көп қатарлы деп аталады. Көпірлерді ені бойынша кіші (25 м -ге дейін) орташа(25-тен 100 м -ге дейін) және үлкен (>100 м) деп бөлу қабылданған.

Көпірлік өткізгіштер жобалауды ұйымдастыруда өзенге байланысты. Инженерлік-геологиялық зерттеулер көпірлік өткізгіштер салуда екі сатыға бөлінеді: 1) алдын ала (рекогносцировка); 2) жете және қосымша.

Өзенмен байланысты зерттеулерге көпір өтетін және оның орналасқан ауданына қарай жалпы сипаттамасы үшін мәліметтер және материалдар алу кіреді.

Алдын ала нұсқасын зерттеудің басты міндеті көпір өткелінің орналасу нұсқасын салыстыру және олардың біреуін таңдап алуы және оның техникалық өлшемдері мен конструкцияларын (жобаларын) анықтайтын, геологиялық анықтамалар болып табылады.

Көпірлік өткелді тұрғызу үшін алдын ала зерттелген нұсқаның біреуін таңдап алуда мыналарды ескерген жөн:

1. Көпір өту ұзындығы аз болатын аумақта орналасады;

2. Аңғар аумағы, аңғардың ені және өзен тереңдігінің тез өзгеруінсіз түзу сызықты болуы керек;

3. Жайылымды ағынды, сондай-ақ геологиялық процестер мен құбылыстар дамыған аумақтарды алмау керек;

4. Көпірлік өткел орналасқан аумақта кабатшаларының қалыңдығы және созылуы бойынша біртекті тау жыныстары жатуы керек;

5. Олардың беріктік және деформациялық қасиеттері көпірдің беріктігі мен жұмыс ұзақтығын камтамасыз етуі керек.

Нұсқада аумақты таңдау үшін келесі материалдарға ие болу керек: 1. аумақ аңғарының геоморфологиялық құрылысы; 2. Аңғардың геологиялық құрылысы; 3. Көпірлік тіреулер орналасқан жерлердегі жыныстардың физика-механикалық қасиеттері; 4. Аумақтарда геологиялық процестердің даму қарқындылығы, таралуы; 5. Өзендердің гидрогеологиялық ерекшеліктері.

Осы материалдарды алу үшін әрбір бәсекелес аумақтар бойынша жұмыс жүргізіледі:

1. Өткен жылдардағы барлық іздеу жұмыстарының материалдарын жүйелендіру және жинау;

2. 1:10000 масштабтагы инженерлік-геологиялық түсірімдер, сонымен бірге көпірлік өткелдің трасса бойымен 200-400 м енді ауданда геофизикалық карталау және басқа жұмыстар;

3. Геологиялық қима құру мақсатымен көпірлік өткел трассасының әрбір нұсқасы бойынша барлау жұмыстары.

Барлау тереңдігі тығыз және берік түпкілікті жыныстардың жату терендігімен анықталады.

Барлау жұмыстары барлаудың барлық кешенімен, ал жекелеген жағдайларда ұңғымалардағы сулы қат-қабаттарды және тау жыныстарын сынау арқылы жүргізіледі. Осы мақсатпен прессиометриздік өлшеулер, статикалық және динамикалық зондтау, тәжірибелік су тарту және тау жыныстарынан, сулардан сынама алу жүргізіледі.

Орындалған жұмыстардың нәтижесінде әрбір аумақ бойынша көпірлік өту трассасына инженерлік-геологиялық карта, геологиялық қима құрастырады, инженерлік-геологиялық шарттардың және көпірді орналастыру үшін біреуін таңдап алудың анықтамасына баға беріп және сипаттайды.

Толық зерттеу міндеттерін алу үшін (техникалық жобаны анықтау үшін) көпірді жете зерттеу міндеттерін зерттеу кезінде жүргізу қажет:

1. Жете инженерлік-геологиялық түсірімдерді;

2. Барлық жұмыстарын;

3. Тәжірибелік жұмыстар;

4. Тұрақты режимдік бақылауларды;

5. Зертханалық және камералдық жұмыстарды. Геологиялык іздеулермен бір мезгілде қарастырылып отырған аумақтагы өзендердің режимін сипаттайтын кажетті есептік өлшемдер үшін гидрогеологиялық зерттеулерді де жүргізеді.

Осы жұмыс сатысындағы жете инженерлік-геологиялык түсірімдерді толық таулы бұрғылау жұмыстары және геофизикалық карталау кешендерімен орындай отырып, көпірдің өту осьтері бойынша 100-200 м енді аумақга 1:2000-1:5000 масштабта орындайды.

Барлау жұмыстары жекелеген геофизикалық зерттеулерден және ұңғымаларды бұрғылаудан тұрады. Сызықтар бойынша өнімдер, үлгілердегі барлық тіреуіштердің орналасатын жерлерін және аумақтың геологиялық кұрылысын толығымен ашу үшін осындай жолмен орналасады.

Барлау өнімдерінің тереңдігі әрбір тіреуіштің әсер ету зонасының мөлшерімен анықталады. Аумақтың геологиялық қимасына байланысты ол орташа алғанда 25-30 м, максимальды 40-50 м. Өнімдер құмды-малтатасты төрггік шөгінділерді ашуы және 5 метрге дейінгі тереңдікте берік және тығыз төрттік немесе түпкілікті жартасты не жартылай жартасты тау жыныстарына енуі керек.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 827; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.07 сек.