КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Осымшаларды программалау ерекшеліктері. 2 страница
4) Жетілдіру кезеңі. Деректер қорлары технологиясы дамуда. Бұл үрдіс деректер қорын пайдалану ақпаратты параллельді түрде өңдеудің және мәліметтер қорларының бүтіндігін сақтау мүмкіндігін қамтиды. Біздің заманымыз келесі бағыттармен белгіленеді: • Сараптау желі элементтерін өз жұмыс барысында пайдаланатын деректер қорлары маңызды орын алуда; • деректер қорлары білімдер базаларына қайта құрылуда және пайдаланушылар интерфейсінің деңгейі жоғарылауда; • деректер қорларын қолдану салаларын кеңейту үшін нысандарға манипуляция орындау үшін тек символдық мәндер ғана емес, суреттер, дыбыстар, графика, көптеген мультимедиялық нысандар да белгіленеді; • техникалық жабдықтардың функционалдық мүмкіндіктері дамуда, ол «кристаллға бағытталған мәліметтер қорлары» түсінігіне байланысты және ақпаратты өте үлкен көлемде сақтауға мүмкіндік береді.
4. 10 элементтен тұратын тізбектегі оң элементтер санын есептеңдер. #include <stdio.h> #include <conio.h> #define nmax 10 void main(){ int z[nmax]; int i; int k=0; clrscr(); printf("Input Z[10]:\n"); for (i=0;i<nmax;i++){ printf("z[%d]=",i); scanf("%d",&z[i]); } for (i=0;i<nmax;i++){ if (z[i]>0){ k=k+1; } } printf("\nOndelgen massiv \n"); printf("\nOn elementer sani = %d\n",k); getch(); }
БИЛЕТ №
1. Деректер қорының қойылатын талаптар. Деректер қорының негізгі компонентері 2. Жүйенің агрегаттық сипаттамасы, үзікті-Марковты агрегат, үзікті-үзіксіз агрегат, үзікті- сызықты агрегат. 3. Функция анықтамасы және оның сипатталуы. 4. Есеп.Z(10) массивіндегі оң элементтердің қосындысын есептеңдер.
1. Деректер қорына қойылатын талаптар. Деректер қорының негізгі компонеттері.
Деректер қоры (database) - ол өзі бір немесе бірнеше қор астарынан тұрады (файлдар, кестелер, массивтер), олардың әрқайсысы өзінің агенттік қорларынан тұрады (құжаттар, жазбалар) жазбалар өздеріне ішкі аттар береді (ISN-intemel sequential number, ЖІН-жазбаның ішкі номері, SDN-Sequential document number және т.б.). Деректер қоры келесі компоненттерден тұрады: • Алғашқы мәліметтерден тұратын файл (мәтін, бинарлы мәлімет), яғни өңдеуге, іздеуге болатын жеке нысандардан тұрады. • Екіншілік ақпараттан тұтатын файл (регистрациялық карта, библиографиялық реестр) алғашқы элементтерді сипаттайды. Анықтамалық файлдың негізгі түрі болып классификатор, кодификатор, тезауристер табылады. Олар мәліметтер қорындағы ақпараттың толықтылығын, тиімділігін қамтамасыз етеді. • Индекс-нысанның мекен-жайын, нөмірін оның мазмұнын байланыстыратын файл. Ол мәліметтер қорындағы іздеу мен сұранысты жеңілдететін инверстік тізімнен және жиілікті сөздіктен тұрады. • Мәліметтер сөздігі-деректер қорының құрамы қажетті дәрежеде құрылған анықтамалардан тұратын файл. Яғни құжаттар, жазбалар, мәліметтер агрегеты, оның аттары, типтері және құрылымы оларды өңдеудің әдістерінен құралады. Деректер қорына төмендегідей талаптар қойылады: • деректер қорының мазмұнын көшіруді болдырмау немесе азайту; • пайдаланушы топтардың құқықтары мен талаптарына сәйкес, мәліметтер қорының жекелеген ақпараттық элементтерге енуін жеделдетуді қамтамасыз ету; • үнемі өсіп отыратын талаптарды қанағаттандыру үшін мәліметтер қорының кеңейтілу мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету; • тек қана дұрыс, алдын ала тексерілген ақпараттарды пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, мәліметтер қорының тұтастығын сақтау; • мәліметтер қорының, тұтынушылардың жекелеген категорияларының жұмыс сітеуіне қажетті, белгілі бір ақпараттық элементтерге енуіне ғана рұқсат; • қорға енуді, мәліметтер қорына ақпараттар қосу мен түзетуді тек қана авторлық құқығы бар тұтынушылардың орындауы; • мәліметтер қорын пайдаланушылардың талабына сәйкес, мәліметтер элементтерін, түзету, бейнелеу және есептеу құрылғыларын құрудың қарапайымдылығын қамтамасыз ету;
2 Агрегаттық жүйелер (А-жүйелер) класына күрделі жүйелер жатады. Ол жүйелердің әрбір элементі агрегат болатындай элементтерден құралады. А-жүйелері – қойылған мақсаттарға дәл жетуде барлық элементтері агрегаттар түрінде қалыптасқан шынайы – түп нұсқалы жүйелер үлгісі. Арегаттардың өзара әрекеттерінің үлгісі агрегаттар арасындағы сигналдарды өткізіп беруді жабдықтайтын байланыс арналарының желісін білдіреді. Айталық, N агрегаттан тұратын жүйесі берілсін және келесі ұйғарулар ендірілсін: сигналдарды сипаттау үшін шынайы ақпараттың ерекшелігімен анықталатын сипаттамалардың қандай да бір шектеулі жиынтығы жеткілікті болсын. (4), (5) формулаларымен анықталатын j – ші агрегаттың векторларының компонентері қарапайым сигналдар болсын, яғни: және. А-жүйеісіне сигналдар бір-бірінен тәуелсіз түрде байланыс арналары бойынша беріледі. Кез келген агрегатының енуі сигналдарын қабылдайтын, болатын енуші байланыстарынан тұрады. Осыған ұқсас, агрегатының шығуы сигналдарын шығарып беретін, болатын шығу байланыстарынан тұрады, мұндағы. Бұл жағдайда сигналдар арналар арқылы жылдам мезетте және бұзылмай өткізіледі және кез келген агрегаттың ену байланысы арқылы тек бір ғана арна іске қосылып, ал кез келген агрегаттың шығу байланысына кез келген шектеулі сандағы арналар іске қосылуы мүмкін, әрі ондағы агрегаттық жүйе – агрегат деп есептеледі. Жүйенің сыртқы ортамен байланысы сыртқы орта мен жүйе элементтері арасындағы сигнал алмасуы ретінде қарастырылады, яғни сыртқы орта тұрақты белгіленген агрегат ретінде сипатталады. Ондағы ену болатындай ену байланыстарынан, ал шығу болатындай шығу байланыстарынан тұрады. шығу байланыстары сигналдарын береді де, ал ену байланысы болатын сигналдарды қабылдайды. Сондықтан, А – жүйесінің әрбір - агрегатын (мұндағы) сигналдармен алмасу механизмі туралы қабылданған ұйғарылым көлемінде ену-шығу байланыстарының жиынымен сипаттау жеткілікті. Демек, және жиындар жұбы – жүйенің агрегаттары түйіндесуінің математикалық үлгісі болады. Бұл ұйғарылым бірмәнді R операторын А – жүйесіндегі агрегаттардың түйіндесу операторы ретінде ендіруге мүмкіндік береді, яғнижәне жиындарының бірігуі мен R операторы А-жүйесінде агрегаттардың түйіндесуінің нобайын береді. R операторы әдетте А-жүйесінің (j) нөмірлі агрегат бағанасымен (i) нөмірлі ену байланысы қатарының қиылысуындағы (j,l) сандарының жұбы орналасқан кесте түрінде беріледі, мұндағы (j) – элемент нөмірі және (l) - ену байланысы жалғанған шығу байланысының нөмірі. А-жүйесінің бейнесі үшін R операторы. R операторының кестелік түрі үлкен көлемді және көріксіз болғанымен, ол бағытталған графтың іргелес матрицасын, ал оның қабырғалары – элементар арнларды бейнелейді. Бұл жағдай, графтар теориясының әсерін сыртқы орта мне жүйе элементтерінің ену мен шығу контактілерінің арасындағы байланыс құрылымын меңгеруге мүмкіндік береді. А-жүйесі элементтері үшін барлық жиындардың бірігуі және сыртқы ортамен бірге R операторы – каноникалық түрдегі А- жүйесі элементтерінің түйіндесу схемасы деп, ал R операторы – түйіндесу операторы деп аталады. Каноникалық түрдегі түйіндесу схемасы имитациялық алгоритмдерді тұрғызуда немесе контакт және элементар арналар түсінігіне негізделген, күрделі жүйелердегі түйіндесу құрылымдарын меңгеруге байланысты кез келген есептерді шешуде қажет. Дегенмен, түйіндесу схемасының каноникалық түрінен де басқа, қолданылуы мүмкін түрлер бар. Мысалы, шынайы түрді атауға болады. Түйіндесу схемасының шынайы түрін қолдану барысында, үлгілеу есептерінің шешімдері мен күрделі жүйелерді талдау ықшамдатылады. Сонымен, агрегат – жалпы түрде сигналдармен алмасатын дискретті механизмі бар динамикалық жүйені бейнелейді. Айталық, А – жүйесі тек жалпы түрде агрегатты ғана емес, сонымен бірге агрегаттың дербес жағдайын - G/ - ты да қамтысын делік. Осындай агрегат кезекті шығу сигналдарыныңмезетін өзі өңдеп жасамайды, тек ену сигналдарын алған мезетте ғана шығу сигналдарын береді. Бұл агрегаттың шығу сигналын беретін мезет пен ену сигналын алатын мезет болатын t мезеті уақытысындағы жағдайы теңдікпен анықталады да, ол инерциясыз агрегат деп аталады. Ал жалпы агрегаттар инерциялы деп есептелінеді. А – жүйесі үлгілеу барысында өзінің динамикалық қасиетін өзгерте алатындай агрегаттарды қамтысын делік, яғни, инерциялық агрегаттар қандай да бір уақыт мезетінде инерциясыз агрегаттар қасиетіне ие болады.
3 Функция анықтамасы және оның сипатталуы. Функцияны баяндау сияқты оны анықтау кезінде де екі стильді қолдануға болады - классикалық және қазіргі. Функцияны анықтаудың классикалық форматы келесідей: Тип функция_аты (параметрлер аты) параметрлер анықтамасы;{ локалдық баяндау; операторлар; } Қазіргі стиль баяндалу форматы функция атынан кейін тұратын жақша ішіндегі функция параметрлерінің анықталуын қарастырады. Тип функция_аты(парамақпар, парам_ақпар,...); Бұндағы, параметр анықтамасы парам_ақпар - берілетін параметр (тип және идентификатор) туралы ақпаратты сақтайды. Функция ішінде (maіn() басты функциясынан басқа) тұрған баяндаулар тізбегі (константалар, мәліметтер типі, айнымалылар) тек осы функция ішінде анықталады. Сондықтан Си тілі ішкі циклдерді қамтымайды, яғни бір функция басқа функцияның ішінде баянала алмайды. Функциялар программа ішінде әр түрлі ретте тұра береді және программаның барлық жеріне глобальды деп есептеледі, сосын қолданылмай тұрып баяндалған енгізілген функцияларды қосқанда да. Функцияны шақыру функция аты және жақша ішінде аргументтері бойынша жүзеге асырылады. Функцияның орындалу нәтижесі return операторы көмегімен қайтарылады. Жалпы түрі: Return (өрнек); Оператор функция жұмысын аяқтайды және басқаруды шақырған программадағы келесі операторға береді. Бұл return операторы функция денесінің соңғы операторы болмаса да, орындалады. Return операторын мына түрде қолдануға болады: return; return 0; Функция анықталуы атымен, формалды параметрлерімен және функция денесімен ерекшеленеді. Ол тағы да қайтаратын мәнінің типі және функцияның жады класы бойынша ерекшеленеді. Функцияны анықтау синтаксисі келесідей: [<ЖК түрі>][<тип түрі>]<сипаттаушы>([<параметрлер тізбегі>])[<параметрлерді баяндау>]<функция денесі> Жады класының түрі <ЖК түрі> функцияның жады класын береді. <Тип түрі> сипаттаушымен бірге қайтаратын мәннің типін және функция атын анықтайды. <Параметрлер тізбегі> өз кезегінде функцияны шақыру кезінде мәні берілетін формалды параметрлер атынан тұратын тзбек (бос болуы мүмкін). <Параметрлерді баяндау> формалды параметрлердің типтерін және идентификаторларды береді. <Функция денесі> - жергілікті айнымалыларды баяндаудан және операторлардан тұратын құрамды оператор. Қазіргі құрылымы: [<ЖК түрі>][<тип түрі>]<сипаттаушы>([<параметрлерді баяндау тізімі>])<функция денесі> 4 Z(10) массивіндегі оң элементтердің қосындысын есептеңдер. #include <stdio.h> #include <conio.h> #define nmax 10 void main(){ int z[nmax]; int i; int s=0; clrscr(); printf("Input Z[10]:\n"); for (i=0;i<nmax;i++){ printf("z[%d]=",i); scanf("%d",&z[i]); } for (i=0;i<nmax;i++){ if (z[i]>0){ s=s+z[i]; } } printf("\nOndelgen massiv \n"); printf("\nOn elementer kosindisi = %d\n",s); getch(); }
БИЛЕТ № 1. Ақпараттық жүйелерді сипаттау әдістері, каноникалық түрде көрсету. 2. Объектілі-бағытталған ортадағы жобаның негізгі файлдары. 3. Деректер қоры қызметіндегі мәліметтер қорының ролі. 4. Есеп. X(12) массивіндегі оң элементтер орнына “1”, ал теріс элементтер орнына “0”-ді жазыңдар.
1 Экономикалық ақпаратты құрылымдаудың логикалық әдісі олардың атқарымдық қолданысына байланысты келесі құрылымдық бірліктерді ерекше атап көрсетуге мүмкіндік береді: деректеме, көрсеткіш, құжат, ақпараттық хабарлама, ақпараттық ауқым (файл), ақпарттық ішкі жүйе және ақпараттық жүйе. Деректемелер – сандар және әріптер – белгілерден тұратын, мағыналық мәні бар және ары қарай бөлінбейтін ең қарапайым бірлік. Деректемелер өзінің қолданысы бойынша бірмәнді емес әрі объектінің сапалық жағын көрсететін деректеме-белгілерге, мысалы, материалдардың атауларына және объектінің сапалық жолдарын сипаттайтын деректеме-негіздерге, мысалы, материалдың саны, сомасы, көлемінің мөлшері, ұзындығы және т.б. бөлінеді. Деректеме-белгілер логикалық өңдеуге (сұрыптауға, топтастыруға, іздестіруге), ал деректеме-негіздер арифметикалық өңдеуге жатады. Бір негіздің және оған жататын барлық белгілердің үйлесімі көрсеткішті құрайды. Көрсеткіш дегеніміз – бейнеленетін құбылыстың сандық және сапалық сипаттарын қамтитын логикалық ой. Осы анықтамаға сүйене отырып, жоғарыда келтірілген мысалда екі көрсеткіштің бейнеленгені байқалады. Әр көрсеткіштің көп мәні болады және олар өзінің алгоритмі бойынша шешіледі. Құжат көптеген деректемелерді қамтитын және объектінің, үдерістің, құбылыстың белгілі бір сандық және сапалық (немесе тек қана сапалық) сипаттамаларын беретін ақпараттың құрамдас бірлігі болып табылады. Әрбір экономикалық міндет құжаттардың белгілі бір нысанымен және ондағы көрсеткіштер жүйесімен сипатталады. Құжат қағаз түрінде болады. Ары қарай машинаның жадында біртекті құжаттар (ақпараттық хабарламалар) ақпараттық файл – экономикалық міндеттерді автоматты өңдеген кезде ақпараттарды компьютер жадында сақтаудың негізгі құрылымдық бірлігі болып қалыптасады Ақпараттық файлдардың түрлі атқарымдық қолданыстары бар. Мысалы, файлдар шартты-тұрақты, өзгермелі, кіру, аралық, нәтижелік, архивтік және басқа ақпараттар болып бөлінеді. Файлдардың бір бөлігі тек бір міндетті ғана, ал басқалары – бірнеше міндетті өңдеу үшін пайдаланылады. Әдетте, экономикалық міндетті автоматты өңдеуге өте көп ақпараттық файлдар қатысады. Морфологиялық сипаттаудың атқарымдық сипаттаудан ерекшілігі ол жүйенің құрылымы, элементтік құрамы,олардың араысындағы байланыстың бар екенін қарастырады. Жүйенің атқарымдық және морфологиялық сипатын өзара тоқайластырғаннан кейін оның ақпараттық сипаттауы беріледі. Ақпараттық сипаттау бұл жүйенің ақпараттық бейнесі яғни ақпарат жүйесінің тұрғызылуы және сипатталуы болып табылады. АЖ-ді кноникалық түрде көрсету жүйелердің өмірлік циклының каскадтық моделіне негізделген. Каноникалық жобалау кезеңдері және процестері ГОСТ 34601-90 стандарттарына негізделген. Автоматтандыруға арналған объектілер және шешілетін мәселелер күрделілігіне байланысты. АЖ- тұрғызу кезеңінде каноникалық, яғни идеал модель алу. Ол модель тапсырыс берушінің талаптарына сай болуы керек. АЖ- агрегаттық сипатталуы. Агрегаттық ақпарат жүйесі – біріктірілген АЖ. АЖ-ң моделі – ол барлық осы заманғы кездесетінк күрделі объектілердің қай элементін болсада қамти алады деп айтуға болмайды. Сондықтан өте күрделі жүйелердің бврлық элементтерінің математикалық бейнесі бір сипатта болу үшін агрегат пайдаланылады. Агрегат деп Т, Х, Г, Ү, Z жиындарымен және H, G операторларымен бейнеленетін объекті аталады.
.2 Объектілі-бағытталған ортадағы жобаның негізгі файлдары. Delphi 7 ортасын - дайын жобаның әр түрлі бөлімін құрастыруға жауап беретін, арнайы программалар жиынтығы кіретін, интегралданған жобалау қабықшасы ретінде қарастыруға болады.1- Негізгі меню; 2- Объектілер инспекторы; 3-Формалар инспекторы; 4- Сілтеме; 5- Жобалау формасы; 6-Редактор терезесі. Негізгі терезе. Бұл терезе менюден, құрал-саймандар панелінен, компаненттер палитрасынантұрады. Негізгі терезедегі меню Windows-тің стандартты менюіндей және жоба файлдарымен жұмыс жасау үшін, жобаны жүктеуге, тоқтатуға, қосымша утилиттерді тіркеуге, баптауға пайдаланылады.Негізгі терезедегі құрал-саймандар панелі көбіне негізгі меню пункттеріне жылдам қол жеткізу үшін керек. Объектілер инспекторы (Object Inspector) терезесі– объектінің қасиеттерін анықтаушы терезе. Объекті қасиеттерінің мәндерін осы терезеде беруге болады. Визуальды жобалау терминалогиясында объектілер – сұхбат терезелер және басқару элементтері (енгізу және шығару өрістері, командалық түймелер, қосқыштар және т.с.с.). Объект қасиеті – объектінің түрін, орналасуын және іс-қимылын анықтайтын сипаттамалар. «Объектілер инспекторы» терезесі екі қалташадан тұрады: Properties ерекшеленген (выбранного) объектінің қасиеттер тізімін көрсетеді; Events ерекшеленген (выбранного) объектіге байланысты оқиғалар тізімін көрсетеді, ол оқиғаларға арнап өңдеуші жазуға болады. Жобалау формасы. Delphi ортасында жаңа жоба құрғанда қажетті компаненттерді орналастыру үшін автоматты түрде Form1 деген атаумен жаңа форма құрылады. Жаңа формамен бірге соған байланысты жаңа модул Unit1 құралады. Бұл модул программа кодын енгізу терезесінде бейнеленеді. Тілдің алфавиті және сөздігі Бос орынмен ажыратылмаған алфавиттегі символдар тізбегі сөзді құрайды. Сөз Delphi программасында қолданылады. Тіл сөздері бір-бірімен арнайы бөлгіштер арқылы ажыратылады (бөлінеді). Бұл бөлгіштер қатарына бос орын (пробел), жол соңы белгісі (символ), түсініктемелер және басқада символдар жатады. Delphi-дегі барлық сөздерді үлкен үш топқа бөлуге болады: Тіркелген сөздер (Зарезервированные слова-reservedwords); Директивтер (directives); Идентификаторлар(identifiers); Тіркелген сөздер – тікелей Delphi тіліне енгізілген сөздер. Бұл сөздерді программист қайта анықтап немесе идентификатор ретінде пайдалана алмайды. Директивтер - Delphi тіліндегі бұл сөздердің арнайы мағынасы бар, бірақ тіркелген сөздерден айырмашылығы программист бұл сөздерді идентификатор ретінде пайдалана алады. Тіл компиляторы бұндай идентификаторды директивтерден кез келген жағдайда ажырата алады. Идентификаторлар - тұрақтыларды, айнымалыларды, өрістерді, типтерді, қасиеттерді, процедураларды, функцияларды, программаларды, модулдерді, кітапханаларды және пакеттерді анықтау үшін қолданылады. Бұл сөздерге программист жасаған және алдын ала анықталған сөздер де жатады.
3 Деректер қоры қызметіндегі мәліметтер қорының рөлі. Деректер қоры қызметінде мәліметтер қорының рөлі зор. Өйткені деректер қоры мәліметтер қоры негізінде жұмыс жасайды. Ақпараттарды сақтау — компьютердің маңызды функцияларының бірі. Осындай сақтаудың кең таралғандарының бірі мәліметтер қоры. Мәліметтер қоры — бұл белгілі бір тұрғыда құрылған, ақпараттарды қамтитын арнайы форматтағы файл. Көптеген мәліметтер қоры кестелер түрінде беріледі. Біздің білетініміздей, кестелік құрылымда мәліметтердің мекен жайы бағандар мен жолдардың қиылысуы арқылы анықталады. Мәліметтер қорында бағандар өрістер деп, ал жолдар жазбалар деп аталады. Өріс мәліметтер қорының құрылымын жасаса, ал жазбалар ондағы бар ақпараттарды құрайды. Мәліметтер қорының құрылымы түсінігін жеңіл меңгеру үшін, ең алдымен ешқандай мәліметтері жоқ бос қорды қарастырамыз. Бұл жерде ешқандай қордың болмауына қарамастан, бәрібір онда ақпарат болады. Бұл қордың құрылымы, яғни өрістер жиынтығы. Олар бұл қорға нелердің, және қандай түрде жазылатындығын анықтайды. Деректер қорларында мәліметтер қорының арқасында көптеген әртүрлі ақпараттарды жинауға және жүйелеуге, таңдап алынған (немесе алдын ала берілген) критерилерге сәйкес келетін обьектілерді іздеу мен сорттауға, мәліметтерді енгізуге арналған формалар құруға, сол сияқты қолда бар жазбалардың негізінде жасалынған есептерді түрлендіруге мүмкіндік аласыз. Кез келген мәліметтер қоры үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтауға арналған құрылымдар жиынтығын, сол сияқты мәліметтерді басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалық модулдер жиынтығын құрайды. Мәліметтерді басқару дегеніміз таңдау, сорттау, тұжырымдау, сол сияқты басқа да іс әрекеттерді жүзеге асыру. Мәліметтер қоры құрылымының тұтастай жиынтығы да бар, олардың көмегімен кестедегі мәліметтер өңделеді. Мысалға, формаларды пайдалана отырып, сіз көрінетін ақпаратқа форматталған енуді жүзеге асыра аласыз. Алдын ала жасалынған сұраныстарды пайдалана отырып, алдын ала анықталған шарттарға жауап беруші, мәліметтерді таңдау жүргізіледі. Есептер әртүрлі деңгейлердегі тақырыптарды қамтитын, жазбалардың форматталған тізімдерін шығаруға (экранға немесе принтерге) арналған. Мәліметтер қорының схемасы — бұл өрістер мен кестелер арасындағы байланыстар құрылымы.
4 X(12) массивіндегі оң элементтер орнына “1”, ал теріс элементтер орнына “0”-ді жазыңдар. #include <stdio.h> #include <conio.h> #define nmax 12 void main(){ int x[nmax]; int i; clrscr(); printf("Input X[12]:\n"); for (i=0;i<nmax;i++){ printf("X[%d]=",i); scanf("%d",&x[i]); } for (i=0;i<nmax;i++){ if (x[i]>0){ x[i]=1; } else{ x[i]=0; } } printf("\nOndelgen ma ssiv \n"); for (i=0;i<nmax;i++){ printf("X[%d]=%d ",i,x[i]); } getch(); }
Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 1276; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |