Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Егер мен сынып жетекшісі болсам» эссе жазу. 6 страница




өнегелі нормаларына жағымсыз көзқарас (дөрекілік, қыңырлық, өтірік айту, қатыгездік, тəртіпсіздік жəне т.б.), оқу жұмысындағы жағымсыз қылықтар (жалқаулық, көңіл қоймаушылық, интеллектуалды енжарлық, танымдық қызығушылықтың болмауы жəне т.б.), сонымен қатар екі түрдің жағымсыз қасиеттерінің бір мезгілде көрініс табуы.

2. Жасөспірімдердің мінезіндегі ауытқушылықтың себептері мен факторларына тоқталып өтсек:

1) Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс – керіс, дау-жанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата – ананың біреуінің болмауы, т.б.

2) Тәрбиенің көзі –баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң-мұқтажын қамтамасыз ету деп санаушылық;

3) жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау, оқушының жан-дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырасу, жаңа адамның отбасы мүшесі болып енуі де себеп болады.

4) жағымсыз психологиялық ахуал, оқудағы жүйелі сәтсіздіктер, сынып ұжымдарындағы құрбылармен өзара жағымды қарым-қатынастың болмауы, ата-аналарының, мұғалімдердің сыныптас жолдастарының дұрыс емес (әділетсіз, дөрекі, қатал) қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтар;

5) психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы жағдайындағы ауытқушылықтар, жас ерекшелік дағдарыстарындағы, мінез акцентуациясы және басқа да физиологиялық, психоневрологиялық ерекшеліктер себептері;

6) ішкі және сыртқы белсенділігінің саналы көріністеріне, өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасалмағандығынан, іс-әрекеттердің пайдалы түрлерімен айналыспайтығынан, жағымды және маңызды әлеуметтік, сондай-ақ, жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарларының болмауы;

7) қараусыз қалумен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрде ауысуы. Жасөспірімдер мен балаларға қоршаған адамдардың немқұрайлылығы зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік-педгогикалық бақылаусыздық бұл тізбектегі ерекше рөл мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері, жасөспірімдердің пікірінің, тағыдырының қызығуы мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді.

3. Кəмелетке толмаған балалардың девиантты мінез-құлқының алдын алу мен психологиялық жəне педагогикалық түзетудің жалпы білім беретін мектепте педагогикалық үрдісті ізгіліктендіру мен дарашылдандыру (гуманизациялау мен индивидуализациялау) қағидаларына сүйенетін тиімді жəне нəтижелі жолдарын қолдану қажеттілігі туындады.

Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттары:
1) Әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп, мінез – құлықтарының бағыт – бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
2) Әрбір оқушының адамгершілік қасиеттерін анықтай отырып, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.

3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және шығармашылық талап – тілектеріне орай, қабілеті мен икемділіктерін дамыту, қоғамдық жұмыстарға қатыстыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Қиын балалар, девиантты (деликвентті) мінез-құлықты балалар ұғымына талдау жасаңыз.

2. Қиын балаларды анықтау және олармен жүргізілетін жұмыстар.

3. «Қиын баланың» мінезіндегі ерекшеліктер қандай?

4. Жасөспірімдердің мінезіндегі ауытқушылықтың себептері мен факторлары.

5. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттары.
Әдебиеттер тізімі:

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша

1. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

2. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

4. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

5. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

6. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

7. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и

обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

8. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978.

10. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының

қалыптасуы. – Алматы, 1976.

Тақырыбы: Дарынды балалармен жүргізетін тәрбие жұмыстарының жүйесі.

Жоспары:

1. Интеллект, қабілеттілік, дарындылық, талант ұғымдарының мәні.

2. Дарындылықтың диагностикасы.

3. Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі.

Лекция мақсаты: дарындылықтың диагностикасы мен дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі туралы білім негіздерімен қаруландыру.

Лекция мәтіні (қысқаша):

1. Дарынды бала – өз құюылысынан ақыл ойының біршама дамуынан озатын және көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін балалар

2. Дарындыларды қандайда нақты бір әдіспен анықтау мүмкін емес.Дарынды бала тәрбиелеу мен оқыту барысында біртіндеп анықтау қажет.Осы айтылғандарды ескере отырып,дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:

-балалардың қызығушылығы мен бейімділігі барынша сай келетіні қызмет барысында балалардың іс-әрекетке талдау жасау

-дамытушылық ықпал ете отырып,ойлаудың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін принциптер әдісін қолдану

-балалардың дарындылық белгісін оның психологиялық нәтижесін танып,бақылау,баға беру.

Жеке тұлғаның дарындылығын дамыту мәселесі бүгінгі күні әлемде кең тараған және көптеген жоғары дамыған мемлекеттерде маңызды деңгейге жетіп отыр. АҚШ, Жапония, Германия және Ұлыбританияда берілген мәселе ХХ ғасырдың ІІ-жартысынан бастап, қоғамның интеллектуалдық потенциалын қалыптастыруға бағытталған жалпы мемлекеттік іс болып қабылданды. Қазақстанда бұл мәселе ХХ ғасырдың аяғында ғана мемелекеттік статусқа ие болды.

«Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылдың 24 мамырындағы № 3002 Жарлығы тәуелсіз мемлекеттің дамуындағы жаңа деңгейді айғақтайтын ең алғашқы әрекет болды. Осы кезден бастап дарынды балалар қоғам мен мемлекеттің негізгі интеллектуалдық потенциалы ретінде қарастырылып, бағалана бастады.

Дарынды балалар мен жастарды оқыту және тәрбиелеу саласындағы мемлекеттік саясатты орындау бойынша ұйымдастырушылық-экономикалық, құқықтық-құрылымдық және мазмұнды іс-шараларды қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының «Дарын» жас таланттарды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы құрылды.

Бағдарламаның мақсаты:

- дарынды балалар мен жастарды оқыту, тәрбиелеу және іздестірудің негізгі стратегиясын анықтау;

- Қазақстан Республикасының интеллектуалдық потенциалының қалыптасуының біріккен, үздіксіз үрдісін дамыту және сүйемелдеу;

- талантты жастардың әлеуметтік-мәдени қалыптасуына ат салысу;

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

- дарынды балаларды әлеуметтік, психологиялық, медициналық және педагогикалық қолдау бойынша білім беретін мекемелердің іс-әрекетін реттеудің құқықтық базасын құру;

- дарынды балалар мен жастарды оқыту, тәрбиелеу және іздестіру бойынша практикалық іс-әрекетті дамыту үшін басқару жүйесін құрастыру;

- әр түрлі мекемелерде дарынды балалар мен жастарды әлеуметтік, психологиялық, медициналық және педагогикалық қолдаудың ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандырылуы;

- дарынды балалар мен жастарды дамыту мекемелерінде кешенді дамыту бағдарламаларын қалыптастыру, дарынды балалар және жастармен жұмыс жасау үшін педагогикалық кадрларды арнайы дайындауды ұйымдастыру;

- дарынды балалар мен жастарды әлеуметтік қорғау және қолдауды жүзеге асыту;

- оқыту үрдісінде дарынды балалар мен жастарды анықтаудың және таңдау технологияларын құрастыру;

- бюджетте қарастырылған қаражат негізінде қаржылық бағдарламаларды жүзеге асыру;

- білім берудің жаңа технологияларын құрастыру және жүзеге асыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Интеллект, қабілеттілік, дарындылық, талант ұғымдарының мәні неде?

2. Дарындылықтың диагностикасын жүргізу жұмыстары.

3. Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі.

4. Қазақстан Республикасында жас таланттарды қолдаудың қандай Мемлекеттік бағдарламалар орындалуда?

Әдебиеттер тізімі:

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша

1. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

2. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

4. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

5. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

6. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

7. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и

обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

8. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978.

10. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының

қалыптасуы. – Алматы, 1976.

Тақырыбы: Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті.

Жоспары:

1. Салауаттылық ұғымына түсініктеме беру.

2. Салауатты өмір салтының бағыттары.

3. Оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру.

 

Лекция мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтынына құндылық қатынасын қалыптастыруда сынып жетекшісінің іс-әрекетіне талдау жүргізу.

Лекция мәтіні (қысқаша):

Салауатты өмір салты дегеніміз не? Салауаттылық дегеніміз деннің саулығы, яғни дене, моральдық және әлеуметтік саулықтың жағдайы. Өмір салты депадамның денелік, интеллектуалдық, еңбек әрекетін, тұрмыстық қарым-қатынасын, мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қарқынын, жұмыс, демалыс ерекшелігін айтуға болады. Салауатты өмір салты күрделі мәселе. ХХІ ғасыр адамы дені сау, рухы күшті, жан дүниесі таза адам болуы керек. Дені сау адам - қоғамның маңызды құндылығы. Оқушыларды алдына өмірлік маңызы бар мақсат қоя білуге, тәрбиелеу қажет. мақсатқа жету үшін ерінбей, шалдықпай еңбек ету керек. Дені сау адам ғана қажымай еңбек ете алады. Салауатты өмір салтының үш негізі бар: дене үйлесімділігі, жан тазалығы, ақыл-ойдың айқындылығы. Салауатты өмір сүру идеясы мен әдістемесі бүкіл тәрбие жұмысының өзегіне айналуы тиіс. Ең алдымен оқушыларды салауатты өмір сүруге ынталандыру керек. Ол үшін басшылыққа алатын ережелер құрастырылады. Ережені құрастырғанда ғалымдардың, дәрігерлердің кеңесіе ескерген жөн.

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз- организмде аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік. Академик В.П.Казначевтің жеке бас денсаулығы анықтамасы бұдан да толығырақ: «денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психалогилялық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы».

Денсаулық- физикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.

Физикалық саулық дегеніміз- адам организімінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғарғы дәрежелі жағдайда болуы.

Психикалық саулық дегеніміз- ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу «адам өмірінің мақсаты» болуын болжайды.

Әлеуметтік саулық дегеніміз- адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.

Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір-біріне ұқсас. Қалып – дені сау адам баласының бәріне бірдей тұрақты стандарт мақсат ететін үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдаланылады. Жасқа байланысты қалып көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады. Әрбір топта табылған орташа көрсеткішті қалып стандарт етіп алынады. Бірақта бір топқа кірген адамдардың көрсеткіштерінің бір бірінен айырмашылығы әжептеуір болуы мүмкін. Өйткені олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының т.б. айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштерді анықтағанда, айтылған айырмашылықтарды да еске алған жөн. Осыған орай «қалып» деген ұғым «денсаулық» деген ұғым тәрізді әр адамның жеке басына ғана тән көрсеткіштері болмақ.

Бақылау сұрақтары:

1. Салауаттылықдегеніміз не?

2. Салауатты өмір салты дегеніміз не?

3. Салауатты өмір салтының бағыттары қандай?

3. Оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру жолдары.

Әдебиеттер тізімі:

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша

1. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

2. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

4. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

5. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

6. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

7. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и

обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

8. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978.

10. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының

қалыптасуы. – Алматы, 1976.

Тақырыбы: Кәсіби бағдар беру жұмысының әдістемесі.

Жоспары:

1. Кәсіби бағдар педагогикалық категория ретінде.

2. Кәсіби бағдар берудің мазмұны.

3. Кәсіби бағдар беруді ұйымдастыру әдістемесі.

4. 12 жылдық білім беру жағдайындағы кәсіптік бағдардың ерекшеліктері.

Лекция мақсаты: кәсіби бағдар беру жұмысының мәні, мазмұны, ұйымдастыру әдістемесіне талдау жұмысын жүргізу.

Лекция мәтіні (қысқаша):

1. Кәсіптік бағдар беру дегеніміз бас, психологиялық,дәрігерлердің және басқа да қызметтің қоғамның қажеттіліктеріне қарай әрбір оқушылардың қабілеттері мен бейімділігін ескере отырып,кәсіптік қызығуы мен қабілеттері қалыптастыра және шамалық дамуын таңдауға көмектеседі,мақсатты істелетін жұмыс.

2. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл кеңес ерекше орын алады,негізгі мақсаты-балаларды денсаулық,анатомиялық, физиолгиялық және әлеуметтік психологиялық, жағдайын таңдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтарды ақыл кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан ендірсе,артынан мамандар тартылады.Кей жағдайда кәсіптік техникалық училищелерде,өндірістік оқу цехтарында ұйымдастырылады.

3. Мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмысының маңызы зор болып табылады. Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты-жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау,үйрету екендігі белгілі.Алғашқы күннен бастап,жалпы білім беру жүйесі үкіметіміздің қаулысына орай мектеп оқушылардың ғылыми негіздерін оқып үйренуін,олардың жүйелі ұйымдастырылған,шама-шарқына лайық, қоғамдық пайдалы,өнімді еңбекке,тікелей қатысуымен тығыз өзара байланыста қамтамасыз етілуі міндеттелген.

Оқушылардың мамандық таңдауына және кәсіптік ойының қалыптасуына жататын факторлар ықпал етеді,Олардың қатарына достары,достық қарым-қатынас, сферасы жатады.Осылардың ішінде басты рөл атқаратыны отбасы және отбасы дәстүрі.

Кәсіптік бағдар беру - шешімі табылуға тиіс өте күрделі, кешенді мәселе. Өзінің әдістемесі және мазмұны жағынан оның психологиялық, педагогикалық, медициналық, әлеуметтік сипаты бар.

Педагогикалық категория ретінде кәсіби бағдар беру оқушыларды мамандықтың және еңбектің әр түрлерімен таныстыру, қабілеттері мен бейімділіктеріне қарай оларға болашақ мамандықтарын таңдауға көмек көрсету процесі ретінде қарастырылады. Солардың негізінде ол халық шаруашылығы мен мәдениетінің негізгі салаларымен оқушыларды таныстырады, кәсіби бейімділігі мен қызығушылығын қалыптастырады.

Мамандықты таңдау оқушыларды алдағы болатын қоғамдық пайдалы әрекетке шешуші сынақ ретінде болады. Онда жасөспірімдердің әлеуметтік және рухани тұрғыдан пісіп жетілуі көрініс береді.

Мектеп педагогикасы тұрғысынан қарағанда, кәсіптік бағдар беру - жалпы, политехникалық және еңбекке даярлау негізінде оқушылардың жеке бейімділігін, қабілеттерін және қоғамдық қажеттіліктерді ескере отырып, еңбектің түрлерімен таныстыруға бағытталған мектептің оқу-тәрбие процесінің құрамды бөлігі деуге болады. Кәсіптік бағдар беру жүйесіне кәсіптік диагностика, кәсіптік білім беру, кәсіптік консультация, кәсіптік адаптация, кәсіптік іріктеу кіреді.

Кәсіптік диагностика кәсіптік бағдар беру мақсатында әрбір оқушыны зерттейді. Осының нәтижесінде мамандықты таңдауға байланысты баланың дайындығын, ынтасын, қабілетін анықтайды. Ол үшін мынадай әдістер қолданылады: оқушылардың құжаттарын, жазба жұмыстарын зерттеу, анкета, әңгіме. педагогикалық эксперимент, педагогикалық бақылау.

Кәсіптік білім беру - бұл әртүрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде оқушыларды біліммен қаруландыру. Мамандықты саналы таңдауда екі түрлі нәрсені ескеру қажет: біріншісі оқушылардың білім деңгейі, екіншісі оқушылардың жеке қасиеттері. Оқушылардың білімі терең де тұрақты болуы керек. сол сияқты жеке қасиеттері оқушы таңдаған мамандыққа сай келуі керек.

Кәсіптік консультация - әрбір оқушыны жан-жақты зерттеп, оған консультация беру арқылы тиісті көмек көрсету. Оқушының мамандыққа сәйкестігі жөнінде шешім қабылданады. Кәсіптік консультация үш кезеңге бөлінеді: дайындық, аяқтау, анықтау. Дайындық консультациясы - оқушыларға жыл бойы дұрыс кәсіптік бағдар беру. Аяқтау консультациясы кезінде оқушылардың бейімділігі, психофизиологиялық қабілетінің сәйкестігі анықталады. Анықтау консультациясы кәсіптік оқу орындарында жүргізіледі. Онда таңдаған мамандыққа адамның денсаулығының сәйкес келуі, психофизиологиялық дайындығы анықталады, жұмысқа орналасу жөнінде анықтамалық ақпарат беріледі.

Кәсіптік іріктеу мәселесімен арнайы орта жіне ЖОО, әртүрлі мекемелер, кәсіпорындар айналысады. Оқу орындары оқуға түсетін жастарға әртүрлі талаптар қояды. Кәсіпорындар жастарды жұмысқа іріктеп алады. Кәсіптік іріктеудің мақсаты - жастардың белгілі бір мамандыққа жарамдығы не жарамсыздығын анықтау. ол үшін адамның жағымды, жағымсыз жақтарын білумен қатар, оған мамандық қоятын талаптарды білу керек. Оған байланысты профессиограмма жасалады. профессиограмма - белгілі мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу, жазу. Профессиограмманы құруға педагогтар, психологтар, физиологтар мен дәрігер мамандар қатысады.

Кәсіптік адаптация - жастардың еңбек ету жағдайына бейімделуі.

Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысымен бүкіл ұжым айналысады. Сынып жетекшісі сынып оқушыларын мамандық таңдауға даярлайды, ақпараттарды ұйымдастырады. Пәе мұғалімдері өз сабақтарында еңбектің әр түрімен таныстырады. Кітапханашы мұғалімдерге, сынып жетекшісіне көмектеседі. Мамандық туралы кітаптар, мақалалар көрмесін, оқырмандар конференциясын, тақырыптық кештер ұйымдастырады, кәсіптік бағдар беру мәселесіне байланысты библтография жасайды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлайды, кәсіптік бағдар беру кабинетін ұйымдастырады, онда анықтамалық материалдар жинайды, сынып жетекшісіне оқушыға психолого-педагогикалық мінездеме жазуға көмектеседі, кәсіпорын өкілдерімен кездесулер өткізеді,




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 1536; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.