Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тақырыбы: Дүниежүзіндегі нарықтағы туризмнің ролі




Дәріс № 1

Қарастыратын мәселелер:

1. Дүниежүзілік туризм дамуының қазіргі түсінігі.

2. Нарықтық туризмнің басты түсінігі.

3. Нарықтық туризмнің субьектісі.

 

Қолданылған әдебиеттер:

Негізгі:

1. Кифяк В. Развитие международного туризма как один из факторов становления экономики Украины // Экономика Укаины. - 1995. - №7.- С. 83-88.

2. Караваев П.Л. Тенденции и проблемы развития современного международного туризма // География мирового хозяйства.- Москва-Смоленск: изд-во СГУ, 1997.- С. 231-242.

3. Александрова А.Ю. Экономика и территориальная организация международного туризма.-М.:Изд-воМоск.ун-та,1996.-105.с.

4. Международные туристские организации.- М.: Международные отношения, 1990.- 288с.
5. Сапрунова В.Б. Туризм: эволюция, структура, маркетинг.- М.: Ось-89, 1997.- 160

6. Квартальнов В.А. Иностранный туризм. – М.: Финансы и статистика, 2001. – С. 251.

7. Менеджмент туризма. Туризм и отраслевые системы. – М.: Финансы и статистика, 2001. – С. 162.

Қосымша:

1. Экономика и организация туризма. Международный туризм. / Е.Л. Драчева, Ю.В. Забаев, Д.К. Исмаев и др. – М.: КНОРУС, 2005.

2. В.С. Сенин Организация международного туризма. Москва «Финансы и статистика» 2000г.

3. Актуальные вопросы теории и практики туризма. – Сборник научных трудов. – А.: Казак университет, 1999.

4. Александрова А. Ю. География мировой индустрии туризма. – М.: МГУ, 1998.

5. Гостиничный и туристкий бизнес// Под ред. Чудковского А. Д., М.: Тандем – Экмос, 1998.

6. Александрова А. Ю. Международный туризм: Учеб. пособие. М.,

 

Қазіргі кездегі туризм түрлерін толық жіктеу үшін туризмнің түрін сипаттайтынең маңызды белгілерді атап өтуге болады: яғни туризмнің ұлттық мәнділігі; саяхатта пайдаланылатын негізгі қозғалыс құралдары;саяхаттың ұзақтығы; топ құрамы; ұйымдастыру түрлері, туристтік өнім бағасының қалыптасуының негізгі принциптері және т.б.

І.Ұлттық мәнділікке байланысты ұйымдастырылатын туризмнің негізгі түрлері екіге бөлінеді: ұлттық және халықаралық туризм. Халықаралық туризм шет елге шығу және шетелден келу туризмі болып бөлінеді.

ІІ.Туристтік саяхатқа негізделген қажеттілікке байланысты туризм келесі түрлерге бөлінеді:

1.Емдеу (медециналық) туризмі. Туризмнің бұл түрінің негізінде әр түрлі аурулардан емделу қажеттілігі жатыр. Емделу туризмі адам организміне табиғи құралдармен әсер ету арқылы сипатталатын түрлерге бөлінеді, мысалы: климат арқылы емдеу, теңіз арқылы, батпақ арқылы, жеміс-жидек арқылы, сүт арқылы емдеу және т.б. Емдеуде кей-кездерде әсер етудің бірнеше түрі қолданылуы мүмкін, бұл жағдайларда туризмнің түрі демалушының организміне негізгі әсер етуші құрал арқылы анықталады.

2. Рекреациялық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде адамның күш-қуатын қалпына келтіру қажеттілігі жатыр. Туризмнің бұл түрі үлкен жан-жақтылық арқылы ерекшеленеді. Мысалы: рекреациялық туризм құрамында төмендегі бағдарламалар болуы мүмкін:

а) көріп тамашалау-көңіл көтеру (театр, кино, жәрменке, қала күндері, фестивальдар және т.б.);

ә) қызығушылық іс әрекет (аңға шығу, табиғатты тамашалау, сурет, музыка және т.б.);

б) этникалық және тұрмыстық (ұлттық мәдениет пен дәстүрлі емес тұрмысты зерттеумен байланысты);

д) туристтік-сауықтандыру (қозғалыстың белсенді тәсілдері бар бағыттарды қоса, шомылу, шаңғы, атқа міну және т.б.).

3.Спорттық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде екі түрлі қажеттілік жатыр, осыған байланысты:

- активті және пассивті түрге бөлінеді. Активті спорт туризміне спорттың белгілі түрімен айналысу қажеттілігі, ал пассивті туризмге-белгілі бір тпорт түріне қызығушылық, яғни сайыстар мен спорт ойындарын көру мақсатында саяхатқа шығу жатады.

4.Танымдық туризм. Әр түрлі бағыттарда білімді арттыруға деген қажеттілікті қанағаттандыру құрайды. Туризмнің бұл түріне экологиялық туризмді де жатқызуға болады. Экологиялық туризм бағдарламасы қорғауға алынған табиғи аймақтарға баруды ұсынады.

5.Іскерлік мақсаттағы туризм. Әр түрлі серіктестіктермен іскерлік қатынастарды бекіту немесе қалыптастыру мақсатындағы сапарлар жатады.

6.Конгрессті туризм. Ол түрлі шараларға,оның ішінде конференцияларға, симпозиумдарға, съездерге, конгрестерге және т.б. қатысу мақсатындағы туристік сапарлар қатысуға байланысты ұйымдастырылады.

Интенсивті дамуы толығымен халықаралық іскерлік және ғылыми шараларды өткізуге маманданған халықаралық ұйымдарды құруға әкеледі. Туристтік фирмалардың саяхаттың осы түріне ыңғайлану халықаралық еңбек бөлінісінің объективті заңдылығына негізделген. АҚШ-та конгрессті туризм жылына 40 млрд $ жоғары кіріс әкеледі. Конгрессті туризмнің үлкен артықшылығы оның мезгіл таңдамай өткізілуінде. Туристік индустрияның туризмнің осы түріне деген қызығушылығының артуы конгрессті өткізуге құрамына таза туристік қызметтің (қатысушыларды конгресс өткізілетін жерге тасымалдау, орналастыру, орындарын ұсыну, тамақпен қамтамасыз ету, экскурсиялық қызмет көрсету) және арнайы қызметтің енуіне байланысты болып отыр. Конгресстік туризм өнімнің ерекшелігі дәстүрлі шеңберден шығатындай әр түрлі қызметтің үлкен көлемін ұсына алу мүмкінділігінде. Конгресстік қызмет көрсетуді ұйымдастырудағы негізгі қиындықтар басылым өнімдерінің (баяндамалар тезисі, шақырулар, мәліметтік хаттар және т.б.) көп бөлігіне деген қажеттілік, конгресске қатысушыларды тіркеу, аударма, техникалық жабдықтау, іскерлік кездесу сияқты қызметтерді көрсету керектігі және конгресске дейінгі және кейінгі турларды ұйымдастыру.

Конгресске қатысушының шығыны әрине қарапайым туристің шығына қарағанда жоғары болады, осыған сәйкес оны тиімді ұйымдастыру қажеттілігі туады.

7.Діни туризм. Әр түрлі діндегі адамдардың діни қажеттілігіне негізделген. Ол екіге бөлінеді:

а) діни мерекелерде мешіттерге, шіркеулерге бару;

б) әулие жерлерге бару.

8.Өткенді аңсау мақсатындағы туризм. Тарихи өмір сүру аясында осы орындарға адамдардың бару қажеттілігіне негізделген.

9.Транзитті туризм. Басқа елге бару мақсатында келесі елдің аймағын басып өту қажеттілігі жатыр.

10.Өз бетінше ұымдастырылған туризм. Саяхаттың бұл түрі шаңғы, тау, атқа міну, су туризмімен және т.б. айналысатын активті демалуды біріктіреді. Айрықша ерекшелігі оған қатысушылардың өз бетінше ұйымдастырылуын қажет ететіндігінде. Турлады ұйымдастырумен фирмалар емес, туристтердің өздері туристік-спорт клубтарымен және бірлестіктермен бірге отырып ұйымдастырады.

ІІІ.Туристтік бағыттарда пайдаланылатын транспорттық құралдарға байланысты туризм келесі түрлерге бөлінелі:

1. Жеке транспорттағы транстурлар, яғни туристік жүйенің транспорттық шаруашылығына немесе тікелей ұйымға тиесілі транспортта саяхатқа шығу;

2. Жалға алынған туристтік транспорттағы транстурлар, яғни транспорт мекемесінің құрамындағы туристік ұйым жалға алған, белгілі кезеңге алынған транспорттағы турлар.Туристік ұйымдар жалға алынған арнайы транспорт ретінде теңіз және өзен көліктері, ұшақтар, туристік-экскурсиялық поездардың арнайы құрамы, қалалық, облыстық транспорт кәсіпорындарының автобустары қолданылады.

3. Туристердің жеке транспортындағы турлар автоәуесқойлары үшін бағыт бойынша көлік қызметтің барлық түрлері ұсынатын жеке немесе топтық турлар.

IV.Қозғалыс құрамына байланысты туризм келесі түрлерге бөлінеді:

1.Автокөлік туризмі. XX ғ-ң екінші жартысынан бастап дамыды.

2.Теміржол туризмі. XIX ғ-ң 40-шы ж-нан бастап дамыды. Теміржол билеттерінің салыстырмалы арзан болуы оны тұрғындардың аз қамтамасыз етілген бөлігіне қолайлы болады.

Әуежолы туризмі. Туризмнің осы түрінің болашағы зор, өйткені туристерді баратын жерлеріне тасымалдау уақытын үнемдейді. Мысалы 1960 жылдан 1980 ж-ға дейіннің өзінде туризмде қолданылатын әуе жолы транспорттының үлес салмағы үш есе өскен. Әуе жолдары турлары ұшақтағы жолаушылар орнының белгілі бөлігін пайдаланылатын топтық турларға және арнайы туристік тасымалдауға арналған әуе сапарларына бөлінеді.

Теплоход туризмі. Бағыттар өзен және теңіз теплоходтарында ұйымдастырылады. Теңіз бойынша бағыттар круизді болады. Олар порттарға тоқтауы немесе тоқтамауы мүмкін.

Бақылау сұрақтары:

1. Нарықтық туризмнің субьектісі.

2. Рекреациялық туризм.

3. Спорттық туризм.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-14; Просмотров: 995; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.