Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Арахандар мемлекеті 8 страница




Б.з.б. I мың жылдықтың ортасынан бастап Орта Азиядағы Қосөзен аралығына — Сыр мен Амудария алқабына Орта Азшщан түркі нәсілді аздаған этникалық топтар ауып келді. Біздің заманымыздың VI ғасырының екінші жартысынан — Орта Азия түркі қағандығының құрамына енген кезден бастап бұл топтар көптеп қоныс аударды. Мүнан кейінгі ғасырларда отырықшы, негізінен иран тілдес халықтар мен көшпелі, негізінен түркі тілдес халықтар, бір-біріне өзара өсер етіп, жақындасып, ішінара бірігіп, сіңісіп кетті. Бұл түста иран тілдес халықтар көбіне-көп түркіленді, сонымен қатар түркі тілдес халықтар тәжік тілінде сөйлейтін болды.

Түркі қағандығы кезеңінде, әсіресе Қарахан әулеті билеген кезде, Сыр мен Амудария аралығына қоныстанған түркі тайпалары мен халықтары бірте-бірте отырықшылыққа ауысып, иран тілдес халықтармен сіңісіп ассимиляциялаңды: кейбір түрьсі тайпалары көшпелі тіршілігінен ажырамай, көшіп-қонын, ру-тайпалық дәстүрін сақтап қалды. Сырдария мен Амудария аралығындағы бұл түркі тілдес халықтар XI— XII ғасырларда қалыптасқан өзбек халқының негізін құрады.

XIII ғасырдағы монғол шапқыншынызғы кезінде бұл жерге тағы да түркі халықтарының жаңа тобы келіп қосылды. Бұл аймақ халқының құрамына қосылған көшпелі түркі тілдес тайпалардың соңғы тобы XV ғасырда Шайбани хан әскер-лерімен келген Дешті Қыпшақ езбеьсгері еді. «Бабырнамада»: «Әндіжан түрғындарының бәрі — түркілер, қалада да, базарда да түркіше сөйлемейтін адам үшырамайды. Халықтың сөзі әдеби тілінен айырғысыз» дейді. «Бабырнамада» Шайбани хан мен Дешті Қыпшақтың көшпелі өзбектері келгенге дейін Ферғана, Самарқан аймагын түркілер ғана мекен етті делінеді2. Бұлардың бір бөлігі отырықшылану нәтижесінде жергілікті отырықшы халықтармен араласып кетті, ал олардың көпшілігі көшпелі түрмыс салты мен ру-тайпалық дәстүрлерін және өз тілінің ерекшелігін сақтап қалды.

Өзбек ұлтының құрамында үлкен үш топ болды. Бірінші топ — отырықшы халықтар арасындағы өзбектер, бұлардың басты белгілері — ру мен тайпаға бөлінеді, суармалы егіншілікпен, қолөнермен, саудамен шүғылданды, қалалар мен ірі қыстақтарда түрды. Өзбектердің бұл тобы Ташкештің көгалды алқабы мен Ферғана алқабын, Хорезмді мекендеген.

Олар өзбек халқының қалынтасуына, көшпелі өзбек пен өзге де көшпелі түркі тайпаларының отырықшындыққа айналуына едәуір ықпал жасады.

Екінші топ — Орта Азиялық Қосөзен аралығындағы монғол дәуіріне дейінгі түркі тайпалары мен Шыңғыс хан заманындағы түркі-монғол тайпаларының ұрпақтары (Қар-лұқ, Барлас, Қалтатай, Моғол т.б.). Бұлар отырықшы халыққа сіңіскен жоқ, жартылай көшпелі өмір сүріп, ру-тайпалық дәстүрлерін сақтап қалды. Олардың көпшілігі бұрын өздерін «түрікпіз» деп атады.

Үшінші топ — Дешті Қыпшақтағы өзбек тайпаларының ұрпағы. «Өзбею; атауы тайпалық атпен қатар олардың өз атауы да болды. Тайпалардың бәрі бірдей жеке зерттелмеген. Шежіре деректерінде 92 баулы өзбек деп аталады. Бұлардың көпшілігі Орта ғасырда-ақ өбден белгілі болған Қыпшақ, Найман, Жалайыр, Қанды, Қытай (Хитай), Қоңырат, Маңғыт, Дүрмен, Қашаған, Қырық, Сарай, Кенегес, Қият, Қүтты, Үйғыр т.б. тайпалар мен халықтар.

Бұлар кейіннен бірқатар түркі тілдес халықтардың құрамына кірді. Өзбек тайпалары XVI—XVII ғасырларда отырықшылыққа көше бастап, бұл үрдіс негізінен XIX ғасырдың аяғында аяқталды. Олар егіншілікпен, ал тау баурайы мен далалық аймақтарда негізінен тебіндегі мал шаруашылығымен шүғылданды. Олардың түрмысында көшпелілік дөстүрі өлі де болса байқалатын еді. Аталған тайпалардың әрқайсысының өз ерекшеліктері болды, соған қарамастан олардың тілінде, материалдық және рухани медениетінде ортақ дәстүр болды.

Осы халықтардан бір түтас өзбек халқы қалыптасты. Өзбектердің қалынтасуына әсіресе Хорезмдегі өзбектердің байырғы отырықшы бөлігінің бір бөлігі — оғыздар да қатысты.

Осы түста мына бір жайдың басын ашып алған жөн. Шежіре деректері бойынша өзбектер өз баулы (рулы) деп аталған. Оларды бүгінде осы этнонимді басы бүтін иемденген өзбек ұлтымен шатастыруға болмайды. Алтын Орда тұсын-дағы өзбектер — қазақ пен өзбек халқына тән дәрежеде катысы бар халық. Белгілі ғалым Б.А.Ахмедовтың «Государство кочевых узбеков» атты монографиясында көшпелі өзбектер құрамында арғын, қыпшақ, үйсін, найман, қаңлы, қоңырат, жалайыр, қият, қатаған рулары болғандығын атап көрсетеді. Белгілі Башқұрт тарихшысы Б.Е.Кузеевтің «Проис-хождение башкирского народа» атты кітабындағы түркі-монғол-парсы шежірелеріне негізделіп жасалған салыстыр-малы кестеде қыпшақтар дәуіріндегі өзбектер құрамында қыпшақ, қаңлы, керейіт, найман, үйсін, төлеу, таз, қатаған сияқты осы күнгі қазақтар құрамында кездесетін рулардың бар екендігін дәлелдейді. Жалпы өзбек халқы үш топтан: Орта Азиялық бөліктегі ежелгі отырықшы халықтан, кезінде дербес мемлекеттері болған халықтың негізін құраған түркі-монғол тайпаларынан (қарлұқ, оғыз, монғол), соңдай-ақ Б. Ахмедов кітабына арқау болған қазақпен қаны да, тегі де бір көшпелі өзбектерден құралған. Әйгілі тарихшы Ибн Рузбехан «Михман-нама-и Бухара» атты еңбегінде өзбектер үш халықтан: шайбанилықтардан, қазақтардан және маңғыт-тардан түратындығын атап көрсеткен. Олардың зтникалык түтастану үрдісі де қазақтардың өз алдына дербес хандыққа ие болу кезеңімен түспа-түс келеді. Бұл туралы бес томдық «Қазақ ССР тарихында» былай делінген: «...тарихи өдебиетте «өзбек» үғымы еуел баста жергілікті түркі және Дешті Қыпшақтың түркіленген тайпалары одағының этникалық-саяси атауы ретінде (әлі этноним бола қоймаған) қолданылады деген пікір орныққан. Қазақ халқының құрылуымен жинақ-таушы этникалық-саяси «өзбек» үғымы езгерді. Қалыптасқан халықты деректемелерде «өзбек-қазақ», кейін «қазақ» деп атай бастады. Қазақ тілі негізінен найман, қыпшақ, оғыз, қарлұқ тілдері тобына жатса, өзбек тілі түркі тілдерінің оңгүс-тік шығыс тармағы — қарлұқ тілдері тобына жатады.

Өзбек тілі бірнеше диалекгіге бөлінеді. Олардың неіізгілері: 1) Қыпшақ диалектісі (Өзбекстанның терістік батысын мекендеген қыпшақ тайпасының тілдік ерекшелігіне байла-нысты пайда болған); 2) Оғыз диалектісі (оңтүстік-батысты мекендеген Оғыз тайпасының тілдік ерекшелігіне байланысты пайда болған); 3) Қарлұқ диалектісі (оңтүстік-шығыс пен қала түрғындарының тілдік ерекшелігінен туған).

Өзбек тілі басқа туыстас түркі тілдерімен сөз басында «й» дыбысын («йол» — «жол», йумшақ) — «жүмсақ», «йігр»— «жіп»), сөз соңы мен ортасында «ғ», «г» дыбыстарын (тағ — тау, ағыз-ауыз, тігди-тңді) қолдану, сол сияқты морфология-лық түрғыдан көптік жалғаулар тек «-лар» (сизлар, дафтарлар, келдилар) қолданылуы сияқты т.б. заңдылықтарымен ерекшеленеді. Өзбек тілі қазақ тілі секілді ертеден жазуы бар тілдерге жатады».

Бүдан шығар қорытынды, түркі тілдес тайпалардың халық болып қалыптасуының тек тілдік бірлігі ғана емес, сондай-ақ әдет-ғүрып, салт-сана, діни наным-сенімдері, экономикалық, жер, аумақтық бірлестік сияқты халық болып қалыптасудың шартты белгілерінің де толық пісіп жетілген уақытын көрсетеді. Олай болса өзбек халқының қалыптасуы өзінің «өзбек» деген атымен көрші жатқан елдерге әйгіленіп, олармен қарым-қатынастар жасай бастаған уақыты ХҮ ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың бастапқы кезіне сөйкес келеді деп айтуға болады. Бірақ өзбек халқының этникалық қалыптасу кезендері көне заманнан басталды. Оны тарихи жазбалар, тілдер, мекендеген аймақтарын айтқавда көрсеттік. Түркі тайпаларының антропологиялық құрамына келсек, қазақ пен қырғыздар оңгүстік, Сібір не болмаса Түран антро-пологиялық тобына жатады. Бұларға қарақалпақ, ноғай, карағаш (Астрахань түркілері) жақын.

Өзбектер еуропа нәсілінің памир-ферғана типтеріне жатады.

Үйғырлар антропологиялық еуропалық нәсілінің шығыс Түркістан тобына жатқызылады. Түрікмендер де Еуропа тектестердің Жерорта теңіз ант-ропологиялық тобына кірді. Солтүстік-батыстағы башқұрттарда Орал типінің ерек-шеліктері мен оңтүстік-сібір типінің қасиеттері жиі үшы-райды.

Қырым татарларының көпшілігі Еуропа тектестердің динарлар тобына жатады. Балқарлар мен қарашайлар арасында еуропа типі тараған.

Қүмықтардың ішінде Кавказдық типтің қасиеттері жиі кездеседі. Әзірбайжандар Еуропа нөсілінің каспийлік антрополо-гиялық тобына жатады. Анатолия үстіртінде түратын түріктер мен кашкай, айсар-лар арасыңда Еуропалық, Алдынғы Азиялық антропологиялық ерекшеліктер тараған. Македон түріктері балкан-кавказ типінің балкан тобына жатады. Гагауздар да осы топқа кіреді. Балтық теңізінің жағалауындағы аздаған қарайымдар да Еуропа нәсіліне жатады. Жалпы бұл айтылған түркі тайпаларының антропологиялық құрамы X—XV ғасырларда қалыптасты деп бағалауға болады.

Маураннаһрда қүрылған Өзбек мемлекеттері (Бүхара, Хиуа, Қоқан)

XVI ғасырдың басында Шайбани хан бастаған өзбек феодалдары бүкіл Орта Азияны дерлік (Маураннаһрды, Хорезмді және Амударияның арғы жағындағы аудандарды иемденіп, Маураннаһрдағы Шағатай мемлекетін жойын, оның орнына Бүхара мен Хиуа мемлекетін құрды. Мұхаммед Шайбани өлгеннен кейін Шайбани әулетінің бірі Бүхарада, бірі Хиуада билік жүргізді. Бүлар түркіленген, исламданған Шыңғыс хан ұрпақтары еді. Орталықтанған Өзбек мемлекеті Бүхара хандығы болды, оның негізін салушы — Шайбани әулеті. XVI ғасырдың аяқ шенінде Бүхара хандығының астанасы Самарқаннан Бүхараға көшті. «Бүхара хандығы» деген ат осыған байланысты пайда болды.

Орта Азиядағы саяси жағдайға байланысты Бүхара хандығының жері жиі өзгеріп түрды. Әсіресе II Абдолла ханның тұсында (1557—1598 ж.) Бүхара хандығы саяси жағынан мейлінше күшейіп, мемлекет жері барынша кеңейді.

Балх пен Ферғана (1573 ж.), Ташкент (1567 ж.), Хорасан, Герат пен Мешхед (1582—1583 ж.), Хорезм (1593—1594 ж.) жаулап алынып, орыс мемлекетімен сауда және елшілік қатынастар орнатылды. II Абдолла хан Йранмен толассыз күрес жүргізді.

XVI ғасырдың 70-жылдарында Қазақ ханы Хақназар мен сүлтавдар II Абдолла ханмен «аштасқан шарт» жасап, онымен достық қарым-қатынаста болатынын білдірді.

Қазақ ханы Хақназар Өзбек хандығының өзара қырқысына араласып, біресе Абдолла ханды, біресе Баба сұлганды қолдап, екеуін де өлсіретуге, осы арқыны өздеріне үлкен пайда түсіруге тырысып бақты. 1579 жылы II Абдолла хан Баба сұлтанға қарсы жорық жасады. Қазақ ханы Хақназар оның Баба сүлтанға қарсы күресін қолдады.

Қазақ хандығы осының арқасында Абдолла ханнан Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы қайтарып алды2.

Мүнан кейін Ташкент билеушісі Баба сүлтан Қазақ хандығына Сауран, Түркістан қалаларын бергенде, қазақ сүлтандары бір мезгіл Баба сүлтанды қолдады. 1579 жылдың екінші жартысында қазақ сүлтавдары әскерлерімен Ташкентке келді. Олар қайтадан Абдолла жаққа шықпақ болып, Ташкент билеушісі Баба сүлтанға қарсы астыртын әрекет істеді. Бірақ бүл астыртын ерекетті сезген Баба сүлтан қазақ сүлтаны Жольщды, оның екі ұлын, Хақназар ханның екі ұлын өлтірді.

Кейін 1580 жылы Хақназар хан қаза болған соң, оның орнына Жәдік сүлтанның баласы, Әз Жәнібектің немересі Шығай хан болды. (1580—1582 ж.). Ташкент билеушісі Баба сүлтанның Қазақ ханы Хақназардың екі ұлы мен Жолым сүлтанды өлтіруіне өшіккен Шығай хан және оның баласы Тәуекел сүлтан Бүхара ханы Абдолламен тізе қоса отырып, Баба сүлтанның көзін жоюға кірісті. Бүл жорықта қажырлы қайрат көрсеткен Шығай хан мен Тәуекел сүлтанға Абдолла хан мейлінше разы болып, Ходжент қаласын сыйлыққа берді.

1581 жылы жазда Абдолла хан қазақтың хан-сүлтандарымен бірлесіп, Баба сүлтанға қарсы жорық жасады.1582 жылы Абдолла хан тағы да қазақ ханы Шығай және оның баласы Теуекел сүлтанмен күш біріктіріп, жорықка аттанды. Баба сүлтан жеңіліп, Дешті Қыпшақ даласына қашты. Өзбек, қазақ әскерлері Баба сүлтанды Сарысуға, Ұлытауға дейін қуды. Шығай хан сол жорықта қайгыс болды.

1582 жылы маусым айында Түркістан түбіндегі шайқаста Тәуекел бастаған қазақ қолы Баба сүлтанды мүлдем талқандап, оның басын алды. Баба сүлтанның баласын және
әскер басы әмірлерін түткынға алып, Баба сүлтанның басымен бірге II Абдолла ханға тапсырды. Қас жауын жойғанға қатты риза болған Абдолла хан Самарқан өлкесіндегі Адеркент уәлаятын Тәуекелге тарту етті. Сырдария алабындағы қала-бекіністерді Сауран, Түркістан, Отырарт.б., бұрынғысынша Қазақ хандығына қалдырды. Сөйтіп қазақ билеушілері Абдолланың бір орталыққа бағындырылған мемлекетін қүрудағы мақсатына жету үшін едәуір көмек көрсетті.

Абдолла хан да қазақ билеушілерінің бүл жөрдемін тиісті дөрежеде бағалап, қазақ хан Шығайға (Сығай) Ходжент қаласын берді. Оның баласы Тәуекел сүлтанға 1582 жылы Зеравшандағы Адеркент өлкесін сыйға тартты. Бірақ 1583 жыны қазақ ханы Тәуекел Бүхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бүзып, Ташкентке шабуыл жасады. Сонымен қатар казақ феодалдары мен өзбек феодалдарының арасындағы жаугершілік қайта қозды. 1588 жыны II Абдолла қарсы соғыс бастап, соғыстың нөтижесінде Ташкент қаласы қазақтардың қолынакөшті.

1598 жылы наурызда Абдолла хан қайтыс болып, Әбді-Момын хан болды. Иран шахы Аббас оған жаулық ойлады. Осы орайды пайдаланған Тәуекел хан Бүхарадағы Өзбек мемлекетіне шапқыншылық ұйымдастырып, жүз мыңнан астам қазақ ескерімен Маураннаһрға басып кіріп, Ахси, Андижан, Ташкенг, Самарқан қалаларын басын алды. Тәуекелхан өзінің туысы Есім сүлтанды 20 мыңдай әскерімен Самарқанда қалдырып, өзі 70—80 мың әскермен Бүхараны алуға аттанды. Қазақ әскерлері Бүхараны 20 күн қоршады. Осы шайқаста Тәуекел хан ауыр жараланып қаза болды. Тәуекел ханның орнына хан болған Есім хан (1598 ж.) Бүхара мен Самарқанның билеушісі Мүхаммед сүлтанмен бітім шартын жасасты.

Есім хан — Шығай ханның баласы, ол бұрын Қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында түрған. Есім хан Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық башіаныс орнатуға үмтылды. Ташкент қаласы Қазақ хандығына қараған соң, оны Жәнібекханның немересі, Жолым сүлтанның баласы Түрсын Мүхаммед сүлтан басқарған еді. Ол көп үзамай тәуелсіз Ташкент ханы болуға әрекет жасады. Сөйтіп қазақ хандығы екіге бөлінді. Түркістан қаласын орталық еткен бөлікті Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен бөлікті Түрсын хан биледі. Бүлардың арасында соғыс қақтығыстары жиі болып түрды. Ақырында 1627 жылы Есім хан Түрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді. Есім хан кейбір маліметтерде 1628 жылы, ал «Қазақ совет энцик-лопедиясында» 1645 жылы қайтыс болған делінген.

1598 жыны Абдолла хан қайтыс болды дедік. Оның орнына таққа отырған баласы — Әбді-Момынды өкімет билігіне таласқан феодалдар өлтірді. Бүхара хандығында Шайбани әулетінің билігі осымен тоқтатылып, өкімет басына Аштархан еулеті келді. Бүл түста феодалдардың өзара күресі күшейіп. Сефеви әулеті билеген Иранмен, Хиуа хандығымен бірнеше рет соғыс болды. Толассыз феодалдық соғыстар кезінде Бүхара хандығы ішінара қазақтардың жәрдеміне сүйенуіне мәжбүр болды.

XVI—XVII ғасырларда кепшелі өзбектер Хиуа хаңдығына бірнеше рет шабуыл жасады.

1714—1717 жылдары I Петр Хиуаға А.Бекович-Черкасский басқарған экспедиция аттандырды, бес мың адамнан түратын оны хиуалықтар түгелдей қүртып жіберді.

ХҮІІІ ғасырдың басында Бүхара хавдығы құлады, оның билеуінен Ферғана уделдіктері, Ходжент, одан кейін Самарқан және Бадақшан шығады. Бүхара хандығының орнына Эмират қүрылды. Осы кезеңде Қоқан хандығы қүрылды. Қоқан хандығы (1710—1876 ж.) — Ферғана жазығында XVIII—XIX ғасырларда болған феодалдық мемлекет. Астанасы — Қоқан қаласы.

Қоқан хандары ездерін Шыңғыс ханның ұрпағымыз деп санаған. Шынында олар өзбектің Минг тайпасынан шыққан. Қоқан хандары әулетінің негізін салушы Шахруқ би алғаш 1710 жылы шамасында Қоқан жер аумағында Бүхара Эмиратынан тәуелсіз кіші-гірім иелік қүрды. Оның немересі Ирдан би (1774 ж. өлген) тұсыңда жүргізілген соғыстардың нәтижесінде Қоқан хандығының қүрамына Әндіжан, Наманған, Марғүлан иеліктері қосылды. 1758 жылы Бүхара Эмираты оны мүлде дербес мемлекет деп қарады2. Ғасырдың аяғында Ташкент хандығы бөлінді. Облыстар мен удельдерді дербес билеп келген сүлтандар мен Эмирлер Орта Азиядағы феодалдық бытыраңқылық жағдайды өрістетгі.

XVIII ғасырдың екінші ширегінде Ферғана жеріне жоңғарлар басып кірді. Орта Азияға Иран бірнеше дүркін шабуыл жасады, ал 1740 жылы Надир-шах Хиуа хандығын жаулап алып, Бүхара хандығына басып кірді. Барлық осы басып кірулер және өзара қырқыс кезінде экономика қатты зиян шекті, суару жүйесінің қирауы мен бүзылуы ең басты ауыртпалық болды. Бүхара мен Хиуа 1747 жылы Надир-шах қайтыс болғаннан кейін Хиуа хандығы қайтадан тәуелсіздік алды. Ал Бүхарада 1747 жыны Бүхара хандығындағы өкімет билігі маңғыт әулетінің қолына көшті. Бүлардың билеушілері өздерін өмір атады. Маңғыттар кезінде жер негізінен үш меншік түріне бөлінді:

1) Мемлекет қарамағындағы жер;

2) мүліктік яши мүсылман діні қызметкерлеріне меншіктеп берілген жерлер;

3) жері жоқ шаруалар басқаның жерін өндеп, заттай ақы алып түрды.

Сонымен, өзбек халқы XV—XVII ғасырларда феодалдық қүрлыста өмір сүрді. Сүнниттік бағыттағы ресми ислам дінімен қатар (түркі тайпалары IX—X ғасырларда қабылдаған) ислам дініне дейінгі наным (тәңірге табыну) көріністері де байқалады.

Қырғыз ұлтының қалыптасуы

Қырғыздардың ертедегі этникалық тарихы көне тайпалар одақтарымен (хүндар, діліндер, сақтар мен үйсіндер) байланысты. Кейінірек — Түркі қағандықтары мен көшпелі тайпалар бірлестіктері дәуірінде (б.з.б. X ғ.) қырғыздардың құрамына енген тайпалар Саян-Алтай, Ертіс өңірі, Шығыс Тянь-Шань өңірлерін мекендеген түркі тілдес халықтың арасында қалыптасады. Б.з. II мыңжылдықтың бірінші жартысыңда монғолдардың Орта Азияға жасаған шапқыншы-лығынан кейін ежелгі түркі тілдес халықтардың бір бөлігі Орталық және Батыс Тянь-Шаньға, одан ары оңтүстікке қарай Памирге дейін ығысты1.

Бұлар Тянь-Шань өңірінде қалыптасқан қырғыз халқы-ның негізін қалады. Оның құрамына Жетісу мен Мауран-наһрдың түркі тілдес жергілікті тайпалары, соның ішінде қарлұқтар мен үйғырлар, кейінірек XVI—XVII ғасырларда қазақ тектес тайпалар да кірді.

XVI ғасырдың бас кезінде қырғыздар Тянь-Шаньда дербес халық болып қалыптасты. Қырғыз халқының негізін үш үлкен топ құрады: алғашқы екі тобы қосылып «Отыз үл» аталды да, «оң және сол қанат» болып екі бірлестікке бөлінді.

Оң қанат Тағай, Адигине және Мунгуш деген үлкен үш топтан құралды. Тағай ұрпағы Тянь-Шань аймағының негізгі бөлігін, ал келесі екі топты құрайтын рулар Қырғызстанның оңтүстік өңірін мекендеген. Шежіре деректері бойынша қырғыздар 40 тайпадан түрады. Сондықтан оларды «Қырық рулы» ел деп те атайды.

Қырғыз халқының құрамындағы көптеген этнонимдерге қарағанда, халық болып қалыптасу продесінде көне замандар мен орта ғасырларда өмір сүрген сан алуан тайпалардың жиынтығынан қалыптасқан. Жоғарыда аталған тайпалардың кейбіреуі Орта Азияның басқа да халықтары құрамына енген.

Қырғыз халқының құрамына жоғарыда келтірілген үш үлкен тайпалық бірлестіктерден басқа қырғыздардың түркі тегіне қосылмайтын Сарт-Қалмақ, Қалмақ-Қырғыз, Шала қазақ, Келдике, Күркүре және Күрең сияқты кірмелер тобы да бар.

Сонымен, қырғыздар XV—XVI ғасырда ұлт болып қалыптасып, өзінің ұлттық мемлекетін құрды.

Қырғыз мемлекетінің қалыптасу және нығаю кезендері

Қырғыз халқы — көне мәдениет пен ежелгі мемлекеттің мүрагері. Қырғыз жерін адам баласы б.з.б. ертедегі тас дәуірі (палеолит) кезінен мекендегендігін археологиялық ескерт-кіштер анықтайды. Ертедегі тас дәуірінің құралдары Орталық Тянь-Шань, Ыстықкөл, Ферғана маңынан, неолит дәуірінің ескерткіштері Бішкек, Тоқмақ қалалары мен Ыстықкөл аймағынан, Алай даласынан табылды. Сарыжаз өзені маңындағы 2 үңгірде (Ақшүңқыр қаласы) қызыл бояумен қабырғаға салынған хайуанаттар суреті сақталған. Неолит кезінде тайпалар тас өңдеудің жетілген техникасын (тегістеу, қашау) игерген, садақ пен жебені қолданған, балшықтан ыдыстар жасаған. Мал шаруашылығы мен егіншілік пайда болған. Б.з.б. III мың жылдықтың аяғында еуелі мыстан, кейін қоладан жасаған қарулар тарады. Қола дәуірінде б.з.б. I мың жылдықтың басында қырғыз жеріндегі адамдар екі топқа — егіншілік және мал шаруашылығы тобына бөлінгендігін археологиялық материалдардан байқауға болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 943; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.