Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Спорттық жаттықтыру үрдісін жоспарлау




Спортшыға жарыс кезінде, жарыс жаттығуларын орындау кезінде кездесетін психологиялық қиындықтарды жеңуге тәрбиелейтін педагогикалық үрдісті психологиялық дайындық дейміз.

Тактикалық дайындық дегеніміз –жарыс кезіндегі жеңіске жету үшін пайдаланылатын әдіс, амалдарды, айла тәсілдерді қолдана білу өнері.

Тактикалық дайындық екі кезеңнен тұрады:

а) спорттық күресті жүргізу жолдарын өз мүмкіншілігіне, қарысластарының ерекшеліктеріне,жарыс жағдайларына байланысты жоспарлау.

ә) осы жоспарды спортшының жарыстағы мүмкіншілігіне байланысты амалдар мен жолдар арқылы іске асыру. Тактикалық дайындықты дұрыс асыру үшін төмендегідей міндеттерді орындау керек.

1. Қазіргі кездегі өзі айналысып спорт түрінің тактикалық тәсілдер негізін оқу, үйрену,тиімді пайдалана білу.

2. Мықты спортшылардың тактикалық тәжірибесімен танысу.

3. Өтетін жарыстың ережелерін, шарттарын, қарсыластырының мүмкіншіліктерін зерттеу. (уақыты,жарыс өткізілетін орын т.б.)

4. Жарыстың тактикалық жоспарын жасау.

5. Тактикалық тәсілдерді,оларды орындау жолдарын тәжірибе жүзінде меңгеру.

6. Қарсыласына психологиялық басымдылық көрсете алу шеберлігін қалыптастыру, оны ыңғайсыз жағдайда жарысуға мәжбүр ету.

7. Өткен жарысты талдау, тиімді тактикалық әрекеттерді жетілдіру. Тактикалық дайындық кезінде мынадай әр түрлі жолдар қолданылады: алдын-ала жасалған тактикалық жоспарды жаттықтыру сабақтарында,жарыс жағдайына ұқсас жағдайларды қайталау,арнайы кітаптар оқу,әңгіме өткізу, бейне жазумен түсірілген жарыстарды көру, оны жан-жақты талдау.

Психологиялық дайындық процесі екі бөлімнен тұрады:

  1. Жалпы психологиялық дайындық. Ол спортшыны спортпен жүйелі түрде айналысуға, қиыншылықтарды жеңуге, еңбек сүйгіш азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталған.
  2. Арнайы психологиялық дайындық. Жарысқа қатысуға дайындайтын бұл арнайы дайындық-жарыс болар алдындағы кезеңде спортшының спорттық күреске психикалық дайын күйге түсуіне бағытталған. Психикалық дайындыққа батылдық, қайсарлық, ынталылық, табандылық, тәуекелшілік, ұстамдылық секілді жігер, қайрат дайындығы кіреді. Психологиялық дайындық әр түрлі әдістермен іске асады.

Тиянақты жаттығу әдісі- дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен спортшыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіру.

Психикалық реттеу жаттығуларының әдісі- көңіл күйді көтеру, көңілдену,қиыншылықтары жеңуге ойша дайындалу, тактикалық ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну,келешек істелетін жұмыстарға дайындалу,жинақталу. Және т.б. әдіс-тәсілдер.

Идеомоторлық жаттығулар әдісі - жаттығуларды ойша қайталау арқылы негізгі қимылдарға бар ықылас зейініңді аудару.

Спорттағы психодиагностика әдісі- КБС (К-көңіл күйі, Б-белсенділік, С-сергектік) әдістемесі бойынша еске сақтау, ықылас, қозғалыс жылдамдығын, алаңдаушылық деңгейін, көңіл-күй көрсеткіштерінің өзгеру деңгейінің әр түрлі аспаптар,тәсілдер арқылы анықтау.

Теориялық дайындық әдісі- Спортшыларды дайндайтын заңдылықтарын,олардың әдістемелерін үйрену. Теориялық дайындықсыз дайындықтың басқа жақтарын іске асыру мүмкін емес. Спортшы сонымен қатар арнайы дәрістерді тыңдап, спорт туралы жазылған ғылыми-әдістемелік, көркем, тарихи әдебиеттерді оқып, кинофильмдер көріп білімін дамытып отырғаны жөн. Спортшыны спорт түрінен дайындау жүйесінде теориялық дайындықтың маңызы ерекше Спортшы теориялық ақпараттарды көп білген сайын спорттағы жетістіктер тезірек жоғарылайды. Теориялық білім спортшыға спорттық жетістіктерге жылдам жетуге ғана емес, күнделікті өмірде де, маңайындағы адамдарды салауатты өмір салтына насихаттауда да қажет болады.

Теориялық дайындық бағдарламасы кең көлемде болғаны дұрыс. Ол мынандай бөлімдерге бөлінеді:

1.Дене мәдениеті мен спорттың Қазақстанда дамуы, қоғамдағы рөлі.

2. Спорт түрінің пайда болуы, дамуы, қазіргі жағдайы.

3. Дене жаттығуларының адам ағзасына әсері.

4.Спортшының гигиенасы, тамақтануы, шынығуы, күн тәртібі туралы мағлұматтар.

5. Дәрігерлік бақылау өзін-өзі бақылау, жарақаттарды болдырмау, емделе білу жолдары мен спорттық массаж.

6. Спорттық жаттықтырудың негізгі әдістемелері.

7. Спортшының жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы.

8. Спортшының техникасы, тактикасы және оларды жетілдіру әдістері.

9. Спорттық жаттықтыруды жоспарлау.

10. Спорт түрінен өткізілетін жарыс ережесі.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-12; Просмотров: 5298; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.