Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дара организмдер экологиясы. 1 страница




2.Ю. Либих "Минимум заңы"

3.В.Шелфордтың төзімділік (толерантность) заңы.

4. Стенобиотты және эврибионтты организмдер.

Кілт сөздер: Минимум заңы,толерантность, стенобионтты,

Аутэкология - жеке организмдер (особь) арасындағы қарым-қатынастарды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерт-теулер жүргізеді. Яғни, жеке организмге табиғат факторлары қалай әсер етеді, оған организм қалай жауап береді, организмдегі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер туралы мәселелер қарастырылады. Одан әрі зерттеулер терендетіліп, биохимиялық, биофизикалык, генетикалық сипат алады. Нәтижесінде жеке организмнің биоэкологиялық қасиеттері арқылы жалпы түрге, оның табиғатта алатын орнына, ролі мен маңызына, айнала қоршаған ортаның өзгерісі, тазалығы, ластану деңгейі, маусымдық өзгеруі мен адамның іс-әрекеті туралы практикалық маңызына жан-жақты сипаттама беріледі.

Ю. Либих "Минимум заңы" Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды. Сондыктан организм үшін факторлардың бұрыннан қалыптасқан жиынтығы ғана қажет. Ал басқа факторлар оның қалыпты тіршілігіне кері әсерін тигізеді. Яғни, әрбір организмге әсер ететін факторлардың төменгі және жоғарғы шегі болады және бір фактор шешуші роль атқарады. Бүл заңдылықты неміс химигі Ю. Либих (1948 ж.) ашқан. Оны "Минимум заңы" дейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Өйткені, организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.

В.Шелфордтың төзімділік (толерантность) заңы Шешуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Төзімділік (толерантность) заңы В.Шелфордтың есімімен аталады. Заңның негізі организмдердің факторларға деген талғамның шектелуі. Кез келген организмнің төзімділік шегі болады. Егер төзімділік шегінен шығып кетсе организм тіршілігін жояды. Мәселен, қатты қуаңшылық жылдары өсімдіктердің қурып кетуі, ал су қоймаларының пестицидтермен ластануы балықтардың жойылуына әкеп соғады. Организмдердің төзімділік шегін білудің практикалық маңызы бар. Әсіресе, жабайы андар мен құстарды, өсімдіктерді жерсіндіру жұмыстарында төзімділік заңының негізгі тәртіптері ескеріледі.

Табиғатта организмдердің көптеген түрлері экологиялық факторлар жиынтығына, оның шекті мөлшері мен төзімділік шегіне бағына бермейді. Керісінше қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тірші-лігін жалғастыра береді. Организмдердің бүл тобын эврибионтты түрлер дсйді. Мәселен, Қазақстанға жерсіндірілген ондатра, көгілдір түлкі, бүлғынды, ал кездейсоқ жолдармен енген колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті, т.б. көптеген арам шөптерді мысалға келтіруге болады.

Кейбір организмдер орта мен факторларға талғамы жоғары болады. Оларды біз стенобионтты организмдер дейміз. Стенобионтты организмдердің таралу аймағы шектеулі болады. Шектеулі фактор абиотикалық немесе биотикалык болуы мүмкін. Мәселен, Іле Ала-тауының шыршалы орманында тіршілік ететін ак тиін үшін шектеуші фактор - қорек. Сол сияқты жеміс-жидегі мол тоғайларда тек дәнмен Қоректенетін кұстар басым болады. Әсіресе, сексеуілді ормандардың тұрғыны сексеуіл жорға торғайы, Іле Алатауының батыс бөлігінде, Ақсу-Жабағалы қорығында кездесетін жүмақ торғай, Алакөлдің реликті шағаласы, шөл-шөлейтті құмды аймактың сәні - карақұйрық, т.б. аң мен құстар таралуы шектелген стенобионтты түрлерге жатады.

Стенобионтты организмдердің эврибионтты организмдерден айырмашылығы таралу аймағының шектелуіне байланысты морфология-лық, физиологиялық және экологиялык жағынан бейімделу ерекше-ліктері басымырақ болады. Оған тән белгілер түсінің ортаға қарай ұласуы, түнге қарай активті тіршілігі, ін қазу, суды үнемдеу, т.б. қасиеттері жатады. Факторлардың организмдерге әсерінің біртекті болмауы биологиялық көп түрлілігіне әсер етуімен бірге олардың географиялық белдеулер және табиғат белдемдері бойынша таралуына да әсер етеді. Нәтижесінде, табиғаттың әр түрлі ландшафтарында микроорганизмдер, жануарлар мен есімдіктердің белгілі бір бірегей жиынтығы ортақ жағдайда тіршілік етеді.

Экологиялық факторлардың организмдерге тікелей немесе жанама әсер етуі олардың белгілі бір биотопқа бейімделген тіршілік фор-маларын қалыптастырады. Организмдерді экологиялық түрғыдан классификациялау (жіктеу) негізінен толық бір жүйеге келтірілмеген. Сондықтан, біз организмдердің тіршілік формаларын жіктеуде олардың тіршілік ортасын (мекенін) негізге аламыз. Тіршілік формасы дегеніміз - организмдердің өзінің тіршілік ортасының ерекшелігіне қарай морфологиялық жағынан бейімделуі. Әсіресе, жануарлар дүниесінің тіршілік формасын ажырату өте күрделі. Жануарлардың тіршілік формаларын жіктеу Д.Н.Кашкаровтың (1945) жүйесі бойынша алынады:

Ø жүзгіш формалар (нектон, планктон, бентос);

Ø жартылай суда тіршілік ететіндер (уақытша қорек үшін сүңгитіндер);

Ø қазғыш формалар (жер бетіне шыкпайтындар, жер бетіне уақытша шығатындар);

Ø құрлық формалар: а) ін казбайтындар (жүгіргіштер, секіргіштер, жорғалаушылар); ә) жартас жануарлары; әуе формалары;

Ø ағашқа өрмелегіштер: а) ағаштан түспейтіндер; ә) ағаштарда жүретіндер;

Ø әуе формалары: а) әуеде жемтігін үстайтындар; ә) әуеден қарауыл-дайтындар.

Жоғарыдағы жүйеден біз организмдердің козғалуға бейімділігі бойынша жіктелу формасын көреміз. Академик Д.Н.Кашкаров жануарларды ылғал сүйгігіштер (гидрсфильдер), ал қоректену сипатына карай: өсімдік коректі, жыртқыш, көп коректі, өлексе қоректі, т.б. деп бөледі. Бұл жіктелулерге қарап біз организмдердің тіршілік форма-ларынын сан алуан екенін көреміз. Ең бастысы тіршілік ортасы немесе үқсас болып келетін организмдердің морфологиялық жағынан да үқсас болуы бейімделушіліктің негізгі роль атқаратынын көрсетеді.

Ғалымдар өсімдіктер әлемін зерттей келіп олардың тіршілік формасын жіктеуге ұмтылған. Соның ішінде біз ботаник С. Раункиер (1905-1907) жүйесін негізге аламыз:

 

Дәріс №4

Тақырыбы:Популяциялық экология – демэкология

1. Популяция туралы түсінік.

2. Популяцияның статикалық сипаттамасы

3. Популяцияның динамикалық сипаттамасы

Кілт сөздер: популяция, элементар (жергілікті) популяция, экологиялық популяция, географиялық популяция, популяцияның статикалық сипаттамасы, популяцияның саны, популяцияның тығыздығы

Демэкология – популяциялар экологиясы - бір түрге жататын организмдер (особьтар) тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық құрылымы (жас, жыныс, көбею, өлу, табиғаттағы саны, тығыздығы, таралуы, т.б.) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтер қарастырылады.

Популяция туралы түсінік. Популяцияның статикалық сипаттамасы: саны (тығыздығы) және популяцияның биомассасы, жастық және жыныстық кұрамдары. Кеңістікте орналасу жене оның өзгешелігі, кездейсоқ, біркелкі, топтасып. Популяцияның динамикалық сипаттамасы; туылымы, даму қаркыны, өлім-жітімі, тірі қалу кисығы, экспоненциалды даму, биотикалық потенциал. Популяция сандарын реттеу. Популяцияның тығыздығы мен байланысты және байланысты емес факторлар. Санның түраралық реттелуі (конкуренция). Экологиялық қуыс, потенциалды және жүзеге асқан.

Популяция дегеніміз - белгілі бір географиялық аумақта тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Популяция латынның "попилус" - "халық, топ" деген мағынаны білдіреді. Элементар (жергілікті) популяция - табиғаты бірдей кішігірім аумактарды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Элементар популяциялардың табиғаттағы саны, даму эволюциясы мен үзақтығы биоценоздың күрделі немесе қарапайымдылығына, бірегей-лігіне байланысты болады.

Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардың жиын-тығы негізінде қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтар болған-дыктан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге бейімделген. Мәселен, кәдімгі ақ тиін көптеген ормандарда кең таралған.

Географиялық популяция - географиялық жағдайлары бірдей аумақты қамтитын, особьтар топтарын қүрайтын экологиялық попу-ляциялардан түрады. Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір-бірімен нақты шектелген әрі өсімталдығы, особьтар формасы, экологиялық қатарлары, физиологиялық мінез-қүлқы және басқа да қасиеттері арқылы ерекшеленеді.

2. Популяцияның статикалық сипаттамасы. Популяцияның табигаттагы саны мен тыгыздығы. Популяцияның саны мен тығыздығы оның касиеттерін сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып саналады.

Популяцияның саны дегеніміз белгілі бір көлемдегі немесе аумақтағы особьтардың жалпы саны. Организмдердің саны табиғатта түрақты болмайды. Оның аз немесе көп болуы особь-тардьщ өсімталдығы мен шығынына (өлуі) байланысты.

Популяцияның тығыздығы белгілі бір көлемдегі немесе кеңістік-тегі особьтардың саны мен биомассасының салмағымен өлшенеді. Мәселен, 1 гектардағы шыршалардың саны 150 немесе 1 м3 көлемдегі су дафниялардың биомассасы 0,5 г.

Популяцияның тығыздығы олардың санына байланысты өзгеріп отырады. Тығыздық шексіз өсуі мүмкін емес. Ол үшін особьтардың кең таралуына қолайлы жағдай мен кеңістік болуы керек. Организмдердің кеңістікте таралуы олардың шектеуші факторы кездеспейінше жүре беруі мүмкін. Осыған орай, популяциялардың кездейсоқ, біркелкі және топтанып таралу жолдары бар.

Кездейсоқ таралу -тек бірегей ортаға тән кұбылыс. Мәселен, егістіктерде зиянкес жәндіктердің таралуы алғашында кездейсоқ болғанымен бірте-бірте көбейе түсіп, топтану немесе шашыранды таралу сипатын алады. Популяцияның табиғаттағы санын озін-өзі реттеу мүмкіндігі бар. Әрбір түрдің көбеюінің жоғарғы және төменгі шегі болады. Организмдердін жалпы шығынын үш типке жіктеп қарастыруға болады. Яғни, организмдердің тірі қалу мүмкіндігінің үш типі бар. Тірі қалу мүмкіндігінің бірінші типі көбінесе насекомдарға, ірі сүтқоректілерге, ағаштарға, адамдарға тән. Бұл жағдайда организмдердің өмір ұзақтығы біркелкі дами келе ең соңғы жылдары (кәрілік кезеңі) қысқа уақыт аралығында шығын күрт көбейіп кетеді.

Екінші типке жататын организмдердің өлім-жітімі өмірінің ұзына бойында тұрақты болатын түрлерге тән. Бұларға тұщы суларда тіршілік ететін ішек куыстылар жатады, әрі бұл сирек кездесетін құбылыс.

Үшінші тип те көптеген организмдердің өкілдерін қамтиды. Организмдердің өсімталдығы және шығынымен қатар олардың кеңістікте таралуы (миграция) да табиғаттағы саны немесе тығыздығына тікелей әсер етеді. Популяция өзінің бар мүмкіндігінше ареалын кеңітуге тырысады.

Табиғатта сирек болса да популяциялардың кейбір түрлерінің өсу немесе өлім-жітімі шектен тыс көбейіп кету жәйі кездеседі. Егерде популяция күрт көбейіп кетсе, оны өсімталдыгы жогары типке жатқызамыз. Ондай популяцияларды көбінесе үсақ организмдердің өкілдері күрайды.

Популяцияларға қатысты организмдердің предпродуктивті, репродуктивті және пострепродутивті экологиялық топтарын ажыратады. Жастық кұрылымы аз немесе көп болуы әрбір особьтің өмірінің үзақтығына байланысты. Кейбір біркүндіктер деп аталған насекомдардың личинкаларының жасы бірнеше жылға созылса, ал ересектері бірнеше күн ғана өмір сүреді. Бүған жататын организмдер езінің табиғаттағы сан мөлшерін тез арада қалпына келтіреді. Табиғатта популяциялардың санының азаю процесі ондағы жас особьтардің азайып, ересектерінің көбейгендігін көрсетеді. Негізінен жас особь-тардың көп болуы популяцияның сандық және сапалық қүрамын жаңартып, әрі түрақты үстап түруға тікелей әсер етеді.

3. Популяцияның динамикалық сипаттамасы. Популяциялардың өсімталдығы, өлім-жітімі (шығымы) және таралуы мен орын ауыстыруы олардың табиғаттағы сан мөлшерінің ауытқуына тәуелді болып келеді. Организмдердің көбею мүмкіндігі өте жоғары. Оны организмнің биотикалық потенциалы дейді. Организмдердің табиғаттағы сан мөлшері олардың шығынына да көп байланысты. Популяцияның шығыны (өлім-жітімі) дегеніміз -белгілі бір уақыт аралығындағы өлген особьтарының саны. Организмдердің шығыны орта жағдайларына, қорекке, ауруларға, популяцияның жас ерекшеліктері мен т.б. көптеген факторларға тәуелді болып келеді. Кейбір организмдердің шығыны жас кезінде жоғары болса, ал біразы ересек кездерінде көбірек өледі.

Популяциялардың тұракты, өсімтал және өте сирек кездесетін типтерін ажыратуға болады. Тұрақты популяцияларда организмдердің тууы мен шығыны тепе-теңдік сақтап кезектесіп келіп отырады. Сол сияқты популяцияның тұрақты болуы генетикалық-тарихи, биологиялық жағдайларға да байланысты. Табиғатта популяциялардың тұрақты болуы особьтардың тууы мен иммиграциясына және шығыны мен имиграция жағдайына да байланысты. Имиграция кезінде организмдер особьтері популяция құрамына қосылып отырса, ал эмиграция бойынша кеміп азайып отырады. Аталған факторлар үйлесімді әрі кезектесіп отырған жағдайда популяция өзінің тұрақтылығын ұзақ уақытқа сақтауы мүмкін. Сонда ғана біз популяцияны тұрақты дей аламыз.

Табиғатта сирек болса да популяциялардың кейбір түрлерінің өсу немесе өлім-жітімі шектен тыс көбейіп кету жәйі кездеседі. Егерде популяция күрт көбейіп кетсе, оны өсімталдығы жоғары типке жатқызамыз. Ондай популяцияларды көбінесе ұсақ организмдердің өкілдері құрайды.

 

 

Дәріс №5

Тақырыбы: Қауымдастықтар экологиясы – синэкология

1. Бірлестіктер экологиясы (биоценология) ретінде әр түрлі түрлерге жататын популяциялар (өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер) жиынтығын біртұтас организмдер деңгейінде зерттейді.

2. Организмдер бірлестіктерінің қалыптасуы, құрылымы, динамикасы, қарым-қатынастар, энергия және зат алмасулар, сандық және сапалық өзгерістер, биологиялык өнімділігі мен бірлестіктердің тұрақтылығы туралы жан-жақты мәселелер қаралады.

Тірек сөздер: табиғи жағдай, өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер, биоценоз, биотоптың (экотоп), диалектика, бірлестік, өндірушілер, жасыл өсімдіктер, талап етушілер, өсімдік қоректі жәндіктер, жануар тектес қоректілер, ыдыратушылар, микроорганизмдер

1.Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе туралы түсініктер. Табиғатта әр түрлі түрлердің популяциялары бірегей жүйелерге бірігіп ірі бірлестіктер құрады. Оларды ғылым тілінде "бірлестіктер" немесе "биоценоздар" деп атайды. Биоценоз (bіоs-өмір, kоіnоs-жалпы) - табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологі К.Мебиус (1877 ж.). Биоценоз құрамындағы организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын биоценотиқалық тұрғыда қарастыру қажет. Өйткені, кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В.Н.Сукачев енгізген. Сонымен биогеоценоз дегеніміз биоценоз + биотоптың (экотоп) диалектикалық бірлестігі. Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (жасыл өсімдіктер); талап етушілер (бірінші - өсімдік қоректі жәндіктер; екінші - жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар (микроорганизмдер) және өлі табиғат компоненттері. Міне, осы компоненттер арасында үнемі қарым-қатынастар жүріп жатады.Биоценозды зерттеуші ғылым саласы - биоценология деп аталады. Ғылымда биоценоз ұғымының баламасы ретінде "Экожүйе" термині жиі қолданылады. Оны 1935 жылы А.Тенсли енгізген. Шын мәнінде, екі ұғым да бірдей мағынаны білдіреді, әрі бірін-бірі толықтыра түседі.

2.Экожүйедегі энергия ағымы және химиялық элементтер айналымы. В.И. Вернадскийдің биосферадағы тіршіліктің тұрақты дамуы ондағы тірі затардың (биогенді) табиғаттағы үздіксіз айналымы жемісінің нәтижесі екенін айтқан болатын. Өйткені, тірі заттардың элементгері қоршаған табиғи ортаға түсіп, одан соң тірі организмдер арқылы қайтадан айналымға ауысатыны белгілі. Осылайша әрбір элемент тірі организмдерді әлденеше рет пайдаланып отырады. Соның нәтижесінде жер бетінде тіршіліктің дамуы үнемі даму үстінде жүзеге асып, биоценоздағы биогенді айналымды жүзеге асырады.

Әлемдік биологиялық айналым үшін энергия ауадай қажет. Оның негізгі көзі - автотрофты (жасыл өсімдіктер) организмдер сіңіретін күн радиациясы. Күн энергиясы биоценозда үнемі әрекет етеді. Күн энергиясының зат айналымының ерекшелігі сол, ол үнемі жұмсалып отырады. Ал, зат айналымы тек бір деңгейден екінші деңгейге ауысып отыратыны белгілі. Мәселен, күн энергиясының 30% атмосферада сейілсе, 20% атмосфера қабатында сіңіріледі де, ал 50 % құрылық және мұхиттар бетіне жылу ретінде сіңіріледі. Тек қана күн энергиясының 0,1-0,2 % ғана биосфера шегіндегі жасыл өсімдіктер үлесіне тиіп, әлемдік зат айналымын қамтамасыз етіп отырады. Оның жартысы фотосинтез процесі кезінде өсімдіктердің тыныс алуына жұмсалып, ал қалған бөлігі қоректік тізбектің желісіне түседі.

Ауыр металдардың адам денсаулығына әсері

Элементтер Әсер етуінің зардаптары Ластаушы көздер
Сынап (Hg) Жүйке жүйесіне, ас қорыту органдарының, бүйректің қызметіне әсер етеді, хромосомдарда өзгерістер туғызады Ластанған су мен топырақ
Мышьяк (As) Терінің рак ауруларын, интоксикация туғызады, жүйке жүйесіне әсер етеді Ластанған топырақ пен зақымданған дәнді дақылдар
Қорғасын (Pb) Сүйек тканьдерін бұзады, қанда протеиннің синтезделуін нашарлатады, жүйке жүйесі мен бүйректің қызметіне әсер етеді Ластанған топырақ жер бетілік, жер астылық сулар
Мыс (Cu) Тканьдерде органикалық өзгерістер туғызады, сүйек тканьдерін бұзады, гепатит пайда болады Ластанған топырақ жер бетілік, жер астылық сулар
Кадий (Cd) Бауырдың циррозын туғызады, бүйректің қызметін бұзады, протеинурия пайда болады Ластанған топырақ

Адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің нәтижемсінде өсімдіктері жойылған, гидрологиялық режимі мен рельефі өзгерген, топырақ жабыны бұзылып, ластанған жерлер бұзылған жерлер деп аталады.

Осындай жерлерді қайтадан шаруашылық мақсаттарға пайдалану үшін оларды қалпына келтіру қажет. Бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру процестері рекультивация деп аталады.

Биосфера. Жер кеңістігінде жүретін табиғи процестерге әсер тигізетін тіршілік екені туралы ХІХ және ХХ ғасырлар аралығындағы еңбектерінде пікірін айтумен қатар дәлелдеген орыс ғалымы В.В.Докучаев.

ХХ ғасырдың 20- шы жылдарында В.И.Вернадскийдің еңбектерінде биосфера Жер шарының тірі организмдер жайлайтын бөлігі, ең үлкен экожүйе екенін ғылыми түрде негіздеді және ол бірінші рет тірі организмдердің геологиялық рөлі туралы биосфера ілімін ұсынды. Ол еңбектерінде топырақ түзу процесі ауа райынан басқа өсімдіктер мен жануарлардың жиынтық әсеріне байланысты екенін көрсетті; тірі организмдердің гіс – әрекеті жер қыртысының кейпін өзгертетін ең негізгі фактор екенін де дәлелдеді.

В.И.Вернадский биосфера заттегі геологиялық жағынан кездейсоқ емес әр түрлі 7 бөлшектен тұратынын атап айтты: тірі заттек, тіршілік (биогенді) заттегі, өлі (енжар) заттек, биологиялық енжар заттек және т.б. Ол ғаламшардағы барлық организмдердің жиынтығын тірі заттек деп атай отырып, оның негізгі қасиеті ретінде жалпы массасын, химиялық құрамын және энергиясын қарастырды. В.И.Вернадскийдің анықтамасы бойынша өлі (енжар) заттек деп түзілуіне тірі организмдер қатыспайтын биосферадағы заттектер жиынтығы айтылады.

Биогенді заттектер организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған химиялық қосылыстар, тіршілікпен құрылған және өңделген заттектер.

Биологиялық енжар заттектер ерекше топтың бірі. Олардың түзілуіне биосферада бір мезгілде тірі организмдер мен өлі заттектерде жүретін процестер қатысады.

Биомасса, өнімділік және биосфераның негізгі функциясы. Биосфераның жалпы биомассасы (құрғақ заттекке есептелінген) шамамен 2 трлн.т, ал биомассаның әр жылдық өнімі осыдан 10 есе аз келеді. Биосфераның тірі заттегінің 99,5% жер бетіндегі өсімдіктердің биомассасынан құрылады. Биосфера биотасының жалпы өнімділігіне сипаттама 2.1-ші кестеде берілген.

Қазіргі кездегі биосфераның биомассасы мен өнімділігіне сандық сипаттама

Биомасса мен өнім көрсеткіші Млрд. т
Биосферадағы тірі заттектің биомассасы  
Биосферадағы құрғақ заттектердің биомассасы  
Биосферадағы органикалық заттектің биомассасы  
Тірі заттектің жылдық өнімі (брутто)  
Құрғақ заттектің өнімі  
Органикалық заттектің өнімі  
Көмір қышқыл газының жылдық жұмсалуы мен бөлінуі  
Метаболдық судың жылдық алмасуы  
Оттектің жылдық жұмсалуы мен бөлінуі  
Фотосинтез арқылы өтетін энергияның жылдық ағысы (Дж1018)  

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 3999; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.044 сек.