Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Арахандар мемлекеті 10 страница




Осылайша Гаджарлар мен Оңтүстік Кавказды жаулап алуға ұмтылған Ресей арасында ұзақ жылдарға созылған соғыс басталды.1803-05 жылы Карабах және Шекин хандықтары Ресейге бейбіт жолмен қосылды. 1803 жылы орыс генералы Цицианов Гянджа хандығын (1804 ж. бастап Елизаветполь) жаулап алды. 1804-13 жылдары орыс-иран соғысы барысында Кубин және Бакин хандығын (1806), сонсоң (1809) Талышты алды. Нәтижесінде Гүлстан (1813) және Түркменчай (1828) келісім-шарттары жасалып, Әзербайжан екі империя арасында бөліске түсті: Солтүстік Әзербайжан – Ресейге, Оңтүстік Әзербайжан – Иранға өтті. Яғни, осы уақыттан бастап армяндардың әзербайжандарға қарсы идеологиялық, саяси және әскери агрессиясы басталды.

Осы аймақта өзінің империалистік көзқарастары бар Түркияның көмегімен Солтүстік Әзербайжанда елдің тарихы, тілі және мәдениеті емес, толығымен түрік османдардың тарихы, тілі және мәдениетіне бағытталған «Мусават» партиясы басқарған әзербайжандық пантүріктер қозғалысы жеңіске жетті. 1918 жылы 28 мамырда Оңтүстік Кавказдың шығыс бөлігінде Әзербайжан Демократиялық Республикасы жарияланды, бұл – мұсылмандық Шығыстағы алғашқы парламенттік демократиялық республика. Астанасы – Гянджа қаласы. Премьер-министр болып Фаталихан Хойский тағайындалды. Әзербайжан Демократиялық Республикасының президенті боп Мамед Эмин Расулзаде келді. 1918 жылы 4 маусымда Түркия мен Әзербайжан Демократиялық Республикасы бейбітшілік және достық туралы шартқа қол қойды. 1918 жылы 27 маусымда әзербайжан тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. 1918 жылы 7 желтоқсанда ӘДР Парламенті ашылды.. Парламент басшысы боп Марданбек Топчубашев сайланды. 1920 жылы сәуірдің ортасында ХІ Қызыл Армияның бір бөлігі Деникиннің әскерін қалған бөлігін талқандап, Әзербайжанның солтүстігіне жақындады. Бұған дейін түріктер, ағылшындар да Әзербайжаннан қашқан еді.

1920 жылы 28 сәуірде Әзербайжан Демократиялық Республикасы территориясында Әзербайжан Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. 1922 жылы желтоқсанда Әзербайжан, Грузия және Армения бірігіп Закавказье Социалистік Федеративтік Кеңестік Республикасын құрды. Ол 1922 жылы КСРО құрамына еніп, кейін 1936 жылы таратылды, ал Әзербайжан Кеңестік Социалистік Республикасы КСРО құрамында 1991 жылға дейін дербес республика ретінде танылды.

Тәуелсіз Әзербайжан

1990 жылы 20 қарашада Кеңес Одағының басшылығы Әзербайжанның Жоғары мемлекет органдары келісімінсіз Бакуге заңсыз түрде әскер енгізді. Оның салдарнан көптеген адам қаза тапты. 1991 жылы 30 тамызда Әзербайжанның Жоғарғы Кеңесі 1918 жылғы Шарт негізінде мемлекеттік тәуелсіздікті қалпына келтіру жөнінде Декларация, 1991 жылы 18 қазанда «Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөнінде» Конституциялық шарт қабылдады.

1988 жылы КСРО-дағы мемлекеттік билік және партиялық басқарудың әлсіреуімен қатар жүрген демократиялық қайта құрулар толқынында Таулы Карабахта армяндардың арасында сепаратистік қарсылық өршіп, өткір этникааралық щиеленіске айналды (1991-1994). Нәтижесінде Таулы Карабахтан өзге тағы Әзербайжанның 7 ауданы Армения қарамағына өтті, 1 млн. әзербайжан мен 100 мыңға жуық армян елден қашуға мәжбүр болды. 1994 жылы ТМД елдерінің араласуымен Әзербайжан мен Армения атысты тоқтату туралы шартқа қол қойды. Алайда осы уақыттан басталған шиеленісті реттеуге жасалған талпыныстар еш нәтиже бермеді.

Армян-әзербайжан қайшылықтары кезінде Әзербайжан КСР-нің Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы республика тәуелсіздігін жариялады. Әзербайжанның тұңғыш президенті болып Әзербайжан Компартиясы Орталық Комитетінің І хатшысы Аяз Муталибов сайланды. Кейін оның орнына Әзербайжан халықтық майданының басшысы Абульфаз Эльчибей отырды.

Карабах майданындағы сәтсіздіктер мен үкімет құзіретінің күшті болмауынан билікте тоқырау басталды. 1993 жылы 4 маусымда Гянджада полковник Сурет Гусейновтың бүлігі өтті.

Азамат соғысына ұласып кетуінен қорыққан Эльчибей Нахичеваньда тұрып жатқан Гейдар Алиевті шақырды. Осылайша билікке Г.Алиев келді. 2003 жылы дүниеден өтіп, президенттікке ұлы Ильхам Алиев келді. Жалпы Әзербайжанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі ауысқан президенттеріне тоқтала кетсек:

1. Аяз Муталибов

2. Ягуб Мамедов (1992, наурыз-мамыр)

3. Иса Гамбар (мамыр-маусым)

4. Абульфаз Ельчибей

5. Гейдар Алиев (1993-2003)

6. Ильхам Алиев (2003-….)

ХХ ғасыр Әзербайжан тарихына әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени өміріне радикалды өзгерістер әкелді. Әзербайжанда өте тез қарқында өнеркәсіп дамып, Баку әлемнің мұнай өндіретін орталығына айналды. Мәдени – рухани өмір өзгеріп, ғылымның әр саласы шарықтап, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар құрылып, оғамда демократиялық идеялар бағаланды. 1918 жылы 28 мамырда Әзербайжан Демократиялық Республикасы құрылып, кейін 1920 жылы сәуірде ХІ Қызыл Армияның Бакуге кіруімен өмір сүруін тоқтатты, тарих бетіне бар болғаны 23 ай ғана ізін қалдырып кете барды. Одан кейін ол Кеңес Одағына енді.

1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін өз тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіз Әзербайжан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 12 қарашаза қабылданды. Осы оқиғадан кейін Әзербайжан халқы мен мемлекеттігінің даму дәуірі басталды. Бүгінгі таңда Әзербайжан Республикасы демократия мен прогреске қадам басты.

Қырғызстан. Қырғыздардың ертедегі этникалық тарихы көне тайпалар одақтарымен (хүндар, діліндер, сақтар мен үйсіндер) байланысты. Кейінірек - Түркі қағандықтары мен көшпелі тайпалар бірлестіктері дәуірінде (б.з.б. X ғ.) қырғыздардың құрамына енген тайпалар Саян-Алтай, Ертіс өңірі, Шығыс Тянь-Шань өңірлерін мекендеген түркі тілдес халықтың арасында қалыптасады. Б.з. II мыңжылдықтың бірінші жартысыңда монғолдардың Орта Азияға жасаған шапқыншы-лығынан кейін ежелгі түркі тілдес халықтардың бір бөлігі Орталық және Батыс Тянь-Шаньға, одан ары оңтүстікке қарай Памирге дейін ығысты1.

Бұлар Тянь-Шань өңірінде қалыптасқан қырғыз халқы-ның негізін қалады. Оның құрамына Жетісу мен Мауран-наһрдың түркі тілдес жергілікті тайпалары, соның ішінде қарлұқтар мен үйғырлар, кейінірек XVI-XVII ғасырларда қазақ тектес тайпалар да кірді.

XVI ғасырдың бас кезінде қырғыздар Тянь-Шаньда дербес халық болып қалыптасты. Қырғыз халқының негізін үш үлкен топ құрады: алғашқы екі тобы қосылып «Отыз үл» аталды да, «оң және сол қанат» болып екі бірлестікке бөлінді.

Оң қанат Тағай, Адигине және Мунгуш деген үлкен үш топтан құралды. Тағай ұрпағы Тянь-Шань аймағының негізгі бөлігін, ал келесі екі топты құрайтын рулар Қырғызстанның оңтүстік өңірін мекендеген. Шежіре деректері бойынша қырғыздар 40 тайпадан түрады. Сондықтан оларды «Қырық рулы» ел деп те атайды.

Қырғыз халқының құрамындағы көптеген этнонимдерге қарағанда, халық болып қалыптасу продесінде көне замандар мен орта ғасырларда өмір сүрген сан алуан тайпалардың жиынтығынан қалыптасқан. Жоғарыда аталған тайпалардың кейбіреуі Орта Азияның басқа да халықтары құрамына енген.

Қырғыз халқының құрамына жоғарыда келтірілген үш үлкен тайпалық бірлестіктерден басқа қырғыздардың түркі тегіне қосылмайтын Сарт-Қалмақ, Қалмақ-Қырғыз, Шала қазақ, Келдике, Күркүре және Күрең сияқты кірмелер тобы да бар.

Сонымен, қырғыздар XV-XVI ғасырда ұлт болып қалыптасып, өзінің ұлттық мемлекетін құрды.

Қырғыз халқы - көне мәдениет пен ежелгі мемлекеттің мүрагері. Қырғыз жерін адам баласы б.з.б. ертедегі тас дәуірі (палеолит) кезінен мекендегендігін археологиялық ескерт-кіштер анықтайды. Ертедегі тас дәуірінің құралдары Орталық Тянь-Шань, Ыстықкөл, Ферғана маңынан, неолит дәуірінің ескерткіштері Бішкек, Тоқмақ қалалары мен Ыстықкөл аймағынан, Алай даласынан табылды. Сарыжаз өзені маңындағы 2 үңгірде (Ақшүңқыр қаласы) қызыл бояумен қабырғаға салынған хайуанаттар суреті сақталған. Неолит кезінде тайпалар тас өңдеудің жетілген техникасын (тегістеу, қашау) игерген, садақ пен жебені қолданған, балшықтан ыдыстар жасаған. Мал шаруашылығы мен егіншілік пайда болған. Б.з.б. III мың жылдықтың аяғында еуелі мыстан, кейін қоладан жасаған қарулар тарады. Қола дәуірінде б.з.б. I мың жылдықтың басында қырғыз жеріндегі адамдар екі топқа - егіншілік және мал шаруашылығы тобына бөлінгендігін археологиялық материалдардан байқауға болады.

Б.з.б. VII-VI ғасырда темірден соғылған құралдар мен қарулар пайда болды, көшпелі мал шаруашылығы шешуші шаруашылыққа айналды, мүліктік жіктеу күшейді. Көшпе-лілер, арасында рулық одақ, ал егіншілік аудандарда құл иеленуші мемлекет пайда болды. Солтүстік Қырғызстанда Сақтар (б.з.б. VIII-VII ғ.), кейін үйсіндер (б.з.б. I ғ. мен б.з. V ғ.-ы) өмір сүрді. Оңтүстік аудандар (б.з.б. II-I ғ.) Парфия мемлекетіне, кейін (б.з. I-IV ғ.) Құшан патшалығына қарады. Қырғызстанның оңтүстік аудандарында IV-V ғасырларда тоған таспа техникасы қолданылады, су диірмені пайда болды, канал жүйесі көбейді, ауыл шаруашынық дақылдарының жаңа түрлері (мақта) егілді.

Экономикалық өмірдің жаңа қоғамдық қатынастарының өзгеруіне байланысты егіншілік аймағында құл иеленуші мемлекет феодалдық мемлекет бірлестіктеріне ауысты, көшпелі тайпаларда да ерте феодалдық мемлекет пайда болды. V ғасырда Солтүстік Қырғызстанда көшпенділер отырық-шылана бастады.

VI-VII ғасырларда Қырғызстан Батыс Түркі қағанды-ғының орталығына айналды. Астанасы - Суяб. Қалаларда қоғамдық еңбек бөлінісі пайда болды. VI-VIII ғасырларда Батыс Түркі қағандығына қараған тайпалармен бірге өзінің жазуы (Орхон жазуы) болды.

X ғасырдан бастап қырғыздардың Тянь-Шаньды мекендегені жайлы жазба деректерде баяндалады. Ол кезде Шу, Талас далаларында, Ыстықкөл жағалауыңда қалалар мен отырықшылар көбейе бастады. Олар Орта Азияның басқа аймақтарымен қарым-қатынас жасады. X ғасырдың орта шенінен XII ғасырдың соңына дейін қырғыз жеріне Қарахан мемлекетінің негізгі бөлігі қоныс тепті. Оның астанасы ТТТу бойындағы Баласағүн болды. Бұл кезде феодалдық қатынас едәуір дамыды. X-XII ғасырларда өндіргіш күштер сол кездегі дамудың жоғарғы сатысына жетті.

Талас даласы күміс және басқа металл өндірудің орталығына айналды, біраз қалаларда (Баласағүн, Үзген) қолөнер, сауда және мәдениет дамыды.

XIII ғасырдың бірінші ширегінде монғолдар қырғыз жерін жаулап алып, оған көшпелі тайпаларды қоныстандырды.

Тянь-Шаньның бір бөлігі және Шығыс Түркістан Шағатай ұлысының құрамына кірді.

XV ғасырдың екінші жартысыңда солтүсгік қырғыз жеріңде қырғыз тайпалары бірігіп, жеке хандық өз мемлекетін құрды1. XVI ғасырдың бірінші жартысында қырғыздар мемлекеті қазақтармен одақтасып, Моғолстан мен Ойрат шапқыншылығына қарсы табанды күрес жүргізді.

Біріккен казақ-қырғыз әскерлері Моғолстанда үлкен жеңіске жетті. Ол туралы «Тарих-иш-Шах Махмуд бин мырза Фазыл Чорс»- шығармасында: «Қазақтар мен қырғыздар (ендігі жерде) Моғолстанға аттап баса алмады. Ақырында Әбді-Латив сұлтан қазақ Хақназар ханды шауып, көп түтқын мен олжа түсірді. Хақназар хан қазақтар мен қырғыздарды жинап, ізіне түсті. Сұлтан жауды білмей, рақатқа батып, көңіл көтеріп жатты. Ал Хақназар хан мен басқа да алты төре оның ізінен қуып келді. Қазақтар мен қырғыздардың әскері түн ортасында сұлтанға шабуыл жасап, оның әскерін тас-талқан етті. Қатты жараланған сұлтан Хақназар ханға апарылды»2,- дейді. Осы жеңістен кейін біраз жылдан соң Моғолстан қазақтар мен қырғыздардан жеңіліп, Жетісу өңірі мен Тянь-Шаньда Қырғыз-қазақ мемлекетінің үстемдігі нығайды. Моғолстан мемлекетінщ негізгі жер аумағы Қырғыз-қазақ хандығына қосылды. Қырғыз-қазақ хандығы сыртқы жаумен күресте өздерінің жерін кеңейтіл, дербестігін сақтап қалды. Қазақ-қырғыз одағы жоңғарлармен күресте де ынтымақтылық көрсетті.

 

Лекция тақырыбы: Ресей Федерациясы және басқада мемлекеттер құрамындағы түркі халықтары

Жоспары:

1. Автономиялық түркі республикалары

2. Мемлекеттілігі жоқ түркі халықтары

 

Лекция мақсаты: Автономиялы түркі халықтарының өткен тарихы мен қазіргі таңдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайына шолу жасау, автономиялы түркі халықтарының тарихын сыни тұрғыдан түсіндіру.

 

Лекция мәтіні: Қырым хандығы түркі тайпаларының XV ғасырда құрған феодалдық мемлекетіғ ол XV ғасырда Алтын орданың ыдырауы нәтижесінде Қырым түбегінде құрылған. Бұл хандықтың құрамына жергілікті түркі тайпалары мен олардың ұлыстары кірді. Олардың ең ірілері – Ширин, Барын, Арғын, Қыпшақ т.б. болды. Тілдері түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Қыпшақ тілінің қалыптасуы Алтын орда ыдыраған дәуірмен тұтас болып келеді. Мұндағы түркі ұлыстары біртіндеп Қырымды тұрақты қонысқа айналдыруымен қатар, өз алдына жеке ел болып бөлініп шығуға талпынды.

XIII ғасырдың аяғында Қырымда түріктің Алтын ордаға тәуелді ерекше уәлаяты құрылған. Алтын орда билеушілерінің өзара қырқысқан күрестерінен кейін ақсуйек – феодалдардың қолдауымен Қырымды 1433 ж. Даулет – Хаджы – Герей хан болып тағайындалды. Ол Литва княздығының жәрдеміне сүйеніп, 1443 ж. Алтын ордадан тәуелсіз Қырым хандығының негізін құрды.

Қырым хандығында өндіргіш күштердің әлсіздігі, көшпенділіктің сақталуы, егін шаруашылығының кең өріс алмауы қажетті тауарлардың, азық-түліктің жетіспеуіне әкеліп соқты. Осындай жағдайда Қырымның феодалдық топтары өзгеден олжа түсіруді көздеген жорықтар жасау арқылы экономикалық дамудағы олқылықтарды толықтыруға тырысты.

Соғыста Қырым хандығы түрлі байлықтарды және құлдыққа сату үшін тұтқындарды молырақ қамтып қалуға ұмтылды, жеңілген елді алым салық төлеуге мәжбүр етті. Қырым хандықтары Русь жеріне, Украинаға бірнеше жорықтар жасады. Қырым ханның әскері Мәскеуді, 1552 ж. Туланы қоршады. XVII ғасырдың бірінші жартысында екі жүз мың орысты тұтқынға алып, Қырымға айдап әкетті. Орыс үкіметінің 1687 – 1689 ж.ж. Қырымға жасаған жорықтары нәтижесіз аяқталды.

XVIII ғ. Орыс-Түрік соғысында Қырым хандығы әлсірей бастады. 1774ж. Күшік-Қайнар бітімі бойынша Қырым хандығы Түркияның саяси бағынышты тәелсіз ел болып табылды. Қырым түркілерінің көне жазба мұралары өте көп болған.

2. Астрахань хандығы-Алтын орда ыдырайбастаған шақта 1459-1460 жылдар шамасында құрылған феодалдық мемлекет. Астанасы – Астрахань қаласы. Оның құрамына төменгі Еділ бойы мен кавказдың далалық жерлері енді. Халқы- түркі тілдес тайпалар. Халықтың негізгі кәсібі – көшпелі мал шаруашылығы болды, оған қоса аң аулау мен балық аулауды кәсіп етті. Астрахань маңында тұз өндірілді. Шаруалар ханға заттай алым-салық төледі.

Ішкі бірліктің жоқтығы Астрахань хандығын әлсіретіп, XV ғасырдың аяғынан бастап ол Қырым хандығының, Ноғай ордасының талауына түсті. 1554 ж. шығысқа барар жол іздеген Орыс мемлекеті қырым хандығы қойған Жоңбыршы ханды Астраханьнан қуып шығып, оның орнына Исмаил Дервиш- Әлиді отырғызды. Ол Қырым татарлары мен ноғайларының көмегіне сүйеніп, Мәскеудің ықпалынан құтылуға күш салды. Орыс әскерлері жаңа жорық ұйымдастырып, ақыры 1556 ж. Астрахань хандығын басып алды да, оны Ресейге қосты. Сонымен Астрахань хандығы 1556 ж. IV Иван жаулап алғаннан бастап Ресейге қарады. Қазан хандығы. Қазанхандығы- Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде Еділ- Кама бұлғарларының жерінде құрылған феодалдық мемлекет. Оған Қазан бұлғарлары, марийлер, чуваштар, удмурдтар, мордварлар мен башқұрттар кірген. Астанасы Қазан қаласы болды. Қазан хандығындағы ұлы Мұхамед әулетінің алғашқы өкілі- Алтын Орданың ханы Мұхамед 1438 ж, ал оның ұлы Махмутбек 1446ж. орнығып, бұл хандықтың дербес өмір сүруіне негіз салды. Қазан хандығы тұрғындарының негізгі кәсібі егіншілік болды және мал шаруашылығымен, бау- бақша, балықшылық және аңшылықпен шұғылданды. Тастан салынған ғимарат сарайлар, биік мұнаралы мешіттер сәулет өнері мен құрылыс техникасының жақсы дамығандығын көрсетеді. Қазан хандығы Русьпен, Сібір, Персиямен сауда- саттық қарым- қатынас орнатты. Қазан хандығында жоғары өкімет билігі ханның қолында болды, бірақ оған ірі феодалдық кеңес бақылау жүргізіп отырды. Олардан кейін сұлтандар мен әмірлер, олардан кейін мырзалар, ұландар, жауынгерлер тұрды. Хандықтағы өндіргіш күштердің көбі қара халық болды, оған алым- салық төлеп, міндеткерліктер атқарып тұратын шаруалар мен басыбайлар, соғыс тұтқындары мен құлдар енді. Әкімшілік тұрғысынан Қазан хандығы ұлыстарға бөлінді. Феодалдар мен шаруалар арасындағы қайшылықтар нәтижесінде халық бұқарасының көтерілістері болып тұрды. (1445, 1531, 1545- 1546, 1551 ж). Мәскеу княздары Рустегі феодалдардың бөлшектенуін, өзара қырқысуларын пайдаланыпXVғасырда Василий II зағип тұсында Қазан хандығына ықпал жүргізуге тырысты. Бір орталыққа бағынған орыс мемлекеті болып біріккеннен кейін III Иван Васильевич тұсында (1462-1505) Қазан хандығы ыдырады. Түркістанда құрылған түркі хандықтары. XV ғасырдың 1-жартысында Қазақ хандығының құрылуын тарихшы Мұхамед Хайдар Дулати «Тарихи рашиди» атты еңбегінде былай көрсетеді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол жошы әулетінен шыққан хандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек пен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есен бұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батысындағы Шу мен Қозыбасы аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілхайыр дүние салды. Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі- ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханның қоластына көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды «қазақтар» деп атады. Керей мен Жәнібек хан 1465-1466 жылдары билік жүргізе бастады. Қазақ хандығының құрамына 4 хандықтағы - Әбілхайыр, Моғолстан, Ноғай және Сібір хандығына қараған көпшілік қазақ тайпалары енді. Алғашқыда қазақ хандығы батыс Жетісу жеріне орналасты. Қазақ хандығы Дешті Қыпшақтан келгендермен бірге Жергілікті рулар мен тайпаларды біріктірді. Қазақ хандығының белгілі жері болумен бірге, оның барлық халқы бір тілде сөйледі, шаруашылығы, тұрмыс-салты жақын болды.

Лекция тақырыбы: Интеграция жолындағы Түркі әлемі

Жоспары:

1. Интеграция – Түркі әлемінің сақталынуы мен гүлденуінің кепілі ретінде

2. Интеграцияның негізгі факторлары

3. Мәдени байланыстар - Түркі әлемі бірлігін нығайтушы негізгі фактор ретінде

Лекция мақсаты: Кеңес Одағының ыдырауымен тарих сахынасына шыққан тәуелсіз түркі мемлекеттерінің өзара ықпалдастық, ынтымақстатық жолындағы қарым-қатынастары мен интеграция жолындағы байланыстарын түсіндіру.

 

Лекция мәтіні: 1991 ж. 1 желтоқсанда болған бүкiлхалықтық сайлауда Н.Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды (қ. Қазақстан Республикасының Президентi). 10 желтоқсанда Қазақ КСР-iн Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы шешiм қабылданды. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстанның мемл. тәуелсiздiгi жарияланды. 1991 ж. желтоқсанда Тәуелсiз мемлекеттер достастығын (ТМД) құру мәселесi қаралды. Алдымен 8 желтоқсанда Минскiде Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесiп (қ. Беловеж нуы), КСРО-ны құру туралы келiсiм (1922) жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келiсiмге қол қойды. 13 желтоқсанда Орт. Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта бас қосып, “Беловеж келiсiмiн” қолдайтындықтарын мәлiмдедi. 20 желтоқсанда Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызия, Молдова, Ресей, Тәжiкстан, Түрiкменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда кездесiп, 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келiсiм хаттамасына қол қойды (1991). Қазақстанда осыдан кейiн егемен мемл. дамудың қарқынды жолына түстi. Бiртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсiз экон. жүйе, қаржы-кредит, салық және кеден мәселелерi, ҚР-ның мемл. рәмiздерi белгiлендi. 1992 ж. 4 маусымда мемл. жалау, елтаңба (герб), 11 желтоқсанда елұран (гимн) мәтiнi бекiтiлдi. 1992 ж. 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қабылданды. Осы жылы 29 қыркүйекте Алматы қ-нда Дүниежүзi қазақтарының құрылтайы ашылды.

1993 ж. қаңтарда тәуелсiз Қазақстанның бiрiншi Конституциясы қабылданды. Осыдан кейiн Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейдi. 1995 жылғы наурызда егемендiктiң тағы бiр белесi басталды. Қоғамдық бiрлестiктер көптеп құрылып, бiрқатар маңызды заңдар қабылданды. 1997 ж. ел Президентiнiң Қазақстан халқына үндеуi - “Қазақстан-2030 стратегиясы” жарияланды. Онда барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруы, қауiпсiздiгiнiң шарттары айтылды. Сондай-ақ, елдi дамытудың болашаққа арналған жоспар-бағдарламасы көрсетiлiп, оған жан-жақты талдаулар жасалды. 1995 ж. 30 тамызда республикада бүкiлхалықтық референдум өттi, нәтижесiнде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Жаһандану бағытына байланысты әлемде түбегейлi өзгерiстер болып жатыр. ҚР сырттан инвестиция тартып, ел экономикасын, халықтың тұрмыс деңгейiн көтеруге ұмтылып отыр. Осы мақсатқа, ең алдымен, ТМД елдерiмен байланыс күшейтiлдi. Қазақстан 1995 ж. 28 қаңтарда Ресей Федерациясы, Беларусь мемлекеттерiмен бiрлесiп Кеден одағына қол қойды. Кейiн оған Қырғызия, Тәжiкстан елдерi қосылып, Еуразиялық экон. одаққа айналды. 1999 - 2000 ж. ҚР, Өзбекстан, Қырғызия, Тәжiкстан елдерi өзара экон. кеңiстiк құру мақсатында Орт. Азиялық экон. қауымдастыққа бiрiктi. Сондай-ақ, аталған одақтарға мүше емес басқа да ТМД елдерiмен (Украина, Молдова, Әзербайжан, Армения, Грузия, Түрiкменстан) тығыз саяси экон. байланыстар орнатылды. Ресей Федерациясында 2003 ж. Қазақстан жылы болып жарияланды. Өзiнiң геосаяси жағынан ҚР үш өркениеттiң (Шығыс, Батыс, Қытай, т.б.) қиылысқан жерiнде орналасқан. Осыған байланысты ол аталған үш бағытта да аса белсендi сыртқы саясат жүргiзiп отыр. Қытаймен екi арада шекара мәселесi толық шешiлдi, сондай-ақ, сауда-экон. байланыстар жолға қойылған. ҚР шығыс бағытта Жапониямен, Оңт. Кореямен, Үндiстан, Пәкстан, АСЕАН елдерiмен тығыз байланыс орнатқан. Таяу Шығыс елдерiнен Түркия мен ҚР-ның егемендiгiн тұңғыш мойындаған ел ретiнде аса тығыз саяси, экон., мәдени байланыстар жасалуда. Бұған қоса Иран, Ауғанстан, Израиль және араб елдерiмен экон. және мәдени қарым-қатынастар жақсы дамыған. 1995 ж. желтоқсанда Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына толық мүше болуы бұл қатынастарды әрi қарай iлгерi дамытты. 1996 ж. Шанхай ынтымастығы (ҚР, Ресей Федерациясы, Қытай, Қырғызия, Тәжiкстан, кейiннен Өзбекстан) ұйымы құрылды. Азияда бейбiтшiлiк орнату мақсатында Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен 1999 ж. Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенiм шаралары жөнiндегi кеңес шақырылды. Аталған ұйымдардың барлығы да ТМД елдерiнде және Азияда бейбiтшiлiктi сақтау, экон. ынтымақтастықты дамыту мақсатында құрылған. ҚР-на инвестиция тарату мақсатында 2000 ж. 26 - 28 сәуiрде Алматыда “Еуразия-2000” экон. саммитi өттi. Оған Орт. Азия, Кавказ, Ресей Федерациясы, Таяу және Қиыр Шығыс, Оңт.-Шығыс Азия елдерi, Қытай, Үндiстан, Жапония елдерiнiң өкiлдерi, халықар. қаржы және экон. ұйымдар, БҰҰ құрылымдары қатынасты. 2001 ж. 22 қыркүйекте ел тарихында тұңғыш рет Рим папасы Астана қ-на келiп қайтты. 2003 ж. қазанда Астанада әлемдегi ең негiзгi дiндердiң форумы өттi.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 1061; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.