КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дебиеттер тізімі 6 страница
Ғылым және техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, жер сілкінісінің болуы мүмкіндігін алдын ала білу мақсатында, бір қатар мемлекеттер осы салада ғылыми зерттеулер және тәжірибе өткізуде. Белгісіздік (көп ұштық) шарттарының көп болуының салдарынан сілкіністі дәл болжау өте сирек кездеседі. Дегенмен, жер сілкіну жаршыларына мыналар жатуы мүмкін: әлсіз сілкіністерінің болуы, жатады. 10-30 км тереңдікте жердің кейбір орындарында әрқилы себептерден балқытылған магма жиналады; ал тектоникалық қимылдардан жер қыртысында жарықша сызаттар пайда болса, сол магма сызаттар арқылы жоғары қарай зор қысыммен атқылап жер бетіне төгіледі. Бұл процесс барысында су булары және әр түрлі газдар бөлініп едәуір қысыммен жолында кездесетін бөгеу нәрселерді айдап ұшыртады. Жердің бетіне шыға магманың бір бөлігі шлак болып, екіншісі лава түрінде ағады. Шлактар, пемза, күлі, тау жыныстары шыққан жердің айналасында қоқырап үйіледі де бара-бара өсетін тауды құрайды. Осындай тауды жанартау деп атаған. Оның түрі көбінесе конусқа келеді. Құрлықтың беті мен мұхиттардың түбінде осылай пішіні мен құрамы ерекше боп, тау жыныстары пайда болады. Магманың жоғары көтерілетін өзегі вулканның көмейі деп аталады, көмей кратермен аяқталады. Газдар мен су буы, вулкан тозаңдары, орасан зор күл және атқылап шығатын тастар, магма сол кратер арқылы жер бетіне шығады. Вулканның күлі жарылыс кезінде түзелетін лаваның өте ұсақ бөлшектері болып табылады. Ауада суыған күлдің бір бөлігі таудың айналасына шөгіп, қыстақтарды басып қалады; келесі бөлігін жел жүздеген километр қашықтыққа ұшырып әкетеді. Жерге шөккен вулкан жыныстарын тефра деп атайды. Тефраны қатып калған лаваның сынықтары құрайды. Сынықтардың ірілерін таужанардың бомбалары дейді, майдаларын -таужанар құмы, ал ең ұсақтары күлі деп саналады. Вулкан күлі әдеттегі отын жанғаннан кейін алынатын күлге ұқсамайды. Тефраның жерге түсуі мал, жануарлардың, өсімдіктердің жоюлуына, ал кей кезде адам құрбанына әкеліп соғады. Вулкан атқылаған кезде жер астынан гуіл естіледі, кейде жер сілкініп, жаңбыр жауады. Егер атқылауға дейін жанартауды қар мен мұзбасып жатқан болса, қызған лава оларды ерітіп жібереді. Күлмен араласқан су өте күшті лай тасқынын туғызып, ол беткейлерді бойлай төмен зор жылдамдықпен ағады. Едәуір тығыздығы бар бұл ағындар кездескен ірі тас кесектерін қозғалтып өзімен бірге тартып түсіреді де қауіптілікті одан әрі жоғарлатады. Құтқару жұмыстары және елді басқа жерге көшіру бұндай кезде ауырлана түседі. Жанартаудан шыққан газ бен су булары шыжып тұрған бұлттарды түзейді, ол соққы толқын түрінде, жылдамдығы сағатына 40 км-ге, температурасы 1000°С-дейін баратын жылжыған ыстық дуал сықылды келеді. Мұздақтар ерігенде аз уақыт арасында топан суға айналып кетеді. Лава ағынының температурасы да 900-1000°С-қа жетеді, бірақ оның жылдамдығы тау конусының еңісіне байланысты; көбіне олі км/сағ аспайды. Жанартаудың атқылауы өте улы, адам денсаулығына зиян, аса қауіпті газтектес қоспаларының шығуымен ұштасады - күкірт тотықтары, күкірт сутегі, хлорсутегі және фторсутегі қышқылдары, көміртек газдары – бәрі өте биік концентрацияда таралады. Бұл газдардың бөлінуі ұзақ уақыт, вулкан лава мен күлін шығаруын тоқтатса да, жалғаса беруі мүмкін. Мексиканың оңтүстігіндегі 1943 жылы жүгері егістігінде басталған вулкан бес күнде биіктігі 160 м конус тәрізді тауды пайда етіп 1952 жылы сөнді; бұл кезде оның биіктігі 2800 м бодды. Ең биік сөнбеген жанартау - Ключи Шоқысы- Камчатка түбегінде орналасқан. Әлденеше рет атқылаудың нәтижесінде 5 мың жыл ішінде оның биіктігі 4750 м-ге жеткен. 1975 жылы сол Камчаткада бірнеше айдың ішінде бірден жаңадан сегіз вулкан пайда болды. Күл бұлты 10-15 км биіктікке көтерілді, атқылаған жерден күл 200-250 км радиусты басты. Кавказ тауларының ең биік шыңы - Әльбрус- сөнген вулкандардың қатарына жатады Бір вулкандардан ұзақ уақыт бойы газ, бу бөлініп шығады, жарылыс болады, тас ұшып жатады, бірақ тұтқыр лава жер бетіне төгілмей, кратердің ішінде қатады. Басқаларында лава сұйық болып, газдар күшті жарылыссыз-ақ, оңай бөлініп шығады. Конусы аласа, беткейлері түйетайлы болып келетіндері де кездеседі. Сұйық лава кең кратердің жиегінен асып, беткейлерді бойлай құйылады да, толқындатып жатады. Мысалы Гавай аралдарындағы Килауза атты вулканның биіктігі 300 м, ал кратердің диаметрі 4-6 км. Оның ішін бұрқылдап қайнаған лава толтырып, лава көлін түзген. Ғалымдар вулкандар атқылауын зерттеу нәтижесінде литосферада бірнеше ондаған километр тереңдікте орналасқан заттардың құрамы мен қасиеттері жөнінде мағлұматтар (мәліметтер) алады. Жер сілкінетін және жанартаулар атқылайтын аудандар көбіне ұштасып жатады. Мұндай құбылыстар жер қыртысы тұрақсыз аудандарда өтеді. Пайда болу жағдайына қарай жанартауларды төрт түрге жіктеуге болатын сияқты. Бірінші түрдегі вулкандар мұхит тақтасы құрлық тақтаның астына киістіру нәтижесінде пайда болады. Жылу әнергиясының шоғырлануына байланысты тақталар бір-бірінен ажыраған кезде сызаттарда төменнен көтерілген лава жиналады. Бара-бара жиналған лава жер бетіне ұмтылады. Екінші түрдегі вулкандар рифтолық зоналарда туылады. Оның себебі - жер қыртысының жұқалауы, әлсіреуі. Бұл жерде мантия мен жер қыртысының арасы адыраяды. ұшінші-жер қыртысының едәуір омырылған аумақтарда өтеді. Төртінші - мұхит табанындағы кейбір жекелеген жерлерінде "ыстық нүктелер" пайда болады, тау жыныстары балқып базальт лава түрінде бетке шығады. Әрекетіне байланысты жанартаулар белсенді, ұйқыға кеткен және сөнгендер бөлінеді. Белсенді вулкандардың саны 900-ге жақын болып саналады, бұларға адамзат тарихы басталған заманда атқылағандары жатады. Сөнгендерге осы уақытта атқыламағандары, ал ұйқыға кеткендерге - белсенділіктің белгілерін анда-санда көрсеткен, бірақ атқылауға бармағандары жатады.
Өрт – бұл адамдар мен жануарлардың қаза болуына, материалдық игіліктердің жойылуына әкеп соғатын бақылауға келмейтін жану процесі. Табиғи өрттер деген ұғымға орман, дала және егістік алқаптарының өрттері, шым тезек және жер асты жанғыш өрттері жатады. Өрт жану қарқындылығы бойынша ормандағы өрттер әлсіз, орташа және күшті болып бөлінеді. Жану сипаты бойынша аласа және биік өрттерге, ұзақтығы жөнінен тез жанатын және үзбей жанатын өрттерге бөлінеді. Ерекше зиян келтіретін және адам құрбандарына себеп болатын өрттің кең тараған түрлері болып орман және дала өрттері саналады. Бұл өрттер сирек кездесетін құбылыс емес, олар жыл сайын болып тұрады; өкінішке орай, өрттің 90-97 % адамның кінәсынан басталады. Болған 100 өрттің тек 3-7 ғана найзағай ойнағанда түскен жасылдан немесе шым тезектің өздігінен жану себебінен пайда болады. Көктемде негізгі себебі-ауылшаруашылық өрттері; бұл өрттерді ескі және арам шөптерді құрту үшін, топырақты күл әлементтерімен байыту мақсатында немесе орманды тазалағанда, яғни ағаш дайындаған орындарда кесілген қалдықтар мен діңгектерді жою үшін жүргізеді. Саяхатшылар мен жидек, саңырау-құлақ терушілер алауды дұрыс пайдаланбайды, темекінің қалдықтарын тастайды - жалпы, адамдар өрт қауіпсіздік ережелерін жиі бұзып отырады. Орман және дала өрттері - ағаштар мен дақылды өсімдіктердің кең алқапқа стихиялы тарайтын бақылаусыз жануы. Мұндай ландшафтты өрттер жүздеген, мыңдаған және кейде миллиондаған гектар кеңістікті қамтиды. Дала өрттері ашық алқаптарда құрғақ шөпті және пісіп жетілген астықты жерлдерді шарпиды. Олар мерзімдік сипатта, яғни жаздыкүндерінде өтеді. Дала өрті қаншама зиян келтіретінін айтпасада түсінікті. өрттің таралу жылдамдығы 20-30 км/сағ-дей болады. Ормандағы өрттер ағаштар мен бұталарды, орманда даярлаған өнімдерді, құрылыстар мен ғимараттарды құртады. өрттен әлсіреген ағаштар зиянды індеттердің ошағына айналады, сөйтіп, өтқа күйген ағаштар ғана емес, оларға іргелес тұрған ағаштардың да құрып кетуіне себепкер болады. өрттің салдарынан орманның қорғаныш болуы, судан сақтайтын және басқа пайдалы қасиеттері кемиді, құнды хайуанаттар құриды, орман шаруашылығын және орман қорын пайдалануды басқару жоспары бұзылады.
Орманның қай бөлігіне от жайылғанына қарай өрттер төменгі, жер асты, жоғары, ал от шарпуының жылдамдығы мен жалынының биіктігіне қарай - әлсіз, орташа және күшті өрт болып бөлінеді. Басқаларынан гөрі төменгі өрттер жиі кездеседі. Бұл жағдайда өрт тек топырақтың бет жағындағы жамылғысына тиіп, ағаштардың төменгі сабақтары мен топырақтан шығып жатқан тамырларын шарпиды. Жер бауырлап жанған әрттер лапылдақ және маздақ болып бөлінеді. Қозғалыс жылдамдығы қарқындылығына қарай 1 м/мин ден 16 м/мин дейін (шамада 1 км/сағ), алаудың биіктігі 1-2 метрдей болады, өрттің жиегіндегі температура 900ºС-ға жетеді.
Жоғарғы орман өрттері төмендегіден пайда болады және ағаштар төбесінің жануымен сипатталады. Жүгіртпе жоғарғы өрттерде жалын 8-25 км/сағ жылдамдықпен бір ағаштан екінші ағаш төбесіне, кейде өрт тимеген бүтін учаскелер тастап жылжиды. Тұрақты жоғарғы өрттерде от тек ағаш төбелерін ғана емес, ағашты діңгегіне дейін қамтиды. Жалын 5-8 км/сағ жылдамдықпен топырақ жамылғысынан ағаш төбелеріне дейін бүкіл орманға тарап жаппай қаулайды. өрттің досы жел, желге өрттің таралу жылдамдығы мен қарқындылығы байланысты. Жер асты өртенуінің бірден біріне шым тезек өрті жатады. Шым тезек (торф) - ылғалы көп, ауа жеткілікті болмағандықтан батпақтағы өсімдіктің құрып бітуінің салдарынан пайда болатын геологиялық жас қабат. Шым тезек кенінің орташа қалыңдығы 2 метрге шамалас. Алайда, қабатының қалыңдығы 8-13 метр шым тезекті саз кездесіп отырады. Температураның, төңіректің ылғалдығының, шым тезекке айналатын өсімдіктердің биологиялық құрылысының және басқа да бірқатар себептердің әсерімен шым тезек бірте-бірте шіри береді. Оның шіру дәрежесі неғүрлым жоғары болған сайын тұтанғыштығы да арта береді. Шым тезек орындарындағы жанудың жалпы санының 60%-ке жақыны өздігінен тұтануынан болғаны тіркелген. Қалған жағдайда өндіруге арналған машиналардан ұшқын түсуі, найзағай ойнауы және басқа себептер болады екен. Шым тезек әдетте түгел жанбайтын болғандықтан едәуір территорияны түтін басып кетеді. Ауасыз жанғандықтан жану процессі өте баяу, 0,1-0,5 м/мин жылдамдықпен жүреді, кей жерлерде білінбейді да және жанып біткен қуыстар да пайда болады. Сондықтан жер асты өрттің ошағына топырақты үнемі қадамен сынап, сырықпен байқау арқылы үлкен сақтықпен жақындау керек. Жану өте ұзақ уақыт, керек болса қыстың күні қар қабатының астында да жалғаса беруі мүмкін.
Шым тезектің өртенуі мынадай зиян келтіреді: біріншіден, оның өзі отын ретінде пайдаланылады, яғни ол қажет материал; екіншіден, желдің бағытымен ұшып баратын жанған шым тезектің бөліктері едәуір қашықтыққа жетіп орманда жаңа өрт ошақтарын пайда етеді, үшіншіден, айналадағы температура көтеріледі, іргелес ауданды қалың түтін қаптауымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, шым тезек өртін сөндіру күрделі жұмысқа айналады, ол арнайы құралдарды қажет етеді. Сел – тау өзендерінің саласында кенеттен пайда болған су деңгейінің тез көтерілуі, құрамында қираған тау жыныстарының көп болуымен сипатталатын уақытша ағыс.
Селдер ұзаққа созылған нөсерден, қарлар мен мұздақтардың шапшаң еруінен, тұрып қалған мұзды көлдердің жарып кетуінен, жер сілкінісінен пайда болады. Қазақстанда сел қаупі күшті аудандарға Іле Алатауының Солтүстік баурайы, Жоңғар, Теріскей және Қырғыз Алатауы жатады. Сел тасқынының тікелей қаупінің белгілері: күшті шуылдың шығуы, сел ағызып әкеле жатқан тастардың соққысынан жердің дірілдеуі, лас шаңды бұлттың пайда болуы жатады. Егер сел тасқынына тап болсаңыз онда жергілікті өкімет органдарының, полицияның берген нұсқауларына сәйкес қауіпті аймақтан тез арада шығу керек. Қауіпсіз аймақтар айтылатын болады. Егер уақыт мұрша беретін болса, онда қауіпті аймақтан малды айдап әкетуді қолға алу керек. Адамдарды, малдарды, жеке мүліктерді, бағалы заттарды құтқарып қалу үшін суға жүзу құралдары пайдалануы тиіс. Құралдар дер кезінде табылмаса, онда қолдан салдар жасау қажет. Басқа тасқындарға қарағанда әдетте ағыл-тегіл емес, сел тасқыны бөлек-бөлек толқындар түрінде қозғалады, селдің ұзақтығы 1-3 сағаттай болады. Селдің жылдамдылығы әдетте 2,5-4,0 м/с аспайды, бірақ су бөгетті бұзып - жарып селді бастаған жағдайда оның жылдамдығы 8-10 м/с және одан да көп болуы мүмкін. Селдің алдыңғы шебі биіктігі 5-15, кейде 25 м-ге жетеді, яғни "сел бась”деп аталады. Сел тасқыны эрозиялық механизм арқылы туындағанда алдымен су ағыны жағауларындағы қиыршық тас пен құм, шөп-шаламды, қысқасы беткейлердің етек жағын орып өтеді де өзін осы бос борпылдақ материалдармен қанықтырады- бұл процессті сельдің түзілуі деуге болады. Бөгетті бұзып - жарып сел басталатын механизмінде су жиналуымен тау жыныстарының бара-бара сумен қаныға жүретін процесстер бір-бірімен қатар, бір мезгілде өте береді. Бір кезде шегіне жетіп сел массасы бөгеуді жарып шығады. Құлама-шөккінді механизмде селдің пайда болуы әбден ылғалданған тау жыныстарының және қар мен мұздың өзен ағынына құлап немесе сырғып қосылуынан басталады. Техногенді факторларының қауіптілеріне әсіресе су қоймалардың сапасыз жасаған бөгеттері және техногенді жыныстарды есепсіз жинап қоюы жатады. Су әр-түрлі үйінділерді (ұзақ жаңбырлар кезінде) батпақ пен лай аралас массаға айналдырады. Физикалық түрлері жағынан селдер байланыссыз және байланысты болып бөлінеді. Байланыссыз селдерді жасайтын - қатты заттар қосылыстар бар су, ал байланысты селдер - судың негізгі массасы қою боп, ұсақ дисперсиялық бөлшектермен байланысқан топырақ қоспасынан болады. Селдің қауіптілігі - тек оның бұзу күшінде ғана емес, сондай-ақ, оның кенеттен келуінен де болады. Бүлдіруші күшін сипаттайтын ерекшеліктері оның екпінінің қаттылығы, құрамының тұтастығы, шапшаң қозғалып, жөңкіле ағатындығы болып табылады. Кедергілерге ұшырыған кезде сел ағыны оларды басып өтіп, өз күшін жоғалтпай, қайта үдете түседі. Сел халық шаруашылығы объектілеріне, елді мекендер мен қалаларға, егістік жерге, суармалы жүйелерге, темір жол мен тас жолдарға өте қауіпті, өйткені күтпеген жерден пайда болып, тікелей қатер төндіреді. Мұндай жағдайда дамбы (бөгеу) түрінде жасалған жағалаудағы қалқалар айтарлықтай тосқауыл бола алмайды. Мүжіліп түскен тау жыныстарын ағызып әкелгенде, сел кездескен нәрселерді шайып, өзіне қосып әкетеді. Қар көшкіні басқа да көшкіндердің жылжуы сияқты гравитация тартысы қар арасындағы ұстау күштерінен асқан кезде пайда болады.
Қар өзінің әрекетін бастай отырып, барлық жаңа қар массаларын, тастарды және басқа заттарды ілестіре тез арада жылдамдылығын күшейтеді. Негізінен, көшкін қардың ұсақ кристалдары мен ауаның араласуымен сипатталады. Жазықтау жерге немесе аңғар түбіне жете қар өз қозғалысын тоқтатады. 50°-тан көп құлама тіктілікте қар өздігінен жайғана төмен құйылады, яғни қар массасының пайда болу жағдайы туындамайды. Көшкіннің пайда болуына ең қолайлы жағдай - 30-40° тігімен орналасқан, майда шөптер басқан баурайларда биіктігі 30 см қардың өсуі жатады. Көп нәрсе ескі жатқан қар жамылғысына және жаңа қар басу қарқындылығына байланысты болады. Егер 2-3 күн аралығында 0,5 м қар жауса, ол, әдетте, қауіпті емес; ал осы жағдай 10-12 сағатта болса қар көшкіні әбден мүмкін. Жылдамдығы 7-8 м/с-ге жететін жел тұрса, ол көшкін қар қалыңдығын 10-15 см төмендетеді. Басқаша айтқанда жел көшкін болу мүмкіндігін арттырады. Әсіресе қарлы борандар қардың бір жерге көп мөлшерде жиналуына себепкер бола алады. өте маңызды факторларға ауа температурасы жатады. Қысты күні жылы ауа райында (0°С) немесе уақытша болатын жылымықтарда қар жамылғысының босандығы жоғарлайды және не қар көшкіні жүреді, не қар шөгеді. Температураның төмендеуінде көшкін басталу мерзімі ұзарады. Көктемде жылуымен бірге сулы қар көшкіндер болу мүмкіндігі өседі. Қар көшкіннің әрекетіндегі негізгі сипаттарға мына параметрлерді жатқызамыз: жекелеген жағдайларда көшкін жылдамдығы 100 м/с дейін жетуі мүмкін; құрғақ қар көшкіннің тығыздығы 200-400 кг/м3, және сулы жағдайда 300-800 кг/м3 болып қар массасының соққы күшін анықтайды, сондай-ақ, бұл тазалау еңбек күші көлеміне белгі етеді; кідірікте 10-15 м қар массасының биіктігі авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру кезінде параметр ретінде қызмет етеді, бұл жерде қар өте тығыз келеді; көшкіннің түсу қайталануы әр түрлі-жекеленген аудандарда қар көшкін жылына 15-20 рет түсуі мүмкін; қар массаның көпжылдық максималды мәнмен алғанда жету алыстығын осы маңайда құрылыстар жүргізгенде есепке алады. Метеорологиялық сипаттағы табиғи ауыртпалықтарға қатты тұратын желді (жылдамдығы 25 м/с биік), толассыз нөсер жауын шашынды (12 сағат арасында 50 мм немесе одан көп мөлшерде болса), ірі бұршақтың түсуін (бұршақтың көлденең мөлшері 20 мм және одан да үлкен), күшті қар жаууын (12 сағат арасында 20 мм немесе одан көп мөлшерде), қарлы борандарды (жел жылдамдығы 15 м/с көп болса), шаңды және құмды борандарды, вегетациялық мерзімде ауа температурасының күрт төмендеуін (қатқақ болған жағдай), қақаған аязды немесе шыжыған аптап ауа-райын жатқызады. Ауадағы желдің жылжуы үшін 12-баллдық Бофорт бағанасы анықталған. Дауыл зор қиратқыш күші бар және айтарлықтай ұзақ уақыт тұратын, жылдамдығы 32,6 м/с (117,3 км/сағ) асатын, яғни 12баллды жел. Сондай-ақ дауылдар деп Тынық Мұхиттың Орталық Америка маңайында пайда болатын тропикалық циклондарды да айтады. Қиыр Шығыста, ұнді Мұхиттың аудандарында болатын тропикалық циклондарды тайфун деп атап кеткен. Тропикалық циклондар желдің жылдамдығы көбіне 50 м/с асып тұрады. Циклондар мен тайфундар, әдетте, қарқынды жауын-шашынмен бірге жүреді, мұндай нәрселер жиі кездерде дауылды желдердің өздерінен де қауіпті. Егер дауылдан болған апат аумағындағы қиратуына салыстырмалы түрдегі кішігірім дауылды желдің территориясындағы қиратуды қоссақ, онда дауылдың ені жүздеген километрмен, кейде ІОООкм-мен өлшенеді. Тайфундардың қирату жолы әдетте 15-45 км құрайды. Дауылдың орташа ұзақтығы 9-12 күн.
Борандар ретінде Бофорт бағанасында 8-11 баллды желдер саналады. Күшті борандар (тасқындар) кейде дауыл деп те аталады. Желдің жылдамдылығы 15-30 м/сек жетеді. Тасқынның ұзақтығы -бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін, ені оннан жүз километрге дейін барады. Олар да, айтарлықтай, жауынның түсуімен жүреді. Кейде кенеттен басталатын күшті желдер кездейсоқ пайда болып ұзақ тұрмайды. Олардың жылдамдығы 10 минут арасында Зм/с-ден ЗОм/с дейін күрт көтеріледі. Кейбір дауылдар апаттың қуатты күштерінің бірі болып табылады және өзінің қирату әрекетінде жер сілкініске жол бермейді. Олар өзімен бірге орасан зор әнергия әкеледі. Орташа қуатты дауылдың бір сағатта жұмсайтын әнергия мөлшері 36 миллион тонналық ядролық жарылысқа тең! Дауылды жел өте берік құрылыстарды бүлдіріп, жеңіл құрылыстарды құлатады; егінді алқаптарды суырып, әлектр желілерінің сымдарын үзеді, бағаналарын жығады; көпірлерді, ағаштарды түбімен қопарып тастайды, кемелерді суға батырады, түрлі техногенді аварияларға себеп болады. Дауыл бөгендер мен бөгеттерді бұзып су тасқынға алып келген, поездарды рельстерінен лақтырып кеткен, фабрика құбырларын құлатқан, кемелерді құрлыққы шығарып тастаған оқиғалар болып жатты. Теңіздердегі тараған дауылды желдер биіктігі 10-12м немесе одан да биік толқындарды көтере алады.
Қыс кезінде боранды желдер орасан мөлшердегі қарды суырып жоғары жылдамдықпен бір жерден алып екінші жерге ауыстырады. Қар басумен бірге өтетін қарлы борандар кейде нағыз мәнінде апатқа айналады: үйлерді, шаруашылық құрылыстарды қар басады, күртік қардың биіктігі 4 қабатты үйлердің шатырына дейін жетіп қалады, көліктің барлық түріндегі жүрісі тоқталады, байланыс жүйелері, әлектр-, су-, жылу беретін желілер жұмыстары бұзылады, адам адасуы, өлімі де сирек емес. Қарлы борандардың жолы (ені) салыстырмалы түрде үлкен емес - ондаған километр. Жаз күндері дауылмен бірге келетін нөсерлер таулы жерлерде сел тасқындарға және шөккіндерге себеп болатыны түсінікті.
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 105; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |