Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Спорттық жаттығулардың қағидалары




Спорт жаттығуларының өзіндік ерекшелігі,өзіне тән қағидалаларын тудырады.

Саналық қағидалары- спортшының санасында жоғарғы спорттық шеберлікке жету мақсатын қалыптастыру.

Біртіндеушілік қағидалары- жүктемені жоғарғы деңгейге дейін біртіндеп өсіру.

Даралық қағидалары- спортшының талантына, жеке басы мүмкіндігіне, өзіндік жаттығу техникасын орындау ерекшелігіне байланысты жаттықтыру әдістемесінің өзгеруі.

Жүйелік қағидасы (немесе жаттықтыру процесінің үзіліссіздігі). Спортшының ағзасын жаттықтырып, жақсы спорттық жетістіктерге жету үшін, спорттық жаттықтыру үрдісі бір жылға және көптеген жылдарға арналып құрастырлады.

Ғалымдар мен жаттықтырушылар кейінгі кездері жоғарғы дәрежелі спортшылардың жаттықтыру әдістемесіне көп көңіл бөлуде. Сонда жыл сайын жоғарғы дәрежелі спортшылардың жаттықтыру әдістемесі өзгеретіндігі, сол арқылы да олар өте жоғарғы көрсеткіштер көрсететіні анықталады. Қазіргі әдістер аздаған өзгерістермен спорт саласында 20 жылдай қолданылып келеді. Осы әдіс өзінің мүмкіндіктерін пайдаланып болды деп айтуға болады. Өйткені оның негізгі компоненті берілген уақыт негізгі үлкен жаттықтыру көлемі өз шегіне жетті. Сондықтан біз қазір ескі әдістің өзгеріп, жаңа әдістің пайда болу кезеңінде тұрмыз.

Спортшының өзінің энергиясын, күшін, керек уақытта жинақтап, бір мақсатқа пайдалануы үшін психологиялық дайындыққа көп көңіл аударуға тиіс.

Циклдік қағидасы. Жүйелік және біртіндеушілік қағидалары жаттықтыру циклдерін құрғанда айқын білінеді. Циклдік дегеніміз белгілі бір уақыт ішіндегі жаттықтыру үрдісі бөлімдерінің аяқталған жиынтығы. Әрбір келесі циклде жаттықтыру кезіндегі жүктеме өсіп отырады. Циклдер: микроциклдер (апталық), мезоциклдер (айлық) және макроциклдер (жылдық) деп бөлінеді.

Дене қуаты жүктемелері әр түрлі көлемде толқын түрінде өтеді.

Кіші толқындар- микроциклдегі жүктеме қозғалысының толқын түрінде өзгеру сипаты. Орта толқындар- мезоцикл көлеміндегі жүктеме қозғалысының өзгеру сипаты. Үлкен толқындар- макроцикл кезеңдеріндегі жүктеме қозғалыстарының өзгеру сипаты.

 

 

Жалпы және арнайы дайындықтардың бірігу қағидасы. Спорт жаттықтыруының негізгі міндеті ағзасын жан-жақты дамыту болып табылады. Бұл процесс жалпы және арнайы дайындықтың өзара байланысуы арқылы орындалады.

Жалпы дайындық кезінде жоғарғы спорт көрсеткіштерін өсіру үшін керек әр түрлі дене қуаты қасиеттері дамытылады, кең көлемде қимыл, қозғалыс шеберлігі мен дағдылары игеріледі. Арнайы дайындық кезеңінде таңдап алған спорт түріне керек дене қуаты қасиеттері дамытылады, қимыл шеберлігі жетілдіріледі. Спортшылардың жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы кезеңдерінде байланысты өзгертіліп отырылады. Дайындық кезеңінде жалпы және арнайы дайындық көлемінің пайыздық арақатынасы 60-40 %, жарыс кезеңінде 20,30-80,70%, өтпелі кезеңде 80-20% болып өзгереді. Бұл спорт түрлеріне, спортшылар квалификациясына байланысты. Жоғарғы дәрежелі спортшыларға арнайы дайындық көлемі бөлек беріледі.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-12; Просмотров: 5268; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.