КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дебиеттер тізімі 11 страница
Түрлі этникалық және діни қайшылықтар, кедейлік пен мемлекеттегі түрлі келіспеушіліктер де лаңкестіктің шығуына себеп болуы мүмкін. VІІ ғасырда Ислам әлемінде пайда болған діни, саяси, экстремистік әрекет саналатын харижиттер («хулафа-и рашидин») хазреті Омар (ғ.с.) мен Оспанға (ғ.с.) қарсы қастандық ұйымдастырды. Олар умәуилер салтанаты кезінде үлкен саяси күшке айналып, елде әрдайым іріткі мен дау-жанжал ұрығын септі. VІІІ ғ. екінші жартысында Ирак, Бахрейн, Йемен, Сирия, Мысыр және Хорасан жерлерінде лаңкестік әрекеттер жасаған карматилер де діни, саяси, экстремистік ағым саналған. Карматилер шиға мәзһабындағы исмаилиттердің негізгі тармағының бірі ретінде VІІІ ғ. ортасында Иракта пайда болған. Олар ислам шариғатын мойынсұнбай, тіпті Қағбаны зиярат етуді бидғат деп санаған. 899 жылы Бахрейнді басып алып, шығыс Арабияда өз мемлекетін құрған. 930 жылы қажылық маусымында Меккеге баса көктеп кіріп, қаланы талан-таражға салып, бірнеше мың қажылар мен жергілікті тұрғындарды өлтіріп, көптеген мұсылмандарды тұтқындаған. Қазіргі таңда дүниеде 500-ге жуық лаңкестік ұйым бой көрсетуде. Олардың саяси, діни бағыты, әлеуметтік және этникалық құрамы, шабуылдау дәрежесі бойынша ең үлкендері мыналар: «әл-Кайда», «Абсат әл-Ансар» (Ливан), «Ал-Жиһад», «Жәмағат әл-Ислами», «әл-Ихуан әл-муслимин» (Мысыр), «Хизб-ут-тахрир әл-Ислами», «Тәибә», «Жамағати-Ислами» (Пәкістан). Ланкестіктің бірнеше түрлері бар: Ядролық лаңкестік – ядролық жарылғыш заттарды жару немесе онымен қорқыту, радиоактивті заттармен улау, ядролық нысандарды басып алу мақсатын көздейді. Қазір дүниенің 30 мемлекетінде 450-ге жуық ядролық объектілер, 100-деген ядролық реакторлар, он мыңдаған ядролық қарулар бар. Хайджекин – ірі көлік құралдары: ұшақ, пойыз, автомобиль және кемелерді ұрлауды мақсат етеді. Бірінші әуе лаңкестік 1930 жылы жасалған. Лаңкестер тарапынан 1969 жылы 91, 1972 жылы 59 жолаушы ұшақтарына шабуыл жасалған. Тіпті, 1971 жылы қыркүйек айында 4 ұшақ лаңкестер тарапынан қиратылды. Гиперлаңкестік – арнайы хакер тәсілдері бойынша компьютер басқару жүйесін иеленіп алу, компьютер вирустары арқылы интернет жүйесін істен шығару көзделеді. Биолаңкестік – вирус, ұнтақ сияқты бактериялық қоспаларды пайдалана отырып лаңкестік әрекет жасау. Химиялық лаңкестік – улаушы және тұншықтырушы газдарды лаңкестік мақсатқа пайдалану. Ақпараттық лаңкестік деп теракт жасауға алып келетін мағлұматтарды БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) арқылы тарату, экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің өз техникалық мүмкіндіктерін басқаларға зиян тигізу үшін пайдалануды айтады. Мысалы, бір өтірік кейде, бүкіл дүниедегі мемлекеттерді қарама-қайшылыққа түсіреді, миллиондаған адамдардың санасын улайды, оларды жолдан тайдырады. Сол үшін БАҚ арқылы әсіресе, интернет жүйесі арқылы таралып жатқан теріс хабарлар әртүрлі жаман нәтиже беруі мүмкін. Мұндай зиянды хабарлардың «ақпарат лаңкестігі» делінуі ғажап емес. Бұл іс-әрекет саяси лаңкестіктің ажырамас бір бөлігіне жатады. Қазіргі кезде ең көп таралған лаңкестік – дінді бетперде еткен түрі. Олардың негізгі мақсаттары – әртүрлі діни сенімдерді пайдалана отырып, адамдардың пікіріне әсер ету, билікті ұстап қалу, ұлтаралық соғыстар, талас-тартыстар ұйымдастыру, дінді саяси құрал ретінде пайдалану. Лаңкестікке қарсы күресудің мақсаты рухани және материалдық, экономикалық тұрғыдағы нысандарды залалсыздандыру. Сол үшін лаңкестіктің пайда болу тарихын, оның түрлері мен алуан көріністерін, сондай-ақ қаупінің алдын алуды да білген абзал. Лаңкестікке қарсы iс-қимыл туралы. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi N 416-I Заңы. Осы Заң терроризмге қарсы iс-қимылдың, терроризм профилактикасының, терроризмнiң зардаптарын барынша азайтудың және (немесе) жоюдың негiзгi принциптерiн, мақсаттарын, құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн, сондай-ақ терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi жүзеге асыруға байланысты адам мен азаматтың мiндеттерi мен құқықтарын, оларды сақтау кепiлдiктерiн белгiлейдi. Саяси лаңкестік - қаталдықпен сипатталатын саяси зорлықтың ерекше түрі; тұрғындар мен өзінің қарсыластары арасында қорқыныш пен үркіту тудыру мақсатында бұзақылық әрекеттерді жүзеге асыру, тіптен олардың көзін жою немесе материалдық шығындарға ұшырату. Лаңкестік мемлекет, ұйымдар, топтар мүддесін қорғау мақсатында саяси күрес құралы ретінде пайдаланылады. Лаңкестік қарсыластардың бірін-бірі жоюдан басқа амалы қалмаған, қарама-қайшылықтар шиеленіскен жағдайларда дамиды. Лаңкестікке күрестің басқа жолы қалмаған немесе адамдардың мінез-құлқын түбегейлі өзгерткілері келген жағдайда баруы мүмкін. Лаңкестіктің психологиялық негізі - радикализм, экстремизм. Қазіргі заманда экстремистік ұйымдардың террористік қызметі үдеуде. Олардың сипаты күрделеніп, адамгершілікке жатпайтын мән алуда. Терроризм әлемдік деңгейдегі ұйымдасқан күшке айналып отыр. Терроризм мәселесі соңғы уақытқа дейін елімізде ұлттық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіретіндей дәрежеде емес, ал ықтимал қауіп-қатер ретінде ғана қарастырылып келді. Сондықтан да болар, еліміздің ұлттық қауіпсіздік жүйесі басқа қатерлерге қарсы, айталық этносаралық шиеленіс, есірткі тасымалының жолын кесу, заңсыз миграция сияқты қауіп-қатерлерге төтеп беруге бейімделген еді. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар да терроризм проблемасы Қазақстанға төніп тұрған нақты қауіп емес, ал Орталық Азиядағы жалпы ахуал аясында қарастырып келді (әсіресе 1999 жылғы ақпандағы Ташкенттегі терактіден және 1999-2000 жылдары Қырғызстанның Оңтүстігіндегі Баткен оқиғасынан кейін). Қоғамдық пікірде де терроризм Қазақстанда негізінен сыртқы қауіп-қатер ретінде қабылданды. Терроризмнің орталық элементі нақты мақсаттарды, сонымен бірге жалпы, кейде символдық мақсаттарды көздейтін террористік актілер. Нақты мақсаттарға саяси көшбасшыны өлтіру, адамдардың көп жиналған жерінде жарылыстар ұйымдастыру жатады. Ал жалпы, символдық мақсаттарға Шешенстанды Ресейден бөлуді талап етуді жатқызуымызға болады. Барлық жағдайда террористік актілердің мақсаты - қорқыту, үркіту, хаосты туындату. Терроризмнің өсу себептері - дағдарыстық құбылыстардың өсуі, саясаттың бақылаушылық-реттеушілік қызметінің әлсіреуі, кейбір елдердің, тіптен әлемдік қауымдастықтың күрделі әлеуметтік-саяси үрдістерді реттей алмауы, идеалдар мен құндылықтардың жылдам өзгеріп отыруы. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының тізімінде осы ұйымға мүше мемлекеттердің барлығының аумағында қызметі заңсыз деп табылған 34 экстремистік, террористік бағыттағы ұйым бар. Қазақ жерінде қазір қанша секта бар? – Елімізде 40-қа жуық конфессиялар, оның ішінде 3855 діни ұйым жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, 3855 – Исламдық, 278 – православтық, 82 – католиктік, 1161 – протестанттық, 27 – яһудейлік, 4 – буддистік, және тағы 46 дәстүрлі емес діни ұйымдар қызмет етіп жатыр.
№ 15-16 Дәріс. ТЖ кезіндегі халық пен аумақты қорғау. Мақсаты мен міндеттері: халықты қорғау бойынша іс-шараларды өткізу кезеңдері. Қорғаныс құралдары. Ұжымдық және жеке бас қорғаныс құралдары. Жоспар: 1.Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды (ҚжБКЖ) ұйымдастыру мен жүргізу негіздері. 2. Халықты көшіру. 3.Радиациялық және химиялық барлау. 4.Медициналық іс-шаралар. Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адамдарды құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету бойынша ТЖ-ны оқшаулау, сондай-ақ қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі. ТЖ зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байланысты тәуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет - адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді. Адамдарды құтқару - ТЖ жою үрдісінің бір бөлігін құрайды, олар өзара байланысқан жұмыс кешенін көрсетеді, сипаттамасы бойынша арнаулы үш топқа жіктеледі: - құтқару; - арнаулы (жедел); - қосалқы. Құтқару жұмыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді: - басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу; - зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау); - зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету; - зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру; - қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату; - жұмыс орындарын жарықтандыру т.с. Арнаулы (жедел) жұмыстар мыналарды қамтиды: - өрт сөндіру; - коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою; - тосқауылдарға кіру жолдарын жасау; - осал құрылыстарды күшейту. Қосалқы жұмыстар құтқару жұмыстарының алаңына және жұмыс орындарының инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады: - алаңдарды тазалау; - техника орнату. Көшіру және қоныстандырудың принциптері және көшіру әдістері.. Көшіру шаралары зілзалаға, апаттарға душар болуы мүмкін аудандардан, зақымдану аумақтарынан халықты алдын ала әкету (көшіру) мақсатында, түрғындарды, жүмысшылар мен қызметкерлерді табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезіндегі, сондай-ақ осы зақымдау құралдары қолданылған кезінде қорғау тәсілі ретіндегі негізгі әдіс болып табылады. Бұрында соғыстар кезінде көшіру кең қолданылатын. Бірақ та, бұрын өткізілген көшіру шаралары, яғни ұлы Отан соғысы кезінде, зілзалалар, авариялар мен апаттар уақытында белгіленген көшіру шараларынан қатты ерекшеленеді. Көшіру шаралары мынаны қамтиды: - көшіру - төтенше жағдайлар аймағымен және осы заманғы - қоныстандыру - бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларда Көшіру шараларына, сондай-ақ шекаралас аудандардан, аса маңызды объектілерге жақын орналасқан аудандардың халқын көшіру жатады. Қауіпсіз аймақ - бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағынан тыс қару орналасқан, көшірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамтамасыз ету үшін даярланған аумақ. Барлық көшірілген халық қауіпсіз аймақтағы қоныстандыру нүктесінде ең қажетті тіршілік көзімен қамтамасыз етілуі тиіс. Көшіру мен қоныстандырудың негізгі принциптері: - көшірілуге тиіс халықтың барлық санатын барынша қамту; - көшіру шараларын өндірістік принцип пен тұрғылықты жері бойынша жүргізу; - көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізу; - көшіру шараларын жүргізу кезінде жоспарлық пен ұйымшыл- - көшіру шараларын жүргізу үшін көліктің барлық түрлерін - орналастыру, қоныстандыру орындарын дер кезінде даярлау; - көшірілетін және қоныстандырылатын халықты жолда, орна- - өз қызметін жалғастыратын объектілердің үздіксіз және тұрақты жұмысын тұрақтандыру. Республика аумағындағы өндірісте қатты әсер ететін улы заттарды шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын 500 жуық аса қауіпті объекті бар. Су басу аймағында тұратын халық үшін 200-ге жуық су қоймасы қауіп төндіреді. Әр түрлі зілзала түрлері экономика мен ауылшаруашылығы объектілеріне елеулі залал келтіруі, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жағдайда ҚР халқы уақытша көшіруге дайын болуға тиіс. Барлық категориядағы халықты әкетуді (шығаруды) және оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды оларды жұмыс істейтін, оқитын, тұратын жерлері бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар ұйымдыстырады. Халықты көшіру сабақтас тәсілмен - халықты жаяу немеесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады. Көлікті беруді есептеулер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қауіпі төнгенде және пайда болған кезең мен қорғану шараларының мүдделері мен халықтың жеке пай-далануындағы көліктің қолда барын ескере отырып, соғыс кезеңіне жекеше жасалады. Осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қауіпі төнген кезде өндірісте істемейтін және қызмет көрсету саласындағы халықты (зейнеткерлер, жоғары оқу орындарының, мамандандырылған арнаулы оқу орындарының төменгі курс студенттері, колледждердің лицейлердің, мектеп - интернаттардын оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, мүгедектер мен қарттар үйлерінде орналасқандар, әкімшілік пен олардың отбасы мүшелерімен бірлесе отырып) көлік жұмысының кестесін бұзбастан көшіру шаралар басталғанға дейін ішінара көшіруге жатады. Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан кауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады. Көшіру мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу (шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады. Қауіпті аймақта көшірілетін халык, өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы (пункті) белгіленеді. Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пунктері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келісіледі, және солардың шешімімен (қаулысымен) бекітіледі. Осы шешімдер (қаулылар) негізінде әрбір ұйымға ордер беріледі, оның көшірмесі тиісті қызметтерде сақталады. Ішінара көшіру кезінде халықты орналастыру аудандарын (пункттерін) Республика үкіметі, жерглікті атқарушы органдар белгілейді. Көшірілетін халықты бір облыстың қауіпсіз аудандарына толық орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, оның бір бөлігі облыс әкімдерінің келісімі бойынша көрші облыстарға жеткізілуі мүмкін. Бытыраңқы орналастыру - соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырғаы үйымдардың жүмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардан, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру. Категорияланған қалаларда соғыс кезінде жүмысын тоқтатпаған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері қауіпсіз аймаққа орналастырылады. Әр үйымның жұмысшылар ауысымын тасымалдау үшін жұмысшылар ауысымын жұмыс объектілеріне көшіруге және қайта әкетуге кететін уақыттың мейлінше аз жұмсалуын (2-3 сағаттан көп емес) ескере отырып, темір жолға, автомобиль және су жолына жақын орналасқан орналастыру орындары бөлінеді. Бытыраңқы орналастыру мен көшірілуге жататын барлық халыққа көшіру тізімі жасалады. Тізімдер үйымдар мен пәтерлерді иеленушілердің кооперативтері (ПИК) бойынша күні бұрын жасалады және көшіру шараларды жүргізуге арналған өкімді алған уақытта нақтыланады. Жұмысшылар мен қызметшілердің өндірісте және қызмет көрсету саласында істемейтін отбасы мүшелері отбасы қожасының жұмыс істейтін орны бойынша тізімге алынады. Көшіру тізімдер үш данада жасалады біреуі ұйымда немесе пәтерлерді иеленушілер кооперативінде қалады, екіншісі көшіру шараларды жүргізуге үкім алысымен жиналатын көшіру пунктіне (тізімді анықтағаннан кейін) жіберіледі, үшіншісі бытыраңқы орналастыру мен көшіру басталысымен көшіру қабылдау комиссиясына жіберіледі. Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар: ♦ қорғаныс ғимараттарына жасыру; ♦ халықты таратып және көшіру қоныстандыру; ♦ жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану; ♦ дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру; ♦ азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, ♦ радиациялық, химиялық, бактериялогиялық барлау мен дозиметрлік және зертханалық бақылауды ұйымдастрыру; ♦ өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу; ♦ зақымдау аймақтарындағы үйымдарда жүмыс пен халықтың ♦ адамдарды, техниканы киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу. Қорғаныс ғимараттарына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылы қауіпі жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі. Бұл әдіс ахуалдың ықтимал сипаты мен халықтың әр түрлі санаттарын қорғау талаптарына жауап беретін қорғаныс ғимараттары жүйесін қолдануды қарастырады. Адамдарды радиациядан қорғайтын панаханада жасыру тек жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдануды қамтамасыз еткенде ғана сенімді бола алады. Таратып қоныстандыру және көшіру категорияланған қалалардың халқын, яғни жау шабуы құралдары әсерінің қауіпі нақты төнген халықтың бөлігін қорғау үшін жүргізіледі. Бұл әдісте ықтимал зақымдану ошақтарынан адамдарды уақытында алып кету және оларға жеке қорғаныс құралдарын кигізіп радиациядан қорғайтын панаханада жасыру жолымен қауіпсіз аймақтарға орналастыруды қарастырады. Көшіру шаралары халықты төтенше жағдайлар, осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы салдарынан қорғаудың негізгі әдісі болып табылады. Таратып қоныстандыру мен көшіру туралы шешімді ҚР үкіметі қабылдайды және орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар іске асырады. Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалын әлсірете алады. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғауға арналған. Медициналық қорғаныс құралдары қазіргі қарудың зақымдағыш факторларының ықпалын ескертуге немесе әлсіретуге арналған. Оларға радиациядан қорғайтын препараттар, антидоттар және АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы өзге бактериядан қорғау құралдары мен жеке химиядан қорғау пакеті жатады. Халықты қорғау республика Азаматтық Қорғанысының басты міндеттері болып табылады, өйткені адамдар - ең жоғары құндылық және олардың қауіпсіздігін қамсыздандыру - бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларды ескерту мен іс-әрекеттер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесі барлық шараларының басты мақсаты. Радиациялық барлау. Радиобелсенді заттардың иісі, түсі жоқтығынан, көзге көрінбейтігінен адам өздігінен олардың барын-жоғын біле алмайды. Тек арнайы аспаптар арқылы жердің, судың, азық-түліктің, ауаның, әр түрлі заттардың зарарданғанын зерттеп, радиация деңгейін өлшеп анықтауға болады. Ондай аспаптарды қолдана отырып барлаушылар зарарданған территорияны барлауға кіріседі, сонан соң ол жерде тіршілік ету мүмкіншілігін не болмаса зияндығын, қауіптілігін анықтап шешеді. Аталған салада арнайы аспаптар қолдануда, олардың кейбіреулерінің жұмыс істеу принципі радиацияның атомдарды иондау қасиетіне негізделген. Иондарға бөлінген ауа молекулалары ауаның әлектр тоқты өткізу қасиетін келтіреді, яғни оны әлектрөткізгіштік теп атайды.
Электрөткізгіштігі көтерілген ауа орналасқан камераға екі жағынан кернеу берілсе, онда жүйе арқылы ток жүреді. Енді тоқты өлшейтін микроамперметр қоссақ қарапайым радиация деңгейін өлшегіш (аспап) жобасын елестетуге болады. Міне осындай принцип бойынша істейтін ДП-5В атты кеңінен қолданылып келеді. ДП-5В атты аспабы гамма-радиацияның деңгейін өлшеуге арналған, яғни онымен 0,05 мр/сағ мен 200 р/сағ аралығындағы радиация деңгейін білуге болады. Аспап қақпасы бар қорапта орналасқан, айналаны зерттегенде оны бекіту баулары арқылы ыңғайлап адам мойынына асып алады, сөйтіп ұзартқыш таяқтың басына бекітілген сәуле қабылдаушы блогін зерттеліп тұрған заттқа жақындатады. Радиацияның деңгейін микроамперметр көрсетіп тұрады, қараңғы кезеңінде оның көрсеткіщіне жарық түсіруге арналған тетігі қасында. Микроамперметрдің өлшеу сапасына қарай көрсеткіші 6 сатыға бөлінген және сатыларын өзгертіп отыру үшін арнайы ауыстырғыш қарастырылған. Әр зерттеу алдында көрсеткіш тілін нольмен теңестіретін тетікті басу керек. ДП-5В аспабының салмағы 3,2 кг, кернеу беретін КБ-1 батарейдің үш данасы қораптың табанында орналасқан, ал олардың күші аспап үзілмей жұмысқа қосылып тұрғанда 55 сағатқа жетеді. Жалпы, ДП-5В аспабын пайдалану тәртібі қораптың ішіндегі нұсқауда дәлірек берілген.
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 99; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |