Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

І лекция

Когнитивтік лингвистика

ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Тақырыбы: Тіл біліміндегі ғылыми бағыттар

Тіл білімінің теориясы мен тарихын жақсы түсіну үшін ХІХ ғасырдағы жаңа ғылыми бағыттардың, ағымдардың, көзқарастардың, түрлі ғылыми мектептердің ерекшеліктерін ажырата білу керек. Жаңа ғылыми бағыттар мен ағымдардың туындауына негіз болған басты себептердің бірі – тілге деген жаңаша түсінік, түрлі анықтамалар мен оның өзіндік мәнін, ерекшелігін, қызметін айқындауға байланысты айтылған пікірлер мен сан алуан көзқарастар еді.

Лингвист ғалымдар тілді сан алуан аспектіде қарастырады. Міне, осыдан келіп лингвистердің пікірлері бірнеше жікке жарылады. Олардың біразы тілді қоғамдық құбылыстар қатарында деп қараса, енді біреулері тілді жаратылыстану құбылыстарына жатқызады. Ал, келесі біреулері тілді жеке адамдардың психикасына, яғни сөйлеу ерекшелігіне жатқызып, оны психология ғылымының қатарына қосады. Бұл тәрізді сан алуан пікірлер тілге анықтама беруде пікір қайшылықтарына әкеп тіреді. Көтерілген мәселелерді шешуде тіл білімінің тарихында бірнеше көзқарастар мен ағымдар, әр түрлі бағытты ұстанған лингвистикалық мектептер болды.

Тіл білімін зерттеудегі жоғарыда айтылған түрлі ғылыми бағыттар мен олардың ұстанған принциптері алуан түрлі болсада негізгі үш бағыт аясында жүргізіліп келе жатқанын тіл білімі тарихына көз жүгірту арқылы аңғаруға болады. Олар біріншіден, с труктуралистік (құрылымдық) бағыт. Бұл бағыттың негізгі ұстанымы тілді өз ішінен зерттеу болды. Структуралистік бағыт ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр басына дейін кең қанат жайып, тілді өз ішінен зерттеу мәселесінде көптеген жетістіктерге жетті.

Ал екінші бағыт антропоцентристік парадигма деп аталады. Антропоцентристік парадигма өз бастауын Еуропадан В. фон. Гумбольдттың лингвофилософиялық концепцияларынан алады. Бүгінгі таңда антропоцентристік парадигма өте қарқынды зерттелу үстінде. Антропоцентристік парадигма негізінен «тіл-қоғам-адам», «тіл-мәдениет-өркениет», «тіл-ұлт-мәдениет» деген үштіктердің негізінде зерттеу бағыттары жүргізіліп жатыр. Жалпы «антропоцентристік» немесе «антропоцентризм» деген терминді осы бағытты зерттеуші ғалымдар екі түрлі қолданады. Олардың кейбіреуі «антропоцентризм» дегенді «этнолингвистика» деген термин мен ауыстырып та, қолданатын кездері бар.

Салыстырмалы–тарихи тіл білімі. Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді біртіндеп дамып, өзгеріп, отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеу ісіне салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан, яғни ХІХ ғасырдың басынан басталады.

1816 ж. Неміс ғалымы Франц Бопп санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парыс, герман тілдіріндегі етсітіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі арқылы аталған тілдердің туыстығын дәлелдеді. Кейінірек те ол бұл тілдерден жинаған материалдарын иран славян, балтық, армян тілдері мәнбілерімен толықтыра келіп, 1833-49 жылдары «Үндіеуропа тілдерінің салыстырмалы грамматикасын» жазды.

Когнитология (когнитивтік ғылым) (лат. cognitio — таным + грек. logos — ілім) — таным теориясын, когнитивтік психологияны, нейрофизиологияны, когнитивтік лингвистика мен жасанды интеллект теориясын біріктіретін пәнаралық ғылыми бағыт.

Когнитологияда жасанды интеллект теориясынан алынған компьютерлік модельдер психология мен жоғары жүйке қызметі физиологиясынан алынған эксперименталды әдістер адам миының жұмысы жөніндегі дәл ілімдерді дайындау (жасау) үшін бірге қолданылады.

Когнитологияның пайда болуына ноосфера жөніндегі ілім себеп болған деп есептеледі. Когнитологияның қалыптасуына мүмкіндік туғызған негізгі техникалық жетістігі миды сканерлеудің/тексерудің жаңа әдістері болатын. Томография және басқа да әдістер алғаш рет адам миына іш жағынан үңілуге, оның жұмысына назар аударып, қандай тетіктер арқылы әрекет ететінін анықтауға тікелей жол ашты. Бұрынғыдан едәуір жетілдірілген аса қуатты компьютерлер де үлкен роль атқарды.

Когнитологияның қазіргі кездегі қарқынды дамуына қарап, жуық арада «ақыл-ес құпиясын» ашуға да аз уақыт қалған сияқты деп пайымдайды ғалымдар. Яғни бұл адамның жоғары жүйке қызметіне жауапты, оны реттеп отыратын мидағы процестерді сипаттауға және түсіндіруге мүмкіндік туады дееген сөз. Бұл, өз кезегінде, күшті жасанды интеллект жүйесін жасауға негіз болады деп болжайды ғалымдар. Сондай-ақол жүйеге өз бетімен оқу-үйрену, шығармашылық, адаммен еркін сөйлесу сияқты қасиеттер тән болмақ.

Когнитологияның негізгі құрамдас бөліктері:

· жасанды интеллект;

· когнитивтік психология;

· когнитивтік лингвистика;

· когнитивтік этология;

· математикалық логика;

· неврология;

· нейробиология;

· нейрофизиология;

· Сана философиясы;

· Когнитология —білімдер жөніндегі ғылым; адамның білімдерді алу, өңдеу, сақтау және қолдану әдістері мен тәсілдерінің жүйесі.[1]

· Когнитология — таным процесін зерттейтін ілім.[2]

· Когнитология — қоғамның жиынтық интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру және қолдану заңдылықтары жөніндегі ғылым.[3]

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Тема 23. Правовая культура и правосознание | ІІ лекция
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 1506; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.017 сек.