КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дебиеттер тізімі 3 страница№ 1 Дәріс. Тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздері. Мақсаты мен міндеттері: Тiршiлiк қауiпсiздiгiнің негiздерi курсының теориялық негіздерін қарастыру. Жоспар: 1. «Тiршiлiк қауiпсiздiгiнің негiздерi» пәнi, мазмұны. 2. Төтенше жағдайлардың мақсаты мен мiндеттерi. 3. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар. 4. Төтенше жағдайлар жөнінде түсінік.
Тіршілік қауіпсіздігі - адам өміріне төнетін жалпы қауіп- қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Тіршілік қауіпсіздігі курсының мақсаты - қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамның ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау. Осы курсты оқып өткен адамның өз ортасындағы қаупі және өзі мен өзгеге зиянын тигізетін құбылыстарды тануға, соған қарсы білікті әрекет жасауына мүмкіндігі болады. Тіршілік қауіпсіздігі курсының негізгі мақсатына төмендегі мәселелер кіреді: · қауіп-қатерді тани білу, оның түрін, болып жатқан жерін, мүмкін зардаптың зиянының шамасын, қатер болу мүмкіндігін және т.б.; · болғалы тұрған қауіп-қатердің алдын алу; · қауіп- қатер болғанда төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасау. Пәнде мынадай мәселелердің жәй-күйі мен жағымсыз факторлары қаралады: - адамның тіршілік ортасымен қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамсыздандыру принциптері, физиология негіздері және оның қызметінің қолайлы жағдайлары; - жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерінің анатомиялық-физиологиялық факторлары, оларды біргейлестіру принциптері, техникалық құралдар мен техникалық процесстердің қауіпсіздігін арттыру; - шаруашылық объектілерінің төтенше жағдайдағы жүмыс істеу тұрақтылығын зерттеу әдістері; - ТЖ мен оның салдарын болжау; - Төтенше жағдайда халық пен шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметкерлерін қорғау және ТЖ салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу; - Тіршілік қауіпсіздігінің нормативтік - техникалық және үйымдық негіздері. Төтенше жағдай (ТЖ) - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін апат, авария, зілзала немесе жойқын қару қолдану салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Табиғи сипаттағы ТЖ-лар - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалары), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар. Техногендік сипаттағы ТЖ-лар - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қауіпі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін әлектр-әнергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ-лар. ТЖ аймағы - ТЖ жарияланған белгілі бір аумақ. ТЖ-лар таралу ауқымына қарай мынадай болып бөлінеді: - объектілік (зардаптарының таралуы қондырғымен, цехпен, объектімен шектелген); - жергілікті (зардаптарының таралуы елді мекенмен, ауданмен, облыспен шектелген); - аймақтық (зардаптарының таралуы бірнеше облыспен шектелген); - барынша ауқымды (зардаптарының таралуы бірнеше мемлекеттерді қамтиды). Авария - технологиялық процесстің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы. Зілзала - ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс. Апат (катастрофа) - аймақтық және ірі ауқымды ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс. ТЖ-дын алдын алу - алдын ала жүргізілетін және ТЖ- дың пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге бағытталғын шаралар кешені. ТЖ-ды жою - ТЖ-лар пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ-лар аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық - қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар. Шаруашылык жүргізу объектілері - өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірісінің және қоғам қызметінің басқа да салаларының мүдделері үшін пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар. Баршаңыздың назарыңызға! дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамаларымен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін бірыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық телевизорларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып қоюға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріп-тұру ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті. Радиациялық қауіпсіздік - белгіленген нормаларға сәйкес қызметшілерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін шаралар кешенімен қамтамасыз етілген радиациялық жағдайдың жай-күйі. Иондаушы сәулелендіру - ортамен өзара әрекет кезінде түрлі белгілердегі иондар түзетін, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендіру. Табиғи радиациялык ая - ғарыш сәулесі және жерде, суда, ауада, биосфераның басқа әлементтерінде, тамақ өнімдері мен адам организмінде өздігінен бөлінген табиғи радионуклидтердің сәулесі шығаратын сәулелендіру мөлшері. Әсерлі мөлшер - адам организмі мен оның жекелеген органдарының радиациялық сезімталдығын ескере отырып, олардың сәуле алуының кейіндегі зардаптарының пайда болу қатерінің шамасы ретінде пайдаланылатын иондаушы сәулелендірудің сіңірілген әнергиясының шамасы. Радиациялык авария - атом әнергиясын қолдану объектісін қауіпсіз пайдалану шегінің бұзылып, бұл орайда адамдардың белгіленген нормалардан тыс сәуле алуына немесе қоршаған ортаның радиоактивті ластануына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан радиактивті өнімдердің және/немесе иондаушы сәулелендірудің қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кетуі. Радиациялык корғаныш - радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған радиациялық - гигиеналық, жобалау -конструкторлық, техникалық және ұйымдық шаралар жиынтығы. Радиоактивті калдықтар- мөлшері мен құрамы нормативтік құқықтық актілермен реттелген мәннен асып түсетін радиоактивтік заттардан тұратын,шаруашылық қызмет нәтижесінде пайда болған және одан әрі пайдалануға жатпайтын кез келген агрегаттық күйдегі материалдар мен заттар. Радиоактивті қалдыктарды көму - ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жағдайда радиоактивті қалдықтардың оларды қайта алу ниетінсіз орналастырылуы. Радиациялык мониторинг- иондаушы сәулелендіру көздерін пайдаланатын объектілерде де, қоршаған ортада да радиациялық жағдайдың жай-күйін жүйелі түрде байқап отыру. Өрт-адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану. Өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, меншіктің, қоғам мен мемлекеттің өрттен қорғалу жай-күйі. Кұтқару жұмыстары - ТЖ-лар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени қазыналарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, ТЖ-ларды бір шектен шығармау және соларға тән қауіпті факторлардың ықпалын басу немесе мүмкін ең төменгі деңгейіне түсіру жөніндегі іс-қимылдар. Әкологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және өзге де әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерден қорғалудың жай-күйі. Әскери кауіпсіздік - Қазақстан Республикасының ел тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына әскери сипатта төндірілетін нақты және ықтимал қауіп-қатер мен қол сұғушылықтан қорғалуының жай-күйі. Қоғамдық қауіпсіздік - Қазақстан азаматтары өмірінің, денсаулығы мен берекетінің, сондай-ақ Қазақстан қоғамы құндылықтарының оларға залал келтіре алатын, ықтимал қауіп қатерден қорғалуының жай-күйі. Төтенше жағдайлар деп табиғи ортаға, адамдардың өмір сүруіне, экономикаға, әлеуметтік өрісіне айтарлықтай кері әсерін тигізетін және қалыпты жағдайдан тез арада ажырататын құбылыстарды айтады. Олар әдетте ғимараттардың қирауына, адамдардың өліміне, құралдар мен материалдық құндылықтардың жойылуына және биоөрісіне нұқсан келтіруге әкеліп соқтырады. Сондықтан осындай оқиғалар (олардың салдарын жою үшін) шұғыл шараларды өткізуді, сондай-ақ құтқару, кезекті күттірмейтін авариялық - қайта өңдеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Төтенше жағдайлар үш ортада пайда болады: өндірісте (техногендік), табиғатта және экологиялық ортада, сонымен бірге болуы мүмкін қарқынымен (көлемділігімен) сипатталады да, жеке (бір кәсіпорнының жекелеген жүйесінде), объектілік, жергілікті, аймақтық және глобальды болып бөлінеді, сонымен авария (сәтсіздік) немесе апат (катастрофа) деп аталады. Экологиялық апатты қасырет деп те атайды, мысалы, Арал қасыреті. Басты белгілеріне шығынның ауырлығы және адам құрбандарының болуы жатады. Авария деп көбіне адам өлімі жоқ оқиғаларды айтады. Стихиялық, апат әдетте көлемді сипатта болады, сондай-ақ, геологиялық, гидрогеологиялық, атмосфералық және басқа да жағдайлардың себебімен түсіндіріліп (табиғи өрттер, жаппай көпшілік аурулар) көбіне техногенді сипаттағы авариялар мен апаттардың пайда болуына әкеледі. Экологиялық апаттар тұрғылықты жерде көптеген жағымсыз өзгерістерді туындатады, сондай-ақ әдетте тірі организмдердің өліміне (құстар, балықтар мен көптеген басқа жануарлар) әкеледі; олар стихиялық құбылыстардан да, техногенді авариялардан да өрістеуі мүмкін. Төтенше жағдай адамдардың қаза табуына әкелетін немесе әкеліп соғуы мүмкін олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін халықты айтарлықтай матералдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған апат немесе зілзала салдарынан пайда болған белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Қазіргі уақытта барлық ТДМ елдерінде төтенше жағдайлардың біріңғай стандартты анықтамасы жоқ. Төтенше жағдайлар көптеген себептердің нәтижесінде туындайды және белгілері бойынша жүйеленеді. Қауіптер сияқты олардың да әзірге жалпы қабылданған классификациясы жоқ. Ұсынылған бірден-бір классификация мынадай:
Бұл классификация төтенше жағдайлардың (мыс: жер сілкінісі, ғимараттардың қирауы, сел, және т.б.) тек алғашқы факторларын ғана есепке алады, екінші факторлары (мыс: жер сілкінісі нәтижесінде жарылыстар, өрт, сел, тасқын және т.б. болуы) ескерілмейді. Бұл әр түрлі төтенше жағдайлар үшін неғұрлым жалпы белгілерін көрсетеді. Төтенше жағдайлар негізіне: сыртқы және ішкі себептер жатады. Ішкі себептер: Технологиялар күрделілігі; Персоналдар біліктілігінің жетіспеушілігі; Жобалық конструкторлық жетіспеушілік; Қондырғылардың физикалық тозуы; Еңбек тәртібінің төмендеуі. Сыртқы себептер: Стихиялық апаттар; Аяқ астынан электр энергиясын, газды, суды, техникалық өнімдерді тоқтату; Терроризм, соғыс. Төтенше жағдайлардың дамуының бес сатысын айтайық: Теріс эффекттердің жинақталуы; Дамудың периоды; Экстремалды период; Басу периоды; Салдарды жою.
Апат – бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмір мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономиқалық және экологиялық залалмен сипатталады. Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі. Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен.Көлемді анықтау кезінде өлшеу үшін екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендердің жалпы саны немесе емделуге мұқтаждардың саны; апат салдарының әсеріне ұшыраған аумақ көлемі. Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді: - табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала) - жасанды (антропонгендік, яғни адамдық факторлардан туындайды). Табиғи апаттар: 1.Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақұйын, қатты ыстық, құрғақшалық, аяз, найзағайдан болған өрт). 2.Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі). 3.Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың құлауы, су басу). 4.Космостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы, олармен соқтығысуы). Жасанды апаттар: 1.Көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, теңіз, өзен, темір жол). 2.Өндірістік (радиациялық, химиялық, термикалық). 3.Спецификалық (ерекше жағдайдағы: бактериологиялық, эпидемиологиялық) 4.Әлеуметтік (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртіпсіздіктер, лаңкестік, маскүнемдік, нашақорлық, т.б.). Төтенше жағдай – апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процесстерінің жиілігі болып табылады. Бұл процесстерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді. Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді: 1.Пайда болу саласы бойынша. 2.Ведомстволық қатыстылығы бойынша. 3.Аумақтық таралуы бойынша. Пайда болу бойынша төтенше жағдайлар: - табиғи; - техногенді; - жанжалды болып бөлінеді. Табиғи төтенше жағдайлар: - геофизикалық қауіпті құбылыстар - геологиялық қауіпті құбылыстар - метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар - теңіздегі гидрологиядық қауіпті құбылыстар - гидрологиядық қауіпті құбылыстар - табиғи өрттер - адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы - ауылшаруышылық малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы - ауылшаруашылық өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге шалдығу. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға: - өндірістік - транспорттық авариялар - өрттер - КӘУЗ тасталуымен авариялар - РЗ тасталуымен авариялар - БҚЗ тасталуымен авариялар - ғимараттардың кенеттен құлауы - электр-энергетиқалық жүйелердегі - коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілердегі авариялар - тазартқыш құрылыстардағы авариялар - гидродинамикалық авариялар жатады. Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға: - қарулы шабуыл - кейбір аймақтардағы толқулар - соғыс уақыттағы әскери әрекетерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану жатады. Ведостволық қатыстығы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді: - құрылыста - өндірісте - халыққа үй-жайлылық және коммуналды-тұрмыстық қызмети көрсету саласында - көліктік байланыста Аумақтық таралуы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді: - объектілік - жергілікті - аймақтық - кең ауқымды
№ 2 Дәріс. Тіршілік қауіпсіздігін басқарудың заңнамалық және нормативтік-құқықтық негіздері.
Мақсаты мен міндеттері: Тіршілік қауіпсіздігін басқарудың негіздерін қарастыру. Жоспар: 1.Тіршілік қауіпсіздігін басқару. 2.Негізгі заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілердің сипаттамасы. 3.Реттеу нысандары және негізгі ережелер. Халықты және Республика аумағын ТЖ-лардан қорғау, ықтимал болатын нұқсан және залалды азайту мақсатында, ел тіршілік әрекеті сенімді түрде болуын және шаруашылық объектілердің жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз, ететін нәтижелі (тиімді) және тұрақты жүйе қажет. Осы салада біртұтас мемлекеттік саясат жүргізіліп, Республикалық бағдарлама жүзеге асырылуы тиісті. Сондықтан Қазақстанда атап өткен мәселеге тиісті бірқатар заңдар, сондай-ақ өзге де заңдық және құқықтық актілер қабылданды. Негізгілеріне ҚР-ның мына заңдары жатады: Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы; Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы; Азаматтық қорғаныс туралы; Өрт қауіпсіздігі туралы; Атом энергиясын пайдалану туралы; Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы. Аталған ҚР-ның тіршілік қауіпсіздігі саласындағы заңдары ҚР-ның Ата заңына (Конституциясына) негізделеді, оған қайшы келмейді, қайта баптарының мағынасын кеңейте түседі. Мысалы, Конституцияның 31 бабында былай деп айтылған: мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Осы зандар Қазақстан аумағында ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою, авариялық-құтқару қызметі мен құрамаларының әрекеттері жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді, АҚ және ТӘҚ саласындағы орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, ұйымдарының өкілеттігін, азаматтардың, шетелдік азаматтардың, және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Сондай-ақ заңдарға сай тіршілік қауіпсіздігін ұйымдастыру мақсатында қажетті органдар мен ұйымдар құралған. Республика үкіметі ТЖ-лар жөніндегі орталық атқарушы органы туралы ережені бекітеді. ҚР-ның ТЖ-лар жөніндегі орталық атқарушы органы арнайы уәкілдік берілген, үкімет құрамына кірмейтін мемлекеттік орган болып табылады және оның өзіне бағынатын аумақтық органдары болады. Министрліктер, мемлекеттік комитеттер және үкімет құрамына кірмейтін өзге де орталық атқарушы органдар тиісті аумақтағы ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою үшін жауапты болады. Ұйымдарда және объектілерде АҚ штабтары құрылады немесе мамандар тағайындалады. Сонымен, осындай түрде құрылған бірыңғай мемлекеттік жүйе ТЖ-лардың алдын алу және оларды жою үшін бейімделген. ТЖ-лардың алдын алу жөніндегі шараларға мыналар жатады:
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 160; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |