Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Принцип 25




Принцип 6

Принцип 3

Принцип 1

«Адам жөнінде қамдану орнықты дамуды жүзеге асырудағы әрекеттерде орталық орын алады. Адамдардың табиғатпен үйлесімді, салауатты, жасампаз өмір сүруге құқығы бар...»

«Даму құқығы бүгінгі және болашақ ұрпақтардың даму және қоршаған орта салаларындағы негізгі қажеттіктерін әділетті түрде жүзеге асыруы керек».

«Дамушы елдердің, солардың арасында, бірінші кезекте, ең төмен дамыған және экологиялық жағдайы қауіптілерінің ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне басты назар аудару керек».

«Әлем, даму және қоршаған ортаны қорғау бір-біріне байланысты және бөлінбейді» (Ноосфера — устойчивое развитие. — Алматы, 1996. — № 1. — С. 22—28).

Орнықты даму принциптерінің өлшеуіші ретінде адам алынады. Соңғы жылдары әлем елдерін салыстыру білімділік деңгейін, адамдардың орташа жас мөлшерін және басты қажеттіктерін өтеу сапасын қамтитын адамдық даму индексі арқылы жүргізіледі. Адамдық көрсеткіштерді ескермейтін, тек табиғатты пайдалануға бағытталған, табиғи және әлеуметтік қоршаған ортада тұтынушылық пиғылдағы ұстаным шынайы кісілік байлықты дамыта алмайды: адамды белгілі бір жоспарлар мен стратегияларды жүзеге асыратын құрал ретінде қарастырған жөн емес, керісінше даму жоспарлары адамға қызмет ету керек. А. Печчеи атап өткеніндей, «адамда біздің барлық шешілмеген мәселелеріміздің негізі жатыр, онда барлық үміттеріміз бен ұмтылыстарымыз қордаланған, және ол біздің барлық арманымыздың түйіні» (Печчеи А. Человеческие качества. — М., 1980. - С. 183, 184). Өсу үшін өсу адамзаттың мүдделеріне қайшы келеді — ол өмір сапасын жоғарылатудан гөрі, керісінше, төмендетіп жібереді. Экономикалық даму гуманды мақсаттарға қызмет етуі керек және осы міндетке сәйкес болса ғана өзін-өзі ақтай алады. Қоршаған ортаның тежеусіз ластануы, қалалық конгломераттардығы автокөліктің көбеюінен пайда болған шу мен зиянды смог, тұлғасыз бюрократтану мен руханилыққа қарсы стандарттау, нәпсіқұмарлыққа жарнама мен өндірісті пайдалану, жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс және халықаралық саудадан түсетін пайда арқылы өлшенгенде экономикалық даму болғанымен, ол адамзаттың түбегейлі мүдделеріне ыңғайлы және қолайлы емес. Орнықты даму жүйесінде барлық құрылымдар адамдық табиғаттың ізгі және гуманды негіздерімен айқындалады және мынадай адамгершілік құндылықтарын жүзеге асыруға бағытталған:

— әлем азаматтарының тең құндылығының көрінісі ретінде бүкіл дискриминация мен қорлауға қарсы тұратын теңдік;

— әрбір тұлғаның негізгі құндылықтарының және олардың бас-қалармен еркін үйлесімділігін білдіретін бостандық;

— демократия және адамдардың экономикалық, саяси және қоғамдық өмірде толыққанды қатысуы;

— ортақ мүдде мен өзара сыйласуды білдіретін және басқаға деген туысқандық пен сүйіспеншілік сезімін аңғартатын бірегейлік;

— халықтардың өзіндік ерекшеліктерін дамытатын және әртүрлі елдердің арасындағы мәдени құндылықтар алмасуының құралы болатын мәдени әртүрлілікті сақтау;

— салауатты қоршаған ортаны сақтау (Тинберген Ф. Пересмотр международного порядка. — М., 1980).

XX ғасырдың соңындағы орнықты даму

Орнықты даму XX ғасырдың соңындағы жаңа бағдарларды тереңдету арқылы мүмкіндікке ие болды. Американдықтар Д. Нэсбитт пен П. Эбурдинолардың арасында мыналарды атап өтеді: а) 90-шы жылдардың барысындағы экономикалық жедел даму және жаңа технологиялар;

ә) әлеуметтік реттеу элементтерін ерікті нарықпен үйлесімді қосу;

б) әмбебап өмір салты және мәдени ұлтжандылық;

в) приваттық (жекеше) және мемлекеттік дәулеттілік тенденцияларын үйлесімді қосу;

г) өнердің, көркем мәдени еттің қайта жаңғыруы;

ғ) діни өркендеу;

д) тұлға салтанаты.

Барлық осы бағдарлар негізінен дамыған елдерге тән, сондықтан орнықты даму концепцияларында әр елдің даму деңгейін еске алған жөн. Мәселені зерттеушілердің атап өткеніндей, Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы ұлғайып бара жатқан алшақтық әлемдік өркениеттің түрақтылығына қауіп тудырады. Сондықтан Рио-92 декларациясында нашар дамыған елдердің жалпы кешеуілдеуін тоқтатуға үлкен көңіл бөлінді. Әлем барған сайын жалпы ғаламдық сипатқа ие болып отыр. Жоғарыда аталған құжатта орнықты дамудың мынадай басты алғышарттары аталып өтеді:

— адамдық — «үздіксіз дамудың түйінінде адамдар тұруы қажет»;

— экологиялық — «қоршаған ортаны қазіргі және келешек ұрпақтар үшін сақтау міндет»;

— экономикалық — «даму, тұтыну үшін мұқтаждық»;

— әлеуметтік — «кедейлік пен қайыршылықты жеңу»;

— құқықтық — «қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдар жүйесін жасау»;

— халықаралық ынтымақтастық пен әріптестік — «мемлекеттер мен халықтар арасындағы сүхбатты жаңа деңгейге көтеру» (Ноосфера — устойчивое развитие. — Алматы, 1996. — № 1. — С. 35).

Осы сәтке «дағдарыс» анықтамасы көбірек тән болғанымен, қазақстандық қоғам үшін орнықты даму концепциясының маңызы зор. Аталған дағдарыстан шығу үшін Қазақстан орнықты даму жолына шығуы қажет. Белгілі болғандай, Қазақстан экологиялық қауіпті және төтенше елдер қатарына жатады. Осы мәселені зерттеуші В.Н. Василенконың сараптауы бойынша, «Қазақстан қоршаған ортаны қорғауға арналған ең төмен шығындарды жұмсай отырып (Еуразия елдерінің арасында), планетадағы ең жоғары техногендік биосфераға бағытталған қысымды басынан ұшыратып отыр. Белгілі экологиялық SAIC фирмасының деректері бойынша, Қазақстандағы экологиялық қаржылау жылына бір адамға 20 центті және әр шаршы шақырымға 1.21 АҚШ долларын құрастырады. Неше түрлі азық-түлік, энергетикалық және басқа да мұқтаждықтарды өтеу үшін, әлемдік базарларға шығу мақсатында Қазақстан жыл сайын бір адамға шаққанда 50 тонна табиғат затын өндіреді және технологиялық өңдеуден өткізеді. Олардың арасында қалдықтар 95 пайызын құрастырады және Қазақстан жерінде 19 миллиард тонна өнеркәсіптік қалдықтар қалған әр қазақстандыққа 1 тоннадан артық келеді. Әсіресе қауіпті жағдай елдің демографиялық жағдайында қалыптасқан — халықтың едәуір бөлігін экологиялық себептерден туындаған дерттер қамтыған және — осының салдарынан өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіші төмендеп келеді. 1990—1995 жылдар арасында ол 68.6-дан 66.1-ге дейін төмендеген» (Ноосфера — Жербесік. — Алматы, 1996, № 1. - 334-бет). Егер жоғарыда аталған факторларға Қазақстандағы экологиялық зардап шеккен төтенше аймақтарын (Арал маңы, Семей полигоны, Байқоңыр космодромы аймағы, далалардың шөлденуі ж.т.б.) қоссақ, онда еліміздегі экологиялық жағдайдың аса қауіптілігі күмән туғызбайды. Сонымен қоса патерналистік ұстанымдағы тоталитарлық ділдің қалдықтарын да ескеру керек. Экологиялық апат себебін тек ғылыми-техникалық прогресс пен халық кедейлігінен іздемей, адамдардың санасындағы мәдени-ізгілік құлдырауды да экономикалық - экологиялық қиындықтарды тудыратынын ұмытпаған жөн. «Ноосфера — Жербесік: Орнықты даму» экологиялық аймағында осыған байланысты төмендегідей пікір айтылады: «Көптеген саясаткерлер, әлеуметтанушылар, заңгерлер мен экономистер, психологтар мен реформаларға қатысты сарапшылардың ортасында, елдің ұлттық мүдделері мен басым бағыттарына қайшы келетін мынадай стереотиптер мен мифтер кездеседі:

— Қазақстанның табиғи ресурстарының арзан және таусылмайтындығы туралы;

— биосфераның экологиялық заңдылықтарын елемесе де болады;

— саясаттағы, құқықтағы, экономикадағы және табиғатты пайдалану технологияларындағы экономикалық талаптарды орындауды кейінге қалдыруға болады;

— экологиялық зандар жүйесі ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық приоритетті бөлігіне жатпайды;

— қоршаған ортаны қорғауға көп қаржы бөлу — бай және қаржылы елдердің үлесі;

— халықтың экологиялық талаптарын мемлекеттік шешім қабылдағанда, онша елемесе де болады» (Ноосфера — устойчивое развитие. — Алматы, 1996. — № 1. — С. 334—335).

Орнықты даму қалпына түсу үшін Қазақстанның өзіндік тағы бір күрделі мәселесі қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларының өтпелі түрде болуы жатады. Егер дамыған елдер орнықты жеделдеудің 3—4 басым міндеттерін шешетін болса, онда посткеңестік мемлекеттер барлығын қайтадан бастап, түгелдей шешуі керек. Қазақстан жағдайында орнықты дамуды қалыптастыру міндеттеріне мемлекеттің өзінің тікелей қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қолдау, оның территориялық тұтастығын сақтау, этносаралық келісімділікті нығайту, экономиканы қайта құру, демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғамды қалыптастыру, рухани жаңғыру ж.т.б. жатады. Орнықты дамуға көшу қоғамдық өзгерістерді, дәстүршілік пен модернизацияны рационалды түрде үйлестіруді талап етеді. Қазіргі тұтас әлемде тек этноорталықтық үлгілерді негізге ала отырып, табысқа жету мүмкін емес. Әсіресе дәстүршілдік, тек өзінің қуаттарына ғана сену, елдің ерекшелігін баса айту бір елді де көркейткен жоқ. Егер бұрынғы жаңғыртулық, модернизациялық бағдарламаларда басты назар ішкі факторларға ғана аударылса және модернизацияны білімді элитаның шығармашылығының нәтижесінде бұқара халық оны дайын күйінде қабылдайды деп түсінілсе (бұқара халық инертті болып келеді және дәстүрлі құндылықтарынан айырылғысы келмейді делінеді), онда қазіргі жағдайда жоғарыдағыға қосымша мынадай факторлар маңызды болып есептеледі: әлемдік геосаяси жағдай, адам құндылықтарының мемлекет егемендігінен кем болмауы, сыртқы экономикалық және қаржылық көмек, халықаралық базарлар мен ақпараттардың ашық болуы, гуманистік құндылық бағдарларының үстемдік етуі. Тек қана элита емес, сонымен бірге әлемдегі озық үлгілермен бұқаралық ақпарат құралдары және жеке сұхбат арқылы таныс қарапайым адамдар да өз өмір қалыптарын заманға сай өзгерткісі келеді. Қазақстанда соңғы жылдары орнықты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған бірнеше стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданған. Олардың арасындағы елеулілері: «Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету концепциясы», «Экономикасы өтпелі кезендегі елдерде табиғатты пайдалану әрекеттерін жүйелі басқарудың басшылыққа алатын принциптері», XXI ғасырға арналған күн тәртібі: «Өркендеу үшін және Отанды орнықты дамыту». Бұл құжаттарда Қазақстанның жаңа мыңжылдықта демократиялық және гуманистік негіздерде, барлық халықтардың рухани, этикалық, мәдени және басқа да құндылықтарын сақтай отырып, туған табиғатпен үйлесімді болатын орнықты экономикалық жәйе адамдық даму кеңістігіне енгісі келетіндігі жарияланды. Орнықты даму принципі тек экономикалық және экологиялық мәселелермен шектелмейді. Орнықты даму қазіргі әлем мәдениетінің ажырамас маңызды бөлігіне айналып отыр. ЮНЕСКО-ның Париж қаласында 1998 жылы қабылданған құжатында, даму құқығы және оның жүзеге асуы әлем мәдениетін жетілдіруге бағытталған және адам құқықтарын одан қарай тереңдетуге арналған салалардың арасында ерекше орын алады деп атап өтілген.

 

 

1. 1992 жылы Рио – де Жанейро БҰҰ қоршаған орта және дамуы бағытында Конференция өткізді оған әлемнің 179 елінің басшылары мен экспертттері, және үкіметтікемес ұйымдардың көптеген өкілдері ғалымдар және іске адамдар қатысты.

Конферненция мазмұны қазіргі уақытттағы ғаламдық экологиялық кризис әлеуметтік проблемалар туындатуда. Сондықтан өркениетті халық пен табиғат арасында бірегей үндестіктің халықаралық стратегиясын жасау қажеттігі алға қойылды. Бұл стратегйя 1992 жылы Рио – де Жанейрода БҰҰ қоршаған орта және дамуы деп өңделіп, жасалып қабылданды.

Бұл тұрақты дамудың стратегиясы қазіргі уақыттты және болашақ ұрпақ мүмкіндігін қатерге тікпей олардың жеке бас қажеттілігін қанағаттандыру. Бұл бірнеше кешенді міндеттерді атқарады

- Саяси әлеуметтік жоспарда – бұл мемлекеттер арасындағы үйлесімді қарым – қатынас, әлеуметтік топтар, кластар, соғыстан бас тарту, келісім, сөз әдістері арқылы конфликтілерді тәжікелесуді шешу.

- Экономикалық жоспарда – халықтың өнім кірісінің бірқалыпты өсуі, жұмыссыздықты жою, аштық, өнімнің қауіпсіздігі.

- Экологиялық жоспарда – биоалуантүрлілікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау, шығынсыз энергия көздерін пайдалану, өндірісорындарын және ауылшаруашылығын экологияландыру, қалдықзаттарды проблемасын шешу.

- Этикалық жоспарда – демократияны дамыту, адам құқығын сақтау, адамдардың мәдениеті мен кәсібилік деңгейін көтеру, экологиялық көзқарастар қалыптастыру, биосфералық этика

Тұрақты даму жолымен жүре келе қоғам биосфераның дамуы кезеңіне яғни оны академик В.И.Вернадский (сфера разума) парасат аумағына жақындайды.

Орнықты даму тұжырымдамасы. «Орнықты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады.» (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987ж.)

Орнықты даму принциптері

XXI ғасыр күн тәртібі — әрекеттер жоспары

1992 жылы БҰҰ Қоршаған орта және даму комиссия эгидасымен өткен Әлемдік жер Саммитінде Планетаның орнықты даму проблемалары талқыланды. Әлемнің 179 елдерінің басшыларымен XXI ғасыр күн тәртібі қабылданды, ол теңдесі жоқ орнықты даму мүддесін қолдаудың ғаламдықжоспары болып табылады және біркелкі стратегия негізінде экологиялық, экономикалық және әлеуметтік проблемаларды кешенді қарау тұрғысынан алғанда ірі жетістік болып табылады. XXI ғасыр күн тәртібі 2500 астам ұсынымдардан тұрады, оның ішінде тиімсіз тұтыну құрылымдарды өту әдістеріне, кедейшілікпен күрес, атмосфераны, мұхиттарды және билогиялық әркелкілікті қорғау және орнықты ауыл шаруашылығын қолдау.

XXI ғасыр күн тәртібі баяндалған ұсыныстар БҰҰ халықты орналастыру, әлеуметтік даму, қалалар және азық-түлік қауіпсіздігі бойынша бірнеше ірі конференцияларында, атап айтқанда 2002 жылы Йоханесбургте өткен Әлемдік орнықты даму бойынша саммитте толықтырылды және жетілдірілді.

Орнықты даму планетаның барлық тұрғындарының өмір сапасын арттыруды, табиғи ресурстарды пайдалану көлемін Жердің экологиялық жүйе ретіндегі мүмкіншіліктерінен аспайтын шектен арттырмауды болжайды. Орнықты даму өмір салтын қалыптастыру бойынша күш салу үш басты саладағы қызметке кещенді әдісті қоладануды болжайды:

Экономикалық өсім және әділеттілік – ұзақ мерзімді экономиклық өсімді ынталандыруда кешенді әдістерді қолдану.

Табиғи ресурстарды сақтау және қоршаған ортаны қорғау – ресурстарды тұтынудың азайту проблемаларын экономикалық тұрғыда қабылданатын шешімдерін іздеу, қоршаған ортаны ластауды тоқтату және өмір сүру ортасын сақтау.

Әлеуметтік даму –адамдарды жұмыс орындары, азық-түлік, білім, энергия, медициналық көмек, су, және санитария қажеттіктерін қанағаттандыру; бай мәдени және әлеуметтік әрікелкілікке деген ұқыпты қарау және еңбеккерлер құқықтарын сақтау; қоғамның барлық мүшелерінің олардың одан арғы тағдырына әсер ететін шешімдердің қабылдануына қатысу мүмкіншілігімен қамтамасыз ету.

Қала тұрғысында даму

Орнықты даму принциптерін іске асырудың орталықтары ретіндегі қалалардың маңыздылығы 1994 жылы Алборгте өткен Ірі және кіші қалалардың орнықты дамуы бойынша Еуропалық конференцияда атап өтілді, онда «Орнықты даму үшін Еуропа қалаларының Хартиясы (Аалборг хартиясы)» қабылданды. Бұл құжатта «әрбір қала басқа қалаға ұқсас емес болғандықтан, біз бәріміз орнықты дамуға апаратын өз жолымызды табуымыз керек. Жергілікті саясаттың барлық бағыттарында орнықтылықтың принциптеріне негізделген жөн және әрбір нақты қаланың күшті жақтарына сүйене отырып жергілікті орнықты даму стратегияларын әзірлеу керек» делінген [3].

1994 жылғы маусымда өткізілген Екінші «Қалалар және орнықты даму» проблематикасы бойынша әлемдік самитте (Манчестер, Ұлыбритания) көлік, кедейшілікті жеңу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, қаржы және ресурстарды бөлу міндеттерімен байланысты қалалардың орнықты даму бағыттары талқыланды. Әлем қауымдастығының берілген проблематикаға назар аударуының нәтижесі БҰҰ елді мекендер орталығы қолдайтын «Қалалардың орнықты дамуы» арнайы бағдарламасының пайда болуы болып табылады. Бұл бағдарламада әлемнің 80 астам елдері қатысады.

БҰҰ анықтамасы бойынша «орнықты қала, онда қоғамдық, экономикалық және физикалық дамудағы жетістіктер тұрақты болып табылады. Орнықты қала, орнықты дамуы тәуелді болатын табиғи қазбалармен тұрақты қамтамасыз етілген. Орнықты қала тұрғындарының қауіпсіздігін, соның ішінде табиғи аппаттардан да ұзақ мерзім бойында сақтайды.». Басқа сөздермен айтқанда, қаланың орнықты дамуы оның халқының қауіпсіздігін және жоғарғы өмір сапасын қамтамасыз етеді.

Орнықты даму стратегиясы аясында қалалық деңгейде әртүрі қызмет салаларындағы, жекелеген аудандарғы проблемалар шешіледі.

Орнықты даму бағдарымен жүріп келе жатқан әлемнің барлық қалаларында онда миссия және/немесе қаланың көруі, орта немесе ұзақ мерзімді перспективаға анықталатын қаланың тіршілігінің барлық негізгі салаларын дамытудың жалпы тұжырымдамасы айқындалатын стратегияларды (стратегиялық жоспарларды) әзірлеу тәжірибесі қабылданған. Мұнымен бірге, қаланың жалпы жағдайының ерекшелігі ескеріледі.

Орнықты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялары бар қалалардың мысалдары:

1. «Оттава - 2020» Өсуді басқару стратегиясы

2. Канберра – 30 жылға арналған қаланы дамыту жоспары, үш өзара байланысты бөлімдерден тұрады – Әлеуметтік жоспар, Аумақтық жоспар және Экономикалық даму жоспары

3.2006 жылға дейінгі Праганы дамытудың стратегиялық жоспары

4. Мельбурнды 2030 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспары

5. Софияның 2010 жылға дейінгі даму стратегиясы.

Әлемнің кейбір қалаларындағы онықты дамуды қамтамсыз ету бойынша жобаларды іске асыру мысалдары [4].

Қоршаған орта

Қоршаған орта сапасын жақсарту мақсатында, атап айтқанда атмосфералық ауа сапасын жақсарту мақсатында, Осло қаласында (Норвегия), ол 2003 жылы БҰҰ «Еуропаның орнықты қаласы» болып танылған, 20 ғасырдың 90 –шы жылдардың бойында атмосфераға қатты заттардың, күкірт қышқылының, қорғасын және азот оксидінің шығарылыуын төмендету бойынша бағдарлама іске асырылды. Шығарылулар көлемін азайту қажеттігін туғызған себеп, ол жекелеген аудандардағы ауаның газдануы деңгейінің артуы салдарынан балалар арасында астама және басқа да тыныс өкпе ауруларының ұлғаю болып табылды. Ластанудың негізгі себебі қаладағы қарқынды автомобиль қозғалысы болып табылған. Берілген проблеманың неігзгі шешімі қоғамдық көлік жүйесін дамыту, атап айтқанда, пайдалануға трамвайларды, жерасты қоғамдық көлігінің жүйесін және электотоғымен жұмыс істейтін монорельсті поездарды енгізу болып табылды (тоқ көзі – гидроэнергетика). Сондай-ақ жеке автокөлікке шығыс газдарын каталитикалық өртеушілер орнату міндетті болды. Осло қаласындағы көлік қозғалысы жүйесін жақсарту үшін, атап айтқанда, метро желілерін кеңейту үшін қала әкімшілігі орталық үкіметтен қаржыландыру алады.

Германия жел энергиясын пайдалану бойынша әлемде бірінші орын және күн энергиясын пайдалану бойынша екінші (Жапониядан кейінгі) орын алады. «Жаңаратын энергия туралы» заң әрекет етеді: күн немесе жел көмегімен өндірілген әрбір киловатт-сағат үшін үкіметі өндірушіге 48 цент төлейді, бұл көмір есебінен өндірілетін энергияның нарықтық бағасынан - 5 цент, әлде қайда артық. Нәтижесінде қазіргі уақытта елде 14 мың жел және 80 мыңнан астам күндік өндірісітікқондырғылар орналасқан және жыл сайын баламалы энергия көздеріне инвестициялар шамамен 6 млрд. евродан құралады. Геттеборн ауылының маңында 2008 жылға арай әлемдегі ең ірі күн электрстанциясы салынады, қуаттылығы 8,2 МВт құны 35 млн. евро.

Үкімет кіші қуатты күн көзімен су жылытатын қондырғыларға инвестицияларды салуды жалғастыруды жоспарлауда. Күн көзімен су жылытатын қондырғыларға ие болғысы келетін неміс отбасы күн колеккторлары орналастырылған әрбір шаршы метр үшін 110 евродан алуы мүмкін. 1999 жылдан бастап ГФР мемлекеттік бюджетінен бұл бағдарламаны іске асыру мақсатында 2,7 млрд. евро бөлінген.

Күн энергетикасын дамыту тек қана қана қоршаған ортаны қорғауға көмектеспейді, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құрады. 2004 жылы саладағы жұмыспен қамтылғандардың саны 4 мың адамға артып, 16 мыңадамға дейін жетті. Перспективада, неміс мамандарының есебі бойынша, күн энергетикалық қондырғыларын салу, жөндеу және қызмет көрсету ГФР шамамен 100 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамаыз ете алады.

Цюриха имиджі күн энергиясының биржасын құру идеясынының арқасында жаңа экологиялық сипат алды. 1997 жылдың мамырынан бастап Цюриха электростанциясының клиенттері электр энергиясының орнына күн энергиясын алу мүмкіншілігін алды, осылайша олар қаражаттың алты есе үнемделуін қамтамасыз етті және экологиялық энергетиканы қолдауда өз үлесін қосты.

Ұсынысты халық өте жақсы қабылдады, өте қықа мерзмінің ішінде алғашқы күн қондырғылары өндіруі мүмкіндігіенен екі есе асатын мөлшерде күн энергиясына тапсырыс түсті. Электростанция клиенттерінің 3% күн энергиясының биржасына қатысады. Үлкен сұраныстың арқасында алғашқы биржаның басталуынан кейінгі 20 ай ішінде жалпы қуаты 365 мың квт.с. болатын 16 жаңа күн қондырғыларын қосу мүмкін болды, осы сияқты жалпы желіге қосулар одан әрі үздіксіз жалғасуда.

Цюрих электростанциясы өзіне жеткізушілер мен клиенттер рарасындағы белсенді делдал ролін алады. Ол күн энергиясын сатып алады, сонан кейін оны қосмыша құнсыз барлық жеткізулердің аралас бағасымен сатады. Күн энергиясын жеткізушілер өз қондырғыларын салады және оларды қала ішінде саылнған алаңдарда өз қалауы бойынша орналастырады. Бұл үшін электростанция 20 жыл мерзімінде күн энергиясын тұрақты бағамен сатуды кепіл етеді.

Раухалахти (Финляндия) қаласында мақсаты жылу мен электр тоғын стандартты (көмір, газ) және баламалы (торф, биомасса, өнірістік қалдықтар) көздерді пайдалан отырып өндіру әдістерін біріктіру болып табылатын жоба іске асырылды. Жоба целлюлоз-қағаз өнеркәсібі және басқа да өңдеуші өнеркәсіп өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті билік органының қатысумен іске асырылды. Кәсіпорындардың шығыс тесіктеріне қойылған фильтрлер атфмосфераға шығарылатын зиянды заттардың көлемін екі есеге азайтуға көмектесті. Жоба жылу көзі ретінде өндірістікжәнеқаланың тіршілік әрекеті қалдықтарын қолданудың негіздемесін растады. Азғана инвестицияларға қарамастан, мұндай кәсіпорындар рентабелді және үздіксіз энергия өндіру тұрғысында сенімді болып шықты.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 755; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.145 сек.