Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дара организмдер экологиясы. 3 страница




Биосфера - өзін құрайтын 3 құрамдас бөлігімен сипатталады. Олар - атмосфера, гидросфера және литосфера (жер қабығы). Ноосфера - ақыл-ой сферасы екенін одан әрі зерттеулер жүргізген В. И. Вернадский, Э. Леруа, Т. Шарден сынды ғалымдар: "..Адамның ақыл-ой, мемлекеттер саясаты, ғылым жетістігі, т.б. адамзаттың биік адами деңгейі табиғат пен қоғамның гормониялық дамуын жүзеге асыратын ноосфера" - деген қорытындыға келген.

2.Тірі заттың әлемдік ролін анықтау. Академик В.И.Вернадский биосферадағы тіршілік процестерін зерттей келе химиялык элементтердің бір тобын "тірі заттар" - деп атады. Олар биофильді заттар деп аталатын сутегі, көміртегі, оттегі, азот, фосфор және күкірт элементтері еді. Биофильді элементтердің атомы тірі организмдердін денесінде күрделі органикалық қосылыстар түзе отырып, көмірсулары, липидтер, белоктар және нуклеин қышқылдарын құрайды. Ал, бұл органикалық заттар тіршілік тірегі екені мәлім.

В.И.Вернадский биосфералық қалыптасу және даму эволюциясындағы "тірі заттардың" ролін өте жоғары бағалады. Әсіресе, тірі организмдер оған қоса адам баласының іс-әрекеттерінің биосфера шегіндегі биогеохимиялық фактор ретіндегі ролін бағалай келіп биосфера өзін-өзі реттеп отыратын табиғи жүйе екендігін дәлелдеді. Яғни, планетадағы ең жоғарғы сатыдағы дамыған тіршіліктің ұйытқысы түрлі организммен байланысты екенін баса айтты. Шын мәнінде тірі организмдер ғарыштық энергияны жердегі химиялық энергияға айналдыра отырып планетадағы тіршіліктің көп түрлігіне әкеледі. Осының бәрі биосфе­радағы химиялық элементтердің миграциясы болып табылады. Бұл процестер табиғаттағы зат және энергия айналымдарымен шектеліп, биосфера шегіндегі ғаламдық зат алмасулардың үздіксіз қозғаушы күшіне айналады.

Ең басты мәселе биосферадағы айналымдардың қалдықсыз жүруі. Нәтижесінде, биосфера деп аталатын үйімізде ешбір басы артық зиянды қосылыстар түзілмейді, бәрі де қайтадан айналымға түсіп табигаттың өзін-өзі тазартуы жүріп жатады. Ол процестердің ең басты қозғаушы күші - Күн екенін есте шығармауымыз керек.

3.Антропогендік әрекеттік концепциясы. В.Н.Вернадский табиғаттағы зат айналымдарының тұрақты даму процесіндегі адамның роліне ерекше мән берді. Тіптен, оның дәлелдеуінше адам баласы теңдесі жоқ биосферадағы ең қуатты геологиялық күш ретінде бағалады. Яғни, болашақтағы биосфераның тағдыры адамзаттың ақыл-ойының сапасында немесе деңгейінде екенін болжай келе өзінің өте маңызды теорияларының бірін тұжырымдады. Ол - биосфераның жаңа тұрғыдағы ұғымы мен сипаты - ноосфера туралы болжамдар жасады. Ал "ноосфера" деген терминді ғылымға енгізген француз математигі Леруа еді. Академик В. Н. Вернадский өзінің 1944 жылы жазған еңбегінде: "Болашақ планетаның ұсқыны мен тыныс тіршілігі адам баласының ақыл-ойы мен парасатына байланысты дамиды және тәуелді болады. Ең бастысы адамзаттың санасыз ақыл-ойының нәтижесіне байланысты биосфера тағдыры шешіледі", - деген тамаша болжамын айтқан болатын. Шын мәнінде, казіргі биосфераның тұрақтылығы тек адам баласының қолында екенін әрбір көзі ашық, көңілі сергек мүшесі түсініп отыр. Бірақ та, планета тұрғындары ноосфера идеясын айтушы ғұлама ақыл иелерінің болжай айтқан шындығын бағалай білмеді. Жұмыр жер адам баласының бұрын-соңды болмаған небір зорлық-зомбылығына ұшырады. Ғылыми техникалық процесс (FTП) қазіргі биосфераның тағдырын басқаша шешті. Небәрі соңгы 70-100 жыл ішінде адам баласының іс-әрекеті мен ықпалы табигаттың геологиялық жылдар бойы қалыптасқан ұсқының мүлдем өзгертті. Жер шарында тіршілік жоқ жерлер, тіршіліксіз құмдар, шөлдер, тақырлар пайда болды. Ауа райы өзгеріп, табиғат байлықтары сарқыла бастады. Адам баласы табигат байлықтарын меңгеру былай тұрсын, оған пайда көзі ретінде қарап барынша ластап, айналымга келмейтін бөгде заттар мен қоқыстарды шығара бастады. Нәтижесінде, адам баласы өзіне-өзі көпе-көрнеу ор қаза бастады. Яғни, жаппай қырып-жоятын атом қарулары, улы химиялык препараттар, концерегенді, т.б. тіршілікке зиянды заттар табиғаттың тепе-теңдік заңдылықтарын бұзып, планетаның өзіне қауіп төндіре бастады. Мәселен, XX ғасырдың аяғындағы көмір қышқылы газының атмосферадағы көлемі қалыптасқан тепе-тендіктен (оттегімен салыстырғандағы) 0,03 %-тен 0,034 %-ке көбейіп отыр.

 

 

Дәріс№7.

Тақырыбы:Тұрақты даму проблематикасы.

1.Әлеуметті-экологиялық дағдарыс және тұрақты даму. Тұрақты қоғам моделі, оның іске асу касиеттері мен принциптері.

2.Тұракты дамуды қамтамасыз етуде халықаралық қызмет атқару. Тұрақты даму теориясын ғылыми анықтауда халықаралық ұйымдардың қызметі (NEF-New Есоnоmіс, Fоundation, Халықаралық тұрақты даму институты, МИУР, Канада, БҰҰ қызметі).

3.Қорғалатын территориялар қоршаған ортаны қорғаудың бір түрі ретінде. Генетикалық әртүрлілікті қорғау. Биосфералық резерваттар. Биосфералық резерваттарды дамытудағы Севиль стратегиясы. Қызыл кітап. Халықаралық ұйымдардың кұжаттары.

4.Қоршаған ортаны корғау жене табиғатты тиімді пайдалану негіздерін жасау -биосфераның ноосфераға ауысудағы қажетгі кезеңі.

Орнықты даму

Жаңа өркениеттің басым құндылықтарының біріне «орнықты даму» концепциясы жатады. Ең алдымен, орнықты даму концепциясын адамзат тарихында алғашқы рет Рим клубының өкілдерінің тұжырымдап бергенін еске алған жөн. Рим клубының он баяндамаларында қазіргі экологиялық жағдайды талдау негізінде Батыс өркениетінің ғылыми-техникалық экспансиясының нәтижесінен туындаған қазіргі әлемнің жүйелік дағдарысы туралы қорытынды жасалды. «Қазір, — деп жазады Ф. Сен-Мара, — біз, табиғи кеңістіктің жетіспеуінен және өлсіздігінен болашақ адамзаттың өмір сүру қауіпсіздігін пайымдау арқылы түсінілген» табиғат ғасырына — «жаңа заманға аяқ бастық» {Сен-Мара Ф. Социализация природы. — М., 1977. — С. 54). Рим клубының бірінші баяндамасының авторлары бойынша, өркениеттілік дағдарыс шекті кеңістікте экспоненциалдық дамудан туындайды. Егер өткен ғасырларда ғылыми-техникалық прогресс индустриалдық қоғамды дамыту арқылы адамзат алдында тұрған қиындықтар мен мәселелерді шешуге себебін тигізсе, онда бұл күндерді прогрестің өзі адамзат үшін қауіп төңдіріп түр. Алғашқы баяндамаларда адамзат дамуының болашағы жөнінде пессимистік сарындар басым болса («даму шектері», «нөлдік даму», «болашақтық шок»), кейін қазіргі адамзат дамуын-дағы бағыттарды өзгертетін кең көлемді бағдарламалар түйінделді (Нэсбит Д. және Эбурдин П. Мегатенденциялар. 2000 жыл. Бізді 90- шы жылдары не күтеді? — Москва, 1982). Осы және басқа да еңбектерде адамзаттың «бүкілғаламдық тепе-теңдік» пен «орнықты дамуға» қол жеткізе алатындығы дәлелденді. Бұл тек қана өндірісті жаппай дамытумен шектелмейтін, адамдық дамуды алдыңғы қатарға шығаратын және жер бетінде өмір сүретін барлық адамдардың негізгі талап-мұқтаждықтары мен құндылықтары өтелетін, әркім өзінің тұлғалық адами мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын (Д. Медоуз) өркениеттілік қалыптасып келе жатқандығын білдіреді. Осындай орнықты және тұрақты, үйлесімді дамуды жүзеге асыру үшін қажет мөлшердегі ауылшаруашылық өнімдерін өндіре алатын, жан басына шаққандағы ресурстарды қамтамасыз ететін минималдық деңгейінен аспайтын даму және демографиялық шектерді анықтау қажет. Орнықты даму концепциясының жаңа мыңжылдықтың табалдырығындағы қазіргі адамзат болмысының өзекті мәселесі екендігі 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта мен орнықты даму жөніндегі халықаралық конференцияда аталып өтті. Осы жиын қабылдаған Декларациядан үзінділер келтірейік:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 943; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.