Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Орытынды. Бұл дәрістетуристік кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістері




Бұл дәрістетуристік кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістері, бухгалтерлік баланс көрсеткіштерін анықтау мен қаржылық көрсеткіштерді есептеу, бухгалтерлік баланс,туристік кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметінің баланстық және ішінара әдістері, экономикалық модельдеу, турөнімді өндіру және сатуды талдау, қызметкерлердің тізімдік құрамын қолдануды талдау, еңбекақының табысқа әсерін талдау, турөнімнің өзіндік құнын сараптау сұрақтары ашып қарастырылды.

 

Дәрістерге әдістемелік нұсқау

Студент бұл дәрістен құжаттардың құрылу ерекшелігіне басты назар аударуы тиіс. Сондай-ақ туристік кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістері, бухгалтерлік баланс көрсеткіштерін анықтау мен қаржылық көрсеткіштерді есептеу, қаржылық-экономикалық қызметінің баланстық және ішінара әдістері, экономикалық модельдеу, турөнімді өндіру және сатуды талдау, қызметкерлердің тізімдік құрамын қолдануды талдау, еңбекақының табысқа әсерін талдау, турөнімнің өзіндік құнын сараптауды білуі тиіс.

Әдебиеттер:

1.Барчуков И.С. Методы научных исследований в туризме. Учеб.пособие. – М.: Изд.центр «Академия», 2008.

2.Ильина Е. Н., Туроперейтинг: организация деятельности, Москва, 2005

3.Ушаков Д.С, Туроперейтинг, «Март», Москва, 2004

Қосымша әдебиет

1.Ассоциация авторов и издателей «Тандем» Гостиничный и туристский бизнес, М.,1998

2. Исмаев Д.К., Основная деятельность туристской фирмы, Москва, 2008

Дәріс 11.Туристік кәсіпорынның қаржылық қызметіндегі ішкі аудиторлық бақылау әдістері мен ревизия

Дәрістің мақсаты: Туристтік кәсіпорынның қаржылық қызметінің ішкі аудиторлық тексерісінің жүргізу тәсілдерін, санаториялық жолдамаларды іске асырудағы ішкі бақылау, санаториялық жолдамаларды іске асырудағы ішкі бақылау мәселелерін қарастыру болып табылады.

Дәріс сұрақтары:

1.Туристтік кәсіпорынның қаржылық қызметінің ішкі аудиторлық тексерісін жүргізу тәсілдері

2.Тексеру (ревизия) - ішкі бақылаудың құрамдас бөлігі ретінде

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: ревизия, регистр, инвентаризация, ревизор, аудит, аудитор, ішкі тексеру.

Туристтік кәсіпорынның қаржылық қызметінің ішкі аудиторлық тексерісін жүргізу тәсілдері

Аудиторлық бақылау қаржы есеп бойынша бұрыс фактілерді анықтауға мүмкіндік береді. Аудиторлық бағалауға турөнімдегі жеке баптардағы шығындардың абсолюттік және салыстырмалы рәсімдерді жатқызуға болады. Олар дұрыс болуы мүмкін, бірақ есеп кезде регистрден басқаға аударғанда қателіктер болуы мүмкін.

Мысал ретінде, санаторий туристік кәсіпорын арқылы жолдаманың белгілі бір мөлшерін сатуы мүмкін. Санаторийлерде қызметкерлердің жұмыс істеуі және клиенттер қабылдау күндері жоғарылады. Туристтік кәсіпорынның жұмысын қадағалау үшін әр ай сайын сараптама жүргізіледі: жолдамалардың ұзарту мерзімі; орналастыру қызметін көрсету; тамақтану мен емделуге жатқызылатын демалушылардың санын анықтау; жанадан келгендер мен емделуге және тамақтануға жатқызылатындардың санын тіркеу кітап мәліметімен салыстыру.

1...2 күндік санаторлық жолдамамен келгендердің санына назар аудару керек. Сол күндері емдеу рәсімдері жүргізілмейді, ол туралы рәсімдерді қабылдау журналында жазылады. Бухгалтерияға жіберілген құжаттарда тек орналасуға, тамақтануға арналған немесе ұзартылған жолдамаға бағытталған дәрі-дәрмектер, дәрілік құралдар емдеу рәсімдерін есептен шығару мүмкін. Егер бұл рәсім ерекше тербелістерді анықтамаса онда тексеруші бұндай қателіктер минималды деген қорытынды шығара алады.

Аналитикалық рәсімдердің бірі ол- есеп кезеңін жоспарланған мезгіл көрсеткіштерімен салыстыру болып табылады. Туркәсіпорындағы графикалық әдіс жөндеу жұмыстарын орындау графигін, құжат айналым графигін, сондай-ақ басқа да жоспарлау сұрақтар графигін және олардың орындалу мерзімі үшін пайдаланылады. Жоспарлау құжаттарында келесі реквезиттер көрсетіледі: атауы; шаруашылық операцияның мазмұны; шаруашылық операцияның өлшемдері; шаруашылық операцияның орындалуына және оның дұрыс тіркелуіне жауапты лауазымды тұлғалардың атауы; жеке қолтаңбалар және олардың атаулары.

Операцияның нысанына, нормативтік актілердің талаптарына, бухгалтерлік есептің методикалық үкімдеріне және тіркеу ақпараттық айналым технологиясына байланысты алғашқы құжаттарға қосымша реквезиттер толықтырылуы мүмкін. Құжаттың кез-келген өзгерісі туркәсіпорынның саясатымен бекітілуі тиіс. Әр шаруашылық операция жетекшімен, бас бухгалтермен немесе уәкілетті тұлғамен қадағалануы тиіс.

Қонақжайлы индустриядағы (қонақ үй, санаторий) меншіктің, міндеттеменің және оның тіркеу мәліметке сәйкестік жағдай анализі қоймада, ас үйде, барда, дәріханадағы қалдықтарды тексеру үшін қолданылады.

Жүк әкелуші және басқа да дебиторлар мен кредиторлар есеп шоттарының тексеру актілерін құрастыру бұрыс немесе нақтылықсыз, сондай-ақ шартты жасасқан сәттегі мүлдем болмайтын реквезиттерді көрсеткен сатып алушылар мен жүк әкелушілерді анықтауға мүмкіндік береді.Есептердің тәртібі және әкелу шарттар сараптамасы жетекші жұмысшының кез-келген жүк әкелушіге немесе сатып алушыға жеке қызығушылығын, сондай-ақ қарыздың болдырмауын анықтауға мүмкіндік береді.

Мысалы, кассалық қолма-қол ақша, жоспарлы инвентаризация бақылау-кассалық машиналармен жұмыс істейтін санаторий кассирі және операциянист кассирлармен жасалған ішкі бақылау операцияның іскерлік аналитикалық процедуралар болып табылады. Инвентаризациялар кассадағы ақша құралдарының лимитін бақылау және санаторийдің орталық кассаға құрылымдық бөлімшелердің күн сайынғы пайданың жүйесін бақылауға мүмкіндік береді.

Кемшілік сараптамасы – бұл нақты және нормативті шығындар арасындағы кемшіліктер себебін анықтау және мөлшерін есептеу процесі болып табылады. Оны келесі шығындар бойынша жүргізуге болады: демалушылардың тамақтануына жіберілген азық-түлік бағасы; тура еңбек шығындар; жөндеу материалдар бағасы; демалушылардың емделуіне және сауығып кетуіне бағытталған шығындар; жалпы шаруашылық шығындардың кемшіліктері.

Азық-түлік шығындар кемшіліктері бір күнгі шығын сметамен қарастырылған жалпы мөлшердегі нақты және нормативті шығындар арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Азық-түлікпен материалдардың бағасы бойынша жалпы кемшілік қабылданған методика мен формулаларға сәйкес есептелуі мүмкін. Шығындардың жалпы кемшілігі арнайы азық-түлік түрлеріне бағасындағы кемшілікпен түсіндірілуі мүмкін.

Азық-түлікпен материалдар бағасындағы кемшіліктерді анықтау үшін нақты және нормативті баға арасындағы айырмашылықты жеке түрлер бойынша анықтауға және оны шығындалған азық-түлік немесе материалдық нақты көлеміне көбейту керек. Азық-түлік пен материалдық нақты көлемін пайдалану бойынша кемшіліктер сәйкес методикалармен, формулалармен есептелінеді.

Сараптама азық-түліктердің барлығына және жөндеу жұмыстарына жұмсалған құрылыс материалдар түрлеріне жасалады. Кемшіліктерді анықтау алгоритмін қолданып бір төсек-күн және бір адам-күн есебімен әр құрылымдық бөлімше бойынша сандық және мөлшерлік түрде еңбек шығындардың кемшіліктерін есептеуге болады. Тура еңбек шығындардың жалпы кемшілігі нақты және нормативті еңбек шығыны арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

Еңбек ақысы бойынша кемшілік жұмыс уақытының шығындары және еңбек ақының көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты болуы мүмкін. Еңбек шығынның төлеу көрсеткіштері бойынша кемшілік қабылдаған методикалар мен формулаларға сәйкес есептеледі.

Еңбек шығындарының кемшілік анализі қабылдаған методикаларға сәйкес анықталады. Кемшілік қайдан пайда болғанын анықтау үшін жұмысшылардың әрбір категорияға кемшіліктер анализін жүргізу қажет. Туркәсіпорын санаториның жолдамаларын толық сатқан жағдайда, штаттық кесте бойынша көрсеткіш еңбекті ақыландыру жағдайымен бекітілген коэффицентке көбейтілген жағдайда кемшіліктер пайда болады. Жоғары дәрежелі жұмысшылардың жылдық демалысы кезінде қосымшаларберілген жағдайда теріс кемшіліктердің пайда болуы мүмкін.

Санаторийде ішкі қадағалау кезінде асхана жүйесі арқылы таратылуға арналған диеталық өнімді дайындауға көңіл бөлу керек. Жеткізу келісім-шарттарын алдыңғы жылдардың бухгалтерлік балансы арқылы ішкі қадағалау кезеңінде жеткізудің орындалмай қалғанының болуына назар аударады. Мақсаты- алдыңғы жабдықтаушыларын қалдыру немесе басқа серіктестерді іздеу керектігін анықтау.

Санатроийлер өздерінің қызметін делдалдық кәсіпорын үшін тауар болып табылатын жолдамамен рәсімдейді. Жолдаманың сатуы олар арқылы санатроийдің табысын төмендейді.

Санаторлық жолдамаларды іске асырудағы ішкі бақылау келесі анықтайды:

· Аумақтағы жалдамаларға баға анализі;

· Делдалдық кәсіпорындармен іске асырған және тікелей санаториәмен сатылған жолдамаларға бағалардың тербеліс сараптамасы;

· Мезгіларалық кезеңдң санаторлық жолдаманың сатылуымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың марапаттау және жеңілдіктер дүйесін бақылау;

· Графиктерде есепке алып кіру мерімдерін қадағалау анализі;

· Санаторий және жалдамаларды таратушылардың келісім шарттың оындау анализі;

Санаторлық қызметтерге аумақтағы бағаны зерттей отырып, санаторийдің орналасуын, қосымша қазметтердің көлемін, қазіргі таңдағы медициналық құрал жабдықтардың болуы, ұсынылған әдістіғ емдеу мөлшерін және түрін ескеру қажет.

Алдын ала белгілеген жеңілдіктер мөлшері кәсіпорындар, агенттер және т.б. делдалдарға іске асыруды санатройлық жалдамаларды беру талай жеңілдікке ие:

· Шартты жасасқан жауапты тұлғаның жеке қызығушылығынан аулақ болуға мүмкіндік береді.

· Туркәсіпорындармен ұзақ мерзімді байланыс орнатуға мүмкіндік береді,

· Басқа делдалдарда әр түрлі бағамен бір түрлі нөмірлерде дәл сондай жолдамаларды алу бойынша конфликттік жаңдайларды болдырмайды.

· Жеңілдіктер жүйесі төмен қызмет көрстуінен көптеген санаторийлер үшін табыссыз болып табылатын мезгіларалық кезіңде жолдамаларды іске асыру үшін туркәсіпорындарды шаыруға мүмкіншілік береді.

Санатопий мен туркәсіпорын арасындағы келісім шарттың ажырамас бөлігі келу күннің, жолдаманың көлемі және емдеудің мерзімінің белгіленімен келу графиктері болып табылады. Келу графиктер негізінде қаржылық ағымның жоспарлауына және материалдық өндірістік қорларды дайындау жүзеге асырылады.

Ішкі бақылаудың талдаулық процедураларды пайдаланған кездегі талдау нәтижелерін кемшіліктерді жою және оларды болашақта болдырмау үшін жағдай жасау мақсатындабасқару шешімдерін қабылдау үшін қорытындылау керек.

Тексеру ішкі бақылаудың құрамдас бөлігі ретінде.

Туркәсіпорынның жарлығымен тексеру комиссиямен немесе кеңес директорлар мүшелерімен (бақылау кеңесі) не біркелкі атқарушы органның функцияларын жүзеге асырған тұлғамен не коллегиалдық атқарушы орган мүшелерімен мүліктік қатынастарды байланыстармайтын тексеру комиссияның немесе аудитордың атқару функциялары қарастырылған.

Туркәсіпорындағы тексеру комиссиясының қызметі Қазақстан заңнамасымен реттеледі. Акционерлердің жалпы жиналысымен тексеру комиссиясының жағдайы анықталады. Онда тексеру комиссиясының мәртебесі, құрамы, қызметі мен құзыреті, іс әрекеті және басқа да басқару органдарымен қатынасын анықтайды.

Тексеру комиссиясы туркәсіпорынның құжаттарын және қаржылық экономикалық қызметін бір жылда бір рет тексереді. Тексерулер акционерлер жиналысы, директорлар, акционерлер кеңесі, сондай ақ комиссияның өзінің инициативасы бойынша жүргізіледі. Тексеру комиссиясы туркәсіпорын атынан жасалған шарттарды, контрагентермен есептерді, сонымен қатар бухгалтерлік және статистикалық есептерді жүргізу анализін заңға сәйкестігін тексеріс жүргізуге құқығы бар. Онда қаржылық экономикалық және өдірістік қызмет, нормативтер мен ережелер, техникалық шарттар тексеріледі.

Ревизорлар туркәсіпорының қаржылық жағдайын, оның төлеу қабілетін, активтердің жойылуын, жеке және жалға алу құралдарының қатынасын сараптау мүмкін.

Ревизиялық комиссияның құзыретіне келесі кіреді: экономикалық жағдайдың резервін жақсартуы; қызмет, жұмыс. Өнәм тасымалдаушыларға дұрыс төлеуін; бюджнтке төленетін төлемдерін; дивиденттердің есепке алу және төлеу, басқа да міндеттемелерді орындауға анықтау болып табылады. Ревизорлар туркәсіпорындадың баланстың, сондай ақ салық және статистикалық органдар үшін есеп құжаттарын дұрыс құрылуын анықтай алады. Олар заңнамамен және нормативтік актәлермен айырмашылыған өзгертуге ұсыныс жасайды. Өзінің қызметін дұрыс орындау мақсатында, ревизиялық комиссия туркәсіпорындардың басқару органдарының, оның құрылымдық бөлімшелерден және қызметтерден, сондай қ лауазымды тұлғалардан құжаттар мен материалдарды алуға құқығы бар. Ревизиялық комиссияның мүшелері тексеруге қатысты құжаттар мен материалдарды қарап шығуы тиіс. Бұрыс қорытындылар үшін олар жауапкершілікке тартылады. Оның жазасы акционерлер жиналысымен анықталады.

 

Бақылау сұрақтары

 

1.Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерін тексерудің арнайы әдістері мен амалдарының маңыздылығы неде?

2.Аудит дегеніміз не?

3.Туристік кәсіпорынның ішкі бақылау процедурасы нені білдіреді?

4.Тексеру комиссиясы туркәсіпорынның құжаттарын және қаржылық-экономикалық қызметін жылынаа қанша рет тексереді?

5.Туристтік кәсіпорынның қаржылық қызметінің ішкі аудиторлық тексерісін жүргізу тәсілдерін атаңыз?

6.Ішкі бақылаудегеніміз не?

7.Туркәсіпорындағы тексеру комиссиясының қызметі қандай құжатпен реттеледі?




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 934; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.