Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Астана, 2013ж




Тәжірибелік жұмыс № 1

ИСО 9000 сапа менеджменті негізгі ережелері мен қағидалары

Тәжірибелік жұмыс мақсаты.

Мамандық бойынша студенттерге сапа менеджменті жүйелерінің негізгі ережелері мен қағидаларын талқылап, үйрету.

 

СМЖ байланысты ИСО 9000 стандарты негізгі терминдері мен анықтамалары.

Сапа –барлық сипаттамалар талаптарға сай екендігі анықталатын дәрежеге.

Сапа менеджменті - сапаға қатысты қолданылатын ұйымның басқару мен басшылық ету бойынша реттелген қызметі.

Сапаны жоспарлау – сапа облысындағы мақсаттарды анықтауға бағытталған және өнімнің өмірлік циклына қажетті операциялық үрдістерді және сапа облысында мақсаттарға жетуге арналған сәйкес ресурстарды анықтайтын сапа менеджментінің бөлігі.

Сапаны басқару – сапаға қойылатын талаптардың орындалуына бағытталған сапа менеджментінің бөлігі.

Сапаны қамтамасыз ету – талаптардың орындалып жатқандығына сенімділік туғызуға бағытталған сапа менеджментінің бөлігі.

Сапаны жақсарту – сапаға қойылатын талаптарды орындау қабілеттілігін арттыруға бағытталған сапа менеджментінің бөлігі.

Нәтижелік – жоспарланған қызметтің жүзеге асырылу және жоспарланған нәтижелерге жету дәрежесі.

Тиімділік – жетілген нәтиже мен пайдаланылған ресурстар арасындағы байланыс.

СМЖ енгізу үшін ұйым міндетті:

· СМЖ қажетті процестерді анықтауға;

· осы процестердің кезектілігін және өзара әсерін анықтауға;

· бақылаудың тиімді жүзеге асуын қамтамасыз етуге қажетті критерийлер мен әдістерді анықтауға;

· қажетті ресурстар және ақпараттармен қамтамасыз етуге.

Сапа менеджменті жүйесіндегі жоғарғы басшылықтың рөлі

Жоғарғы басшылықтын озаттылығы және өзіндік әрекеті негізінде мекемеде барлық жұмыскерлер сапа менеджменті жүйесін нәтижелі орындайтын орталық құруға болады.

Сапа менеджментінің жоғарғы басшылықпен орындалатын негізгі келесі этаптары бар:

1. Сапа саласындағы саясатты орнату.

2. Хабардарлықты ынталандыруды және қатыстыруды жоғарылату.

3. Тұтынушылар талабының басталымын қамтамасыз ету.

Тұтынушылардың талаптарын орындау арқылы қанағаттандыруларын көтеру мақсатында сапа менеджментінің жүйесін әзірлеу, енгізу және нәтижелегін жақсартуда «процестік тәсілдеме» принципін қолдану қолайлы болып саналады.

Табысты қызмет ету үшін ұйым әрекеттің өзара байланысқан көптеген түрлерін анықтауы және басқаруы керек. Кірісті шығысқа айналдыру үшін ресурстарды пайдалану және басқару жөніндегі әрекет процесс ретінде қарала алады. Жиі бір процестің шығуы келесі бір кірістің енуіне жол ашады.

Ұйымда процестер жүйесін (осы процестерді анықтау және олардың өзара әрекетімен қатар) қолдану, сондай-ақ олардың менеджменті «процесстік тәсілдеме» болып есептеліне алады. Процестік тәсілдеменің артықшылығы, процесстер жүйесі шегінде, сондай-ақ оларды біріктіру және өзара әрекеттерінде жеке процестер аралығындағы шегінде қарастырылатын басқарудың болуынан тұрады.

СМЖ-ін енгізу қажеттілігі мыналар болуы мүмкін:

· тапсырыс берушінің немесе келісімшарттың талаптары;

· нарықтық мүмкіншіліктердің кеңейтілуі және халықаралық нарыққа шығу;

· жақсаруға ұмтылу;

· менеджмент пен өндіріс мәдениетінің жоғарлауы;

· сапа шығындарының қысқартылуы, персоналдың дәлелдемесі;

· фирма жарнамасы мен өз имиджін қабылдау мақсатында;

· халықаралық келісімшартты алу.

Сапа менеджменті жүйесінің қағидалары

Ұйымды тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін сапа менеджментінің сегіз қағидасы қалыптастырылған:

1. Тұтынушыға бейімделу ұйымның өз тұтынушыларына байланысты, сондықтан олардың ағымдағы және болашақ сұраныстарын түсініп, олардың талаптарын орындау керек және олардың күткендерінен де асып түсуге ұмтылу керек.

Қағиданы қолдану, әдетте, мынадай іс-қимылдарда көрініс табады:

2. тұтынушылардың сұраныстары мен күткендерін түсіну (мақсаттар мен міндеттер сәйкестігі);

3. ұйымның мақсаттары мен міндеттерінің тұтынушылардың сұраныстары мен күткендерін сәйкес келуін қамтамасыз ету;

4. ұйымның ішінде тұтынушылардың сұраныстары мен күткендері туралы ақпараттар тарату;

5. тұтынушылардың қанағаттанушылығын және іс-қимыл нәтижелерін өлшеу;

6. тұтынушылармен қарым-қатынастың менеджменті;

7. тұтынушыға және басқа да мүдделі тараптарға қатысты теңдестірілген көзқарасты қамтамасыз ету.

2. Басшылықтың лидерлігі – ол әкімшілік қызмет емес. Басшылар ұйым қызметінің мақсаты мен бағытының бірлігін қамтамасыз етуге тиіс. Басшы ұйым қызметкерлері ұйымның міндеттерін шешуге және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге толық тартылатындай ішкі қызмет қалыптастыруы керек.

Қағиданы қолдану, әдетте, мынадай іс-қимылдарда көрініс табады:

8. тұтынушыларды, меншік иелерін, персоналды, жеткізіп берушілерді, жергілікті қауымдастық пен бүтіндей жұртшылықты қоса алғанда барлық мүдделі тараптардың сұраныстарын қарау;

9. ұйымның болашақтағы түсінікті болмысын анықтау;

10. сенім орнату және қорқыныштарды жою;

11. қызметкерлерге тиісті ресурстарды беру, жауапкершілік пен есеп беруді талап ете отырып, оқуына және еркін қимылдауына мүмкіндік беру;

12. қызметкерлердің үлестеріне бастамашы болу, ынталандыру және тану.

3 Қызметкерлерді тарту - барлық деңгейлердегі қызметкерлер ұйымның негізін құрайды, оларды өндірістік процестерге толықтай тарту, адамдардың қызметтестігі мен қатыстылығы олардың қабілеттерін ұйым пайдасына кеңнен және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қағиданы қолдану, әдетте, мынадай іс-қимылдарда көрініс табады:

13. өзіңнің үлесі мен ұйымдағы рөлінің маңыздылығын түсіну;

14. олардың қызметіне шектеулерді анықтау;

15. проблемаларды шешудегі рөл мен жауапкершілікті анықтау;

16. өзіңнің жеке мақсаттарыңмен және міндеттеріңмен салыстырғандағы өз көрсеткіштеріне баға беру;

17. өзіңнің біліктілігіңді, білімің мен тәжірибеңді арттыру мүмкіндіктерін белсенді іздестіру;

18. білім мен тәжірибені еркін алмасу.

4. Процестік тәсілдеме - қызметті және тиісті ресурстарды процестер сияқты басқарғанда өзің қалаған нәтижеге тиімдірек қол жетеді.

Қағиданы қолдану, әдетте, мынадай іс-қимылдарда көрініс табады:

19. өзің қалаған нәтижелерді алу үшін қажетті қызметтің шешуші түрлерін анықтау үшін құрылымдалған тәсілдерді қолдану;

20. қызметтің шешуші түрлерін басқару үшін анық жауапкершілік пен есептілікті орнату;

21. қызметтің шешуші түрлерінің мүмкіндіктерін түсіну және өлшеу;

22. ұйымның функциялары арасындағы ішкі және сыртқы өзара байланыстарды анықтау;

23. басшылықтаң ұйым қызметінің шешуші түрлерін жақсартатын ресурстар, тәсілдер мен материалдар тәрізді факторларға назар ұстауы;

24. тұтынушылар, жеткізіп берушілер және басқа да мүдделі тараптар үшін тәуекелдерді, зардаптар мен әсерлерді бағалау.

5. Менеджментке жүйелі тәсілдеме - өзара байланысты процестер көрінісін, түсінігін және менеджментін ұйымның өз мақсаттарына жетудегі нәтижелілігі мен тиімділігіне қосылған үлестің жүйесі ретінде қарайды.

Қағиданы қолдану, әдетте, мынадай іс-қимылдарда көрініс табады:

25. ұйымның мақсаттарына неғұрлым тиімді жолдармен қол жеткізу үшін жүйені құрылымдау;

26. жүйенің процестері арасындағы өзара байланысты түсіну;

27. мақсаттарды белгілеу және жүйедегі нақтылы қызметтердің іс-қимылдарының қалай болуы керектігін анықтау;

28. өлшеу және бағалау арқылы жүйені үздіксіз жақсарту.

6. Ұдайы жақсарту - ұйымда өзгеріссіз тұратын мақсат. Қағиданы қолдану, әдетте, мынадай іс-қимылдарға апарады:

29. бүкіл ұйымдағы тұрақты жақсаруға деген келісілген көзқарасты пайдалану;

30. қызметкерлерге үнемі жақсарту тәсілімен және құралымен білім алуға мүмкіндік беру;

31. үнемі жақсарту принципінің, процестер мен жүйелер қағидасының ұйымның әрбір қызметкері үшін мақсатқа айналуы;

32. үнемі жақсару барысын басқару және өлшеу жөнінен мақсаттар белгілеу;

33. жақсаруды мойындау және растау.

2. Фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау - тиімді шешімдер негізінде берілген және іс-жүзіндегі ақпараттарға қисынды және түйсікті талдау жасау ұғымы бар.

Қағиданы қолдану:

34. Тапсырмаға байланысты берілгендерді және ақпаратты жинау және талдауын;

35. Берілгендер мен ақпараттың дұрыстығын дәлелдеуін;

36. Фактілер мен ақпаратты талдау негізінде шешімдерге келуін талап етеді.

8. Жеткізушілермен өзара тиімді қарым-қатынастар

Ұйым және олардың жеткiзушiлерi өзара тәуелдi, өзара пайда қарым-қатынасы екі тараптың құндылық құру мумкіндіктерін жоғарылытады.

Қағиданы қолдану сepiктecтік қарым-қатынасты құpған кезде ұйымға:

37. негiзгi жеткiзушiлер мен басқа да ұйымдарды негiзгi cepiктecтep ретiнде анықтауы;

38. тұтынушылардың қажеттiктерi мен күтулерiн нaқты түciнyгe бiдей жетуi;

39. серiктестердiң қажеттiктерi мен күтулерiн нaқты түciнyгe бiрдей жетуi;

40. тұрақты серіктестік мүмкіндігін қамтамасыз ететін мaқcaттаp қоюы керек.

 

Тапсырма:

Сапа менеджмент жүйесінің негізгі сегіз қағидасын толық білу

Бақылау сұрақтары:

a. Процестік тәсілдеме қағидасы қандай?

b. Ұйымның өз тұтынушыларына байланысты қағида қайсы?

c. Қанша қағида бар?

d. Сегізінші қағида қандай?

e. Қызметкерлерді тарту қағидасы қандай?

 

Тәжірибелік жұмыс №2

ИСО 9001 стандартының құрылымы

Тәжірибелік жұмыс мақсаты.

Студенттерді ИСО 9001 стандартының құрылымымен таныстыру және үйрету

 

ҚР СТ ИСО 9001:2001 «Сапа менеджментінің жүйелері. Талаптар» стандартына сәйкес СМЖ элементтерін игеру.

Қазақстанда бұл стандарт ресми түрде 2001 жылы «Қаптаманы ауыстыру» әдісімен ҚР СТ ИСО 9001:2001 деген кодпен мойындалып, басып шығарылды. Бұл стандартта ұйымдарға халықаралық деңгейде қойылатын минималды талаптар көрсетілген. Стандарт 8 бөлімнен тұрады:

1. Қолдану саласы

2. Нормативті сілтеме

3. Терминдер мен анықтамалар

4. Сапа менеджмент жүйесі

5. Басшылықтың жауапкершілігі

6. Ресурстар менеджменті

7. Өнімнің өмірлік циклы

8. Өлшеу, талдау және жақсарту.

Стандарт СМЖ әзірлеу, енгізу және нәтижелілікті жақсарту кезінде «процестік тәсілдемені» қолдануға бағытталған. Процестік тәсілдеменің артықшылығы басқарудың үздіксіздігінде – сапаның үздіксіз жақсару PDCA цикліне (Э.Деминг)сәйкес:

Plan (жоспарлау) – тұтынушы талаптары мен ұйым саясатына сәйкес нәтижелерге жету үшін қажет мақсаттар мен процестерді әзірлеу.

Do (жүзеге асыру) – процестерді енгізу.

Check (бақылау) – өнімге арналған талаптар, мақсаттар және саясатпен салыстыру үшін процестерді, өнімді ұдайы өлшеу, тексеру.

Act (әрекет) – сапа көрсеткіштерін ұдайы жақсарту бойынша жұмыстар.

Стандарт талаптары ұйымның түріне, көлеміне және өнім түріне байланыссыз барлық ұйымдарға арналған. Егер стандарттың қандай да бір талабын ұйымның ерекшелігіне қарай қолдануға болмаса, оны алып тастауға рұқсат етіледі, бұл әрекет тек 7-ші бөлімге ғана қатысты.

ИСО 9001:2000 стандартын қысқаша келесі ретте бөліп сипаттауға балады.

Сапа менеджменті жүйесі негізгі 5 талаптан тұрады:

1-талап. Сапа менеджменті жүйесі

2-талап. Басшылықтың жауапкершілігі

3-талап. Ресурстар менеджменті

4-талап. Өнімнің өмірлік циклының процесстері

5-талап. Өлшеу, талдау, жақсарту

Бірінші талап. Сапа менеджменті жүйес і

Ұйым міндеті: Сапа менеджменті жүйесін жасау, құжаттау, енгізу, жұмыс қалпында сақтау, үнемі жақсарту

Ұйым міндетті:

· СМЖ үшін керекті үрдістерді анықтау;

· бұл үрдістердің кезегі мен өзара байланысын енгізу;

· тиімді әрекеттер мен басқару үшін критерийлер мен әдістерді анықтау; ақпарат пен ресурстармен қамтамасыз ету;

· бұл үрдістерді қадағалау, өлшеу және анализдеу;

· жоспарланған нәтижелер мен осы үрдістердің үнемі жақсаруы үшін шаралар қолдану.

Егер ұйым кейбір үрдістер үшін сыртқы ресурстарды алса, олардың бақылануын қамтамасыз етуі керек.

Ұйым СМЖ әзірлеп, құжаттандырып, енгізіп және үнемі жұмыс жағдайында ұстап, халықаралық стандарт талаптарына сәйкес оның нәтижелілігін арттырып отыруы керек.

Егер ұйым басқа ұйымға қандай да бір өнімнің сапасына әсер ететін процессті орындауды тапсырса, ол өз тарапынан осы процесске бақылау жүргізуі керек.

Құжаттамаға талаптар

СМЖ талаптарына мыналар кіреді:

а) сапа саласындағы саясат пен мақсаттар;

б) сапа бойынша басшылық;

в) құжатталған процедуралар;

г) жоспарлау, үрдістерді жүзеге асыру және оларды басқаруды қамтамасыз ету үшін қажет құжаттар;

д) халықаралық стандартпен талап етілетін жазбалар.

СМЖ негізгі құжаттамасында мыналар болуы керек:

· сапа саясаты мен мақсаттары;

· сапа жөніндегі басшылық.

Жоғарғы басшылық сапа саласындағы саясаттың келесідей болуын қамтамасыз етуі керек:

· ұйым мақсатына сәйкестігін;

· СМЖ талаптарына сәйкес және үнемі нәтижелілікті жоғарыға бағыттауға міндетті;

· сапа саласындағы мақсаттарға және оны талдауға негіз салу;

· ұйым қызметкерлеріне жеткізіп, оларға түсінікті болу керек;

· үнемі жарамдылыққа анализ жасалуы керек.

Ұйым сапа бойынша басшылықты жасап, оны жұмыс қалпында сақтауы керек, оның құрамында:

· Қандай да болсын ерекшеліктерді қосып СМЖ ашып жазу;

· Оларға құжаталған процедуралар немесе сілтемелер;

· СМЖ үрдістерінің өзара байланысын ашып жазу.

Құжатталған процедура - әзірленіп, құжат түрінде ресімделген, енгізілген және жұмыс жағдайында жүргізілетін процедура.

Құжатталған процедуралар:

· құжаттаманы басқару;

· жазбаларды басқару;

· СМЖ ішкі аудитін жүргізу;

· талаптарға сай емес өнімді басқару;

· жөндеу жұмыстарын өткізу;

· ескерту жұмыстарын өткізу;

· тиімді жоспарлау, жұмыс істеу және үрдістерді басқару үшін керекті құжаттар;

· сапа бойынша жазбалар.

Құжат кез келген формада және кез келген тасымалдаушыда болуы мүмкін.

Құжаттаманы басқару

Басқарудың қажет құралдарын анықтау үшін құжатталған процедура жасалуы керек. Құжатталған процедура мыналарды қарастырады:

а) құжат шыққанға дейінгі адекваттілікке тексереді;

б) құжатты қажеттілігіне қарай анализ жасау және өзектендіру және қайта бекіту;

в) құжаттардың өзгерістерін индентификаттауын қамтамасыз ету және статусын қайта қарау;

г) құжаттарды қолдану орындарында олардың сәйкес нұсқасымен қамтылуы;

д) құжаттардың анық болуын және оңай идентификатталуын қамтамасыз ету;

е) сырттан келген құжаттың идентификатталуын қамтамасыз ету және оны таратуды басқару;

ж) ескірген құжаттарды әдейі қолдануды тоқтату, ал белгілі бір мақсаттармен қалдарылған құжаттарды идентификттау.

Жазбаларды басқару

Жазбалар анық, жеңіл идентификатталатын және қалпына келтірілген болуы керек. Жазбаларды басқаруда мыналарды анықтайтын құжатталған процедуралар болуы керек:

· идентификаттау;

· сақтау;

· қайта қалпына келу;

· сақтау мерзімдері;

· алып тастау және жою

Екінші талап. Басшылықтың жауапкершілігі

Міндеті:

· Ұйымға тұтынушының, заңнамалық және басқа міндетті талаптарды орындау маңызын жеткізу;

· Сапа саласындағы саясатты әзірлеу;

· Сапа саласындағы мақсаттарды жасауды қамтамасыз ету;

· өз тарапынан талдау жүргізу;

· қажет ресурстармен қамтамасыз ету.

Жоғарғы басшылық тұтынушылардың қанағаттылығын арттыру үшін олардың талаптарын анықтап, орындауы керек.

Басшылық талаптары.

Жоғарғы басшылық СМЖ жасау мен енгізу кезіндегі өзінің қатысының куәлігін мыналар арқылы қамтамасыз ету керек:

· тұтынушылар талаптарын, заңнамалардағы және регламенттердегі талаптардың орындалуының маңаздылығын ұйымға түсіндіру;

· сапа саласындағы саясатты жасау;

· сапа саласындағы мақсаттардың жасалуын қамтамасыз ету;

· керекті ресурстармен қамтамасыз ету;

· басшылық жағынан сапа жөніндегі жұмыстарды талдау;

· СМЖ тиімділігін және жұмыс қалпын қамтамасыз ету;

· сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды жаңғырту жөніндегі шешімдерді қабылдау;

· СМЖ жаңғырту жөніндегі шешімдерді қабылдау;

· өнім сапасы мен қанағатанарлық деңгейі туралы ақпаратты тұтынушылардан алу;

· СМЖ ішкі тексерістерін жоспарлау, өткізу, нәтижелерін рәсімдеу;

· СМЖ сұрақтары жөнінде жоғарғы басшылыққа баяндама әзірлеу, жоғарғы басшылыққа есеп беру;

· сапа менеджменті сұрақтары бойынша сыртқы ұйымдармен байланыс;

· СМЖ тиімділігін талдау, СМЖ жаңғырту бойынша ұсыныстар жасау

Жоспарлау. Сапа саласындағы мақсат.

Сапа саласындағы мақсаттар өлшенетін болуы және сапа саласындағы саясатқа сәйкес келуі керек.

Жауапкершілік және құзыреттілік.

Жоғарғы басшылық ұйым қызметінің жауапкершілігі мен құзыреті анықталып әр қызметкерге жеткізу керек.

Ішкі ақпараттау.

Жоғарғы басшылық ұйымда сәйкестендірілген ақпаратпен, оның ішінде СМЖ тиімділігі сұрақтары жөнінде, алмасу үрдістерінің болуын қамтамасыз етуі керек

Жоғарғы басшылық ішкі ақпарат алмасуды ұйымдастыру керек.

Басшылық тарапынан талдау

Жоғарғы басшылық СМЖ үнемі жарамдылығы мен нәтижелігі, сонымен қатар жүйенің, мақсаттардың, саясаттың өзгерісі мақсатында жоспарланған үзілістері арқылы талдауы керек

Сапа бойынша басшылық өкілі

Жоғарғы басшылық құрамынан өкіл тағайындау, ол өзінің міндеттерінен басқа СМЖ-де талап етілген үрдестерді әзірлеп, енгізіп және жұмыс жағдайында ұстау керек, СМЖ-нің жұмыс істеуі туралы есепті беру керек.

Адамдық ресурстар

Өнім сапасына әсер ететін жұмысты орындайтын қызметкер алған білімдеріне, дайындығына сай болуы керек.

Ұйым міндетті:

· қызметкерге керекті талаптарды анықтау;

· ол үшін керекті дайындықты анықтау;

· қолданылған шаралардың тиімділігін анықтау;

· қызметкердің жұмысының маңыздылығы туралы ақпаратты жеткізу;

· білімі, дайындығы туралы жазбаларды жұмыс қалпында сақтау

Инфрақұрылым

Ұйым міндетті:

· өнімге қойылатын талаптардың сәйкестігіне жету үшін инфрақұрылымды анықтап, қамтамасыз етіп жұмыс қалпында сақтау.

Инфрақұрылымда мыналар болуы мүмкін:

· ғимарат, жұмыс кеңістігі және оған қатысты еңбек құралдары;

· өндіріс үрдістеріне керекті құралдар (техникалық құралдар);

· қамтамасыз ету орталықтары (мысалы, көлік және байланыс).

Өндірістік орта

Өндіріс өнімге қойылатын талаптарға жетуді қамтамасыз ету мен оларды басқару үшін өндірістік орта жасауы керек

Төртінші талап. Өнімнің өмірлік циклы

· Жоспарлау (сапа жоспары)

· Тұтынушымен байланысты процесстер

· Жобалау және әзірлеу

· Сатып алулар

· Өндіріс және қызмет көрсету

· Мониторинг және өлшеуге арналған басқару құралдары

Өнімнің өмірлік циклының процесстерін жоспарлау

Ұйым өнімнің өмірлік циклына керекті процесстерді жоспарлап, жасауы керек.

Жоспарлау СМЖ басқа процесстері талаптарымен сәйкестендірілуі керек.

Өнімнің өмірлік циклының процесстерін жоспарлаған кезде ұйым келесіні бекітуі керек:

· сапа саласындағы мақсаттар мен өнімге қойылатын талаптар;

· үрдістерді, құжаттарды жасау және арнайы өнімді ресурстармен қамтамасыз ету керектігі;

· өнімнің өмірлік циклының процесстері талаптарға жауап беретіні туралы жазбалар.

Тұтынушымен байланысты процесстер

Өнімге қойылатын талаптарды анықтау

Ұйым мыналарды анықтауы тиіс:

· тұтынушы бекіткен талаптар;

· тұтынушымен анықталмаған, сонда да қолдану үшін керекті талаптар;

· заңнамалы және міндетті талаптар;

· ұйым анықтаған қандай да болсын талаптар

Өнімге қатысты талаптарды талдау

Талдау ұйымның тұтынушыға өнімді жеткізуді өз мойнына алғанға дейін өткізілуі керек, және мыналарды қамтамасыз етуі керек:

· өнімге қойылатын талаптардың анықталуын;

· келісім шарттың немесе тапсырыстың келісілуін;

· ұйым анықталған талаптарды орындай алуын.

Егер өнімге деген талаптар өзгерсе ұйым құжаттардың түзетілуін, ал қыхметкерлердің өзгерістер туралы хабардар болуын қамтамасыз етуі керек

Тұтынушымен байланыс

Ұйым мыналарға қатысты тұтынушымен байланысу үшін шараларды анықтап, орындауы керек:

· өнім туралы ақпарат;

· түзетулерді қоса ұсынысты, келісім шартты немесе тапсырысты қарастыру;

· ескертпелерді қоса тұтынушыдан қарсы байланыс

Жобалау және әзірлеу

Жобалау және әзірлеу кезінде ұйым мыналарды бекітуі керек:

· жобалау және өндіру сатылары;

· жобалау мен өндірудің әрбір сатысын талдау, верификаттау және валидтеу;

· міндеттері мен құқықтары.

Жоспарланған шығыс жобалау мен өндіру кезінде өзектіленуі керек

Жобалау мен өндіру үшін кіріс мәліметтер

Кіріс мәліметтер анықталып, жазылып және құрамында мыналар болуы керек:

· функционалдық және эксплуатациялық талаптар;

· сәйкесінше заңнама және міндетті талаптар;

· алдындағы ұқсас жобалардан алынған ақпарат;

· жобалау мен өндіруге маңызды басқа да талаптар.

Кіріс мәліметтер талдануы керек. Талаптар толық, екі ойды және қарама қарсы емес болуы керек

Шығыс мәліметтерді жобалау және өндіру

Верификаттауды өткізуді қамтамасыз ететін және шығарудан бұрын бекітілген түрде көрсетілуі керек. Шығыс мәліметтер:

· кіріс талаптарына жауап беруге;

· сатып алулар, өндіру және қызмет көрсету туралы сәйкесінше ақпаратпен қамтамасыз етуді;

· өнімді қабылдаудың критерилерінің болуын;

· өнімнің қауіпсіз және дұрыс қолданылуы үшін сипаттамаларды анықтауын қамтамасыз етуін міндетті

Талдау

Арнайы сатыларда мыналарды қамтамасыз ету үшін жоба жүйелі талдануы керек:

· талаптарға жауап беруіне мүмкіндіктерін бағалау;

· мәселелерді анықтап, керекті шараларды қолдану.

Талдаудың қатысушылары қатарына барлық қатысқан ұйымдардың өкілдері қосылуы керек.

Талдау нәтижелері мен қолданылған барлық шаралар жазылынуы керек.

Бесінші талап. Өлшеу, талдау және жақсарту

Мониторинг және өлшеу:

· тұтынушылардың қанағаттануы;

· ішкі аудиттер;

· үрдістердің мониторингі және өлшеу;

· өнім мониторингі және өлшеу;

· сәйкес емес өнімді басқару;

· деректерді талдау.

Жақсарту:

· үнемі жақсарту;

· түзетуші әрекеттер;

· ескертуші әрекеттер.

 

Тәжірибелік жұмыс істеу барысында тапсырмалар:

1. ИСО 9001 стандартының құрылымын талдау

2. PDCA циклін талқылап, үйрену

3. Құжатталған процедураларды үйрену

4. Жобалау және әзірлеуді үйрену

5. Өнімге қатысты талаптарды талдау

Жұмысты тапсыру үшін бақылау сұрақтары:

1. Ұдайы жақсарту дегеніміз не?

2. Тұтынушымен байланыс қалай жасаймыз?

3. Адами ресурстар дегеніміз не?

4. Құжаттаманы басқару қалай жүргізіледі?

5. СМЖ-нің негізгі бес талабы қандай?

6. Жазбаларды басқару қалай жүзеге асырылады?

 

 

Тәжірибелік жұмыс №3

ПРОЦЕССТІК ТӘСІЛДЕРДІ ІСКЕ АСЫРУ

Тәжірибелік жұмыс мақсаты.

процесстік тәсілдермен танысу және онымен жұмыс істеуді үйрену

ҚР СТ ИСО 9001 стандартында ұйымда процесстік тәсілдерді іске асыру үшін қажетті талаптарды бекітеді. Табысты қызмет ету үшін ұйым әрекетінің өзара байланысқан әрекеттері мен ресурстарын біріктіріп процесс ретінде қарау басқару процесстік тәсіл. Процесс дегеніміз бір-бірімен байланысты кірісі және шығысы бар анықталған ресурстар арқылы қолданылуы арқылы жасалынатын қызмет түрі.

Ұйымда процестік жақын келуді орындау үшін:

1) Сапа менеджмент жүйесіне қажетті процесстерді тенестіреді;

Процесстерді анықтау кезінде ұйым келесі факторларды қарап шыға алады-өнім сапасына ықпалын жасау, тұтынушының қанағаттанбай қалу тәуекелдігі,заң шығарушы және міндетті талаптар,экономикалық тәуекел, қызметші жете білушілігі,процесстердің қиындығы және т.б.

2) процесстерді суреттеп айту: әрбір процесстің кіріс және шығыс данныйларын анықтау, орындау кезеңдерін, процессті өлшеу және мониторинг, процесстің ағысы үшін қажетті ресурстар,процесстердің жұмыс жасау және мониторингі кезіндегі ұйым жұмысшыларының жауапкершіліктері және өкілет;

3) процесстер арасындағы негізгі байланыстары мен жүйелілігін анықтау;

4) процесстердің мақсаттарын жасау және осы мақсаттарға жетудің көрсеткіштер жүйесі, процесстерді басқару және бағалау нәтижелігін жүзеге асыру кезіндегі критериларды анықтау;

5) мониторинг объектілерін анықтау,периодтылығын, мониторинг әдістерін, талдау реті және монитеринг нәтижелерін дайындау;

6) Процесстердің нәтижелілік бағалау әдістерін орнату.

СМЖ не қажетті процесстерге келесі процесстерді қосқан жөн:

- басшылық басқаратын қызмет;

- ресурстар менеджменті;

-өнімнің өмірлік циклі;

- өлшеу, талдау және жақсарту.

 

Тәжірибелік жұмыс істеу барысында тапсырмалар:

1. Процессті басқарудың сұлбалық көрінісін үш салада (мұнай,құрылыс, машина жасау саласында) сызып көрсетіңіз.

Жұмысты тапсыру үшін бақылау сұрақтары:

1. Процесстік тәсіл дегенімізді қалай түсінесіз?

2.Процесс дегеніміз не?

3.Ресурстарға нелер кіреді?

4. СМЖ –не қажетті процестер түрлері?

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ кафедрасы

(кафедра атауы)

 

 

____ SMK 4301 - САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕЛЕРІ _____

(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)

 

пәні бойынша

5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау

(мамандық/мамандыру шифрі және атауы)

 

мамандығының студенттеріне арналған

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-04; Просмотров: 923; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.271 сек.