Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ТЖШ класы 4 страница




Ақпараттық жүйелерге келесі талаптар қойылады:
-Жаңа функционалды облыстарға өзгертуге және баптауға қабілеттілігі;

-Уақыттың қажет периодында пайдаланушылар сұранысына жүйенің реакциясы;
-Қосымшаларды кеңейту және жаңа қосымшаларды қосуға мүмкіндігі
-Есептеу ресурстарын пайдалану тиімділігі.

2 Массив түрлері және оның сипатталуы.

Массивтер деп бірдей типті мәліметтердің логикалық байланысқан элементтерден тұратын мәліметтер құрылымын айтамыз. Программаның орындалу барысында массивтің өлшемі тұрақты болады.

Массив келесі түрде сипатталады: Type массив аты =array [аралық] of элемент типі;

Array (массив) және of сөздері түйінді сөздер. Аралық (диапазон) массивтің төменгі, жоғарғы шегін және жалпы элементтер санын анықтайды. Массивтің типі әрбір элементтің типін анықтайды.

Си тілінде массивтердің бірнеше индекстері болуы мүмкін. Көп өлшемді массивтер жиі жол және бағандар бойынша реттелген мәндерден тұратын кестелерді бейнелеу үшін қолданылады. Кесенің нақты элементін иднтификациялау үшін екі индекс көрсетіледі: бірінші-элементтің жолын көрсетеді, ал екіншісі бағанын көрсетеді. Осындай кестелер немесе массивтер екі өлшемді массивтер деп аталады.

Көп өлшемді массив бір өлшемді массив сияқты оның баяндалуында инициалдануы мүмкін. Мысалы, int b[2][2]={{1, 2}, {3, 4}};

Әрбір массивтің элементтерін шығару үшін программада printarray функциясы шақырылады.

Массивтер статистикалық және динамикалық болып екіге бөлінеді.

Статистикалық массив – массив сипатталғанда индекстер шегі, өлшемі нақты анықталған массив.

Динамикалық массив – сипатталғанда тек элементтер типі көрсетілетін массив. Динамикалық массивтің өлшемі программаның орындалу барысында өзгеріп отырады.

 

3 Деректер қорын жобалау. Жобалаудың ерекшеліктері.

Деректер қорын жобалау үрдісі, бұл - қолдану саласының ақпараттық құрылымын формальді емес сипаттаудан таңдап алынған модель терминдерімен қолдану саласы нысандарын формальді түрде сипаттауға көшу тізбегі.

Модельді құрғанда МҚ на нақты МҚБЖ орналастыру өте үлкен назарды талап етпейді, өйткені оны таңдау бөлек мәселе. Бұл мәселені шешу үшін МҚБЖ дайын болуы керек.

Жобалаушының негізгі мақсаты – мәліметтер қорының құрылымын кез-келген мәліметтер қорларын басқару жүйесі түсінетін және қабылдайтын тілмен құру және сипаттау. Сонымен қатар қор қамтитын ақпарат қолдану саласы жағдайына сәйкес келуі керек және осы ақпарат қорда дұрыс орналасуы керек. Мәліметтер қорының жобасы мұқият тексеруден өтуі қажет. Себебі мәліметтер қорының жобасы, бұл көптеген қолданушылар ұзақ уақыт пайдаланатын болашақ программалық кешеннің іргетасы, негізі.

Мәліметтер қорларын жобалау ерекшеліктері:

• Мәліметтерге сұраныс және мәліметтерді жүргізу түсініктерін айыра білу (қою, өзгерту, жою);

• Мәліметтер қоры бір немесе бірнеше қосымшалардың ақпараттық негізі болып табылатынын еске сақтау керек;

• Мәліметтер қорларының нашар жобасы кез-келген қосымшалар көмегімен жөнге келтірілмейді.

4 Есеп. B(10) массивінің жұп номерлі элементтерінің қосындысын, тақ номерлі элементтердің көбейтіндісін табыңдар.

#include <stdio.h>

#include <conio.h>

#define nmax 10

void main(){

int b[nmax];

int i;

int s=0,p=1;

clrscr();

printf("Input B[10]:\n");

for (i=0;i<nmax;i++){

printf("b[%d]=",i);

scanf("%d",&b[i]);

}

for (i=0;i<nmax;i++){

if (i % 2 ==0){

s=s+b[i];

}

else {

p=p*b[i];

}

}

printf("\nOndelgen massiv \n");

printf("\nZup nomirli elementter kosindisi = %d\n",s);

printf("\nTak nomirli elementter kobeitindisi = %d\n",p);

getch();

}

#include <stdio.h>

#include <conio.h>

#define nmax 10
void main(){
int b[nmax]; int i; int s=0,p=1;
clrscr();
printf("Input B[10]:\n");

for (i=0;i<nmax;i++)

{
printf("b[%d]=",i);

scanf("%d",&b[i]); }

for (i=0;i<nmax;i++){
if (i % 2 ==0){ s=s+b[i]; } else { p=p*b[i]; } }
printf("\nOndelgen massiv \n");

printf("\nZup nomirli elementter kosindisi = %d\n",s);

printf("\nTak nomirli elementter kobeitindisi = %d\n",p);

getch();
}

БИЛЕТ №

1. Сыртқы және ішкі ақпарат түрлері, қолдану сипатына қарай бөлінуі

2. Функцияны құру және қолдану.

3. Деректер қорының ақпараттық компоненті. Деректер сөздігінің рөлі.

4. Есеп. В(4,4) матрицасы берілген. Матрицаның тақ элементтерінің көбейтіндісін анықтаңдар.

 

1 Сыртқы және ішкі ақпарат түрлері, қолдану сипатына қарай бөлінуі

«А қпарат " термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретін іnformatio сөзінен шыққан. Ішкі ақпаратқа ұйымның жұмыс істеу процесінде жасалатын оның әр түрлі бөлімшелерінің мамандары қалыптастыратын (базалық қаржы ақпараты, өнімділік, ұйымның негізгі білімі, ресурстардың, яғни капиталдың, еңбектің бөлінуі) жөніндегі ақпарат жатады. Сыртқы ақпарат – мемлекеттік мекемелер жасайтын нормативтік-заңнамалық ақпарат, бәсекелестер, жеткізушілер, тұтынушылар нарықтың жағдаяты жөніндегі ақпарат. Қолдану сипатына байланысты ақпарат келесідей жіктеледі:

Макроэкономикалық - Ел экономикасының жалпы жай-күйін сипаттайды және арнайы мемлекеттік немесе тәуелсіз институттар ұсынады.

Қаржылық - Ұйымдардың ағымдағы және болашақтағы қаржылық жай-күйін, капитал, инвестициялар, құнды қағаздар эмиссиясы және т.б. нарықта қалыптасқан жағдаятты сипаттайды. Оны арнайы қаржы ақпараттары қызметтері, брокерлік компаниялар, банктер мен басқа да ұйымдар ұсынады

Биржалық - Құнды қағаздар, валюта бағамдары, есептік және пайыздық ставкалар, қор индекстерінің бағалары жөніндегі ақпарат. Оны банктер, биржалар мен арнайы агенттіктер немесе қызметтер ұсынады.

Коммерциялық - Аталмыш ақпаратқа кәсіпорындар (банктер, ұйымдар, корпорациялар), олардың өндірістік байланыстары, шығарылатын өнім, негізгі мәмілелер, технологиялар, басшылар мен акционерлер және т.б. жөніндегі ақпарат кіреді. Ол электрондық деректер қоры және кезең-кезеңмен жаңартылатын баспа өнімдері түрінде ұсынылады.

Статистикалық - Экономикалық, қаржы, биржалық, әлеуметтік және тағы да басқа деректер динамикалық қатарлар мен болжанған бағалар түрінде ұсынылады.

Іскерлік жаңалықтар- Ақпараттық агенттіктер мен бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) ұсынатын әр түрлі бизнес саласының ағымдағы ақпараты

 

2 Функцияны құру және қолдану.

Си тілінде барлық программалар функция ретінде қарастырылады. Әдетте, бұл тілдегі программалар көптеген кішкене функциялардан тұрады. қолданылатын әр функция үшін функцияның баяндалуы мен анықтамасы келтіріледі. (Функцияны баяндау оның типі және параметрлердің жазылу реті туралы ақпаратты береді. Функцияны анықтау кезінде орындалатын нақты операторлар көрсетіледі) Функциялар типі нәтиже ретінде қайтаратын мәндердің типімен бірдей болуы қажет. Егер типі берілмесе, онда функция типі үндеместен іnt болады. Егер функция басқа тип болса, онда ол шақырушы программада және функцияның өзінің анықтамасында көрсетілуі керек.

Функцияның баяндалуын қарастырайық: функцияны баяндаудың екі түрлі стилін (классикалық және қазіргі стиль) қолдануға болады. Бірінші жағдайда, функцияны баяндау форматы келесідей:

Тип функция_аты ();

Бұл спецификация функцияның атын және қайтаратын мәннің типін баяндайды.

Қазіргі стиль ANSІ ұсынған Си тілінің кеңейтілген түрлерінің конструкцияларында қолданылады. Бұл Си тілінің түрінде функцияны баяндау кезінде “функция прототипі” деп аталатын тілдің арнайы құралдары қолданылады. Оның прототипін қолданып функцияны баяндау кезінде параметрлері туралы қосымша ақпарат болады:

Тип функция_аты(парам_ақпар1, парам_ақпар2,...);

Бұндағы парам_ақпар1 параметрі - формальды параметрлердің аты және типі туралы мәлімет.

Функция анықтамасы. Функцияны баяндау сияқты оны анықтау кезінде де екі стильді қолдануға болады - классикалық және қазіргі. Функцияны анықтаудың классикалық форматы келесідей:

Тип функция_аты (параметрлер аты) параметрлер анықтамасы;

{

локалдық баяндау;

операторлар;

}

3 Деректер қорының ақпараттық компоненті. Деректер сөздігінің рөлі.

Метаақпараттың орталықтанған қоймасы деректер сөздігі деп аталады. Әсіресе деректер сөздігін ақпараттық жүйелерді автоматтандырылған жобалау жүйелерінде үлкен мәнге ие. Техникалық құралдар өзінің құрамына әмбебап ЭЕМ, ақпаратты енгізу-шығару перифериялық құралдарын, жүйеде жұмыс істеу құралдарын біріктіреді. Ұйымдастыру-әдістемелік құралдар – бұл құжаттар, пайдаланушылар үшін әдістемелік және регламенттік мәліметтер.

Қандай да өнідіріс орнының немесе ұжымның тиімді жұмыс істеу шартынын бірі - басқару жүйесінде қолданылатын ақпаратпен қажетті деңгейде камтамасыз ету болып табылады. Қазіргі кезде басқару жүйелерін сенімді және толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ақпараттық жүйелер қолданылады. Акпараттық жүйелерді қолдану салалары алуан түрлі, олар - өндіріс, оқу-ағарту ісі, денсаулыкты сақтау, ғылыми-зерттеу, қорғаныс, әлеуметтік және тағыда басқа салалар, Мақсаттық функцияларына байланысты ақпараттык жүйелерді мынадай негізгі категорияларга бөледі: баскарушы, ақпараттық-анықтама және шешім қабылдауға көмекші (жәрдемші) жүйелер. Ақпараттык жүйелерді құрудын өзіне тән тәртібі мен жолдары бар.

4 Есеп. В(4,4) матрицасы берілген. Матрицаның тақ элементтерінің көбейтіндісін анықтаңдар.

#include <stdio.h>

#include <conio.h>

#define n 4

void main(){

float B[n][n];

int i;

int j;

int s=1;

clrscr();

printf("Input B[4][4]:\n");

for (i=0;i<n;i++)

for (j=0;j<n;j++){

printf("B[%d%d]=",i, j);

scanf("%d",&B[i][j]);

}

for (i=0;i<n;i++)

for (j=0;j<n;j++){

if (B[i][j]%2==1){

s=s* B[i][j];

}

}

printf("\nOndelgen massiv \n");

printf("\nTak elementter kobeitindisi = %d\n",s);

getch();

БИЛЕТ №

1. Ақпараттық үрдістің құрылымы мен түсінігі.

2. Математикалық функциялардың қолданылуы.

3. Реляциялық ДББЖ ортасында жобалау үдерісін талдау.

4. Есеп. Нақты сандардан тұратын X(2,3) матрицасының аралығындағы элементтерінің көбейтіндісін есептеңдер.

 

1 Ақпараттық үрдістің құрылымы мен түсінігі.

Ақпараттық жүйелердің негізі ол ақпараттық үрдістер. Ақпараттық үрдістер (ақпарат жинау, өңдеу және тарату) ғылымда, техникада және қоғам өмірінде әрқашанда маңызды

Ақпарат жинау -обьекті жөнінде дерек алатын қызмет.

Ақпарат алмасу – ақпарат көзі ақпаратты беретін алушы қабылдайтын үрдіс.

Ақпаратты сақтау- ақпараттыпайдаланушыны қамтамасыз ететін деректердің берілуін қолдау үрдісі.

Ақпаратты өңдеу- мәселені шешу алгоритіміне сәйкес өңдеудің ретке келтірілген үрдісі.

АЖ басқару функциясын іске асыру үшін ақпаратпен қамтамасыз ететін коммуникациялық желі. АЖ нақты обьект үшін құрылады.

АЖ-лер қолдану саласына байланысты ғылыми зерттеулер, автоматтандырылған жобалау, ұйымдастыруды басқару, технологиялық үрдістерді басқару сыныптарына бөлінеді.

ЭАЖ дегеніміз бұл ақпаратты өңдеу мен басқарушылық шешім әзірлеу үрдісіне қатысатын экономикалық обьектінің тікелей және кері ақпараттық байланысының ішкі және сыртқы ағындарының жиынтығы. Ақпараттық үрдіс-жүйе,заттардың ж/е оларды жүйелеудің,мәліметтер базасын беруде (бірінші ақапаратта)

ақпаратты алмасу үшін жаңа сапаны ж/е объект жағдайын,жүйенің болуын қамтамасыз етеді. (ақпараттық жүйе) Ақпараттық үрдістің мақсаты-ақпараттың болуы,адамның сараптамада шешім қабылдауы,оның қандай да бір әрекет жасауы.
Ақпараттық үрдістің бірнеше түрі бар: -Мәліметтер базасындағы ақпараттық үрдіс -Басқарудағы ақпараттық үрдіс -Кеңседегі автоматизация -Шешім қабылдаудағы ақпараттық үрдіс -Эксперттік жүйедегі ақпараттық үрдіс

 

2 Математикалық функциялардың қолданылуы.

Abs(x)-аргументтің абсолют шамасы (модулі) Abs(-3,5)=3,5

arcTan(X)-аргументтің радианмен алынған аргтангенсі arcTan(1)=7,8539816340E-01

cos(X)-аргументтің радианмен алынған косинусы cos(PI/3)=5.0000000000E-01

exp(X)-аргументтің экспонентасы (Е-нің Х дәрежесі)exp(1)=2.71828182852E+00

LN(X)-натуралдық логарифм LN(10)=2.3025850930E+00

PI-PIсанының мәні PI=3.14159526563E+00

Random-0 мен 1 арасындағы кездейсоқ сан

Random(x)-0 мен х арасындағы кездейсоқ сан

Sin(x)-аргументтің радианмен алынған синусы

Sqr(x)-аргументің квадраты

Sqrt(x)-аргументің квадрат түбірі

 

 

3 Реляциялық ДББЖ ортасында жобалау үдерісін талдау.

Реляциондық үрдіс. «Реляциондық» термині (латын тілінен relatio – қатынас) бұндай деректерді сақтайтын үрдістің ең алдымен өзінің құраушы бөліктерінің өзара қатынасына құрылатынын көрсетеді. Ең қарапайым жағдайда ол екі өлшемді массивті және екі өлшемді кестені білдіреді, ал күрделі ақпараттық үдістерді құру кезінде өзара байланысқан кестелердің жиынтығын құрайды. Бұндай кестенің әрбір жолын жазба, ал бағанын өріс дейміз. Деректердің реляциондық үрдісі келесі қасиеттерге ие болады:

· кестенің әрбір элементі – деректердің бір элементі;

· кестеде барлық өрістер дара болып табылады, яғни бір түрге ие болады;

· кестеде бірдей жазбалар болмайды;

· әрбір өріс бірегей атқа ие болады;

· кестедегі жазбалардың тәртібі еркін бола алады, және деректер түрінің өрістер санымен сипатталады.

4 Есеп. Нақты сандардан тұратын X(2,3) матрицасының аралығындағы элементтерінің көбейтіндісін есептеңдер.

#include <stdio.h>

#include <conio.h>

#define n 2

#define n 3

void main(){

float X[n][m];

int i;

int j;

float s=1;

clrscr();

printf("Input X[3][4]:\n");

for (i=0;i<n;i++)

for (j=0;j<m;j++){

printf("X[%d%d]=",i, j);

scanf("%d",&X[i][j]);

}

for (i=0;i<n;i++)

for (j=0;j<m;j++){

if ((X[i][j]>=1)&&(X[i][j])<=2)){

s=s*X[i][j];

}

}

printf("\nOndelgen massiv \n");

printf("\nElementer kosindisi = %d\n",s);

getch();

 

БИЛЕТ №

1. Ақпараттық жүйенің ендірудің фунционалдық саласын талдау және модельдеу

2. Реляциялық деректер базасындағы үшінші қалыпты пішін,

Бойс-Кодтың қалыпты пішіні.

3. Деректер базасын жобалау. Жобалаудың ерекшеліктері.

4. Есеп. А(5,5) матрицасы берілген. Бас диагоналдан төменгі элементтерді 0-ге, жоғарыдағыларын 3-ке, және диагонал бойындағыларын 7-ге алмастырыңдар.

 

1 Ақпараттық жүйенің ендірудің фунционалдық саласын талдау және модельдеу

Ақпараттық жүйені ендірудің функциональдық саласын талдау және модельдеу үрдістердің лектік моделінде жүргізіледі. Жобаланатын АЖ-ні өңдеу талаптары компанияның статистикалық және динамикалық сипаты негізінде құрылады. Компанияның статистикалық сипатты функциональдық деңгейде келтіріледі және матриц жауапкершілік пен бизнес-потенциалды қамтиды. Бизнес-модельдің ары қарай дамуы компанияның динамикалық сипаттау кезеңінде лектік модельдердің үрдістік деңгейінде жүргізіледі. Лектік модельдердің үрдістері — бұл компаниядағы ағпараттық ағымдардың және материалдардың уақыт бойы түрленулеру үрдістерін қандай-да бір бизнес-жобаларды немесе басқару саласын іске асыруды сиаттайтын модельдер. Жоғарғы деңгейде үрдіске қатысушылардың әрекеттерінің логикасы, ал төменгі деңгейде - өз жұмыс орындарындағы кейбір мамандар жұмысы технологиясы қарастырылады. Лектік модельдердің үрдістері кім – неге – қалай - кімге сұрақтарына жауап береді.

· Заманауи экономика жағдайы компанияның дәстүрлі кәсібі моделінен, еңбекті бөлу принциптеріне қарай, дара мамандармен иерархиялық құрылым бойынша бизнес-үрдістер маңайында сипатталады.

Үрдістік тәсіл кәсіптің барлық құрылымдық элементтерін байланыстырады. Әрбір іскер үрдістер көптеген бөлімшелер арқылы өтеді, оған компанияның әртүрлі мамандары ат салысады. Үрдістік тәсіл жұмыстағы үзінділерді, яғни ақпараттық және басқарушылық, қайталанушылық.тиімсіз қаржыландыруды болдырмауға мүмкіндік береді.

Үрдістік тәсіл кәсіпорын кәсібін ұйымдастыруға ұсынады:

· Орындаушылардың жауапкершілігі мен кең қолданымы;

· Шешім қабылдау деңгейін қысқарту;

· Еңбекті топтап ұйымдастыру жіне басқару;

· Сапаны жетілдіруді көтеру;

· Бизнес-үрдістерді автоматтандыру технологиясын орындау.

Компанияның ағымдық кәсібін басқару екі бағыт бойынша – функциональдық аймақтар, салалы бизнес-үрдістерді басқару арқылы жүргізіледі.

2 Реляциялық деректер базасындағы үшінші қалыпты пішін, Бойс-Кодтың қалыпты пішіні.

Мәліметтерді кестелер немесе реляциалар түрінде көрсететін мәліметтер моделі мәліметтердіц реляциялық моделі болып табылады. Реляция дегеніміз жатық және тік жолдардан

түратын екі олшемді кесте. Код моделінде кестедегі мәліметтермен жүмыс жасауға екі тілді қолдануды үсынылады: реляциялық алгебра мен реляциялық есептеу. Бүл теориялар математикалық логиканың бөліктері. Оларда кестені relation (қатынас) деп атайды. Осы тілдердің екеуіде мәліметтермен физикалық көрсеткіштер негізінде емес, олардың логикалық сипаттамалары арқылы жұмыс істеуді қамтамасыздандырады.

Кесте түсініктемесі реляциялық модельдің негізі болып табылады. Мәліметтер қорын кестелер жиыны деп түсінуге болады. Бірақ бүл кестенің түсініктемесі тек қана мәліметтерді көрсету түріне қатысты, дискіде немесе жадыда жазбаларды физикалық іске асыруымен еш қандай байланысы жоқ.

Реляциялық МҚБЖ-де ең кемінде екі шарт орындалады:

1) пайдаланушылар мәліметтерді кесте түрінде қабылдайды;

2) пайдаланушы коне кестелерден бар болатын операторларды қолданып жаңа кестелерді жасауларына болады.

Кестеге операцияны қолданған кезде нәтижесінде кестені алатынымыз өте маңызды қасиет (реляциялық бекітілу қасиеті). Басқа сөзбен айтқанда бір түрлі объектке операцияны қолдансақ нәтижесінде бірдей типті объектті аламыз.

Реляциялық модель негізінде келесідей түсініктемелер болады: мәліметтер типі, атрибут, домен, бастапқы кілт, қатынас.

 

Реляциялық модельдегі мэліметтер типі деген тусініктеме программалау тілдердегі осындай түсініктемемен толығымен сәйкес. Әдетте символдық, сандық, календарлы, ақшалы, және биттік типтер қарастырылады.

Ақпаратты сақтау үшін атрибут қолданылады. Реляциялық модельдегі атрибут түсініктемесінің мағнасы ЕК-модельдегі объект қасиетімен бірдей. Атрибуттың аты мен типі болады. Қатынас қүрылымы атрибуттар жиыны мен олардың типтерінен қүрастырылады. Атрибуттар саны реляция дәрежесі (рангі) болып табылады.

Атрибуттар реті маңызды емес деп есептелінеді. Сондықтан, реляцияның ешқандай екі атрибутарыныц аттары бірдей болмауы керек. Атрибуттың қабылдайтын барлық мәндерінің жиыны атрибут домені (аймағы) деп аталады. Реляциялық модельде доменнің үлкен ролі бар. Ол анықтама функциясын іске асырады. Доменді қолдану көптеген салыстыру қателерден сақ болуды орындайды. Мысалы, бір түсініктемені бірнеше рет енгізген кезде (мыса- лы, енгізу қатесі болса). Сонымен бірге бар позицияларынан қажеттісін таңдауды орнатып домен енгізуді бақылау және классификациялау функцияларын орындайды. Доменнің барлық элементтерінде мәліметтер бір типі болады және кейбір логикалық шартты қанағаттандырады. Домен элементі сан, символдық жол, дата болуы мүмкін, бірақ мас- сивтер, тізімдер сияқты күрделі қүрылым емес.

 

3 Деректер базасын жобалау. Жобалаудың ерекшеліктері.

 

Деректер қорын жобалау үрдісі, бұл - қолдану саласының ақпараттық құрылымын формальді емес сипаттаудан таңдап алынған модель терминдерімен қолдану саласы нысандарын формальді түрде сипаттауға көшу тізбегі.

Модельді құрғанда МҚ на нақты МҚБЖ орналастыру өте үлкен назарды талап етпейді, өйткені оны таңдау бөлек мәселе. Бұл мәселені шешу үшін МҚБЖ дайын болуы керек.

Жобалаушының негізгі мақсаты – мәліметтер қорының құрылымын кез-келген мәліметтер қорларын басқару жүйесі түсінетін және қабылдайтын тілмен құру және сипаттау. Сонымен қатар қор қамтитын ақпарат қолдану саласы жағдайына сәйкес келуі керек және осы ақпарат қорда дұрыс орналасуы керек. Мәліметтер қорының жобасы мұқият тексеруден өтуі қажет. Себебі мәліметтер қорының жобасы, бұл көптеген қолданушылар ұзақ уақыт пайдаланатын болашақ программалық кешеннің іргетасы, негізі.

Мәліметтер қорларын жобалау ерекшеліктері:

• Мәліметтерге сұраныс және мәліметтерді жүргізу түсініктерін айыра білу (қою, өзгерту, жою);

• Мәліметтер қоры бір немесе бірнеше қосымшалардың ақпараттық негізі болып табылатынын еске сақтау керек;

• Мәліметтер қорларының нашар жобасы кез-келген қосымшалар көмегімен жөнге келтірілмейді.

 

4 Есеп. А(5,5) матрицасы берілген. Бас диагоналдан төменгі элементтерді 0-ге, жоғарыдағыларын 3-ке, және диагонал бойындағыларын 7-ге алмастырыңдар




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 1473; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.