КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дебиеттер тізімі 4 страница
- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ-лардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қауіпі туралы хабарлау; -ТЖ-лар саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары. Ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-лардың деректер банкін жасау, ТЖ-ларды болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен ТЖ-ларды болжау қызметі (сейсмологиялық қызмет, сел жүретін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі. ТЖ-лар саласындағы ақпарат ұйымдардың қызметтері қаншалықты қатерлі және зиянды екені, қажетті қауіпсіздік, зардаптар, ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы мәліметтерден құралады. Ол ашық және жария болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары, байланыс және хабар беру жүйелері арқылы жариялануға тиіс. Мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында ТЖ-лар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесі құрылады. Халықты оқытып-үйрету мектеп жасына дейінгі мекемелер мен жалпы орта білім беретін мекемелерде, жұмыс орындарында мен тұрғылықты жерлердеғі ұйымдарда, ал мамандарды оқытып-үйрету кәсіптік-техникалық, орта арнаулы және жоғарғы білім беру, біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау мекемелерінде, ТЖ-дағы іс-қимылға дайындау және азаматтық қорғаныс орталықтарында, жұмыс орындағы ұйымдарда жүргізіледі. Қорғану шараларына - сейсмикалық жағынан берік құрылыстар салу, коммуникациялар жүйелерін жетілдіру және гидротехникалық, инженерлік-геологиялық қорғану шаралары, өрттерге (жарылыстарға), індеттер мен малдың жұқпалы ауруларына, ауылшаруашылық өсімдіктері мен ормандардың кеселдерімен және зиянкестермен зақымдануына жол бермеу шаралары және басқа да шаралар жатады. ТЖ-ларды оқшаулау мен жою жөнінде алдын ала арнайы іс-қимылдар жоспарлары дайындалып бекітіледі. ТЖ-ды жою шаралары оны жариялаудан басталады. Бірінші кезекте ТЖ аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын тарта отырып іс-қимылды жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады. Олар халықты уақытша көшіру, қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру ісін жүргізуі мүмкін. Объектілердің жұмысы тоқталады, ұйымдарда жұмыс режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы мен жүктердің тасымалдануына шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі. Шұғыл медициналық жәрдем дереу іске қосылады, ал ол жеткіліксіз болса басқа медициналық күштері мен құралдары тартылады. Жағдайды тез арада тұрақтандыру, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, қажетті құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау мақсатында ТЖ аймағында төтенше режимі енгізілуі мүмкін. Ондай кезде басқарудың ерекше түрлерінің белгіленуі, азаматтардың жекелеген құқықтары мен бостандықтарының шектелуі және заңдарда көзделген басқа да шаралардың қолдануы мүмкін. ТЖ-дың жойылғаны туралы хабарлағаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі шаралар жүзеге асырылады. ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады. Жергілікті ТЖ-лар қорлары құрылып, тікелей мақсаты бойынша жұмсалуы мүмкін. Шетелдік ұйымдар мен азаматтардың ҚР аумағында ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қызметіне, егер ол Қазақстан заңдарына қайшы келмесе немесе Республика бекіткен халықаралық шарттармен реттелетін болса, жол беріледі: "Адам тіршілік әрекеттерінің сенімділігі мен шаруашылық объектілердің жұмысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе" деген бағдарламада ТЖ-лар жөніндегі мемлекеттік жүйенің жоспарларының бір қатар бағыттары белгіленген. Олардың ішіне мыналары кіреді: - сейсмологиялық бақылау және жер сілкіністерін болжау жөніндегі Республикалық жүйені дамыту; - жаңа құрылыстардың сапалығы мен сенімділігі; - өнеркәсіп объектілер жұмысының қауіпсіздігі; - газ шаруашылығының қауіпсіздігі; - радиациялық қауіпсіздік; - ауа-райына байланысты маусымды ТЖ-лар; - сел, көшкін, су басудан қорғану; бөгендер, бөгеттер және өзендер арналарының жай-күйі; - Каспий теңізі: деңгейінің өзгеруі және нагон (кері су ағу) құбылыстары; - түрлі өрттер; оларды өшіруге дайындылық; - эпидемияларға қарсы шаралар; - ақпарат, байланыс және құлақтандыру жүйесін жетілдіру; - басшыларды, мамандарды және халықты оқытып-үйрету, насихаттау; -қаржы, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық қорларды жасау; - ТЖ-лардағы автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесі; - ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, дамыту; - әскери сипаттағы шаралар; - нысаналы бағдарламалар; - халықаралық қатынастар. № 3 Дәріс. Төтенше жағдай және Азаматтық қорғаныс жүйесі. Мақсаты мен міндеттері: Азаматтық қорғаныстың мемлекеттік ауқымдағы міндеттерін, құрылымын қарастыру. Жоспар: 1.Азаматтық қорғаныстың ұйымдасуы. 2.Азаматтық қорғаныстың мақсаты мен міндеттері. 3.Азаматтық қорғаныстың күштері. 4. Жоғары оқу орындарындағы азаматтық қорғаныс.
Азаматтық қорғаныстың ұйымдасуы. өміршеңдік қауіпсіздігі іс-қимыл жиынтығы ретінде қалыпты өмір жағдайын бұзатын зиянды факторлардың алдын алу (жою), мұнымен қоса еңбекті қорғау, өндірісте және тұрмыста болған қайғылы жағдайларда жарақаттанғандарға шұғыл жәрдем беру, әлеуметтік елеулі науқастармен күрес, әкология, салауатты өмір сүру, азаматтық қорғаныс және т.б. ірі блоктарды құрайды. Сондықтан АҚ-ты ТӘҚ-нің құрастырушы бөлігі және біртұтас мемлекеттік Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің жалпы маңызды бөлігі ретінде қарастыру қажет. Басқа сөздермен айтқанда АҚ-ты ұйымдастыру және жүргізу - мемлекеттің ең маңызды функцияларының бірі, оның қорғаныстық іс-шараларының құрастырушы бөлігі деп түсінеміз. АҚ жайындағы заңда келесі анықтама беріледі: АҚ-бұл басқару органдарының мемлекеттік системасы және жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы; бейбіт және соғыс жағдайларда жүргізілетін мақсаты: халықты, шаруашылық жүргізу объектілерін және елдің территориясын қирату (жою) факторларының әсерінен жаңартылған тәсілдермен қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-лардан қорғау. Артынша, АҚ жиынтықтарына басшылық жасауды жүзеге асыратын басқару органдары, күштер, қызметтер және АҚ алдында тұратын міндеттерді орындауға көмектесетін ұйымның басқа да атрибуттары болу керек екені айтылған. АҚ мемлекеттің барлық территориясында жергілікті және өндірістік қағидасымен ұйымдастырылады. Яғни кешенді және жеке қарастыру іс-шараларын өткізуде АҚ-тың объекті басқару органдарының функциялары және күштері территориялық және ведомстволық болып бөлінеді. Осы орайда, негізгі дәрежеден шыға отырып, Мемлекет үкіметі анықтайтын тәртіппен, АҚ бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жүзеге асырылады. АҚ іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру жауапкершілігін меншікті үлгідегі барлық ұйымдардың және орталық, жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың басшылары көтереді. Бұл органдар мен ұйымдар жыл сайын АҚ іс-шараларын жүзеге асыру және оларды орындағаны туралы есеп беру керек. АҚ дайындығы мен іс-шараларды өткізудің мерзімі және көлемі мен тәртібі, сонымен қатар есеп беру ұсынысы Мемлекет үкіметімен белгіленеді. АҚ дайындығы жаңартылған қарулардың дамуын есепке алып берілген территорияда ТЖ-лардың неғұрлым ықтималдығын ескере отырып салалары мен ұйымдарында алдын-ала жүргізіледі. АҚ идеясының және іс-шараларының негізінде гуманизм қағидасы жатыр, өйткені олар қорғауға, құтқаруға және ең ауыр жағдайларда халыққа көмек көрсетуге бағытталған. Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 мамырда қабылданды. АҚ жайындағы заңда келесі анықтама беріледі: АҚ-бұл басқару органдарының мемлекеттік системасы және жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы; бейбіт және соғыс жағдайларда жүргізілетін мақсаты: халықты, шаруашылық жүргізу объектілерін және елдің территориясын қирату (жою) факторларының әсерінен жаңартылған тәсілдермен қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-лардан қорғау. Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылу және жүмыс істеу принципін, орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы орган-дардың, ұйымдардың өкілеттігін және Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтады. АҚ-тың негізгі міндеттері: - басқару, хабарлау және байланыс жүйесін үйымдастыру, дамыту және түрақты әзірлікте ұстау; - АҚ күштерін құру, оларды даярлау және ТЖ кезіндегі іс-әрекетке тұрақты әзірлікте ұстау; - орталық, жергілікті және атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметкерлерін даярлау және халықты үйрету; - радиациялық, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) ахуалды қадағалау мен зертханалық бақылау; - АҚ әскери құрамаларының жұмылдырушылық даярлығын қамтамасыз ету; - шаруашылық салалары мен объектілерінің тұрақты жұмысын арттыру жөніндегі шаралар кешенін жүргізу; - қорғаныс ғимараттарының қажетті қорын, жеке қорғаныс құралдарын және АҚ-тың өзге бөлігін жинау және әзірлікте ұстау; - халықты, орталық, жергілікті және атқарушы органдарды адамдардың денсаулығы мен өміріне төнген қауіп пен қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекет тәртібі туралы құлақтандыру; - құтқару-іздестіру және өзге кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілік қамын ұйымдастыру және оларды қауіпті аймақтан алып кету; - азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикі затын, жемді, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) зақымдаудан, мал және өсімдік індеттерінен қорғау. АҚ-ты ұйымдастыру принциптері мен тәртіптері Азаматтық қорғаныс республиканың бүкіл аумағында аумақтық-өндірістік принцип бойынша ұйымдастырылады. АҚ шараларын орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдары, ҚР жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар АҚ басқару органдары мен күштері, ҚР азаматтары жүргізеді. АҚ-қа даярлық пен өткізу жөніндегі шараларды жүргізудің тәртібін, көлемі мен мерзімін ҚР Үкіметі анықтайды. АҚ шараларын кешенді және саралай жүргізу мақсатында маңыздылық деңгейін ескере отырып, ҚР Үкіметі анықтаған тәртіппен қалаларды топтарға, ал үйымдарды санаттарға жатқызу жүргізіледі. АҚ шараларын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жауапкершілік орталық, жергілікті атқарушы органдар мен меншіктің барлық нысанындағы үйымдар басшыларына жүктеледі. АҚ-тың күштері әскери және бейбітшілік кезеңінде әр түрлі АҚ іс-шараларын өткізу үшін арналады және өміршеңдіктің қауіпсіздігі Мемлекеттік системалардың құрастырушы бөлігі болып табылады; олар үйретілген, қару-жарақтармен, техникамен, жабдықтармен қамтамасыз етіліп құрастырылған және іс-қимылдарға дайын болу керек. АҚ күштерін пайдалануы келісілген деңгейдегі АҚ-тың басшылары шешімімен жүзеге асырылады. АҚ күштері мыналардан тұрады: АҚ әскери бөлімдерінен әскери емес жасақтардан, сондай-ақ, жасақтары а) территориялық, объектілік жасақтары мен АҚ және төтенше жағдайлар қызметтерінің жасақтары; б) республикалық, облыстық, қалалық және аудандық жедел-құтқару отрядтары сияқты әскери емес жасақтар болып келеді. Әскери емес жасақтар АҚ күштерінің негізін құрайды. Үкімет шешімімен құтқару жұмыстарын жүргізу кезеңінде уақытша ІІМ - ішкі істер министрлігі; ҚМ -қорғаныс министрлігі бөлімшелері, ведомстволық, мамандандырылған авариялық-құтқару; авариялық-қалпына келтіру, әскериленген және тағы басқа жасақтар тартылуы мүмкін. АҚ әскери бөлімшелері бейбіт кезде зардап шеккен халыққа тіршілікті қамтамасыз етуге жан-жақты көмек көрсетеді, туған республиканың шекарасында да және арнайы келісімі бар шет мемлекеттерде де іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізеді; адамдар құрамының білімін бағалаумен және дайындығымен айналысады; соғыс кезеңде зақымдану ошақтарында радиациялық және химиялық бақылаулар, құтқару және тағы басқа шұғыл-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді, халықты эвакуациялау шараларына қатысады, тылдық елеулі объектілерін қалпына келтірумен байланысты арнайы тапсырмаларды орындайды (мысалы, аэродромдарды, көпірлерді жөндеу). АҚ әскери бөлімшелері ішінара азаматтық персоналмен де құралады. Қорғаныс министрлігі Президент жарлығы бойынша кәмелетке жеткен азаматтарды нағыз әскери қызметке, сонымен кейбіреулерін АҚ жүйесінде қызмет атқаруға тартады, төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдағы, оның территориялық органдарының, АҚ әскери бөлімшелерінің, сондай-ақ ведомствоға бағынатын ұйымдардың шақырылған контингентпен және мобилизациялық ресурстармен адам құрамын толықтырады. АҚ әскери емес жасақтары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады, сонымен объектілік және территториялық болып бөлінеді. Құтқару ұйымдары барлауға, іздестіруге және зардап шеккендерді құтқаруға, оларды үйінділер астынан шығаруға арналады, алғашқы медициналық көмек көрсетеді; олар жинақталған құтқарушы отрядтардан, командалардан, ізденіс топтарынан, барлау бөлімшелерінен және тағы басқалардан тұрады. Инженерлік жасақтар инженерлік барлау топтардан, жол-көпірлік командалардан, жарылыс жұмыстарын жүргізетін топтарынан және тағы басқадан тұрады, яғни осылар жолды салумен, қираған ғимараттарды аршумен т.б. айналысады. АҚ қызметтерінің жасақтары халыққа тіршілікті қамтамасыз етуге, құтқару жасақтарды күшейтуге арналады және медициналық, байланыс, қоғамдық тәртіпті сақтау, өрт сөндіру, транспорттық және тағы басқа қызметтер болып бөлінеді. Жедел құтқару отряды жоғары дайындықта тұратын жасақтар болып келеді, және жоғары дәрежелі объектілерде, күрделі аймақтарда, енуге қиын аудандарда іздестіру-құтқару жұмыстарын өткізу үшін, зардап шеккендерге жәрдем көрсету үшін арналған. АҚ-тың нысанына баласы 8 жасқа толмаған әйелдерден, жүкті әйелдер мен мүгедектерден және әскери міндетті мобилизациялық нұсқауы бар азаматтардан тыс, жұмысқа қабілетті еркектер мен әйелдер алынады. АҚ-тың арнайы іс-шараларын орындау үшін және осы мақсатпен күштердің және құралдардың дайындығы үшін республикалық, аудандық, қалалық, облыстық АҚ және ТЖ-лар қызмет орындары, сонымен қатар АҚ басшысына тікелей бағынатын қызметтер құрылады. АҚ-тың эвакуациялық іс-шараларын орындауды ұйымдастыру мақсатымен әвакуациялық және әвакуация қабылдау комиссиялары құрылады. Шаруашылық объектілері - өндірістік және тағы басқа кәсіпорындар, түрлі ұйымдар, мекемелер, оқу орындары, ауыл-шаруашылық өндірістері - АҚ жүйесінің негізгі шаралары өткізілетін орындары болып табылады. Мұнда соғыс жағдайда жұмысшылар мен қызметкерлерді қорғау, объектілердің жұмыс төзімділігін қамтамасыз ету, жедел құтқару және апаттан кейін қайта өндеу жұмыстарына күштерін дайындау сияқты негізгі іс-шаралар орындалады. Шаруашылық объектісінің басшысы объектілеріндегі АҚ басшысы болып саналады және объектілеріндегі АҚ жағдайына жауап береді. Оның бұйрықтары мен үкімі объектінің барлық жеке құрамына қатысты. АҚ басшысына көмек беретін объектілердің үлкенді -кішілігіне байланасты бір немесе бірнеше көмекші орынбасарлар тағайындалады. Мәселен, бытыратып тарату және әвакуациялау жөніндегі орынбасар, материалдық-техникалық заттармен қамтамасыз ету жөніндегі орынбасар, инженерлік-техника бөлімі жөніндегі орынбасар т.б. АҚ бастығының бытыратып тарату жөніндегі орынбасары жұмысшылар мен қызметкерлерді, олардың жануяларын әвакуациялау жоспарын әзірлеуді басшылық етіп, қатерлі және соғыс жағдайда объектілерді орналастыру жерлерін дайындауды ұйымдастырып, жұмысшылар мен қызметкерлерді ауданға орналастыруды, оларды тасымалдауды, жалпы тәртіп күзетуді басқарады. АҚ бастығының инженерлік-техникалық бөлім жөніндегі орынбасары - объектінің басты инженері болып табылады. Ол объектілердің жұмыстарын ерекше күнтәртіпке көшіру жоспарын әзірлеуді басшылық етеді, объекті жұмысының тұрақтылығын арттыру үшін іс-шаралар жүргізеді, авариялық-техникалық пен өртке қарсы қызметті, бүлінген орталықтарда жедел құтқару және апаттан кейін қайта өндеу жұмыстарын, қорғаныс паналарының техникалық жағынан іске асыруды басшылық етеді. АҚ бастығының материалды-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары-объектілерді қамтамасыз ету женіндегі орынбасары-объектілерді қамтамасыз етудегі бастық орынбасары болып табылады және арнайы мүлікті сақтау мен жинақтауды қамтамасыз етеді. Оған техника, қүралдар, көліктер, қорғаныс қүралдары жатады. Оған мына материалды-техникалық жағынан қамтамасыз ету жүктеледі: қорғаныс паналарын салу жұмыстары, бытыратып тарату және әвакуациялау іс-шаралары, жедел құтқару және апаттан кейін қайта өңдеу жұмыстарын өткізу. Қарсыластың шабуыл жасау қатері төнгенде ол шикізат қорын, азық-түлік пен аса құнды жабдықтарды топтау немесе бытыратып орналастыру жұмысын ұйымдастырып қамтамасыз етеді. Объектінің АҚ басшысы аудандық АҚ басшысына бағынады. АҚ басшысының тұсынан АҚ штабы құрылады. Ол - АҚ басшысының басқару ұйымы, объектілеріндегі АҚ-тың барлық іс-шаралар жөніндегі ұйымдастырушы. Объектінің үлкендігіне байланысты АҚ штабы штатты жұмысшылары және негізгі міндеттерінен босатылмаған лауазым иелерінің есебінен құрылады. Штаб объектінің басшысы шешімдерінің негізінде ұйымдастыру жұмыстарын өткізеді. АҚ штабының басшысы объектінің АҚ басшысының бірінші орынбасары болып табылады, оның объектіде АҚ сұрақтары жөнінде басшының атынан бұйрық пен өкім беруге толық құқығы бар. Объектіде, оның өндіріс бөлімшелеріне байланысты, АҚ қызметтері құрылады. Оларды бөлім басшыларының бірі басшылыққа алады, яғни осы қызметтер құрылған базадағы цехтардың, бөлімшелердің басшыларының бірі болуы керек. Құлақтандыру және байланыс қызметі объектінің байланыс желісі базасында құрылады, дер кезінде қауіп туралы хабарлайды, үнемі байланыста болып, информацияны беруге дайын болады, байланыс желідегі аварияларды шектейді. Медициналық қызмет объектінің медициналық-санитарлық бөлім базасында ұйымдастырылады. Қызмет басшысы-бас дәрігер. Қызмет медициналық қалыптастықты қолдауды ұйымдастырады: медициналық қорды жинактау және жеке медициналық қорды, заттарды сақтау; санитарлық-эпидемиялық бақылау және медициналық барлау жұмыстарын қамтамасыз етеді. Емделу мекемелерінде зақымданған және әвакуацияланғандарға медициналық көмек көрсетеді, бір жерге топталған және әвакуацияланған орындарда медициналық көмекпен қамтамасыз етеді. Медициналық қызмет негізінде медициналық жасақтардың адам құрамын толықтырып, оларды оқытып, үйретіп, керекті заттармен қамтамасыз етіп, олардың әр-қашан дайындығы жөнінде жауапкершілік көтереді. Радиациялық зақымнан және химиялық зақымнан қорғау қызметі азық-түлікті, халықты, қоймаларды улы және радиоактивті заттардың әсерінен зақымданудан сақтайтын шараларды жүргізеді. Радиациялық зақымына қарсы (РЗҚ) және химиялық зақымына қарсы (ХЗҚ) қызмет РЗҚ және ХЗҚ арналған жасақтары, мекемелерді ұйымдастырады; жеке қорғаныс құралдары мен арнайы техника, приборлардың жағдайын қадағалайды; радиациялық және химиялық барлау өткізеді; адам құрамының сәулеленуге шалдығуын, химиялық зарардануын бақылайды; радиациялық және химиялық зақымдану ошақтарын жою мақсатында іс-шараларды жүргізеді.
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 90; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |