Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Орытынды




Бұл дәрісте туроператор менеджерінің құжаттармен жұмыс жасаудың негізгі элементтері көрсетілді.Туроперейтинг құжаттарының басты классификациясы қаралды.

 

Дәрістерге әдістемелік нұсқау

Студент бұл дәрістен құжаттардың құрылу ерекшелігіне басты назар аударуы тиіс. Құжаттардың классификациясын шатастырмай, ретімен жасай алуы тиіс.

Әдебиеттер:

1. Ильина Е. Н., Туроперейтинг: организация деятельности, Москва, 2005

2. Ушаков Д.С, Туроперейтинг, «Март», Москва, 2004

Қосымша әдебиет

1.Ассоциация авторов и издателей «Тандем» Гостиничный и туристский бизнес, М.,1998

2. Исмаев Д.К., Основная деятельность туристской фирмы, Москва, 2008

Дәріс10.Туристік кәсіпорындақолданылатынқаржылық-экономикалық қызмет-тердің әдістері

Дәрістің мақсаты: Туристік кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау әдістері мен қаржылық-экономикалық қызметінің баланстық және ішінара әдістері, қаржылық қызметін талдауды қарастыру болып табылады.

Дәріс сұрақтары:

1.Туристік кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау әдістері

2.Туристік кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметінің баланстық және ішінара әдістері

3.Туристік кәсіпорынның қаржылық қызметін талдау

 

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: айналымнан тыс активтер, айналымдағы активтер, қорлар, дебиторлық берешек, қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша қаражаттары, капитал мен резервтер, ұзақ мерзімді міндеттемелер, меншікті айналым құралдары, өзіндік құн.

Туристік кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістеріне кіреді: бухгалтерлік баланс көрсеткіштерін анықтау мен қаржылық көрсеткіштерді есептеу.

Бухгалтерлік баланс – бұл айналымнан тыс активтер, айналымдағы активтер, қорлар, дебиторлық берешек, қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша қаражаттары, капитал мен резервтер, ұзақ мерзімді міндеттемелер (ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар), сонымен бірге қысқа мерзімді міндеттемелер, несиелер мен қарыздар, кредиторлық берешек, басқа да пассивтер мен баланс валютасы.

Қаржылық көрсеткіштер – меншікті айналым құралдарының көлемі, шығындар мен қорлардың құрылуының негізгі көздерінің жалпы көлемі, меншікті айналым құралдарының артық немесе кем болуы, сонымен қатар қорлар мен шығындар құрылуының негізгі көздері, қаржылық шиеленісушілікті азайтатын көздер.

Туристік кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайы келесі критерийлер бойынша бағаланады: қанағаттандырылмаған, қанағаттандырылған, жақсы, өте жақсы.

Туристік кәсіпорынның экономикалық тиімділік көрсеткіштері. Туристік кәсіпорынның экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіші болып рентабельділік табылады. Ол капитал салымдары немесе негізгі қорлар негізінде құрылған өнімнен түскен пайда қарым-қатынасын бейнелейді.

Бұл көрсеткіштен басқа аймақта туристік кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін зерттеуде төмендегідей көрсеткіштер қолданылады:

рекреациялық-экономикалық – табиғи-ландшафттық кешен бағасы, жердің экологиялық және де тарихи, мәдени ескерткіштер жағдайы;

турөнім бағасын есептеу – тасымал, туристердің орналасуы мен тамақтануы, мәдени іс-шаралар, туристік кәсіпорын шығындары;

маркетингтік – болжанған қызмет нарығы сегментін талдау;

салааралық – аймақтық экономика жағдайының бағасы мен оның даму перспективалары;

туристік объектілердің инвестициялық жобалануы – туризм дамуының аймақтық қорларын құру, туристік объектілердің (қонақ үйдер, мотельдер) тиімділігін анықтау.

Территориялық туристік кешендердің дамуын реттеудің әдістері. Ол әдістер аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу тәсілдерін реттейтін зерттеулер үшін қолданылады. Зерттеулер берілген аймақтағы туризм дамуының тенденцияларын табуға бағытталуы тиіс: мысалы, қандай өндіргіш күштерді орналастыруға болады, аймақтық туристік жобаларды құруда не нәрсеге назар аудару керек, аймаққа қандай ірі инвестициялық жобаларды тартуға болады, аймақтық жоспарлау жүйесінің қандай әдістемелік негізін құруға болады, туристік кешендегі басқару мен шаруашылығын жүрізудегі ұйымдар.

Айтылған аспектілерден аймақ турбизнес дамуындағы квазимемлекет болып табыла ма, аймақ квазиұйым, яғны ірі меншік субъектісі (аймақтық, муниципалды) және туризмдегі экономикалық қызмет бола ала ма; аймақ белгілі шекаралары бар нарық болып табылады ма деген сұрақтарды көруге болады.

Мамандар жұртшылықтың назарын экономикалық қызметтің жалпы жағдайларына аударуы керек, соның ішінде кәсіпкерлердің қызметі үшін жайлы жағдайлар жасап, олардың аймақтағы іскерлік белсенділігіне жәрдемдесулері тиіс. Зерттеулердің барлығы құрылу кезіндегі аймақтық нарықтардың спецификасын анықтауға, турөнім мен қызметтердің жылжуы мен бағасын құруға, еңбек және несие-қаржылық ресурстардың ерекшелігіне, нарық қоры мен ақпаратқа бағытталуы керек.

Берілген тәсілдер бойынша зерттеудің шеңберінде ерекше бағыт – туризмнің аймақтық маркетингін бөліп көрсетуге болады. Аймақ жақсы тұрмыс деңгейін, еңбек ресурстарымен толықтыруды, білім мен денсаулық сақтаудың сапасының жоғарылауы, дәстүрдің қалыптасуы мен қоршаған ортаны қорғауды бірінші орынға қоятын, белгілі бір территорияда өмір сүретін адамдардың ортақ меншігі болып табылады.

Аймақтық турбизнесті зерттеу барысында келесі зерттеу әдістері қолданылады: жүйелік сараптама әдісі, жүйеге келтіру әдісі, экономикалық-географиялық зерттеу әдістері, картографиялық әдіс, экономикалық-математикалық модельдеу әдісі, көпөлшемді статистикалық сараптама әдісі. Көп өлшемді ақпараттың кең таралған сараптама әдісіне факторлық сараптаманы (кластер-анализ) жатқызамыз.

Экономикалық модельдеу. Аймақтардағы туризмнің экономикалық дамуын зерттеуде басты кластерлер әдісі мен аймақтық объектілер сараптамасының реттік классификациясын қолдануға болады. Математикалық әдістер (аймақтық модельдеу) қолданылатын аймақтық туризм дамуының ғылыми бағытын регионометрика деп атайды. Берілген қызмет саласында таксондау әдісі, аймақтың өндіргіш күштерінің вариативті әдісі, әлеуметтік зерттеулер әдісі және т.б әдістер кең қолдау тапты.

Аймақтардағы туристік бизнестің дамуындағы басқару үрдістерін зерттеуде келесі әдістерді қолдануға болады: транспорт, байланыс, қонақ үй кешені, рекреация, телекоммуникация, нарықтық инфрақұрылым, банктер, аудит, сақтандыру, консультация сияқты қызметтердің дамуына жайлы жағдайлар жасау.

Туристік кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін айқындау үшін аймақтандыру (зонирование), жерді қолдану ережесі, салық салу, субсидиялар, жеңілдіктер мен кепілдіктер сияқты әдістер қолданылады. Сонымен қатар зерттеу кезінде біріккен жобалар жасауға немесе коммерциялық емес ұйымдармен қарым-қатынас жасауға септігін тигізетін серіктестік және туристік бизнес пен әкімшілік кооперациясы сияқты бағыттарды да ескеріп отырған жөн.

Экономикалық модельдеу тұтынушыларды көптеген шығынға ұшырататын жетекшілердің дәлелсіз тәжірибелерінен (эмпирикалық сынақ және қателіктер) сақтауға көмектесетін туристік кәсіпорынның жұмыс істеу шарттарының өзгерісімен байланысты. Экономикалық модельдеуді оны құраушы факторлар мен нәтижелерін шартты белгілермен белгілеп экономикалық модель ретінде де сипаттауға болады. Осындай модельдерді анықтап, оларды ғылыми негізді басқаруға, жұмыстың тиімділігін бақылау үшін және басқарудың басқа да қызметтерін іске асыру үшін қолдануға болады.

Туристік кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметінің баланстық және ішінара әдістері

Баланстық әдіс туристік кәсіпорынның даму болашағын анықтау үшін, оның еңбек ресурстарын тиісінше бөлу, туристтерді саяхатқа жіберу немесе қабылдау процестерін талдау, валюталық кірістер мен шығындарды анықтау сияқты қызметтерінде қолданылады. Баланстық әдіс өз кезегінде өнімдер мен бекітілген ресурстар ағынының динамикалық жүйесін дамытудың жоспары мен болжамы (шығындар – шығарылым, өндіріс – қолданыс, шеттен әкелу – шетке шығару, кіріс – шығын), кіріс пен шығыс бөліктерінің арасындағы детерминанттық байланыстылық және талдаудың есеп айырысу әдісі ретінде де айтылады.

Таңдаулы әдіс әлеуметтік зерттеулер мен экономикалық сараптамада қолданылады (туристтік нарық маркетингі). Таңдаулы әдіс кездейсоқ таңдалып алынған жиынтық объектілерінің қасиетін осы жиынтықтың бөліктерінің қасиетін зерттеу негізінде анықталатын математикалық статистикалық әдісті көрсетеді.

Туристтік кәсіпорында материалды айналым құралдары меншікті айналым құралдарымен және несиелік берешекпен толық қамтамасыз етіледі. Көп жағдайда меншікті айналым құралдары жеткіліксіз болып қалады, сондықтан қаржылық тұрақтылықты арттыру мақсатында туристтік кәсіпорындар материалдық айналым құралдарын толықтыру үшін қысқа мерзімді несиелерді тартады. Айналым құралдарының толықтай және материалдық айналым құралдарының жекелей айналымы белгіленген қаржылық кезеңде өсуі мүмкін. Егер материалдық айналым құралдарының айналым кезеңі төмендесе, онда құралдардың біраз бөлігін босатып алып, соның есебіне қосымша пайда табуға мүмкіндік береді.

Дебиторлық және кредиторлық берешекті салыстырғанда келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді, туристік кәсіпорында кредиторлық берешек сомасы басымдылық көрсетеді және оның өсу қарқыны дебиторлық берешектің өсу қарқынынан айтарлықтай жоғары. Себебі, кредиторлық берешектің айналу жылдамдығы дебиторлыққа қарағанда төмен, бұл туристік кәсіпорынның төлем қабілеттілігін жақсартады, бірақ пассивтарының нашарлауына алып келеді. Туристік кәсіпорын жұмысында көбінесе қолма – қол есеп айырысу жүргендіктен, ақша құралдырының айналым кезеңі елеусіз қалады.

Туристік кәсіпорын қызметінің рентабельділігі өзіне келесі көрсеткіштерді қосып алады: пайда, сатудан түскен кіріс, салық салуға дейінгі кіріс, шығынды жабу салымының коэффициенті, залалсыздық көлемі, қаржылық тұрақтылық қоры, операциялық тұтқа, сату рентабельділігі. Бұл көрсеткіштерді талдау туристік кәсіпорын дамуын көрсетеді, персоналдың жоғарғы іскерлік белсенділігін айғақтайтын әр жұмыскердің пайда көлемінің өсуін айқындайды.

Туристік кәсіпорынның қаржылық қызметін талдау.Сыртқы және ішкі талдау. Туристік кәсіпорын қызметінің сыртқы талдауы келесі көрсеткіштерді өзіне қосыпалады: қарыз және автономия коэффициенті; жеке меншік және несиелік құралдар арасалмағы; жеке меншік қор көзін қамтамасыз ету коэффициенті; меншікті айналым құралдар көзін қамтамасыз ету; қор және айналым құралдары бойынша маневрлеу; тұрақты активтер индексі.

Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие толығымен болмаса, меншікті құралдар көлемі несиелікке қарағанда бірнеше есе көп болады. Туристік кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы кәсіпорынның сыртқы көздерге тәуелділігі тұрғысынан меншікті капитал рентабельділігінің бақыланған төмендеу шартына байланысты болады. Сондықтан несиені тарту арқылы рентабельділікті жоғарылатудың маңызы бар.

Туристік кәсіпорын қызметін ішкі талдауы өзіне келесі көрсеткіштерді қосып алады: меншікті айналым құралдарының болуы; қор; қорлардың меншікті айналым құралдарымен қамтамасыз етілуі; меншікті айналым құралы және қысқа мерзімді несие; қорлардың меншікті айналым құралдарымен және қысқа мерзімді несиемен қамтамасыз етілуі; меншікті айналым құралдары; қысқа мерзімді несие және кредиторлық берешек; қорлардың меншікті айналым құралдарымен, қысқа мерзімді берешекпен және несиемен қамтамасыз етілуі.

Ішкі көрсеткіштердің өтімділігі және төлем қабілеттілігін талдау мынадай көрсеткіштерді қосып алады: қор, дебиторлық берешек, ақша қаражаты, қысқа мерзімді берешек, ағымдағы және ішкі өтімділік.

Айналым құралдарының, қорлардың, дебиторлық және кредиторлық берешектің айналым көрсеткіші кәсіпорынның тиімді жұмысы кезінде қаржылық кезең соңына қарай өседі. Айналым ұзақтығының (күніне) төмендеуі құралдарды бөліп алуға және қосымша пайда табуға мүмкіндік береді, ол айналым және айналымнан тыс құралдарды олардың көлемін төмендетпей тиімді қолданылуының айғағы болып табылады.

Егер туристік кәсіпорын несиелік құралдарды қолданбаса, ол өзінің меншікті құралдар рентабельділігін төмендетеді. Егер кәсіпорын несиені төлеуге қабілетті болса, онда өтімділік балансының бағалануына қарамай, орта мерзімді кезеңге (6...12 ай) несие алғаны дұрыс.

Пайда және еңбекақы төлеу қорының өсу арақатынасын талдау. Пайда және еңбекақы төлеу қорының өсу арақатынасын талдау бір жұмыскерге келесі көрсеткіштерді қосып алады: еңбекақы төлеу қоры, пайда, орта тізімді сан, орташа жылдық жалақы, еңбекақы төлеу, 1% пайда өсіміне байланысты еңбекақы төлеу қорының өсуі.

Орташа жылдық жалақы өсуі мүмкін және ол еңбекті бағалаудың төменгі деңгейіне сәйкес келеді. Бұл жағдайда жалақы төмендейді. Еңбекақы төлеу қорының көрсеткішіне қарағанда баяу қарқынмен өсетін жалақының төменгі деңгейі бір жұмыскерге қатысты пайда көрсеткішіне ықпал етеді.

Туристік кәсіпорында ай сайын калькуляциялық есеп жүргізіледі, сондықтан бір айдың ішіндегі табыс, шығындар мен пайданың байланысын есептеп шығаруға болады. Табыс, шығын мен пайда көрсеткіштері келесі көрсеткіштерден тұрады: бір ай ішіндегі тұрақты және ауыспалы шығындар, пайда. Өнім бірлігі мен өнім бағасына кететін тұрақты және ауыспалы шығындардың көлемін біле отырып, маржиналды әдісті қолдана отырып қызмет көрсетудегі шығынсыздық орнайтын қызмет көлемін анықтауға болады.Бір есептік мерзім ішінде туристік кәсіпорын белгілі бір соммаға туристік қызметтерді сатады. Бұл сатылған қызметтердің көрсеткіші болып табылады. Осыған сәйкес еспетік кезең ішінде сатылым көлемінің қалай өзгеретіндігін бақылауға болады.

Турөнімді өндіру және сатуды талдау. Турөнімді өндіру мен сатудың көрсеткіштері: орналастыру орындары, қосымша қызметтер, басқа да қызметтер, ақшасыз есеп айырысу бойынша қызметтер, бөлшек саудадан қызметтер, қолма-қол ақша үшін қызметтер. Егер кәсіпорында белгілі бір уақыт аралығында турөнімнің өсу тенденциясы байқалса, көрнекілік үшін турөнімнің өндірілу мен сатылу көрсеткіштерінің графигі жасалады.

Турөнімнің сатылу көрсеткіштері келесі көрсеткіштерден құралуы мүмкін: тауарлық өнім, таза нормативті өнім. Осылайша, таза нормативті өнімді есептеу кезінде тауарлық өнімнің өсу темпі, мысалы нормативті таза өнімнің өсуінің жоғарғы қарқындылығы туристік кәсіпорынның қызметтің дерексіз түрімен айналыса бастағанының белгісі.

Турөнімді сату құрылымы келесі көрсеткіштерден тұрады: қонақ үйде тұру, қосымша қызметтер, ақшасыз есеп айырысу қызметтері, бөлшек пен көтерме сауда қызметтері, қолма-қол ақшалай есеп айырысу бойынша қызметтер. Бір қаржылық жылдың ішіндегі жоспарлы пайданы біле отырып, осы мерзім ішіндегі туристік кәсіпорынның қызметінің ырғақтылығына талдау жасауға болады. Ол талдау арқылы өнімдердің сатылуының ырғақтылық коэффициентін, сонымен қатар алынбаған пайда мен тоқсан ішіндегі ырғақтылықтың бұзылуын анықтауға болады.

Кәсіпорында есепті кезеңнің соңына қарай материалдар мен қаражат айналымдарының белгілі бір көлемі қалады. Олардың ішінде ерекшеленетіндері: туристік кәсіпорынның жөндеу жұмыстарына арнылған құрылыс материалдары, автокөліктер үшін жанармай мен бөлшек және көтерме саудаға арналған туристік тауарлар. Кәсіпорынның материалдық айналым құралдарымен қамтамасыз етілу коэффициентінің өсуі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының өскенін көрсетеді.

Қызметкерлердің тізімдік құрамын қолдануды талдау. Талдаудың бұл түрі келесі көрсеткіштерден тұрады: жоспар бойынша жұмысшылардың орташа саны, бір адамның жұмыс істеген барлық күндерінің саны, кәсіпорынның жыл бойы істеген күндерінің жалпы саны, жыл ішіндегі жұмысшылардың орташа саны, тізімдік құрамның қолданылу коэффициенті.

Қызметкерлердің тізімдік құрамының қолданылуын талдай отырып, еңбек ресурстарын қолданудың интенсивті жолдары туралы шешім қабылдауға болады. Туристік кәсіпорынның жыл ішіндегі жұмыс істеген күндерін қысқарту арқылы бір адамның жұмыс істеген күндер санын арттыруға болады. Нәтижесінде іс жүзінде жұмыс істейтін қызметкерлердің орташа саны артады.

Жыл сайын басшылардың, мамандардың, қызметкерлердің саны бекітіліп отырады. Мысалы соңғы үш жыл ішіндегі қызметкерлердің тізімдік құрамы турөнімнің маусымдық сатылуына байланысты 10 адамнан 20 адамға дейін өскен болса, осы маусым ішіндегі қызметкерлердің жұмысының тиімді қолданылуының графигі жасалады.

Қарастырылатын кезең ішіндегі кадрлардың алмасуы, жұмысшылар құрамының ішіндегі жетекшілер мен мамандардың үлесі, жоғарғы білімі бар қызметкерлердің үлесі ескеріледі. Бұл жағдайда есепті кезең үшін төленетін жалақы қоры жоғарылауы мүмкін.

Еңбекақының табысқа әсерін талдау. Талдаудың бұл түрінің құрамына кіретін көрсеткіштер: еңбек ақыны төлеу қоры, табыс, орташа тізімдік құрам, орташа жылдық жалақы. Егер орташа жылдық жалақы 12% өссе, еңбек ақының төмен болуына не себеп бола алады. Еңбекақының төмен болуы бір қызметкерге келетін табысқа әсер етеді.

Бір қызметкерге келетін еңбекақы мен табыстың өсу темпі келесі көрсеткіштерге байланысты: бір қызметкердің табысы, бір қызметкерге келетін табыс пен еңбекақының өсі қарқындылығының қатынасы.

Турөнімнің өзіндік құнын сараптау. Бұл сараптама келесі көрсеткіштерді қамтиды: кезеңнің басы мен аяғына кеткен шығын элементтерін; абсолюты ауытқуларды; пайыздық динамиканы; материалдық шығындарды; еңбекке төленетін шығындарды; әлеуметтік жәрдемақы төлемдерін; негізгі қордың амортизациясын; басқа да шығындарды.

Егер турөнімнің өзіндік құнын туристтік кәсіпорынның есепті қаржылық жылдағы шығындары деп алатын болсақ, онда ол артты. Негізінен ол материалдық шығындар мен еңбекақының арту салдары. Бұндай жағдайда басқа да шығындардың көлемі абсолютті төмендеуі мүмкін, ал амортизациялық шығындар әсер етпейтін мөлшерде төмендейді.

Әрқашанғы шығындардың өсуі турөнімнің өзіндік құнына қарқынды ықпал етеді. Өндіріс көлемін арттыру және жекелеген шығындардың көлемін азайту өзіндік құнын төмендетсе де, шамалы әсер етеді.

Бақылау сұрақтары

 

1.Кәсіпорын өзінің рентабельділігін қандай әдістермен көтере алады?

2.Туристік өнімді өндіру және өткізудің көрсеткіштер графигі қандай мақсаттар үшін құрастырылады?

3.Туристік өнімнің сандық мөлшеріне әсер етуде тізбектеп қойылу әдісі нені білдіреді?

4.Ішкі көрсеткіштердің өтімділігі және төлем қабілеттілігін талдау дегеніміз не?

5.Таңдаулы әдіс дегеніміз не?




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 906; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.037 сек.