Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Егер мен сынып жетекшісі болсам» эссе жазу. 8 страница




Егеменді Қазақстан Республикасында балалар ұйымдары өздерінің жұмыстарын мектептермен ынтымақтастырып жүргізуде. Республикамызда болып жатқан демократиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық, экологиялық өзгерістердің қозғалысына олардың да қатысы бар. Міне, осы тұрғыдан Қазақстан Республикасы өзінің ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына сүйене отырып, жастардың қоғамдық ұйымдарының іс-әрекеттерін жаңа демократиялық талаптарға сай ұйымдастыруды қажет деп тапты.
Біздің Республикамыздағы жастар мен балалар ұйымдарының Одағы - ерікті, өзін-өзі басқаратын қоғамдық, көп ұлтты балалардың, жеткіншектердің және үлкендердің ұйымы. Олардың мақсаты - қоршаған дүниені тану және жақсарту үшін әрбір ұланға көмектесу, өз Отанының қадірлі азаматы етіп өсіру. Ұран «Отан үшін, жақсылық және әділдік».

Жастардың қоғамдық ұйымдарының танымдық және тәрбиелік іс-әрекеттерінің маңызы өте зор. Сондықтан, қоғамдық өмірдің барлық өрісінде болып жатқан өзгерістерді есепке алып, балалар қозғалысының одан әрі дамып жетілуіне жоғары, орта оқу орындары, спорттық ұжымдар, мемлекеттік, коммерциялық, мәдени-ағарту мекемелері, кәсіпорындары, ауыл шаруашылық ұйымдары үнемі көмек көрсетіп отырулары тиіс.

2. Жастар қозғалысы: балалардың қазіргі ұйымдары мен бірлестіктері.

Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүрмейтіні анық. Себебі, оның жан дүниесі тек айналасымен қарым – қатынас жасау үстінде, тәлім – тәрбие, оқу- іздену арқылы әр кез белгілі бір мазмұнға ие болып отырады. Сондықтан да, оның айналасатын іс- әрекетіне қоса, бүкіл тыныс тіршілігіне, ұстанған бағытына себеп болатын түрткілер көп. Солардың бастылары: қызығушылығы, танымы мен сенімі, мұраты мен талғамы, мақсаты мен мүддесі. Адам баласына ой салатын осындай әртүрлі ұғымдар санаға ұяласа ғана сенім пайда болады. Адамның бір – біріне сенімі жоғалса, тіршілігінің де мәні борлмайды. Сенім адамға бірден келмейді, ол өмір көріністерін топшылау, салыстыру, тәрбие жинақтау арқылы еінші жаққа өз тағдырын тапсырады.

Сенім – адамның ерік жігерін, оның бір – біріне қарым – қатынасының қандай екенін дәлелдейтін ұғым. Ендеше, баланың берік сенімі болмаса, онда бір – біріне ынтымағы жа жойылады. Сенімсіздік болған жерде топ ыдырайды, іс – әрекет құлдырайды. Балалар бір- біріне сенген жағдайда ғана, қоғамға пайдалы үлкен іс атқаратын ұйым құра алады. Ондай іс-әрекетті балалар қозғалысына жатқызуға болады.

Іс- әрекет сыртқы ортакмен байланыс жасаудың, жалпы тіршілік етудің негізгі шарты. Ол – адамның түрлі қасиеттеріне, мақсатына жетьуге жан – жақты көмек беретін күш. Соған сәйкес, оның нақты мақсаты мен міндетт\і, орындау жолы туралы бағыт беретін жоспары болады.

Олай болса, балалардың және жас жеткіншіктердің дамуында маңызды фактор – құрбылар қауымдастығы. Бала өзінің құрбыларымен қарым – қатынасында қосымша мағлұматтар алады, өмірлік тәжірбиесін молайтады, әлеуметтік мінез – құлық ережелері мен құндылық бағдарды менгереді, жолдастық пен достық сезімін қалыптастырады т.с.с. Сондықтан да тәрбие теориясы мен әдістемесінде балалар қозғалысын - тұлғаны дамудың маңызды факторы ретінде оған айрықша маңыз береді. Біріккен Ұлттар Ұйымының баланы қорғау Конференциясына сәйкес олардың жас мөлшері 7 – 18 деп қарастырылған.

Жастар қозғалысына назар аударсақ, ол – дүние – жүзінің барлық халықтарында болып, іске асатын қозғалыс заңы. Қайсы бір қозғалыс болмасын, ол белгілі бір мүддені көздейді.

Кеңес одағының тарауымен, соған сәйкес 1990 жылы Біродақтық пионер слетінің шешіміне орай балалар мен жас жеткіншіктердің қоғамдық қозғалысының формасы мен басқару өкілдігі тоқтатылды. Біздің елде пионер және комсомол ұйымдарының өз жұмыстарын тоқтатуы салдарынан, балалар қозғалысы белгілі бір уақыт аралығында құлдилау жағдайында болды. Ол мектепте және балалар ортасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру жүйесіне кері әсерін тигізді.

Бүгінде жағдай өзгеруде. Көптеген облыстарда балалар қозғалысы күш алуда, оны ұйымдастырудың әдістемесі және мазмұны жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы, Алматы облысы әкімшілігінің қолдауымен құрылған «Мың бала қозғалысы» осы бағытта балаларға үлкен тәрбиелік ықпал етіп, өнегелік іс шаралар атқаруда.

Қазіргі кезлдегі балалар қозғалысы жаңа жағдайға байланысты принциптік тұрғыдан өздерінің жұмыстарын ұйымдастыруда еркі, өзін өзі басқаратын қоғамдық негізде жұмыс істеуде. Әрине, бұл тұрғысында мемлекет тарапынан қолдауға ие болғанымен де, өз әрекеттері барысында олар әлеуметтік жеке мәртебеге ие болды. Соған сәйкес, балалар мен жас жеткіншектердің өз қалауы бойынша ұйымдастырылып жатқан бірлестіктерінің мақсаттары – олардың өмір сүріп отырған қоғамның азаматы болып қалыптасуына жағдай тудыру, ол үшін олардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыруды көздейді.

Өзінің бұрынғы өткен тарихында, балалар мен жас жеткіншектер қозғалысы XX ғасырдың бастапқы кезеңінде «Скауттер» деген атпен тұңғыш рет дүниеге келді(шамамен 1907 жыл). Оның негізін қалаған ағылшын полковнигі Р.Баден – Поуэлл (1857-1941)болды.

Скаутизм – ағылшын тілінде SCOT, яғни «барлаушы» деген ұғымды білдіреді. Оны құрудағы негізгі мақсат – балалар мен жас жеткіншектерді сол дәуірдегі үстем тап өкілдеріне берілгендік рухта тәрбиелеуді көздеді.

1921 жылы ол Ұлыбританияда, Германияда, Италияда, Францияда, Индияда өз жұмыстарын жалғастырса, ал 1972 жылы көрсеткіш бойынша оның таралуы 106 мемлекетті қамтыған. Ал Ресей жерінде 1909 жылы оның бірінші отрядтары құрылды.

Дегенмен де, 1917 жылы Ұлы Қазан жеңісінен кейін 50 мыңдық скауттар ұйымын құраған Ресей топырағында, 1918-1920 жылдардағы комсомолдардың 2,3 және 4 съездерінің шешімдері бойынша оның жұмыстары тоқтатылып, оның орнына жаңа балалар ұйымы, яғни пионерлер ұйымы құрылды. Ол – 19 мамыр 1922 жыл еді. Оның алдына қойған мақсаты – жас жеткіншектерді комунистік рухта тәрбиелеу болды. Содан бері 70 жылдау уақыт ішінде жастар қозғалысы октябрят, пионер, комсомол ұйымдары болып, кезең – кезеңмен коммунизм құрылысшыларын тәрбиеледі. Оның жетекшісі комсомол ұйымы болды.

Бүгінгі жағдайда Қазақстан елі үшін қызмет ететін балалар мен жас жеткіншектерді тәрбиелеуге қызмет ететін ұйымдарға – олардың қоғамдық негіздегі бірлестіктегі жатады. Олар 1980 жылдардың орта шенінде пайда болып, пионер ұйымдарымен қатарласа жұмыс істей келеді. Олардың қызметі негізінен 3 бағытты қамтиды:

1. Дамушылық қызметі. Ол тұлғаның азаматтық, адамгершілік қалыптасуын және оның әлеуметтік шығармашылық дамуын, адамдармен қарым қатынас жасау біліктігін, қоғамдық және тұлғалық маңызды мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

2. Бағыттаушылық қызметі. Мұнда адамгершілік, әлеуметтік, саяси және мәдени құндылық жүйесін меңгерудің бағытын қамтамасыз етуді көздейді.

3. Компенсаторлық қызметі. Бұл балалардың қажеттілігі мен қызығушылықтарын және мүмкіншіліктерін жүзеге асыру үшін жағдай тудыруды көздейді.

Бүгінде балаларбірлестіктері

- өзінің ұйымдастыру- құқықтық формасына (бірлестік, ұғым, қозғалыс, орталық, клуб)

- көлемі мен деңгейіне (пионер одағының ұйымы,республикалық Невада қозғалысы (Семей қаласы), аймақ аралық клуб.)

- әрекерттерінің мақсаты және мазмұнына (елжандылық, экономикалық, саяси, скауттық, пионер)

- әрекет ету бағдарламасына (Атамекен, Дәстүр, Жұлдыз, Ұлан, Азамат, Мың бала, Ата кәсіп т.с.с)

- құрылымына (буын, бригада, команда, отряд, дружина, клуб: ерлік мектебі, ынтымақ, кәсіпкерлер, шымырлар, салауат, ұландар клубы – бұлардың өздерінің ережесі, рәміздері болады)

- басылымдарына(газет, журнал,альманах, әдістемелік – хабаршы бюллетені);

- ұйымдастыру базасына(балалар бірлестіктері, жалпы орта мектептері, қосымша білім беру және мәдени мекемелер, клубтар, балалар үйі, тұрғылықты мекен – жайы);

- ұйымдастырушыларына (жетекші, лидер, вожатый, нұсқаушы, әлеуметтік педагог т.т) байланысты әр түрлі болып келеді.

1991 жылы Мәскеу қаласында Пионер ұйымдарының одағы құрылды. Ол демократиялық тұрғыдағы ерікті қоғамдық ұйым. Оның идеяологиялық бағыты – гуманистік, жалпы адамзаттық құндылықты ұстану және мақсат ету.

Негізгі міндеті – өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани жан дүниесін дамыту, жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеру мен әлеуметтік мағызды істерге тарту. Басымдық танытатын ұстанымдары (принциптері) – еріктілігі, тең құқықттылығы, өзін өзі басқаруы, заңдылықты сақтауы, жариялығы.

Қазіргі кездегі құрылып жатқан балалардың мұндай бірлестіктері бұрыннан қалыптасқан пионер ұйымдарының іс – тәжіребесіне арқа сүйеуде. Олардың теориялық – практикалық негіздерін қалаған Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский және И.П.Иванова.

2. «Мың бала» патриоттық қозғалысының бағдарламасы.

1. «Бірлік мектебі» Халықымыздың ерлік тарихын, жауынгерлік мектебін оқып үйренеді. Соғыс пен бейбітшілік мәселелерін зерттейді, сабақтар, конференция, семинарлар,кездесулер өткізеді.

2. Біз бейбітшілікті сақтаймыз. Бейбітшілік жақтайтын балалар іс – әрекетін ұйымдастырады, өзара қарым – қатынастар орнатады.

3. Мен ертеңгі жауынгер. Болашақтағы әскери өмірге үйретеді. Әскери сипаттағы жарыстар өткізеді. Әскери бөлімшелерге, шекара бекеттеріне таным жорықтар ұйымдастырады.

4. Тәні саудың – жаны сау. Денесін шынықтырып спорт түрлерімен айналасады. Басқа халықтардың қорғану әдістері, олардың түрлерімен танысады.

5. Салауат клубы. Салауатты өмір салты насихатталады. Арақ ішуге, темекі тартуға, нашарқорлыққа т.б. денсаулыққа зиянды әрекеттерге қарсы күрес жүргізеді.

«Мың бала»атты оқушы жастар ұйымының негізгі өнеге етіп ұстар тұтқасы, алатын жолы 15 жасар Сартай батырдың адамгершілдікпен отаншылдық ерлігі. Мың баланы басқарған «Сартай батыр» дастанында елжандылық, қазақ халқын бірлікке, татулыққа, өнерге,ерлікке шақыру жағы басым.

Сартай батырдың ерлігін дастан етіп жазған ақын Нұрмағанбет Қосжанұлы (1897-37 жыл) осы дастанды жазғаны үшін «Халық жауы»деп атылды. Дастандағы әр сөз тәрбиенің әр саласына арналған қасиетті тұмардай, кейіпкерлердің іс – әрекетті бір –бір тақырыптағы тәрбиелік көрініс. Болған оқиға үш ғасырға айналса да мазмұнын жоймаған. Қазіргі жастарға, ел басқарған әкім, қара басының қамын ойлап байыған қорғауларға арналғандай.

I-XI сыныптарға арналған «Атамекен»

Бағдаламасының мазмұны

(Мұхамед-Рахим Қыдырбайұлы)

«Атамекен» - Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу – тәрбие процестерінің өзіндік ұлттық, айшық ерекшеліктерін анықтайтын қазақ халқы педагогикасының тәлім – тәрбиелік ұстанымдарына негізделген ғылыми педагогикалық және методикалық бағдарлама.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – ұлттық өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, оқу – тәрбие жұмысының жаңа үлгісіндегі жұмысын жасау, балалар мен ересектерді біріктіретін «Атамекен» ордасын / штабын / құру. «Елім-ай» атты ұлттық – этнографиялық іскерлік, шығармашылық – көріністік ойындарын өткізу, өз туын ел таңбасын төсбергісін, ұлттық киім үлгісін, өзге рәсімдік – рәміздік белгілерді иелену, әрбір мектепте тарихи ұлттық – этнографиялық мұражайлар ашу.

Қызметі: «Атамекен» негізгі отыз шығармашылық бағыттан құралған. Онда халықтың салт дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, тарихы, этно-мәдениеті мен этностық тілдері, рухани игіліктерін қолдана отырып барлық ағарту – тәрбие процестері кешенді / комплексті / түрде қарастырылған. Шығармашылық бағыттарды толығынан жүзеге асыру үшін мектептерде, мектептен тыс мекемелерде педагогикалық жоғары оқу орындары мен училищелерінде және өзге құлшыныз танытқан орындарда іс – әрекет етуші «Атамекен» ордасы құрылды.

Орда төрағасы, орынбасарын, үш бірлестіктің жетекшілерін I-IV сынып «Балдырғандар ата - баба елінде» V-VII сынып «Мұрагер» және VIII-IX-XI сыныптар – «Мирас» бірлестіктерін құрып, толық шығармашылық жұмыстар жүргізеді.

Негізгі шығармашылық бағыттар

1. «Салт» бағытында – мұғалімдер, тәрбиешілер және оқушылар Қазақстан территроиясында тұратын қазақ және өзге де халықтардың бесік жыры, қыз ұзату, тұсау кесу, атқа шабу, ерулік беру, жерлеу және басқа да көп ғасырлық салт-дәстүр және әдет-ғұрыптармен кеңінен танысады, сондай-ақ жергілікті өлкені терең зерттеу бағытында шығармашылық-этнографиялық жұмыстарды белсенді түрде жүргізеді, фольклорлық материалдар жинастырады.

2. «Шежіре» бағытында – ересектер мен балалар қазақтардың тарихи тайпалар, рулар, жүздер, хандықтар, сақтар, қыпшақтар т.б. және өзге тайпалардың өзге халықтармен қытайлар, орыстар, монғолдар, татарлар және жоңғарлар байланыстары мен қарым-қатынастары және көкейкесті мәселелері туралы деректермен танысады, өткен ғасырларда өмір сүрген ата-аналар өмірінің әлеуметтік – экономикалық, тарихи – географиялық, діни – тұрмыстық, әскери – көшпенділік өмірлерінің қыр-сырларымен терең танысып, маңызды тарихи өлкетану мәліметтерін жинастырады.

3. «Шаһар жолы» бағытында – мұғалім-педагогтар мен оқушылар Қазақстан территориясында орналасқан көне қалалардың тарихи пайда болуы туралы терең танысып біледі. Отырар, Сайран, Созақ, Йассы, Таразы, Сығанақ, Мавреннахр, Испиджаб және басқа шаһарлар тарихын, әлеуметтік-экономикалық, сәулеттік маңызын және жергілікті жерлердегі ұмыт қалған ежелгі қала орындары туралы жұмыстар атқарылады.

4. «Жібек жолы» бағытында – балалар мен ересектер тарихи-географиялық жерлер мен орындарды, жаугершілік шайқастарды, сауда-керуен жолдарын – Ұлы жібек жолы, Жоңғар қақпасы, Ұлытау, Ордабасы, Мөртебе, Оқжетпес және әрбір туған өлкедегі тарихи-өлкелік орындардың ежелгі атаулары, топонимдері туралы белсенді түрде жұмыстар атқарып, оқып, зерттеп үйренді.

5. «Сөнбес жұлдыздар» бағытында – мұғалімдер мен оқушылар қазақтың және өзге халықтардың біртуар перзенттері – хандар мен батырлар, билер, жыраулар, көрнекті қоғам, саяси, өнер және мәдениет, халық ағарту қайраткерлерінің өмірлері мен қызметтерін терең оқып танысады, олардың есімдерінің көшеге, мектептерге т.б. жергерге берілуіне, мемориальды ескерткіш тақталар ашуға ат салысады, ұлттық-этнографиялық мұражайға маңызыды деректер жинауға көмек көрсетеді.

6. «Толғау» бағытында - «Атамекен» бағдарламасын жүзеге асырушылар халық ауыз әдебиетінің айтыс, терме, күй, ертегілір, аңыздар және өзге де құнды фольклорлық-шығармашылық жанрлар мен эпостық жырлар сынды бай танымдық мәні зор мұраларын оқып үйренеді, халық ауыз әдебиеті жанрлары туралы маңызды деректер көзін жинастырады.

7. «Асыл мұра» бағытында – мұғалімдер, тәлімгерлер мен оқушылар күні бүгінге дейін сақталып келген көненің Қожа Ахмет Йассауи, Арыстан Баб, Айша бибі, «Алтын адам қазынасы» тарихи сәулет өнері ескерткіштерін, сондай-ақ жергеілікті жердегі тіркеуге алынбаған ежелгі тарихи ескерткіш-обалар, мазалар, бейіт-зираттар, таңбалы тастардың құндылық жағына назар аударып, өзге де сәулеттік жай-қорымдарын зерттейді, оларды қамқорлыққа алады.

8. «Домбыра – Дастан» бағытында – балалар мен ересектер қазақтың домбыра, шектер, қобыз, сазсырнай, сыбызғы, шаңқобыз секілді фольклорлы – этнографиялық, музыкалық аспаптары түрлерімен танысады, олардың пайда болу тарихын зерттейді, мектептегі мұражайға көне музыкалық аспаптарды жинастыруға қомақты үлес қосып, қолқабыс етеді.

9. «Наурыз» бағытында – мұғалімдер, тәрбиешілер және оқушылар наурыз, тасаттық, ерулік беру, соғым секілді ертеден келе жатқан халқымыздың мейрам – жорағылары, діни мерекелерімен танысады, үлкен кісіге құрмет көрсету тәлім өнегесінен үлгі алады, сондай – ақ Қазақстанда тұратын өзге халықтардың салт – дәстүрімен танысады, бірлескен жалпыхалықтық шаралар өткізеді.

10. «Зергер» бағытында – балалар мен ересек қазақ және өзге халықтардың ұлттық қолөнер туындылары – алаша, текемет, кілемдер, зергерлік бұйымдар- моншақ, тана, білезік, сырға секілді көне ұлттық қолтаңбалы қолөнер бұйымдарымен танысып, әралуан көрмелер өткізіп, насихаттайды, мектептегі ұлттық-этнографиялық мұражайға шығармашылық көмек көрсетеді.

11. «Төрт түлік» бағытында- республикалық «Атамекен» бағдарламасын жүзеге асырушылар халқымыздың мал шаруашылығы арнасында ежелгі кәсіптердің маңызына ерекше тоқтатылып, қой, жылқы, түйе, сиыр т. б мал бағудың өзіндік ерекшеліктерін мұқият зерттеп, оның адамды еңбекке тәрбиелеу және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық маңызымен терең танысып біліседі.

12. «Көкпар» бағытында – мұғалімдер мен оқушылар халқымыздың көкпар, ақсүйек, аударыспақ, қыз қуу, тоғызқұмалақ секілді ұлт ойындарын, Қазақстан халықтарының өзге де ұлттық ойындарымен жете таныса отырып, оларды мектептерде, мектептен тыс мекемелерде белсенді түрде енгізіп, ұлттық-спорттық, мекемелермен бұқаралық бірлескен шаралар өткізеді.

13. "Дулыға" бағытында - балалар мен ересектер халқымыздың ұлттық киім үлгілері - қамзол, тақия, шапан, мәсілермен қатар, хандар, билер, батырлардың ұлттық киім түрлері, қару - жарақтар, бес қару түрлері - дулыға, қалқан, найза, сауыт, жебе, қорамсақ т.б. тарихи мәндерімен танысады, ол атауларды күнделікті оқу-тәрбие жұмыстарында жүзеге асырады, мектеп мұражайына көмек береді.

14. "Қасиет" бағытында - мұғалімдер, тәрбиешілер, оқушылар халық арасындағы жұлдыздардың, емші-тәуіптердің көне іліми-тәлімдерін талдап, танысады, көне халық күнтізбелерінің пайда болу сырларымен танысады, жекелеген адамдардың, астрологтардың биологиялық табиғи дарын қабілетін зерттеп бақылайды, қоршаған орта, Зодиак белгілерінің ғарыштық құпияларын танып-білуге тырысады.

15. "Ас" бағытында - оқушылар мен тәрбиешілер бесбармақ, бауырсақ, қазы-қарта, жал-жая, секілді дәстүрлі ұлттық тағам түрлерімен, сондай-ақ қымыз, шұбат, айран секілді сусындардың емдік қасиеттерімен, медициналық-шипалық маңыздарымен танысады, мал еттерінің мүшелерін - бас, сирақ, омыртқа, ортан жілік, жамбас, кәрі жілік т.б. түрлерін ажыратуды үйренеді.

16. " Бабалар өсиеті" бағытында - оқушылар мен мұғалімдер қазақ даласында өмір сүрген дуалы, от ауызды, орақ тілді шешендердің ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға мұра ретінде жеткен асыл сөздері, мақал-мәтелдері, ел аузындағы аңыздар, сонымен қатар халық арасында кең тараған ырымдар - табалдырықта тұрмау, жақ таянбау т.б. нақыл сөздердің шығу төркіндерімен танысады.

17. "Зерде" бағытында - балалар мен ересектер көне Шығыстың, Йолық, Әл-Фараби, Бируни, Қорқыт баба сынды ұлы ойшылдардың ғылыми жетістіктерімен мұқият танысады. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогресс өрісіне белсене араласу барысында білім-тәрбие шаңырақтарын компьютерлендіруде өзіндік үлесін қосады.

18. "Құсбегі" бағытында - "Атамекен" бағдарламасын жүзеге асырушылар халқымыздың ежелгі көшпенділік өмірлерінде маңызды тұрмыстық-экономикалық рөл атқарған аңшылық өнер түрлері - бүркіт баулу, жылқы мен тазыны жарату, балық аулау, сонымен бірге олардың сыр-сипатымен, ер-тұрман әбзелдерінің түрлерімен, ерекшеліктерімен тереңірек танысады, оны күнделікті өмірде бақылайды, аңшылық өнерге арналған сайыстар өткізеді.

19. "Қыз бен жігіт" бағытында - мұғалімдер, тәрбиешілір мен оқушылар қазақ жігітімен қызының бойындағы ұлттық салт-дәстүрімізге сай көріктілігін, ептілігін, сегіз қырлы, бір сырлы жан-жақты ұлттық қасиеттерін танып біледі, сонымен қатар гигиеналық, этикалық, жыныстық, психологиялық ерекшеліктер мен байланыстарға назар аударып, оларды оқу-тәрбие жұмыстарына енгізу мен байланыстыру мәселелеріне ат салысады.

20. "Заман-ай" бағытында - оқушылар мен мұғалім, педагогтар өлкенің, аймақтың табиғатынқорғау жөніндегі ірі, ауқымды жұмыстарға араласады, құстар мен жануарлар, "Семей - Невада" "Арал - Балхаш" экологиялық қозғалыстарына белсене араласады.

21. "Алыстағы бауырлар" бағытында - оқушылар мен мұғалімдер Америкада, Батыс Еуропада тұратын қандас қазақ балаларымен ауқымды шығармашылық жұмыстар жүргізеді, тәуелсіз дипломатиялық қарым-қатынастар орнатады, озат тәжірибелер, делегациялар алмасып, конгресс-шерулер ұйымдастырады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 1989; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.