КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Сыныбы: 8 сынып 1 страница
Оттекті оттексіз оттекті оттексіз оттекті оттексіз Оқушыларға қышқылдардың химиялық қасиеттері бойынша көрнекі тәжірибелер көрсе- тіледі және тірек-сызба бойынша қасиеттері мен алынуы түсіндіріледі. Түсіндірілген тақырыпты толық бекіту үшін оқушылар лабораториялық тәжірибені орындайды, қорытындысын жазады, соңынан сұрақтар қойылады:
Оқытудың жоспарланған нәтижесі. Оқушылар оттекті және оттексіз қышқылдарды өзара салыстырып,ұқсастығы мен айырмашылығын танып біледі. Дамытудың жоспарланған нәтижесі . Оқушыларметал мен қышқыл,карбонат пен қышқыл т.б. арасындағы реакцияның жүру себебін өз түсінігімен дәлелдеп бере білуі керек. Үйге тапсырма: §47(1-11). Жұмыс дәптері. Күні: Сабақ тақырыбы: Тұздардың жіктелуі мен алынуы. Химиялық қасиеттері мен қолданылуы. Оқыту мақсаты: Тұздар жайлы алған білімдерін одан әрі қарай дамытып,олардың аталуы мен жіктелуін, суда еритін,ерімейтін тұздар жайлы толық мағлұмат алуды іске асырады. Тұздардың формуласын, реакция теңдеулерін жазу дағдысын түсіндіру. Реактивтер мен құралдар: CaCI2,Na2CO3,H2SO4,BaCI2,Ca(OH)2,AgNO3.CuSO4, NaOH, Zn, Cu,Hg(NO3)2,т.б,шыны түтік,сынауықтар,сынауық қысқыш,спирт шам,сіріңке. Көрнекі тәжірибелер: Тұздардың алынуы,химиялық қасиеттері. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Білім мен біліктерін тексеру : Оқушылардың бұрын алған білімін ескере отырып, төменде көрсетілген қысқа мерзімдік өзіндік жұмысты орындауды ұсынамын: 4-119. Төменде формулалары берілген қосылыстардың ішінен тұздарды теріп жазыңдар: Fe2O3,Na2SO4,LiOH,KCI,H2CO3,KCIO3,Cu(OH)2,MgCI2,FeS,P2O5,KMnO4. 4-120. Төменде кейбір тұздардың тұрмыста, медицинада,ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте жиі қолданылатын жабайы атаулары берілген:ас тұзыNaCI,ас содасы NaHCO3 бор, мрамор, әктас CaCO3, мүсәтір NH4CI, ляпис AgNO3, сыр HgS, магнезит MgCO3, магнезия MgSO4, фосфорит Ca3(PO4)2, сақар K2CO3. Осы тұздарды халықаралық атаулар жүйесі бойынша атаңдар. 4-139. Мына тұздардың: кальций карбонаты,мыс(ІІ) сульфаты, сынап(ІІ) фториді, калий сульфиді, қорғасын(ІІ)иодиді, темір(ІІІ)хлориді формулаларын жаз. Ерігіштік кестесін пайдаланып,бұл тұздардың суда ерігіштігін анықта. Жаңа сабақ: Оқушылардың тақтада жауаптарын талдаймыз,содан кейін тақырыпты жазып, тұздардың жіктелуі мен алынуы және химиялық қасиеттері мен қолданылуы туралы әңгімелеу. Химиялық қасиеттеріне байланысты көрнекі тәжірибелерді көрсету. Түсіндірілген тақырыпты толық бекіту үшін оқушыларға есептер мен жаттығулар жинағынан тапсырмалар беріледі соңынан сұрақтар қойылады: 4-121. Формулалары келтірілген тұздарды: NaNO2,K2S,KHS,CuSO4,Na2HPO4,NaH2PO4, K3PO4,MgOHCI,CaCO3,NaHCO3,AI(OH)CI2,AgNO3,FeCI3,FeSO4 берілген кестеге бөліп жаз:
4-128. Нәтижесінде мына тұздар: а)калий хлориді; ә)кальций нитраты түзілетін бейтараптану реакцияларының теңдеулерін жаз. 4-138. Мына тұздардың: темір(ІІ)сульфаты,мырыш нитраты,алюминий фосфаты, күміс хлориді,барий сульфаты формулаларын жаз. Ерігіштік кестесін пайдаланып,бұл тұздардың суда ерігіштігін анықта. 4-144. Келтірілген сызба нұсқалардың ішінен жүзеге асатын реакциялардың теңдеулерін жазыңдар: 1) ZnSO4 + Pb → 2) BaCI2 + Na2SO4 → 3) CuSO4 + NaOH → 4) Na2SO4 + HCI → Уақыт жеткен жағдайда оқулықтан 131 беттегі 8 жаттығуларды орындау: а) C → CO2 → Na2CO3 → CO2 → CaCO3 ә) Сu → CuO → CuCI2 → Cu(OH)2 → CuO → Cu Оқытудың жоспарланған нәтижесі : Оқушылар ерігіштік кестесін пайдаланып, суда еритін тұздардың формуласын құрастырып, металл атомының валенттігі мен қышқыл қалдығының валенттігі арқылы тұздарды жіктей отырып, аттарын атауды үйрену. Үйге тапсырма: §48(1-7). Жұмыс дәптері. Күні: Сыныбы: Сабақ тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар. Сабақтың мақсаты: Негізгі бейорганикалық қосылыстар жайындағы білімді жүйелеу. Классаралық генетикалық байланысты оқушыларға түсіндіру. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Білім мен біліктерін тексеру: Бұрын алған білімді дамыту мақсатында 1. Қандай оксидтер тобын білесің? 2. Қышқылдық және негіздік оксидтерге қандай оксидтер жатады? 3. Барлық қышқылдық оксидтердің ортақ химиялық қасиеттері қандай? 4. Барлық негіздік оксидтердің ортақ химиялық қасиеттері қандай? 5. Әкті су арқылы көбірек ауа өткізгенде ерітінді не себептен лайланады?Тиісті реакция теңдеуін жаз 6. Қара түсті-оксид берілген. Ол оксидтердің қай тобына жататынын анықта? 7. Күкірт қышқылын пайдаланып, мырыш сульфатын қалай алуға болады? 8. Тиісті металдың оксидінен сілтіні қалай алуға болады? Мысал келтір. Жаңа сабақ :Заттарды класқа – оксидтер,негіздер,қышқылдар,тұздар деп бөлдік. Әр- қайсысына тән қасиетті қарастыру арқылы олардың арасындағы генетикалық байла- нысты түсінуге мүмкіндік туады.Оқушыларға металдар мен бейметалдардың генети- калық қатарының өзара байланысы туралы мәліметтерді естеріне түсіремін. Генетикалық қатарлардың өзара байланысы: Металл Жай жат Бейметалл 1. Ca → CaO → Ca(OH)2 Ca3(PO4)3 Негіздік Қышқылдық 2. P → P2O5 → H3PO4 оксид Тұз оксид Негіз Қышқыл ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,, Бұл сызба-нұсқаға қарап,оқушылар металл мен бейметалдың генетикалық қатары тұз түзілумен аяқталатындығы туралы қорытындыға келеді. Заттарды жіктеуде судың алатын орны туралы сұрақты талқылауға болады. Судың негіздік және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп, нәтижесінде негіз және қышқыл түзетіні белгілі. Оқушыларға сұрақтар қойылады: 1. Судың өзі қандай қасиет көрсетеді? 2. Суды қандай класқа жатқызуға болады? (Оқушылар заттарды жіктеудің негізгі белгілерін естеріне түсіріп,судың екідайлы оксидке жатқызуға болатындығы туралы қорытындыға келеді.) Биологияда өсімдіктер мен жануарларды туысқа,түрге бөліп жіктегені сияқты, химияда да заттарды жіктеу арқылы олардың да өздеріне тән қасиеттеріне сәйкес бірігіп, бір тұтас топ түзетінін байқадық. Бұл табиғаттың тұтастығын дәлелдейтін заңдылық. Түсіндірілген тақырыпты толық бекіту: Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары бойынша оқулықты пайдаланып, оқушыларға өздік тапсырма беремін: 4-жаттығу. 131бет.Берілгені:O2,H2O,Na,KOH,CuO,NaOH,Na2SO4,SO3,HCI,Na2O,CuSO4. Осылардың ішінен генетикалық өзара байланысы бар заттарды тауып, өзара айналула- рын реакция теңдеулерін жазу арқылы дәлелдеңдер. 5-жаттығу. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын тиісті реакция теңдеулерін жаз: а) Cu → CuO → CuCI2 → Cu(OH)2 → CuO → CuSO4 ә) AICI3 → AI(OH)3 → AI2O3 → AI2(SO4)3 → AI(OH)3 → AI(OH)2CI Есептер мен жаттығулар жинағынан берілетін тапсырмалар. 4-156. Төмендегі сызба нұсқалардағы белгісіз заттарды тауып,айналуларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар: 1) Na → X → Na2SO4 →Ba2SO444 2) H2S → X → SO2 → У → H2SO4 → MgSO4 Үйге тапсырма: §49(5-9). Жұмыс дәптері. Күні: Сыныбы; Сабақ тақырыбы: №7– практикалық жұмыс. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қорытындылау тақырыбына эксперименттік есептер. Оқыту мақсаты. Оксидтер,негіздер,қышқылдар,тұздар жайлы алған білімді бір жүйеге келтіру және оқушылардың дағдысын, біліктілігін, тірек білімін химиялық эксперимент арқылы қалыптастыру. Құралдар мен реактивтер: Магний, темір, кальций, магний оксиді, темір (ІІІ) гидроксиді, тұз, күкірт, азот қышқылы ерітінділері, индикаторлар, тұрғылар, сынауықтар, қстағыштар, химиялық стақандар, ыдыстар. Ескерту. Қышқылмен, сілтімен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы ережесін қатаң сақтау қажет. 1 – есеп Кальций оксидінен кальций гидроксидін; мыс (ІІ) оксидінен мыс (ІІ) гидроксидін алыңдар. 2 – есеп. Үстелде берілген заттарды пайдаланып, кальций карбонатын алып, оны қоспа дан тазартуды іске асырыңдар;өзгерістерді тәжірибе жүзінде іске асырып, реакция теңдеулерін жазыңдар: FeCI3 → Fe(OH)3 → Fe2 (SO4)3 4 – есеп. Үстелде берілген:PbO, Pb(OH)2, H2SO4 реактивтерді пайдаланып, қорғасын сульфатын алыңдар және оны қоспадан тазартыңдар. 5 – есеп. Мыс (ІІ) гидроксиді, тұз қышқылы берілген. Мыс (ІІ) оксидін және мыс (ІІ) хлоридін алыңдар. 6 – есеп. Үстелде бар Mg, MgO, H2SO4 реактивтерді пайдаланып, екі әдіспен магний сульфатын алыңдар. 7 – есеп. Үстелде бар темір, темір (ІІІ) оксиді, тұз қышқылы, күкірт қышқылдарын пайдаланып, темір (ІІ) және темір (ІІІ) тұздарын алыңдар. 8 – есеп. Берілген үш сынауықта: а) күйдіргіш натр, күкірт қышқылы, су. Қай сынауық- та қандай зат бар екенін анықтаңдар; ә) үстелден мыс (ІІ) оксидін тауып, оның негіздік оксидке жататынын дәлелдеңдер. 9 – есеп. Берілген үш сынауықтағы заттар: әк суы, күйдіргіш калий және тұз қышқылы. Әрқайсысын өзіне тән реакция көмегімен анықтаңдар. 10 – есеп. Екі оксид: P2O5 және CaO берілген. Бірншісі – негіздік, екіншісі – қышқылдық оксид екенін дәлелдеңдер. 11 – есеп. Ерімейтін оксид СuО негіздік оксид екенін, СО2 қышқылдық оксид екенін қалай дәлелдуге болады? Осы аталған эксперименттік есепті іске асыру үшін оқушылар деңгейлік тапсырманың үш нұсқаға бөлінген үлгісін төмендегідей етіп орындағаны дұрыс. І нұсқа: 1,3,6 – есеп ІІ нұсқа: 2,4,8 – есеп ІІІ нұсқа: 3,7,9 – есеп Немесе екі есептен орындауға болады: І нұсқа: 1,6 ІІ нұсқа: 2,8 ІІІ нұсқа: 3,4 Бұл сабақ оқушылардың бұрын алған білімдерін пайдалануға негізділгендіктен төмен- дегі жоспар есте болсын. 1. Эксперименттік есепті ретімен біртіндеп орындау қажет. 2. Әр тапсырманы түсініп, қай заттар (реактив) пайдаланылады және оның нәтижесі қандай болатынын болжай білген дұрыс. 3. Тәжірибе орындау кезінде байқалатын өзгерістер мен түрлі құбылыстарды бақылаған жөн. 4. Жұмысты аяқтаған соң оқушы тәжірибе нәтижесін кестеге сүйеніп, дәптерге толтырады.
Үйге тапсырма: Қайталау. Күні: Сыныбы: №7-сарамандық жұмыс. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын қорытындылауға арналған эксперименттік есептер Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныс. 1. Мұғалімнің айтуы бойынша тиісті нұсқаңды ал. 2. Берілген әрбір есепті түсініп оқып ал және есептерді шешудің жоспарын құр. 3. Жұмыс орныңда берілген құралдар мен реактивтер ішінен өзіңе қажетін таңда ал. Назарыңда болсын!!! Әрбір оқушы нұсқаның біреуін орындайды. 1-нұсқа 1. Нөмірленген үш сынауықта: су, күкірт қышқылы, әкті су ерітінділері бар. Әрбір сынауықтағы заттарды эксперименттік жолмен қалай анықтауға болады? 2. Тәжірибе жасау арқылы, мыс(ll)оксиді–негіздік оксид екенін қалай дәлелдеуге болады? Құралдар мен реактивтер: Н2О, Н2SO4, Са(ОН)2, индикаторлар, СuO, сынауық, сынауық қысқыш, спиртшам, сіріңке. 2-нұсқа 1. Мыс және темір қоспасынан, мыс үгінділерін химиялық тәсілмен қалай бөлуге болады? 2. Мыс (ll) оксидінен – мыс (ll) гидроксидін тәжірибе жасау арқылы қалай алуға болады? Құралдар мен реактивтер: Сu, Fe үгінділері, NaOH, Н2SO4,,екі стақан, сүзгі, сүзгі қағаз, шыны таяқша, қасық, сынауық қысқыш, сынауық, спиртшам, сіріңке. 3-нұсқа 1. Магний, магний оксиді, тұз қышқылы берілген.Магний хлоридін екі тәсілмен қалай алуға болады? 2. Берілген мыс (ll) оксидінен, мыс (l) хлоридін қалай алуға болады? Құралдар мен реактивтер: Mg, MgO, HCI, 3-сынауық, шыны пластина, тигель ұстайтын қысқыш, спиртшам, қасық, сіріңке. 4-нұсқа 1. Әкті судың негіздік қасиет көрсететінін екі тәсіл арқылы дәлелде. 2. Кальций гидроксидінің ерітіндісі (әкті су) берілген. Кальций карбонатын, одан кальций хлориді ерітіндісін ал. Құралдар мен реактивтер: Ca(OH)2,фенолфталеин, НСІ, СО2 газы, шыны түтік, сынауық, Дәптерге: нұсқа нөмірін жазып, төменгі үлгіде таблицаны толтыр.
Есіңде болсын!!! Жұмыс орныңды қалпына келтір, қолданған ыдыс аяқтарды жуып тиісті орнына тапсыр. Стол үстін сүртіп, жинастыр. Күні: Сыныбы: Сабақ тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар класы бойынша қайталау. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бейорганикалық қосылыстардың әр түрлі кластарына жататын заттардың құрамын,қасиеттерін салыстыра білуге,заттарды жіктеп,олардың арасындағы генетикалық байланыс туралы білімін қорытындылауға үйрету және дамыту. Реактивтер мен құралдар: Барий хлориді,күкірт қышқылы,әкті су ерітінділері, шыны түтік, сынауықтар. Лабораториялық тәжірибе: Қышқылдық оксидтің және қышқыл химиялық қасиеті. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Білім мен біліктерін тексеру. Оқушылардың генетикалық қатар,генетикалық байланыс, екідайлы қосылыстар, бейорганикалық қосылыстардың әр түрлі кластарына жататы- нын заттардың құрамына,қасиетіне байланысты салыстыру,заттарды жіктеу,олар- дың арасындағы байланыс туралы білімдерін тексеру.Қысқа мерзімдік жаттығу жұмыстарын жүргізу. Мұны орындау барысында оқушылардың келесі сабақта өткізілетін практикалық не бақылау жұмыстарына дайындау жүзеге асырылады. Бейорганикалық қосылыстар класы бойынша қайталаудың негізгі мақсаттары: 1-жұмыс. Генетикалық байланыс,генетикалық қатар ұғымдарын пайдалана білу. 2-жұмыс. Реакция теңдеулерін құрастыру,теңдеу бойынша есептеу есептері шығару. 3-жұмыс.Есептің берілгені бойынша мазмұнын құрастыра білу. 4-жұмыс. Бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерін сипаттай білу. 5-жұмыс. Эксперименттік есептерді шығару білігін бекіту. 1 – нұсқа. 1.Магний элементінен түзілетін бейорганикалық қосылыстардың генетикалық қатарын құрастыр. 2.Зат мөлшері 3моль магний оксиді тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілетін тұздың массасын анықта. 3.Есептің шарты қысқаша түрде берілген. Мазмұнын құрастырып шығар: Хг 16,42г CaO + 2HNO3 = Ca(NO3)2 + H2O; 4.Мына берілген заттармен:KNO3,HNO3,CuO,Zn,SO3,H2SO4,Cu(OH)2 төмендегі заттар- дың қайсысы әрекеттеседі? а) натрий гидроксиді; ә) күкірт қышқылы; Сәйкес келетін реакция теңдеуін құрастырып, реакция типін көрсет. 5.Әкті су ерітіндісі берілген. Шыны түтік арқылы оған көбірек үрле, нәтижесінде ерітінді лайланады.Бұл құбылысты реакция теңдеуін жазу арқылы дәлелде. 2 – нұсқа. 1.Көміртек элементінен түзілетін бейорганикалық қосылыстардың генетикалық қатарын құрастыр. 2.Массасы 10г магний оксиді күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілетін тұздың массасын есептеу.. 3.Есептің шарты қысқаша түрде берілген. Мазмұнын құрастырып шығар: 3,72г Хлитр Ca(OН)2 + СО2 = CaСО3 + H2O; 4.Мына берілген заттармен:KNO3,HNO3,CuO,Zn,SO3,H2SO4,Cu(OH)2 төмендегі заттар- дың қайсысы әрекеттеседі? а) барий гидроксиді; ә) тұз қышқылы; Сәйкес келетін реакция теңдеуін құрастырып, реакция типін көрсет. 5.Барий хлориді ерітіндісі берілген,оған қүкірт қышқылын құйғанда тұнба түзіледі. Тұнбаға түскен қандай зат? Реакция теңдеуін жаз. Үйге тапсырма: §44-49 қайталау. Күні: Сыныбы: Сабақ тақырыбы: Бақылау жұмысы. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың генетикалық қатар,генетикалық байланыс, екідайлы қосылыстар, бейорганикалық қосылыстардың әр түрлі кластарына жататынын заттардың құрамына,қасиетіне байланысты салыстыру,заттарды жіктеу,олардың арасындағы байланыс туралы білімдерін тексеру. Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Жаңа сабақ: Бақылау жұмысын екі нұсқада алу. 1. Төмендегі сызба нұсқалардағы белгісіз заттарды тауып,айналуларды жүзеге асыруға мүмкін-дік беретін химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар: 1-нұсқа: С → СО2 → Х → Na2CO3 → CO2 → CaCO3 Cu → CuO → CuCI2 → X → CuO → Cu 2-нұсқа: AI → AICI3→ AI(OH)3 → AI2(SO4)3 → X → AI2O3 CaCO3 → CaO → Ca(OH)2 → Ca(HCO3)2 → X(газ) 2. Мына қосылыстардың қай тобы өзара әрекеттеседі: 1-нұсқа: HCI мен NaOH; Cu мен HCI; 2-нұсқа: CO2 мен NaOH; Fe мен H2O; 3. Төмендегі заттар ішінде генетикалық қатары бар заттарды тауып, айналуларды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар. 1-нұсқа: BaO,Mg,K,CaO,CuSO4,Ba,MgCI2,Mg(OH)2,Ba(OH)2,CaSO4,Ba3(PO4)2. 2-нұсқа: NaNO3,P2O5,PbCI2,H2SO4,K3PO4,P,CuO,H3PO4,Fe,CuO,CaSO4. 4. Төмендегі сызбанұсқаларға сәйкес химиялық реакциялардың теңдеулерін жазып теңес- тіріп,белгісіз заттарды тауып,оларды атаңдар:
Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 3268; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |