Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Деминг Шухард PDCA циклі




Астана

СИЛЛАБУС

Ж.

Р.К. Ниязбекова

БЕКІТЕМІН

Астана

Ж.

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

көлік-энергетика

факультеті деканы

___________Сүлейменов Т.Б.

 

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

SMK 4301 - САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕЛЕРІ

пәні бойынша

(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)

 

5В073200 – Стандарттау, метрология и сертификаттау (мамандық/мамандыру шифрі және атауы)

 

мамандығының студенттеріне арналған

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ кафедрасы

(кафедра атауы)

 

Кафедра меңгерушісі

 

 

____ SMK 4301 - САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕЛЕРІ _____ пәні бойынша

(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)

5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау

(мамандық/мамандыру шифрі және атауы)

 

мамандығының студенттеріне арналған

 

 

1. Оқытушының аты-жөні; ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс желілері; ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы

 

1. ЕрмахановаФ.Р., техника ғылымдарының кандидаты, «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының доценті Байланыс телефоны: 70-95-00 (33-117); [email protected]

 

2. Пәннің коды, аты және кредит саны

Пәннің атауы: «Сапа менеджменті жүйелері»

Код: SMK 4301

Кредиттер саны – 3

 

3. Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны

Сабақ кестесіне сәйкес

 

4 Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері

Пререквизиттері: 1. Метрология, стандарттау және сертификаттау

2. Өндіріс технологиясы

Постреквизиттері: 1. Ықпалдастырылған менеджмент жүйелері

2. Аудит

Пәннің мазмұнын тиімді ұғу үшін метрология, стандарттау және сертификаттау, өндіріс технологиясы, жүйелі талдау, квалиметрия, білу қажет.машиналарды конструкторлау, металдар технологиясын, техникалық сызу және стандарттау негіздерін білу қажет.

 

4. Оқу пәнінің сипаттамасы

Оқу пәнінің аты

«Сапа менеджменті жүйелері»

Оқу пәнін оқыту мақсаты

Білімгерлерді сапаны басқару процестері, стратегиясы, менеджменті, сәйкестік сипаттамалары және отандық өнімдердің сапасын және оның дүниежүзілік рынокта конкуренттік қабілетін ұлғайту жолдарын талдап, сапа менеджменті жүйелері стандарттары талаптарын үйрету.

Пәнді оқыту міндеттері

Сапа туралы ойдың эволюциялық дамуы жөнінде, сапаны басқару үрдістері, стратегиясы, менеджменті, сәйкестік сипаттамаларын, процесстік ықпал, сапа менеджменті жүйелерін кәсіпорындарға енгізу алггоритмін, қағидаларын, құжаттамаларын, моделін, ұдайы жақсарту, аудит, сертификаттау ретін, сапа менеджменті жүйелері саласындағы стандарттар ережелерін білімгерлерге түсіндіру.

Оқу пәнінің мазмұны

Оқу пәнінің мазмұны түрлі кәсіпорындар мен ұйымдарда өнімдерді әзірлеушілер, дайындаушылар және тұтынушылар үшін сапа менеджменті жүйелерін салаларда әзірлеп енгізуде, өнімнің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі сұрақтарды шешуде халықаралық стандарттау мен менеджмент жүйелерін сертификаттауда стандарттар ережелерін өндіріске енгізу және жобалау бойынша тәжірибелі сарапшы-аудиторлар дайындауды қамтамасыз ету.

 

Оқу пәнін оқыту жоспары

Апта № Тақырыптың аты Оқуды ұйымдастыру формасы және сағат саны БӨЖ тапсырмалары
1. Халықаралық стандарттарға сәйкес сапа менеджменті жүйесіне кіріспе. Дәріс, 2 сағат Семинар, 1сағат Сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жұмыстарын жүргізу тәртібі
2. Сапа менеджменті жүйесіні енгізуді негіздеу және артықшылықтарын ашу. Дәріс, 2 сағат Семинар, 1сағат Тұтынушылардың қанағаттануы.
  Сапа менеджменті жүйесі стандарттары. ИСО 9000 стандартына сәйкес сапа менеджменті негізгі ережелері. Дәріс, 2 сағат Семинар, 1сағат Ұйымдарда притензиялармен жұмыс істеу бойынша басшылық.
  В.Шухарт-У.Э.Деминг PDCA жақсарту циклы. Сапа менеджменті жүйесі үлгісі Дәріс, 2 сағат Семинар, 1сағат Ұйымдарда шағымдарды қарау бойынша басшылық
5. Сапа менеджменті жүйесі қағидалары. Дәріс, 2 сағат Семинар, 1сағат Менеджмент жүйесі саласында персоналдарды сертификаттау.
  Сапа менеджменті жүйесі талаптары Дәріс, 2 сағат Семинар, 1сағат Сапа менеджменті бойынша басшылық.
  Сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу кезеңдері Дәріс, 4 сағат Семинар, 2сағат   Ұйымның сапа менеджментін пайдалану бойынша басшылық.
  Сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу кезеңдері Дәріс, 2 сағат Семинар, 1сағат Конфигурация менеджменті. Негізгі талаптар.
  Сапа менеджменті жүйесін құжаттандыру Дәріс, 2 сағат Семинар, 1сағат Құжатталған процедуралар құрамы мен мазмұны.
  Сапа бойынша басшылық Дәріс, 2 сағат Семинар, 1сағат Сапа бойынша басшылықты әзірлеу бойынша ұсыныстар
  Процесстерге, процесстік тәсілдемеге қойылатын талаптар Дәріс, 2 сағат Семинар, 1сағат Сапа менеджменті жүйесін құжаттандыру бойынша нұсқаулар.
  Сапа менеджменті жүйесін бағалау. Сапаға жауапты қызметкерлердің міндеттері. Дәріс, 2 сағат Семинар, 1сағат ҚР СТ ИСО 9001 стандартын енгізуде статистикалық әдістерді қолдануға басшылық
13. Қызметті жақсарту бойынша ұсынымдар Дәріс, 2 сағат Семинар, 1сағат Сапа экономикасын басқару бойынша басшылық
14. Сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жұмыстарын жүргізу тәртібі Дәріс, 2 сағат Семинар, 1сағат Оқыту бойынша басшылық ұсыныстар.
  Сапа менеджменті жүйесін енгізудің экономикалық тиімділігін бағалау Дәріс, 2 сағат Семинар, 1сағат Тұтынушылардың қанағаттануын бағалау
           

6 Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

6.1 Негізгі әдебиеттер

1. Бишимбаев В.К.,Ниязбекова Р.К., Ермаханова Ф.Р. Менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу. Оқу құралы. – Астана:ЕНУ, 2009. – 216 б

2. Управление качеством производств. Электронное учебное пособие /под ред. Акылбекова А.Т./Астана: ЕНУ им.Л.Н.Гумилева, 2007

3. Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии. /Учебник для вузов. – М.: ЮНИТИ –ДАНА, 2001.

6.2 Қосымша әдебиеттер

1. Система разработки и постановки продукции на производство./ Ч.2. Рекомендации Р50-601-4-89, Р 50-601-13-89. –М.:Изд-во ВНИИС, 1990.

2. Рекомендации Р 50-601-34-93. Формирование требований к продукции в нормативных документах, используемых для целей сертификации. – М.: ВНИИС, 1993.

 

7 Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау

Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау, СӨЖ тапсырмаларының орындалу сапасын бақылау; коллоквиум және бланкілік тестілеу формасында екі аралық бақылау; емтихан қорытынды аттестаттау жоспарлануда.

Ағымдық бақылау -20%

СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын бақылау -20%

Ағымдық бақылау:

Коллоквиум -10%

Бланкілік тестілеу -10%

Ағымдық және аралық бақылау - 60%

Қорытынды бақылау -40%

8 Оқу пәнінің саясаты

Оқу пәні 050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» студенттері үшін міндетті болып табылады. Оқу жүктемесінің көлемі 3 кредиттен тұрады, оның ішінде дәріс –30 сағат, семинар (практикалық) сабақтар – 15 сағат, СӨЖ –45 сағат.

Пәннің талаптары: аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу, мәселелерді, сұрақтарды талқылауға белсене қатысу, дәрістер мен семинар сабақтарына оқу-әдістемеліқ құрал және негізгі әдебиет бойынша алдын-ала дайындалу, СӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдық бақылау, СӨЖ тапсырмаларын тексеру, аралық бақылау, қорытынды бақылау).

Ағымдық бақылауды аудиториялық сабақтар барысында жүргізу жоспарланып отыр, СӨЖ орындалуы сапасының бақылануы қарастырылған: коллоквиум формасында екі аралық бақылау жүргізіледі; қорытынды бақылау емтихан формасында өткізіледі.

 

Кафедраның әдістемелік секция отырысында қарастырылды,

№ ____хаттама «___» қыркүйек_ 2013 ж.

 

ГЛОССАРИЙ:

Біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырда қытай философы Лао Цзы былай деген: «Халық жақсы көретін де және халық қорқатын да көш бастаушылар бар. Бірақ олардың бар екенін халық білмейтін көш басшылар ең жақсы көшбасшылар. Мұндай көшбасшы өз еңбегін аяқтаған кезде, адамдар бәрін де өзіміз жасадық дегенді айтады».

Құжаттаудың міндеті - өндірістік процестерді орындаудың тәртібін белгілеу және қызметтердің тұтынушылардың қалауына және барлық қойылатын талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында олардың арасындағы іс-әрекеттерді белгілеу.

Сапаны басқару - сапаға қойылар талапты орындауға бағытталған сапа менеджментінің бөлігі

Маркетинг бұл кәсіпорынның еңбек ұйымы және тұтынушылардың, мүдделердің сонымен бірге тауар өндірушінің қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағытталған басқарма.

Маркетингтің басты мақсаты – тауар немесе көрсетілген қызмет потенциалды тұтынушының қажеттілігін толық қамтамасыз меңгеру және түсіну.

Процесстерді және қызмет түрлерің жүйелі орындалуы туралы мәлімет беретін құжатты «құжатталған процедура» деп атайды.

Сапа –барлық сипаттамалар талаптарға сай екендігі анықталатын дәреже.

Сапа менеджменті - сапаға қатысты қолданылатын ұйымның басқару мен басшылық ету бойынша реттелген қызметі.

Сапаны жоспарлау – сапа облысындағы мақсаттарды анықтауға бағытталған және өнімнің өмірлік циклына қажетті операциялық үрдістерді және сапа облысында мақсаттарға жетуге арналған сәйкес ресурстарды анықтайтын сапа менеджментінің бөлігі.

Сапаны басқару – сапаға қойылатын талаптардың орындалуына бағытталған сапа менеджментінің бөлігі.

Сапаны қамтамасыз ету – талаптардың орындалып жатқандығына сенімділік туғызуға бағытталған сапа менеджментінің бөлігі.

Сапаны жақсарту – сапаға қойылатын талаптарды орындау қабілеттілігін арттыруға бағытталған сапа менеджментінің бөлігі.

Нәтижелік – жоспарланған қызметтің жүзеге асырылу және жоспарланған нәтижелерге жету дәрежесі.

Тиімділік – жетілген нәтиже мен пайдаланылған ресурстар арасындағы байланыс.

Сапа саласындағы саясат – бұл мекеменің сапа саласындағы негізгі бағыты мен мақсаты.

Сапа саласындағы саясат мекеменің жалпы саясатының элементі болып табылады және жоғарғы басшылықпен бекітіледі.

Сапаның саясаты – мекеменің жалпы қызметіне бекітімінің болжамы. Ол мекеме басшылығының қысқаша мәлімдемесі түрінде жинақталады және ереже бойынша, «сапа басшылығына» негізіледі.

Сапа басшылығы - сапа жүйесін қарастыруға қызмет етеді.

Ұйымда процестер жүйесін (осы процестерді анықтау және олардың өзара әрекетімен қатар) қолдану, сондай-ақ олардың менеджменті «процесстік тәсілдеме» болып есептеліне алады.

 

 

 

 

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

 

Дәріс №1

Тақырыбы: Халықаралық стандарттарға сәйкес сапа менеджменті жүйесіне кіріспе.

Дәріс мақсаты: Студенттерді сапа менеджмент жүйесімен таныстыру, менеджент, сапаны басқару терминдерін талқылап, сапаны басқару ұғымын түсіндіру

 

Жалпы мағлұматтар

1. Сапа түсінігінің анықтамасы

2. «Менеджмент» түсінігі және оның ерекшелігі.

Қазақстан Республикасының ашық нарықтық экономика жағдайына өтуіне байланысты бәсекеге қабілетті өнімді шығару мен өндіруді қажет етіліп отыр. Кез келген тауардың бәсекеге қабілеттілігі оның сапасымен анықталады.

Сапа – субъективті түсінік. Бұл анықтаманың түсініктемелері және терминологиялық ықпалдары да көп. 1968 жылдың өзінде бұл анықтамаға 100 шақты түсініктеме берілді. Бұндай әртүрлілік сапаның көп аспектілігімен түсіндіріледі.

«Сапа» терминіне нақты анықтама берген кезде, 1994 жылы оның анықтамасынан оның алдындағы жылдары «қасиет» термині алынып тасталынған болатын. Жалпы сапа терминін түсіну үшін терминдерді келесідей тізбектеп орналастырамыз: сипаттамалар–қасиеттері - cапа.

Сипаттамалар – бұл текст, кестелер, математикалық формулалар түрінде берілген тәуелді және тәуелсіз ауыспалылар арасындағы өзара байланыс.

Сапаға анықтама берген кезде қажеттіліктер түсінігі бастапқы болып алынады. Қажеттіліктер сипаттамалары объектінің сапа сипатттамаларына сәйкес келуі тиіс.

Сапа түсінігіне «нысан» термині де кіреді. Нысан дегеніміз – жеке қарастырылатын және сипатталатын зат. Нысан, мысалы, қызмет немесе үрдіс, өнім, ұйым, жүйе немесе жеке тұлға, сонымен қатар кез-келген комбинация бола алады.

Сапа қажеттіліктер жиынтығын қанағаттандыру деңгейіне тәуелді. Бұл жиынтық элементтер тізімінен тұрады. Бұл элементтер сапа құрамалары деп аталады. Сапаның негізгі құрамасы:

- нарық қажеттіліктерін анықтау;

- өнімді жобалаудың сапасы;

- өндіру процесінің сапасы;

- соңғы өңделіп шығарылған өнімнің жобаға сәйкестігі;

- сатудан кейінгі қызмет көрсету сапасы.

Жоғарыда аталған сапа құрамдастарынан басқа сапа мәселелерін дұрыс түсіну үшін келесі жағдайларды есепке алу қажет:

- өнімнің сапасы тұтынушыға бағытталу қажет;

- сапаны қамтамасыз ету – бір бөлімше орындайтын тек қана техникалық функция ғана емес, сонымен қатар компанияның ұйымдық құрылымын түгелдей қамтитын жүйелілік процесс;

- сапа мәселелері тек қана өндірістік процесте ғана емес, сонымен қатар өнімді, маркетингті және т.б. құру сферасында да өте өзекті болып табылады;

- өнім сапасын жақсарту, жетілдіру технологияларды қаншалықты дәрежеде жаңартуға байланысты;

- өнімнің жалпы жоғары сапасы өнімді өндіруге немесе қызметті көрсетуге қатысушы барлық жақтардың қатысуымен ғана қамтамасыз етіледі.

Менеджмент — материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану арқылы жетуге бағытталған бөлек кәсіби қызмет.

«Менеджмент» түсінігі әлем әдебиетінде түрлі түсіндіріледі. Сондықтан оның кез келген анықтамасы толық емес. Оксфорд сөздігінде менеджмент адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі; билік және басқару өнері; ерекше біліктілік және әкімшілік тәжірибесі; басқару орыны, әкімшілік бірлігі деп анықталады. Шет елдің бір сөздігінде «менеджмент» – «өндірісті басқару, өндіріс тиімділігін және пайдасын жоғарлату мақсатында қағидалар, әдістер, құралдар және өндірісті басқару түрлерінің бірігуі».

Менеджмент сипаттамасында оны басқару ғылымы, басқару үрдісі, басқару өнері, басқару функциясы, басқарылатын ұйым адамдары ретінде баяндау үшін тәсілдемелер көп пайдаланылады.

Менеджменттің мазмұны мен мәнін анықтауда, оның процесстік қасиеті ерекше аталады.

Менеджмент арнайы дайындалған мамандар ұйымдастыруды, мақсаттар қойып басқару және оған жету үшін әдістер мен тәсілдерін жасауды біріктірген процесс ретінде сипатталады.

Менеджмент менеджерлермен және басқару органы мен аппаратымен ерекшеленеді.

Менеджмент көп анықтамаларда басқаруды – өз пәні бар, өзінің ерекше мәселелері және оны шешудің әдістері мен тәсілдері бар білімнің, ғылымның бөлек бір саласы деп ерекшелейді.

Менеджменттің соңғы мақсаты өндіріске пайданы қамтамасыз ету. Менеджменттің маңызды мәселесі – тұтынушылардың қызығушылығын ескеріп тауарлар шығарып, қызметтер көрсету және фирманың нарықта орнықты тұруын қамтамасыз ету.

Бақылау сұрақтары:

1. Сапа дегеніміз не?

2. Сапа менеджмент жүйесі

3. Менеджмент деген не?

4. Сапаның негізгі құрамасы қандай?

Дәріс №2

Тақырыбы: Сапа менеджменті жүйесіні енгізуді негіздеу және артықшылықтарын ашу.

Дәріс мақсаты: СМЖ енгізуді және СМЖ-н енгізу артықшылықтарын ашып үйрету

 

Жалпы мағлұматтар

1. СМЖ енгізуді негіздеу

2. СМЖ енгізудің артықшылықтары

Әлемдік нарықтағы бәсекелестік өте қатаң. Кез келген компанияның стратегиялық мақсаттарының бірі – өз саласында, нарықтағы өз аумақтық сегментінде көшбасшылар тізімене ену. Және көптеген компаниялардың осы мақсатқа жету мүмкіндіктері бар..

СМЖ сәйкессіздіктер мен ақаулардың алдын алу тексерулерін жүргізуді (ішкі аудиттерді) қамтамасыз етеді, соынмен бірге оның өндіріске және тұтынушыға жіберілуіне тосқауыл қояды.

ИСО 9001 ге сәйкес сапа менеджменті жүйесі түрлі тараптар мүдделерінің тиімді тепе-теңдігін табуға мүмкіндік береді. Бүкіл қатысушылардың мүдделері үйлесімді келісілген жағдайда ғана компанияның ұзақ мерзімді тұрақты табысына қол жеткізіледі.

ИСО 9001 стандартын енгізуден келетін пайдаға қатысты кәсіпорын басшылары арасындағы статистикалық сауалдар өте көп. Олардың тек біреуін ғана мысал етейік (Ton van der Wiele and Alan Brown, Quality Journey after ISO 9000 Certification in SME’s. ЕОК 44 конгресінің материалдары, Будапешт).

Компаниялардың СМЖ енгізуден қандай пайда тапқандығы туралы сұраққа келесі жауаптар алынды:

Жобаны енгізуден кейін күтілетін пайда

- Компанияның сату көлемдерінің өсуі;

- Қызметкерлер еңбегі тиімділігінің өсуі;

- Тұтынушылардың жұмыс сапасымен қанағаттануы артқан;

- Клиенттер шағымдарының қысқаруы.

Компания мен қызығушылық танытушы тараптардың алатын артықшылықтары мен пайдасын кесте түрінде келтіруге болады:

Сонымен, СМЖ-ін енгізу қажеттілігі мыналар болуы мүмкін:

- тапсырыс берушінің немесе келісімшарттың талаптары;

- нарықтық мүмкіншіліктердің кеңейтілуі және халықаралық нарыққа шығу;

- жақсаруға ұмтылу;

- менеджмент пен өндіріс мәдениетінің жоғарлауы;

- сапа шығындарының қысқартылуы, персоналдың дәлелдемесі;

- фирма жарнамасы мен өз имиджін қабылдау мақсатында;

- халықаралық келісімшартты алу.

Ұйымның қызығушы тараптары мыналардан тұрады:

- тұтынушылар және шектi пайдаланушылар;

- ұйым қызметкерлерi;

- иелер-салымшылар (акционерлер, ұйымға нақты қызығушылық танытатын қоғамдық секторды қоса жеке тұлғалар немесе топтар);

- жеткізушілер мен cepіктестер;

- ұйым немесе оның өнімі әсер ететін түрлi бiрлестiктер мен мемлекеттiк құрылымдар түрінде қоғам.

Ұйым өнімін тұтынушылар мен шеткi пайдаланушылардың қажеттiктерi мен күтулерiнiң мысалдары:

- талаптарға сейкестiгi;

- сенімділігі;

- болуы;

- жеткізілуі;

- өнімнің өмiрлiк кезеңi аяқталғаннан кейiнгi әрекет;

- өмiрлiк кезеңнiңң бағасы мен құны;

- өнім қауіпсіздігі;

- өнім сапасына жауаптылық;

- қоршаған opтаға әсер ету.

Өндіріс процесінде процестерді, технологияларды, материалдарды жетілдіру жөнінен тұрақты қызмет болуға тиіс. Бір орында тұру үшін үнемі өз қызметіңді жетілдіре отырып «жүгіру» қажет, әйтпеген жағдайда сіз бәсекелестерден қалып қоясыз. Үнемі жақсару үшін басқа себептер де болуы мүмкін.

Сонымен, сапа менеджмент жүйесін енгізудегі кәсіпорынға келетін артықшылықтар:

- кәсіпорынды басқару жүйесінің тиімділігін көтеру;

- басқаруға кететін шығындарды азайту;

- процесстер сапасын жақсарту;

- өнім және жұмыс сапасын жақсарту;

- кәсіпорын тапсырмасы мен мақсатын персоналдың жақсы ұғынуы;

- қызметкерлердің орындаушы тәртібі мен себеп деңгейін көтеру,

- өзінің нәтижелеріне деген үлкен жауаптылық және мұның негізінде еңбек өнімділігін көтеру;

- персоналды сапа бойынша жұмысқа еліктіру, сапа бойынша ойды ұстауын көтеру.

Сапа менеджмент жүйесінің ИСО 9001 стандарт талаптарына сәйкестігін растайтын құжат болып сапа жүйесін сертификаттау бойынша бұл қызметтің жүргізілуіне құқығы бар арнайы өкілетті органдармен берілген сәйкестік сертификаты табылады.

Сапа менеджмент жүйесін сертификаттаудан кәсіпорыныға келетін артықшылықтар:

- отандық нарықта бағытты тұрақтандыру;

- тұтынушылар сенімділігіне ие болу;

- тендерге қатысу кезінде қосымша артықшылықтар;

- ішкі және сыртқы нарықта кәсіпорын мәртебесін көтеру;

- кәсіпорынды басқару бойынша таңдалынған стратегияның дұрыстығын растау.

Сапа менеджменті жүйесін енгізу құны көптеген факторларға байланысты. Оларға ең бірінші жатады: кәсіпорын көлемі; персонал саны; сапа менеджмент жүйесінің дайындығы (тиімділігі); сертификатталған қызмет түрлері; сертификаттау органын таңдау.

Мұндай факторлардың әрқайсысы келесі жалпы құн құраушыларына әсер етеді:

- персоналды оқыту құны;

- сапа менеджмент жүйесін әзірлеу құны;

- сапа менеджмент жүйесін енгізу құны;

- сертификаттау құны;

- сертификатталған жүйеге инспекциялық бақылау құны.

Сапа менеджментінің сапалы өнім шығаруға және қажетті шарттарға бағытталған кәсіпорындары мен ұйымдар бар. Сапаның менеджменті барысында кәсіпорындар мен ұйымдарда саяси сапа іске асырылып, стратигиялық және тактикалы мақсаты анықталады.

Кәсіпорын сапа менеджмент жүйесін жасауды өздігінен немесе мұндай облыста мамандандырылған консалтингтік фирма көмегімен жүргізеді. Шешімді кәсіпорын басшылығы қабылдайды.

Бақылау сұрақтары:

1. СМЖ-ін енгізу қажеттілігі қандай?

2. Сапа менеджмент жүйесін сертификаттаудан кәсіпорыныға келетін артықшылықтар

3. Ұйымның қызығушы тараптары қандай?

4. компанияның стратегиялық мақсаттарының бірі

Дәріс №3

Тақырыбы: Сапа менеджменті жүйесі стандарттары. ИСО 9000 стандартына сәйкес сапа менеджменті негізгі ережелері.

Дәріс мақсаты: Студенттерме СМЖ стандарттарын талқылау, ИСО 9000 стандартына сәйкес сапа менеджменті негізгі ережелерді үйрету.

 

Жалпы мағлұматтар

1. Сапа менеджменті жүйесі стандарттары

2. ИСО 9000 стандартына сәйкес сапа менеджменті негізгі ережелері

Ерте заманнан бері өнім сапасының көптеген стандарттары болған. Ол стандарттарды өнімнің нақты түрлеріне талаптар көрсетілген. Сапа жүйесі стандартты салыстырмалы түрде жаңа. АҚШ-тың MIL-Q-9858 және MIL-1-4528 қорғаныстық стандарттары сапа жүйесінің тарихи тұрғыда алғашқы стандарттары болды, одан кейін Ұлыбританияның 05-21 сериялы қорғаныстық стандарттары шықты, кейін олар АQAP (сапаны қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен материалдар) стандарттармен алмастырылды 05-21 және BS сериялы стандарттары арасында тікелей тарихи байланыс бар, ал 9000 сериялы ИСО стандарттың алғашқы басылымы BS 5750 стандартына негізделген.

Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (ИСО) стандарттау бойынша ұлттық ұйымдардың бүкіләлемдік федерациясы болып табылады. Халықаралық стандарттарды көбінесе ИСО-ның техникалық комиттеттері әзірлейді.

9000 сериялы ИСО стандарты - сапа жүйесі стандартының қазіргі кездегі жалғыз стандарты емес. Басқа да көптеген стандарттар бар. Сапа жүйесі стандартының мынадай жолмен классификациялауға болады:

· өнімге қатысты сапа жүйесі стандарты;

· өндіске қатысты сапа жүйесі стандарты;

· сапа жүйесі стандарты.

Өнімге қатысты сапа жүйесі стандарттары өнімнің нақтылы түрлеріне қатысты талаптардан тұрады. Өндіріске қатысты стандарттар нақтылы сала үшін сапаны қамтамасыз ету моделін ұсынады. AQAP - НАТО қорғаныстық стандарты АРI - мұнай өңдеу өнеркәсібі үшін жабдықтар стандарты немесе «Дженерал Моторз», «Форд моторз» және «Крайслер» компаниялары бірлесіп жасаған, автомобиль өнеркәсібі үшін сапа жүйесі талаптарынан тұратын QS 9000 стандарты оған мысал бола алады.

ИСО 9000 сериялы стандарттар және олардан тараған ұлттық стандарттар әмбебап сипаттағы сапа жүйесінің стандарттары болып табылады. Бұл олардың өнімнің сипатына қарамастан іс жүзінде кез-келген салада қолданылуы мүмкін екендігін білдіреді.

2000ж ИСО/ТК176 техникалық комитеті ИСО 8402 толығымен ауыстырып және оны жоққа шығарған «Сапа менеджменті және сапаны қамтамасыз ету» стандартын әзірледі.

ISO 9000 сериялы стандарттар талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесі әлемде барынша белгілі және танымал. Осы стандарттың алғашқы нұсқасы 1987 жылы қабылданған болатын, осы уақыттан бері ISO 9000 сериялы стандарттар сапа менеджменті жүйесіндегі әлемдегі ең енгізілетін стандарт.

Халықаралық стандарттардың прогресті сипатын, олардың халықаралық нарыққа шығуындағы реттеуші рөлін ескеріп, ИСО 9000, ИСО 9001, ИСО 9004 стандарттары Қазақстанда тікелей қолдану үшін келесі түрлерде қабылданған:

· ҚР СТ ИСО 9000-2001 – «Сапа менеджменті жүйесі. Негізгі жағдайлар және сөздік.»;

· ҚР СТ ИСО 9001-2001 – «Сапа менежментінің жүйелері. Талаптар.»;

· ҚР СТ ИСО 9004-2001 - «Сапа менеджментінің жүйелері. Қызметті жақсарту жөнінен ұсыныстар.».

Негізінен ИСО 9000 стандарттар жиынтығы барлық түрдегі және мөлшердегі ұйымдарға көмектесу және сапа менеджменті жүйелерін енгізу және тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету үшін әзірленген:

· ҚР СТ ИСО 9000-2001 сапа менеджменті жүйелерінің негізгі ережелерін баяндайды және сапа менеджменті жүйелері үшін терминалогияны бекітеді.

· ҚР СТ ИСО 9001-2001 тұтынушылар талаптарын қанағаттандыратын және міндетті талаптарға қолданылатын өнімдерді ұсына алатын мүмкіндігін көрсету үшін ұйымға керек болған жағдайда сапа менеджменті жүйелеріне талаптарды анықтайды және тұтынушыларды қанағаттандыруды жоғарылатуға бағытталған.

· ҚР СТ ИСО 9004-2001 сапа менеджменті жүйелерінің нәтижелілігі, сонымен бірге тиімділігін қарастыратын нұсқаулықтарға ие. ҚР СТ ИСО 9004-2001 стандарттың мақсаты болып ұйым әрекетін жақсарту және тұтынушылар мен басқа қызығушы талаптарды қанағаттандыру болып табылады.

· ИСО 19011 сапа менеджменті жүйелерін және қоршаған ортаны қорғаудың аудиті бойынша әдістемелік нұсқаулықтарға ие.

Барлығы бірге ұлттық және халықаралық саудада өзара түсіністікке жеткізетін сапа менеджменті жүйелеріне келісілген стандарттар кешенін құрайды.

Бақылау сұрақтары:

1. 9000 сериялы ИСО стандарттың алғашқы басылымы қандай стандартқа негізделген?

2. Сапа жүйесі стандартының классификациясы

3. ИСО 19011 қандай стандарт?

4. Сапа менеджменті жүйелерінің нәтижелілігі, сонымен бірге тиімділігін қарастыратын нұсқаулықтарға ие стандарт қайсы?

 

Дәріс №4

Тақырыбы: В.Шухарт-У.Э.Деминг PDCA жақсарту циклы. Сапа менеджменті жүйесі үлгісі

Дәріс мақсаты: В.Шухарт-У.Э.Деминг PDCA жақсарту циклының артықшылығын түсіндіру, сапа менеджменті үлгісін көрсету, үйрету

 

Жалпы мағлұматтар

1. В.Шухарт-У.Э.Деминг PDCA жақсарту циклы

2. Сапа менеджменті жүйесі үлгісі

СМЖ талаптары. ҚР СТ ИСО 9001:2001 стандарттаұйымдарға халықаралық деңгейде қойылатын минималды талаптар ретінде көрсетілген. Процестік тәсілдеменің артықшылығы басқарудың үздіксіздігінде – PDCA циклі.

Өндіріс процестерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған алғаш рет революциялық идеяны 1924 жылы Шухард ұсынды. Дегенмен оның ойы PDCA циклі өндірістік процестердің сапасын төмендететін себептерді жоюға мүмкіндік беретін сапаның үздіксіз жақсару идеясы немесе сапаны басқару қамтамасыз ету және одан әрі жақсарту этаптарының тізбегі.

Стандарт СМЖ әзірлеу, енгізу және нәтижелілікті жақсарту кезінде «процестік тәсілдемені» қолдануға бағытталған. Процестік тәсілдеменің артықшылығы басқарудың үздіксіздігінде – сапаның үздіксіз жақсару PDCA цикліне (Э.Деминг)сәйкес:

Plan (жоспарлау) – тұтынушы талаптары мен ұйым саясатына сәйкес нәтижелерге жету үшін қажет мақсаттар мен процестерді әзірлеу.

Do (жүзеге асыру) – процестерді енгізу.

Check (бақылау) – өнімге арналған талаптар, мақсаттар және саясатпен салыстыру үшін процестерді, өнімді ұдайы өлшеу, тексеру.

Act (әрекет) – сапа көрсеткіштерін ұдайы жақсарту бойынша жұмыстар.

Стандарт талаптары ұйымның түріне, көлеміне және өнім түріне байланыссыз барлық ұйымдарға арналған. Егер стандарттың қандай да бір талабын ұйымның ерекшелігіне қарай қолдануға болмаса, оны алып тастауға рұқсат етіледі, бұл әрекет тек 7-ші бөлімге ғана қатысты.

ИСО 9001:2000 стандартын қысқаша келесі ретте бөліп сипаттауға балады. Сапа менеджменті жүйесінің талаптары негізгі 5 элементтен тұрады

1. Сапа менеджменті жүйесі

2. Басшылықтың жауапкершілігі

3. Ресурстар менеджменті

4. Өнімнің өмірлік циклының процесстері

5. Өлшеу, талдау, жақсарту

Бақылау сұрақтары:

1. Деминг-Шухарт циклі дегеніміз не?

2. Негізгі 5 элемент

3. бақылау дегеніміз не?

4. Plan-ға не жатады?

Дәріс №5

Тақырыбы: Сапа менеджменті жүйесі қағидалары.

Дәріс мақсаты: Студенттерге сапа менеджменті жүйесінің негізгі қағидаларын студенттерге үйрету

 

Жалпы мағлұматтар

Сапа менеджменті жүйесінің қағидалары

Ұйымды тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін сапа менеджментінің сегіз қағидасы қалыптастырылған:

1. Тұтынушыға бейімделу ұйымның өз тұтынушыларына байланысты, сондықтан олардың ағымдағы және болашақ сұраныстарын түсініп, олардың талаптарын орындау керек және олардың күткендерінен де асып түсуге ұмтылу керек.

Қағиданы қолдану, әдетте, мынадай іс-қимылдарда көрініс табады:

· тұтынушылардың сұраныстары мен күткендерін түсіну (мақсаттар мен міндеттер сәйкестігі);

· ұйымның мақсаттары мен міндеттерінің тұтынушылардың сұраныстары мен күткендерін сәйкес келуін қамтамасыз ету;

· ұйымның ішінде тұтынушылардың сұраныстары мен күткендері туралы ақпараттар тарату;

· тұтынушылардың қанағаттанушылығын және іс-қимыл нәтижелерін өлшеу;

· тұтынушылармен қарым-қатынастың менеджменті;

· тұтынушыға және басқа да мүдделі тараптарға қатысты теңдестірілген көзқарасты қамтамасыз ету.

2. Басшылықтың лидерлігі – ол әкімшілік қызмет емес. Басшылар ұйым қызметінің мақсаты мен бағытының бірлігін қамтамасыз етуге тиіс. Басшы ұйым қызметкерлері ұйымның міндеттерін шешуге және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге толық тартылатындай ішкі қызмет қалыптастыруы керек.

Қағиданы қолдану, әдетте, мынадай іс-қимылдарда көрініс табады:

· тұтынушыларды, меншік иелерін, персоналды, жеткізіп берушілерді, жергілікті қауымдастық пен бүтіндей жұртшылықты қоса алғанда барлық мүдделі тараптардың сұраныстарын қарау;

· ұйымның болашақтағы түсінікті болмысын анықтау;

· сенім орнату және қорқыныштарды жою;

· қызметкерлерге тиісті ресурстарды беру, жауапкершілік пен есеп беруді талап ете отырып, оқуына және еркін қимылдауына мүмкіндік беру;

· қызметкерлердің үлестеріне бастамашы болу, ынталандыру және тану.

3 Қызметкерлерді тарту - барлық деңгейлердегі қызметкерлер ұйымның негізін құрайды, оларды өндірістік процестерге толықтай тарту, адамдардың қызметтестігі мен қатыстылығы олардың қабілеттерін ұйым пайдасына кеңнен және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қағиданы қолдану, әдетте, мынадай іс-қимылдарда көрініс табады:

· өзіңнің үлесі мен ұйымдағы рөлінің маңыздылығын түсіну;

· олардың қызметіне шектеулерді анықтау;

· проблемаларды шешудегі рөл мен жауапкершілікті анықтау;

· өзіңнің жеке мақсаттарыңмен және міндеттеріңмен салыстырғандағы өз көрсеткіштеріне баға беру;

· өзіңнің біліктілігіңді, білімің мен тәжірибеңді арттыру мүмкіндіктерін белсенді іздестіру;

· білім мен тәжірибені еркін алмасу.

4. Процестік тәсілдеме - қызметті және тиісті ресурстарды процестер сияқты басқарғанда өзің қалаған нәтижеге тиімдірек қол жетеді.

Қағиданы қолдану, әдетте, мынадай іс-қимылдарда көрініс табады:

· өзің қалаған нәтижелерді алу үшін қажетті қызметтің шешуші түрлерін анықтау үшін құрылымдалған тәсілдерді қолдану;

· қызметтің шешуші түрлерін басқару үшін анық жауапкершілік пен есептілікті орнату;

· қызметтің шешуші түрлерінің мүмкіндіктерін түсіну және өлшеу;

· ұйымның функциялары арасындағы ішкі және сыртқы өзара байланыстарды анықтау;

· басшылықтаң ұйым қызметінің шешуші түрлерін жақсартатын ресурстар, тәсілдер мен материалдар тәрізді факторларға назар ұстауы;

· тұтынушылар, жеткізіп берушілер және басқа да мүдделі тараптар үшін тәуекелдерді, зардаптар мен әсерлерді бағалау.

5. Менеджментке жүйелі тәсілдеме - өзара байланысты процестер көрінісін, түсінігін және менеджментін ұйымның өз мақсаттарына жетудегі нәтижелілігі мен тиімділігіне қосылған үлестің жүйесі ретінде қарайды.

Қағиданы қолдану, әдетте, мынадай іс-қимылдарда көрініс табады:

· ұйымның мақсаттарына неғұрлым тиімді жолдармен қол жеткізу үшін жүйені құрылымдау;

· жүйенің процестері арасындағы өзара байланысты түсіну;

· мақсаттарды белгілеу және жүйедегі нақтылы қызметтердің іс-қимылдарының қалай болуы керектігін анықтау;

· өлшеу және бағалау арқылы жүйені үздіксіз жақсарту.

6. Ұдайы жақсарту - ұйымда өзгеріссіз тұратын мақсат. Қағиданы қолдану, әдетте, мынадай іс-қимылдарға апарады:

· бүкіл ұйымдағы тұрақты жақсаруға деген келісілген көзқарасты пайдалану;

· қызметкерлерге үнемі жақсарту тәсілімен және құралымен білім алуға мүмкіндік беру;

· үнемі жақсарту принципінің, процестер мен жүйелер қағидасының ұйымның әрбір қызметкері үшін мақсатқа айналуы;

· үнемі жақсару барысын басқару және өлшеу жөнінен мақсаттар белгілеу;

· жақсаруды мойындау және растау.

1. Фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау - тиімді шешімдер негізінде берілген және іс-жүзіндегі ақпараттарға қисынды және түйсікті талдау жасау ұғымы бар.

Қағиданы қолдану:

· Тапсырмаға байланысты берілгендерді және ақпаратты жинау және талдауын;

· Берілгендер мен ақпараттың дұрыстығын дәлелдеуін;

· Фактілер мен ақпаратты талдау негізінде шешімдерге келуін талап етеді.

8. Жеткізушілермен өзара тиімді қарым-қатынастар

Ұйым және олардың жеткiзушiлерi өзара тәуелдi, өзара пайда қарым-қатынасы екі тараптың құндылық құру мумкіндіктерін жоғарылытады.

Қағиданы қолдану сepiктecтік қарым-қатынасты құpған кезде ұйымға:

· негiзгi жеткiзушiлер мен басқа да ұйымдарды негiзгi cepiктecтep ретiнде анықтауы;

· тұтынушылардың қажеттiктерi мен күтулерiн нaқты түciнyгe бiдей жетуi;

· серiктестердiң қажеттiктерi мен күтулерiн нaқты түciнyгe бiрдей жетуi;

· тұрақты серіктестік мүмкіндігін қамтамасыз ететін мaқcaттаp қоюы керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Процестік тәсілдеме қағидасы қандай?

2. Ұйымның өз тұтынушыларына байланысты қағида қайсы?

3. Қанша қағида бар?

4. Сегізінші қағида қандай?

5. Қызметкерлерді тарту қағидасы қандай?

Дәріс №6

Тақырыбы: Сапа менеджменті жүйесі талаптары

Дәріс мақсаты: Студенттерге сапа менеджменті жүйесінің негізгі талаптарын түсіндіру, оқыту

 

Жалпы мағлұматтар

1. Сапа Менеджмент жүйесінің талаптары

2. Құжаттамаға талаптар

СМЖ Ұйым міндеті: СМЖ-ін жасау,құжаттау, енгізу, жұмыс қалпында сақтау, СМЖ-ін үнемі жақсарту.

Ұйым міндетті:

- СМЖ үшін керекті үрдістерді анықтау.

- Бұл үрдістердің кезегі мен өзара байланысын енгізу

- Тиімді әрекеттер мен басқару үшін критерийлер мен әдістерді анықтау

- Бұл үрдістерді қадағалау,өлшеу және анализдеу

- Жоспарланған нәтижелер мен осы үрдістердің үнемі жақсаруы үшін шаралар қолдану.

Егер ұйым кейбір үрдістер үшін сыртқы ресурстарды алса, олардың бақылануын қамтамасыз ету керек.

Ұйым СМЖ әзірлеп, құжаттандырып, енгізіп және үнемі жұмыс жағдайында ұстап, халықаралық талаптарға сәйкес оның нәтижелігін арттырып отыруы керек. егер ұйым басқа ұйымға қандайда бір өнімнің сапасына әсер ететін процесті орындауды тапсырса, ол өз тарапынан осы процеске бақылау жүргізу керек.

Құжаттамаға талаптар

СМЖ талаптарына мыналар кіреді:

a) Сапа саласындағы саясат пен мақсаттар туралы құжат түрінде ресімделген өтініштер.

b)Сапа бойынша басшылық

c) Құжатталған процесстер

d) Жоспарлау, үрдістерді жүзеге асыру және оларды басқаруды қамтамасыз ету үшін қажет құжаттар.

e) Халықаралық стандартпенталап етілетін жазбалар.

 

СМЖ негізгі құжаттамасында мыналар болуы керек:

1. сапа саясаты мен мақсаттары.

2. сапа жөніндегі басшылық

Жоғарғы басшылық сапа саласындағы саясаттың келесідей болуын қамтамасыз ету керек:

- ұйым мақсатына сәйкестігін

- СМЖ талаптарына сәйкес және үнемі нәтижелікті жоғары бағыттауға міндетті.

- Сапа саласындағы мақсаттарға және оны талдауға негіз салу.

- Ұйым қызметкерлеріне жеткізіп, оларға түсінікті болуы керек.

- Үнемі жармдылыққа анализ жасалуы керек.

Ұйым сапа бойынша басшылықты жасап, оны жұмыс қалпында сақтауы керек,оның құрамында:

- Қандайда болсын ерекшеліктерді қосып СМЖ ашып жазу.

- Оларға құжатталған процедуралар немесе сілтемелер.

- СМЖ үрдісінің өзара байланысын ашып жазу.

Құжатталған процедура- әзірленіп, құжат түрінде ресімделген, енгізілген және жұмыс жағдайларында жүргізілетін процедура. Құжатталған процедуралар:

- Құжаттаманы басқару бойынша.

- Жазбаларды басқару бойынша.

- СМЖ ішкі аудитін жүргізу бойынша.

- Талаптарға сай емес өнімді басқару бойынша.

- Жөндеу жұмыстарын өткізу бойынша.

- Ескерту жұмыстарын өткізу бойынша.

- Тиімді жоспарлау жұмыс істеу және үрдістерді басқару үшін керекті құжаттар.

- Сапа бойынша жазбалар.

Құжат кез-келген формада және кез келген тасымалдаушыда болуы мүмкін:

- Сапа бойынша басшылық.

- СМЖ қолдану аясы.

- Құжаттанған процедуралар.

 

Бақылау сұрақтары:

1.СМЖ Ұйым міндеті қандай?

2. Құжаттамаға талаптар қандай?

3. СМЖ негізгі құжаттамасында не болуы керек?

4. Құжатталған процедура дегеніміз не?

 

Дәріс №7 -8

Тақырыбы: Сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу кезеңдері

Дәріс мақсаты: Студенттерге сапа менеджменті жүйесінің әзірлеу енгізу кезеңін толығымен түсіндіру. Негізгі сатыларын талқылап, үйрету

 

Жалпы мағлұматтар

1. СМЖ-ні әзірлеу және енгізуді негізгі кезеңдері

2. Ұйымдастыру әдістемелік кезеңі

СМЖ құру үшін ұйымның жоғары басшылығының стратегиялық шешімі қажет.

СТ ҚР ИСО 9001 талаптары әмбебап және меншік түрі, персонал саны, қызмет түрі мен шығарылатын өнім немесе көрсетілетін қызмет түріне тәуелсіз барлық ұйымдар үшін арналған.

Жұмысты тез және тиімді жүргізу үшін жоғарғы басшылық СМЖ жауаптылар тағайындайды. СМЖ бағалау үшін ішкі аудиттер жүріп тұрады. СМЖ жасағанда адамға, факторға байланысты. СМЖ енгізу үшін қызметкерлерді оқыту керек және ашық ақпараттандыру керек. СМЖ әзірлеу, жасау негізгі 8 қағидаға негізделеді. Сонымен қатар, бір мекеменің СМЖ құжаттау деңгейі басқасынан ұйымда болып жатқан процестің күрделілігі мен әсерлесуіне, персоналдың қызмет бабына, ұйымның жалпы даму деңгейіне байланысты бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін.

СМЖ-ні әзірлеу және енгізуді негізгі 5 кезеңге бөлуге болады:

1-кезең Ұйымдастыру-дайындық

2-кезең СМЖ әзірлеу

3-кезең СМЖ енгізу

4-кезең СМЖ сертификаттау.

5-кезең СМЖ жұмыс күйінде ұстау және ұдайы жақсарту

СМЖ өңдеу, енгізу және сертификаттауға дайындау сапа менеджменті принциптері негізінде жүзеге асыру керек. Ұйым басшылығы нәтижелі әрі тиімді СМЖ құру бойынша алға қойылған мақсаттарды ұстанатындығын көрсету керек. Жұмысқа ұйымның барлық қызметкерлері кірісуі керек.

СМЖ құрудың барлық кезеңдерінде ерекше назарды қызметкерлерді ақпараттандыру мен СМЖ өңдеу жұмысына кірісуіне, сондай-ақ, персоналды сапаны басқару әдістері мен қазіргі заманғы принциптеріне үйрету мәселелеріне аудару керек.

1.1.Ұйымдастыру дайындық кезеңіне келесі жұмыстар кіреді:

- СМЖ жауаптыны тағайындау

- Жоғары басшының жауапты тұлғаның қалғанда қызметкерлердің ҚР СТ ИСО 9001 талаптарынан танысу және оқуы.

- СМЖ негізгі мақсаттарын анықтау

- Ұйымның басқару жүйесінің Сапа менеджмент талаптарына сәйкестігін бағалау

- Ресурстар жағдайын бағалау

- СМЖ негізгі кезеңдерін жауаптыларды және мерзімін көрсеткен жоспар құру

- СМЖ құжаттамаларын дайындауға жауаптыларды дайындау

- Көмек көрсетуші кеңесші әдістемелік ұйымдарды таңдау.

Ұйымдастыру дайындық кезеңінің ресімдеу құжаты басшының бұйрығы болады.

СМЖ әзірлеу кезеңі- сапа саласындағы саясат және мақсат: Сапа саласындағы саясат сапа менеджмент жүйесін әзірлеу сапа саласындағы саясаттан басталады. Ол жерде ұйымның стратегиялық мақсаттары көрсетіледі. Саясатты жасау үшін үйымның миссиясы және видения сәйкес бағытты анықтау керек. Миссия-ұйымның неге арналғанын анықтау, не үшін деген сұрақтар,а жауап береді.

Сапа саласындағы саясат. ҚР СТ ИСО 9001 талаптарына сәйкес жасау керек.

Иерархия сапа саласындғаы саясат сатысы.

Сапа саласындағы саясат

Сапа саласындағы мақсаттар

Сапа бойынша басшылық (СМЖ негізгі құжатталған

процедуралар мен процестер сипатталады)

Жоспарлау, орындау және басқару үшін қажетті құжаттар

(техникалық реттемелер, стандарттар, н.т.қ)

Жазбалар

Сапа саласндағы саясатты көрсетілген деректер:

- Шығарылатын өнімнің көрсетілген қызмет аты.

- Сапа деңгейі ұйым басшысының көздеген сапа деңгейі.

- Тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру бағытындағы ұйым басшысының талпынысы (миссияда осылар көрсетіледі)

Ұйымның бағыты ретінде (введения) көрсетілуі мүмкін:

1. Түтынушылардың талаптарын қанағаттандыру

2. СМЖ нәтижелілігін жоғарлату

3. СМЖ өнімжәне процестерді дамыту

4. Өнімнің және өндірістің техникалық деңгейін көтеру

5. негізгі ресурстар түрін, персоналды дамыту

6. жұмысты ұйымдастыру әдістемесімен түрлерін персоналды жұмылдыруды жаңа деңгейге көтеру

7. ресурстарды пайдаланудың тиімді және рационалды жағдайларын құру.

Сапа саласындағы саясатты жоғары басшы өз міндетіне алып, соңына қол қояды.

Бақылау сұрақтары:

1. СМЖ-ні әзірлеу және енгізуді негізгі кезеңдері қандай?

2. СМЖ-ні әзірлеу және енгізуді қанша негізгі кезеңдері бар?

3. Ұйымның бағыты қандай болуы мүмкін?

4. Иерархия сапа саласындғаы саясат сатысы

Дәріс №9

Тақырыбы: Сапа менеджменті жүйесін құжаттандыру

Дәріс мақсаты: Студенттерге құжатталған процедураларды оқыту, мән мағынасын түсіндіру

 

Жалпы мағлұматтар

Құжатталған процедуралар (өндіріс орындарының стандарттары)-бизнес процестердің орындалу тәртібін бейнелейтін құжаттар.бұндай құжатта функциональды міндеттердің бөлінуі бойынша құрылымдық сызба қамтылуы мүмкін. бұндай процедураларды енгізу өте пайдалы,яғни олар құрылымдық бөліктерге барлық функциональдық байланыстарды көруге мүмкіндік береді.

Ұйымның СМЖ құжаттарын құрудағы негізгі мақсаты:

· ұйым мүшелеріне СМЖ функцияларының реттілігін жеткізе білу;

· білім мен тәжірибені сақтау мақсатымен ұйымды стандарттау;

· СМЖ аудиты және оның тұрақты қабылдануы үшін негізін қамтамасыз етуі.

СМЖ құжаттарының мынадай қасиеттері бар болу керек:

· жүйелілік (құжаттар өзара байланысты болу керек)

· адекваттылық (СТ РК ИСО 9001 талаптарына сай болу)

· қол рұқсаттылық (құжаттама жұмыс орындарында рұқсат ету керек)

· актуалдылық (құжаттамада ұйымдағы жұмыстардың күйі және барлық өзгертулер енгізілуі керек)

· мекен-жайлылық (құжаттама нақты орындаушыларға арналу керек)

СМЖ құжаттамасы қағаз және электронды түрде болу керек

СМЖ құжаттамасының электронды версиясының артықшылықтары:

· сәйкес ұйым мүшесі ақпаратқа тұрақты түрде қол жеткізіп тұрады

· ақпараттық таралуы тез таралып, оңай бақыланады

· жойылған жерден құжатты қайта алу

· өзгеріс енгізу мен ескірген құжаттарды жоюдың қарапайым және эффективті жүйесі

· құжат көшірмелерін тираждау мен оларға өзгеріс енгізумен байланысты шығындарды азайту

Электронды құжаттың версиясының кемшілігі ұйым мүшелерінің алдын ала жасап шығарылған және актуалданылған құжаттарды пайдаланады.

Бақылау сұрақтары:

1. Құжатталған процедуралар дегеніміз не?

2. Ұйымның СМЖ құжаттарын құрудағы негізгі мақсаты қандай?

3. СМЖ құжаттарының қандай қасиеттері болу керек?

4. СМЖ құжаттамасының электронды версиясының артықшылықтарын ата

Дәріс №10

Сапа бойынша басшылық

Дәріс мақсаты: Сапа бойынша басшылық құжатын талқылап, оның негізгі міндеті мен қасиеттерін студенттерге үйрету

 

Жалпы мағлұматтар

СББ-ты ҚР СТ ИСО 10013 стандарттарына сәйкес жасайды.сапа бойынша басшылық СМЖ-ң негізгі құжаты.

 

Стандарт бойынша басшылығының құрылымы

 

Сапа бойынша басшылық бөлімі Бөлім мазмұны ҚР СТ ИСО9001 стандарт пунктері
Кіріспе Ұйым басшысының СМЖ-н қолдану туралы сапа саласндағы саясат, жалпы ұйым туралы және шығарылатын өнім туралы мәліметтер  
1 бөлім қолдану аясы және тағайындалуы Сапа менеджмент жүйесінің әрекет саласы және ерекшеліктерді көрсете келе 4,2,2
2 бөлім нормативті сілтемелер Нормативтік құқықтық актілердің, техникалық реттемелер стандарттарын т.б құжаттардың белгіленуі мен тізімі  
3 бөлім терминдер анықтамалар және қысқартулар Құжат мәтінінде пайдаланылған терминдер, анықтамалар, қысқартулар.  
4 бөлім СМЖ-сі ҚР СТ ИСО 9001 талаптарының СМЖ-не және СМЖ құжаттамаларына сапа бойынша басшылықты қосқанда орындалуы. 4.1,4.2
5 бөлім басшылық жауапкершілігі ҚР СТ ИСО 9001 стандартарының басшылық міндеті бойынша тұтынушыларға қарай бейімделуі бойынша сапа саласындағы саясатты бекіту және орындау бойынша қызметкердің жауапкершілігі мен міндеттерін бөлу бойынша, басшылық тарапынан талдау бойынша талаптарының орындалуы. 5.1,5.6
6 бөлім ресурстар менеджменті Тұтынушылардың талаптарын орындлау және СМЖ-н ары қарай дамыту үшін бөлінетін ресурстарды негіздеу және қамтамасыз ету. 6.1-6.4
7 бөлім өнімнің өмірлік циклінің процестері Ұйымда жалпы жоспарлау ӨӨЦ жоспарлау жүйелері тұтынушылармен байланысты процестер өнімге қатысты талаптарды анықтау және талдау(тұтынушылармен байланыс ароқылы) өнімді және процестерді дайындау, сатып алу және жобалау, қызметтің валидациясы сәйкестігін рәсімдеу, реттеу және қадағалау. Мониторинг және өлшеу құралдарын басқару  
8 бөлім өлшеу, талдау, жақсарту Мониторинг және өлшеу процестермен өнімдердің мониторингі сәйкеспейтін өнімдерді басқаруү әрдайым жақсарту, түзетуші әрекеттер, ескертуші әрекеттер.  

Бақылау сұрақтары:

1. Сапа бойынша басшылық дегеніміз не?

2. Сапа бойынша басшылықтың стандарты қандай?

3. Сапа бойынша басшылықта не қарастырылған?

 

Дәріс №11

Тақырыбы: Процесстерге, процесстік тәсілдемеге қойылатын талаптар

Дәріс мақсаты: Процесс, процесстік тәсілдемеге қойылатын талаптарды талқылау, негізгі білімді студенттерге үйрету

 

Жалпы мағлұматтар

ҚР СТ ИСО 9001 стандартында ұйымда процесстік тәсілдемені іске асыру үшін қажетті талаптарды бекітеді. Табысты қызмет ету үшін ұйым әрекетінің өзара байланысқан әрекеттері мен ресурстарын біріктіріп процесс ретінде қарау басқару процесстік тәсілдеме. Процесс дегеніміз бір-бірімен байланысты кірісі және шығысы бар анықталған ресурстар арқылы қолданылуы арқылы жасалынатын қызмет түрі.

Ұйымда процесстік жақын келуді орындау үшін:

1) Сапа менеджмент жүйесіне қажетті процесстерді тенестіреді;

Процесстерді анықтау кезінде ұйым келесі факторларды қарап шыға алады-өнім сапасына ықпалын жасау, тұтынушының қанағаттанбай қалу тәуекелдігі,заң шығарушы және міндетті талаптар,экономикалық тәуекел, қызметші жете білушілігі,процесстердің қиындығы және т.б.

2) процесстерді суреттеп айтады, яғни әрбір процесстің кіріс және шығыс нәтижелерін анықтау, орындау кезеңдерін, процессті өлшеу және мониторинг, процесстің ағысы үшін қажетті ресурстар, процесстердің жұмыс жасау және мониторингі кезіндегі ұйым жұмысшыларының жауапкершіліктері және өкілеті;

3) процесстер арасындағы негізгі байланыстары мен жүйелілігін анықтайды;

4) процесстердің мақсаттарын жасайды және осы мақсаттарға жетудің көрсеткіштер жүйесін, процесстерді басқару және бағалау нәтижелігін жүзеге асыру кезіндегі критериларды анықтайды;

5) мониторинг объектілерін анықтайды, мониторинг әдістерін, талдау реті және монитеринг нәтижелерін дайындайды;

6) процесстердің нәтижелілік бағалау әдістерін орнатады.

СМЖ не қажетті процесстерге келесі процесстерді қосқан жөн:

· басшылық басқаратын қызмет;

· ресурстар менеджменті;

· -өнімнің өмірлік циклі;

· өлшеу, талдау және жақсарту.

Процесстерді суреттеп көрсету үшін көптеген тәсілдер қолданылуы мүмкін, солардың ішінде блок-схема, процесс картасы, процесс паспорты, сонымен қатар мәтіндік суреттеу.

Бақылау сұрақтары:

1. Ұйымда процесстік жақын келуді орындау үшін не қажет?

2. Процесс дегеніміз не?

3. Процестік тәсілдеме дегеніміз не?

 

Дәріс №12

Тақырыбы: Сапа менеджменті жүйесін бағалау. Сапаға жауапты қызметкерлердің міндеттері.

Дәріс мақсаты: Студенттерге сапа менеджменті жүйесін бағалау кезеңін түсіндіру, сапаға жауапты қызметкерлердің міндеттерімен таныстыру

 

Жалпы мағлұматтар

Мекеме басшысының шешімі бойынша СТ ҚР ИСО 9001 сәйкес өңделген және енгізілген СМЖ сапа менеджменті жүйесіне сәйкестігін дәлелдеу бойынша актіркелген ұйымға сертификаттауға ұсыныла алады. СМЖ сертификаттау СМЖ-нің СТ ҚР ИСО 9001 талаптарына сәйкестігін дәлелдеу үшін және өнім тұтынушыларында, ұйым басшысында және басқа мүдделі жақтарда мекеме тұтынушы талаптары мен міндетті талаптарға сәйкес өнім шығару үшін барлық шаралар мен жағдайдар сақталғандығын көрсету үшін, сондай-ақ, тұтынушы қанағаттануын сапа менеджмент жүйесін тиімді қолдану арқылы (оны тұрақты жақсарту үдерістерін қосқанда) арттыру мақсатымен жүргізіледі.

Сертификататуға сұраныс жібергенге дейін мекеменің жоғары басшылығы СМЖ жарамдылығын, тіркелуін және нәтижелігін бағалау үшін талдау жүргізу керек.

Сәйкестікті дәлелдеу бойынша мекеме аудиторларымен қатынасқа персоналды дайындау керек, персоналды сертификаттау ережелері мен процедурасымен, тексеру әдістерімен, аудиторлар жағынан шешім қабылдау критерийлерімен таныстыру керек.

СМЖ сәйкестігін дәлелдеу бойынша ұйымды таңдаған кезде негізгі таңдау критерийлері ретінде мыналарды қабылдау керек:

· мекеменің Қазақстан Республикасының №603-ІІ 2004 жылғы 3 қарашадан «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкестігіне тіркелуін;

· сәйкестікті дәлелдеу бойынша ұйымның тіркелу облысын;

· тұтынушы талаптарын;

· аудиторлар құзыретін;

· қызмет құнын.

СМЖ сертификаттау бойынша ұйым таңдаған соң мекеме тіркеудің сәйкес облысына сәйкестікті дәлелдеу бойынща СМЖ сертификаттау өткізуге сұранысты, бастапқы ақпаратты, толтырылған анкета-сауалнаманы, сапа бойынша Құралды жібереді. Мекеме арнайылығы мен оның шығаратын өнімін ескеру арқылы сұраныс, анкета-сауалнама мен бастапқы ақпарат мазмұнының формасын сәйкестікті дәлелдеу бойынша ұйым ұсынады.

Сертификациялық аудитке дайындығы (ҚР СТ ИСО 9001-2001 стандарты талаптарына сай СМЖ).

Бұл шаралар келесі негізгі кезеңдерді қамтиды:

· Сапа менеджмент жүйесі ішкі аудиторларын оқыту және сапаны басқару қызметтерін құру: Жүйе эффективті жұмыс істеуі үшін, онымен тұрақты жұмыс істеп, бақылап, талдап, белсендендіру керек. Бұл үшін компанияда сапа қызметі (штаттық не штаттық емес) құрылады, арнайы оқытылатын және СМЖ талаптарының орындалуына периодты түрде тексеріс жүргізетін ішкі аудиторлар тобы тағайындалады (ішкі тексеріс жүргізудің тәртібі СМЖ процедурасының біреуінде ашылып жазылады);

· СМЖ қорытынды аудитінің өткізілуі. Консультанттар тобы және компания өкілдері тартылған ұйымда СМЖ сертификаттау процесін жүргізудің алдында сертификаттау жүйесіне дайындылығына бағалау жүргізіледі.

· Сапа менеджменті жүйесінің сертификациялық аудитін өткізуге дайындық. Дайындау кезінде қорытынды аудит өткізу кезіндегі жасалған ескертулер жойылады, сертификаттау бойынша органның эксперттік комиссия ұйымы тексерудегі өзара әсер ету және өткізу бойынша қызметкерге тағайындау беріледі.

Басшылықтың жауапкершілігі:

Жоғары басшылық СМЖ-н жасау мен енгізу кезінде өзінің қатысуының куәлігін мыналар арқылы қамтамасыз ету керек:

1. тұтынушылар талаптарын заңнамалардағы және техникалық реттемелердегі талаптардың орындалуының маңыздылығын ұйымға түсіндіру

2. сапа саласындағы саясат

3. сапа саласындағы мақсаттарды жасауды қамтамасыз ету

4. өз тарапынан талдау

5. қажетті ресурстармен қамтамасыз ету

6. СМЖ-ң тиімділігін жіне жұмыс қалпын қамтамасыз ету

7. сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды жаңғырту жөніндегі шешімдерді қабылдау

8. СМЖ-н өнім сапасы мен қанағаттанарлық деңгейі туралы ақпаратты тұтынушылардан алады.

9. СМЖ-ң ішкі тексерістерін жоспарлау, өткізу, нәтижелерін ресімдеу.

10. СМЖ сұрақтары бойынша жоғарғы басшылыққа баяндама әзірлеу, есеп беру

11. СМЖ тиімділігін талдау және ұдайы жақсарту бойынша ұсыныстар жасау.

Бақылау сұрақтары:

1. СМЖ сәйкестігін дәлелдеу бойынша ұйымды таңдаған кезде негізгі таңдау критерийлері қандай?

2. Сертификациялық аудитке дайындық кезеңі

3. Басшылықтың жауапкершілігі қандай?

Дәріс №13

Тақырыбы: Қызметті жақсарту бойынша ұсынымдар

Дәріс мақсаты: Ұдайы жақсартуға жаңа ұсынымдарды талдау

 

Жалпы мағлұматтар

СМЖ сертификаттау өткізген соң және сәйкестік сертификатын алған соң мекеме басшылығы СМЖ нәтижелігін тұрақты жақсарту мен жұмысшы күйінде сақтау жұмысымен айналысуы керек. СМЖ тұрақты жақсарту тұтынушылар мен басқа да мүдделі жақтардың көңілінен шығу үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге жағдай жасайды.

Тұрақты жақсарту мынадан тұрады:

· жақсарту (жетілдіру) облысын анықтау үшін қолданыстағы ережелерді талдау және бағалау;

· жақсарту мақсаттарын орнату;

· мақсатқа жету бойынша мүмкін шешімдерді іздеу;

· шешімді бағалау және үздігін таңдау;

· таңдалған шешімді жүзеге асыру; мақсаттарға қол жеткізуді орнату үшін орындалған нәтижелерді өлшеу, тексеру, талдау және бағалау;

Жақсарту үшін мүмкіндіктерді анықтау үшін ішкі және сыртқы СМЖ аудиттерінің, түзетуші және ескертуші амалдардың, басшылық жағынан ұйым қызметін талдау нәтижелері қолданылуы мүмкін.

Ұйымдарда қолданылатын СМЖ процесстерінің идентификациясы, бағалауы және диагностикасы

Компаниядағы ұйымдастырылған жұмыс жөнінде,процестердің әлсіз жақтарының көрінуі туралы толық ақпарат алу үшін,компания басшысы компанияда «ерікті аудиттің» өткізілуіне тапсырыс беруі мүмкін. Бұл бүкіл әлемде кең тараған практика, аз шығынмен бизнесті жандандыру және ұйым жұмысын белсендендіру болып табылады. Жинақталған тәжірибесі және жұмыстың сауатты ұйымдастырылуы туралы теоретикалық білімдері көп тәуелсіз және қызығушылығы жоқ эксперттер өндірісті бағалап және қысқа уақыт аралығында бас мамандармен ақылдасып, өндірістік процестер күйінің және компания жұмысының тиімділігін жоғарлату бойынша сауатты тағайындаудың квалификацияланғандығы туралы қорытынды береді.

Бағалау мен диагностикалауды өткізу келесі негізгі шаралардан тұрады:

· ұйымдық құрылымды бағалау мен белсендендіру (әр жұмыскердің міндеті, жауапкершілігі, функциясын бағалау және ролдері);

· компанияның қорытынды процесстерінің бөлінуі (өнім мен қызмет көрсету сапасы тәуелді болатын), берілген процесс иелерін-бөлім басшыларын анықтау (алдыңғы пунктпен тығыз байланысты);

· бұл процесстердің құжатталған процедураларының (жұмыстық инструкциялар, әдістемелер) нәтижелілігі мен толықтығын талдау;

· орындалған процесстердің журналдары, есептік формалары, бақылау карталары сапасы туралы мәліметтер тіркеуінің нәтижелілігі мен толықтығын талдау; осы формадағы бағалардың периодтылығын бақылау;

· процестер мен өнімдер бақылау және идентификациялау бойынша әрекеттің қажеттілігін және жеткіліктілігін бағалау бойынша шығарылған өнімнің өнімділігін қалпына келтіру мүмкіндігі;

· компания тұлғаларының қызығушын және мотивациясын бағалау.

Ұйымдағы жұмыстық процестерді бағалаудың нәтижесі процестердің әлсіз және күшті жақтарын есептейтін, «тар орындарды» көрсететін және компания басшысына берілетін ұйым жұмысының жақсаруы бойынша ұсынысы бар эксперттер жүргізген тексерудің есебі болып табылады.

Мекеме қызметінің тиімділігін арттыру үшін СМЖ тұрақты жергілікті жақсартумен тереңдетілген жүйелік өзгерістермен (мысалы, қоршаған ортаны басқару жүйесін СТ ҚР ИСО 9001 талаптарына сәйкес енгізу, СТ ҚР 1348 талаптарына сәйкес еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу) 5-7 жылдан сирек емес мерзімде өткізілуі керек.

ISO 9001 халықаралық стандартын енгізу артықшылықтары

Алдыңғы қатарлы отандық және батыс компаниялары сапа менеджмент жүйесін енгізуден пайданы жоғары бағалады. Бүгінгі таңда ISO 9001 сертификатын кез-келген мекеме ала алады. Сапа менеджмент жүйесін енгізуге шығындар кейін пайда әкелетін инвестициялар болып табылады.

СМЖ Компанияның қызметін тұрақты жақсарту үшін, тұтынушы қанағаттануын арттыру үшін және басқа құзыретті жақтардың талаптарын орындау арқылы қанағаттандыру механизмін орнатады.

Сапа менеджмент жүйесін ISO 9000 сериялы халықаралық стандарт бойынша сертификаттай отырып, мекеме өзінің кәсіби біліктілігін дәлелдейді, компанияның беделі мен абыройы артады. Жоғарыда айтылғандай, ISO сертификаты тендерге қатысу кезінде басымдылық береді және халықаралық нарықта жұмыс жасау үшін қажет.

Осылайша, сапа менеджмент жүйесін енгізуден келетін пайда айдан анық.

Бақылау сұрақтары:

1. Тұрақты жақсарту

2. Бағалау мен диагностикалауды өткізу қандай негізгі шаралардан тұрады?

Дәріс №14

Тақырыбы: Сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жұмыстарын жүргізу тәртібі

Дәріс мақсаты: Студенттерге сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жұмыстарын жүргізу тәртібін үйрету

 

Жалпы мағлұматтар

Аудит - тәуелсіз құжатталған талдау.

Аудит дегеніміз – аккредиттелген органдардың және сынау зертханаларының жүйелі сәйкестікті растау жөніндегі тәуелсіз құжатталған талдауы. Сондай – ақ сертификатталған өнімнің, қызметтің, үрдістің, сапа менеджменті жүйесінің қойылған талаптарға сәйкестігін өтінім берушінің ұсынысы бойынша өткізілетін бақылау.

Сапа жүйесінің аудиті ұйымның сапа жүйесінің жұмысының тиімділігін жеке элементтерін бақылау әдістері көмегімен бағалау үшін керек.

Процестердің аудиті барысында бекітілген технологиялар мен ережелерге сәйкес орындалғаны бағаланады.

Ал өнім аудитінде өнімді өндіру әдістері мен құралдары сәйкестігі бекітіледі.

Аудиттің екі түрі бар: ішкі және сыртқы.

Ішкі аудит – ұйымның ішінде арнайы оқытылған қызметкермен жүргізіледі. Оны кейде бір жақты аудит деп те атайды және сәйкестік декларациясының негізі бола алады. Ол жұмыс қалпы туралы ақпаратты ұйымды сапамен қамтамасыз етумен алу үшін керек. Ол сондай-ақ сапаны өзіндік қадағалаудың негізгі элементі болып табылады.

Сыртқы аудит – ұйымды сапамен қамтамасыз ету бойынша шаралардың дұрыстығын тексеру үшін керек. Сыртқы аудитті арнайы шақырылған мамандар екінші немесе үшінші тұлға жүргізеді. Оны кейде екінші жақты аудит деп те атайды.

Аудит құжаттамасына: жоспар, аудит хаттамалары, сәйкес келмеушіліктерді тіркеу хаттамалары, анкеталар мен есеп берулер кіреді.

Егер сапа менеджменті жүйесі мен экологиялық менеджмент аудиті бір уақытта жүргізілсе, ол кешенді аудит деп аталады.

2 Аудит кезіндегі өткізілетін шаралар

1 кезең. Аудиттің басталуы:

2 кезең. Құжаттаманың талдауын жүргізу.

 

3 кезең. Аудитті орнында жүргізуге дайындау:

4 кезең. Аудитті орнында жүргізу:

 

5 кезең. Аудит бойынша есеп беруді бекіту жән тарату

Ол аудит бойынша есеп беруді дайындау, бекіту және таратудан тұрады.

6 кезең. Аудиттің аяқталуы

Бақылау сұрақтары:

1. Аудит дегеніміз не?

2. Аудиттің қандай түрлері бар?

3. Кешенді аудит дегеніміз не?

4. Аудит кезінде өткізілетін шаралар қандай?

Дәріс №15

Тақырыбы: Сапа менеджменті жүйесін енгізудің экономикалық тиімділігін бағалау

Дәріс мақсаты: Студенттермен сапа менеджменті жүйесін енгізудің экономикалық тұрғыдан тиімді ма, жоқ па екенін талдау

Жалпы мағлұматтар

Қазіргі уақытта кәсіпорынның көпшілігі қатты бәсекелестік жағдайларында ішкі және сыртқы нарықта маңызды экономикалық жетістіктерге тек шығарылатын өнімнің сапасын ұдайы жақсарту жолымен жетуге болатындығын ұғынды. Сондықтан соңғы үш-төрт жылдықта кәсіпорындарда 9000 сериялы ИСО талаптарына сәйкес сапа жүйесін (СЖ) жасау, енгізу және сертификаттау бойынша қызметтер елеулі белсендірілді. Бірақ мамандардың зетттеулері мен тәжірибеде СМЖ сертификаттау бойынша қарқынды жұмыстарына қарамастан кәсіпорындардың бірқатарының пайда, рентабельділік, өнімнің өзіндік құнын төмендету, еңбек өнімділігін көтеру, сату көлемін жоғарылату сияқты экономикалық көрсеткіштердің жақсаруына мүмкіндігі жетпегендігі көрсетіледі.

СМЖ жасау және сертификаттау негізінде жоғары экономикалық жетуге кедергі келтіретін 3 себеп бар.

Бірінші себеп - бұл кәсіпорын басшылығының мақсаттарды дұрыс құрмауы. Сапаны қамтамасыз ету бойынша шаралар жүргізу туралы басқарылатын шешім қабылдай отырып, олар тұтынушылар сұранысы мен күтулеріне сәйкес өнімнің сапасына кепілдік беретін СМЖ тиімді жүзеге асуына жол беруді емес, сертификат, куәлік алу мақсаттарын қарастырады.

Жоғары экономикалық көрсеткіштерге жетуге кедергі келтірудің екінші себебі болып 1994 ж. версиялы ИСО стандарттарында сапаға шығындарды басқару талаптары міндетті болмағандықтан 9000 сериялы МС ИСО енгізетін кәсіпорындардың көпшілігі сапаға шығынды есепке алмау жұмыстары табылады. 2000 ж. версияда СЖ элементі түріндегі сапаға шығындарды міндетті есепке алу енгізілді. Мұндай есеп берудің енгізілуі әрекет етуші формалар сапаға шығынның тек бір элементін есептейтін болғандықтан бухгалтерлік есеп берудің жаңа формасын жасауды қажет етеді-ақаудан құтылу. Сапаға шығындардың жаңа басқарылатын есеп беруін енгізу көп еңбек сіңіреді және материалдық шығындарды қажет етеді.

Үшінші, экономикалық тиімділікке жетуге кедергі келтіретін маңыздырақ себеп кәсіпорындарда СЖ жасау, сертификаттау және жұмыс істеу экономикалық тиімділігін сандық бағалаудың сенімді әдісінің болмауына негізделеді. Оның жүзеге асырылуы алдыңғы екеуінің болуымен байланысты.

Швейцариялық экономистердің әдістеріне сәйкес сапаға шығындарды екі категорияға бөлуге болады:

енгізу және ағымдық шығындары.

Енгізу шығындары кәсіпорынның СМЖ сертификаттаумен байланысты бір жолғы шығындарды, яғни сертификаттау бойынша органдардың қызметіне төлеу шығындарын көрсетеді. Ереже бойынша ішкі органмен СМЖ сертификаттауға бағаның қалыптасуы келісім негізінде болады, сондықтан шығынның осы элементін табу қиынға соқпайды.

ИСО 9000 сериялы ХС енгізумен байланысты ағымдық шығындарды нақты анықтау қиын. Бұл стандарттар СЖ жасау, енгізу және сертификаттау (соның ішінде стандарттарды енгізу) бойынша қызметтерге кәсіпорынның барлық жұмысшыларын қатыстыруға негізделеді, демек, осы шығындар кәсіпорынның жұмыс жасауы кезінде пайда болатын ағымдық шығындарға жатады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. СМЖ жасау және сертификаттау негізінде жоғары экономикалық жетуге кедергі келтіретін қанша себеп бар?

2. Швейцариялық экономистердің әдістеріне сәйкес шығындар категориясы қандай?

3. Үшінші себеп қандай?

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ кафедрасы

(кафедра атауы)

 

_«Стандарттау, сертификаттау және метрология»

мамандығын таңдау бойынша

(модульдің шифрі және атауы)

 

_ SMK 4301 - САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕЛЕРІ

(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)

пәні бойынша

5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау

(мамандық/мамандыру шифрі және атауы)

 

мамандығының студенттеріне арналған

Тәжірибелік жұмыстарды орындауға

арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-04; Просмотров: 3771; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.