![]() КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Программа «Детокс интенсив» или как подготовить питомца к вакцинации 1 страница
Отзыв Текст вопроса Вопрос 10 Отзыв Текст вопроса Вопрос 9 Отзыв Текст вопроса Вопрос 8 Отзыв Текст вопроса Вопрос 7 Отзыв Текст вопроса Вопрос 6 Отзыв Текст вопроса Вопрос 5 Отзыв Текст вопроса Вопрос 4 Отзыв Текст вопроса Вопрос 3 Отзыв Текст вопроса Вопрос 2 Отзыв Текст вопроса Вопрос 1 ГЛОССАРИЙ Кесте Сурет. ФЕБ-350М инверторы Сурет. Торус-200 инверторы «Форсаж -250» инверторы даналы электродпен тура және кері полярлықты тұрақты токпен пісіруге арналған. Доғаның оңай тұтандырылуын, орнықты жалындануын және созымталдығын қамтамасыз етеді. Пісіру тогын жатық реттеуге және пісірудің оптимальды режімін қалыптастыруға, доғаның жылдамдатылып жану режіміне келтіруге, кез келген элеткрод түрімен пісіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл аппаратпен пісіру барысында металл шашырауы аз және пісіру сапасы жоғары болып шығады. Басқа нәрлендірігштерден ерекшелігі: бос жүріс кезінде электр энергиясын аз тұтынады, қызып кету мен асқын жүктеуден қорғанысы мықты, салқындатылу жүйесі сенімді және құрамындағы электрондық жүйесінде ең жетілген технологиялармен жасалған элементтер пайдаланылған. «Форсаж-250» инверторының сыртқы көрінісі 38-суретте көрсетілген
38-сурет. «Форсаж-250» инверторы
ФЕБ-350М инверторлы пісіру түзеткіші мынадай пісіру жұмыстарын орындауға арналған: - диаметрлері 1,5 – 6 мм даналы элеткродтармен көміртекті және легірленген болат бұйымдарды қолмен пісіруге; - қорғаныстық газ ортасында балқымайтын электродпен (ФЕБ-11, ФЕБ-12 басқару блогымен бірге) қолмен пісіруге; - диаметрлері 0,8 – 2,0 мм электрод сымымен ФЕБ-05, ФЕБ-02 сым беру блогымен бірге белсенді және инертті газдар ортасында жартылай автоматты пісіруге; - металды көмір және металл электродпен кесуге арналған. «ФЕБ-350 М» аппаратының сыртқы көрінісі 39-суретте көрсетілген.
Техникалық сипаттамасы
Негізгі әдебиет: 2 [147-149] Бақылау сұрақтары: 1. Инверторлы пісіру жабдықтарының пісіру өндірісінде алатын орны қандай? 2. Инверторлы нәрлендіргіштің жұмыс принципі қандай? 3. Қандай инверторлы жабдық түрлерін білесіз? 4. ФЕБ-350М инверторлы түзеткішінің техникалық көрсеткіштері қандай? 15-дәріс. Нәрлендіру көздерінің көмекші құрылғылары Доғалы пісіру кезінде қолданылатын көмекші құрылғыларға осциллятор, доғаны импульсті қоздырғыш, тұрақтандырғыш және балласты реостат жатады. Осциллятор өндірістік жиіліктегі ток пен төмен кернеуді жоғары жиілікті токқа (100 – 300 кГц) және жоғары керенуге (2000 – 6000 В) түрлендіретін құрылғы болып табылады. Жоғары кернеу импульсін бергенкезде пісірілетін металл мен электрод аралығы ұшқынданып бос электрондар пайда болады. Қысқа мерзімдік ұшқындық разряд доғаға ұласып, доғаның тұтанып жанып және орнықты жалындауына жағдай жасайды. Осцилляторларды (11-кесте) доғаны түйістірусіз тұтандыру үшін қолданады, бұл әсіресе оқшаулаушы газ ортасында балқымайтын вольфрам электродымен пісіру кезінде маңызды. Доғаны түйістіріп тұтандыру вольфрам электродымен жұмыс істегенде зиянды, өйткені элеткрод шығыны көбейіп кетеді. 11-кесте Осцилляторлардың негізгі техникалық көрсеткіштері
Осцилляторды доға желісіне параллельді және тізбектей қосу сұлбалары қолданылады. 40-суретте осцилляторды параллель қосу сұлбасы келтірілген.
40-сурет. МЗ осцилляторын пісіру желісіне параллель қосу сұлбасы: 1 — пісіру жандырғысы; 2 — дайындама; Т1 — пісіру трансформаторы; Т2 — повышающий осциллятордың көбейтуші трансформаторы; LL — дроссель; F — разрядтағыш; С1 и С2 — контур конденсаторы мен қорғаныстық конденсатор; L1 және L2 — өздігінен индукцияланатын және байланыс катушкалары
Осциллятор есебінде жоғары жиілікті қуаттылығы төмен (100 – 300 Вт) ұшқынды генераторларды қолдану кеңінен таралған. Жоғары жиілікті ток пен кернеу адам өмірі үшін қауіпсіз. Тұрақты токты нәрлендіру көзімен пісіру кезінде осциллятор доғаның бастапқы тұтанып жануына қызмет етеді, ал айнымалы токпен пісіру кезінде доғаны бастапқы тұтандырып жандырумен қатар оның ары қарай орнықты жалындауын қамтамасыз етеді. Осцилляторлар негізінен қуаттылығы төмен доғамен пісіруде, жұқа қалыңдықты металды пісіруге, нәрлендіргіштің бос жүріс кернеуі төмен болғанда қолданылады. Доғаны импульсті қоздырғыштар доғаны тұтандырып жандыруды жеңілдету үшін және оның орнықты жануы үшін, легірленген болаттар мен түсті металды оқшаулаушы газ ортасында балқымалы электродпен пісіру кезінде балқыған электрод металының пісіру ваннасына тамшыланып қосылу процесін жақсарт үшін қолданылады. Импульс бергіш генератордың электрлі сұлбасы 41-суретте көрсетілген. Оны пісіру тізбегіне пісіру трансформаторына параллель қосады.
41-сурет. Импульс бергіші генераторды пісіру тізбегіне қосудың электрлік сұлбасы: 1— импульс бергіш генератор; 2 — дайындама; 3 — пісіру жандырғысы; Т1 — жоғарылатқыш трансформатор; Т2 — пісіру трансформаторы; VD — диод; СУ— синхрондаушы құрылғы; SА – сөндіргіш; R – резистор; С – конденсатор
Конденсатор С жоғарылатқыш Т1 трансформаторынан диод VD арқылы заряд алады. Арнайы синхрондағыш құрылғы токтың нөлдік нүкте арқылы өтуі кезінде сөндіргішті SА тұйықтайды, сол кезде конденсатор С жоғары кернеулі (200 – 300 В) қысқа мерзімдік импульсті ток ретінде доғалы аралық арқылы разрядталады.импульсті ток күші 1,5 – 2 А құрайды және бұл кезде импульс полярлығы сол мезеттегі доға кернеуінің полярлығымен сәйкес келеді. Конденсатор разрядталған соң синхрондаушы құрылғы сөндіргішті ажыратады, ал конденсатор келесі импульсті беру үшін қайтадан зарядталады. Осцилляторлармен салыстырғанда импульсті қоздырғыштар мынадай артықшылықтары бар: радиобөгеттер тудырмайды және доғаны қайтадан тұтандырып жандырғанда сенімді жұмыс істейді. 12-кесте Импульс бергіш генераторлардың негізгі техникалық көрсеткіштері
12-кестенің жалғасы
Тұрақтандырғыштар балқымалы электродты қолданып айнымалы токпен пісіру кезінде пісіру доғасының тұрақты жалындауын қамтамасыз етеді. Ол үшін доғаға әрбір жарты периодтың басында жоғары кернеу импульсі беріліп отырады, мұнда ток нөлдік мәннен өту кезінде доға іс жүзінде қайта тұтандырылады деуге болады. СД-2 тұрақтандырғышы (42-сурет) зарядтағыш құрылғыдан ЗУ, конденсатордан С, ток трансформаторынан ТА, контактордан КМ және басқару блогынан БУ тұрады. Конденсатор зарядтағыш құрылғы арқылы зарядталып, пісіру тогы нөлдік мән арқылы өткенде доғалы аралық Д арқылы разрядталады және осы кезде доғалы разрядты тұрақтандырады. Тұрақтандырғыш жеке блок болып жасалып пісіру трансформаторының Т екінші реттік орамасына қосылысады. 42-сурет. СД-2 тұрақтандырғышын пісіру тізбегіне қосу сұлбасы
Алюминий мен оның қорытпаларын балқымайтын электродпен аргон-доғалы қолмен пісіруде (айнымалы токпен) доғаны жануын қоздыру мен тұрақтандыру үшін ВСД-01 қоздырғыш –тұрақтандырғышы қолданылады. Ол доғалы аралық ұзындығының 6 мм дейінгі шамасында доғаның орнықты жануын және элеткрод пен бұйымның арасындағы саңылаудың 2 мм шамасында доғаның оңай тұтануын қамтамасыз етеді. Нәрлендіру көздерінде пісіру соңына қарай пісіру тогын жатық реттегіштер жиі пайдаланылып жүр. Бұл пісіру поцесін аяқтар кезінде пісіру жігіндегі кратерді толтырып пісіру үшін өте маңызды. Балласты реостаттар көп орынды нәрлендіру көздерін пайдаланғанда пісіру постының әрқайсысындағы пісіру тогын реттеуге және құламалы сипаттама қалыптастыру үшін қолданылады (43-сурет). Реостаттарды блок болып жинақталған резисторлар мен ажыратқыштардан құрастырады, ажыратқыштарды тізбекке қосу пісіру тогын едәуір кең аралықта сатылы реттеуге мүмкіндік береді (20-сатылы). Балласты реостатты пісір тізбегіне доғамен тізбектей жалғастырады. Өндіресте балласты реостаттар пісіру тогын әрбір 10 А сайын 10-ан 200 А-ге дейін, әрбір 15 А сайын 25-тен 500 А-ге дейін реттеуге мүмкіндік береді (13-кесте). 43 - сурет. РБ типті балласты реостаттың электрлі сұлбасы: 1 – 22 – резисторлар; І – V - ажыратқыштар
13-кесте Балласты реостаттардың негізгі техникалық көрсеткіштері
Негізгі әдебиет: 2 [181-186], 3 [332-335] Қосымша әдебиет: 2 [25-43] Бақылау сұрақтары: 1. Осциллятор қандай мақсатта қолданылады? 2. Импульсті қоздырғыш генераторы не үшін керек? 3. Балласты реостат қалай жұмыс істейді және қандай мақсатта қолданылады? 4. Тұрақтандырғыштың пісіру тізбегіндегі алатын орны қандай? 5. Осциллятор мен импульс бергіш генератордың қандай аырмашылығы бар? 2.3 Лабораториялық сабақтардың жоспары 1 ТДМ 300 М пісіру трансформаторының жұмысын оқып үйрену және сыртқы сипаттамасын анықтау. Жұмыстың мақсаты: Пісіру трансформаторының құрылысымен танысу, жұмыс режімдерін реттеуді үйрену және трансформатордың сыртқы сипаттамасын тәжірибе жүзінде анықтау. 1.1 Жұмысты орындауға арналған құрал-жабдықтар, материалдар және аспаптар 1) ТДМ -300М пісіру трансформаторы; 2) қаптамалы электродтар; 3) штангенциркуль; 4) өлшеуіш аспаптар (вольтметр, амперметр); 5) жабдықты бөлшектеп ашып көретін слесарлық құрал саймандар. 1.2 Жұмыстың орындалу реті 1. Пісіру трансформаторларының техникалық сипаттамаларымен танысып, оны кестеге жазып алу. 2. Трансформаторды ашып, оның ішкі бөлшектерімен танысу және оның принциптік электрлі сұлбасын салу. 3. Теориялық формула арқылы трансформатор орамасының әр сатысына сәйкес бос жүріс кернеуін анықтау. 4. Трансформаторды іске қосып, бос жүріс, жүктемелік жағдай және қысқа тұйықталу режіміндегі кернеу мен ток мәнін аспаптар көрсеткішінен бақылап, кестеге жазып алу. Мұнда пісіру тогының шамасын доға кернеуінің мәні UД жабдық түріне сәйкес 25-35 В аралығында болғанда алу керектігін ескеру қажет.
4.1 Тәжірибені трансформатор орамасының басқа сатысында (ток мәнін сатылы өзгерту ауыстырып қосқышы болған жағдайда) қайталап жасау қажет. 4.2. Тәжірибені кем дегенде үш рет қайталау керек. 5. Алынған кернеу мен ток мәні арқылы қоректендіру көздерінің сыртқы сипаттамасын графигін масштабпен салу қажет. 6. Алынған сипаттамаларға қорытынды жасау. 1.3 Есептеме мазмұны 1. Жұмыстың мақсаты. 2. Нәрлендіру көздерінің сыртқы сипаттамасы жайлы қықаша түсінік. 3. Трансформаторлар жайлы қысқаша мағлұмат беру және техникалық сиапттамаларын келтіру. 4. Пісіру трансформаторларының принциптік электрлік сұлбаларын сызу. 5. Тәжірибелік мәліметтерді кесте түрінде көрсетіп, сол арқылы трансформатордың сыртқы сипаттамасын салу. 6. Қорытынды. Негізгі әдебиет: 1 [43-45], 2 [131-134], 3 [296-304] Қосымша әдебиет: 3 [4-8] 1.4 Бақылау сұрақтары 1. Пісіру трансформаторларының қандай түрлері болады? 2. ТДМ -300М трансформаторы қандай типті трансформаторға жатады? 1. ТДМ-300М трансформаторы қандай бөліктерден тұрады? 2. Индуктивтілікті өзгертудің қандай тәсілдері бар? 2 Nordika – 160 және Artika - 250 пісіру трансформаторларының жұмысын оқып үйрену және сыртқы сипаттамаларын анықтау Жұмыстың мақсаты: Пісіру трансформаторларының құрылысымен танысу, жұмыс режімдерін реттеуді үйрену және трансформатордың сыртқы сипаттамасын тәжірибе жүзінде анықтау. 1.1 Жұмысты орындауға арналған құрал-жабдықтар, материалдар және аспаптар 1) Nordika 160, Artika - 250 (Италия) пісіру трансформаторлары; 2) қаптамалы электродтар; 3) штангенциркуль; 4) өлшеуіш аспаптар (вольтметр, амперметр); 5) жабдықты бөлшектеп ашып көретін слесарлық құрал саймандар. 1.2 Жұмыстың орындалу реті 1. Пісіру трансформаторларының техникалық сипаттамаларымен танысып, оны кестеге жазып алу. 2. Трансформаторды ашып, оның ішкі бөлшектерімен танысу және оның принциптік электрлі сұлбасын салу. 3. Теориялық формула арқылы трансформатор орамасының әр сатысына сәйкес бос жүріс кернеуін анықтау. 4. Трансформаторды іске қосып, бос жүріс, жүктемелік жағдай және қысқа тұйықталу режіміндегі кернеу мен ток мәнін аспаптар көрсеткішінен бақылап, кестеге жазып алу. Мұнда пісіру тогының шамасын доға кернеуінің мәні UД жабдық түріне сәйкес 25-35 В аралығында болғанда алу керектігін ескеру қажет.
4.1 Тәжірибені трансформатор орамасының басқа сатысында (ток мәнін сатылы өзгерту ауыстырып қосқышы болған жағдайда) қайталап жасау қажет. 4.2. Тәжірибені кем дегенде үш рет қайталау керек. 5. Алынған кернеу мен ток мәні арқылы қоректендіру көздерінің сыртқы сипаттамасын графигін масштабпен салу қажет. 6. Алынған сипаттамаларға қорытынды жасау. 1.3 Есептеме мазмұны 1. Жұмыстың мақсаты. 2. Нәрлендіру көздерінің сыртқы сипаттамасы жайлы қықаша түсінік. 3. Трансформаторлар жайлы қысқаша мағлұмат беру және техникалық сиапттамаларын келтіру. 4. Пісіру трансформаторларының принциптік электрлік сұлбаларын сызу. 5. Тәжірибелік мәліметтерді кесте түрінде көрсетіп, сол арқылы трансформатордың сыртқы сипаттамасын салу. 6. Қорытынды. Негізгі әдебиет: 1 [43-45], 2 [131-134], 3 [296-304] Қосымша әдебиет: 3 [4-8] 1.4 Бақылау сұрақтары 1. Nordika 160, Artika - 250 трансформаторлары қандай типті трансформаторға жатады? 2. Трансформатордың құрылысы мен жұмыс принципін түсіндір. 3. Трансформатордағы пісіру тогы қалай реттеледі? 4. Нәрлендіру көздерінің сыртқы сипаттамасы дегеніміз не? 3 ПСО-300 пісіру түрлендіргішінің құрылысы мен жұмысын оқып үйрену және оның сыртқы сипаттамасын анықтау Жұмыс мақсаты: ПСО-300 түрлендіргішінің құрылысымен танысу, жұмыс режімдерін реттеуді үйрену және Генератордың сыртқы сипаттамасын тәжірибе жүзінде анықтау. 2.1 Жұмысты орындауға арналған құралдар мен аспаптар 1) пісіру түрлендіргіші ПСО-300; 2) қаптамалы электродтар; 3) штангенциркуль; 4) өлшеуіш аспаптар (вольтметр, амперметр); 5) жабдықты бөлшектеп ашып көретін слесарлық құрал саймандар. 2.2 Жұмыстың орындалу реті 1. ПСО-300 пісіру түрлендіргішінің техникалық сипаттамасымен танысып, оны кестеге жазып алу. 2. Түрлендіргіштің қақпағын ашып, оның ішкі бөлшектерімен танысу және оның принциптік электрлі сұлбасын салу. 3. Түрлендіргішті іске қосып, бос жүріс, жүктемелік жағдай және қысқа тұйықталу режіміндегі кернеу мен ток мәнін аспаптар көрсеткішінен бақылап, кестеге жазып алу. Мұнда пісіру тогының шамасын доға кернеуінің мәні UД жабдық түріне сәйкес 25-35 В аралығында болғанда алу керектігін ескеру қажет.
4.1 Тәжірибені генератор орамасының басқа сатысында (ток мәнін сатылы өзгертетін ауыстырып қосқышы болған жағдайда) қайталап жасау қажет. 4.2. Тәжірибені кем дегенде үш рет қайталау керек. 5. Алынған кернеу мен ток мәні арқылы қоректендіру көздерінің сыртқы сипаттамасын графигін масштабпен салу қажет. 6. Алынған сипаттамаларға қорытынды жасау. 2.3 Есептеме мазмұны 1. Жұмыстың мақсаты. 2. Пісіру генераторларының сыртқы сипаттамасы жайлы жалпы мағлұмат. 3. Түрлендіргіштер жайлы қысқаша мағлұмат беру және ПСО – 300 түрлендіргішінің техникалық сиапттамасын келтіру. 4. Пісіру генераторының принциптік электрлік сұлбасын құрастырып сызу.
Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 1522; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |