Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Спорттық жаттықтыру көп жылдық үрдіс




Жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жету үшін спортшы көп жылдар бойы, 10 жылдан артық мөлшерде, үзіліссіз жаттығуы керек. Осы көп жылдық жаттығу шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді:

1. Алғашқы дайындық кезеңі. Республикамызда спорт мектептерінің алғашқы дайындық топтарына өз еркімен спортпен айналысқысы келген,ата-аналарының, мектеп басшыларының, дәрігердің келісімін алған балалар қабылданады. Бұл балалар спорт мектептерінің жас ерекшеліктеріне,спорт түріне байланысты бекітілген ережелері бойынша спорт топтарына бөлінеді. Мысалы, гимнастика 6 жастан, суға жүзу 7 жастан, футбол 8 жастан, хоккей 9 жастан, ескек есу 10 жастан, ат спорты 11 жастан. т.с.с.

Осы топтардағы оқушылар үш жыл бойы жалпы дене қуатын дамытумен, бастапқы техника негіздерін үйренумен айналысады да,әр түрлі сынақтар тапсырғаннан кейін оқу,жаттығу топтарына ауыстырылады.

2. Бастапқы мамандану кезеңі балалардың жасөспірім жас шағына сәйкес келеді. Бұл кезеңнің негізгі міндеті организмді жан-жақты дамыту және қимыл-қозғалыс ептілігі мен дағдысын жетілдіру болып табылады. Бастапқы мамандану кезеңінің ұзақтығы 3-4 жыл, бірақ спортшының дарындылығына,спорттың түріне байланысты ол уақыт өзгеруі де мүмкін. Балалардың жастарына, жаттыққандығына байланысты жаттықтыру уақыты ұзаруы, жаттықтыруларды бір апта ішінде қайталау жиілігі біртіндеп көбейіп отырылуы қажет.

3. Тереңдете жетілдіру кезеңі. Бұл кезең спортшының есейген кезіне сай келеді. Кейбір ерте жастан жаттыға бастайтын суға жүзу, гимнастика, мәнерлеп сырғанау т.б. спорт түрлерінде жасөспірім жас мөлшеріне сәйкес келіп қалуы да мүмкін. Бұл кезеңнің негізгі міндеті жоғарғы спорттық шеберлікті меңгеру. Жаттықтыру кезінде жүктеме көлемі мен қарқындылығы ең жоғары шекке дейін өсіріледі, жарыстың саны көбейеді, дәрежесі жоғарылайды. Бұл кездегі жас шектеу мөлшері жылдамдықты керек ететін спорт түрлерінде 18-ден 26 жасқа дейін, төзімділікті керек ететін циклдік спорт түрлерінде 30 жасқа дейін болады.

4. Спортта ұзақ жасау кезеңі. Бұл кезең дайындалғандық деңгейін төмен түсірмей ұстап тұра алған кезге дейін созылады. Бұл кезеңде спортшылардың жас ерекшеліктеріне, психикалық болдыруына, жаттықтырулар мен жарыстардан шаршауларына байланысты спорттық көрсеткіштері біртіндеп төмендей береді. Жалпы жүктеме көлемі жайлап азайтыла бастайды. Жаттықтыруларда жүктеме қарқыны, жарыстар саны азаяды. Әрбір спортшы бұл кезеңде жаттықтыру жүктемелерін жаттықтыруларды кенеттен қойып кетпей, біртіндеп азайтуы керек. Бұлай етпеген жағдайда зиян келетінін олар білуі қажет.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-12; Просмотров: 3626; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.