Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сеул (Оңтүстік Корея) қаласындағы өткен халықаралық туристік жәрмеңкесіне Қазақстанның қатысуы




Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы Дүниежүзілік туризмнің даму ерекшеліктері.

Дәріс № 8

Қарастыратын мәселелер:

1. Қазақстан Республикасындағы халықаралық туризм ұйымы.

2. Ұлттық туристік жәрмеңкелер. ҚР-ның туристік мекемелерінің халықаралық туристік жәрмеңкелерге қатысу формасы.

3. Туристік бизнестің нормативтік-құқықтық негіздері. Туристік қызметті реттеуші арнайы нормативтік құжаттар.

Қолданылған әдебиеттер:

Негізгі:

1. Кифяк В. Развитие международного туризма как один из факторов становления экономики Украины // Экономика Укаины. - 1995. - №7.- С. 83-88.

2. Караваев П.Л. Тенденции и проблемы развития современного международного туризма // География мирового хозяйства.- Москва-Смоленск: изд-во СГУ, 1997.- С. 231-242.

3. Александрова А.Ю. Экономика и территориальная организация международного туризма.-М.:Изд-воМоск.ун-та,1996.-105.с.

4. Международные туристские организации.- М.: Международные отношения, 1990.- 288с.
5. Сапрунова В.Б. Туризм: эволюция, структура, маркетинг.- М.: Ось-89, 1997.- 160

6. Квартальнов В.А. Иностранный туризм. – М.: Финансы и статистика, 2001. – С. 251.

7. Менеджмент туризма. Туризм и отраслевые системы. – М.: Финансы и статистика, 2001. – С. 162.

Қосымша:

1 Экономика и организация туризма. Международный туризм. / Е.Л. Драчева, Ю.В. Забаев, Д.К. Исмаев и др. – М.: КНОРУС, 2005.

2 В.С. Сенин Организация международного туризма. Москва «Финансы и статистика» 2000г.

3 Актуальные вопросы теории и практики туризма. – Сборник научных трудов. – А.: Казак университет, 1999.

4 Александрова А. Ю. География мировой индустрии туризма. – М.: МГУ, 1998.

5 Гостиничный и туристкий бизнес// Под ред. Чудковского А. Д., М.: Тандем – Экмос, 1998.

6 Александрова А. Ю. Международный туризм: Учеб. пособие. М.,

1. Қазақстан Республикасындағы халықаралық туризм ұйымы. Халықаралық туризм саяхаттаушы тұлғалардың тұрғылықты жерінен тыс жерге бару мақсатымен ерекшеленеді. Халықаралық туризмде оның екі формасын көрсетеді – кіру және шығу, олар туристік ағымның бағыты бойынша ерекшеленеді. Дәл сол бір турист бір уақытта қай елге баратындығына байланысты кіруші және шығушы ретінде классификациялана алады. Ол туристердің шығып бара жатқан және келетін елдерін бөліп көрсетеді. Бірінші жағдайда – шығу, ал екінші жағдайда – кіру туризмі қарастырылады. Халықаралық туризм экономикалық қызмет түрі ретінде келесідей ерекшеліктері бар:

- сыртқы саудаға қарағанда тауарлармен немесе қызметтермен алмаспайды, туристермен, яғни тірі адамдармен алмасады;

- туристік қызметтер мобильді емес, олар сатып алушының айтқанымен жүрмейді және сақтауға да болмайды;

- ұсыныстарда иілгіштік жоқ.

Сонымен, халықаралық туризм өз даму жолында ұзақ жол жүрді және бүгін ол Дүниежүзілік шаруашылықтың ең табысты дамып келе жатқан саласы болып табылады. Шаруашылық қызметінің басқа да сфералары сияқты туризм индустриясы аса қиын жүйе болып табылады, оның даму деңгейі жалпы елдегі экономиканың даму деңгейіне тәуелді. Қазіргі таңда өндіріс дамыған елдерге барлық келетін шетелдік туристердің 60% жоғарысы келеді және 70-75% Дүниежүзіндегі жасалатын саяхаттар үлесіне тиеді. Осының өзінде Еуро Одақ елдерінің құрамына кіретін елдердің үлесі келетін туристер мен валюталық түсімнің 40% жуығын құрайды. Қазіргі уақытта шығу туризмінің үлесі кіру және ішкі туризмге қарағанда артық. Дәл осылар барлығымызға белгілі экономиканың осы саласында отандық ВВП-ға негізгі табысты алып келеді. Бүгінде елде 750 жуық туристік компаниялар жұмыс істейді және олар әлемнің 80 елімен байланыста. Және тек олардың 20% ғана ішкі туризмге туристерді шақыру үшін қызметтер ұсынады. Ал басқа компаниялар тек қана шығу туризмі сферасы бойынша жұмыс жасайды. Кіру туризмі аумағындағы жағдай тұншықтырарлықтай – оның үлесі жалпы нарық көлемінің 15% құрайды. Оны өзгерту үшін бүгінгі таңда мемлекет кіру және шығу туризмін дамыту үшін жағымды жағдайлар жасап отыр. Сол себепті, осы бағытта жұмыс жасайтын туроператорлар ҚҚС (НДС) төлеуден босатылады. «Шығу туризмі» түсінігі өзіне басқа мемлекеттерді тақырыптық аралаудың көптеген түрлерін қосады. Бірақ та көптеген қазақстандық турфирма жетекшілерінің ойынша, шығу туризмі сегментіндегі негізгі сату көлемін «жағажай туризмі» алып отыр, бұл Қазақстанның географиялық және климаттық ерекшеліктерін түсіндіреді. Барлық жағдайды ескере отырып, Қазақстанның ерекшеліктерін ескере отырып, туристік саланың даму бағытын анықтап алу керек. Осының негізінде ҚР-ның Туризм және Спорт бойынша Агенттігінің БүкілДүниежүзілік туристік ұйымның қолдауымен бірнеше бағыттарды ерекшеледі, олар сыртқы және ішкі туризм үшін болашағы зор болып табылады. Осылардың бірі экологиялық туризм болып табылады. Туризмнің осы түрі үшін ресурстар, аймақтар берілген болатын, олар арқылы Ұлы жібек жолының маршруты өтеді: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары арқылы жүзеге асады. Экотуризмді дамыту үшін бұл аймақ табиғи әртүрлілік тізбегіне ие: Көлсай өзені, Іле өзені, Шарын каньоны, Бархандар, «Алтын Емел» Ұлттық саябағы және Іле Алатау таулары. Қазақстанға тән туристік ресурстар құрамына керемет Қожа Ахмет Иассауи және Арыстан Баб кесенелері, Қапшағай суқоймасы, Ыстықкөл, Үлкен Алматы өзені, Тургень шатқалдары, Тұйық-Су мұздығы, Хан-Тәңірі шыңы, Тамғалы жартасындағы бейнелер кіреді. Ерекше бай табиғи ландшафт әртүрлі климаттық белдеулерде орналасқан. Оңтүстік, Батыс және Шығыстан оны Тянь-Шань, Алатау, Тарбағатай, Алтай таулары қоршап жатыр.Батыста Каспий теңізі жайылып жатыр – сазан балықтардың түрлері мен Қазақстанның мұнайының туған жері болып табылады. Сарыарқа даласында керемет Балқаш өзені орналасқан, оның шығыс бөлігі – тұщы сулы, ал батыс бөлігі – тұзды судан тұрады. Теңдессіз сұлулығымен мына өзендер ерекшеленіп тұрады: Алакөл, Марқакөл, Теңіз және Зайсан, Сырдария, Орал, Есіл, Тобыл, Ыртыш, Іле, Шу және т.б. Қазақстанның маржаны көптеген әсем өзендерімен Көкшетаудың қарағай орманды зонасындағы санатрия-курорты болып табылады. Бүгінгі таңда халықаралық туристік нарық – бұл жүздеген миллиард долларға тең үлкен ақшалар және тергеу секілді қатаң бәсекелестік күрес болып табылады. Қазақстан Республикасыны % Үкіметі осы нарықтағы күресте өз үлесін алып қалуға лайықты қатысу үшін белсенді іс-әрекеттер жасауда. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері өзінің алдына уризмнің дамуы үшін үлкен мақсаттар қойды. Қазір республикамыз шетелдік туристерді тарту мақсатында өз күштерін аямауда. Туризмнің дамуы әсіресе, халықаралық туризмнің дамуы біздің мемлекетімізге валюта ағымының көбеюіне, бюджетті толықтыруға, жұмыссыздықты қысқартуға, жұмыс орындарының нарығын кеңейтуге, халық табысының және өмір деңгейінің шоғырлануына және ең соңында ҚР-ның жайнауы мен тұрақты дамуына мүмкіндік берер еді. Қазіргі уақытта Қазақстанда да туризмге қызығушылықтар артуда, үлкен туристік потнециалға ие, бірақ Дүниежүзілік туристік ағымда маңызсыз үлеске (1,5 пайыз) ие. Қазақстандағы туризмге қызығушылық ең алдымен осы қызмет сферасын мемлекет құқықтық формада қамтамасыз етуімен түсіндіріледі. Эксперттердің бағалауы бойынша, Қазақстанда халықаралық туризмнен түсетін пайда барлық потенциалды мүмкіндіктердің 10 пайызын құрайды. Қазақстан Республикасының Туризм және Спорт Министрлігінің мәліметтері бойынша шетелден Қазақстанға Германиядан, Англиядан, Жапониядан, Кореядан және Қытайдан келеді екен. Мысалы, 2005 жылы республикамызға 79 870 шетелдік туристер келген, ал 2006 жылы – 109 913 турист, 2007 жылы – 115 994 туристкеліпті. 2008 жылы басталған Дүниежүзілік экономикалық кризис шетелдік мемлекеттерге және Қазақстанға келетін кіру-шығу туризміне кері әсерін тигізді (2008 жыл-90 365 турист). Ал 2010 жылға туристердің санының 11 пайызға дейін өсуін болжап отыр. Бірақ та Қазақстанда шекарадан тыс жерлерде көп біле бермейді және ол «терра инкогнита» болып қалады.

2.Ұлттық туристік жәрмеңкелер. ҚР-ның туристік мекемелерінің халықаралық туристік жәрмеңкелерге қатысу формасы. Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру үшін халықаралық нарықта отандық және шетелдік туристік операторлар арасында әріптестік қатынастарды дамыту мен орнату сондай-ақ, ҚР-дағы халықаралық байланыстар кеңейеді. Жыл сайын «Туризм және Саяхат» KITF – 2009 Қазақстандық халықаралық туристік жәрмеңкесі және «Сарқылмас саяхат» Қазақстандық туристік жәрмеңкесі өткізіледі.

KITF «Туризм және Саяхаттың» қалыптасуына және Қазақстанның имиджінің күшеюіне бағытталған негізгі іс-шара болып табылады, Дүниежүзілік нарыққа отандық туристік өнімнің қозғалысы және елге келетін шетелдік туристердің ағымының ұлғаюы Қазақстандық туристік ұйымдармен шынайы механизмін қалыптастырады.

KITF – бұл Қазақстан және Орталық Азияда туризм сферасының ірі халықаралық және маңызды оқиғасы болып табылады және жыл сайын әсем Алматы қаласында өтеді. 2009 жылы көрме жұмысына Қазақстанның барлық аудандарынан өкілдер қатысты, сондай-ақ шетелдік және отандық операторлардың көптеген саны қатысты. 2009 жылы Қазақстандық жәрмеңкеге әлемнің 37 елінен жүздеген компаниялар қатысты. Көрменің жалпы ауданы 8000 кв. метрден асып түсті. Үш күн ішінде көрмеге 6 500 мың туристік бизнес пен сферасының мамандары келді. Туристік жәрмеңке бағдарламасы презентацияларды, семинарларды, басқа да танымдық бағдарламаларды өткізуді қосты. Жәрмеңке көлемінде республикалық семинар-жиналысы өткізіліп, туристік саланың дамуы мен ҚР-ның туристік индустриясы үшін кадрларды даярлау сұрақтарын қарастырды. Жұмыс барысында аталған іс-шараларды 2007-2011 жылдарға арналған туризмнің мемлекеттік бағдарламасын дамытуды тарату бойынша мәселелер қаралды.

«Сарқылмас саяхат» - Қазақстанның туристік жәрмеңкесі. Аталған іс-шараларды өткізудің басты мақсаты – ішкі туризмнің дамуы, сондай-ақ Қазақстандық туристік ұйымдармен қатынасы болып табылады. Бұл іс-шаралар жыл сайын Қазақстанның әртүрлі аймақтарында туризмді презентациялау және қолдау мақсатында өткізіледі.

Қатысушылардың экспозициялары түрлі-түсті баспа мен туристік жерлер бейнеленген және Қазақстанның әсем аймақтары безендірілген болатын және ақпараттармен, дыбыстық және жарық аппаратурасымен жабдықталған. Жәрмеңке бағдарламасы «туристік аймақтардың ең үздік презентациялары», «стендті керемет безендіру» конкурстарын өткізуді қарастырды.

Сондай-ақ Алматы облысындағы Текелі, Қапшағай қалаларын аралау бойынша ақпараттық турлар ұйымдастырылып, автрорлық әндер фестивальі өткізілді. Сонымен қатар, жәрмеңке көлемінде туризмді дамытудың маңызды сұрақтары бойынша аймақтық шығу жиналысы болды, сондай-ақ, «Туризм – нашақорлыққа қарсы» атты девизбен туристік слет өткізілді. Бұл слетке 20 командадан астам қатысушылар қатысты.

ASTANA LEISURE 2010 – бұл жаңа контракттар мен қызметтер, жаңа саяси маңызды контракттармен алмасу болып табылады. Бұған үнемі қатысатын қатысушылар: ірі отандық және халықаралық туристік компаниялар. «ASTANA LEISURE 2010» Қазақстанның, Орталық Азияның, алыс және жақын шетелдерден 5000 астам келушілер келеді. 2008 жылдың 6-8 қазанында Астана қаласында «Көрме» көрмелік кешенінде 6-шы Қазақстандық халықаралық туристік көрме өтті.

Шығындарды тиімді пайдалану мақсатында көрмелік қызметті туристік әкімшілік елдер «аймақтар) қатысудың бірнеше формасымен қарастырылады:

- делегация деңгейінде стендсіз қатысу, бұл құралдарды үнемдеуге көмектеседі және өткізілетін іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді, іскерлік байланыстарды бекітеді, бірақ аймақ (ел) жайлы ақпараттың таралып кетуіне шектеу қояды;

- ұжымдық стендке қатысу. Бұл жағдайда туристік әкімшілік консолидатор рөлін ойнайды, ол ұйымдастырушылардан қажетті экспозицияларды сатып алады, ал содан кейін льготтық шарт бойынша туристік индустриялық мекемелердің көрмелерге қатысуын ұсынады. Ұлттық ұжымдық стендтер (өте тиімді) ұлттық туристік өнімді шетелдік нарықта қоғалысында және елдің жағымды туристік имиджін қалыптастыруда өте тиімді;

- жекеменшік стендті ұйымдастыру; туристік әкімшілік көрмелерді ұйымдастырушыларымен өзі келісім-шартқа отырады және көрме ауданының көлемін жалға алу құнын төлейді. Көрмелерге дәл осы формада қатысу Қазақстандық делегацияның халықаралық жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысуында қолданылады. Жоғарыда аталған формалардың барлығы халықаралық көрмелік іс-шараларды белгілі бір этапта тиімді болуы мүмкін.

3. Туристік бизнестің нормативтік-құқықтық негіздері. Туристік қызметті реттеуші арнайы нормативтік құжаттары. Туристік бизнестің ерекшелігі турөнімдердің әртүрлі қызметтерімен жинақталады: транспорт, тамақтану, орналастыру, консулдық қызметтер және т.б. Осы жерден туристік қызметтерді реттейтін құқықтық және нормативтік құжаттардың үлкен көлемін көрсетуге болады. Мысалы, кіру визаларын алу туралы сұрақтары әкімшілік заңмен реттеледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына нормативтік актілері туристік қызметтің сертификациясы туралы, туризм сферасындағы тұтынушылар құқығы және т.б.

2009 жылдың 4-7 маусым аралығындағы өткен көрмеге әлемнің 50 елінен қатысушылар келді. Көрменің жұмысына Қазақстанның делегациясы қатысты, оның құрамы Министр өкілдерінен, Астана, Алматы қаласының әкімдерінен, сондай-ақ Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдерінен құралды. Сонымен қатар, көрмеде белсенділік танытқан Сеул қаласындағы Ұлттық «Эйр Астана» авиакомпаниясының өкілдері болды. Көрме жұмысының барысында 9 000 жуық жарнама өнімдері қағаз бен электрондық тасымалдаушылар арқылы таратылды. Қазақстанның көрмеге қатысуының қорытындысы бойынша Қазақстан 2 беделді дипломға ие болды: «Ең үздік жарнамалық – имиджді өнім» және «Ең үздік маркетинг үшін»




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-14; Просмотров: 1014; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.