КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
ТЖШ класы 1 страница
Do ... Бет БИЛЕТ 1. CASE техналогияларды қолданудың негізгі қағидалары. 2. Массив түрлері және оның сипатталуы. 3. Деректер базасын қолданудың жетістіктері және қолдану салалары. 4. Есеп.X(4,5) матрицасының теріс элементтерінің санын және осы элементтердің көбейтіндісін есептеңдер.
1.CASE техналогияларды қолданудың негізгі қағидалары. CASE технологиялар күрделі программалық жүйелерді талдау, жобалау, жасау және сүйемелдеу методологиялардың жиынтығы болып табылады. Олар өзара біріктірілген автоматттандыру құралдар кешені көмегімен құрылымдық және обьектілік тұрғыларға негізделеді. Кез-келген CASE технологиясы негізінен методология/әдіс/натация/құрал/парадигмасы алынады. Методология қандай да бір тұрғының негізінде жасалып, жұмыстың қадамдарын, қадамдардың орналасу тәртібін, сонымен қатар әдістер міндеттері мен үйлестірілу ережелерін анықтайды. Әдіс қандай да бір мақсатқа жету, яғни жұмыстың белгілі бір қадамын орындау тәсілін анықтайды. Натация деп модельдердің қандай да бір класын сипаттау үшін қолданылатын таңбалар жүйесін айтады. Натацияның графикалық және текстілік түрлері болады. Графикалық натациялар графтар, диаграммалар, кестелер, схемалар түрінде сипаттайды, ал текстілік натациялар модельдерді формальді және кәдімгі тілде сипаттайды. CASE технологияда натациялар жобаланатын жүйенің деректер элементтерінің жасау кезеңдерінің құрылымын сипаттау үшін қолданылады. Құралдар әдістерді жүзеге асыру үшін қажетті құрал - жабдықтарды құрайды. Олар: графикалық жобаны жасау және жөндеу құралдары, жобаны абстракция деңгейі иерархиясы түрінде ұйымдастыру құралдары. Сонымен қатар түрлі деңгейлер компьютердің сәйкестігін тексеру құралдары. CASE құралдардың мынадай түрлерін бөліп қарауға болады. - талаптарды талдау, спецификациялармен құрылымдарды жобалау, интерфейстерді жөндеудің CASE құралдары (CASE1 - бірінші ұрпағы). - программалық қамсыздандыруды жасаудың толық өмірлік циклін қарастыратын біріктірілген орталардың жүзеге асыру және бастапқы текстерді генерациялаудың CASE құралдары (CASE2 - екінші ұрпағы). CASE1 негізінен графикалық модельдерді спецификацияларды жобалаудың экрандық редакторлар мен берілгендер сөздігін қолдау құралдарынан тұрады. CASE2 айталықтай үлкен мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Мұнда жүйелік ақпарат пен жобалық процесін басқару бойынша ақпаратты бақылау, талдау және байланыстыру, жүйенің модельдері мен прототиптерін жасау, генерацияланған программаларды тестілеу, мақұлдау және талдау қамсыздандырылады. 2. Көп еңбекті қажет ететін операцияларды автоматтандыра отырып, қазіргі заманғы CASE технологиялар программалаушы мамандардың еңбек өнімділігін айтарлықтай өсіріп, жасалатын программалық қамсыздандырудың сапасын көтерді. Олар: жоба спецификацияларының сәйкестігінің автоматты түрде бақылануын қамсыздандырады. жүйе прототипін жасау уақытын қысқартады. жобалау және жасау процесін жеделдетеді. өмірлік циклдің барлық кезеңдері үшін арналған жобалық құжаттаманың қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес жасалуын автоматтандырады. кейбір программалық кодтарды түрлі жасау платформалары үшін генерациялайды. жүйе компонентін қайтара қолдану технологиясын қолдайды. жобалық құжаттарды бастапқы кодтар бойынша қалпына келтіру мүмкіндігін қамсыздандырады. CASE технологиясының қолданылуы. Программалық қамсыздандырудың өмірлік циклінің барлық кезеңдеріне өзгерістер әкелді. Мұнда жасалатын программалық қамсыздандырудың қатаң әрі көрнекі сипатталуын орындайтын талдау және жобалау кезеңдеріне көп өзгерістер енгізді. CASE технологияда қолдануға көшу кезінде программалық қамсыздандыруды жасау процесіне енгізілетін сапалық өзгерістерді атап өтейік. CASE құралдарын қолдану күрделі программаларды қамсыздандыруды жасауға кеткен еңбек шығынын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Ол негізінен жаттау және бақылау процестерінен автоматтандыру нәтижесінде қамтамасыз етеді.
2.Массив түрлері және оның сипатталуы. Массивтер деп бірдей типті мәліметтердің логикалық байланысқан элементтерден тұратын мәліметтер құрылымын айтамыз. Программаның орындалу барысында массивтің өлшемі тұрақты болады. Массив келесі түрде сипатталады: Type массив аты =array [аралық] of элемент типі; Array (массив) және of сөздері түйінді сөздер. Аралық (диапазон) массивтің төменгі, жоғарғы шегін және жалпы элементтер санын анықтайды. Массивтің типі әрбір элементтің типін анықтайды. Си тілінде массивтердің бірнеше индекстері болуы мүмкін. Көп өлшемді массивтер жиі жол және бағандар бойынша реттелген мәндерден тұратын кестелерді бейнелеу үшін қолданылады. Кесенің нақты элементін иднтификациялау үшін екі индекс көрсетіледі: бірінші-элементтің жолын көрсетеді, ал екіншісі бағанын көрсетеді. Осындай кестелер немесе массивтер екі өлшемді массивтер деп аталады. Көп өлшемді массив бір өлшемді массив сияқты оның баяндалуында инициалдануы мүмкін. Мысалы, int b[2][2]={{1, 2}, {3, 4}}; Әрбір массивтің элементтерін шығару үшін программада printarray функциясы шақырылады. Массивтер статистикалық және динамикалық болып екіге бөлінеді. Статистикалық массив – массив сипатталғанда индекстер шегі, өлшемі нақты анықталған массив. Динамикалық массив – сипатталғанда тек элементтер типі көрсетілетін массив. Динамикалық массивтің өлшемі программаның орындалу барысында өзгеріп отырады.
3.Деректер базасын қолданудың жетістіктері және қолдану салалары Деректер базасын физикалық тұрғыдан ұйымдастыру: Бiрiншiден жүйелiк программалау жабдықтарын құрастыратын және жабдықтайтын техникалық мамандарды қызықтырады. Тұтынушы кезектi ақпаратты лайықты формасында және уақытында ала алуы қажет. Керектi ақпарат лайықты формат ол ДБ-ның физикалық тұрғыда ұйымдастырылуына онша байланысты емес, Ал керектi уақыт байланысты. Уақыт дегенiмiз ДБ-сы операциясының бастлаған жңне нәтижесiн алатын уақыт аралығы. Көп жағдайларда тұтынушыларды уақыттың ұзақтығы қанағаттандырмайды. ДБ-ның физикалық құрылымы жақсы болса, ондағы деректердi аз уақыт арасында тез алуға толықтыруға болады. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелер тек жақсы техникалық сипаттамаларды ғана қажет ететін ресурстар ғана емес, олар тиімді әрі сауатты басқаруды да талап етеді. Деректер базасы жүйелері кез келген ақпараттық жүйенің негізгі ядросы болып табылатындықтан олар негізгі администрациялық мәселелер ортасында болады. Ақпараттық жүйені тиімді басқару дегеніміз ондағы Деректер базасының дұрыс ұйымдастырылып, басқарылуымен тікелей байланысты.
4.Есеп.X(4,5) матрицасының теріс элементтерінің санын және осы элементтердің көбейтіндісін есептеңдер. #include <stdio.h> #include <conio.h> #define n 4 #define n 5 void main(){ int X[n][m]; int i; int j; int k=0; int s=1; clrscr(); printf("Input X[4][5]:\n"); for (i=0;i<n;i++) for (j=0;j<m;j++){ printf("X[%d%d]=",i, j); scanf("%d",&X[i][j]); } for (i=0;i<n;i++) for (j=0;j<m;j++){ if (X[i][j]<0){ k=k+1; s=s*X[i][j]; } } printf("\nOndelgen massiv \n"); printf("\nTeris elementer sani = %d\n",k); printf("\nTeris elementer kobeitindisi = %d\n",s); getch(); }
БИЛЕТ № 1. Ақпаратты сандық өлшеу кибернетикалық тұрғыдан өлшемдердің көмегімен жүзеге асыру. 2. Символдық жолдарға қолданылатын функциялар. 3. Деректер қорын басқару жүйесінің сұлбасы. Сұлба деңгейінің түсінігі. 4. Есеп. Нөл және бірлерден тұратын А(4,3) матрицасы берілген, ондағы нөлдер мен бірлердің санын табыңдар. 1 Ақпаратты сандық өлшеу кибернетикалық тұрғыдан өлшемдердің көмегімен жүзеге асыру.
Кибернетикалық жағынан жақындау яғни ыңғайлауда экономика кибернетикалық жүйелер ЭКЖ басқа сыныптар жүйелерінен түбірімен өзгеше, яғни басқару шешім қабылдау және бақылау функцияларын орындайтын саналы түрде әрекет жасайтын адамды маңызды элемент ретінде көреді., оңтайлы өсуді қамтамасыз етуде болады. Экономика кибернетикалық жүйеде болатын үрдістер негізгі қорлармен қаражатқа байланысты. ЭКЖ-де кері байланыс ену мен шығу арқылы білінеді. Ақпараттық үрдістерді сандық сипаттау үшін әдетте келесі көрсеткіштер пайдаланады Трансформациялық коэфицент, кешендік коэфицент, тұрақтылық коэфиценті (Эк Кибер) Ақпаратқа сандық баға беру синтаксистік деңгейде (физикалық) ғана қолданылады. Мысалыға, магниттік табақша. ЭА-ны сапалық жағынан өлшеу дегеніміз, яғни бұл ақпараттың мөлшерін, ақиқаттылығын өзектілігін, қабылдауға қолайлылығын, дер кезділігін, бағалылығын анықтау. АЖ құру барысында ақпараттың көлемін анықтау мен бірге оған сапалық талдау жүргізіп ақпараттың ішкі мазмұнын (семантикасын) ашу керек. Кибернетикалық тұрғыдан ақпаратты сандық жағынан өлшеу, ақпарат теориясының ережелеріне негізделген классикалық ақпарат бірліктерінің көмегімен жүзеге асырылады.Ақпаратқа сандық баға беру синтаксистік деңгейде ғана қолданылады.Ақпараттық жүйені құру барысында ақпараттың көлемін анықтаумен бірге, оған сапалық талдау жүргізіп, ақпараттың ішкі мағыналық мазмұнын ашу керек.Семантикалық тәсіл көбіне мәліметтердің прогматикалық қасиеттеріне байланысты тұтынушы үшін пайдалы болады.Экономикалық ақпаратты сапалық жағынан өлшеу дегеніміз-яғни бұл оның ақпараттық мөлшерін, ақиқаттылығын, өзектілігін, қабылдауға қолайлылығын, дер кезділігін бағалылығын және т.б анықтау.Мұндағы ақпараттық деп мәліметтердегі мағыналық ақпараттың санын түсінеміз. Ал қабылдау қолайлылығы уақыт бірлігі ішінде мәліметтерді қабылдау жылдамдығымен анықталады.Сондықтан экономикалық мәліметтер көбінесе кесте түрінде беріледі. Кесте тек ақпараттың мазмұнын ашып қана қоймай, сонымен қатар ол жеңіл қабылданады. Кибернетикалық жағдайда ақпарат, объектінің жағдайын сипаттайтын жабдық ретінде, сондай-ақ басқару кезеңіндегі мәліметтер мен оны қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Бірақ нарықтық экономиканың әр түрлі ұйымдары үшін кез келген ақпарат қорына жата бермейді, тек өз бизнесі үшін ең тиімді шешімді алуға мүмкіндік беретін бөлігі ғана оған жатады. Қоғамдық ақпаратпен жабдықтаудың мүмкіндіктері бойынша ақпарат мынандай үш үлкен топтастырылған жікке бөлінеді:ғылыми-техникалық, әлеуметтік және басқарушы.
2.Символдық жолдарға қолданылатын функциялар
Символдық қатарларды бірнеше әдістер арқылы анықтауға болады. Келесі әдістер негізгі әдістерге жатады: қатарлық константаларды қолдану және символдық қатарлардан тұратын массивтерді және char типті массивтерді қолдану. Қатарлық константалар тырнақшаларға алынады. Тырнақшаларға алынған символдар және қатарлардың ең соңғы ‘/0’ символы жадының тізбектелген ұяшықтарында жазылады. Компилятор қатарды жадыға орналастырғанда жадының қажетті өлшемін анықтау үшін символдардың санын есептейді. қатарлық константаларды #define директивасының көмегімен анықтауға болады. Егер қатарда тырнақша символын қолдану керек болса, онда бұл символдың алдына кері бөлшек сызығы жазылады. Символдарды өңдеу библиотекасы символдық мәліметтермен бір қатар пайдалы тексерістер мен операцияларды орындайтын бірнеше функциялардан тұрады. Әрбір функция аргумент ретінде int типін немесе EOF (файл соңы) индикаторын ұсынатын символды қабылдайды. Символдарды өңдеу библиотекасының функцияларымен жұмыс істеу үшін <ctype.h> тақырыптық файлды қосамыз.
3.Деректер қорын басқару жүйесінің сұлбасы. Сұлба деңгейінің түсінігі. Алғашқы ДББЖ архитектурасы орталықтандырылған типті болатын. Бұл жағдайда ДББЖ-ң өзі, ДБ және ДБ-мен жұмыс ұйымдастыратын қолданбалы программалардың барлығы орталық компьютерге орналастрылып, жұмыс жасайтын. Компьютерлік желіліердің дамуы мен кең таралуы ДБ-сын ұйымдастырудың жаңа архитектуралық принциптерінің дамуына әкелді. Жергілікті желілердің кең қолданылуы ресурстарды бөлу мүмкіндігін береді. Осыған орай жергілікті желіде жұмыс станциялары мен серверлерді бөліп қарастырылады. Жұмыс станциялары пайдаланушылардың қолданылуына арналған сәйкесті жергілікті ресурстардан тұрады. Жергілікті желі сервері желі қажеттіліктері мен функционалды қызметіне сәйкес ресурстарды қамтиды. Жергілікті желі сервері жұмыс станцияларын және басқа да серверлерді ресурстармен (қызмет көрсету) қамтамасыз етеді. Қандай да бір сұраныс беретін компьютер клиент деп, ал пайдаланушыларға қызмет көрсететін компьютер сервер деп аталады. Серверге мыналар мысал бола алады: · жергілікті желі арқылы сыртқы ортамен байланыс орнату қызметін көрсететін телекоммуникация сервері; · жұмыс станцияларында жүзеге асырылмайтын есептеулерді орындауға мүмкіндік беретін есептеу сервері; · басқа жұмыс станциялары мен серверлерге де пайдалануға беру мүмкіндігі бар, сыртқы жадының кеңейтілген ресурстары бар дискілік сервер; · барлық жұмыс станциялары үшін файлдардың сақталу орталығымен байланысты қамтамасыз ететін файлдық сервер; · жергілікті желіліерден сұраныстарды қабылдап, нәтижелерін қайтарып отыратын Деректер базасы сервері. Файлдық сервер архитектурасы. Файлдық сервер архитектурасы ДББЖ-ң орталықтандырылған архитектурасын көп пайдаланушылық режимі бағытында дамытуға мүмкіндік беретін негізгі бағыт болып саналады. Мұндай жүйесінде ДББЖ бір мезетте бірнеше компьютерде орналасып, жұмыс жасай алады, ал ДБ жекелеген файлдарда файлдық серверде орналасады. Пайдаланушы ДББЖ арқылы файлдық сервердегі ДБ-на сұраныс жібере алады. Ал Файлдық сервер сұранысқа сәйкес мәліметтер блогын жібереді. Бұл архитектураның кемшілігі болып жоғары желілік трафик (желі бойымен бүтін файлдар жіберілуі жылдамдықты азайтады) және мәліметтерді пайдалану қауіпсіздігінің төменгі деңгейде болуы саналады.
4.Есеп. Нөл және бірлерден тұратын А(4,3) матрицасы берілген, ондағы нөлдер мен бірлердің санын табыңдар. procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject); const n=2; const m=3; var x:array[0..n,0..m] of integer; i,j,k,z:integer; begin begin z:=0; k:=0; for i:=0 to n do for j:=0 to m do StringGrid1.Cells[0,0]:=inttostr(0); StringGrid1.Cells[0,1]:=inttostr(0); StringGrid1.Cells[0,2]:=inttostr(1); StringGrid1.Cells[0,3]:=inttostr(1); StringGrid1.Cells[1,0]:=inttostr(0); StringGrid1.Cells[1,1]:=inttostr(1); StringGrid1.Cells[1,2]:=inttostr(0); StringGrid1.Cells[1,3]:=inttostr(1); StringGrid1.Cells[2,0]:=inttostr(1); StringGrid1.Cells[2,1]:=inttostr(1); StringGrid1.Cells[2,2]:=inttostr(1); StringGrid1.Cells[2,3]:=inttostr(1); end; for i:=0 to n do for j:=0 to m do x[i,j]:=strtoint(StringGrid1.Cells[i,j]); for i:=0 to n do for j:=0 to m do if (x[i,j]=1) then z:=z+1; for i:=0 to n do for j:=0 to m do if (x[i,j]=0) then k:=k+1; Memo1.lines.add(inttostr(z)); Memo1.lines.add(inttostr(k)); end; end.
БИЛЕТ № 1. Ақпараттық жүйені тұрғызуды ұйымдастыру, техникалық жоба кезеңдері 2. Массив түрлері және оның сипатталуы. 3. Реляциялық алгебраның негізгі амалдары. 4. Есеп. А(4,5) матрицасының теріс элементтерінің санын және көбейтіндісін есептеңдер. 1.Ақпараттық жүйені тұрғызуды ұйымдастыру, техникалық жоба кезеңдері Бөлім Түсіндірме қағаз - жүйені өңдеу үшін алғышарттар; өңдеуші ұйымдар тізімі; объектілердің басқа объектілермен байланыстарының және функциялануының техника – экономикалық көрсеткіштері көрсетілген қысқаша мінездеме; негізгі жобалық шешімдердің функционалдық және қамтамасыз ететін жүйе бөліктері туралы қысқаша мәліметтер; Жүйенің функционалдық және ұйымдастырушылық құрылымы жүйешелердің құрылуы, олардың қолданылуы мен мақсаты; құрылымы жөнінде қысқаша мінездемесі бар, әр жүйешеде шешілетін есептер; жүйешелер мен есептер арасындағы ақпараттық байланыстар схемасы; Есеп қойылымы және оның шешілу алгоритмі есептің организациялы – экономикалық құрылымы (атауы, есеп шешу мақсаты, қысқаша мазмұны, әдістері, есептің шешілу уақыты мен жиілігі, жинау және беру әдістері, есептің басқа есептермен байланысы, есеп нәтижесін қолдану); экономикалық – математикалық есеп моделі; кіріс ақпараты; нормативті – анықтамалық ақпарат (НАА); басқа есептермен байланыс құру үшін сақталатын ақпарат; берілген есептің келесі шешімдерін жинайтын ақпарат; өзгерістер енгізетін ақпарат; есеп шешу алгоритмі; тексеру мысалы; Ақпараттық база ұйымдастырылуы Ақпараттың келу көздері мен оның берілу әдістері; жүйеде қолданылатын көрсеткіштер; құжаттар құрылымы, уақыты мен түсу жиілігі; НАА фондының негізгі жобалық шешімдері; НАА құрылымы; НАА массивтерінің жиынтығы; НАА – ң элементтерінің байланыстар сипаттамасы бар структура; сақтау, іздеу, өзгерістер енгізу және тексеру әдістері; НАА – ң ақпарат көлемін және ағымын анықтау; НАА – қа өзгерістер енгізу бойынша тексеру мысалы; құжаттарды унификациялау жөнінде ұсыныстар; Құжаттар формасының альбомы Математикалық жабдықтау жүйесі математикалық жабдықтау структурасын дәлелдеу; программалау жүйесін таңдауын дәлелдеу;
Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 636; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |