Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Спортшының функционалды қасиеттері моделді блогының матрицасы




Қасиеттер блогы Мазмұны
1. Морфологиялық элементтер - соматотип - салмақ пен бойдың берілгендері - дене бітімі, қол мен аяқ ұзындығы - икемділік қасиетінің дәрежесі
2. Энергетика - гемодинамика, хемауысым және потенциал
3. Физикалық (локомоторлық) қасиеттер - күш - жүйріктілік - төзіміділік
4. Сенсомоторика - қимыл ассиметриясы - сенсорлық табалдырықтар - жай реакцияның жылдамдығы - координацияға қабілеттілік - күрделі моторлық реакцияның жылдамдығы мен адекваттылығы - рецептивті антиципация - сенсомоторлық төзімділік - жағдайлы психостресте адекватты жұмыс жасау - жағдайлы психостресте адекватты жұмыс жасау ұзақтылығы
5. Жүйке типологиясы -жүйке үрдістерінің (ЖҮ) қозу (Қ) мен тежелу (Т) күші - жүйке үрдістернің қозғалғыштығы (қимыл әрекеті) - жүйке үрдістерінің қалыптылығы - жүйке үрдістерінің (ЖҮ) қозу (Қ) мен тежелу (Т) негізіндегі төзімділік - тежелунің өз бетімен пайда болуы - қорғаныс реакциясының типі және қауіп деңгейі
6. Интеллект - адекватты ойлаудың жүйріктілігі - назар аудару диапозонының кеңділігі - ақпаратты есте сақтау жылдамдығы - ақпаратты сақтау уақыты - экстрополяция - стресс кезінде адекватты жұмыстың ұзақтылығы
7. Темпераменттің психодинамикалық қасиеттері - эмоционалды қозу мен импульсивтік дәрежесі - ригидтілік-иілгіштік - экстраверттілік-интраверттілік - батылдық пен қорықпаудың деңгейі - агрессия деңгейі
8. Тұлғаның психологиялық қасиеттері және ынталандыру социалды тәртіп - мақсатқа жетудің «геномақсат» және «генотәсіл» (оған жету тәсіліне алдын ала икемдеу) - өз ішінде қалыптасу және іске асудың дәрежесі - еңбекқорлық дәрежесі және кемшіліктерді анықтау деңгейі - мейірімділік, қостау, шектеу мөлшері - басқару, заң сақтау дәріжесі - күш-жігерлік қасиеттері - ұстанымдылық, міндеттілік

 

Берілген функционалды қасиеттердің тізімдемесін негізге ала отырып, арасынан спорттық күресте және белгілі салмақты категорияда талаптардың тым жоғарланғандарды анықтауға болады.

Сенсомоторлық қасиеттер блогында пайдаланылатын терминдерді дифференциялау және белгіленген қабілеттер қолдану бірізділігін анықтау керек.

А) Координациялау -алдын ала бағдармаланған жағдайдағы өзара келісілген қимылдарға қабілеттілік (бастапқы кезенде игеріледі.)

Б) Жағдайды сенсомоторика - ақпаратты обьективті қабылдау және өзгеріп отыратын жағдайда оған адекватты координациялық қимылдарды ұйымдастыру қабілеттілігі (ептілік қасиетін анықтайды және координациялық дағдыларды игерген соң қаралады.) Алайда ептіліктің екі түрін ажырата білу керек.

1. Дене (Н.А.Бернштейн-кеуделік) негізінде, ол спорттық гимнастикада, акробатика және спорттық күресте қолданылады.

2. Заттық ептілік көркем гимнастикада, спорттық ойындарда және жекпе-жекте қолданылады.

В) Психомоторика - психо-стрессорлық жағдайда қимыл-қозғалыс білік пен дағдыларды (ептілік) іске асыру қабілеттілігі (психостресстерсіз, жағдайлы сенсомоториканың ауқымын игергеннен кейін үйретіледі.)

Техникалық дайындық дегеніміз - жарыс жаттығуларын орындауды жоғары деңгейде меңгеру үрдісі. Оның негізгі міндеті- спорт түріндегі негізгі қозғалысты шеберлікпен меңгеруге,дағдылану.

Әрбір спорт түрлерінде жаттығу техникасы әр түрлі болып келеді.

Мысалы: гимнастика,конькимен мәнерлеп сырғанау спорт түрлерінде жақсы техника қозғалыс әдемілігі және нақытылығымен бағаланады. Төзімділікті керек ететін спорт түрлерінде техниканы жетілдіру қимыл, қозғалысты тиімді экономиялы түрде орындауға байланысты. Мысалы, жүгіру техникасын дұрыс,экономиялық орындауы. Зерттеулер нәтижесінде спортшының жүгіру қарқыны, адым ұзындығы және физиологиялық көрсеткіші оттегіні қолдану мүмкіншілігімен байланысты екені анықталған. Марафонды қашықтықтарға жүгірушінің дұрыс оттегі қолдануы жүгіру қарқыны 16 км/сағат, адым ұзындығы 150 см болғанда ғана тиімді болатыны ғылыми түрде дәлелденген. Осындай байланыс суға жүзу, конькимен, шаңғымен жүгіру спорттарында да кездеседі.

Әрбір спорт түрлерінде жаттығуларды орындаған кезде «эталондық» орындау керек деген көзқарас қалыптасқан. Ол ең жақсы спортшының өз спорт түрінде негізгі жаттығуды орындауы. Ол кітапта жазылған, суретте, кино түсірулерде көрсетілген жаттығуды орындау түрі, техникасы жаттығуды үйренуге негіз болуы керек. Ал спортшыдан дәл осындай орындау керек деп талап еткен дұрыс болмайды. Спортшы сол көрсетілген жаттығуды орындау техникасын негізге алып, өз ерешеліктерін ескеріп жаттығуды орындау керек. Ол ерекшеліктер: дене құрылысы, дене қуаты дайындығы,физиологиялық,психикалық және т.б. қасиеттер.

Техникалық дайындық кезінде спортшылар мынандай талаптарды орындау керек:

1. Техника нәтижелілігі.

2. Тиімділігі

3. Тұрақтылығы

4. Бейімділігі

5. Экономиялығы

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-12; Просмотров: 2789; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.