КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Егер мен сынып жетекшісі болсам» эссе жазу. 2 страница
2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995. 3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999. 4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998 5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004 1.Конвенция о правах ребенка. Учитель Казахстана. 5.07.1999. 2.Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998. 3.Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973. 4.Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978. 5.Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991. 6.Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя. 7.Иванов И.П. Энциклопедия коллективных творческих дел.. М. 1989. 8.Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000. 9.Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76. 10.Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004. 11. А.Қ.Құсаинов. Біз өз балаларымызды білеміз бе? –Алматы, 2004. 12. С.Нұрмағанбетов, Р.Овчиникова. Мектептегі кластан тыс жұмыстар. – Алматы, 1969. 13. М.Көпжасарова. Оқушыларды кластан тыс жұмыстарда тәрбиелеу. – Алматы, 1978. 14. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978. 15. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының қалыптасуы. – Алматы, 1976. 16. Н.Санғысбаев. Мектептен тыс мекемелердің іс тәжірибесінен. – Алматы, 1972. 17. Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. – Алматы, 1975. 18. Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. – Алматы, 1988. 19. Қ.Ахметов, Ж.Ермұхамбедова. Құқыңды біл. – алматы, 2000. 20. Х.Алмаханов. Жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие беру / Методикалық нұсқау/. – Алматы, 1991. 21. Ш.Амантурин. Мұғалім және оқу-тәрбие жұмысы. – Алматы, 1978. 22. Ұстаздық шеберлікке жету жолдары (Методикалық нұсқау). / Құрастырған: Ж.Н.Нұржанова, - Алматы, 1991. 23. Г.Сапарғалиев. оқушыларға праволық тәрбие беру туралы. – Алмат, 1988. 24. Е.Әбдразақов. Класс жетекшілері үшін тәрбие жұмысын жоспарлаудың үлгі нұсқасы. / «Қазақстан мектебі», 4-5/1994. 25. Ж.Наурызбаев. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – алматы, 1995. 26. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. – Алматы, 1995. 27.Қазақ мектептері мен мектепке дейінгі мекемелерінде имандылық- эстетикалық тәрбие берудің кешенді программасы. / «Қазақстан мұғалімі», 8.06.1990. 28. Планирование воспитательной работы в классе. Метод. пособ. / Пед.ред Е.Н.Степанова, - М., 2000. 29. Советы педагогу-воспитателю / Сост. Л.А.Байкова и др. – Рязань, 1988. 7. Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары
8.Баға бойынша ақпарат Пәнді оқытуда білім алушылардың білімін ағымдық бақылаудың әр түрлері қарастырылуы мүмкін: - ауызша сұрау – пәннің бір немесе бірнеше тақырыптары бойынша өтілген материалдардан кейін сұрақтарға жауап беру және жағдаятты талқылау түрінде жүргізілетін бақылау; - жазбаша бақылау – курстың жеке тақырыптары бойынша сұрақтар мен міндеттерді шешу, жағдаятты талдау, практикалық тапсырмаларды орындау жұмыстары; - аралас сұрау – бір немесе бірнеше тақырыптар бойынша бір мезгілде білімді бағалаудың ауызша және жазбаша формаларын қолдану; - үй тапсырмаларын қорғау және көрсету – орындалуының дұрыстығын тексеру мақсатымен жеке және топтық тапсырмаларды, өтілген материалды жинақтау іскерлігін, тақырыптардың логикалық байланысын анықтайтын бақылау; - пікірталас, тренингтер, дөңгелек үстелдер – өздігінен ойлау мен шешім қабылдау іскерлігін көрсетуге мүмкіндік беретін мәселелі сипаттағы сұрақтарды топпен талқылау; - тестілер – білім алушылардың оқу жетістіктерін шынайы және сапалы бағалауға мүмкіндік беретін белгілі формадағы тапсырмалар (ашық, жабық, аралас). 9.Бағаны қою саясаты Үлгерімді ағымдық бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша жүреді және дәрісханалық және дәрісханадан тыс білімдерін бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылауды бағалау (жіберу рейтингін бағалау) дәрісханалық сабақтағы ағымдық бақылау мен аралық бақылаудың (дәрісханадан тыс) бағаларынан құралады. Үлгерімді ағымдық бағалауда студенттің оқу жетістігі 100-ұпайлық шкаламен бағаланады, әр орындалған (сабақтағы жауабы, үй тапсырмасын тапсыруы, студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ), аралық бақылау) және ағымдық бақылаудың соңғы нәтижесі академиялық кезеңде алған барлық бағаларының АИС «Platonus» орта арифметикалық қосындысымен есептеледі. Аралық бақылау ағымдық бақылаудың бір бөлігі болып табылады. Аралық бақылаудың мақсаты – білім алушының пәннің бір бөлігі, оқудың белгілі бір кезеңінде өтілген тараулар (тақырыптар) бойынша жетістіктерін тексеру. Пән бойынша қорытынды баға ағымдық бақылау мен қорытынды бақылау (емтихан бағасы) бағаларын қамтиды. Студенттің оқу пәннің бағдарламасын меңгерудегі ағымдық үлгерімі қорытынды бағаның 60% құрайды. Қорытынды бақылаудың бағасы оқу пәнінің қорытынды бағасының 40% құрайды. Емтихан АИС ЖОО «Platonus» жүйесінде тестілеу түрінде өтеді. Қорытынды бақылаудың бағасы аралық бақылаудың 60% және емтиханның 40% құралады және төмендегідей есептеледі: ҚБ = 0,6 ЖР + 0,4 Е
Аралық бақылаудың бағасын көтеру мақсатымен студенттер оқу процесі барысында орындалған практикалық тапсырмаларды портфолиоға жинақтайды. Портфолиода жиналатын материалдар: 1. Ата-аналарға арналған сауалнама. 2. Ата-аналарға арналған бала тәрбиесі туралы баяндама. 3. Кәсіби бағдар беру жайлы сауалнама. 4. Өзі дайындап өткізген тәрбие шарасы. 5. Саламатты өмір салтына арналған тәрбие сағаты. 6. Пікірталастың сценариі. 7. Сынып жетекшісінің ережесі. 8. Жылдық жұмыс жоспары. 9. Тәуелсіздік мерекесіне арналған тәрбие сағаты. 10. Наурыз мерекесінің сценариі. Схемалар: жеке оқушыға, сыныпқа мінездеме жазу үлгілері, сынып жиналысының, ата-аналар жиналысы хаттамасы. Сонымен қатар өздері орындаған шығармашылық жұмыстарын салуға болады: тақырыптар бойынша дайындалған сөзжұмбақтар, ребустар, шығармалары, баяндамалары мен эссе, слайд-презентациялар, т.б. 10. Оқу пәнінің саясаты және академиялық этика Курсқа қойылатын талаптар: Сабаққа кешікпеу және босатпау; Оқытушы ұсынған сабақ жоспарын мұқият орындау; Аудиторияда ұялы телефонды пайдаланбау; Белгілі себептермен босатылған сабақтардың тапсырмасын орындау; Кітапханада және үйде өздігінен жұмыс істеу; Этика нормаларын сақтау: тәртіптілік, тәрбиелік, адалдық, жауапкершілік; Қарама-қайшылықтарды топта, оқытушымен шешу. Дәріс мәтіндері Тақырыбы: Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі. Жоспары: 1. Тәрбие – мәдени тарихи феномен. 2. Тәрбие процесінің ерекшеліктері. 3. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері. 4. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері. Лекция мақсаты: тәрбие үдерісінің ерекшеліктері, мақсаты, міндеттері, заңдылықтары және принциптері бойынша білім негіздерімен қаруландыру. Лекция мәтіні (қысқаша): Тәрбие - арнайы ұйымдастырылған және саналы жүргізілетін педагогикалық қызмет. Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Тәрбиені өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындау деп анықтасақ, ал бұл дайындықты арнайы ұйымдастырылған тәрбие қызметінің барысында іске асыруға болады, сонымен бірге ол балалардың күнделікті үлкендермен араласа жүріп, тұрмыстық іс әрекетке үйренумен орындалуы мүмкін. Бірақ аталған екі жағдайдағы тәрбиелік әрекеттер әртүрлі мағнаға ие болатыны сөзсіз. "Қоршаған орта тәрбиелейді" немесе "Отбасы тұрмысы тәрбиелейді" деумен жеке адам дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік - экономикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты бағдары болмаған ықпалын түсінеміз. Ал енді "мектеп тәрбиесі" десек, әңгіме басқаша бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналы іске асырылатын тәрбиелік қызметті білеміз. К.Д. Ушинский "Педагогикадағы тәрбие - алдын-ала ниеттелген және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс" - деп тұжырымдаған. Тәрбие - жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететін құрал. Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер мен жұртшылық бірлесіп айналысқанда ғана нәтижелі болады. Тәрбиенің мәні, біріншіден, қоғам үшін - саналы, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру, екіншіден, жеке адам үшін - оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Олай болса, тәрбие процесі деп қоғамның талап-тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана-сезімін, ерік-жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекетін айтамыз. Қоғамда атқаратын қызметіне орай тәрбиенің өзіндік ерекшеліктері бар: 1. Тәрбие - қоғамдық құбылыс. Себебі қоғамдағы әлеуметтікғ экономикалық, саяси жағдайлардың өзгеруіне қарай тәрбиенің мақсат-міндетер, мазмұны мен ұйымдастыру формалары өзгеріп отырады. Өйткені адам жеке тұлға болғанымен, қоғамнан тыс дамымайды. 2. Тәрбие - мақсатты процесс. Тәрбиенің мақсаты айқын әрі нақты болғанда ғана дұрыс нәтиже береді. Тәрбиенің мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл-ауқатымен, оның саясатымен байланысты болады. 3. Тәрбие - біртұтас процесс. Жеке тұлғаның дамып қалыптасуы тұтас процесс болғандықтан, оның қасиеттерін қалыптастыру жеке дара атқарылмайды. 4. Тәрбие - ұзақ әрі күрделі процесс. Адам баласы туғаннан ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейін ол өзін-өзі тәрбиелеуге ұласады. Сонда адам өмір бойы тәрбиеленеді деуге болады. Адамның мінез-құлқы, дербес ерекшеліктері, дүниетанымы бірден қалыптаспайды, әрі тірбие мақсатының нәтижесі де бірден көрінбейді. 5. Тәрбие - көпжақты процесс. Тәрбиені отбасы, мектеп, жұртшылық бірлесіп атқарады. Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тәрбиенің негізгі мақсаттары: а) жастардың дүниеге көзқарастарын қалыптастыру; ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу. Тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан, тәрбиенің мақсаты қоғамның дамуымен бірге өзгеріп отырады. Мектептегі тәрбиенің басты міндеттері: а) теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу; ә) политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру; б) кәсіптік бағдар беру; Қазіргі кезде қоғамдағы әлеуметтік және саяси өзгерістерге байланысты тәрбиенің мақсаты да өзгереді. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы, «Білім туралы», «Жастар саясаты туралы» Заңдардың қабылдануы тәрбиенің мақсатын қайта қарастыруды талап етеді. Сонымен қазіргі кездегі тәрбиенің мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Заңдылық - процестің маңызды бөлшектерінің арасын байланыстырып отырады. Тәрбие процесінің заңдылықтары: 1) Тәрбиенің қоғаммен байланысы; 2) Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі; 3) Іс-әрекеттің маңызы; 4) Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру; 5) Ұжым мен жеке адамның өзара байланысы; «Принцип» сөзі латын тілінен аударғанда ереже, талап деген мағынаны білдіреді. Тәрбие принциптері дегеніміз - тәрбие процесіне қойылатын негізгі талаптар. Тәрбиеші тәрбие принциптерін басшылыққа ала отырып, тәрбие жұмыстарын жоспарлайды, ұйымдастырады. Тәрбиенің мақсаттылық, өмірмен байланыс, ұжым арқылы тәрбиелеу, тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен құрметтің бірлігі, тәрбиелік ықпалдардың жүйелілігі, беріктігі, үздіксіздігі және оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру принциптері бар. Бақылау сұрақтары: 1. Тәрбие дегеніміз не? 2. Тәрбиенің негізгі мақсаттары қандай? 3. Мектептегі тәрбиенің басты міндеттері 4. Тәрбие процесінің ерекшеліктері 5. Тәрбие процесінің заңдылықтары мен принциптеріне талдау жасаңыз Әдебиеттер тізімі: Негізгі: 1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007. 2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995. 3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999. 4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998 5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004 Қосымша: 1. Конвенция о правах ребенка. Учитель Казахстана. 5.07.1999. 2. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998. 3. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000. 4. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.
Тақырыбы: Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі. Жоспары: 1. Тәрбиелік жүйе туралы түсінік. 2. Тәрбиелік жүйенің түрлері және дамуы. 3. Тәрбиелік жүйенің құрылымы. Лекция мақсаты: Тәрбиелік жүйе, оның түрлері, құрылымы және дамуы туралы білім негіздерімен қаруландыру, талдау жасау. Лекция мәтіні (қысқаша): Тәрбие жүйесі – күрделі динамикалық жүйе. Тәрбие жүйесінің құрылымы: · Тәрбиенің негізгі міндеттері мен мақсаттарын қамтитын процесті жоспарлау; · Тәрбиешілердің негізгі іс-әрекеттерінде тұлғааралық қарым-қатыасын жоспарлау; · Жоспарланған және алынған нәтижелердің айырмашылығын бақылау. 3. Тәрбие жүйесі компоненттерін шешуге бағытталған міндеттердің бірізділігін үйлесімді, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып дамыту азаматтық құндылықтар, әлеуметтік-бағдарлы мотивация, ақыл-ой, т.б. қоғамның демократиялық өңделуіне тұлғаның мүмкіндіктерімен, міндеттеріне, оқушылардың даралық және қоғамдық түсініктерін қалыптастыру. Адамзат тарихында әлемдік өркениеттің әрбір кезеңдерінде қаланған әр түрлі білім беру жүйесі белгілі болады. Олардың қоғамға тән сипаттағы, қазіргі тиісті талаптарды атқаруға, әлеуметтік қатынастарды бейнелейді. XX ғасырдың II – ші жартысында ұғым арқылы кеңес мектебіндегі тәрбие жүйесі, ұжымдық шығармашылық жұмыстың, қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбек, ұлттық дәстүрлер, тарихи қалыптасқан тәрбие жүйесін негізгі құрамды бөліктеріне тәрбие мақсаттарының бөлімдері жататынын көрссетеді. 2.Тәрбие жүйесінің кез-келген деңгейін жарыққа шығарудағы алдыңғы кезектегі проблема тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады. Тәрбие жүйесінің даму кезеңдеріне мыналарды жатқызуға болады: 1. Жүйенің қалыптасуы; 2. Ұжымдық іс-әрекеттің мазмұны мен жүйесінің құрылымын жасау, 3. Жүйенің лайықты тәртіпке безендіру, дәстүрлерді жарыққа шығару және жаңалықтарды ендіру. Тәрбие жүйесі нәтижелілігінің келесі көрсеткіш өлшемдерін алуға болады. Оқушылардың тәрбие көрсеткіштері; Сыныптағы оқушының өз-өзін жайлы сезіну деңгейі; Сыныптың тіршілік-әрекетімен оқушы мен ата-анасының қанағаттануы; Сыныптың ұжым ретінде қалыптасуы; Сыныптың абырой беделі; Сынып ұжымының жеке даралық қасиеттерінің көрініс табуы. Осы көрсеткіштерді анықтауға сәйкес әдіс-тәсілдер анықталып, қортынды шығарылады. Сонымен, сыныптың тәрбие жүйесінің негізгі құрамдас бөліктері мен оның ішкі мазмұн, мағынасы туралы таныстырылды. Жүйе мағынасы туралы түсінік сіздерге сынып қауымдастығында оқушыны тәрбиелеу үлгісін құруға көмектеседі.
Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 3170; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |