КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Орытынды. Егер операцияның сомасы ұлғайтылып қате берілсе, онда кері сан жазу тәсілі қолданылады
Дт 7210 Кт 1010 17520 Егер операцияның сомасы ұлғайтылып қате берілсе, онда кері сан жазу тәсілі қолданылады. Мысалы, жоғарыда берілген операция бойынша кәсіпорын шығынына 17250 теңге апарылған делік. Онда кері сан жазу арқылы артық соманы алып тастаймыз. Дт 7210 Кт 1010 -270 Бұл тәсілді есеп тіркелімдерінің қорытындысы шығарылып қойылғаннан кейін де қолдануға болады. 3. Қосымша жазу тәсілі шаруашылық операциясын бейнелеу кезінде сомасы азайтылып қате берілгенде қолданылады. Мысалы, кәсіпорын қызметкеріне 28547 теңге еңбек ақы есептелінді. Бухгалтер бұл операцияға келесі бухгалтерлік жазу құрады: Дт 7210 Кт 3350 27547 Жетпей тұрған сомаға дәл осындай қосымша бухгалтерлік жазу құрылады: Дт 7210 Кт 3350 1000.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің негізгі элементтеріне жататын құжаттау мен түгендеу бір-бірін өзара толықтырушы әдістер болып табылады. Құжаттау арқылы ұйымда жүргізілген шаруашылық фактілері алғашқы құжатта көрініс тауып жатса, түгендеу жүргізу арқылы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің сенімділігі мен шынайылығын қамтамасыз етеді. Алғашқы құжаттар мен есеп тіркелімдеріне тіркелетін бухгалтерлік жазулар, нысаны мен жүйесіне қарай, қолмен немесе машина арқылы толтырылады. Олардың құжаттарға ұқыпты түрде, дәл және түзетусіз енгізілуі талап етіледі. Ал анықталған қателер арнайы тәсілдерді қолдана отырып түзетеді. Олардың ішінде кеңінен таралған үш тәсіл бар: корректуралық, сторнолық және қосымша жазу тәсілі. 6 – Тақырып: «Есептік кезең және қаржылық есептілікті даярлау» Сабақ жоспары:
Сабақтың мақсаты: Есептік құжаттардағы мәліметтер мен шаруашылық операциялары негізінде дайындық балансты құру және қаржылық есептілікке даярлық жасау процесін меңгеру. Негізгі түсініктер: Есептік цикл, кіріспе баланс, трансформациялық кесте, уақытша шоттар, шоттарды жабу, дайындық баланс, қорытынды баланс. Қаржылық есеп беру есептік регистрлер негізінде жасалады. Ондағы жазулар кәсіпорында болып жатқан барлық тауарлықматериалдық қорлардың және активтердің қозғалысы, меншікті капитал, міндеттемелер өзгерістері, сонымен қатар табыстар мен шығындарды қалыптастыру бойынша шаруашылық операциялар туралы дұрыс жасалған және тиянақты тексерілген растаушы құжаттардың мәліметтері бойынша жүргізіледі. Қаржылық есеп берудің құжаттық негізделуі оның шынайылығының маңызды шарттарының бірі болып табылады. Сондықтан қаржылық есеп беруді жасама бұрын рәсімделеген құжаттарда есептік кезеңге жататын шаруашылық операциялардың барлығының толықтығы және олардың мәліметтерінің есептік регистрлерге дұрс апарылуы тексеріледі. Мұнда құжаттардың қоймадан, есеп беруші тұлғалардан, банктрден және т.б. кәсіпорын бухгалтериясын толық келіп түсуіне көңіл аударылады. Түгендеу – кәсіпорын құралдарының нақты бар болуын тексеретін бухгалтерлік есеп әдісінің элементтерінің бірі. Оны барлық кәсіпорындарда, меншік нысанына, әрекет түріне және жұмыс тәртібіне қарамастан жүргізеді. Ол құжаттардың міндетті қосымшасы болып табылады. Бухгалтерлік есепте тек құжаттау мен түгендеу көмегімен барлық шаруашылық құбылыстарды толық және дұрыс көрсету қамтамасыз етіледі. Қаржылқ есеп берудің шынайылығын қамтамасыз ету үшін онда берілген есеп беру кезеңіне жататын барлық табыстар мен шығындарды толық және нақты көрсету қажет. Дайындық жұмс процесінде синтетикалық және аналитикалық есеп регистрлеріндегі шаруашылық операциялардың бухгалтерлік жазуларының толықтығы және дұрыстығы тексерілу, айналмдар сомалары есептелу, синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша сальдо шығарылу керек. Содан кейін әрбір синтетикалық және аналитикалық шоттары бойынша айналымдар мен сальдосын берілген синтетикалық шоттарды дамыту үшін ашылған барлық аналитикалық шоттар бойынша айналымдар және сальдомен өзара тексерсті (салыстыруды) міндетті түрде жүргізеді. Бұл бухгалтерлік есепте жіберілген қателерді табуға мүмкіндік береді, ал бұл синтетикалық және аналитикалық есеп регистрлеріннде жазулардың толық ұқсастығына әкеледі. Журнал-ордерлердегі тексерілген қорытынды мәліметтері Бас кітапқа ауыстырылады. Бас кітап мәліметтері негізінде, қажет болған жағдайда, сәйкес регистрлерін қолдана отырып, кәсіпорынның қаржылық есеп беруі жасалады.
7 - Тақырып: «Ағымдағы активтердің есебі: ақша қаражаттарыі» Сабақтың мақсаты: ақша құралдарыменолардың эквиваленттерң туралы түсінікті ашу, олардың кәсіпорын кассасындағы, аңымдық банктік шоттағы тенгемен және шетел валютасындағы есебін оқып зерттеу.
Дәріс сұрақтары: 1. Ақша құралдары және олардың эквиваленттері туралы түсінік. 2. Касса операцияларының есебі. 3. Банктегі есеп айырысу шотындағы және арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі. 4. Шетелдік валютамен орындалатын операциялар есебі. Негізгі түсініктер: ақша құралдары, ақша эквиваленттері, овердрафт, кассалық кіріс ордері, кассалық шығыс ордері, кассалық кітап, банктік шот, валюта, валюталық бағам, бағамдық айырма. Дәрістің мазмұны: Өндірістік қызмет барысында ұйымдар өнімді өткізумен, жабдықтаушылардан материалдардың келіп түсуімен, қаржылық міндеттемелерінің орындалуы және тағы басқаларымен байланысты әр түрлі қарым – қатынасқа түседі. Осыған байланысты ақшалай есеп айырысулар не нақты ақшасыз есеп айырысу түрінде, не қолма – қол ақша айналымы түрінде жүргізіледі. Ақшалай есеп айырысу жүйесінің дұрыс және тиімді ұйымдастырылуы кәсіпорын қызметі барысында үлкен роль атқарады. Ақша қаражаты – бұл жоғары өтімді актив және жалпыға бірдей айырбас құралы, сонымен бірге барлық қалған активтерді бағалау мен есептеу негізі болып табылады. Ақша қаражаты міндеттемелерді тез арада өтеуге қабылетті болуы керек. Бухгалтерлік есептің №7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес ақша қаражатына қаржылық ұйымдарда ағымдық шоттардағы ақша, қолма-қол купюралар, монеталар, валюта және айналымдық несиелік – ақшалай құжаттар жатады. Ақшы қаражатының эквиваленті деп ақша, қаражатының белгілі бір сомасына жеңіл айнала алатын және құндылығын өзгерту қаупіне аз ұшырайтын қысқа мерзімді өтімділігі жоғары салымдарды айтады. Мысалы, банктік овердрафт. Овердрафт –бұрын дебеттік қалдықтан асатын сомаға төлем жасағанда активті шотта пайда болатын кредиттік қалдық. Яғни, банк төлеген сома клиент шотындағы ақшадан асып түссе овердрафт туындайды. Овердрафт әдетте қысқа мерзімді міндеттеме ретінде есепке алынады. Кәсіпорынның күнделікті ағымдағы шаруашылық іс-әрекетіне қажет нақты ақша кассада сақталады. Кассаға қабылданған нақты ақша КО-1 нысанындағы кассалық кіріс ордері бойынша кіріске алынады. Кассадан берілген нақты ақша КО-2 нысанында кәсіпорынның шығыс ордері куәландырады. Кәсіпорында кассаның кіріс және шығыс ордерлерінің мәлеметтері жүзеге асқан соң касса кітабына (КО-4) тіркеледі. Кассадағы операциялар есебі 1000 «Ақша қаражаты» бөлімшесінің 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шотында жүргізіледі. Қазақстан Республикасының банк мекемелері заңды тұлғалар арасындаға есеп айырысуларды жүргізу үшін және ақша қаражаттарын сақтау үшін теңгемен және шетел валютасында банктік шоттар ашады. Банктік шот – бұл клиентке банктік қызмет көрсету және ақша қабылдау туралы банк пен клиент арасындағы келісімдік қатынасты бекіту әдісі. Ұйымдар банктерде ағымдық, корреспонденттік, жинақтық, депозиттік және карт-шоттар аша алады. Қазақстанда ҚР «Төлемдер және ақша аударымдары» туралы Заңына сәйкес банк мекемелері арқылы іске асырылатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың бірыңғай жүйесі жұмыс істейді (27.06.1998 жылғы № 237-I, 28.12.1998ж., № 36-1; 29.03.2000ж. № 42-П; 13.03.2003ж № 394-П; 05.05.2003 № 409-П; 08.05.2003ж. № 482-П; 13.12.2004ж. №11-Ш; 08.07.2005жылғы. № 69-Ш ҚР Заңдарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген). А ғымдық шоттар бойынша операциялар шот иесінің жазбаша бұйрығы негізінде жүргізіледі. Субъектінің банктегі ағымдық шотына нақты ақша қабылдануы және берілуі немесе нақты ақшасыз есеп айырысу үшін кең тараған құжаттар: -төлем хабарламасы -ақша чегі -төлем тапсырмасы -талап төлем тапсырмасы -есеп айырысу чегі Кәсіпорын банкіден уақтылы (күн сайын немесе банк тағайындаған уақытта) ағымдық шотынан үзінді, яғни есепті кезеңдегі жасалған операциялар тізбегін алып отырады. Банкінің үзіндісіне басқа да ұйымдар мен кәсіпорындардан ағымдық шотқа келіп түскен және одан аударылған ақша қаражаты бойынша құжаттар, сондай-ақ кәсіпорыннан келген құжаттар тіркеледі. Ұйымның бухгалтериясы ағымдық шоттағы операциялардың синтетикалық есебін 1030 «Банктік ағымдық шоттағы ақша қаражаты» шотында жүргізеді. Шетел валютасымен байланысты операциялар № 21 «Валюталық бағам өзгерістерінің әсері» ҚЕХС реттеледі. Кәсіпорындарда шетел валютасындағы ақша қаражатының есебі 1032 «Банктегі ағымдық шоттағы валютамен ақша қаражаты» шотарында жүргізілуі мүмкін. Бұл шоттар активті. Бұл шоттардың дебетінде есепті мерзімнің басындағы және соңындағы шетел валютасымен ақша қаражатының қалдығы, шетел валютасымен түскен ақша қаражаты, ал кредитінде шыққан шетел валютасы көрсетіледі. Бұл шоттардың аналитикалық және синтетикалық есебі 1010 және 1030 шоттарындағы есеп тәріздес жүргізіледі. № 21 «Валюталық бағам өзгерістерінің әсері» ҚЕХС –на сәйкес, шетел валютасындағы операция шетел валютасында көрінетін және реттелетін мәміле болып табылады. Оған келесі мәмілелер жатады: - бағасы шетел валютасында көрсетілген тауарлар мен қызметтерді сатып алғанда немесе сатқанда; -алашақ немесе берешек сома шетел валютасында көрсетілгенде; - валютаны айырбастау келісімін орындалмаған тарап болып табылса; Шетел валютасын теңгемен қайта есептегенде ҚР Ұлттық Банкімен бекітілген бағам емес, нарықтық бағамды қолдану керек делінген. Шетел валютасындағы операциялар есепте операцияны валютада жүргізу күнгі бағаммен бейнеленеді. Қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну қағидаларымен бекітілген тану критерилеріне сәйкес, операцияны жүргізу күні болып операцияны есептілікте тану күні саналады. Шетел валютасында көрініс тапқан баланс баптарын қайта бағалау мақсатында олар ақшалай және ақшалай емес болып екі топқа бөлінеді. Шетел валютасындағы ақша қаражаты және шетел валютасының тұрақты сомасы төлемі арқылы алынатын немесе өтелетін активтер мен міндеттемелер ақшалай бап болып табылады. Мысалы, қысқамерзімді дебиторлық және кредиторлық борыштар, алынған және берілген несиелер. Балансты құру кезінде шетел валютасындағы ақшалай баптар есептілікті құру күнінің бағамы бойынша қайта есептеледі. Ақшалай баптарға жатпайтын баптар ақшалай емес болып саналады. Мұндай баптарға негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлық-материалдық қорлар және т.б. жатады. Олар қайта бағаланбайды және баланста операцияны жүргізу күнгі бағаммен көрсетіледі. Ақшалай баптарды балансты құру күніне немесе есеп айырысу күніне қайта бағалау (қайта есептеу) нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмалар пайда мен зиян туралы есепте бейнеленеді. Бағамдық айырма – бұл бағам өзгерген жағдайда шетел валютасының дәл сол мөлшерін бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жүйесінде есептілік валютасында көрсету нәтижесінде пайда болған айырмашылық. Пайда болған айырма шаруашылық субъектісінің қарауына қарай, бухгалтерлік есепте екі тәсілмен бейнеленуі мүмкін: - қаржылық – шаруашылық қызмет нәтижесіне тікелей жатқызу тәсілі: оң айырма – қаржылық қызметтен алынған кіріс есебінің шоттарына, ал теріс айырма – қаржылық қызмет нәтижесінде шыққан шығыстар есебінің шоттарына жатқызылады. - жинақтық тәсіл: оң айырма алдын-ала алдағы кезең кірісі шотында, ал теріс айырма алдағы кезең шығыстары шотында жинақталып, қаржылық – шаруашылық қызмет нәтижесіне келесі тәртіппен: а) шетел валютасындағы дебиторлық және кредиторлық қарыз – олардың өтелуіне есептен шығарылуына) қарай; б) басқа жағдайларда – баланстың тиісті баптарымен шаруашылық операциялардың жүргізілуіне қарай жатқызылады. барлық сомасы осы есепті мерзімде танылады. Қорытынды: Ақша қаражаты мен оның эквиваленттері қысқамерзімді активтер болып табылады. Ұйымның ақша қаражаты кассадағы қолма-қол ақшадан және банктегі нақты ақшадан тұрады. Жалпы алғанда, ақша қаражатының есебі №7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп» ҚЕХС-мен реттеледі. Қазақстанда ҚР «Төлемдер және ақша аударымдары» туралы Заңына сәйкес банк мекемелері арқылы іске асырылатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың бірыңғай жүйесі жұмыс істейді. Шетел валютасымен байланысты операциялар және № 21 «Валюталық бағам өзгерістерінің әсері» ҚЕХС реттеледі.
Дата добавления: 2013-12-12; Просмотров: 739; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |