Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Арахандар мемлекеті 9 страница




Б.з.б. VII—VI ғасырда темірден соғылған құралдар мен қарулар пайда болды, көшпелі мал шаруашылығы шешуші шаруашылыққа айналды, мүліктік жіктеу күшейді. Көшпе-лілер, арасында рулық одақ, ал егіншілік аудандарда құл иеленуші мемлекет пайда болды. Солтүстік Қырғызстанда Сақтар (б.з.б. VIII—VII ғ.), кейін үйсіндер (б.з.б. I ғ. мен б.з. V ғ.-ы) өмір сүрді. Оңтүстік аудандар (б.з.б. II—I ғ.) Парфия мемлекетіне, кейін (б.з. I—IV ғ.) Құшан патшалығына қарады. Қырғызстанның оңтүстік аудандарында IV—V ғасырларда тоған таспа техникасы қолданылады, су диірмені пайда болды, канал жүйесі көбейді, ауыл шаруашынық дақылдарының жаңа түрлері (мақта) егілді.

Экономикалық өмірдің жаңа қоғамдық қатынастарының өзгеруіне байланысты егіншілік аймағында құл иеленуші мемлекет феодалдық мемлекет бірлестіктеріне ауысты, көшпелі тайпаларда да ерте феодалдық мемлекет пайда болды. V ғасырда Солтүстік Қырғызстанда көшпенділер отырық-шылана бастады.

VI—VII ғасырларда Қырғызстан Батыс Түркі қағандығының орталығына айналды. Астанасы — Суяб. Қалаларда қоғамдық еңбек бөлінісі пайда болды. VI—VIII ғасырларда Батыс Түркі қағандығына қараған тайпалармен бірге өзінің жазуы (Орхон жазуы) болды.

X ғасырдан бастап қырғыздардың Тянь-Шаньды мекендегені жайлы жазба деректерде баяндалады. Ол кезде Шу, Талас далаларында, Ыстықкөл жағалауыңда қалалар мен отырықшылар көбейе бастады. Олар Орта Азияның басқа аймақтарымен қарым-қатынас жасады. X ғасырдың орта шенінен XII ғасырдың соңына дейін қырғыз жеріне Қарахан мемлекетінің негізгі бөлігі қоныс тепті. Оның астанасы ТТТу бойындағы Баласағүн болды. Бұл кезде феодалдық қатынас едәуір дамыды. X—XII ғасырларда өндіргіш күштер сол кездегі дамудың жоғарғы сатысына жетті.

Талас даласы күміс және басқа металл өндірудің орталығына айналды, біраз қалаларда (Баласағүн, Үзген) қолөнер, сауда және мәдениет дамыды.

XIII ғасырдың бірінші ширегінде монғолдар қырғыз жерін жаулап алып, оған көшпелі тайпаларды қоныстандырды.

Тянь-Шаньның бір бөлігі және Шығыс Түркістан Шағатай ұлысының құрамына кірді.

XV ғасырдың екінші жартысыңда солтүсгік қырғыз жеріңде қырғыз тайпалары бірігіп, жеке хандық өз мемлекетін құрды1. XVI ғасырдың бірінші жартысында қырғыздар мемлекеті қазақтармен одақтасып, Моғолстан мен Ойрат шапқыншылығына қарсы табанды күрес жүргізді.

Біріккен казақ-қырғыз әскерлері Моғолстанда үлкен жеңіске жетті. Ол туралы «Тарих-иш-Шах Махмуд бин мырза Фазыл Чорс»— шығармасында: «Қазақтар мен қырғыздар (ендігі жерде) Моғолстанға аттап баса алмады. Ақырында Әбді-Латив сұлтан қазақ Хақназар ханды шауып, көп түтқын мен олжа түсірді. Хақназар хан қазақтар мен қырғыздарды жинап, ізіне түсті. Сұлтан жауды білмей, рақатқа батып, көңіл көтеріп жатты. Ал Хақназар хан мен басқа да алты төре оның ізінен қуып келді. Қазақтар мен қырғыздардың әскері түн ортасында сұлтанға шабуыл жасап, оның әскерін тас-талқан етті. Қатты жараланған сұлтан Хақназар ханға апарылды»2,— дейді. Осы жеңістен кейін біраз жылдан соң Моғолстан қазақтар мен қырғыздардан жеңіліп, Жетісу өңірі мен Тянь-Шаньда Қырғыз-қазақ мемлекетінің үстемдігі нығайды. Моғолстан мемлекетінщ негізгі жер аумағы Қырғыз-қазақ хандығына қосылды. Қырғыз-қазақ хандығы сыртқы жаумен күресте өздерінің жерін кеңейтіл, дербестігін сақтап қалды. Қазақ-қырғыз одағы жоңғарлармен күресте де ынтымақтылық көрсетті.

 

 

Лекция тақырыбы: Жаңа тәуелсіз түркі мемлекеттері

Жоспары:

1. Түркменстан

2. Әзербайжан

3. Түркия республикасы

 

Лекция мақсаты: Түркіменстан, Әзербайжан және Түркия мемлекеттерінің өткен тарихы мен бүгінгі тарихын салыстырмалы түрде талдау және қазіргі таңдағы бұл мемлекеттердің қарым-қатынастарын түсіндіру.

 

Лекция мәтіні: Қазіргі Түрікмен жерін адам баласы төменгі палеолит дәуірінде мекендей бастаған. Көне неолит (б.з.б. VI мың жылдықта)— джейтун мәдениеті түрікмен жерінде болған Копетдаг тау баурайындағы жазықтан Джейтун, Чопан-Тепе, Бами, Чагылды, т.б., ежелгі қоныстардың қалдықтары табылған. Ол дәуірдегі рулық қоғамда түрікмен халқы егін егу, мал өсіру, аң аулаумен шүғылданған.

Энолит дәуірінде Түрікменияда ану мәдениеті болды. Ондағы елді мекен қалдықтары Копетдаттың солтүстік тармақтары мен Теджен өзені сағасынан табылған. Бүл түста Түркменияда диқаншылық пен мал шаруашылығы кең өріс алды, бұрынғыдай тек арпа, бидай ғана емес, жүзім, қара бидай, сұлы т.б., дақылдар өсіретін болды. Қала типтес қоныстар салына бастады.

Түрікмен халқының тарихы ерте кездегі Орта Азияны мекендеген халықтар тарихымен тығыз байланысты. Б.з.б. I мың жылдықтың орта шенінде Түрікмен жерінде экономикасы жақсы өркендеген облыстар Маргиана мен Парфия болды.

Каспий теңізінің ощүстік-шығыс жағалауында Гиркания облысы болды да, Солтүстік жағывдағы далалы аймақтарды Массагет және Дах көшпелі тайпалары мекендеді. Б.з.б. VII— VI ғасырларда Маргиана Бактрияның, ал Парфия мен Гиркания Индия мемлекетінің құрамына кірді.

Б.з.б. VIIV ғасырларда бүл облыстар Ахмен әулеті мемлекетінің қол астында болды. Б.з.б. IV ғасырдың аяғында Түрікмения жерін Алексаңдр Македонский жаулап алды, б.з.б. III ғасырдың орта кезінде тау бөктеріндегі аймақта Парфия патшалығы пайда болды. Парфия патшасының резиденциясы (түрағы) Ниса қаласы болды. Б.з.б. 224 жылы Сасани әуле-іінен шыққан парсы патшалары Парфия патшалығын талқан-дап, оңтүстік Түрікменияның жерін басып алды.

Біздің заманымыздың I ғасырының орта шенінде Арал маңында Хунну тайпасы пайда болғаннан кейін үзақ жылдар ішінде жергілікті тайпалар соларға сіңісіп кетгі.

Солтүстік Түрікмения жер аумағында халықаралық шығу тарихында Алан тайпасы маңызды орын алды. V ғасырдың ортасында Түрікменияның көптеген жерін Эфталит тайпасы жаулап алды. Диқаншылықпен айналысқан аймақтарда феодалдық қатынастар VI ғасырға дейін пайда болды да, көп үзамай-ақ ол далалық аудандардағы көшпелі тайпалар арасына да таралды. Түрікменияның онтүстікжәне шығыс аймақтарында мақта, астық дақылдары, көкөніс-жеміс, жүзім өсірілетін болды. Мерв, Ниса, Абивердте жібек шаруашылығы өріс ала бастады. Ерте феодалдық дәуірдің езінде-ақ Мерв халықаралық сауда орталығына айналды.

VI ғасырдың орта кезінде Эфталиттер мемлекетін Түркі қағандығы жаулап алды. Түрікмения жеріндегі жергілікті көшпелі халықтар түркі тілдес тайпаларға бағынышты болды. Қағандық ыдырағаннан кейін түркі тайпалары Каспий бойындағы далалық аймақта және Дахистанда өз алдына дербес ел болды да, оны жергілікті ақсүйектер басқарды. VII ғасырдың Орта шенінде Түрікмения жеріне арабтар басып кірді, 716 жылы Араб Халифаты оның оңгүсгік бөлігін Каспий теңізінен бастап Амудария жағалауына дейін басып алды. Түрікменияның жергілікгі халқының басым көпшілігі ислам дініне кірді.

IX—XI ғасырларда Сырдарияның төменгі және орта ағысын бойлай және Каспий теңізінін; солтүстігі мен шығыс аймақтарына түркі тілдес Оғыз тайпасы келіп қоныстанды, олардың бірсыпырасы VIII ғасырда ислам дінін қабылдаған.

1040 жылы Селжук әулетінен шыққан көсемдердің басшылығымен оғыздар Түрікмения жеріне келіп орын тепті. Сөйтіп оғыздар түрікмен халқының қалыптасу негізіне қосымша себеп болды. Олар жергілікті түрғындармен араласып түрікмен атанып кетгі.

Түрікмениялық Селжук мемлекеті құрамына кіруі елдің экономикалық жағдайын жақсартып, феодалдық қатынастың одан әрі өркендеуіне себепкер болды. Феодалдық қагынастың дамуы арқасында ірі феодал-әмірлер пайда болды да, олар Селжук әулетіне қарсы шыға бастады. Мелик шахтың балалары империяны бірнеше иеліктерге бөлген кезде Санжар сұлтан қазіргі Түрікмен республикасы жерінде дербес мемлекет құрды, астанасы — Мерв (Мары) қаласы болды. Бүл мемлекет түрікмен халқының жерінде құрылған түрікмендердің ұлттық мемлекеті еді.

Санжар 1118—1157 жылдары өз мемлекетін нығайтып, феодалдық бытыраңқылыққа қарсы күрес жүргізді. Бірақ 1141 жылы Қарақытайлардан жеңіліс тауып, Орта Азиядағы билігінен айырылды. 1157 жылы Санжар өлімінен

кейін Түрікмен мемлекеті өмір сүруін тоқтатты2. Сонымен бірге 1158 жылы көшпелі оғыздар мен Хорасан бұқарасының көтеріліске шығуы Селжук-Түрікмен мемлекетін құлатып тынды.

XII ғасырдың аяғы мен XIII ғасырдың басында Түрікмения жер аумағы Хорезм шахтарыньщ қол астында болды, ал 1219— 1221 жылдары оны Шыңғыс ханның әскері басып алды.

Түрікмен тайпаларының негізгі кепшілігі Каспийдің Шығыс жағалауына және Узбой аңғарына барып паналады. Түрікмения жерін Алтын Орда, Шағатай ұлыстары және Хулагу мемлекеті бөлісіп алды. Түрікмендер Алтын Орда хандарына т.б. монғол билеп-төстеушілеріне қарсы талай рет көтеріліс жасады.

XIII—XIV ғасырларда түрікмен халқының қалыптасуы одан әрі өрістеді. Оның негізін қалағандар Солтүстік Түрікменияны және Үстіртті қоныстанған түрікмен тайпа-лары (Салыр, Языр, Алил) болды.

Хулагу мемлекеті құлаған соң (XIV ғасырдың ортасы) және Алтын Орда өлсірегеннен кейін (XIV ғасырдың 60-жылдары) Түрікмения жерінде жартылай тәуелсіз бірнеше феодалдық иеліктер пайда болды. Бүларды XIV ғасырдың 70—80-жылдары Темір өз мемлекетіне қосып алды. XVI ғасырда Темір мемлекеті құлады. XVI—XVII ғасырларда Түрікмения жерінің біразы Хиуа және Бүхара хандықтарының, қалған бөлігі Иранның қол астында болды.

XVI ғасырда Амудария суының Сарықамыс ойпатына құйылуы тоқтап қалды. Осының салдарынан ол манда егін щықпай, жергілікті түрғындар оңтүстікке қоныс аударды да, астық егуге жарамды Ахал, Атек, Мерв, Атрек және Гюрген аймақтарын иеленді. Тайпалардың жиі қоныстанбай, бытырап жүруі салдарынан түрікмендер XV—XVII ғасырларда өз алдына жеке мемлекет құра алмады. XVI ғасырдың 50 жылдарында оңтүстік-батыс Түрікмения түрғьщцары Аба Сердардың басшынығымен Иран өюмшшгіне қарсы көтеріліске шығып, Хиуа әскерінің көмегімен шаһ әскерін 3 рет талқандады.

XVI—XVII ғасырларда Орта Азшща екі хандық: Хиуа және Бүхара хаңдығы болды. Біріншісі Амударияның төменгі ағысы бойында орналасып, Түрікменияның біраз бөлігін қосып алды. Екіншісі — Маураннаһр мен Ферғана алқабы еді. Оның оңтүстік шекаралары Мерв алқабына дейін жетгі.

Түрікмеңдердің көшпілігі мал шаруашынығымен, сонымен бірге Копетдаттың тау бектерлершде, Каспий теңізі маңында және Хорезм оазисіңде егіншілікпен айналысты.

XVI ғасырда Түрікмен — Орыс байланысы дами бастады. Орыс — Түрікмен сауда орталығы Астрахан және Маңқыстау түбегівдегі жеке түбектер болды. XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында түрікмендердің біразы Ресей жеріне көшті де, кейіннен олар солтүстік Кавказға барып қоныстанды (Ставрополь түрікмендері).

XVII ғасырдың соңында қазіргі түрікмендер Түркмения-ның барлық аймақтарына қоныс теші. Іргелі тайпалары: Теке, Жаумыт, Ерсары, Гоклан, Салыр, Сарық, Чаудар болды. XV— XVII ғасырларда Түрікменияда феодалдық құрылыс үстемдік етгі.

Түрікмендердің тілі түркі тілінің оғыз тобына жатады. Түрікмендердің дінге сенушілері — мүсылман-суниттер.

Сонымен, Түрікмен халқының ұлт болып қалыптасуына оғыздардан басқа Сақ, Дай, Массагет, Сармат, Алан тайпаларының және ежелгі Маргаан, Парфия түрғындарының да ықпалы болды.

Ә зербайжан – ежелден келе жатқан бай тарихымен ерекшеленетін мемлекет. Бұл өлкеде тарих қазынасы ғасырлар бойы толығып, әлемдік мәдениет мұрағатына да соқпай кетпейді. Адамдар алғаш мекен еткен Азых үңгірінің табылуы Әзербайжанның тас дәуірін де бастан өткергенін дәлелдей түспек. ІІІ мыңжылдықтан б.з.д. І ғасырға дейін алғаш тайпалар қалыптасты. Б.з.д. ІХ ғасырда алғашқы саяси формациялар пайда болды: экономикасы мен мәдениеті жоғары деңгейде дамып, халқы табиғат күшіне сеніп, Күн мен Айға табынған Манна мемлекеті – соның куәсі.

Б.з.д. ҮІ ғасырдың басында Маннаны Мидиялықтар жаулап алып, ресми дін деп зороастризмді таныды. Ежелгі тарихында Антропатена және Кавказдық Албания мемлекеттері үлкен рөл ойнады. Әзербайжан ұлты қалыптасты. ІІІ-Ү ғасырларда Әзербайжан территориясына христиан діні тарады. Ү ғасырдың басында албан әліпбиі құрастырылып, біілмнің дамуына жол ашылды.

ҮІІІ ғасырдың басында әзербайжан территориясын арабтар жаулап алды. Ислам діні басты дінге айналып, Әзербайжан жаңа салт-дәстүр мен әлемдік мәдениетке ене бастады және де әлемдік мәдениетке өз қазынасын құйды: ғалымдар, ақын, сәулетшілер еңбегі әлемге танылды. Ортағасырларда Әзербайжан территориясында Қара-Қоюнлу, Ақ-Қоюнлу және Сефевид мемлекеттері бөлініп шықты. Еуропа мен Азияны сауда жолдарымен жалғап жатқан Әзербайжан территориясында ХҮІІІ ғасырда тәуелсіз хандықтар пайда болды. Алайда Ресей, Түркия және Иран арасындағы қайшылықтар ХҮІІІ-ХІХ ғасырда тереңдей түсіп, Әзербайжанды соғыс ошағына айналдырды. 1828 жылғы Түркменчай шарты бойынша Ресей мен Иран Әзербайжанды өзара бөліске салды.

Әзербайжан – ежелгі өркениеттер ошағының бірі, жанға дауа, бай табиғатымен ерекшелінетін тарихи мемлекет. Ежелгі тас дәуірінің қалдықтары Ханлар маңындағы Килликдаг тауынан табылды. Сол кездің өзінде Әзербайжан территориясында мал шаруашылығы дамып, халқы өзен жағалауларында арпа, бидай өсірумен айналысады. 10 мың жыл бұрын Бакуға қашық емес жердегі Гобустанда тұрған, есімі бізге беймәлім суретші сол уақтағы халық өмірінің көріністерін бейнелеп кеткен.

Кейінірек Әзербайжан халқы мыс игеріп, өз игіліктеріне қолданды. Нахичевандағы Кюльтепе төбесінен мыстан жасалған бұйымдар табылды. Б.з.д. ІІ мыңжылдықта Әзербайжан территориясында тұрған шаруашылықта қоладан жасалған пышақ, балта, қанжар, қылыштарды қолданған. Ондай бұйымдар Ходжалы, Кедабек, Дашкесан, Мингечаур, т.б. аудандарда табылды.

Б.з.б. ІҮ ғасырдың соңы – ІІІ ғасырдың басында қаіргі Солтүстік Әзербайжан жерінде ІІІ Дарийдің Ахеменид империясы құлағаннан кейінгі біріккен жиырма алты албан тайпасынан Кавказ Албаниясы құрылды. Территориясы солтүстікте Кавказ жотасынан оңтүстік Аракс өзені, батыста Гекча (Севан) көлінен шығыста Каспий теңізіне дейінгі алқапты алып жатты. Мемлекеттің астаналары ретінде Габала (Габалака), кейін (б.з. Ү ғасырдан бастап) Барда (Партав) қалалары белгілі болды. Страбон Албанияны саудасы мен мәдениеті жоғары дамыған елге жатқызды, ал птолемей Албаниядағы 30 ірі қаланы атап көрсеткен. Б.з. І ғасырдың соңындағы римдіктердің Помпей бастаған жорығынан кейін Албания Рим билігіне өтті. ІҮ ғасырда Урнайр патша ресми түрде христиандықты қабылдады. Бұл уақытта сонымен қатар албан жазабсы қалыптасты. Б.з.д. ІҮ ғасырдан бастап алабндар парсы жағында Александр Македонскиймен, кейін (б.з.д. І ғасыр) Риммен, б.з. басында көшпелі ғұндармен үздіксіз соғыстар жүргізді. 461 жылы Албания Сасанидтік Иранға тәуелділікке түсті. Алайда 487 жылы ІІІ Вачаган тұсында ел дербестігі қалпына келтірілді. Арабтар шабуылына ұшырағанға шейін Албания Кавказдағы ең дамыған мемлекет болды. Б.з.д. І мыңжылдықта бұнда Манна, Иским, Скит, Скиф және Кавказ Албаниясы мен Атропатена сияқты құдіретті мемлекеттер қалыптасты.

Б.з. ІІІ ғасырда елді Иран сасанидтері, ал ҮІІ ғасырда Араб халифаты оккупациялады.

387 жылы Ұлы Армения құлдырап, Әзербайжан территориясы Иран Сасанидтері мемлекетінің бөлігіне айналды. 654 жылы Әзербайжан территориясын арабтар жаулап алды. Әзебайжан тұрғындары иран тілінде сөйлегенмен, ислам негізгі діні боп қала берді.

ҮІІ ғасыр ислам дінінің қабылдануы Әзербайжан тарихына түбірлі өзгерістер әкелді. Ислам діні Әзербайжан территориясындағы түркі және түркі емес халықтардың арасындағы біртұтас халық, тіл, салт дәстүрдің қалыптасуына ықпал етті. Ислам діні таралған өлкелерде Саджид, Ширваншах, Саларид, Раввадид, Шеддадид мемлекеттері құрылып, Әзербайжанда жаңа саяси өрлеу басталды.

799 жылы (орталығы Шемахта) Ширваншахтар мелекеті құрылды. ҮІІ –Х ғасырда Әзербайжан территориясы бірнеше рет хазарлар мен рустардың шабуылына ұшырады. ІХ ғасырда Әзербайжан территориясын антиисламдық хуррамиттердің зороастрилық Бабек бастаған көтерілісі шарпыды. ХҮ ғасырда Ширванның (Солт. Әзерб.) астанасы Бакуге ауысты және сонда Ширваншахтар Сарайы тұрғызыла бастады. Ширванның ІІІ орталығы атақты ақын Низами Гянджевидің отаны Гянджа қаласы болды. Ширваншахтар мемлекеті ХҮІ ғасырға дейін өмір сүрді.

ХІІ ғасырда Әзербайжан Атабейлерінің мемлекеті құрылды. Астанасы – Тебриз. Олар Оңтүстік және Солтүстік Әзербайжанды біріктіріп, кейін ХІІІ ғасырда Хорезмшах Джалаледдин қолынан құлдырай бастады.

ХІІІ ғасырда монғолдық Хулагуидтер империясы құрылды (Ұлы Моғол империясы).

Хулагуидтер империясы құлаған соң олардың иеліктерін түркмен-оғыздардың Қара – Қоюнлу және Ақ-Қоюнлу деген бір-бірімен жауласқан мемлекеттер иемденді. Нәтижесінде Ақ-Қоюнлу жеңіске жетті. ХҮ ғасырдың ортасында Ақ-Қоюнлу мен Осман империясы арасында соғыс басталды. Бұл – адамзат тарихында әзербайжандар мен түріктер арасында ұзаққа созылған (400 жыл, үзілістер болды), қанды ды қатерлі соғыс болды.

Сефевидтер мемлекеті (1501-1736).

ХҮ ғасырдың соңы – ХҮІ ғасырдың басында Әзербайжан тарихында жаңа бір бет ашылды. Аса ірі қоғам қайраткері І Шах Исмаил Сефеви Әзербайжанның солтүстік және оңтүстік бөліктерін өз қоластына біріктіріп, кейін Таяу және Орталық Шығыстағы құдіретті империялардың біріне айналған біртұтас Сефевид мемлекетін құрды. «Шығыс Наполеоны» атанған Исмаил Шах жайлы Карл Маркс былай деген екен: «Исмаил Шах – он төрт жылда он төрт елді басып алған жаулаушы».Астанасы – Тебриз қаласы. Халықаралық сауда байланыстары кеңейді, экспортқа аршылмаған жібек шығарылды. Исмаилдың басты жауы османдар болды. Мақсаты әділеттілік орнату, шиит аймағындағы ислам халқын қалыптастыру еді. Алайда 1514 жылы Чалдырандағы шайқаста үлкен жеңіліс тапты. Оның намысына тимек болған І Сұлтан Салим жаралы императордың отбасын тұтқынға алды. Оның түріктерге қарсы күресінде Англия мен Португалия одақтастары болды (олар ислам мемлекеттерінің күшеюін қаламаса да).

Соғыс салдары: түркмен тайпалары қоныстанған Шығыс Анатолия Түркияға өтті. Бұл өз кезегінде Әзербайжан тарихына, сонымен қатар тілі мен мәдениетіне ауыр соққы болды.

ХҮІ-ХҮІІІ ғасырда Түркия мен Персияның Закавказьедегі үстемдік үшін кезекті соғыстары жүрді. Бұл күреске кейінірек Шығыстағы ықпалын нығайтпақ оймен Ресей де қосылды. Ресей үкіметі Каспий теңізінің жағалауына тұрақтағысы келді. ХҮІІІ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Бакуға қоса Решттан Астрабадқа дейінгі облыстар Ресейге өтті. Англия мен Франция да Шығыстағы рөлін кеңейтпек боп, Кавказдағы Ресей билігінін күшеюіне толықтай қарсылық білдіріп, Түркияны Ресеймен соғысқа итермелейді. 1723 жылы жазда сұлтан әскері Грузияға еніп, 1723 ж. соңы - 1724 ж. басында Закавказьенің біршама облыстарын жаулап алды. Ресей Швециямен соғыстан шығып, жаңа соғысқа кіруге мүмкіншілігі болмады. 12 (23) маусымдағы 1724 жылғы Ресей мен Түркия арасындағы Константинополь (Стамбул) шарты бойынша Ресейге Баку, Сальяны және Ленкорань енді.

1734 – Персия билеушісі қолбасшы Нәдір Түркиядан Гянджаны тартып алды.

1735 – Ресей Персия және Түркиямен соғысқа түсуден бас тартып Каспий жағалауындағы Бакин губерниясының облыстарын Персияға өткізді.

1735 жылы наурызда Персия мен Ресей арасында Гянджа шарты жасалып, Ресей әскері Баку мен Дербентті тастап шықты.

Бірінші осман оккупациясы. ХҮІ ғасырдың соңында Сефевид империясы үздіксіз соғыстардан әлсіреп, ақырында бкіл Әзербайжан территориясы османдар жаулауына түсті. Әзербайжан мен Ирандағы үстемдігі жиырма жылды қамтыды. Сефевидтердің тағына мұрагер І Исмаил Шахтың шөбересі І Аббас Шах (587-1629) жаулаушылардан елді азат еткісі келді. Бұл жолы османдарға қарсы күресте түркмен-қызылбашылар емес, парсы аристократтары басшылық етті. Қысқа уақытта Аббас Шах әскер жиып, түріктерді ойсырата жеңіп, ХҮІІ ғасырдың басында бұрынғы Сефевид империясы территориясын түгелдей дерлік қайтарып алды. Алайда әзербайжан мемлекеттік тіл статусын жоғалтты.

Екінші осман оккупациясы. ХҮІІІ ғасырдың басында Сефевидтер империясы қайтадан әлсіреп, бүкіл Әзербайжан мен Иран территориясы түріктер жаулауына ұшырады. Жаңа осман оккупациясы алты жылға созылады. Бұл жолы османдарға қарсы Нәдір-Кули хан қолбасшылық етті және Сефевидтер династиясы билігін аяқтады.

Сефевидтер мемлекеті құлағаннан кейін билікке келген Нәдір-шах (түркі афшар тайпасынан шыққан) османдарды елден қуып шығып, одан әрі бұрынғы Сефевидтер империясының шекарасын кеңейтті. Ол 1739 жылы Солтүстік Үндістанды (Делимен қоса) басып алды, алайда Нәдір-шах дүниеден өтісімен империя құлдырау жолына түсті.

ХҮІІІ ғасырдың аяғында Иранда билікке Гаджарлар келді (Әзербайжан династиясы). Олар өз саясаттарына Нәдір-шах билік еткен барлық территорияны бағыдыруды, сонымен қатар Әзербайжан хандықтарын бір орталықтан билеуді енгізді.Әзербайжан хандықтары (1747-1826) Солтүстік – Батыс Иранда құрылды: Карабах, Шекин, Ширван, Бакин, Гянджа, Кубин, Нахичевань, Дербент, Тебриз, Урмий, Сараб, Ардебиь, Гарадаг, Марагин, Макин, Талыш, сонымен қатар т.б. ұсақ сұлтандықтар.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 1186; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.