КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Программа «Детокс интенсив» или как подготовить питомца к вакцинации 2 страница
5. Тәжірибелік мәліметтерді кесте түрінде көрсетіп, сол арқылы генератордың сыртқы сипаттамасын салу. 6. Қорытынды. Негізгі әдебиет: 1 [36-39] Қосымша әдебиет: 3 [8-10] 2.4 Бақылау сұрақтары 1. Пісіру түрлендіргіштері дегеніміз не? 2. Пісіру түрлендіргіштерінің пісіру агрегатынан айырмашылығы неде? 3. Пісіру генераторының жұмыс принципі қандай? 4. Әмбебап генераторлар деп қандай генераторларды айтады? 5. Генератордың пісіру тогы қалай реттеледі? 4 ВСС-300 пісіру түзеткішінің құрылысы мен жұмыс істеу принципін оқып үйрену және сыртқы сипаттамасын анықтау Жұмыс мақсаты: ВСС-300 түзеткішінің құрылысымен танысу, жұмыс режімдерін реттеуді үйрену және түзеткіштердің сыртқы сипаттамасын тәжірибе жүзінде анықтау. 3.1 Жұмысты орындауға арналған құралдар мен аспаптар 1) пісіру түзеткіші ВСС-300; 2) қаптамалы электродтар; 3) штангенциркуль; 4) өлшеуіш аспаптар (вольтметр, амперметр); 5) жабдықты бөлшектеп ашып көретін слесарлық құрал саймандар. 3.2 Жұмысты орындау реті 1. ВСС-300 пісіру түзеткіштерінің техникалық сипаттамасымен танысып, оны кестеге жазып алу. 2. Түзеткіштердің қақпақтарын ашып, оның ішкі бөлшектерімен танысу және оның принциптік электрлі сұлбаларын салу. 3. Түзеткішті іске қосып, бос жүріс, жүктемелік жағдай және қысқа тұйықталу режіміндегі кернеу мен ток мәнін аспаптар көрсеткішінен бақылап, кестеге жазып алу. Мұнда пісіру тогының шамасын доға кернеуінің мәні UД жабдық түріне сәйкес 25-35 В аралығында болғанда алу керектігін ескеру қажет.
4.1 Тәжірибені екі түзеткішпен жеке-жеке жүргізу қажет. 4.2. Тәжірибені кем дегенде үш рет қайталау керек. 5. Алынған кернеу мен ток мәні арқылы түзеткіштің сыртқы сипаттамасының графигін масштабпен салу қажет. 6. Алынған сипаттамаларға қорытынды жасау. 3.3 Есептеме мазмұны 1. Жұмыстың мақсаты. 2. Пісіру түзеткіштерінің сыртқы сипаттамасы жайлы жалпы мағлұмат. 3. Түзеткіштер жайлы қысқаша мағлұмат беру және ВСС – 300 түзеткішінің техникалық сиапттамасын келтіру. 4. ВСС-300 пісіру түзеткішінің принциптік электрлік сұлбаларын құрастырып сызу. 5. Тәжірибелік мәліметтерді кесте түрінде көрсетіп, сол арқылы генератордың сыртқы сипаттамасын салу. 6. Қорытынды. Негізгі әдебиет: 1 [39-43] Қосымша әдебиет: 3 [10-12] 3.4 Бақылау сұрақтары 1. Пісіру түзеткіштерінің құрылысы мен жұмыс істеу принципі. 2. Түзеткіш блоктарында қандай вентильдер қолданылады? 4. Түзеткіш вентильдердің жалғастырылу сұлбалары қандай? 5. Түзеткіштердің жұмыс режімі қалай реттеледі? 5 Quality пісіру түзеткішінің құрылысы мен жұмыс істеу принципін оқып үйрену және сыртқы сипаттамасын анықтау Жұмыс мақсаты: Quality түзеткішінің құрылысымен танысу, жұмыс режімдерін реттеуді үйрену және түзеткіштердің сыртқы сипаттамасын тәжірибе жүзінде анықтау. 3.1 Жұмысты орындауға арналған құралдар мен аспаптар 1) пісіру түзеткіші Quality; 2) қаптамалы электродтар; 3) штангенциркуль; 4) өлшеуіш аспаптар (вольтметр, амперметр); 5) жабдықты бөлшектеп ашып көретін слесарлық құрал саймандар. 3.2 Жұмысты орындау реті 1. Quality пісіру түзеткіштерінің техникалық сипаттамасымен танысып, оны кестеге жазып алу. 2. Түзеткіштердің қақпақтарын ашып, оның ішкі бөлшектерімен танысу және оның принциптік электрлі сұлбаларын салу. 3. Түзеткішті іске қосып, бос жүріс, жүктемелік жағдай және қысқа тұйықталу режіміндегі кернеу мен ток мәнін аспаптар көрсеткішінен бақылап, кестеге жазып алу. Мұнда пісіру тогының шамасын доға кернеуінің мәні UД жабдық түріне сәйкес 25-35 В аралығында болғанда алу керектігін ескеру қажет.
4.1 Тәжірибені екі түзеткішпен жеке-жеке жүргізу қажет. 4.2. Тәжірибені кем дегенде үш рет қайталау керек. 5. Алынған кернеу мен ток мәні арқылы түзеткіштің сыртқы сипаттамасының графигін масштабпен салу қажет. 6. Алынған сипаттамаларға қорытынды жасау. 3.3 Есептеме мазмұны 1. Жұмыстың мақсаты. 2. Пісіру түзеткіштерінің сыртқы сипаттамасы жайлы жалпы мағлұмат. 3. Түзеткіштер жайлы қысқаша мағлұмат беру және Quality түзеткішінің техникалық сиапттамасын келтіру. 4. Quality пісіру түзеткішінің принциптік электрлік сұлбаларын құрастырып сызу. 5. Тәжірибелік мәліметтерді кесте түрінде көрсетіп, сол арқылы генератордың сыртқы сипаттамасын салу. 6. Қорытынды. Негізгі әдебиет: 1 [39-43] Қосымша әдебиет: 3 [10-12] 3.4 Бақылау сұрақтары 1. Quality пісіру түзеткішінің құрылысы мен жұмыс істеу принципі. 2. Тиристорлар мен диодтардың қандай айырмашылығы бар? 3. Түзеткіш вентильдердің жалғастырылу сұлбалары қандай? 4. Түзеткіштердің жұмыс режімін реттекдің қандай тәсілдері бар? 2.4 Оқытушы жетекшілігімен өтетін студенттердің өздік жұмысы (СОӨЖ) аясында өтетін сабақтар жоспары 14-кесте
14-кестенің жалғасы
14-кестенің жалғасы
2.5 Студенттердің өздік жұмыстары (СӨЖ) аясында өтетін сабақтар жоспары 15-кесте
15-кестенің жалғасы
2.6 Өздік бақылауға арналған тест сұрақтары 1. Нәрлендіру (қоректендіру) көздерінің шықпаларындағы кернеу қандай аспаппен өлшенеді? А) амперметрмен; В) анемометрмен; С) омметрмен; D) вольтметрмен; Е) барлық жауабы дұрыс. 2. Нәрлендіру (қоректендіру) көздерінің шықпаларындағы ток күші қандай аспаппен өлшенеді? А) вольтметрмен; В) манометрмен; С) амперметрмен; D) вольтметрмен және амперметрмен; Е) анемометрмен. 3. Реостат не үшін керек? А) доғаны тұтандыру үшін; В) пісіру тогын реттеу үшін; С) пісіру сымын беріп тұру үшін; D) пісіру сымының берілу жылдамдығын реттеу үшін; Е) пісір аппаратын іске қосу үшін. 4. Пісіру трансформаторының қай орамасынан пісіру тогы алынады? А) бірінші реттік орамадан; В) бірінші және екінші реттік орамадан; С) екінші реттік орамадан; D) үшінші реттік орамадан; Е) қосымша дроссельден. 5. Осциллятор не үшін пайдаланылады? А) пісіру тогын беру үшін; В) ток күшін реттеу үшін; С) кернеу мәнін реттеу үшін; D) доғаны тұтандырып жағу үшін; Е) пісіру қуатын реттеу үшін. 6. Нәрлендіру көздерінің ауысып отыратын қандай режімдерін білесіз? А) бос жүріс, жүктемелі жағдай және тез жүріс; В) бос жүріс бос емес жүріс, қаты жүріс, баяу жүріс; С) қатты және баяу жүріс; D) бос жүріс, қасқа тұйықталу, ұзын тұйықталу; Е) бос жүріс, жүктемелік жағдай және қысқа тұйықталу. 7. Ток тегіне байланысты нәрлендіргіш көздерінің бөлінуі: А) тұрақты және тұрақсыз токты; В) айнымалы және бірқалыпты токты; С) айнымалы және тұрақты токты; D) айнымалы, түзусызықты және құбылмалы; Е) құбылмалы және түрлендірілмелі. 8. Сыртқы сипаттамасына сәйкес пісіру генераторлары қандай топтарға жіктеледі? А) сыртқы сипаттамасы құламалы, тік, көлбеу; В) сыртқы сипаттамасы құламалы, қатаң және әмбебап; С) сыртқы сипаттамасы өспелі және бір қалыпты; D) сыртқы сипаттамасы тұрақты және айнымалы; Е) сыртқы сипаттамасы синусоидалы, параболалы және гиперболалы. 9. Құламалы сыртқы сипаттаманың қандай түрлері болады? А) күрт құламалы, өспелі; В) күрт құламалы, көлбеу құламалы; С) көлбеу құламалы, баяу құламалы; D) күрт құламалы, шұғыл құламалы; Е) барлық жауабы дұрыс. 10. Бос жүріс режімінде ток мәні қалай болады? А) ток мәні максималды; В) ток мәні кернеу мәніне тең; С) нөлге тең; D) шексіздікке тең; Е) сыртқы желідегі ток мәніне тең. 11. Доғаны айнымалы токпен нәрлендіру көздерінің бос жүріс кернеуі қалай анықталады? А) ; В) ; С) ; D) ; Е) U1 – бірінші реттік орамадағы кернеу; w1 w2 – бірінші және екінші реттік орамалар саны.
Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 1112; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |