Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 7 страница




Тозаңданған немесе құм дауылдары шөл және шөлейт далаларда бірнеше жүз мыңдаған шаршы километр аймақтарды көміп тастай отырып, топырақ пен құмның орасан массасын (миллиондаған тонналар) жүздеген, тіпті мыңдаған километр қашықтыққа апарып тасымалдайды. Далалық алқапта осындай жағдай әдетте жер жыртуы дұрыс жасалмаған кезде болып тұрады.

Температураның кенет төмендеп кетуінен қар жауып, боран соғуы мұз тұруға - конструкциялар мен заттардың бетін мұз немесе ылғал қар басуына себепкер болады. Мұз тұру мынадай түрлерге: көк тайғақ, қатқақ, ылғал қар мен қатқан қардың қабаттануы болып бөлінеді. Әсіресе, мұз тұру әлектр қуатын беру желілері үшін қауіпті келеді - олар үзіледі, көбіне транспорт жұмысы да тоқталады.

Ауа қозғалыс қатарына құйындар да жатады. Құйын -жоғары көтерілетін ауаның айналма формасы, мөлшері жағынан ауа қозғалысының ең кіші түрі, ал айналу жылдамдығынан ең шапшаң келеді. Ол тез айналатын дәу воронканы, бұлттан түскен піл тұмсығын елестетеді. Бұл әрекетте ауамен бірге су, құм, шаң бөлшектері суырылып аспанға көтеріледі.

Құйындар көбіне ыстық ауа райында және жоғары ылғалдылықта пайда болады, яғни атмосфераның төменгі қабаттарында тұрақсыздық байқалғанда. Олар су айдын үстінде, сондай-ақ, құрлықта да жер шарының көптеген аймақтарында түзіледі, әдетте пәстегі жауынды бұлттан, кейде ашық күнде де туындайды, көбіне найзағаймен, бұршақпен, ерекше күшті нөсермен ере жүреді. Құйынның пайда болатын уақыты мен тұрақты жері ешқандай болжамға келмейді.

Құйынның ішкі қуысы, әдетте бос болып келеді, шеңбері көлденеңінде ондаған метрден жүздеген метрге барады. Қабырғаларында ауа серіппе тәрізді айналады және жылдамдығы 200

м/с (700 км/сағ.) жетуі де жиі кездеседі. Тығыздау келген құйындардың қабырғаларының қалыңдығы ішкі қуысының енінен айтарлықтай аз, аздаған метрмен өлшенеді, бостауларында- керісінше. Құйынның өзі сорғыш сияқты бұлтқа қарай әр түрлі заттарды, адамдар мен жануарларды және тағы басқаны ішкі қуысымен емес, қабырғамен жылжытып тартып немесе көтеріп әкетеді. Ауаның қысымы ішкі қуыста перефериясындағына қарағанда қашанда төмен; физика тұрғысынан алғанда, қысымның осындай едәуір айрмашылығы заттарды сіңіру әффектісіне себеп болады. Жылжи отырып құйындар заттарды ондаған километр қашықтыққа алып кетеді. Құйынның өзінің біртұтас түрінде жылжу жылдамдығы шамада 50-60 км/сағ, ал орташа ені 350-400 м.

Құйындарға төбелер, орман, теңіз, көл мен өзендер тосқауыл бола алмайды. Кішігірім көлді кесіп өткенде құйын оны толық құрғатып жіберуі мүмкін. Құйынның жылжуындағы ерекшеліктің бірі -оның секіруі. Жермен келе жатып ол уақытша ауаға көтеріліп, жерге тимей кетеді де қайта төмендейді.

Қуатты құйындардың әрекеті таңқаларлық, ал психологиялық әффекті адамдарға әсер еткенде суреттеуге келмейді. Ауаға көтеріліп бірнеше шақырым жерге автомобильдер, кішігірім үйлер, түбірімен жұлынған ағаштар тасымалдануы мүмкін. Сондай-ақ өндіріс ғимараттары, коммуникация желілері де зақымдануы ғажап емес. Теңіздерде көтерілген құйындар құрлыққа шыққанда күшін бәсеңдетпей қайта арттыра түседі.

 

 

№ 6-7 Дәріс. Өрттер кезіндегі халықтың іс-әрекеті.

 

Мақсаты мен міндеттері: өндiрiстегi және тұрмыстағы өрттер мен жарылыстардың алдын алуды қарастыру. Күйіктердің түрлерімен танысу.

Жоспар:

1.Өрттер және жарылыстар.

2. Өндiрiстегi және тұрмыстағы өрттер мен жарылыстардың алдын алу.

3. Өрт кезіндегі адамдардың іс-әрекеті.

4. Күйіктердің түрлері.

 

Өрт туындайтын негізгі объектілер негізінен тұрғын үй секторы болып отыр, бұл барлық өрттердің 75,2 %-ын құрайды, 13,6 %-ы көлік құралдарына тиесілі, 2,4 %-ды сауда объектілері, 2,8 %-ды өндірістік сипаттағы ғимараттар мен құрылыстар, 1,8%-ды әкімшілік-қоғамдық ғимараттар құрайды.

Өрттің пайда болу себептері: отты ұқыпсыз пайдаланудан, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудан болады. Өрттің 90%-ы адам кінәсінен, 78%-ықұрғақ ағашқа найзағай түсуден, 2-3%-ы өзге себептерден болады. Әр түрлі электр сымдарының тұйықталуы, газ плитасын дұрыс пайдаланбау, электр приборын қараусыз қалдыру, электр жүйесіне көп күш түсу, тоқыма, ағаш өңдейтін, ұн тартатын өнеркәсіптер мен кәсіпорындардағы шаң-тозаңдар.

Өкінішке орай өрттің көпшілігі адамның ұқыпсыздығынан және жауапсыздығының нәтижесі.

Өрт кезіндегі іс-қимыл.

Өрт пайда болғанда ұстамдылық сақтау және дұрыс шешім қабылдау қажет. Сасқалақтауға болмайды, айналадағылардың үрейге жол бермеуі тиіс.

Өрт сөндіретін құралдар болғанда өрт кезінде қолдану қажет.

Өртпен күресте және зақымданғандарды құтқару кезінде қауіпті нәрсе ауаның қатты ысыу, тұншықтыратын түтін, оттегі қоспасының жинақталуы, ғимараттар мен құрылыстың құлау мүмкіндігі болатын болатын есте ұстаған жөн.

Есте ұста: егер 10 метрге дейінгі заттар көруге мүмкін болмаса, онда түтіннің жинақталуы өте қауіпті.

Өртті сөндіруде бәрінен бұрын жалынның таралуын тоқтату керек. Бұл жағдайда суды жалынға емес, жанған заттың жоғары жағына қарай бағыттау керек.

Егер үйде шағын өрт шықса, оған су құйыңыз, немесе ауыр, ылғал матамен жабыңыз.

Жанған киімді жапқышпен жауып, оны шешіп тастап және сумен сөндіруге болады. Жерге домалау арқылы да жалынды сөндіруге болады.

Жанар–жағар майды көбік тудыратын құрамалармен, топырақпен, құммен көму арқылы сөндірген жөн.

Егер электр сымның сырты жанса, бәрінен бұрын оны ағыту керек.

Егер телевизор жанса, онда оны жүйеден бірден ажырату керек. Сосын су құйып сөндіру қажет. Егер киноскоп жарылса, улы түтін өте қауіпті, дем алмауға тырысыңыз, балалар болса өзге жерге шығару қажет.

Өрт сөндіруге мынадай іс–қимыл талап етіледі (егер пәтерде болса):

· 101–ге телефон шалу;

· Балалар мен қарттарды шығару;

· Содан соң барып өртті өз күшімен сөндіру.

Егер жанып жатқан бөлмеге адамдарды құтқару үшін кіретін болсаңыз сырт киіммен немесе басыңызға тығыз материалмен, ылғал одеяламен жауып алыңыз.

Улы газдан сақтану үшін ылғалданған мата арқылы демалыңыз. Күшті түтіндеген бөлмеде еңкейіп не жорғалап жүріңіз. Өрт кезінде лифтіні пайдаланбаңыз.

Күйік деп ыстық сұйықтықтар, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тоғы, электромагниттік радиацияның немесе қышқылдар, сілтілер әсерінен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады.

Зақымданудың тереңдігіне байланысты 4 деңгейге бөлінеді: І деңгей – терінің қызаруы және ісік; ІІ деңгей – қызару мен ісік үстіне көпіршіктер пайда болады, сұйықтық толады; ІІІ деңгей – терінің өлуі; ІV деңгей - терінің және тері асты жасушаларының, бұлшық еттерінің, сүйектердің өлуі, яғни терінің, бұлшық еттің және сүйектің қарайып күюі.

 

І деңгейлі күйік ІІ деңгейлі күйік ІІІ деңгейлі күйік

 

 

ІV деңгейлі күйік

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, қызу, ыстық салдарынан пайда болған күйік ауруы барлық жарақаттанғандардың арасында үшінші орында тұратын көрінеді.

Күйік деңгейіне қарай неміс ғалымы Крейбих 1921жылы барлық күштерді бес дәрежеге бөлді. Күйік тереңдігін дәрігер мөлшерлеп қана біле алады. Күйген жерді анықтау үшін қолданылатын әр түрлі әдіс бар. Соның бірі дермография әдісі. Компостер-биопсия әдісімен күйген жерден кесіліп ткань алынады да микроскоп арқылы зерттеледі.
Күйіктің көлемі мен тереңдігіне бірдей көңіл бөліп, күйік ауруының ауыртпалық мөлшерін білу үшін медицинаға зақымдалудың ауыртпалық индексі атты түсінік енгізілген.

Науқастың келешегін бағалау үшін тағы бір ереже қолдануға болады. Ол-жүздік ережесі. Күйік процентіне науқастың жасы қосылады. Егерде осы екі санды қосқанда ол сан 60-тан аспаса, науқас адамның өмірі сақталады, 81-100 арасында болса, науқастың өмірі қолайсыз жағдайда,тіпті қауіпті болуы мүмкін деп пайымдалады.

Терінің зақымданған факторына байланысты күйіктер термиялық (ыстық сұйықтықпен, от жалынымен, ыстық металмен), электр және химиялықболып бөлінеді.

Термиялық күйік – жоғары температураның әсер етуінен терінің, шырышты қабықшалардың және тереңірек орналасқан тіндердің зақымдануы.

 

Термиялық күйік

Жанып жатқан немесе түтінденген үй-жайдан көшіру кезінде жоғарғы тыныс алу жолдары ның күюін және улы өнімдермен улануды болдырмау мақсатында дымқыл таңғыш (қол орамал, дәке бөлігі, мақта-мата материалы және т.б.) арқылы дем алған жөн.

Өрт кезінде термиялық зақымдану механизмі төмендегідей сараланады:

жалыннан күю (тіндердің ауыр зақымдануы);

ыстық қабатпен тікелей байланыс (күйік дәрежесі байланыстың ұзақтығы мен қабаттың температурасына байланысты болады);

ұшқын (зақымдануы шамалы бір мезеттік күйік);

ыстық сұйықпен немесе газбен жидіту (әдетте, тері беті күйеді).

Күйіктің қауіптілігін бағалау үшін зақымданған қабаттың аумағын шамамен анықтай білу қажет. Ең қарапайым тәсіл – «алақан тәсілі». Оның аумағы адам денесі қабатының 1% құрайды. Күйген аймақ қанша алақан болса, дене қабатының жалпы аумағының сонша пайызын құрайды.

Күйген қабатты анықтаудың тағы да бір қарапайым тәсілі – «ондық ережесі», оған сәйкес дене қабатының тұтас аумағы анатомиялық бөліктерге бөлінген. Олардың әрқайсысы 9% немесе дененің жалпы аумағының оларға еселік мәні: бас пен мойын 9%, кеуденің алдыңғы және артқы қабаттары 18%, жоғарғы буындар - 9%, төменгі буындар 18%, бұтаралық және жыныс органдары 1%.

Күйіктен естен тану.

Терінің қайнап тұрған сумен күюдің салдары бірнеше тәулік немесе сағатта өлімге келтіруі мүмкін.

Күйіктен естен тану 2-3 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Күйіктен естен танудың клиникалық көрінісі екі фазадан тұрады – эректильді және торпидті.

Күйдіретін зат терідегі нерв жүйелерін қоздырғандықтан, теріде пайда болған ауру сезімі орталық миға қарай шабады. Орталық мидың қызметі нашарлағандықтан, қан айналымы бұзылып,тамырдағы қан көлемі азайп кетеді. Себебі қан бауыр, бұлшық еттер арасына жиналып, қан айналымына қатыспай тоқтап қалады.

Ағзаның улануы күйік түскен сағаттан басталады. Есеңгіреу жағдайы ұлғайа түседі. Терісі күйген адамның қан құрамында хлор иондары азайады, белоктар көлемі де төмендейді, зат алмасу процесі қалыптан шығады. Мұндай кезде адам шөлдгіш, қарны қампиып, басы айналып, лоқсу пайда болады. Тамыр соғуы жиілеп, қан қысымы төмендеп, жүректе миокардит, өкпеде пневмония және ісіну (отек) жағдайлары пайда болады. Күйген теріде пайда болған микробтар жараны іріңдетіп жібергендіктен, денеге сіңген іріңнің улы заттары науқас адамның жағдайын мүшкіл қылады. Ыстығы көтеріліп, денесін қара тер басады. Ол лоқсып құсады, бұлшық еттері сіресіп қалады. Тамыр соғуы әлсіз, бояу, қан қысымы төмен. Бауыр мен бүйрек қызметтері нашарлап, асқазан мен ішек қызметтері қалыптан шығарады.

Эректильді фаза бұл екі сағатқа созылатын қозғыштық фаза. Күйік алған адамның есі сау, қозғалу қабілеті бар, ол ауыр зардап шекпеген сияқты көрінуі мүмкін. Оның күретамыр қысымы, тамыр соғуы, тынысы қалыпты немесе шамалы жоғары. Сондықтан маман емес адамға бұндай адамның күйіктен естен танған жағдайына күдіктену қиын болады, сондықтан көмек көрсету уақыты өтіп кетуі мүмкін.

Торпидті фаза – бұл тежелу, естің шатасуы, тіпті оның мүлдем жоғалуы. Күретамыр қысымы тез түседі, тамыр соғысы мен тынысы жиі, ырғақсыз, қатты шөл мен лоқсу, тыныс жолдары күйгенде – тынысының қиналуы («ауаның жетіспеуі»).

Күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек

Ашық жалыннан күйік алғанда алғашқы көмек көрсету кезінде жоғары температураның әсер етуін тоқтату қажет, одан соң терінің күйген бөлігін салқын сумен шаю қажет (10-15 минут). Күйген жерді абайлап кемінде 15 минут (15°С болғанда) салқындату қажет. Салқындату неғұрлым ертерек бастаған дұрыс. Оны дер кезінде қолдану күйіктің тереңдігін азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ күйіктің одан әрі өршуіне жол бермеуге ықпал етеді.

Қатты күйген адамды ақжаймаға орайды, денесін жабады ауыруын жеңілдететін дәрі-дәрмек пен ыстық сусын береді.

Уытты жану өнімдерімен уланған және тыныс алу органдары зақымданған кезде ең алдымен зардап шегушіге таза ауаның келуін қамтамасыз ету қажет, тыныс алу тоқтаған жағдайда өкпені жасанды түрде желдету қажет.

беті, кеудесі, іші күйген жағдайда зардап шеккен адамды арқасына жатқызады, ал бөксе, арқа және т.б. күйгенде ішіне жатқызып, оған тыныштық қамтамасыз ету керек;

күйген жерді дымқыл матамен жабу керек (мысалы, үтіктелген салқын сумен суланған ақ жаймамен), матаның үстіне салқын қою керек. Дененің басқа (жарақаттанбаған) жерлерін көрпемен жабу керек;

ауырғанды сездірмейтін ету (дәрі беру: анальгин, баралгин М, парацетамол, пенталгин, седальгин және т.б.);

тыныштандыратын дәрілер ұсыну керек (шүйгіншөп, сасықшөп дәрісі мен тұнбасы);

жылы сусын беру – минералды су немесе сілтілі-тұзды ерітінді (бір литр жылы суға – бір шай қасық асқа салатын тұз және жарты шай қасық ас содасы);

Есте сақтау! Күйген жерге қандай да бір май немесе крем жағуға, теріде пайда болуы мүмкін көпіршіктерді ашуға болмайды.

Күйген алаң онша үлкен болмаса (қызарған тері, көлкілдек бүршік) жергілікті жердің травпункттіне қаралу.

Дененің күйген алаңы үлкен болған жағдайда "103-жедел жәрдемін" шақыру.

Күйік кезінде мыналарға тыйым салынады:

тіннің қосымша зақымдалуы мүмкін болғандықтан, күйген жерден киім қалдықтарын жұлып алуға (деген жабысқан бөлшектерге тиіспей, киімді қайшымен қиған жөн);

үлбіреулерді жаруға;

майлары бар таңғыштарды қолдануға, өйткені олар жарақаттану көлемі мен тереңдігін үлкейтіп, жылу беруді бәсеңдетеді және микро ағзаларға жағымды орта болады;

бояу заттарын (марганцовканың сулы ерітінділері) пайдалануға, өйткені олар дәрігер қараған кезде күю тереңдігін анықтауда қиындық туғызады;

сондай-ақ күю тереңдігін анықтауға қиындық туғызатын йод, зеленка спирт ерітіндісін қолдануға. Жараға тигізген кезде қосымша химиялық күюге әкеледі;

жараға ұнтақ (сода, крахмал), сондай-ақ сабын, шикі жұмыртқа тигізуге; өйткені олардан күйген жерде қиын түсетін қабық пайда болады және микробтарға жағымды орта болады;

күйген жерге бұласыр (пластырь) жабыстыруға; өйткені ол жазылу үшін қажетті оттегі жетуіне қиындық туғызады.

Химиялық заттардан күю.

Денені күйдіріп жіберетін химиялық заттарға концентрациясы күшті қышқылдар, сілтілер, ауыр металдардың тұзды ерінділері және фосфор жатады.

Концентрациясы күшті қышқылдар мен ауыр металдардың тұзды ерітінділері тканьдарға бірдей әсер етеді. Бұл химиялық заттар тканьнің белогын бүрістіріп және құрғатып жіберетіндіктен, оны коагуляциялық өлі ткань (наркоз) дейді. Жансыз тканьдардан қалың қабыршық пайда болады да, жаңадан келген химиялық заттарды тканьның терең қабатына жібермей оған бөгет жасайды.

Химиялық заттың зардабынан күйген адамның жалпы жағдайы айтарлықтай өзгермейді, естен танып қалу кездеспейді. Улану белгілері де болмайды. Жансыз тканьдардан тазарған жара қатайып, тыртық болып жазылады. Жараның жазылу процесі ұзаққа созылады.

Емдеу әдістері. Химиялық затпен күйіп қалған жерді сол мезетінде суық сумен жуу қажет. Су химиялық заттың концентрациясын азайтады, химиялық заттардың қалдықтарынан тазартылады да, химиялық заттардың әрман қарайғы зиянды әсерін тоқтатады.

Электр тоғынан күю.

Электр қуаты біздің күнделікті тұрмыстағы қызметімізбен тағыз байланысты. Өндіріс мекемелерінде электр тоғымен жарақаттанғандардың көрсеткіші 2-2,5 процентке дейін жетіп отыр. Сондықтан электр қуаты соққанда ағзада байқалатын өзгерістер туралы хабардар болғанымыз – жарақаттанған адамға көмек көрсету, өлімнен сақтап қалу үшін қажет.
Электр тоғы адамды алыста тұрғанның өзінде соғуы мүмкін. Айнымалы ток 120 вольт немесе одан жоғары болған жағдайда адам терісі дымқыл болса, ағзадан өткен электр тоғы адамды бірден мерт қылуы мүмкін.

Электр тоғы ағзаға тікелей әсер етуіне байланысты орталық нерв жүйесінің қызметі жүрек пен қан тамырына және тыныс жолдарына да залалын тигізбей қоймайды.

Электр тоғы аз мөлшерде соқса, ағзадағы өзгерістер аса жоғары болмайды. Мұндай адам тез шаршағыш, әлсіз ұмытшақ келеді, көңіл – күйі төмен және ашуланшақ келеді. Иіс сезуі төмендеп, саңырау сияқты ақырын, баяу айтқан сөздері естілмейді, көздері бұлдырап, анық көре алмайды. Мұндай жағдайлар бірден емес, тоқ соққан соң бірталай уақыт өткеннен кейін барып пайда болып, көп уақытқа дейін созылады. Науқастың қан құрамын зерттегенде лейкоциттер саны артып, өзгерген лейкоциттер мөлшері де көбейіп кететіндігі анықталған.

Электр тоғынан күйген адамды емдеу. Электр тогы соққан адамға көмек көрсету сол науқастың жатқан жерінен басталады. Бұл көмек кем дегенде үш сағат бойына тоқтамайды. Жағдайы өте нашар өлім қаліндегі адамға жедел жәрдем көрсету сол адамның өмірін сақтап қалады. Ең алғашқы әрекет тоқ ұрған адамды тоқ әсерінен құтқарудан басталауы (құрғақ резенке қолғаппен ұстап, тоқ сымын кесіп, электр жолдары тармақтарын бөліп тастау) керек.
Алғашқы көмек жүрекке сылама (массаж) жасап, танауға, өкпеге ауызбен жел үрлеу мен көрсетіледі. Сонымен қатар естен танып қалу жағдайына қарсы әрекет жасалуы керек. Ол үшін күре қан тамыры арқылы жүрек дәрілерін, лобелин, цититон дәрілерін құйып, науқастын аяқтарын ұқалап, жылытып, оттегін беріп, күре тамыр және артериялар арқылы қан құю керек. Тоқ соққан жердегі өзгерістерге онша көп көңіл бөлмесе де болады. Тек тоқтың белгілері бар жерді таза матамен орағанның өзі жеткілікті.

Науқас адамды аурухананың реанимациялық бөлімшесіне жатқызып, ем беруді, бақылауды одан әрі жүргізген жөн. Тоқ ұрған адамды тұрғызбайды, жүргізбейді. Тоқ соққан жерді емдеудің күйген адамның емінен ешбір айырмашылығы жоқ.

 

№ 8 Дәріс. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар сипаттамасы және жүйеленуі.

 

Мақсаты мен міндеттері: қауіпті және зиянды факторлардың жүйеленуін қарастыру. Жоспар:

1.Техногенді қауіптер.

2.Қауіпті және зиянды өндiрiстiк факторлардың жүйеленуі.

3. Өндірістік шудан, дірілден қорғану.

 

Қазақстан территориясының өте үлкен бөлігі әр түрлі факторлардың әсерінен кешенді ластанған, мысалы, ауаның, судың, жердің әр түрлі өндірістік зиянды қалдықтармен, улы газдармен және т.б. ластануы. Оған полигондарды, сынақ алаңдарын, «Байқоңыр» ғарыш кешенің, ірі тау-кен өндірістерін, Балхаш, Арал, Каспий суларындағы экологиялык апаттарды, мыңдаған өндірістік кәсіпорын, зауыттар мен фабрикаларды қосатын болсақ, Қазақстан территориясының нағыз апат алаңы екенін байқауға болады. Еліміздің территориясы дүние жүзінде 9-орынға ие болса да, шегі шектеулі. Жайылып жатқан территориямыздың жартысынан көбі өмір сүруге қолайсыз және ондай жерлердің көлемі күннен күнге өсуде. Мысалы: Атырау облысын алатын болсақ, мұнай болу салдарынан адам өмірінің денсаулығына өте қауіпті.

Өндірістік қондырғылардан шығатын және адам өміріне қауіп тудыратын зиянды заттарға мыналарды жатқызуға болады: шаң, жылу шығару, ылғал бөлу және зиянды газдар. Шаң қатты немесе сұйық заттардың майда бөліктері, ауа кеңістігінде орналысқан.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 138; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.