КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дитяча психологія
Кіріспе Статья 328. Полномочия суда апелляционной инстанции По результатам рассмотрения апелляционных жалобы, представления суд апелляционной инстанции вправе: 1) оставить решение суда первой инстанции без изменения, апелляционные жалобу, представление без удовлетворения; 2) отменить или изменить решение суда первой инстанции полностью или в части и принять по делу новое решение; 3) отменить решение суда первой инстанции полностью или в части и прекратить производство по делу либо оставить заявление без рассмотрения полностью или в части; 4) оставить апелляционные жалобу, представление без рассмотрения по существу, если жалоба, представление поданы по истечении срокаапелляционного обжалования и не решен вопрос о восстановлении этого срока. Статья 329. Постановление суда апелляционной инстанции: 1. Постановление суда апелляционной инстанции выносится в форме апелляционного определения. Гистология жануарлар организмдері ұлпаларының (тканьдарының) құрылысын, қызметін және дамуын зерттейтін ғылым ретінде биологиялық білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Ұлпалардың құрылысын, қызметін және дамуын білу барлық органдардың, органдар жүйесінің, тұтас организмнің тіршілік әрекетін дұрыс түсіну үшін қажет. Биология ғылымы организмдер кұрылысын зерттейтін морфологияға және организмдердің қызмет ерекшелігін зерттейтін физиологияға бөлінеді. Гистология мен цитология және эмбриология биологиялық ғылымдар саласы — морфологияға жатады. Электрондық микроскопты және сонымен бірге гистохимиялық, радиоавтографиялық әдістерді, экспериментті және басқа да зерттеу әдістерін қолдану клеткалар мен клеткааралық заттардын нәзік қүрылысын анықтауға және пішін мен құрылыстың бір-бірімен байланысты екенін микроскопиялық және ультрамикроскопиялық деңгейде терең ажыратуға мүмкіншілік берді. Жаңа зерттеу әдістерін гистологияда қолдану қазіргі гистологияда гистохимия және гистофизиология бағыттарының пайда болуына әкелді. Гистохимия клеткалар мен олардың қүрылысында химиялық заттардың таралуын, ал гистофизиология үлпалардың және олардын компонент-терінің тіршілік әрекеттерінің механизмдері мен биохимиялық және физиологиялық функцияларын зерттейді. Гистология анатомиямен, цитология, эмбриология, физиология, генетика, биохимия, молекулалық биологиямен тығыз байланысты. Гистология теориялық пән болғанмен, оның практикалық маңызы да ерекше. Гистологияның мәліметтері организмдегі түрлі патологиялық процестерді білу үшін қажет. Мысалы: органдардың дағдылы жағдайдағы құрылысы мен қызмет ерекшеліктерін білместен олардағы патологиялық өзгерістерді көріп түсінуге болмайды.Сонымен, гистология органдардың, үлпалардың және оларды түзуші клеткалық және клеткалық құрылысы жоқ элементтердің құрылысы мен дамуын дұрыс түсінуге жалпы биологиялық және тарихи негіз болып саналады.
Гистологияның зерттеу пәні және бөлімдері Адам органиізмі тірі материяны калыптастыратын иерархиялық (бір-біріне бағынышты) структура-функциялық (құрылым-қызметтік) деңгейлердің. жүйесі болып табылады: жасушалар -> тіндер -> органдардың бірліктері —> органдар (мүшелер) —> органдар жүйесі -> организм. Олардын әрбірі езіне тән, баска денгейлерден айырып түратын, морфофункциялык ерекшеліктер мен заңдылықтарға ие. Сондықтан,бұл деңгейлердің әрқайсысы нақтылы медицина-биологиялық ғылымдардың зерттеу нысанасы (объектісі) болып табылады. Мысалы, организм, органдар жүйесі және органдарды (мүшелерді) қалыпты анатомия мен физиология ал, жасушаларды – цитология зеттейді. Адам гистологиясы – адам ағзасын қалыптастыратын тіндердің микроскопиялық құрылысы мен тіршілік әрекеттерін, яғни тіршілік қалыптасуының тіндік деңгейін зерттейтін медицина-биологиялық ғылым. Жалпы гистология - негізгі тіндер топтарының (нерв, бұлшықет, эпителий, дәнекер тіндердің) фундаменталъді қасиеттерін зерттейді.
Адам денесінің күрылымдык калыптасу деңгей-лерінің иерархиясы (өзара бағыныштылығы)
Эмбриология - ұрықтың тіндері мен мүшелерінің даму коздері, механизмдері (гистогенез және органогенез) туралы ілім. Цитология - жасушалар құрылысы мен қызметтерінің жалпы принциптері (ұстанымдары) туралы ілім. Әртүрлі тіндср эмбриондық даму кезінде бірігіп, күрделі жүйелерді – органдарды қалыптастырады. Адамның жеке гистологиясы - нақтылы орган құрамындағы әртүрлі тіндедің құрылым- функциялық қалыптасу және өзара әрекеттесу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Гистологияның бұл болімі органдар мсн организмнің микроскоптық құрылысын зерделейді, яғни микроскоптық анатомияның негізі деп есептеледі. Сонымен, адамнын жалпы және жеке гистологиясының басты зерттеу объектісі (нысанасы) оның тіндері болып табылады. Гистология мен цитология - казіргі кезде медициналық білім беру саласының маңызды пәндердің бірі. Гистология, біріншіден, тірі материяның құрыылмы туралы гылыми, материалистік көзқарас қалыптастырады. Екіншіден, гистология мен цитология зерттейтін күрылымдар - тіндер және жасушалар - адам организмі тіршілігінің барлық көріністерінің (қимыл, тыныс алу, зат алмасу, т.б.) морфологиялық негізі болып табылады. Үшіншіден, қазіргі медицинада қанды талдау кезде, сүйектің кызыл кемігі, тамақ, бауыр. т.б. органдардан биопсия (жасағанда, ауру диагнозын (ауру аныктамасы) негіздеу үшін цитологиялық және гіп гистологиялық талдау әдістері кең колданылады. Тіндер мен жасушалардың құрылымы және қызметтері туралы білімдер басқа да фундаментальді медицина-биологиялық ғылымдорды оқып білудің негізін құрайды. Мысалы, анатомияда қарастырылатын барлық құрылымдар гистологияда да микроскоптық деңгейде оқытылады. Егерде бауырдың құрылысы анатомияда жай көзбен зерттелетін болса, гистологияда бұл мүшенің арнайы өңделген түйіршіктерінен кесінділер жасалынып,боялынып, жарық микроскобы арұылы зерттелінеді.Анатомия курсындағы органдардың дамуы мен құрылысын оқып білу гистологиялық талдаудың мәліметтеріне негізделеді. Тіннің нәзік (жарық және электрондық микроскопиялық) құрылысын білу, оның өз қызметтерін кандай құрылымдық механизмдер арқылы атқаратынын анықтауға қажет. Сонымен, жеке қызметтердің құрылымдық негіздерін анықтайтын ғылым - гистология, организмнін тіршілік әрекеттерін зерттейтін ғылым - физиологиямен өте тығыз байланысып, ұштасқан. Қазіргі кездегі жасушалық және тіндік құрылымдарды субжасушалық (жасушалық деңгейден терең) және молекулалық деңгейлерде зерттеулер тектес ғылымдардың (биохимия. генетика. иммунология) әдістерін қолданумен өтеді. Бұл бірте-бірте ғылымдар арасындағы жіктердің жойылуына. олардың бірін-бірі толықтырып, жан-жақты және жүйелі түрде дамуына әкеледі
Гистологияның қыскаша даму тарихы Гистология (грекше һіstоs - ұлпа, 1оgоs - ілім, ғылым) органдардың, ұлпалардың, клеткалардың дамуын, микроскопиялық және ультрамикроскопиялық құрылысын, тіршілік әрекетін зерттейтін ғылым. Гистология ұлпаларды зерттейтін ғылым саласы ретінде микроскопты ойлап тапқанға дейін пайда болған. Организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдамалар Аристотельдің, Галенның, Авиценаның (Абу Али-ль-Хасан ибн Абдаллах ибн Синаның), Везалийдің, Фалопийдың тағы басқалардың еңбектерінде кездеседі. Аристотель өзінің «Жануарлар бөліктері туралы» деген трактатында организмде, кейін ұлпа деп аталған, біртекті бөліктер мен біртекті емес бөліктерді немесе органдарды ажыратқан. Гистология саласының дамуындағы жаңа дәуір микроскоптың шығуына байланысты. Микроскопты ойлап табу тарихы әлі күнге дейін нақты емес, ол туралы әр түрлі деректер бар. Бірақ микроскопты жасап шығаруда көзілдірік өндірісінің әсері болғаны күмәнсіз. Көзілдірік алғаш рет 1285 жылы Италияда шыққан. Кейбір аңыздарда алғашқы микроскопты голландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарған делінеді. Атақты Галилей де 1612 жылы микроскопты қү-растырған екен деген мәлімет те бар. Ағылшын математигі, физигі және механигі Роберт Гук 1665 жылы өзі құрастырған микроскоппен тоз ағашының және басқа да көптеген өсімдіктердің құрылысын зерттеп «ұяшықтардан» тұратынын байқаған. Осы «ұяшықтарды» Р. Гук араның балауыздан түзілетін ұяшықтарына ұқсатып «ұяшық» немесе «клетка» деп атаған (гректің «китос» — қуыс деген сөзі). Қазіргі кезде клетканы иненің жасуына теңеп «жасуша» деп атау ешбір сын көтермейді. Массасы 2000 г. түйеқұстың (страустың) жұмыртқасы да — клетка. Кейінірек Грю мен Мальпиги микроскоппен өсімдіктердің құрылысын зерттеп, өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінің құрамында «көпіршіктердің» болатынын анықтаған. Сонымен Гуктың, Мальпигидің, Грюдің зерттеулерінен кейін өсімдіктер ұлпалары клеткадан тұратыны анықталған. Екі жүзден астам микроскоптың түрлерін жасап шығарған Гуктың дарынды замандасы Антони ван Левенгук жануарлар клеткаларында - бірклеткалы жәндіктерді, эритроциттерді, сперматозоидтарды бірінші болып көрген. Бактерияларды да көріп суретін салған. Микроскоп құрылысының жабайы болуына байланысты ХҮІІІ ғасырдын ғалымдары микроскопқа көп көңіл бөлмеген. Осыған байланысты өткен ғасырдағы мәліметтерге елеулі жаңалықтар қосылмаған. Зерттеушілер клетканы байқау әдісімен зерттеп кқрген фактілерін жинап түсініктеме берумен шектелген. ХҮІІ және ХҮІІІ ғасырларда өсімдік клеткасының қабықшасы ғана белгілі болған. Цитология мен гистологияның дамуындағы жаңа кезең (ХҮІІІ соны, XIX ғасырдың басы) микроскоптың жақсартылуы және микроскопиялық зерттеу әдістері мен техниканың онан әрі жетілуіне байланысты болған. Осы кезенде практикаға микроскоптың көрсету қабілетін арттыратын окулярлар мен иммерсиялық объективтер енген. Сонымен бірге белгілі фиксациялаушы сұйықтармен (спирт, мышьяк ерітіндісі) бірге фиксатор ретінде формалин, осмий мен хром қышқылдары ұсынылған. Я.Пуркиньенің шәкірті А.Ошац клеткалар мен үлпалардың нәзік құрылысын зерттеуге мүмкіншілік беретін микротом деп аталған құралды жасап, гистология тәжірибесіне енуі микроскопиялық зерттеудің жедел дамуына жағдай жасады. XIX ғасырдын алғашқы ширегінде зерттеушілер клеткада ядроны (1825) байқаған. Осыдан кейін клетканың қалған құрылымын, тірі субстанциясын атау үшін Я.Пуркинье протаплазма (1830-1840) деген терминді енгізген. Ядроны қоршаушы протаплазманы цитоплазма деп атаған. 1838 және 1839 жылдары немістің екі ғалымы, ботаник М.Шлейден мен зоолог Т.Шванн көптеген деректі материалдарға сүйеніп, клеткалық теорияны қалыптастырған. Клеткалық теория барлық тірі табиғаттың біртұтас екенін көрсетті. Микроскоппен зерттеу әдістері мен микроскопиялықтехниканың жетілуі XIX ғасырдың екінші жартысында клеткалар мен ұлпалардың нәзік құрылысын зерттеуге мүмкіншілік берді. 1876 жылы клетка ор-талығы, 1894 жылы митохондриялар, 1898 жылы Гольджи кешені ашылды. Осы органеллалардың ашылуы цитоплазмада клетканың тіршілігі мен қызметіне байланысты маңызды процестердің жүретінін көрсетті. Электрондық микроскопты қолдану клетканың құрылысы женіндегі қалыптасқан түсініктерді өзгертіп қана қойған жоқ, соны-мен бірге оның тіршілік әрекетінің көптеген процестерінің өзгеруін де жаңадан түсінуге мүмкіншілік берді. Электрондық микроскопия әдісімен эндоплазмалык, тор, рибосомалар, микрофиламенттер, хромосомалардың микрофибриллалары, микротүтікшелер және синап-стық көпіршіктер, лизосомалар, микроденешіктер және басқа да кұры-лымдар ашылды. Ядро, ядрошық, митохондриялар, Гольджи кешені, клеткалық орталық, плазмалық және ядро кабықшалары сияқты ер-теден мәлім болған құрылымдар электрондық микроскопиялык әдіспен зерттеліп олардың ультракұрылыстары анықталды. Ұлпалар туралы ілімнің негізін салған франциялық анатом Франсуа-Ксавье Биша деп есептеледі. Биша органдар түрлі органдарға ортақ ұлпалардан тұрады деп санап органдар құрылысының теориясын қа-лыптастырған. Биша адам организмі 21 ұлпадан тұрады деп санаған; олардың әрқайсысының құрылыс ерекшеліктерін баяндап жазған. Ұлпалар санының мұншама көп болуы Бишаның зерттеуді мацерация әдісімен жүргізуінің нәтижесі. Кейін ұлпалар санының анағүрлым аз екені анықталды. XIX ғасырдың ортасынан бастап гистологияның жедел даму кезеңі басталған. Клеткалық теорияның негізінде түрлі органдар мен ұлпалардың құрамы мен олардың гистогенезі зерттелген. Осы кезде Еуропада Келликер (1852) мен Лейдигтің (1857) алғашқы гистология оқулықтары жарық көрген. Осы аталған авторлар жоғарғы сатыдағы жануарлар мен адамның ұлпаларын төрт типке бөлген: дәнекерлеуші заттардың ұлпалары (дәнекер ұлпасы, шеміршек пен сүйек), «клеткалық» ұлпа (эпителий мен бездік эпителий), бұлшық ет пен нерв ұлпа-лары. Шет елдерде гистологияның өркендеуіне орай, бұл сала Ресейде де дами бастады. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Санкт-Петербург (1864), Мәскеу (1866), Харьков (1867), Қазан (1871), Томск (1883) университеттерінде және Санкт-Петербургтың дәрігерлік-хирургиялық академиясында (1869) гистология кафедралары ашыл-ды. Осы кафедралардың алғашқы меңгерушілері А.И.Бабухин, Ф.В.Овсянников, Н.М.Якубович, Ф.Н.Заварыкин, К.А.Арнштейн, П.И.Перемежко, Н.А.Хржонщевский болған еді. 1869 жылдан бастап Мәскеу университетінің гистология кафедрасын А.И.Бабухин (1835-1891) басқарды. Оның шеткі нерв талшықтарының нәзік құрылымын анықтаған, балықтардың электр органдарының гистофи-зиологиясын, көз бүршағын және иіс-сезім органын зерттеуге арнал-ған еңбектері осы күнге дейін маңызын жойған жоқ. А.И.Бабухин өзінің гистофизиологиялық бағытын онан әрі жалғастырған көптеген шәкірттер (И. Ф.Огнев, А.А.Колосов, Н.А.Арсеньев) тәрбиеледі. Қазан гистологтар мектебін ашқан К.А.Арнштейн (1840-1919). Оның негізгі еңбектері шеткі нерв ұштарын зерттеуге арналған. Қазан нейрогистологтар мектебіне жататындар: А.С.Догель, А.Е.Смирнов, Д.А.Тимофеев, Б.А.Лаврентьев, А.Н.Миславский тағы басқа көрнекті ғалымдар. Санкт-Петербург университетінде гистология кафедрасын 1864 жылдан бастап академик Ф.В.Овсянников (1826-1906) басқарды. Ол морфологиядағы гистофизиологиялық бағыттың негізін салушылардың бірі болды. Ф.В.Овсянников әр түрлі жануарлардың нерв жүйесі мен сезім мүшелерін зерттеген. А.С.Догель (1852-1922) Томск, кейіннен Санкт-Петербург гисто-логгар мектебін ашқан ғалым. Ол ез еңбектерінің көпшілігін вегетативтік нерв жүйесі мен сезім мүшелеріне арнаған. А.С.Догельдің шәкірттерінің бірі - академик А.А.Заварз Санкт-Петербург гистологтар мектебінің негізін қалаушьшардың бірі М.Д.Лавдовский (1847-1903) куықтың ганглия клеткаларына, нерв талшықтарының регенерациясы мен дегенерациясы жөніндегі еңбектерімен әйгілі. Ол Ресейдегі салыстырмалы гистология мен микрофизиология саласында да танымал. Орыс гистология ғылымының негізін салушылардың бірі — орталық нерв жүйесінің нәзік құрылысын зерттеумен есімі танылған Н.М.Якубович (1817-1879). Киев университетінің гистология, эмб-риология және салыстырмалы анатомия кафедрасын ұйымдастырған П.И.Перемежко (1823-1863). Оның негізгі еңбектері клетканың бөлінуіне арналған. Кеңес өкіметінің гистология мектебі цитология-ның, гистологияның онан әрі дамуына үлкен үлес қосты (Д.А.Тимофеев, А.Н.Миславский, А.А.Заварзин, Бин (1886-1945) болды. И.Лаврентьев, Н.Г.Хлопин, А.В.Румянцев және т. б.). Б.И.Лаврентьев пен А.А.Заварзин нерв жүйесінің салыстырмалы морфологиясын, А.В.Немилов пен А.В.Румянцев ішкі секреция мүшелерінің құрылысын, Н.Г.Хлопин ұлпалардың құрылысы мен дамуын, Г.Н.Хрущев лейкоциттер жүйелерінің салыстырмалы гистологиясын зерттеуде үлкен табыстарға жетті. А.А.Заварзин ұлпалар эволюциясының негізгі заңдылықтарын анықтаған. А.А.Заварзин ашқан ұлпалар дамуының зандылықтары параллель қатарлар заңы деп аталады. Бұл заң ұлпалар эволюциясының организмдер эволюциясынан сапалық айырмасы бар екенін көрсетті. Филогенездегі ұлпалардың дамуы А.А.Заварзин аш-қан ұлпалық құрылымдардың параллелизм заңына сәйкес жүреді. Эволюциялық гистологияның дамуына үлкен үлес қосқан Н.Г.Хлопин. Өзінің зерттеулерімен ол тарихи және жеке даму процесінде ұлпа-лар дамуы дивергентті (белгілердің ажырауы) жүретінін керсетті. Қазақстан ғалымдары да: академиктер Б.А.Домбровский, Ф.Мухамедгалиев, Т.Масенов, А.Мурзамедиев, профессорлар И.Чагиров, Ф.Халилов, М.X.Нұрышев т.б. гистология мен цитологияның дамуына белгілі дәрежеде өздерінің үлестерін қ осты.
Гистологиянын міндеттері және зерттеу әдістері Гистология алдындағы басты мақсат - тіршілік әрекеттерін (зат алмасу, тітіркенгіштік, кимыл, көбею. даму. өсу, т.б.) камтамасыз ететін процестердің қурылымдық (тіңдік, жасушалық,. субжасушалық) айқындау және оның нәтижесінде ауруларға диагноз кою,емдеу мен профилактиканың (алдын алудың) жаңа мүмкіншіліктерін іздеп табу. Гистологияның нақты зерттеу міндеттері: 1. Тіндер мен жасушалардың нәзік құрылысы (микроскопиялык, электронды микроскопиялык), олардың онтогенезде және филогенезде (жеке және тарихи даму процестері) пайда болуы, дамуы. 2. Тіндердің әртүрлі ішкі және сырткы жағдайлардағы регенерациялық (кайта қалпына келу) қабілетінің заңдылықтары. 3. Жасушалар, тіндер және мүшелердің жас мөлшеріне байліанысты өзгерілуі. 4. Жасушалар, тіндер және мүшелердің әртүрлі қолайсыз жағдайлаарға (экологиялық, кәсіби, тұрмыстық) адаптациясы (бейімделуі). 5. Адам змбриогенезінің заңдылықтары. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін гистологияда түрлі зерттеу әдістері қолданылады: микроскопиялық. цито- және гистохимиялық, иммуноцито- және иммуногистохимиялык, авторадиографиялык. Алғашқыда бұл әдістер ғылыми зерттеуде теориялық мәселелерді шешуге колданылса, бірте-бірте клиникалық практикада диагноз қою үшін де колданыла бастады. Гистологияның зерттейтін объекттері өте ұсақ болғандыктан (тіндер, жасушалар - 7-100 мкм, органоидтар - 0,03-2 мкм), олар жарық және электрондық микроскоптар арқылы зерттелінеді. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. С.А.Ажаев «Гистология» Кентау, 2004ж 2. М.Нұрышев «Гистология және эмбрилогия негіздері» Алматы, 2007 ж 3. Ж.О.Аяпова «Гистология» Алматы, 2005ж 4. Интернет
ЗМІСТ
ПЕРЕДМОВА ………………………………………………………………….………………………6 ТЕОРЕТИЧНИЙ КУРС ……………………………………………………………………………..7 МОДУЛЬ І. ЗАГАЛЬНІ ПИТАННЯ ДИТЯЧОЇ ПСИХОЛОГІЇ ………………………..………7 Тема 1. Предмет і основні поняття дитячої психології ………………………………………..…7 1. Предмет і структура дитячої психології 2. Поняття, що характеризують онтогенез людини (дозрівання, розвиток, формування, становлення, навчання і виховання) 3. Основні закономірності психічного розвитку людини 4. Передумови, умови і рушійні сили психічного розвитку дитини
Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 417; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |