Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Егер мен сынып жетекшісі болсам» эссе жазу. 10 страница




І. ОПТ-і жинақтау әдістемесі.

* педагогтың қызметімен танысу, ұзақ бақылау, сабаққа, тәрбиелік іс-шараларға қатысу;

* Оқушылардың білім,білік,дағдыларын, тәрбие деңгейін,жалпы даму динамикасын талдау;

* оқу-тәрбие үрдісінде нәтижеге қол жеткізген әдіс-тәсілдерді, балалардың танымдық қызметін және басқару тәжірибесін анықтау;

* балаларды шамадан тыс жүктеудің жоқтығына көзді жеткізу;

* жұмыс тәжірибесінде жаңалықтың барын анықтау;

* зерттелетін және жинақталатын тәжірибеніңозат педагогикалық тәжірибеніңбағалау көрсеткіштеріне сәйкестігін анықтау;

* оң нәтижелерге қол жеткізген жағдайларды сипаттау және талдау;

* ОПТ педагогикалық кеңесте талқылау және талдау, шешімдер қабылдау;

* әдістемелік іс-шараларда ОПТ тарату, тәжірибені көрнекі түрде рәсімдеп, әдістемелік кабинетке тапсыру.

ІІ. Жинақталған ОПТ-і рәсімдеу:.

· Басшының қолы қойылған мұғалімнің мінездемесі. Аты-жөні. Білімі. Қандай оқу орнын, қашан бітірді? Педагогикалық өтілі. Марапаттары. Біліктілік санаты.

· Мінездемеде педагогтың жеке тұлғалық қасиеттерін, жұмысында қол жеткізген жетістіктерін атап көрсету керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Мұғалімнің өздігінен білім алуын және оны жетілдіруді қажет ететін негізгі бағыттар қандай?

2. Озат педагогикалық тәжірибе дегеніміз не?

3. Озат педагогикалық тәжірибелерді зерттеу мен жинақтаудағы негізгі жұмыс сатылары(Р.Г.Амосов бойынша)

4. Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жинақтауда басшылыққа алынатын алгоритм қандай?

5. Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жинақтау бойынша ұсынымдарға тоқталыңыз.

Әдебиеттер тізімі:

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша

1. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

2. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

4. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

5. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

6. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

7. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

8. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978.

10. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының

қалыптасуы. – Алматы, 1976.

11. Ш.Амантурин. Мұғалім және оқу-тәрбие жұмысы. – Алматы, 1978.

12. Ұстаздық шеберлікке жету жолдары (Методикалық нұсқау). /

Құрастырған: Ж.Н.Нұржанова, - Алматы, 1991.

 

 

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінен жүргізілетін практикалық сабақтардың негізгі міндеттері:

1. Студенттердің лекция барысында алған білімдерін бекіту, тереңдету және кеңейту.

2. Студенттерде ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен, анықтамалармен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

3. Студенттерді негізгі педагогикалық іскерліктермен қаруландыру.

4. Студенттердің шығармашылық қабілеттері мен педагогикалық бағытта ойлауын дамыту.

5. Студенттердің болашақ мұғалім ретінде педагогика ғылымына, педагогикалық қызметке деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Практикалық сабақтардың барысында студенттерде әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарға деген өзіндік көзқарастары қалыптасады, оқыту мен тәрбиелеудің нақты теориялық міндеттерін шешудің жолдары мен құралдарын табуды үйренеді.

Практикалық сабақтарда теориялық сұрақтарды талқылау ұйымдастырылады, студенттердің дайындаған рефераттары, баяндамалары мен хабарламалары тыңдалып, талқыланады, сонымен бірге студенттердің зерттеу жұмыстарының орындалу нәтижелері тыңдалады. Әртүрлі педагогикалық әдебиеттердегі негізгі, жалпы теориялық білімдер нақтыланады.

Кейбір практикалық тапсырмалар педагогикалық практика өтілетін мектепте орындалады. Онда студенттер белгілі бір педагогикалық үдерісті бақылап, оған талдау жасайды. Мектеп тәжірибесін жан-жақты және мақсатты түрде зерттеп үйрену ұйымдастырылады.

Практикалық сабақтарда әртүрлі педагогикалық жағдайларды шешу ұсынылады, іскерлік ойындары ұйымдастырылады, педагогикалық міндеттер шешіледі, оқу-тәрбиелік шараларды ұйымдастырудың әртүрлі нұсқаулары талқыланады. Студенттер оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдіс-тәсілдерін, формаларын қолдануды, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлауды үйренеді, өздігінен іздену жұмыстарына машықтанады.

Практикалық сабақтарға дайындалу барысында әр студент:

- ұсынылған әдебиеттерді оқып-үйренуге;

- реферат, баяндама дайындауға;

- практикалық тапсырманы орындауға;

- тәжірибелік жұмысты (мектепте қатысқан сабақтың, тәрбие жұмысының барысын жазу және оған талдау жасау) орындауға міндетті.

Практикалық сабақ материалдары

Тақырыбы: Тәрбие үдерісінің мәні.

Жоспары:

1. Тәрбие – мәдени тарихи феномен.

2. Тәрбие процесінің ерекшеліктері.

3. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.

4. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері.

Практикалық сабақтың мақсаты: тәрбие үдерісінің ерекшеліктері, мақсаты, міндеттері, заңдылықтары және принциптері бойынша алған білімдерін бекіту, талдау жүргізу.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Тәрбие үдерісінің ерекшеліктері.

2. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.

3. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері.

4. Қазіргі кездегі тәрбие беру ерекшеліктері.

5. Тәрбие беруде басшылыққа алатын бағдарламалар.

Тапсырмалар:

1. «Тәрбие жұмыстарының әдістемесі» ұғымы. Әдебиеттерге шолу. Конспект.

2. Мына сұрактарға жазбаша жауап беріңіз:

- адамгершілік тәрбие мазмұны;

- экологиялық және енбекке байланысты тәрбиелік жұмыстар.

Әдебиеттер тізімі:

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша

1. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

2. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

4. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

5. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

6. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

7. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

8. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978.

10. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының

қалыптасуы. – Алматы, 1976.

Тақырыбы: Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі.

Жоспары:

1. Тәрбиелік жүйе туралы түсінік.

2. Тәрбиелік жүйенің түрлері және дамуы.

3. Тәрбиелік жүйенің құрылымы.

4. И.П.Иванов, А.С.Макаренко, Л.И.Новикова, Н.И.Щуркованың тәрбиелік жүйесіне сипаттама беру.

5. Қазақстан мектептеріндегі тәрбиелік жүйеге сипаттама.

Практикалық сабақтың мақсаты: тәрбиелік жүйе, оның түрлері, құрылымы және дамуы туралы білімдерін бекіту, талдау жүргізу.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Тәрбиелік жүйе дегеніміз не?

2. Тәрбиелік жүйенің түрлері және дамуы.

3. Тәрбиелік жүйенің құрылымы.

4. Тәрбие жүйесі нәтижелілігінің көрсеткіш өлшемдері.

5. Тәрбие жүйесінің қалыптасып, дамуының қандай кезеңдерін атауға болады?

Тапсырма:

1. Тәрбие жүйесінің кезеңдеріне сызба құру.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша:

1. Конвенция о правах ребенка. Учитель Казахстана. 5.07.1999.

2. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

3. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

4. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и обучения.

Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

Тақырыбы: Қазіргі мектептің тәрбие жұмысы процесіндегі педагогикалық қолдау.

Жоспары:

1. Педагогикалық қолдаудың мәні

2. Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары

3. Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері

Практикалық сабақтың мақсаты: тәрбие жұмысында педагогикалық қолдаудың мәні, тиімді жағдайлары, әдістері мен тәсілдері бойынша білімдерін бекіту, танымдық қабілеттерін дамыту.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Педагогикалық қолдаудың мәні

2. Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары

3. Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері

4. Қолдаудың тактикаларына сипаттама беру: қорғау тактикасы, көмектесу тактикасы, ықпал ету тактикасы, өзара әрекеттесу тактикасы.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша:

1. Конвенция о правах ребенка. Учитель Казахстана. 5.07.1999.

2. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

3. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

4. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

Тақырыбы: Тәрбие технологиясы – тәрбие жұмысындағы кәсіптік шеберліктің элементі.

Жоспары:

1. Тәрбие технологиясы ұғымы.

2. Тәрбие технологиясының жіктелуі.

3. Инновациялық тәрбиелік технологиялар.

Практикалық сабақтың мақсаты: тәрбие технологиясы, оның жіктелуі және инновациялық тәрбиелік технологияларға талдау жасау.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Тәрбие технологиясы дегеніміз не?

2. Тәрбие технологиясының жіктелуі

3. Инновациялық тәрбиелік технологиялар

4. Сыныптың тәрбие жоспарын құру технологиясы қандай?

5. Инновациялық тәрбиелік технологиялар.

Тапсырма:

1. В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Ф.М.Мустаева, Л.Е.Никитина, И.П.Подласый,

Г.К.Селевко, т.б. тәрбие технологияларының жіктемесіне сипаттама беру.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша:

1. Конвенция о правах ребенка. Учитель Казахстана. 5.07.1999.

2. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

3. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

4. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

 

Тақырыбы: Мектепте, сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлау.

Жоспары:

1. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы

2. Мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері

3 Тәрбие сағатының формалары

Практикалық сабақтың мақсаты: мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты, міндеттері, формаларына талдау жасау, педагогикалық жағдаяттарды шешу.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері қандай?

2. Тәрбие сағатының формаларына тоқталыңыз.

3. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары қандай мерзімдерге жасалынады?

4. Тәрбие жұмысын жоспарлағанда қандай педагогикалық талаптар қойылады?

Педагогикалық жағдаяттарды талдау:

Педагогикалық жағдаят №1

Cынып жетекшісі сенбі күні өзінің оқушыларының бірі Нұрланның үйіне келді. Нұрлан диванда эстрада музыкасын тыңдап жатыр екен. Бөлменің іші ретсіз, заттар шашылып жатыр.

- Апаң қайда?

- Оның бүгін жұмыс күні.

- Ал әкең қайда?

-Ақбарды /иттің аты/ жетектеп, қыдырып жүр.

-Ал Айгүл ше?

-Әжелеріміздің үйіне кеткен.

Сынып жетекшісі шығып кетеді. Есік алдында Нұрланның әкесімен кездеседі.

- Мынау итке Нұрланның алғашқы кездегідей қызығушылығы жоғалды. Мұны қыдыруға, алып шығуға да ерінеді. Амалсыздан менің жүруіме тура келеді.

Сұрақтар: 1.Сегізінші сынып оқушысы Нұрланның еш нәрсеге қызығушылығы жоқтығы, жауапкершілігінің жоқтығы неліктен деп ойлайсыз?

2.Мұғалім мұндай жағдайды не істеу керек деп есептейсіз?

Педагогикалық жағдаят №2

12 жасар Қуан мектепте «қиын бала» атанған. Наурыз мейрамы күні сынып жетекшісі оған бір-екі жолдасымен бірге мектеп ауласына 20 шақты тал отырғызуды міндеттеді. Қуан өз жолдастарымен бірге тапсырманы тиянақты орындап шықты. Мектеп жиналысында оларға алғыс айтылды.

Осы кезден бастап бала өміріне өзгерістер ене бастады.

Сұрақ: Балаға жасалған педагогикалық ықпалдың нәтижелі болуының себебі неде?

Тапсырма:

1. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзіңіз өткізетін ойындарға әдістемелік нұсқау дайындаңыз.

Әдебиеттер тізімі:

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

1. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

2. С.Нұрмағанбетов, Р.Овчиникова. Мектептегі кластан тыс жұмыстар. –

Алматы, 1969.

3. М.Көпжасарова. Оқушыларды кластан тыс жұмыстарда тәрбиелеу. –

Алматы, 1978.

4. Н.Санғысбаев. Мектептен тыс мекемелердің іс тәжірибесінен. –

Алматы, 1972.

5. Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. – Алматы, 1975.

6. Е.Әбдразақов. Класс жетекшілері үшін тәрбие жұмысын жоспарлаудың

үлгі нұсқасы. / «Қазақстан мектебі», 4-5/1994.

7. Планирование воспитательной работы в классе. Метод. пособ. / Пед.ред

Е.Н.Степанова, - М., 2000.

Тақырыбы:: Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі.

Жоспары:

1. Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты.

2. Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері.

3. Сынып жетекшісі қызметінің мазмұны.

Практикалық сабақтың мақсаты: Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты, міндеттері және мазмұнына талдау жұмысын жүргізу.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты қандай?

2. Сынып жетекшісі қызметінің міндеттеріне тоқталыңыз.

3. Сынып жетекшісі қызметінің мазмұны.

4. Оқушыларды тәрбиелеудегі сынып жетекшісінің рөлі.

5. Сынып жетекшісінің сыныптың тәрбие жүйесін құруда қолданатын әдіс-

тәсілдері мен әрекет түрі.

6. Тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру шарттары қандай?

7. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын талдау үшін кандай әдебиеттерге не ақпарат көздеріне сүйену керек?

Тапсырма:

«Егер мен сынып жетекшісі болсам» деген тақырыпқа шығарма жазу.

Әдебиеттер тізімі:

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша

1. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

2. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

4. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

5. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

6. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

7. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и

обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

8. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978.

10. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының

қалыптасуы. – Алматы, 1976.

 

Тақырыбы: Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері.

Жоспары:

1. Сынып жетекшісінің оқушылар ұжымын тәрбиелеу.

2. Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары.

3. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және оны ұйымдастыру.

Практикалық сабақтың мақсаты: Сынып жетекшісінің оқушылар ұжымын тәрбиелеу, танып білу жолдарын, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және оны ұйымдастыру жолдарын талдау.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары.

2. Сынып жетекшісінің оқушылар ұжымын тәрбиелеу жолдары.

3. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және оны ұйымдастыру.

4. Тәрбие сағатының формалары.

5. Сынып жиналысының хаттамасын толтыру ережесі.

Тапсырмалар:

1. Сынып жетекшісінің бірінші жұмыс істеу кезеңінде оқушыларды зерттей-білуіне жоспар құрастырыңыз.

2. Тәрбиелік шаралар өткізуге сценарий құрастырыңыз.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша

1. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

2. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

4. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

5. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

6. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

7. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и

обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

8. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978.

10. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының

қалыптасуы. – Алматы, 1976.

 

Тақырыбы: Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыстарының жүйесі.

Жоспары:

1. Қиын балалар, девиантты (деликвентті) мінез-құлықты балалар ұғымына түсініктеме.

2. Балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы психологиялық жəне педагогикалық мəселе ретінде.

3. Қиын балаларды анықтау және олармен жүргізілетін жұмыстар.

Практикалық сабақтың мақсаты: сынып жетекшісінің қиын балалармен жүргізетін жұмыстардың жүйесіне талдау жасау.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Қиын балалар, девиантты балалар, проблемалы балалар, қауіпті балалар тобы ұғымдарының мәнін ашу.

2. Балаларда қиыншылықтар тудыратын көріністердің психолого-педагогикалық ерекшеліктері.

3. Қиын балалар диагностикасы.

4. Қайта тәрбилеудің негізгі әдістері мен құралдары

5. Қиын балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау.

6. Жасөспірімдердің мінезіндегі ауытқушылықтың себептері мен факторлары.

7. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттары.
Тапсырмалар:

Педагогикалық жағдаяттарды шешу.

Педагогикалық жағдаят №1

Мектептің 6-сыныбында оқитын Әділ өркекірек, дөрекі, білектің күшіне сенетін оқушы болатын. Кейінгі кезде бос уақытын мектептің зоологиялық бұрышында өткізіп, асыраңды қояндарды күтіп жүрді. Бір күні сынып жиналсында әрбір оқушыға мінездеме беріліп, Әділге келгенде пікірлері екіге бөліңді. Пән мұғалімдері оның әлі де түзеле қоймағаның дәлелдесе, сынып оқушылары оны жақтап түзелгенін, қоғамдық жұмыстарға қатысып, сабақ үлгерімі де жақсарғанын айтып, мінездемесіне «қанағаттанарлық» бағасын қоюды талап еткен.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 2141; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.