КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Спорттық жаттықтырудың негізгі ұғымдары
Спорттық жаттықтыру дегеніміз қозғалыс ептілгі мен дағдысын қалыптастыруда,арнайы білім беруде, дене қуатын, психологиясын дамыту барысында жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жетуге бағытталған дене тәрбиесінің арнайы педагогикалық үйрету және тәрбиелеу процесі. Спорттық жаттықтырудың әсерін, нәтижесін,спортшы дайындығының деңгейін анықтағанда «дайындалғандық», «жаттыққандық» және «спорттық қалып» деген ұғымдар қолданылады. «Жаттыққандық»- дегеніміз жүйелі дене тәрбиесі жаттығуларын жасау арқылы спортшы ағзасының берілген жаттықтырудың жүктемесіне қалыптасуы және оның жұмыс қабілеттілігі деңгейінің жоғарылауы. «Дайындалғандық» спортшының дене қуаты қасиеттерінің техникалық шеберлігінің,тактикалық және психологиялық дайындық деңгейлерінің жоғарғы деңгейге жетуі. «Дайындалғандық» термині осы аталған дайындық жақтарының кез-келгеніне жеке арналуы мүмкін. «Спорттық қалып,спорттық бап» спортшының белгелі бір циклде спорттық жоғарғы нәтижелер көрсетуге дайын күйі. Спорттық жаттықтыру амалдары. Дене мәдениеті жүйесінің арнайы саласы болғандықтан спорт жаттықтыруларында өзіндік амалдар қолданылады. Ол амалдардың көлемі мен құрамы спорттық жаттықтыру міндеттеріне байланысты болады. Жаттықтырулардың негізгі амалдары дене тәрбиесі жаттығулары үш топқа бөлінеді: I. Жарыс жаттығулары. II. Арнайы дайындық жаттығулары. III. Жалпы дайындық жаттығулары. I. Жарыс кезінде орындалатын негізгі жаттығуларды жарыс жаттығулары дейміз. Барлық жарыс жаттығулары жарыс ережесіне сәйкес орындалуы керек. II. Арнайы дайындық жаттығулары спортшыларды жарыс жаттығуларына дайындау үшін қолданылады. Ол 5 топқа бөлінеді:
III. Жалпы дайындық жаттығулары спорт жаттығуларына көп ұқсамайды, спортшының қимыл,қозғалыс қорын көбейтуге, жалпы жаттыққандығын жоғарлатуға арналады. Дайындық кезеңдеріне байланысты жалпы дайындық және арнайы дайындық жаттығуларының көлемі өзгеріп отырады.
Дата добавления: 2013-12-12; Просмотров: 5059; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |