Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Иерархия каталогов 3 страница




мұнда Wd – қарыздық міндеттемелерден түскен капиталдың пайыздық үлесі; Wp – артықшылықты акциялардан түскен капиталдың пайыздық үлесі; We – қарапайым акциялардан түскен капиталдың пайыздық үлесі (капиталдың сыртқы құны); Ws – бөлінбеген табыстан түскен капиталдың пайыздық үлесі (капиталдың ішкі құны); kd, kp, ke және ks – сәйкесінше қарыздық міндеттемелерден, артықшылықты акциялардан, қарапайым акциялардан және бөлінбеген табыстың құны.

 

 

53. Ипотекалық кредиттеу дегеніміз не? Есептеу мысалын келтір.

Ипотекалық неселеу нарықтық экономикада кеңінен таралған несиелеудің формасы болып табылады. Ол қозғалмайтын мүліктік кепілзат арқылы, сонымен қоса жер меншігі арқылы беріледі. Жер меншігі нарықтық несиелік қатынастар жүйесіне кәсіпорындарды, ұйымдарды, фирмаларды, халықты тартады.

Ипотекалық несиелеу кәсіпорындардың, фирмалардың және құрылыстың қажеттіліктерін мемлекеттік қаржы көздерінің орнын басуында үлкен рөлін атқарады. Ипотекалық несиелеудің дамуы инфляцияның жоғары қарқынды жағдайында және ұзақ мерзімдік несие ресурстарының тапшылығы жағдайында шаруашылық жүргізетін субъектердің инвестициялық белсенділігін үлкейтуге мүмкіндік береді.

Ипотекалық несиелеу екі бағыттан тұрады:

· Шаруашылық жүргізетін субъетілерге және халыққа тікелей ипотекалық несие беру;

· Ипоткелақ несиелердің қайталама нарығында сату. Бұл несиелеу үшін қосымша ресурстарды тартуды қамтамасыз етеді.

Бірінші ипотекалық несиелеудің бағытымен көбінесе ипотекалық банктер айналысады, ал екінші бағытпен қаржылық компаниялар, ипотекалық банктердің активтерін сатып алатын, кепілзат мүлігімен қамтамасыз етілген және өзінің атынан бағалы қағаздарды шығаратын қорлар айналысады.

Қарыз алушының несиені қайтаруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, банктің шығындарын өтеу үшін,кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу және сату жүргіз-ді.

«БТА Ипотека» компаниясының ипотекалық несие түрлерінің ерешеліктері

Қазіргі таңда Қазақстанда ипотека әркімге тиімді және кеңінен қолданылып келе жатыр. Сондықтан да көптеген қаржылық мекемелер ипотекалық несиенің бірнеше түрлерін ұсынады. «Жыл» және «жылдық» пайыздық ставка?

Мысалы: Тұрғын үй құны - $ 20000

Алғашқы салым - $ 3000

Несие суммасы - $ 17000

Несие мерзімі 15 жыл (180 ай)

Қорытындысында неие 9,5 % жылдықпен пәтер $ 41225 және 14 % жылдықпен - $ 40751.

№ ай Бағдарлама 9,5% жылына Стандартты бағдарлама 14% жылдық
Ай басына негізгі қарыздан қалдық Айлық төлем Шотқа төлем Негізгі қарызды өтеу Ай басына негізгі қарыздан қалдық Аннуитеттік төлем Шотқа төлем Негізгі қарызды өтеу
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
               
                 
  Барлығы       Всего      

Банктен несие алуда біз білуге қажетті формулалар:

PVn - (банктен алатын ақшамыз).

FVn – банкке қайтаруға тиіс ақшамыз.

FVn =PVn *(1+процентная ставка)

PVr - банктін талаптарына қарай өзіміздің қолға алынатын таза ақшамыз.

PVr - ді есептеу мына формуланы қолданамыз:

PVr = PVn -аморт. – обналичка – срахование – открытие счета – оценка имущества – операц. расход. – дисконт.

А (аннуитет) – әр айда төленетін ақша.

А = (FVn – дисконт – аморт.) /t

Бұл жердегі t (ай немесе жыл) бастапқы банктің талабына сай берілген аннуитетіміз. Яғни осыдан шығатыны, біздің t уакыт сайын төлеп отыратын нақты ақшамыз -A.

FVA - банкке қайтаратын ақша.

FVA =A

 

Аннуитет жоқ болса FVA –ны есептеу:

FVA = FVn -SD- SA;

SD дисконтирование,

SA амортизация

 

54. Лизинг дегеніміз не және оның функциясы. Есептеу мысалын келтір.

Лизинг — компанияның негізгі қорын қаржыландыруға қатысты қаржылық қызмет түрі. ЛИЗИНГ сөзі ағылшын тіліндегі LEASE – жал сөзінен шыққан.

Лизинг – лизинг шартын жүзеге асыруға байланысты туындайтын экономикалық және құқықтық қатынастар жиынтығы, оған сәйкес жалға беруші (әрі қарай – лизинг беруші) жалға алушы (әрі қарай – лизинг алушы) нұсқаған мүлікті белгілі бір сатушыдан өз меншігіне алуға және осы мүлікті лизинг алушыға ақылы негізде уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді.

Лизинг функциясы. Лизинг алушы үшін лизингті қолданудың артықшылығы жабдықты лизингке алудағы салыстырмалы қарапайымдылық болып табылады. Сондай-ақ лизинг алу кезіндегі келісім-шығындар лизингтік компания арқылы қаржыландырылады және осының арқасында өнеркәсіптің жаңа өнімді үлкен қаржылық ресурстарды мобилизаациялаусыз, ірі меншікті құралды кепілдікке қоймай не несие алмай модернизациялауға не ұйымдастыруға мүмкіндігі бар. Тағы бір айта кететін жайт лизингты қолдану өнеркәсіптің баланс құқығындағы жалға алған не жеке меншік құралдарына қатысты бөліктеріндегі экономикалық көрсеткішті нашарлатуға жол бермейді. Басқа сөзбен айтқанда, лизинг өнеркәсіпті несие алудан сақтайды.

Сонымен қатар лизингтың артықшылығы болып банкілік несиелендірумен салыстырғанда оның қол жетімділігі болып саналады. Бірде- бір банк үлкен жобаларды, мәселен басынан басталған, немесе жеткілікті қаматамассыз етілмейтін және тұрақты несиелік тарихы жоқ жобаларды қаржыландырмайды. Жабдықты несиеге алғаннан лизинге алу тиімді, себебі лизинг компаниялар ережелері қатаң тәртіпті ұстанбайды.

Лизингтiк төлемдердi ортақ соманың есептеуi мына формула бойымен жүзеге асырылады:

Ұж = АҚ + ЖК + КВ+ Дуо+ ҚҚС,

МҰНДА:

Ұж - лизингтiк төлемдердiң ортақ сомасы;

АҚ - ағымдағы жылда лизинг берушiге тиесiлi амортизациялық аударымдардың мөлшерi;

ЖК - несие ресурстарында пайдаланылатын мүлiктiң алуына лизинг берушiнің төлемі - лизинг шарт объектiсi;

КВ - лизингтiң келiсiм шарты бойымен мүлiктiң бергеніне лизинг берушiге делдалдық ақы;

Дуо - келiсiм шарт ескерiлген лизингтердiң лизинг алушысынан қосымша қызметтер үшін лизинг берушiге төлем;

ҚҚС - лизинг берушiнiң қызметтерi бойымен лизинг алушыға төлеуге қойылатын қосымша құн салығы.

55. Қор биржасы жұмысының қағидалары. Биржалық индекстердің функциясы және анықтамасы.

 

Биржа дегеніміз бұл – ұйымдастырылған, дәйекті жұмыс істейтін нарық, онда сұраныс пен ұсыныстың негізінде ресми түрде белгіленетін бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы (қор саудасы), стандарттар мен үлгілер бойынша көтерме сауда (тауар саудасы) немесе валюта саудасы (валюта) іске асырылады. Биржалық тауар түріне байланысты әлемдік практикада: Тауар (тауарлы-шикізат) биржасы; Қор биржасы; Валюта биржасы болып үшке бөлінеді.

Биржалық сауданың ерекшелігі ретінде, ондағы мәмілелердің әрдайым бір жерде, қатаң белгіленген уақытта – биржалық сеанс өткізу уақытында және де барлық қатысушыларға ортақ, нақты ережелердің болуын айтуға болады. Биржа биржалық құндылықтармен жасыланатын мәмілелердің келісілуі мен орындалуының анық ұйымдастырушылық құрылымын, анық механизмін және мәмілелердің орындалуының сенімділігі жоғары бақылау жүйесін қамтамасыз етеді.

Қазақстан қор биржасының (KASE) стратегиялық мақсаты - әлемдік инвесторларға қауіп-қатері төмен әр түрлі қаржы инструменттерін жетілген халықаралық тәжірибеге сәйкес сатып, сапалы қосымша биржа қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін, жетекші өңірлік қаржы орталығы ретінде қалыптасу.

Биржалық индекс – рыноктагы бағалы қағаздардың күйі және серпінділіктің көрсеткіші. Индекстің ағымдық мағынасын оның алғашқы мағыналарымен қатар қойып рыноктың тәртібін бағалауға болады, макроэкономикалық өзгерістерге, жағдайға оның реакциясы, түрлі корпоративтік уақиғаларды, саудагерліктің үдерістері. Индекстің есебін пайдалану кезінде, қандай бағалы қағаздар таңдалады соған тәуелді, ол рынокты бүтіндей сипаттауы мүмкін, белгілі бір класстың бағалы қағаздарынның рыногы болуы мүмкін. Түрлі индекстердің динамикасын салыстыру, экономиканың қандай секторлары шапшаңдылықпен дамып жатқанын көрсете алады. Индекс рынокта ұлттық фондылық рынокты бүтіндей ұсына біледі немесе осы рынокты тағайынды сауда алаңын көрсете алады. Биржалық индекс есептеседі және түрлі ұйымдармен жариялайды, көбіне ақпараттық немесе рейтинг агенттіктерімен және фондылық биржалармен.

Биржалық идекстердің негізгі функциялары: техникалық кешендер; сауданы ұйымдастырады; белгіленімді жасайды; ақпараттық, консультациялық ұйымдық қызмет атқаруларды ұсынады; ақшалы жиған-тергеннің мобилизация концентрациясы және жинақталған жолымен биржалық дәнекерлерге қағаздың сатуы; биржалық сатылым үшін жиналыстың ұйымдастырылуы; биржалық келісім-шарттың зерттемесі; келісім шарттың орындалуының кепілдік функциялары.

56. Тауар биржасының функциясы және анықтамасы.

 

ТАУАР БИРЖАСЫ – заңды тұлға құқығына ие ұйым. Ол күні бұрын белгіленген белгілі бір орында және белгілі бір уақытта өзі белгілеген ережелер бойынша көпшілік үшін өткізілетін жария сауда-саттық нысанындағы биржалық қызметті ұйымдастыру және реттеу жолымен көтерме сауда базарын қалыптастырады. Аталған белгілерге сай келмейтін ұйымдар өзінің атауында Тауар Биржасы немесе “биржа” деген атауды пайдалана алмайды. Тауар Биржасы көпшілік қолды тауарлармен (астық, мақта, металл, т.б.) үлгілер және стандарттар бойынша ірі көлемдегі көтерме сауданы қамтамасыз етеді. Кейде биржалар тек бір топтағы тауарлармен ғана сауда жасауға маманданады. Биржалық баға туралы деректер биржалық бюллетеньдерде баға белгіленімі түрінде ұдайы жарияланып тұрады. Алғаш рет 19 ғ-да пайда болды. Қазіргі кезде мамандандырылған биржалар ретінде кеңінен таралды.

Биржадағы мәмілелер үш түрлі болып келеді, олар:

1) қолма-қол ақшалай төленетін мәміле, мұндай жағдайда тауардың дереу жеткізілуі көзделеді;

2) мерзімдік мәміле, мұнда тауар шартта көрсетілген белгілі бір мерзім өткеннен кейін жеткізілуге тиіс;

3) реттелмелі мәміле, яғни ерекше биржалық шарттарға негізделген мәміле.

Қазіргі заманғы биржаларда негізінен стандартталған тауар сатылады, шындығында тауардың өзі емес, оны жеткізуге жасалған келісімшарт қана сатылады.Тауарлық биржаның негізгі міндеттері болып табылады: Ұйымдасқан тауар нарығының дамуына өз үлесін қосу; Қазақстандық өндірушілердің тауарлары экспортын, олардың материалды-шикізаттық қамсыздануының тұрақтылығын тиімді арттыру; Тауарды сатушы мен сатып алушыны іздеу шараларын қарапайымдылату; Қалыптасқан ережелерге сай биржалық мәмілелерді жасаудың ең үлкен шамадағы мөлдір жүйесіне ие сауда механизмін жасау.

Тауар биржасының мүшелерi:

1. Биржадағы брокерлiк орынды иеленетiн заңды және жеке тұлғалар, соның iшiнде шетелдiктер де биржа мүшелерi бола алады.

2. Биржаға мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру және тоқтату тәртiбi биржа жарғысымен белгiленедi.

Тауар биржалары жөнiндегi уәкiлеттi органның функциялары: биржалық лицензиялар беру; тауар биржаларының тiзiлiмiн жүргiзу; биржа туралы заңдардың сақталуын бақылау; биржа қызметiн және биржалық сауданың дамуын зерделеу; биржалық құжаттарды дайындау жөнiндегi әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлеу; биржалық сауданың үлгi ережелерiн бекiту болып табылады.

 

 

57. FOREX валюталық нарығының функциясы және анықтамасы.

Форекс - (Forex, кейде FX, ағылш. FOReign EXchange — «шетелдік айырбас») еркін бағалар бойынша (белгіленім шектеусіз немесе тіркелген мағыналармен белгілі нысанға келеді) валютаның банкаралық айырбасының нарығы.

Сол себептен әдетте «Форекс нарығы» тіркесі пайдаланылады. Форекс терминін пайдалану валюталық операцияның барлық жиынтығы үшін емес, валютаның өзара айырбасы үшін қабылданған.

ФОРЕКС нарығында валютаның барлық негізгі түрлері пайдаланылады. Аталмыш нарықта банк негізгі рөлдердің бірін ойнайды. Олар, сондай-ақ, ФОРЕКС нарығында маркетмейкерлер атауын да алып жүреді. Банктер белсенді сауда операцияларын орындайды, өзінің клиенттеріне, сонымен қатар банк-контрагенттерге валютаны сатуды немесе сатып алуды ұсынады.

Форекс нарығы операцияларының мақсаттары сауда, спекуляция, хеджирлеу және реттелген (центробанктің валюталық интервенциялары) болып келеді.

" Спекуляция " деп сатып алу және сату бағасының арасындағы айырымнан пайданы бөліп алу мақсатында белгіленген тауар немесе бағалы қағаздардың сату-сатып алу келісімдері аталады.

Хеджирлеу (сақтандыру) - нарық қатынасының дамуымен байланысты қаржы тәуекелінен болатын мүмкінді зиянды өтеудің жаңа әдісі. Жалпы түрде хеджерлеуді тауардың бағасын тәуекелдіктен сақтандыру деп анықтауға болады. Хеджирлеудің мақсаты нарықтағы акцияның, саудалық активтердің, валютаның, пайыздық үстемелердің және өзге де факторлар бағасының қолайсыз өсуінен қорғау болып табылады.

Валюталық интервенция - банктен шетелдік валюталардың үлкен партиясын сату немесе сатып алуды орындау жолындағы елдің орталық банкінің валюталық нарық және валюталық курсқа бағытталған маңызды әсері. Валюталық интервенция мемлекеттің мүддесіндегі шетелдік валюта курсының реттелуі үшін жүзеге асады. Қысқаша айтқанда, валюталық интервенция -бұл елдің орталық банкінің валюталық нарық және валюталық курсқа шетелдік валютаның үлкен көлемін сатып алу немесе сату жолының әсері.

Форекс валютааралық келісімнің және осындай операция еркіндігінің кепілдемелерінде мемлекет араласуының болмағандығын болжайтын тұжырымында валютаның еркін конвертация ұстанымына негізделеді.

 

58. Құнды қағаздардың тәуекеліне әртараптандырудың әсері. Есептеу мысалын келтір.

 

Құнды қағаздар портфелін әртараптандыру арқылы инвестициялық портфель табысының деңгейін төмендетпей, инвестициялық тәуекелді төмендетуге мүмкіншілік тудырады. Кәсіпорында нақтылы инвестициялық портфелі қалыптастыру барысында, бірнеше бағдарламалардың ішінен капитал сиымдылығын үлкен емес проектігебасым көңіл аударылады.

Кәсіпорындардың тауарларына сатып алушыларына әртараптандыру – пайда алу мақсатымен уақытша бос ірі сомалы ақша қаражаттарды бірнеше банктерге орналастыруды қарастырады.

Қаржылық қызметтің бірқатар аяларында тәуекел белгілі бір келеңсіз жағдайдың болу ықтималдылығы деп түсінеді. Ықтималдылық жоғары болған сайын, тәуекел де жоғары болады. Тәуекел деңгейі мен көлеміне қаржылық механизм арқылы әсер етуге болады. Мұндай әсер қаржылық менеджмент әдістері және ерекше стратегия арқылы жүргізіледі.

Тәуекел тосуға сәйкессіздік ретінде қарастырылады. Әр түрлі баламалар бола отырып, инвестор оларды бағалайды және салыстырады. Мұнда, болжамдалатын нәтижелер бақылай алмайтын факторлар әсерінен сай болмайтынын ескеру керек. Күтілетін шамадан әр түрлі мәндердің ауытқуы кездейсоқ шамаларға және амплитудалық сипаттамаларға тәуелді. Сондықтан да әрбір балама екі критерий бойынша өлшенеді. Біріншісі – нұсқаның болжамдалатын бағасын, ал екіншісі – мүмкін ауытқу шамасын, яғни тәуекел деңгейін. Нұсқа тәуекелділігінің өсуі күтілетін нәтижелікпен бірге өседі. Инвестор қандай баламаны таңдайтыны оның тәуекелге баруына, сондай-ақ тәуекел мен табыс қатынасының қандай пропорциясын алатынына тәуелді.

Қаржылық математика қаржы нарығына, соның ішінде бағалы қағаздар нарығына талдау мен болжау жүргізеді.

Жиынтық табыстылық екі компоненттің қосындысы ретінде анықталады.

төленген акцияның акцияның

дивидендтер соңғы бағасы – бастапқы бағасы

r = ————— + ——————————————— (1)

бастапқы баға бастапқы баға

 

r = табыстылықтың дивидендтік компоненті + табыстылықтың бағалық компоненті

Акция активінің тәуекелділігін өлшеудің бірлігі ретінде өзгерістілік, волатильдік кеңінен қолданылады. Өзгерістілік, волатильділік акция табыстылығының мүмкін мөлшерлеме диапазонымен және оларды алу ықтималдылығымен байланысты. Акция табыстылығының мүмкін мөлшерлеме диапазоны кең болған сайын, сонымен қатар экстремалдық мәндерді алу ықтималдылығы жоғары болған сайын, соғұрлым акцияның өзгеріс көрсеткіші жоғары болады. Нақты табыстылық болжамдалған көрсеткішінен не жоғары, не төмен болуы анық. Өзгерістілік мәнін түсіну үшін, акцияның әр түрлі табыстылық деңгейінде алу ықтималдылығын бөлуін қарастырайық. Барлық мүмкін болар табыстылықтың дейгейлері нөлден бірге дейін сай болады.

Табыстылықтың күтілетін мөлшерлемесі табыстылықты алу бойынша сәйкес ықтималдылыққа көбейту арқылы табыстылықтың барлық мүмкін болар мөлшерлемелерінің жиынтығы ретінде анықталады: n

E (r) = P1r1 + P2r2 + …+ Pnrn = Σ Piri (2)

i=1

Жоғарыдағы формуланы акция табыстылығын бағалауға қолдансақ, онда АҚ «Астана-Финанс» компания акциясының күтілетін табыстылық деңгейі 10 %-ға тең.

E (r) = 0,2*30% + 0,6*10% + 0,2* (-10%) = 10% (3)

АҚ «Астана-Финанс» және АҚ «NOMAD» акцияларының табыстылық ықтималдылығын бөлу:

Экономика жағдайы АҚ «NOMAD» акциясының табыстылығы, % түрінде АҚ «Астана-Финанс» акциясының табыстылығы, % түрінде Ықтималдылық
Өсу     0,2
Тұрақты     0,6
Құлдырау   -10 0,2

 

 

59. Зейнетақы жүйелерінің үлгілері. Зейнетақы қорының инвестициялық портфелін қалыптастыру қағидалары.

 

Зейнетақы (латынның pensio – төлем) – белгіленген жасқа жеткенде, мүгедектікке, асыраушысынан айырылғанда және де басқа да заңмен қарастырылған жағдайларға байланысты азаматтарға ақшалай, жүйелі түрде төленетін төлемдер. Әлемде әлеуметтік зейнетақымен қамтамасыз етудің екі жүйесі бар – ортақ және жинақтаушы.

1. Ортақ жүйе

Базалық зейнетақы -Еңбек өтіліне қарамастан барлығына бірдей төленеді.

Еңбек стажы - Еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетке шығу уақытында алты айдан кем болмаған адамдарға.

2. Жинақтаушы жүйе

Міндетті жарналар - Ай сайынғы табыстан зейнетақы аударымдарының белгіленген 10-пайыздық мөлшері бар міндетті аударымдар.

Ерікті жарналар - Ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарына негізделген жинақталған қаражат.

Әр жүйенің өзінің артықшылығы және кемшілігі бар.
Зейнетақы жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері:

Ортақ жүйе

Артықшылықтары

· зейнетақыны мемлекет төлейді

· кірісі аз адамдардың тұрақтылығы (қорғалуы)

· зейнетақының ең жоғары мөлшері бойынша шектеу

· демографиялық тәуекелдер (жұмыс істейтін халық пен зейнеткерлер арасында баланстың бұзылуы әлеуметтік салықтардың көбеюіне алып келеді)

· зейнетақыны ресімдеудің күрделі жүйесі




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 67; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.