Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Курс пререквизиттері мен постреквизиттері 9 страница




Артықшылықты акциялар екіге бөлінеді:

- дауыс беруге құқығы бар;

- дауыс беруге құқығы жоқ акциялар.

Акционерлік қоғам акцияларды келесі тәсілдермен орналастырады:

- алдын ала белгіленген адамдар тобының арасында – жабық;

- білікті инвесторлардың арасында – жеке;

- шектелмеген адамдар тобының арасында – ашық тәсілдермен жүзеге асырылады.

Акционерлік қоғамның жоғары органы - оның акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Акционерлік қоғамның атқарушы органы:

- алқалық (басқарма);

- жеке – дара (директор, бас директор, президент).

Егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының 20 проценттен астамы, басқа басымырақ заңды тұлғанікі болса, онда акционерлік қоғам тәуелді қоғам деп танылады. Басымырақ заңды тұлға тәуелді акционерлік қоғам акцияларының тиісті бөлігін сатып алғаны туралы мәліметті заң құжаттарында көзделген тәртіп бойынша дереу жариялауға міндетті. Тәуелді акционерлік қоғам өз кезегінде басымырақ заңды тұлғаның акцияларын иеленуге құқылы. Бұл жағдайда басымырақ заңды тұлға мен акционерлік қоғамы: бір – бірінің шығарылған жарғылық капиталына өзара қатысуы пайда болады, бірақ олар бір – бірінің жалпы жиналысында 25 проценттен артық дауысты пайдалана алмайды.

Өндірістік кооператив. Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын бірітіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады. Өндірістік кооперативтің шаруашылық серіктестік пен акционерлік қоғамнан айырмашылығы:

1. Өндірістік кооператив – бұл біріншіден, еңбекті біріктіру ал шаруашылық серіктестік пен акционерлік қоғам – бұнда ең бастысы капиталды біріктіру болып табылады.

Яғни өндірістік кооперативке мүше болып, айрықша көп ақшасы болмағанмен, жұмыс істей алатын және жұмысты тілейтін азаматтар мүше болып бола алады.

2. Кооператив мүшелері – еңбекті біріктіру болғандықтан, екеуден кем болмауы тиіс. Ал шаруашылық серіктестік пен акционерлік қоғам – бір адаммен құрылуы немесе бір адамнан тұруы мүмкін.

Өндірістік кооператив құрылтайшылары болып тек қана жеке тұлғалар болуы мүмкін, ал өндірістік кооператив мүшесі болып 16 жасқа жеткен азамат танылуы мүмкін. Әрекет қабілеттілігі жоқ азаматтардың кооперативке кіруі үшін олардың ата – анасы, қамқоршысы немесе қорғаншысының рұқсаты керек. Бұл тек қана әрекет қабілеттілігінің жоқтығынан ғана емес, сонымен қатар кооперативке кіру үшін мүліктік жарна қосуынан да көрініс табады.

Өндірістік кооператив өз қызметін жарғы не құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Құрылтай шартына барлық құрылтайшылар қол қоюы тиіс. Яғни олардың қол қоюы – кооператив қызметіне: мүліктік жарна және жеке еңбегін қосуына қарсы еместігін және жауапкершілкте қабылдауға дайын екендігін дәлелдейді. Өндірістік кооператив жарғысы келесілерді қамтуы тиіс:

- кооперативтердің фирмалық атауын;

- кооперативтердің тұрғылықты жерін;

- кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарының құрамы мен тәртібі және олардың өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілік тәртібін, сонымен қатар кооператив әр мүшесінің пай мөлшері туралы хабарлар;

- кооператив айдасын және шығындарын тарату тәртібін;

- кооперативті қайта құру және тарату тәртібін қамтуы тиіс.

Пай – азаматтың ортақ іске қосатын үлес. Бұл үлес процентпен есептелінеді. Мысалы: бірінші, екінші, және үшінші үш азамат өндірістік кооператив құрды. Құру кезінде олар: кооператив меншігіне бірінші азамат: 5000, екінші азамат 15000, ал үшінші азамат 8000 қосатынына келісті. Сөйтіп кооператив меншігі 100.000 құрады. Болашақта кооператив таза атбысының 5 процентін – бірінші азамат; 15 процентін екінші азамат, ал 80 процентін үшінші азамат алатын болады.

Өндірістік кооператив мүшесінің құқықтары:

- өндірістік кооперативі істерін басқаруға қатысу;

- кооператив қзыметі туралы толық ақпарат алу;

- басқару органына сайлауға және сайлануға;

- кооператив пайдасын бөлісуге қатысу;

- кооператив пайдасының бір бөлігін алу;

- ақы төленетін жылына бір рет демалыс.

Міндеттері:

- салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп пен мөлшерде салып отыруға;

- құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;

- кооператив міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауапкершілік көтеруге;

- кооперативтік құпия деп жарияланған мәліметтерді жария етпеуге.

Өндірістік кооперативі басқарудың жоғары органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады. Жалпы жиналыстың ерекше құзіретіне:

- кооператив жарғысын өзгерту;

- атқарушы, тексеруші органдарды және қадағалау кеңесін құру мен олардың мүшелерін кері шақырып алу;

- кооператив мүшелерін қабылдау және шығару;

- кооперативтің қаржы есебін бекіту және оның таза табысын бөлу;

- кооперативті қайта құру мен таратуды шешу.

Өндірістік кооперативінің мүшесі кооперативтен өз қалауымен шығуға құқылы. Бұл ретте оған оның жарнасы төленуге немесе берілуге, сондай – ақ жарғыда көзделген басқа төлемдер төлеу жүзеге асырылуға тиіс. Бірақ кооперативтен шығатын мүшеге жарнама мен басқа мүлік есептік кезең аяқталып, кооперативтердің қаржы есебі бекітілгеннен кейін төлеу жүзеге асырылуға тиіс.Өндірістік кооперативтің мүшесі өзіне кооператив жарғысында жүктелген міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте жалпы жиналыстың шешімі бойынша кооперативтен шығарылуы мүмкін. Өндірістік кооперативің одан шығарылған мүшесі өз жарнасын және кооператив жарғысында көзделген басқа да төлемдерді алуға құқылы. Өндірісітк кооперативтің мүшесі өз жарнасын немесе оның бір бөлігін, егер заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, кооперативтің басқа мүшесіне беруге құқылы. Өндірістік кооперативтің мүшесі болып табылмайтын азаматқа жарнаны немесе оның бір бөлігін беруге кооперативтің келсуімен ғана рұқсат етіледі. Өндірістік кооперативтің мүшесі қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлері, егер кооперативтің жарғысында өзгеше көзделмесе, кооператив мүшесі етіп қабылдануы мүмкін. Қайтыс болған кооператив мүшесінің мұрагері кооперативке кіруден бас тартқанда немесе кооператив мұрагерді қабылдаудан бас тартқанда оған мүліктегі қайтыс болған коооператив мүшесінің пайына бара –бар үлес, сондай – ақ кооперативтің таза табысының қайтыс болған адамға тиесілі бөлігі және кооператив қызметіне қосқан жеке еңбегі үшін сыйыақы төленеді.

Өндірістік кооператив өз мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша ерікті түрде қайта құрылуы және таратылуы мүмкін. Ал ықтиярсыз түрде сот шешімімен қайта құру немесе тоқтату заңды тұлғаны қайта құру немесе тоқтату негіздерімен реттеледі. Өнідірістік кооператив өз мүшелерінің бірауызды шешщімі бойынша шаруашылық серіктестігі болып қайта құрылуы мүмкін. Кооператив мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда оның қатысушылары сусидиарлық жауапкершілкте болады

Мемлекеттік кәсіпорын

Мемлекеттік кәсіпорын комерциялық заңды тұлға болып табылады. Азаматтық кодекстің 102 - бабына сәйкес мемлекеттік кәсіпорын екіге бөлінеді:

- шаруашылық жүргізу құқығына негізделген;

- оралымды басқару құқығына негізделген қазыналық кәсіпорындар жатады.

Меншік түрлеріне байланысты мемлекеттік кәсіпорындар екіге бөлінеді:

1. Республикалық меншіктегі кәсіпорын;

2. Коммуналдық меншіктегі кәсіпорын.

Республикалық меншіктегі кәсіпорынның құрылтайшысы болып – Үкімет, ал коммуналдық меншіктегі кәсіпорынның құрылтайшысы болып – жергілікті атқарушы органдар болып танылады. Мемлекеттік кәсіпорынның құрылтай құжаты – құрылтайшы бекіткен жарғы болып табылады. Шаруашылық жүргізу құжатына негізделген кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді. Жедел басқару құқығымен мемлекет мүлкіне ие болған кәсіпорын қазыналық кәсіпорын деп танылады. Қазыналық кәсіпорын Қазақстан Республикасының Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылады. Қазыналық кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді. Ал мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда ҚР немесе әкімшілік- аумақтық бөлініс қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жәрдем беру жауаптылығын өз мойнына алады.

Коммерциялық емес ұйымдар:

1. Мекеме.

2. Қоғамдық бірлестік.

3. Діни бірлестік.

4. Қоғамдық қор.

5. Тұтыну кооперативі.

6. Қауымдастық бірлестік (одақ).

7. Коммерциялық емес акционерлік қоғам.

Мекеме. Басқару, әлеуметтік – мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін меншік иесі құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады. Мекеме: жеке және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Егер тырнақшада «Мекеме» сөзі болса, заң бойынша: сөз жеке мекеме жайында, ал егер «мемлекеттік мекеме» деп берілсе, онда сөз мемлекеттік мекеме жайында болып отыр. Мемлекетпен құрылған мекеме «мемлекеттік мекеме» болып табылады. Осыған мысалы: министрліктер, ведомстволар, маслихаттар, акиматтар және тағы басқалар жатады. Мемлекеттік мекемелер тек қана мемлекеттік бюджет есебінен ұсталады. Мемлекеттік мекеме заңды тұлғаны құра алмайды, сонымен қатар оның құрылтайшысы бола алмайды. Мекеме меншік иесі бола алмайды, мекемеде ақшалай қаражат жеткіліксіз болған жағдайда олардың міндеттемелері бойынша олардың құрылтайшысы жауап береді.

Қоғамдық бірлестік – заңдарға қайшы келмейтін, ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым. Қоғамдық бірлестік мүшелерінің алдына қойған мақсаты – пайда табу емес, өздерінің рухани және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Қоғамдық бірлестіктер:

- саяси партиялар;

- кәсіптік одақтар;

- ерікті қоғамдар;

- шығармашылық одақтар.

Қоғамдық бірлестіктерге қатысушылардың осы бірлестіктерге өздері берген мүлікке, соның ішінде мүшелік жарналарына құқықтары жоқ және олар өздері мүшелері ретінде қатынасын қоғамдық бірлестіктердің міндеттері бойынша жауап бермейді. Қоғамдық бірлестік таратылған соң қалған мүлік оның мүшелері арасында бөлініске түспейді, өзінің жарғысында көрсетілген мақсатқа жұмсалады. Қоғамдық бірлестік қатысушылар санының азаюы оның таратылуына әкеліп соқтырады. Қоғамдық бірлестіктердің құрылтай құжаттары болып жарғы танылады.

Діни бірлестік – діни қажеттілктерін қанағаттандыру үшін бірікке азаматтардың ерікті бірлестігі.

Діни бірлестік құрылуы үшін кемінде 10 адамның ерік білдіруі қажет. Діни бірлестік міндетті түрде Әділет органдарында тіркелуі тиіс.

Қор – азаматтар және заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін, мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым. Қордың басты ерекшелігі қорды құрған оған мүше болмайды және оның ісін басқаруға тікелей араласа алмайды. Қоғамдық қорға оның құрылтайшылары берген млік қордың меншігі болып табылады. Қоғамдық қордың мүлкіне қор құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ және қоғамдық қор таратылған соң қалған мүлік оның мүшелері арасында бөлініске түспейді.

Қорлар:

- жеке.

- корпоративтік.

- қоғамдық.

- мемлекеттік.

Бір жеке адамның немесе жеке адамдардың – бір отбасы мүшелерінің өзінің жеке қаражаты есебінен құрған қоры жеке қор деп танылады. Бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың құрған қоры – корпоративтік қор деп танылады. Бір отбасының мүшелері болып табылмайтын жеке адамдардың және заңды тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің құрған қоры – қоғамдық қор деп танылады. Мемлекеттік органдардың шешімімен құрылған қордың мақсаттары мен міндеттерін мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыратын қор мемлекеттік қор деп танылады. Қоғамдық қор сот шешімі бойынша мынадай жағдайларда таратылуы мүмкін:

- егер қордың мақсаттарын жүзеге асыру үшін оның мүлкі жеткіліксіз болса және қажетті мүлікті алу ықтималдығы нақты болмаса;

- егер қордың мақсаттарына жету мүмкін болмаса, ал қор мақсаттарына қажетті өзгерістер жасау мүмкін болмаса;

- қор өз қызметінде жарғымен көзделген мақсаттардан бас тартқан жағдайда және тағы басқа жағдайларда таратылуы мүмкін.

Тұтыну кооперативі.

Тұтыну кооперативі – мүшелік негізде қатысушыларының материалдық және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі. (108 бап) Тұтыну кооперативінің мүшелері ортақ субсидиарлық жауаптылықта болады. Кооперативтің тапқан табыстарын оның мүшелері арасында бөлуге болмайды, олар жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Тұтыну кооперативі таратылған немесе коператив мүшесі одан шыққан жағдайда ол тұтыну кооперативінің мүлкінен өз үлесін өз жарнасына қарай бөліп алуға құқылы.

 

7 - тақырып. Мәмілелер.

Жоспар:

1. Азаматтық құқықтық мәмілелердің ұғымы және түрлері.

2. Мәміленің нысаны және оның маңызы.

3. Жарамсыз мәмілелердің түсінігі мен түрлері.

1. Мәміле тектік ұғым,шарт мәміленің түрі. Мәміле барлық жағдайда шарт бола бермейді кез-келген шарт мәміле болып саналады. Мәміле дегеніміз азаматтық құқықтың субъектілерінің азаматтық құқықтық қатынасқа түсу барысында олардың ерік білдіруі арқылы жүзеге асырылатын, құқықтар мен міндеттерді бекітетін заңды фактіні айтамыз. Мемлекет немесе әкімшілік аумақтық бөліністердің араласуымен жүзеге асырылатын мәміле әкімшілік акт болып саналады.

Мәміленің жасалу ережелері міндетті түрде тараптардың ерік білдіруін талап етеді. мәміле жасауға ұсыныс жасайтың тарапты аферта ұсынысты қабылдаушы акцепт деп аталады.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады. Яғни субъектілердің мақсатты әрекеттері мәмілелер деп танылады. Олардың тікелей мақсаты азаматтық құқықтарды немесе міндеттерді белгілеу (мысалы, мүлікті сыйға тарту тікелей затқа меншік құқығының сыйға тартушыдан сый алушыға өтуіне бағытталған), мұндай құқықтар мен міндеттерді өзгерту (мысалы, тараптар жалға берілгенмүлікті қайтару мерзімін ұзарту жөнінде уағдаласты), не оларды тоқтату (несие беруші борышқорды берешегін өтеуден босатты) болып табылады.

Мәміле дегеніміз – бұл заңды, рұқсат етілетін, көп реттерде заң қолдап отыратын іс әрекет. Мәміленің қажетті саласы - әрекеттің заңдылығы мәміленің барлық түрлерін заңның көздеп отыруын мүлде талап етпейді, керісінше, заңда көзделмеген мәмілелер жасалуы мүмкін; тек олардың заңға қайшы келмеуі, тыйым салуды бұзбауы талап етіледі (АК-7-бап). Мысалы, заң, демеуші мен ол жәрдем көрсететін арасындағы шарттық қатынастарды реттемейді, бірақ мұндай шарттың жасалуы әбден мүмкін.

Мәмілелер – бұл саналы түрде жасалатын әрекеттер, оларда әрекет ететін тұлғалардың еркі байқалады. Мәміле жасайтын тұлға еркінің ішкі мазмұнын (оның шын ниетін) және еріктің сыртқы көрінісін (айтылған не қағазда баяндалған сөзді, ымды, едәуір күрделі әрекеттерді) айыра білу керек. Адамның сөзі мен іс әрекеті бойынша оның еркінің шын бағыты туралы пікір түюге болатындықтан, еріктің сыртқы көрінісі оның ішкі мазмұнына сай келеді деп жорамалданады. Мәміле дегеніміз – бұл қашан да ерікті білдіру болатындықтан, оны заң еркіне заңдық маңыз беретін тұлғалар ғана жасай алады. Яғни, әрекетке қабілетсіз азаматтар мәмілелер жасай алмайды, ал әрекет қабілеттілігі шектеулі адамдар оларға заң рұқсат еткен мәмілелерді ғана жасауға құқылы. Заң мәмілелердің екі түрін ажыратады: бір жақты мәмілелер және шарттар. Бір жақты мәміле бір тараптың еркін білдіреді және оған басқа азаматтардың немесе заңды тұлғалардың қалай қарайтынына қарамастан қолданыла береді. Мысалы, азаматтың өзіне тиесілі әлде бір құқығынан бас тартуы, берілген сенімхатын, өсиетін тоқтатуы және т.б. бір жақты мәміле болады.

Біржақты мәміле дегеніміз екі тараптың біреунің ғана ерік білдіруі арқылы туындайтын мәмілетерді атаймыз. (өсиет)

Өзара мәміле дегеніміз аферта ұсыныс жасап акцепт ұсынысты қабылдағаннан кейін құқықтары мен міндеттері тең келетін мәмілені атаймыз. (сатып алу – сату шартты)

Көпжақты мәміле дегеніміз 3 немесе оданда көп тараттардың қатысуымен жүзеге асырылатын мәмілені айтамыз. (чаттер, лизинг)

ІІ 1. ақылы; 2. ақысыз.

Ақылы мәміле дегеніміз шарт объектісіне ақы сомасы немесе заттай өтеу талап етілетін болса, шарт ақылы болып саналады. (сатып алу сату)

Ақысыз мәміле дегеніміз мәміле объектісіне ақы сомасы немесе заттан өтеу талап етілмейтін болса, мәміле ақысыз болып саналады. (сыйға тарту)

ІІІ 1. нақты; 2. консенсуалды.

Нақты мәміле дегеніміз тараптардың келісімге келе отырып, олардың мәміле объектісі болып саналатын заттың өтуін талап ететін мәмілені айтамыз.

Консенсуалды мәміле дегеніміз тараптардың келісімін ғана қажет ететін мәмілені айтамыз.

ІV 1. казуалды; 2. абстрактілі

Абстрактілі мәміле дегеніміз мәміленің жалғасы талап етілуі мүмкін деп есептелінетін мәмілені айтамыз.

Казуалды мәміле дегеніміз нақты мәміленің жалғасын талап етеді.

V 1. жазбаша; 2. ауызша.

Мәміле жазбаша нысанда субъектілеріне байланысты

1. заңды тұлға, мемлекет, әкімшілік аумақтық бөліністердің қатысуын талап ететін жағдайда.

2. мәміле объектісі жылжымайтын мүлік болған жағдайда.

3. мәміле объектінің құны 100 АЕК-тен жоғары болса.

VІ Биржалық мәмілелер

Биржалық мәмілелер – форворд, апцион (фючерзный)

2. Мәміле заңмен белгіленген нысанға ие болғаннан кейін ғана заңдық маңыз алады, ал ол арқылы мәмілеге қатысушы өзінің еркін білдіреді. АК-ның 151-бабы мәміленің ауызша және жазбаша түрлерін ажыратады. Сөз жүзінде жасалатын мәмілелер ауызша түрде жасалған мәмілелер деп есептеледі. Қатысушының еркі тікелей, шарт жасасуға бағытталған конклюденттік әрекеттер арқылы білінетін мәмілелер де, сондай-ақ қатысушының еркі үндемеу арқылы білінетін мәмілелер де ауызша түрде жасалатын мәмілелерге жатады. Бірақ заңдарда тікелей белгіленетін жағдайларда немесе тараптардың келісімімен ғана үндемей қалуға осындай маңыз беріледі.

АК-ның 151-бабының –тармағы жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәмілелерді ауызша түрде жасалған белгілерге жатқызады.

Мәмілелердің жазбаша түрде жасалуы:

­ егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше жағдай арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын;

­ мәмілелердің жасалу кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға;

­ заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуға тиіс.

Егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюға тиіс.

Заңдар кейбір мәмілелер үшін тараптар қол қоятын құжатты құрастыруды ғана талап етпестен, сондай-ақ мәміленің мазмұнын белгілі бланкіде баяндауды, қойылған қолдарды мөрмен куәландыруды және т.с.с. талап ете отырып, мәміленің жай жазбаша түрін күрделендіре түседі. Егер олар заңда не тараптардың келісімінде көзделсе, мәміленің жазбаша түріне мұндай талаптар қою міндетті болады. Қалған жағдайларда, егер тіпті мәмілені заңды тұлғалар жасайтын болса да, аталған талаптардың сақталуы міндетті есем. Мұнда мәмілені жазбаша түрде жасаудың жалпы ережелердің бұзылмауы жеткілікті болады.

3. АК-ның 157-бабы мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ оладың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін. Аталған талаптардың біреуі бұзылатын болса, мәміле жасалған заңдық факті ретінде таныла алмайды және заң күшіне ие болмайды.

Мәмілені жарамсыз деп танудың басқа да нақты негіздері және жарамсыздықтың салдары баяндалатын болады. Егер құқық бұзушылық жеке адамдардың мүдделеріне нұқсан келтіретін болса, онда мәмілені жарамсыз деп тануды тек мүдделі жеке тұлғаның талап етуімен сот шеше алады. Мемлекеттік органдардыңмұндай дауға араласу құқығы жоқ. Керісінше, жария мүдделер бұзылғанда мәмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа қойылатын талапты, мәміленің екі қатысушысы оның шарттарымен келіскен болса да, оны қоюға жария органқұқылы болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 646; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.082 сек.