Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Иерархия каталогов 2 страница




Қарастырылып отырған уақыт көлемінде клиент өз ақшасына тиіспесе, портфельдің пайдалылығының бағасы белгілі есеп болып табылады. Керекті ақпарат – нарықтағы бастапқы және срңғы мерзімдегі баға.

Жалпы жағдайда белгілі бір уақыттағы портфельдің бағасы бағалы қағаздар сияқты есептеледі.Мысалға, қарапайым акциялардан тұратын нарықтағы портфель бағасы келесі кезеңдерден тұрады: әр түрдегі бір акцияның нарықтағы құнының анықтауы;акцияның бағасын портфельдегі әрбір акцияға кқбейтіндісі;барлық алған шығарымдардың қосуы. Нарықтағы портфель бағасы мерзім аяғында осы түрдегі нарықтағы бағалар және әр түрлі акцияларға байланысты анықталады.

46. Ковариация және корреляция коэффиценттерін негіздеу және салыстыру, олардың жай акция портфеліне әсері.

Бағалы қағаздар портфелін құру барысында екі бағалы қағаздар пайдаларының арақатынасын есептеу үшін ковариация және коррелияциа коэффиценттері қолданылады.

Ковариация екі кездейсоқ көлемдердің тәуелділіктерін айтады. Ол оң мәнге, теріс мәнге және нөлге тең болуы мүмкін. Егер ковариация оң болса, бір айналымның мәнінің өзгеруінде, басқа бағыт сол өзгеруге бағынатынын білдіреді. Сонымен, екі қағаздан тұратын біріншісі өсетін ковариациада екіншісі де өседі. Керісінше біреуінің бағасы түссе, екіншсінінкі де түседі.

Теріс шамалы ковариациада айнымалылар қарама-қарсы бағыттарда өзгереді. Мұндай жағдайда бірінші қағаздың бағасының өсуі екіншісініңкінің төмендеуімен байланысты болады және керісінше. Егер де ковариация нөлге тең болса, онда айнымалылар арасында ешқандай тәуелділік байқалмайды.

Ковариацианы есептеудің ортақ қағидасын көрсетейік.

Х қағазының пайдасы бес жыл ішінде сәйкесінше 20%, 25%, 22%, 28%, 24%. У қағазының 24%, 28%, 25%, 27%, 23%. Қағаздар арасындағы ковариацияны есептеу керек.

Шешуі:

Орташа пайданы формула бойынша есептейміз

20 + 25 + 22 + 28 + 24 = 23,8%,

24 + 28 + 25 + 27 + 23

г = = 25,4%

Әрбір периодқа сәйкес ауытқуды есептейміз, көбейтеміз және қосамыз.

(20 - 23,8X24 - 25,4) + (25 - 23,8X28 - 25,4) + + (22 - 23,8X25 - 25,4) + (28 - 23,8X27 - 25,4) + + (24-23,8X23-25,4) = 15,4 Определяем ковариацию по формуле (1.17):

cov^=^ = 3,08

Ковариацианы есептеу барысында бағалы қағаздардың сұрыптау бойынша бас мәндері ғана алынады, себебі барлық мәндерді есептеу мүмкін емес. Сондықтан ковариациа саны таңдамалы деп аталады. Бұл жағдайда ковариациа теріс жылжуы да мүмкін, өйткені ауытқу шынайы орта мәннен алынған жоқ, ол таңдамалы ауытқу арқылы есептелінді.

Біздің мысал үшін ковариациа:

<™„=^ = 3,85

 

47. Корпоротивтік құнды қағаз табысы мен бағасына анықтама беру және есептелуі.

Корпоративтік бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардыдың заң күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызыметін жүзеге асыру үшін шығарылатын бағалы қағаздарын корпоративтік бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент болып табылады.

Бағалы қағаздарды жалпы мынадай екі топқа бөлуге болады:

а) ақшалай бағалы қағаздар;

б) капиталды бағалы қағаздар.

Ақшалай бағалы қағаздар – ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай бағалы қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай бағалы қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.

Капиталды бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардың қорын (капиталын) құру немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады. Акция мен облигация осы аталған бағалы қағаздардың түріне жатқызылады.

Өздерінен алынатын табысқы байланысты бағалы қағаздар мынадай екі топқа бөлінеді:

· қарыздық бағалы қағаздар;

· инвестициялық бағалы қағаздар.

Қарыздық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі бойынша эмитент көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен) тиісті қарыздарын өтуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы басқа бағалы қағаздар жатқызылады.

Инвестициялық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі иемденуші активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Бағалы қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.

Бағалы қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадай екі түрге бөлінеді:

· қорлы бағалы қағаздар;

· саудалық бағалы қазаздар.

Қорлы бағалы қағаздар – мұндайбағалы қағаздар қор биржаларында айналысқан түсіеді және көп мөлшерде эммиссияланады. Бағалы қағаздардың бұл түріне акциялар және облигациялар жатқызылады.

Саудалық бағалы қазаздар – бағалы қағаздың бұл түрі белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.

Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздар мынадай болып екіге бөлінеді:

· нарықтық бағалы қағаздар;

· нарықтық емес бағалы қағаздар.

Нарықтық бағалы қағаздар – мұндай бағалы қағаздар айналыста еркін сатылып немесе сатып отырылды.

Нарықтық емес бағалы қағаздар – бұл аталған бағалы қағаздар қолдан қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түсепейді.

Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты бағалы қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді:

1.негізгі (акция, облигация);

2.көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар;

3.туынды (варранттар, опциондар, фьючерстер, бондар тағы да басқалар)

Корпоративтік облигациялар акцияларға қарағанда сенімді және банктік салымдарға қарағанда пайданы мөлшерін көп береді. Облигация бағасы номинальді болып табылады және олар пайыздық ставкаларға байланысты өзгерістерге ұшырап отырады.Егер де облигация бағасы номинальді бағадан асып кетсе, онда ол сыйақыланған облигация деп аталады,керісінше облигация бағасы төмен түсіп кетсе ол жеңілдікпен сатылады.

Облигацияны қаржыландыру барысында тәуекелге бас тігіп отырғанымызды умытпау керек. Тәуекел мөлшері көп болған сайын, одан түсетін пайда да сәйкесінше көп болады, себебі инвестор өз мойнына тәуекел алып отыр.

Ағымдағы пайдалылық жылдық пайданың купондар бойынша рыноктағы облигациялардың бағасына бөліп есептелінеді. Мысалға, ағымдағы баға $1000, ал купондық ставка 8% ($80 жылына),онда ағымдағы пайда мөлшері 8% ($80 -ды $1000 бөлеміз жәнеоны 100% көбейтеміз). Егер облигация $900-дан сатылса, купондық ставка сол күйінде 8%(жылына 80$),онда ағымдағы пайда 8,89% ($80 -ды $900 бөлеміз және оны 100% көбейтеміз)құрайды.

 

 

48. Мемлекеттік құнды қағаздар анықтамасы және сипаттамасы.

Іс жүзінде акция, облигация және басқада бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды таратуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.

Эмитенттің кім болғанына байланысты бағалы қағаздар төмендегідей үш түрге бөлінеді:

· мемлекеттік;

· муниципалды;

· корпоративтік.

Мемлекеттік бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақсатан Республикасының заң актілеріне мемлекеттік сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылған. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:

· Ұлттық жинақ облигациялары;

· Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ)

· Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ)

Қысқа мерзімді ГККО (МЕККАМ) ҚР Қаржы министрлігі шығаратын 3, 6 және 12 айға ұсынатын қысқа мерзімді қазыналық міндеттер.

Міндеттеменің номиналды бағасы – 100 теңге
Міндеттеме құжатсыз формада шығарылады және ҚР Орталық депозиттарийін-де есептеледі.

Міндеттеме дисконттық бағада, яғни ҚР Қаржы министрлігінің тапсырмасымен ҚР Ұлттық банкі өткізетін аукциондар арқылы төмен бағада орналастырылады. Аукционға қатысуға Алғашқы дилерлер ғана, яғни Қаржы министрлігінде тендерден өткен және келісімге отырған банктер мен компаниялардың ғана құқығы бар. Алғашқы дилерлер болып саналмайтын барлық инвесторлар Алғашқы дилерлермен қызмет көрсету келісім-шартына отыру арқылы ғана операция жасай алады. Алғашқы дилерлер субдепозитарийлердің функциясын атқарады. Аукционды өткізу мерзімі мен эмиссия көлемі аукцион шарттарында хабарланады.

· Орта мерзімді ГСКО (МЕОКАМ),

· Қысқа мерзімді ГВКО (МЕКАВМ) ҚР Қаржы министрлігі шығаратын 3, 6, 9 және 12 айға ұсынатын қысқа мерзімді қазыналық валюталық міндеттер.

Міндеттеменің номиналды бағасы – 100 АҚШ доллары.

Міндеттеу құжатсыз формада шығарылады және ҚР Орталық депозитарийін-де есептеледі.

МЕКАВМ орналастыру және қолдану шарттары МЕККАМ-дың орналастыру және қолдану шарттарына сәйкес.

Инвестор төлем жасалған күнгі Ұлттық банктің курс бағамына сәйкес төлейді. Эмитент төлем жасалған күнгі Ұлттық банктiң курс бағамына сәйкес төлейді..

· Идекстелген ГКО (МЕЙКАМ)

Индекстелген қазыналық міндеттемелер қазына иесіне оның өтембарысында оған номиналды құнын алуға және номиналды құнына пайызбен сыйақы алуға мүмкіндік береді. Инвесторлармен қазыналық индекстелген қазыналық міндеттемелерге құйылған ақшаның индексациясы индекстелген қазыналық міндеттемелерді ұсынудың үш айлық кезеңі аяқталған уақытта инфляция қарқыны белгіленген ағымдағы мөлшерлеме бойынша сыйақы төлеу жолымен жүргізіледі. Индекстелген қазыналық міндеттеменің номиналды құны – 1000 теңге.

Индекстелген қазыналық міндеттемелер оның ұстаушылары арасында номиналды құны мен орналастырылады. Индекстелген қазыналық міндеттемелердің алғашқы шығарылымы бойынша аукционда белгіленген эмиссиясына сәйкес кірістің шектеулі мөлшерін, индекстелген қазыналық міндеттемелерге құйылған инвесторлардың ақшасының инфляциясының шығын компенсациясын қосатын сыйақы мөлшерлемесімен белгіленеді. Кірістің шектеулі мөлшерлемесі сатып алушылардың ұсынысы бойынша аукциондық негізде олардың кірісінің ең төменгі мөлшерлемесінен бастап белгіленген эмиссияға қол жеткізуге дейінгі өтініштерінің қабылдануы арқылы белгіленеді. Қабылданған өтініштердің қанағаттандырылуы аукционға қатысушылардың қанағаттандырылған өтініштерінің ең жоғары дәрежесіне сәйкес ортақ шектеулі кіріс мөлшерімен жүзеге асырылады. Қазыналық міндеттемелердің орналасуы бойынша аукцион сәйкес эмиссия шарттары хабарланған сәтте басқа күн қарастырылмаса әдетте айына бір реет соңғы жұмыс күнінен бір күн бұрын жүргізіледі.

МБҚ шығару формасы – құжатсыз формада.

МБҚ әртүрлі әдістермен орналасуы мүмкін (аукциондарда, саудада, ашық саудада және жабық таратылуда және т.б.)

МБҚ сатып алушылары кезкелген жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ резиденттер еместер де болуы мүмкін.

МБҚ шығару мақсаты

1. Республикалық бюджет дефицитін инфляциясыз негізде қаржыландыру (қолданысқа қосымша ақша шығармай-ақ).

2. Мемлекеттік бағдарлама мақсатында қаржыландыру (тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік қамсыздандыру және т.б).

3. Экономикалық белсенділікті реттеу (қолданыстағы ақшаны, бағаға және инфляцияға әсер етуін, экономикалық өсімді, инвестцияның бағытын және т.б.)

4. Бағалы қағаздар нарығының барлық қатысушыларына қаржының сенімді және жоғары ликвидті жинақталуы ұсынылады. (МБҚ бойынша кіріс инфляция деңгейінен артады).

 

 

49. Басым құқықты акция дегеніміз не? Табысың және бағасын есептеу мысалы.

 

Акциялардың екі түрі бар: қарапайым және басым құқықты акция. Басым құқықты акциялар – бір жағынан акцияны иеленушілердің арнайы құқықтарын көрсететін, екінші жағынан, акцияны иеленушілердің компанияларды белсенді басқарудағы құқықтарынан айыратын акциялар. Басым құқықты акциялар бойынша қомақты дивидендтер төленеді. Басым құқықты акцияларды иеленушілер акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге қатыспайды. Басым құқықты акциялардың қарапайым акциялардан айырмашылығы – олар компанияның активтеріне басым құқыққа ие. Банкрот кезінде Басым құқықты акциялардың иеленушілеріне қарапайым акциялардыкыне қарағанда бірінші төленеді.

Басым құқықты акциялардың кірісі келесі формуламен анықталады:

D – акция дивидендтерінің жыл сайынғы өсімі;

Р – бір акцияның нарықтық бағасы.

Артықшылықтары:

· дивидендтерді бірінші кезекте алу;

· тіркелген дивидендтер төлеміне гарантия;

· Акционерлік компакнияның меншік үлесін алу артықшылығы;

Кемшіліктері:

· Акционерлер жиналысында дауысқа құқығы жоқ;

· Корпорациялардың басым құқықты акцияларының нарықтық бағасы қарапайым акцияларға қарағанда жәй өседі;

Қазақстандық эмитенттердің басым құқықтық акцияларына мысалдар:

KZTKp – Казахтелеком префтері, дивиденд 300 тенге;

CSBNp – Каспий банк префтері, дивиденд 21 тенге;

KKGBp – Казкоммерцбанк префтері, дивиденд 0,04 АҚШ доллары;

NRBNp6 – Нурбанк префтері, дивиденд 1000 тенге.

 

 

50. Опцион дегеніміз не? Табысың және бағасын есептеу мысалы.

Опцион (ағылш. option, лат.optio – таңдау, тілек, қалау) – иесіне келешекте қайсыбір активтерді тиянақталған бағамен (орындалған бағамен) сатып алу немесе сату құқығын беретін бағалық қағаз.

Опционның түрлері:

Еуропалық опцион – опционға беретін құқық тек белгіленген күні ғана іске асырылатын опцион. Америкалық опцион – опционда осындай құқық белгіленген күнге дейін бірқатар кезең бойына жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген опцион.

Иесіне келешекте қайсыбір активтерді тиянақталған бағамен (орындалған бағамен) сатып алу – опцион call деп аталады. Опцион call құны үш факторға:

· Актив бағасының орындалу бағасына қатынасына;

· Пайыз мөлшерлемесіне;

· Опцион жазылған актив әкелетін табысқа тәуелді.

Иесіне келешекте қайсыбір активтерді тиянақталған бағамен (орындалған бағамен) сату – опцион put деп аталады.

Валюталық опцион – белгілі бір көлемдегі шетелдік валюталарды белгілі бір бағамен сатуға немесе сатып алуға құқық беретін опцион. Қордағы опцион – түп негізінде корпорациялардың қарапайым акциялары жататын опцион. Тауарлы опцион – сатып алушыға белгілі бір уақытқа дейін опциондарды қолдану бағасы бойынша тауарлардың белгілі бір көлемін сатуға немесе сатып алуға құқық беретін опцион.

Опциондардың бағасын есептеу Блэк-Шоулздың формуласымен байланысты:

Блэк-Шоулздың концептуалды моделі келесідей түрде өрнектелген формуламен анықталады: Опцион коллдың бағасы = [акцияның күтілетін болашақ бағасы]-[опционның орындалуының күтілетін бағасы].

Математикалық формуласы былай бейнеленеді:


С – опцион коллдың теориялық бағасы;

S – акцияның қазіргі бағасы;

t– опционның іс-әрекетінің соңына дейінгі уақыт;

К – страйк опциона;

r – пайыздық қойылым;

е – натуралды логарифм (2,71828)


-сигма, орташа квадраттық ауытқу; ln - натуралды логарифм;

51. Фьючерс дегеніміз не және оның функциясы. Табыстың және бағасын есептеу мысалы.

Фьючерс (лат. болашақ) — уағдаласылған сұрыптағы тауарды белгілі бір мөлшерде келісілген бағамен көрсетілген кезең бойына жеткізу жөніндегі келісімшарт. Фьючерстік шарт бойынша міндеттемелер барлық жағдайда дерлік нақты тауарды жеткізу жолымен емес, төлеу немесе бағадағы айырманы алу жолымен орындалады.

Фьючерстік келісімшарт — биржа активін мәміле жасасу сәтінде тараптар белгілеген баға бойынша келешекте белгілі бір сәтте сатып алу-сату (жеткізу) жөніндегі стандарттық биржалық шарт, яғни келешектегі тауар жеткізілімі туралы келісім. Мұнда іс жүзінде барлық талаптар, атап айтқанда, жеткізілім сапасы, мөлшері, талаптары, төлем талаптары, буылып-түйілу, таңбалану, тауарды қарау тәртібі, форс-мажор, т.б. бір ізге түсіріледі. Фьючерстік келісімшарт биржадағы сауда тақырыбы болып табылады. Фьючерстік келісімшарт туынды қаржы құралдары тобына жатады. Фьючерстік келісімшарт үшін базистік активтер — валюта бағамы (валюталық фьючерс), жетекші компаниялар акцияларының бағамы (қор фьючерсі), пайыз нысанында табыс әкелетін активтер — депозиттер, облигациялар (пайыздық фьючерс), тауарлар (тауар фьючерсі), биржалық индекстер (индекстік фьючерс). Тараптардың міндеттемелерді өтеуіне биржа толық кепілдік береді.

Фьючерстік биржа - тауар биржаларының саудасын ұйымдастырудың қазіргі нысаны. Фьючерстік биржада сауда тек қана фьючерстік келісімшарттар арқылы жүргізіледі.

Фьючерстік келісімшарт биржада нарықтық баға құрылуының негізі ретінде қолданылады.Оның спот-келісімшарттан айырмашылығы Фьючерстік келісімшарт стандарталған және оның иесі жоқ.

Фьючерстің екінші маңызды қызметі өндіруші мен қолданушыны белгілі бір тауардың болашақта бағасының өзгеруінен сақтандыру мақсатында қолданылуы. Мысалы, ауыл шаруасына өнім жинағанда оның бағасының төмендемеуі маңызды болып табылады. Ал өнім өңдеушіге керісінше өнімді алғанда оның бағасы жоғарыламауы маңызды.

Мысал. Брокер клиенттен бір доллар 5630 тг болатын $1000 тұратын үшайлық фьючерстік келісім шартқа заказ алды. Брокер сатылымның 10% болатын маржаны құяды,яғни $1000*5630*0.1=563000 тг. Күнделікті вариациялық маржаның өзгеруі: (5638-5630)*1000=8000 руб. Клиент табысы, (5636-5638)*1000 = -2000 тг. Клиент шығыны, (5649-5636)*1000=13000 тг. Клиент табысы және т.б. Егер клиент ашық позицияны жабатын онда оның табысы (5649-5630)*1000=19000 тг. Құратын болады.

52. Капитал құрылымы дегеніміз не? Капиталдың орташа құнын есептеу.

 

Капитал құрылымы өзінің шаруашылық қызметі кезіндегі кәсіпорында қолданылатын, меншікті және қарыздық қаржылық қорлардың қатынасын сипаттайды. Кәсіпорында қолданылатын капитал құрылымы оның қаржылық, операциондық, инвестициялық қызметіндегі көптеген аспектілерді анықтайды, оның қызметінің қорытынды нәтижесіне белсенді әсер етеді. Капитал құрылымы меншікті капитал мен активтің рентабельдік коэффициентіне әсер етеді, төлем қабілеттік пен қаржылық тұрақтылық коэффициентінің жүйесін анықтайды және соңында кәсіпорынның дамуы кезіндегі тәуекел мен табыстылық санатының қатынасын құрайды.

Капитал құрылымын басқару минималды капитал бағасы мен кәсіпорынның максималды нарықтық құнына жететін өзіндік және тартылған қаражаттардың тиімді қатынасын іздестіру үрдісін білдіреді. Осыған сай, капиталдың ең төменгі және фирманың мүмкін болар жоғарғы құнына кепілдік болатын таза табыс пен компанияның қаржылық тұрақтылық деңгейі арасындағы тиімді ара қатынасты қамтамасыз етуші өзіндік және тартылған қаражаттардың қатынасы ретіндегі капиталдың тиімді құрылым анықтамасы тұжырымдалады. Жағымды капитал құрылымын жасау, яғни, меншікті және тартылған қаражаттардың ең тиімді қатынасына қол жеткізу бүгінгі таңдағы қаржы менеджментінің «патша мәселесі» (The Royal Issue) болып отыр.

Капитал құны акциялар, бөлінбеген табыс, қарыздық міндеттемелер секілді капиталдың құрамдас бөліктерінің орташа салмақталған құны ретінде есептеледі. Капиталдың жалпы құнын шартты түрде ko деп белгілеп, келесі формула бойынша анықтауға болады:

kj = Σ капиталдың жалпы құрылымындағы әрбір капитал көзінің пайыздық үлесі әрбір капитал көзінің құны = Wdkd + Wpkp + Weke + Wsks, (8)




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 101; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.068 сек.