Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Леуметтік сала 1 страница




Ұлыбританияда балалар орталығын құру бойынша пилотты жобалар сәтті енгзілді. Мұндай орталықтар балаларға күндізгі қарау бойынша қызметтер көрсетеді; яслилері бар; ата-аналармен оқу сабақтарын жүргізеді, балалардың мектеп өміріне белсенді қатысады және белсенді және мүдделі ата-аналарды балаларға блім беру және тәрбиелеу сапасын арттыру бойынша мәселелерді шешуге тартады.

Сондай-ақ мектеп ғимараттарын (және бірқатар басқа мекемелер) салуға және жабдықтауға қойылатын талаптар әзірленген. Мысалы, көп қабатты мектептерде әрбір қабат ойындарға арналған құралдар мен орын-жайлармен жабдықталуы тиіс.

Халық саны 1,3 млн. тұрғынды құрайтын, Ресифе (Бразилия) қаласында қаладағы жұмыспен қамту санының өсуіне көмектескен қатты қалдықтарды жинау және жою бйоынша жоба іске асырылды. Жоба бойынша жауапты тұлға тазалақыты сақтауды қамтамасыз ететін және қала инфрақұрылымына қызмет көрсететін Urban Cleaning and Maintenance коммуналық ұйымы тағайындалды.

Жобаны әзірлеу және іске асыурдың себебі, үй шаруашылықтарының өз тіршілік әрекетінің қалдықтарымен өзен бассейндарын ластаудың жоғарғы деңгейі болды. Жоба мақсатына адамдардың қоршаған ортаға қатынасын өзгерту, жергілікті жерлерде қалдықтарды бөлуді ұйымдастыру, оларды одан әрі жою болып табылды. Жобаны іске асырудың екі жылынан кейін өңделетін материалдардың көлемі ұлғайды, өзендік су қоймаларына түсірілетін қатты қалдытар көлемі азайды, өз кезегінде бұл ауыз су сапасының жақсаруына әсер етті.

Халықты экологиялық және гигиеналық оқыту нәтижесінде адамдар қалдықтарды бөлуді үйренді, кейбіреулер үшін бұл табыс көзіне айналды (жинап алып, өңдеуші кәсіпорындарға сату).

Қалалық жоспарлау және даму

Ванкувер (Канада) қаласында жергілікті басқару оргнадары қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге қалық дизайн, әлеуметтік бағдарламалар және т.б. жөнінде шешім қабылдауға қатысудың кең мүмкіншіліктерін ұсынады. Атап айтқанда, Ванкуверде және Канаданың басқа қалаларында олардың ойы бойынша олар тұратынауданның пролемаларын шешетін жерглікті жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін қала тұрғындарына ақшалай қаражат бөлу тәжірибесі қолданылады.

Финляндиияда пәтерлерге арналған мемлекеттік жәрдемақылардың екі түрі бар. Біріншілеріне табысы жоғары емес адамдар үміт арта алады. Бұл жәрдемақы пәтерді жалдау шығындарын жабуға арналған. Екінші жәрдемақы түрі пәтерді сатып немесе салу үшін ұсынылады. Ол банк несиесінің пайыздары бойынша жеңілдіктер болып табылады. Егер финн мұндай жәрдемақы түрін пайдалануды шешсе, ол онда өзіне ірі пәтер алуға мүмкіншілігі болмайды. Сонымен бірге ол өз жанұясы үшін сатып алатын немесе салатын, сонымен бірге несие бойынша жеңілдіктерді пайдалануды шешкен адам үшін пәтер көлемін банк белгілдейді. Мемлекет сондай-ақ пәтерді алғашқы рет сатып алатын жастарды несиелік пайыздар бойынша жеңілдіктермен қолдайды.

Бүгін көппәтері үйлерді қайта жаңарту бойынша жобалар ел бойынша іске асырылуда, кейбір кездерге қайта жаңартылуға бүкіл шағын аудандар қойылады.Тұрғын-үй қорын жаңартуға мемлекетте қатысады. Оның көмегі ол банктегі несие бойынша кепіл болып табылады. Үйді күрделі жөндеу үшін жөндеуге қажет шығындардың 80% мөлшерде жеңілдетілген несие алыға болады. Мемлекет қолдануының арқасында 16 жылдық мезімге алуға болатын мұндай несиенің пайыздық өлшемі жылына 3,5% аспайды.

Берлин – автомобильдер емес, тұрғындар мен қонақтар үшін қала, бірақ замануи коммуникациялармен. Берлиннің қала құрылсы тұжырымдамасы (бұрыңғы шығыс германия аумағында) өз күшін дәстүрлі еуропалық қалаларға тән деңгейге дейін құрылыс тығыздығынжоғарлату арқылы «қысқа жолдар қаласын» құруға талпынуда. Бұл кең автотрассаларды «кері салуды» қажет етеді және өмір деңгейі мен қала орталығында болу сапасын арттырады. Бұл тұжырымдаманы іске асырудың мысалы жүздеген жылдар бойында Потсдам алаңы мен Александерплатцты қосатын торап болып саналған Шпителльмаркт ауданын жаңарту боып табылады.

Шпителльмаркт ауданындағы біріккен Берлинге мұраға қалған сегіз жолақтық автокөлік қозғалысын «кері салу» арқылы қысқарту жөнінде шешім қабылданды. Бұл қалалық алаң қала тұрғындары мен қонақтары үшін коммуналдық торап болды.

Біріккен қаланың жүк және жолаушылар тасымалындағы қажеттіктерін қанағатандыру үшін төрт көлік құралын бірыңғай желіге біріктіруге шешім қабылданды: бағдарларының ұзындығы 300 км электричка; желілерінің ұзындығы 167 км болатын метро; ұзындығы 411 км болатын трамвай жолдары, автобус бағдарлары (1855 км). Қайта жаңарту және бағдарлар желілерін кеңейту арқасында Берлин орталығындағы жолаушылар тасымалы 80% муниципалды жолаушы көлігімен, ал 20% - автомобильде іске асырылуы тиіс берлин Сенатының қаулысын іске асыру мүмкін болды. Техникалық инновация ретінде аспалы магнитті «Трансрапид» жолын салу болады (федералды өкімет 2 млрд. евро қаржы бөлді), оны салу 2005 жылы аяқтаулы тиіс. Бұл жол Гамбург және Берлинді қосады, жол уақыты бір сағаттан кем болады.

Ұлыбританиядағы орнықты және қауіпсіз ғимаратар жөніндегі 2004 жылғы Актіге сәйкес ғимараттар орнықты даму талаптарына сәйкес боуы тиіс, атап айтқанда ғимараттарды салу кезінде экологиялық нормалар сақталуы тиіс, энергия мен суды аз пайдалануға көмектесетін материалдар қолданылуы тиіс.

Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану

1. Жердің табиғи қорларының сипаттамасы

2. Табиғи қорлардың классификациясы және онымен адамзатты қамтамасыз ету проблемасы.

3. Табиғатты тиімді пайдалану

Тірек сөздер: табиғи биоценоз, қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері, табиғат қорғау мәселелері; халықаралық, мемлекеттік деңгей, ғылыми-практикалық конференциялар, симпозиумдар, экологиялық білім мен тәрбие беру, экологиялық әдеп пен мәдениетті қалыптастыру.

1. Жердің табиғи қорларының сипаттамасы. Табиғат - адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын осыдан алады. Биологиялық түр ретінде алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде үй шаруашылығымен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін колға үйретті.

Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бәрі табиғатқа бұрын-соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сияқты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн. км2 деп есептесек, оның соңғы 150 жыл ішінде 35 %-ы кесілген екен. Соңғы ғасырда өмір сүрген адамзат қауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат қорларын есепке алып, оны тиімді пайдалану керектігін үғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар қабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды.

2. Табиғи қорлардың классификациясы және онымен адамзатты қамтамасыз ету проблемасы. Табиғат қорлары сарқылмайтын және сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бірі - су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отырады. Ал экожүйелердің таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және калпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Сарқылатын қорларды адам баласының өте үқыпты түрде пайдалануы болашақ ұрпақтың қамын ойлағаны.

Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар - топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі. Аталған қорларды барынша пайдалану, біржола жойып жіберуге апарады. Мысалы, адам баласының теріс іс-әрекеттінен жер бетіндегі аңдардың 106, құстардың 139 түрі біржола құрып кеткен. Тіптен, қазақ даласында тіршілік еткен жабайы түйе, құлан, жабайы жылқы, жолбарыстар бүгінде жоқ. Ал өсімдіктер мен жануарларды, топырақты ұзақ уақыт сақтап қалуға мүмкіндік бар. Ол үшін табиғат қорларын қорғаудың барлық шараларын қолдану керек. Топырақ қарашіріндісінің түзілуі өте үзақ -мыңдаған жылдарға созылады, ал оның бүлінуі әп-сәтте. Осыған орай адам баласы топырақтың құнарлығын сақтау үшін агротехникалық шараларды дұрыс қолданып, қосымша органикалық минералды тыңайтқыштар беріп отырады. Топырақтың тозуы көптеген антро-погендік факторларға байланысты. Соның негізгілері - топырақ эрозиясы, тозуы, шөлге айналу және ластану. Осының бәріне де адамның іс-әрекеті себепші.

3. Табиғатты тиімді пайдалану. Табиғатты қорғауды жүзеге асырудың негізгі бағыттары. Табиғат корғаудың негізгі бағыттарын білу әрбір азаматтың міндеті болып саналады. Олардың негізгілерін қарастырамыз.

1. Жекелеген өндіріс орындары мен өнеркәсіптерді, агроэкологиялық кешендерді игеруде казіргі заманғы ғылым мен техника жаңалықтарын пайдалану. Өндіріске аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны енгізу.

2. Экологиялық заңдардың орындалуын үнемі кадағалау.

3. Ірі құрылыстарды, өнеркәсіп кешендерін т.б. объектілерді салуда экологиялық сараптама жасау.

4. Табиғи биоценоздарды сақтап қалу үшін қорықтар, қорыққорлар, ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері, т.б. ұйымдастыру.

5. Табиғат қорғау мәселелері бойынша халықаралық, мемлекеттік деңгейлерде ғылыми-практикалық конференциялар мен симпозиумдар ұйымдастыру.

6. Көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық әдеп пен мәдениетті қалыптастыру.

7. Табиғат корғау мәселелерін шешу жолдары, оның барысы туралы үнемі үгіт-насихат және ақпарат жүйесін ұйымдастыру.

8. Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру әрбір азаматтың міндеті мен борышы болып саналады. Сонда ғана біз туған өлкеміздің табиғатын өз қалпында сақтап қалуға немесе қайта түлетуге үлес қоса аламыз.

Көрнекі құралдар: тақырып бойынша электрондық слайдтар, суреттер, кестелер

 

 

№8 дәріс

Тақырыбы: Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану

1. Қорғалатын территориялар қоршаған ортаны қорғаудың бір түрі ретінде.

2. Генетикалық әртүрлілікті қорғау. Биосфералық резерваттар. Биосфералық резерваттарды дамытудағы Севиль стратегиясы. Қызыл кітап. Халықаралық ұйымдардың кұжаттары.

3. Жердің табиғи қорларының сипаттамасы

4. Табиғи қорлардың классификациясы және онымен адамзатты қамтамасыз ету проблемасы.

5. Жердің табиғи қорларының сипаттамасы: литосфера, гидросфера және атмосфера. Табиғи қорлардың классификациясы және онымен адамзатты қамтамасыз ету проблемасы.

1.Қоршаған ортаны оңтайлы пайдалану – табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негіздері. Жердің табиғи ресурстардың сипаттамалары. Литосфера, гидросфера. Атмосфера Табиғи ресурстардың классификациясысарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін және келмейтін Биологиялық ресурстар және азық – түлік қауіпсіздігі.

Ресурстар (фран. ressourse құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар-табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері. Негізгі түрлері: ақпараттық ресурстар-әлеуметтік мәні бар және қоғамдық іс-тәжірибеде пайдаланылатын ақпараттық материалдардың сондай-ақ ғылыми-техниканың ақпараттық жиынтығы.

Материалдық ресурстар – еңбек заттары мен құралдары: машиналар мен жабдық, шикізат негізгі және қосалқы материалдар, жартылай фабрикаттар, отын аяқталмаған өндіріс және қалдықтарды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер.

Табиғат ресурстарына – жер, су, әуе байлықтары, пайдалы қазбалар, орман, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі түріндегі табиғи экономикалық өндірістік.

Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.

Табиғат ресурстарымен қатар табиғат жағдайлары ұғымын да қарастырамыз. Олардың табиғат ресурстарынан ерекшелігі-олар адамның өмірі мен қызметіне әсер етеді, бірақ берілген кезеңде материалдық өндіріске қатыспайды.

Табиғат ресурстары мен табиғат жағдайларының арасындағы шекара нақты емес. Мысалы, ауа егер бұрын тек табиғат жағдайы болса, қазір жағдай және ресурс болып табылады.

Ресурстардың жіктелуі. Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты.

Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы-ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды. Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар жатады. Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін әсері айтарлықтай болмайды. Адам оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден, қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы, өсімдіктер, жануарлар.

Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы ұғым.

Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайта энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымы мен салыстырмалы түрде айтылады. Себебі, әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Мысалы, белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістіктің температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты туғызуы мүмкін.

Ресурстардың ішінде судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша сарқылады, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді, ал оның жеке сфералар (мұхит, құрылық, атмосфера) немесе түрлі болуы мүмкін.

 

Ресурстық дағдарыс бүгінгі таңда қоршаған ортаның өзекті мәселесі болып отыр. Қоршаған ортаның ластануы, табиғат ресурстарының дағдарысы барлығы Қазақстанда кең етек жаюда. Ресурстық дағдарыстың негізгі салдары, қоршаған ортаның ластануы. Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі.

· шығу тегі бойынша; табиғи және жасанды

· пайда болу көзіне байланысты:

а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.;

ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орын), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін.)

- қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.,);

Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты.

Биосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20-30 %-ға тежейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы 1-3 С-қа артады. Ал бұмның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Қоршаған ортаға әсер ететін әсер-ықпалды бағалау. Қоршаған орта – барлық тіршілік иелерінің негізгі мекені. Халық денсаулығының жай-күйі мен мекен ортасының өзгерістерінбағалаудың критерийлері. Табиғи ортаның өзгерістерінен болатын зардаптарды бағалау. Өндіріс көздерінің экологиялық критерийлері және Қоршаған ортаның анықтаушылық маңызы. Шикізатты қазып шығарудың жаңа әдіс-амалдары және жаңа энергия түрлері.

Өндіріс көздерінің табиғи ортаға тигізетін қауіпті әсерлер деңгейін азайтып, төмендету мүмкіндіктері.

Кері әсерлер деңгейін төмендетудің негізгі бағыттары. Қалдықсыз өндіріс концепциялары. Қалдықсыз және жартылай қалдықсыз технологиялардың негізгі бағыттары. Қалдық, шайынды сулар бөлініп шықпайтын өндіріс көздері. Өндіріс шайынды суларды тазарту. Өндіріс көздерінің ластаушы газ тәріздес, сұйық, қатты заттар түрлерінің мөлшерін азайту, жою шаралары, сонымен қатар автотранспорттан бөлінетін зиянды заттарды төмендету жолдары.

 

 

Дәріс № 9 .

Тақырыбы: Табиғи ортаның әлемдік ластануы.

1. Қазіргі кезеңнің әлемдік экологиялық мәселелері.

2. Ауылшаруашылық, өңдірістің даму нәтижесінде пайда болған экологиялық мәселелер. Ауа, топырақ, Әлемдік мұхиттың ластануы.

3. Қоршаған ортаның ластануының тірі организмдерге әсері.

4.. Қазіргі кезеңнің әлемдік экологиялық мәселелері: климаттық
өзгерістер, озон қабатының әзгеруі, қышқыл жаңбырлар, шөлдену,
биологиялық әртүрліліктің азаюы.

5. Пестицидтерді пайдаланудың экологиялық салдары. Ауылшаруашылыққа зиян тигізетін, улы химикаттарға тұрақты түрлердің пайда болуы.

 

Гидросфераға жасалған антропогендiк ықпал.Әлемдiк Мұхиттың ластануы. Биосфера құрамындағы гидросфера.

Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бүл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.

Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

Ø биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар;

Ø химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи қүрамын бүлдіретіндер;

Ø физикалық ластану: жылу-қызу, электрмагнитті өріс, радиактивті заттар.

Судың сапасы, ластану денгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың қүрамындағы химиялык коспалар, түздық қүрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал, Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 түрлі міндетті көрсеткішпен анықталады.

Су бассейнінің ластануының негізгі себептері - тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бүған жол беретіндері:

Ø түрғын үй коммуналдық шаруашылықтар;

Ø өнеркәсіп орындары;

Ø ауыл шаруашылығын химияландыру;

Ø халық шаруашылығының баска да салалары.

Ағын суларға күйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтіқ коллоидты, еритіндер), лас сулар (мине-ралдык, органикалык, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.

Лас сулардың ішінде түрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58 %, минералдық заттар 42 %-тей болады. Өнеркәсіпте пайда-ланатын сулар мен синтетикальщ жуатын заттармен судың ластануы өте қауіпті. Бүл заттар - химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кен етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс-жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бүрынғы Кеңес өкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар қолданылған. Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрофло расы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, қүстар зардап шеккен. Өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық-түлікпен адам организіміне кері әсерін тигізеді.

Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен лас-танып отыр.

Негізгі ластаушы көздері мыналар:

Ø өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;

Ø химиялық заттар және тыңайтқыштар;

Ø түрмыстық қалдықтар;

Ø жер асты суымен жалғанатын қүбырлар;

Ø ірі қүрылыс учаскелері;

Ø сүзгі аландар, бүрғы-скважиналар болып табылады.

Жер асты суларында әр түрлі жүқпалы ауру тарататын микробтар, вирустар кездеседі.

Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбінесе өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мүнай-газ өндіретін жер-лерде жаппай сипат алуда.

Өзендердің ішінде Ертіс су алабы Өскемен корғасын-мырыш ком-бинаты, Лениногор қорғасын зауыты, Березов кені, Зырян зауыты секілді өндіріс орындарының сарқынды лас суларымен ластануда. Су қүрамында корғасын, мырыш, сынап, т.б. ауыр металдар шекті мөл-шерден асып кетуі жиі байқалады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 1075; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.